Төзімділік
Жігермен отқа төзу- мінез-кұлық пен жетекшіліктің кілті. Бір адам өз мақсатын басынан қояды дейік. Бір адамнан шәкірт жасау керек дейік. Бір мәселеге жолыққанға дейін жақсы прогресс жасап келеді. Содан оңай беріле салады. Мәселенің басында ол «Құдайдың еркі жоқ екені көрініп тұр» дейді. Екінші адам– мәселеге беріле салмай, қайта оны шешуге ынталанады. Бірақ біреу оны сынаса, дереу құлап қалады. Көп уақытта Иса Мәсіхте болсақта өзімізді қорғансыз сезінеміз, Иса Мәсіхтің емес, сенушілердің ойының ықпалыда боламыз. Сондықтан сенушілерді табынмен салыстырады. Сын күкірт қышқылы сияқты адамды жойып жібереді. Үшінші адам ілгерірек барады, бірақ ол да жағымсыз жағдайларға шалдығады. Мүмкін адамдар оған қарсы шығады, содан ол құлайды. Шынайы жетекші дегеніміз кім? Қойған мақсатына қол жеткізетін адам. Оның мәселелері немесе сыны аз емес. Соңына дейін жетпеген адамдармен салыстырғанда оның жағдайы жақсырақта емес.Мәселелер өмірінің барлық саласында болады. Өз ісіне берік адам мақсатына жете алады. Салмақ тастау болсын, аят жаттау болсын, бір адамнан жемісі мен өнімі бар шәкірт жасау. Бульдог итінің тұтқырлығымен берік болу. Жүз метрлік жүгіру мен кросстың айырмашылығы үлкен. Өкінішке орай көптеген сенуші жетекшілер 100 метрлік жүгіріс деген оймен жүгірушілердің айтуынша «екінші демін» ашпайды. Немесе мен оны «өткір қайраудың әсемдігі» деп атаймын. Өзіңізге сұрақ қойыңызшы, «Қандай жағдайда мен тоқтаймын? Адамның мөлшері төзімділігімен өлшенеді. Сәтті және жолы болмаушы адамның айырмашылығы қандай? Сәтті адамдар жолы болмаушы адамдар ұнатпайтын нәрсені істеу әдетіне айналдырады. Аят жаттау, жүйелі түрде Киелі Кітап оқу, дұғада тұрақты болу, Ізгі Хабар айту, жоспарлау, бағалау, өзінің өсуі үшін мақсат қою, тағы да басқалары. Басқа біреу ешқашан істемеген немесе таңдамаған нәрсені істей алады немесе бұрын тастап кеткен істі қайтадан қолға ала алады.