Бастық & Қызметші
#1 оқиға:
Әр ай және әр жыл сайын бағушы қауымдық кеңес жиналыстарында Құдай оған айтқан нақты жоспарларды жариялайды, ол қауымдық кеңес сол жоспарды қабылдайды және дереу келіседі деп күтеді. Ақыр соңында, бір қария: «Біздің көбіміз көптеген жылдар бойы Құдаймен бірге келеміз, күнәларымызды мойындап, қауымда Құдайдың жетелеуін іздейміз, сіз қазір бізге беріп жатқан ұсынысыңызда Құдайдың бағытын сезініп тұрған жоқпыз». Біз «Жоқ» деп дауыс береміз.
Бағушыға арналған сөз: сізде Киелі Рухтың жетелеу монополиясы жоқ. Киелі Рух тек сізге ғана сөйлемейді.
#2 оқиға:
Бір бағушыдан оның қауымындағы жетекшілер тобының жиналысы жайлы сұрады. Оның жауабы: «Қандай топтық кездесулерді айтып отырсыз? Олар мен не айтсам соны істейді».
Бағушыға арналған сөз: Сіз жеке қызметкермен топтың арасындағы айырмашылықты білмейсіз. Қызметкер бұйрықтарды орындайды. (Бірақ қызметкерменде есіңізде болсын адам әрқашанда оның атқаратын қызметінен маңыздырақ, онымен сүйіспеншілікпен және құрметпен қарым қатынаста болу керек. Қызметкерлердің бірінде сізге арналған өте керемет идея немесе ұсыныс бар екенін сіз ешқашанда біле алмайсыз, олардың салымдарын сіз қолдайтыныңызды олар білуге тиіс. Сіз қателескен кезде олар сіздің қатеңізді жабуын әрине қалайсыз, сондықтан сізде олармен сондай қарым қатынаста болыңыз. Адамдар әрқашанда көмекке дайын жетекшінің бірі болыңыз, ешқашан ешкімді пайдаланбаңыз). Топ талқылап бір шешімге келеді. Сіздің қауымыңыздың мүшелері сіздің еркіңізді орындаулары үшін алдап арбайтын сіздің қуыршақтарыңыз емес. Олардың ойлары назар аударуға тұрарлық.
#3 оқиға
Үлкен қауымдардың 10 бағушылары бір сұрақты талқылап отырды. Олардың тоғызы жетекшілік топтардың арасындағы айырмашылықтарды қалай шешуімен бөлісіп отырды. Оныншы бағушыға сөз кезегі келгенде, ол былай деді: Сіздер не жайлы айтып жатқандарыңызды мен білмеймін. Қауым жетекшілері мен не айтсам соны орындайды немесе олар қауымнан қуылады».
Бағушыға арналған сөз: сіздің қауымыңыз өкінішке орай қиын жағдайда.
Осы бағушылар ертедегі қауымдардан шешім қабылдауды үйренуді ұмытып кеткені қандай өкінішті:
Елшілердің істері 1
Яһуданың орнын 12-сі толтырылуы керек болды.
20 Ал Забур жырларында мына тәрізді сөздер жазылған: «Тұрған мекені қаңырап бос қалсын, сонда тұратын ешкім де болмасын!» және «Міндетін оның басқа біреу алсын!»………………
23 Сонымен олар екі жігітті: ……. 24Құдайға сиынды ……. 26Олар екеуіне жеребе салғанда, жеребе Матияға түсті. Осылайша ол он бір елшінің қатарына қосылды.
Киелі рухтың жетелеуімен шешім қабылданып жүзеге асырылды. Көне Өсиетте шешім қабылдаудың құралы болған жеребеге көңіл аудармаяқ қояйық. Ең маңыздысы назарларыңызды мынаған бұрыңыз: олар сиынды және нәтижесімен барлығы келісті.
Елшілердің істері 6
1 Мәсіхтің жолын қуушы шәкірттерінің саны өсіп келе жатқан осы күндері грекше сөйлейтін шетелдік яһудилер еврейше сөйлейтін жергіліктілермен ренжісіп қалды. Себебі күнделікті тамақпен қамтамасыз еткен кезде шетелдіктердің жесірлері ескерілмей қалып жүрген еді.2 Сонда он екі елші шәкірттердің бәрін жинап алып, оларға былай деді: «Егер біз Құдайдың сөзін уағыздау қызметіне салғырт қарап, дастарқан қамын ойласақ, бұл дұрыс болмас.3 Бауырластар, сондықтан орталарыңнан абыройлы әрі Киелі Рух пен даналыққа бөленген жеті ер адамды таңдап алыңдар! Оларға осы міндетті жүктемекпіз.4 Ал біз Құдайға сиынып, Оның сөзін уағыздап, тәлім беру қызметімізді жалғастыра берейік».
5 Бұл ұсыныс бүкіл қауымнан қолдау тапты.
Киелі Рухтың жетелеуімен бәтуаластыққа қол жетілді.
Елшілердің істері 13
Антақиядағы сенушілер қауымында ……………… 2 Олар Иемізге ғибадат етіп, ораза тұтып отырғанда Киелі Рух: «Мен арнайы шақырған іске Барнаба мен Саулды Өзіме бағыштап шығарып беріңдер!» — деді.3 Сонда олар ораза тұтып мінажат етіп, екеуінің үстеріне қолдарын қойып баталарын берді де, жолға шығарып салды.
Киелі Рухтың жетелеуімен бәтуаластыққа қол жетілді.
Елшілердің істері 15
6 Сонда елшілер мен қауым жетекшілері осы мәселе жөнінде мәжіліске жиналды.7 Ұзақ талқылаудан кейін Петір елші орнынан тұрып, былай деп сөз сөйледі:— Бауырластар! Құдайдың мені басқа ұлттарға Ізгі хабарды естіртіп, оған сендіру үшін ертеде орталарыңнан таңдап алғаны сендерге мәлім.8 Тәңір адамның жүрегіндегісінің бәрін біледі; енді Ол тура бізге дарытқандай, басқа ұлттық сенушілерге де Киелі Рухты сыйға беріп, сол арқылы Өзінің оларды қабылдағанын ашық көрсетті.9 Құдай олардың жүректерін сенімдері арқылы тазартып олар мен біздің арамызға ешбір айырмашылық қойған жоқ.10 Олай болса, неліктен сендер Құдай тыйым салған істі еркінсіп істейсіңдер? Неге басқа ұлттық сенушілердің мойындарына ауыр жүк іспетті міндеттерді артасыңдар? Сол жүкті тірі кезінде ата-бабаларымыз да, не біз де көтере алмадық қой.11 Қайта, басқа ұлттық сенушілер де, біз — яһуди сенушілері де тек Иеміз Исаның рақымы арқылы ғана құтқарылғанымызға сенеміз.12 Сонда көпшілік үндемей қалды да, Пауыл мен Барнабаның өздері арқылы басқа халықтар арасында Құдайдың кереметтер жасап, құдіретін көрсетуі туралы айтқандарын тыңдады.13 Екеуі баяндамаларын аяқтағанда, Жақып сөз алып, былай деді:— Бауырластар, сөзіме құлақ түріңдер!14 Шимон (Петір) бізге Құдайдың ең алдымен басқа ұлттық адамдарға деген ықыласын көрсетіп, олардың арасынан Өзінің атымен аталған халқын шақырып алғаны туралы түсіндіріп берді.15 Осы айтқандары пайғамбарлардың жазып қалдырған мына тәрізді сөздерімен үндесіп жатыр:16 (Жаратқан Ие былай дейді:) Содан кейін Мен қайтып келіп, Дәуіттің құлап қалған үйін қайтадан тұрғызамын; оның қираған қабырғаларын қаластырып, қайта қалпына келтіремін.17 Осылай қалған адамдар, Өзім меншігім болуға тағайындаған барлық басқа ұлттар да өз Иелері — Маған жақындауға ұмтылсын. — Бұны айтқан Жаратқан Ие оны іске асырады.18 Бұл баяғы заманнан бері белгілі.19 Сондықтан мен мынаны жөн деп санаймын: теріс жолдан қайтып, Құдайға бет бұрған басқа ұлттық адамдарға босқа салмақ салмауымыз керек.20 Қайта, біз оларға хат жазып: «Адам жанын арамдайтын жалған тәңірлерден, неке адалдығын бұзудан, арам өлген малдың етінен және қаннан аулақ жүріңдер!» — деп ескертейік.21 Себебі атам заманнан бері Мұса (арқылы берілген Таурат заңының осы ережелері) барлық қалаларда уағыздалып, мәжілісханаларда сенбі сайын оқылып келеді.22Сонда елшілер және қауымның жетекшілері бүкіл қауыммен бірге араларынан бірнеше кісіні таңдап алып, Пауыл мен Барнабаға ертіп Антақияға жіберуге шешім қабылдады. Содан олар бауырластардың ішіндегі беделді Барсаба Яһуда мен Сыйласты таңдап алып, соларды өкілдікке тағайындады.
Киелі Рухтың жетелеуімен бәтуаластыққа қол жетілді.
Сіз осы аяттарда бірнеше ұқсастықтарды байқадыңыз ба?
Петірдің басқаларға Құдай оған мынаны және ананы айтқанын хабарлағанда, қалған басқалары ауыздарын жауып Петірдің ұсынысына құлақ асады деп күткенін көрдіңіздер ме? Ол өз жолын талап етіп жатыр ма? Зар еңіреп айқайлап жатыр ма? Үстелді тарсылдатып ұрды ма?
Неше рет ол адамдарды оны тыңдауына шақырды?
Неше рет ол оның тыңдамаған адамдарға олар рухани еместігін айтты? Олар қуылғандығын айтты ма?
Жоқ, сіз бұлардың ешқайсын да байқамайсыз.
Сіздің байқайтыныңыз – тыңдау, сыйластықпен диалог жасау, талқылауды шешу, бәтуәластыққа әкелу. Бұл бізді таңқалдырмауы керек. Себебі барлық сенушілермен сөйлесетін тек бір ғана Киелі Рух бар. Киелі Рухтың қарама қайшы жетелеу беретіні екіталай.
Сонымен – кейбір бағушылар «өздерін бастықпыз» дегендерін жасыра алмайды.
Жақсылап түсініп алу үшін келесіні қарастырайық:
Матай 16:18 Мен Өзіме сенушілердің қауымын саламын. Қауым кімге тиесілі? Бағушыға емес. Исадан басқа ешкімге емес.
Жохан 21:15 “Тоқты-қозыларымды бақ!.
Жохан 21:16 Иса екінші рет:…………“ Қойларымды бағып жүр!”
Жохан 21:17 Иса үшінші рет:……………“ Қойларыма қарап жүр!.”
Сенушілер кімге тиесілі? Исаға. Бағушыларға емес. Жетекшілерге емес. Тәртіпке салушылардың емес. Және мынаған сенімді болыңыз: егер олар – Исаның қойлары болса, сіз Оның оларға қамқор болатынын білесіз. Ол сізді жауапкершілікке қатыстырады. Оның қойларына сіздің жақсы бақылауыңызды Ол марапаттайды, ал қатыгездігіңіз үшін айыптайды.
Mарқа 10:42-45
42 Иса оларды қасына шақырып алып, былай деді:— Билеушілері деп саналатындар қол астындағы халықтарды билеп-төстеп, төрелері де соларға қатаң әмір жүргізеді, соны білесіңдер.43 Бірақ сендердің араларыңда ондай болмасын! Керісінше, қайсың ұлы болғысы келсе, сол өзгелеріңе қызмет ете берсін!44 Қайсың ең бастыларың болғысы келсе, сол бәріңе құл іспетті қызмет көрсете берсін!45 Себебі Мен де Құдай тағайындаған Билеуші бола тұра, Өзіме қызмет еткізу үшін емес, Өзім қызмет етіп, көптеген адамдардың азаттық төлемін өтеп жанымды қию үшін осы дүниеге келдім.
Жақып пен Жохан көктен ерекше мәртебе сұрады. Келіңдер жігіттер сенбеушілерге ұқсамаңдар. Міне, олар қалай әрекет жасайды. Өкінішке орай бүгінде осындай қарым қатынас әлі тірі «аңшылармен» және мәртебе іздейтін атаққұмар адамдармен өмірді сәттілікке қол жеткізумен бағалайтын және әрқашан сол жайлы ойлайтындар. Олар өз өздеріне агрессияшыл өршіл болып келеді. Исаның ойлағаны бұл Құдайдың даңқы еді және Оның бейнесін көрсетіп жүрген адамдардың игілігі.
Матай 23:6-8
«6 Қонақасыларда төрге жайғасуды әрі мәжілісханаларда сыйлы орында отыруды жақсы көреді.7 Базарларда жұрттың өздеріне сәлем беріп құрмет көрсетіп, «ұстаз» деп атағандарын қатты ұнатады.8 Алайда сендер «ұстаз» деп аталмаңдар! Ұстаздарың Біреу-ақ, ал сендердің бәрің өзара бауырлассыңдар».
Ешкім Иса сияқты діни өркөкіректікті түсіне алмайды. Осы тарауда біз Исаның аузынан шыққан ең күйдіретін сөздер бар екенін көреміз. Оның мақсаты өркөкіректікпен сасып жатқан діндар жетекшілер, айқайлап жатқан өзімшілдік, өзін сүйю және діндар екіжүзділік болып табылады. Олар басқаларға қарағанда ең мықтылары болды – өздерінен сұрап көріңіздер. Олар өздерін басқаларға қарағанда жоғарымыз деп санады, олар арнайы атақтармен, киімдермен марапатталды. Олар адамдардың көздеріне түсуді қатты ұнатады. Өкпек қарама қайшылықта Иса Өзінің шәкірттеріне бір бірлерін рәббім деп атауларына, осылайша бауырдық қарым қатынастарын төмендетіп өздерін жоғарлатуларына немесе лайықсыз түрде әрбір сенушінің үстінде отырған Иса мен Әкенің орнына отыру сияқты арнайы атақтарды қолдануға тыйым салды.
Філіпіліктер 2:3-7
3 Жеке басының абырой-атағын ойлайтын менмен емес, кішіпейіл болып, басқаларды өздеріңнен жоғары қойыңдар!4 Әрқайсың өз мүдделеріңді ғана емес, басқалардікін де ойлап жүріңдер!5 Иса Мәсіхтің мінез-құлқы сендердікі де болсын:6 Мәсіхтің құдайлық болмысы бола тұра,Ол Онысына жармасқан жоқ,7 қайта,Өз құдіреті мен салтанатты ұлылығынанБас тартып, қабылдады құлдың сиқын:Ол адам секілді бұ дүниеге келді,Әрі кәдімгі адамға ұқсап көрінді.
Әй, жетекшілер! Бұл сізге қатысты емес. Өзіңізді жоғары қоюды доғарыңыз. Сіздің өз өзіңізді жеуіңіз сондай жүректі айнытады. Бір ардагер-миссионер былай деп жазған: «мен мынадай ойдан қайран қалдым, Исаның шәкірттерінен талап етілетін ерекше сипаты кішіпейілділік қаншалықта аз мөлшерде көрсетілуде. Қауымдағыларыңызға қараңыз – кішіпейілділік игілік ретінде бағаланбайтынына әлі қаншама дәлелдер бар».
«Біз қауым тарихын талқылағанда, біз сол қауым Орнатушының үлгісіне сай өмір сүрмедік деп мойындауға міндетті емеспіз бе? Ол өте жиібасқарушының киімін киіп алады, қызметкердің алжапқышын емес».
Жохан 13:3 Бірақ Иса Әкесінің бүкіл билікті өз қолына беріп қойғанын, сондай-ақ, Өзінің Құдайдан келіп, Оған тағы қайтып баратынын да білді..
Иса басқа біреуге аяқтарын жууға бұйрық бермеді. Ол солай бұйрық бере алатын еді. Бірақ Ол оны Өзі істеді.
1 Петір 5:1-3 1 Араларыңдағы қауым жетекшілері! Мен өзім де сендермен қызметтес қауым жетекшісімін, Мәсіхтің шеккен азаптарының куәсімін. Ол қайта оралғанда ашық көрінетін салтанатты ұлылығын бөлісетін де боламын. Сендерге ескертетінім мынау:2 Құдайдың өздеріңе сеніп тапсырған рухани «отарын» (яғни қауымын) қамқорлап бағыңдар! Мұны лажсыздан емес, шын көңілден, Құдайдың еркіне сай орындаңдар. Оны ашкөз пайдақорлықпен де емес, адал ынта-жігермен істеңдер.3 Тәңір Иенің меншікті қауымдарына өктемдік жүргізбеңдер, қайта, рухани «отарға» үлгі-өнеге болыңдар!
Петірден бірнеше маңызды ұсыныстар: Бастықтың ережелерінен бас тарт, қызметкер жетекші бол. Осы жерде біз екі сөзді қарастыруымыз керек: «өктемдік жүргізбеу» және «үлгі-өнеге».
“Өктемдік жүргізу” толықтай билік жүргізу, адамдарды төмендету, билігі шектеусіз болу, қорқыту, қатыгез және қатал болу деген мағынаны білдіреді. Билік жүргізетін жетекшілер сіздің ойыңызды өзіңізден тыңдағысы келмейді, егерде сіз қатарда болғыңыз келсе, соның айтқандарымен жүресіз. Бұл Құдайдың отарын бағу болып есептелмейді.
«Шынайы қызметкер жетекшінің билігі Құдай Сөзімен жүреді. Жетекші Құдай Сөзі жайлы айтқанда, бұл оның беделі болып табылады. Басқа уақытта ода ешқандай билік жоқ, содан кейін ол қызметші болып қалады. Билік Құдай Сөзінен шығады, басқа қалған уақытта жетекшілер қойларға қызмет етеді. Қойларға өктемдік жүргізбеулері тиіс. Оларға қамқормен мейіріммен қарау керек».
“Үлгі – өнеге”: «Жетекшіліктің жалғыз шынайы сипаты – бұл үлгілі өміріңіздің күші. Дәл осы сіздің өміріңіздің күші – бұл шын мәнінде жетектеу. Бақылаушы, бағушы ретінде сіз қойларыңыздың арасында үлгі –өнегелі болуыңыз керек. Олар сіздің өміріңізді көру үшін сізбен өте тығыз жақын болулары керек. Бұл сіздің жеке өміріңізден ағатын шынайы табиғи түрде болуы керек, сонда ғана сіз отарға үлгі-өнеге көрсетуді дәлелдей аласыз».
2 Қорынтындықтар 12:7-10
Құдай өркөкіректікті жеккөргендіктен Ол Пауылдың өзін жоғары санамауы үшін және Жаратушыға тәуелді болуы үшін оның тәніне «шаншылып түйрелу азабын» берді. Сіз Құдайдан сондай азапты сұрау керексіз бе? Өркөкіректік – бұл уағыздаушының шартсыз, кәсіби маңызды тәуекелі болып табылады. Біз оған тура қарауымыз керек.
Матай 11:29
«Қамытымды бірге киісіп, үйреніңдер Өзімнен,Өйткені жуас, кішіпейілмін шын жүректен,Тыныштық табады сонда көңілдерің».
Қызметкер жетекші өз адамдарын жақсы көріп, оларға жұмсақтық және кішіпейілділік танытады.
Mарқа 9:33-35
33 Олар Қапарнаум қаласына келіп, бір үйге түскеннен кейін, Иса шәкірттеріне:— Жолшыбай не туралы пікірлестіңдер? — деген сұрақ қойды.34 Бірақ шәкірттері үндемеді, өйткені олар жолшыбай келе жатып: «Қайсымыздың жолымыз ең үлкен?» — деп өзара пікірлескен болатын.35 Иса жайғасып отырғаннан кейін, он екі елшісін қасына шақырып алып:— Кім ең бастыларың болғысы келсе, сол бәріңнен де кішік болып, бәріңе қызмет ете берсін! — деді.
Шынайы айбындылық атақтан, беделден немесе көсемдіктен келмейді, керісінше өзіңді өзің бақылай алушылықтан пайда болады. Бастық өзгелерді бақылауда ұстауға тырысады және өзін жоғары ұстайды. Биіктікте тұрып «төмендегі аяқтарды жуу қиындыққа соғады». Биліктің азғындығы ең табанды сенушіні жетекшінің шынайы табиғатынан ажыратады.
Иса үшін сондай көп.
Енді Пауылдың кезегі
2 Қорынтық 1:23-24 «Осы кезге дейін менің Қорынтқа келмегенім сендерді аяғандығымнан екеніне Құдай куә.24 Сенімдеріңе өктемдік еткіміз келмей, қуаныштарың үшін өздеріңмен бірге еңбектенеміз. Өйткені сенімдерің арқылы беріксіңдер».
Пауыл сенімдегі балаларының азапқа салынбауы үшін өзі азап шегуді жөн көрді.
1 Қорынтық 4:21
Енді не қалайсыңдар? Сендерге таяқпен келейін бе, әлде сүйіспеншілік пен ілтипаттылық рухымен бе?
Ол бұйрық беруден және таяқпен келуден гөрі оларды басқалармен сүйспеншілікте және жұмсақ қарым қатынаста болуға шақырады.
1 Қорынтық 10:33
«Мен де бәріне қай жағынан да ұнамды болуға тырысып, жеке басымның емес, көпшіліктің мүдделерін ойлаймын. Мұны олардың құтқарылуы үшін істеймін».
Ол басқалардың қамын жеп өзінің жеке пайдасы мен артықшылығын құрбан етті.
2 Қорынтық 4:5 «Біз өзімізді емес, Мәсіх Исаны уағыздаймыз, Ол — Жаратқан Ие, ал біз Исаға бағышталып, сендерге қызмет етеміз»
Тәлім беру мүмкіндіктеріңізді өзіңізді жарнамалайтын түкке тұрғысыз нәрсеге айырбастап алудан сақ болыңыз. Өзінің тарихының басты кейіпкері менің өзім деп айтатындардан сақ болыңыз. Қызметкер жетекшілер бұйрық бермейді. Олар бауырлардың ар намысын басқармайды, керісінше олар бауырларын Құдай Сөзіне бағынуға шақырады.
Бірақ Пауылдың бастықтың ережелері емес қызметкер жетекшісі болудың ең үлкен куәлігі бұл Філимон болса керек. Сол жайлы ойланыңыз. Егер Пауыл бастықтың орнында болса, Філимонға жазған хатында 25 аяттың орнына бір ақ аят болар еді: «Мен, Пауыл, жоғарғы елші, Киелі кітаптық жазушы, қауым бастаушы және ізгі хабаршы сендерге Онисимді кешіруді бұйырамын» деген аят болар еді».
Бірақ Пауыл бастық емес, бұл арадан ол Філимонға арналған хатта былай деп жазады:
8 Сондықтан Мәсіхтің елшісі ретінде керек істі саған бұйыруға батылым барса да,9 сүйіспеншілігіңе бола өтініп сұраймын. Иә, басқа біреу емес, мен — Пауыл қария, Мәсіх Исаға қызмет еткенім үшін қазір түрмеде отырған менің өзім,10 сенен ұлым жайында өтінемін. Мен осында тұтқында отырып, оған Ізгі хабарды айтып берген едім. Қайта туылып, рухани ұлыма айналған сол жан — Онисым («Пайдалы»).,
Бастықтың ережесінен бас тартып Філимон кітабы қызметкер жетекшісі бауырын даналы шешімге бағыттау үшін сеніммен сана қолдана отырып ең мықты көрсеткіш. Кітап мәмілегерлікпен жазылған, бұйрықпен емес.
21 ші ғасырдың қызметкер жектекшінің әрекеттенуін көргіңіз келе ме? Үлкен азиялық қауымның жоғары бағушысы әр дүйсенбі таң ертең басқа бағушылармен жетекшілерді «Сұрақтар және салымдар» жиналысына келуге шақырады. Сол жердегі әрбір адам өзі қалаған кез келген сұрақтарды қоя алады, сонымен қатар өз қалаған ұсыныстарымен ойларды бөлісе алады. Сол бас бағушы қызметкер жетекші оның даналық монополиясы жоқ екенін көрсетеді. Жетекшілерде басқаларда сияқты көрінбейтін дақтар бар және осындай талқылаулар сол кемшіліктер жоқ болып кетпейтініне көрсетеді. Әрбір жеке тұлғаға арналып айтылған нақты сөздің мағынасы – бұл олардың ойлары да маңызды екенін және олардың мәселелері естілетінінде. Осы қауымды кейін Құдай баталағаны таң қаларлық емес, және моральдік рух жетекшілер арасындағы өте жоғары.
Бастықтың ережесінен бас тартып жетекшілікті қабылдайтын қауымда болған басқа мысалды көргіңіз келе ме? Тыңдаңыздар:
Қауым жетекшілері өте маңызды шешім қабылдады. Бөлмедегі барлық адамдар бағушының ұсынысымен келісті – бірақ соңғы бір адам сыбырлап сөйледі. Ол сол ұсынысқа өзінің бірнеше сөздерін айтып жатты. Бағушы оны сол ұсыныс жайлы сиынуға шақырды деп және екі аптадан соң тағы кездесуге шақырды..
Екі апта өтті. Бір бірімен кездескенде олар сол ұсыныста байқаған кемшіліктерін айтып бөлісті. Олар шынымен де бір бірін тыңдады….және содан соң олардың барлығы бірігіп, бағушыны қоса сол ұсыныстан бас тартты. Бұл қызметтегі жетекшілік. Және бұл бір баталанған қауым болды. «әрбір жетекшінің жүрегі игілікке ұмтылатын, кішіпейілді және өз мақсатына сезіктілікті жүрек болуы керек».
Қызметкер жетекші болғыңыз келе ме? Неге оны бейнелемеске?
1 Қорытындық 13:4-7:
Мен шыдамдымын,
Мен қайырымдымын,
Мен еш қызғанбаймын.
Мен мақтанбаймын,
Мен паңданбаймын,
Мен әдепсіз емеспін,
Мен өзімшіл де емеспін,
Мен ашушаң емеспін,
Мен көрген жәбірімді есімде сақтамаймын,
Мен әділетсіздікті құптамаймын,
Мен ақиқатқа сүйенемін,
Мен барлығын көтеремін,
Мен ұдайы сенемін,
Мен үмітімді үзбеймін,
Мен бәріне шыдаймын.
Кейбір мойындаулармен жұмыс істей отыру барысында сіз өзіңізді таба алдыңыз ба?
Егер бұл сіздің сондай жетекші болуға тырысып жатқаныңыз болса басқаларға қандай бата боласыз десеңізші!
Біз қарастырып жатқан және қарастыра алатын барлық аяттарды ескере отырып, қызметкер жетекшілікке шақырудан бас тарту үшін жетекші Киелі Кітаптан кейбір ауыр өзгерту жасауы керек.
Қызметкер жетекші, иә! Бастықтың ережелері, жоқ!