1-ші күн – Бізді шынайы ынталандыратын нәрсе
Киелі Кітапта жазылған әңгімелердің ішіндегі менің ең қатты ұнататын оқиғам ол, – Исаның аяғын иісмаймен майлаған күнәкар әйел туралы оқиға (Лұқа 7:36-50).
Бұл әңгімеден біздің бар білетініміз ол әйелдің “күнәкар” деген атағы болғаны. Өмірінің бір сәтінде ол Исаны кездестірді. Осылайша Оның қатысуымен ол әйел өз күнәсін тереңінен түсініп, ешнәрсеге қарамастан кешірімге ие болатыны туралы Оның уәдесін алуы.
Әйел иісмайға толған мөлдір тас құтысын алып, Исаның аяғын майламақ болып, Ол отырған үйге келді. Ол Исаның аяқ жағында тұрып қатты жылай берді. Өзінің көз жасын Оның аяғына төгіп, өз шашымен сүрте берді. Ол неліктен мұны істеді? Мұның жауабы, өзінің күнәсін тереңінен сезінуі мен Исаның оған кешірімге ие болу уәдесінің үйлесімі оның бойында бұрын соңды болмаған сүйіспеншілік пен ризашылық сезімдерін тудырды. Әрине, бүгінгі күнде біз Исаның аяғын иісмаймен майлай алмаймыз, бірақ біз Ол үшін төгілген өз өміріміздің иісмайын ұсына аламыз. Бізді осылай әрекет етуге талпындыратын нәрсе – өз күнәларымызды тереңінен түсінуіміз және Исаның кешіріміне ұдайы ие бола алатынымызды білуіміз. Бұл шынайы шәкірттіктің негізі болып табылады.
Шәкірттікпен байланыстыра алатын басқа да тәжірибелер – рухани тәртіп, Ізгі хабарды тарату, бар білгенімізбен бөлісу. Иә, мұның барлығын ұстанyымыз қажет, алайда біз үшін Өз өмірін қию арқылы көрсеткен Иса Мәсіхтің сүйіспеншілігіне деген сеніміміз, міне, осы бізді шынайы ынталандырушы нәрсе. Пауыл бұл туралы Қорынттықтарға арналған екінші хаттың 5:14,15-те былай деген: “Бізді алға басуға мәжбүр ететін күш – Мәсіхтің сүйіспеншілігі… өмір сүріп жатқандар енді өздері үшін емес, өздерінің игілігі үшін өліп, қайта тірілген Мәсіх үшін өмір сүрулері.”
2-күн – Үлкен есіктер кішігірім ілмектер арқылы ашылады
Оған берілген тапсырма өзіне түсінікті әрі қарапайым болып көрінді: үлкен теңіз портына барып, теңізшілерден шәкірт дайындау.
Сонымен, ол діттеген жеріне барды, көп жұмыс істеді, алайда сәтсіздікке ұшырадым…..деп ол өз ішінен ойлаған еді. Бірнеше ай бойы қатты дұға еткеннен және ауыр еңбек еткеннен кейін ол өзін оқытқан адамға қоңырау шалып, тек бір теңізшінің Иса Мәсіхтің адал шәкірті болуға қызығушылық танытқанын хабарлады. Тек біреу ғана. (Айтпақшы, тоғыз жасөспірім де үлкен қызығушылық пен әлеуетті көрсетті – бірақ ол сол қалаға жасөспірімдермен жұмыс істеуге жіберілген жоқ – сол себепті ол үшін олар маңызды ма еді?).
“Сол жерде қалып, қызуғышылық танытқан әр адамға назар аудар”,- деп тәлімгері оған жауап қайтарды.
Кішкене алға шолу жасасақ: ақыр соңында, соншалықты қызығушылық танытқан теңізші кім болып шықты? Ізгі хабарды таратушыларды дайындайтын нөмер бірінші тәлімгер. Ал қызығушылық танытқан тоғыз жасөспірім ше? Олардың барлығы төрт құрлықта қызмет ететін елшілер болды. Құдай Иеміз, осы адамның бірнеше ғана адамға назарын аудартуға мәжбүрлеу арқылы не істемек болғанын білді ме? Бәс тігіп көріңіз!
Зәкәрия 4:10 “Ұсақ-түйек істер істеліп үлгерілген күнді кім менсінбейді?” Бәріміз, бәлкім, осы айып бойынша өзімізді кінәлі деп санай аламыз. Неліктен біз бұрын соңды әлем көрмеген, көпшілікке жүгінген ең керемет Ұстаздың өз назарын тек он екі адамға ерекше аударғанын ұмытуды таңдаймыз. Он екі ғана! Алайда ешнәрсеге қарамастан бұл стратегия жүзеге асты!
Үлкен есіктер кішкентай ілмектер арқылы ашылады. Бұл дегеніміз, кішігірім адамдар тобына қосылып бар ниетіңізбен қызмет етуіңіз, уақытыңызды босқа өткіздім деп ойлауға жол бермейді. Өйткені Құдай таңғажайып істерді таңғажайып тәсілдермен жасауды ұнатады.
3-күн – Барша адамзатқа жүректің ашық болуы
Жеке басымызбен қызмет ету деген нені білдіреді? Көптеген адамдар сақтау керек қадамдар тізімін, белгілі бір формуланы іздейді, бірақ мен баса айтқым келетін нәрсе одан гөрі тереңірек. Бұл
белгілі бір ұйымдардың насихаттайтын нобайлары немесе жақсы идеяларынан әлдеқайда маңыздырақ.
Бізде болу керек ең бірінші нәрсе – барша адамзатқа жүректеріміздің ашық болуы – әр адамның құндылығын бағалау.
Құдай дегдарларды, яғни элитаны сүйді ме? Әлде танымал адамдарды ма? Бәлкім, таланттыларды жақсы көрген болар? Жоқ! Неліктен Иса Өзінің құнды уақытын ішкі жан дүниесі тыныштық таппаған әйелге арнады? Не себепті Иса Өзін Зилот деп атайтын Шимонмен бірге болғанын көргендерін қалады (ХХІ ғасырда зилоттар үкіметтің террористік тізіміне ілінген болар еді)? Алпейдің ұлы Жақып ше – ол, бәлкім, Жаңа Өсиеттегі ең ұялшақ, ЕШҚАШАН сұрақ қоймайтын, ЕШҚАШАН сөз сөйлемейтін, қалған 11 шәкірттердің көлеңкесінде жүретін ол да Исаның шәкірттерінің бірі болып таңдалды емес пе? (Шынымды айтсам, оны ешқашан өзіңіздің 12 шәкірттеріңізді қатарына таңдамайтындығыңызға сенімді болсаңыз да болады). Не деген біртүрлі таңдау! Оның әлемді шынайы жақсы көремін дегендегі айтпақ дәлелі осы еді.
Әрбір адам Құдай үшін баға жетпес құндылыққа ие болып қана қоймай, әр адамның жарылқау мен батаның арнасы бола алатын өзіндік үлкен мүмкіндіктері бар.
Осылайша Құдай қолдана алатын адамдар тізімін құруды қойдым. Өйткені әр адамның Иса Мәсіхтің өзгертуші күшінің каналы болу арқылы шексіз мүмкіндіктерге ие бола алатына көзім жетті.
Бүгін кешке, ұйықтар алдында, Құдайдан барлық адамдарға жүрегіңіздің ашық болуын сұрап, дұға етіп жатыңыз.
4-күн – Нанымдардан арылу
Алғашында басқаларға рухани тұрғыда көмектесуге тырыса бастағанымда, шынымды айтсам, ол кезде не істеп жатқанымды білмедім. Менде еш жоспар болмады, осылайша еш жетістікке жетпедік. Ол адамдармен қайта кездесуге қорықтым, тіпті әркез олардың келмегендерін қаладым. Кейін, дәл мен сияқты алаңдаушалыққа түскен басқа топ адамдарын кездестірдім. Осылайша бірігіп жоспар құруға шешім қабылдадық.
Біз жас мәсіхшінің бойында болу керек қасиеттер тізімін құрдық. Біздің көзқарасымыз бойынша Мәсіхті Киелі Жазбалармен қоршалған, дұға ету, қарым-қатынас жасау және куәлік ету өмірінің орталығына қойдық. Мен бірнеше сағат бойы Киелі Кітаптағы осы тақырыптардың әрқайсысын зерттеп, мынадай сұрақтар қойдым: Бұл тақырып неге маңызды? Ақиқатында бұл не туралы? Мен мұны өзімнің жеке өмірімде қалай қолдануым керек? Мұны басқаларға қалай жеткізуге болады?
Осылайша, осыған дейін өзгелермен бөліскім келген нәрселер менің өзімнің жеке басымның нанымдары екенін түсіндім. Бұл біреудің идеясы немесе өз басым түйген ойлар емес еді. Мұның барлығы Құдайдың Киелі Сөздерін оқып, зерттеу арқылы келген ақиқаттар болатын.
Егер сіз өзгелерді шәкірт еткіңіз келсе, сізге дәл осылай жасауды ұсынамын. Рухани өмір сүру үшін маңызды деп санайтын нәрселерді жинақтауға Киелі Жазбалардан оқығандарыңызды және өзіңіздің өміріңіздегі тәжірибеңізді біріктіріп қорытынды шығаруға бірнеше сағат бөлгеніңіз жөн. Осы бір үй тапсырмасын орындап, нанымыңызды теңестіргеннен кейін, сізде басқалармен бөлісетін нәрсе пайда болады.
5-күн – Қол жетімді болу
Мен «Құдай сенің қабілетіңе емес, сенің қол жетімділегіңе көбірек қызығушылық танытады» деген мақалды бағалаймын. Бір күні жексенбілік қауымнан қайтар кезде бағушым қолымнан шап беріп ұстап алып, өзіне қарай бұрып, мен үшін бейтаныс бір жас жігітпен таныстырды. «Андренің Иса Мәсіхке сенгеніне көп болмады. Сол үшін оның рухани өсуіне көмектескеніңізді қалаймын», – деді бағушы. Сырттай күлімсіреп, жылы шырай танытқан болсам да, іштей бойымды үрей билей бастады. Мен бе? Қалайша? Мен бұрын ешкімді шәкірт еткен емеспін. Тіпті неден бастарымды білмедім. Қателік жіберсем не істеуім керек? Ал егер мен бұл жігіттің өмірін ойран етсем ше?
Андре екеуміз кездесу уақытын белгіледік; Ол келмейді деп үміттендім. Алайда ол келді. Жоханның бірінші хатын қарастырып, оған үй тапсырмасын бердім. Іштей мұның барлығына қызығушылығы жоғалады деп үміттенген едім. Ойлағанымдай болып шықпады. Шын мәнінде, ол үй тапсырмасын дайындауда өте жақсы жұмыс жасады. Сол бір кездесуден кейін Андре екеуміз апта сайын кездесетін болдық. Үй тапсырмаларына Андре әркез жақсы дайындалған сайын ақырындап Құдай мені басқа біреудің рухани өсуі үшін қолдана алатынына сенімді бола бастадым. Ауыр жүк болып басталған іс қуанышпен аяқталды. Андре семинарияға оқуға түсті және ондаған жылдар бойы бағушы қызметін атқарып келеді. Шәкірт тәрбиелеудегі бұл келеңсіз бастама менің шынайы өмірлік мақсатыма көзімді ашты: “Өзің менен естіп, көптеген кісілер растаған шынайы ілімді басқаларға да тәлім беруге қабілеті бар, сенімді жандарға аманатта!” (2Тим 2:2).
Құдай менің қабілеттеріме қарағанда менің қол жетімділігімді пайдаланды. Ал сіз Құдайдың өзіңізді пайдалануына жол бересіз бе?
6-ші күн – Шәкірттіктен тәлімгерлікке
Колледжге барардан бір жыл бұрын Исаның соңынан ере бастадым. Ол кезде мен мәсіхші емес едім, бірақ Құдай Сөзіне қатты құштар болдым. Колледж үшін рухани жағынан жас болсам да, өсуге деген құлшынысым мықты болды. Сол кезде Құдай менің жолымды өз уақытын бөле алатын жетілген сенушімен түйістірген еді. Ол әйел адам менің жағдайымды тыңдап, Құдай Сөзінен қалай ақиқатты табуға болатынын үйретті және өз өмірі жайлы менімен бөлісті. Ол мен үшін бірнеше сағаттар бойы дұға етті. Ол мені Ізгі хабарды басқалармен бөлісуге дағдыландырды және Исаның адамдарды қалай жақсы көретінін білуге көмектесті. Осылайша менің жүрегім өзгере бастады; Мен де Иса сияқты адамдарды жақсы көргім келді.
Осы әйелдің өз білімімен бөлісуіне дайын болғаны менің өмірімді түбегейлі өзгертті. Құдай оның көмегімен мені басқа жолға салды. Ол адам арқылы Құдай менің жарама шипа бере бастады. Ол маған колледжден кейін Оған еріп жүруге мүмкіндік беретін негіз салды.
Содан бері сол сенуші әйел сияқты менде өзгелердің өзгерулеріне көмек беруге құлшынып, әрекет етудемін. Өйткені бір адамның өмірін өзгерту арқылы, басқалардың да өмірлерінің өзгеруіне әсер етуіміз мүмкін. Әрине, кейде бұл елеусіз іс болып көрінуі мүмкін, бірақ шындық мынада – бұл Исаның әрқашан істеген ісі еді. Салониқалықтарға арналған 1-хаттың 2:8-де айтылғандай, біз Құдайдың Ізгі хабарын басқалармен және өз өмірлерімізбен бөлісетіндерден болайық!
7-ші күн – Ақылға негізделген тәлімгерлік жоспары
Мен Владқа тәлімгерлік ете бастаған кезде, оны не нәрсеге үйрететінімді нақты білдім. Алайда менде бұл процесстің аяқталған кезінде қалай болатындығы туралы нақты көрінісі болған жоқ.
Влад екеуміз үш жыл бойы үнемі кездесіп тұрдық. Өткен жылдар ішінде біз қарқынымызды жоғалттық. Влад өз сеніміне нық берік болды, ал мен болсам онымен не істерімді білмедім. Біршама ыңғайсыздықтар болды, алайда достығымызды растап оған кіші сенушімен кездесуді қарастыруды ұсындым. Влад келісті, бірақ арамыздағы бұл әңгіме бір жыл өткеннен кейін ғана болған еді.
Егер біз өз шәкірттерімізбен тәлімгерлік қарым-қатынасымыздың аяқталуы туралы алдын ала ойламасақ, адамдарға ынта-жігермен алға жылжуға көмектесудің орнына олардан алшақтап кетуіміз мүмкін. Мұндай нәтиже адамдарға Құдайдың оларға дайындап қойған нәрсесін қабылдауға мүмкіндік бермейді. Керісінше, біздің жасағымыз келген нәрсеге қарама-қайшылықты – әрекетсіздікті тудырады.
Біреуді шәкірт етіп алатын кезіңізде, бұл тәлімгерліктің қанша уақыт аралығындағы міндеттемесін қабылдауға дайын екеніңізді және қанша уақытыңызды алатынын ескеріңіз. Осы нәрселер туралы алдын-ала шәкіртіңізбен ақылдасып, бірігіп жоспар құрыңыздар. Шәкірттермен қарым-қатынасты болашақты болжау арқылы аяқтаған кезде, бұл әрқайсысының өмірлерінде жаңа тараудың басталуына әкеледі.
8-ші күн – Құдаймен үздіксіз байланыс құру
Қарапайым мәсіхші орта есеппен дұға етуге күніне үш жарым минут уақыт жұмсайды деп есептеледі. Неге біз дұға ету мәртебесін пайдалана алмай жүрміз? Бұл тәртіптің жоқтығы ма? Әлде ынтамыздың аздығы ма?
Егер Құдайға бауыр баспасақ, дұға ету біз үшін қиын болмақ. Бір кездері дұға ету дегенді «Құдайды іштей сезіну» деп ойлағанмын. Құдай Иемен қарқынды қарым-қатынас құрудың орнына, дұға ету, Құдайдың қолын басқаруға арналған жаттығу сияқты болып қалды. Жансыз және жалықтыратын дұға дәрі сияқты: дәмі ащы, бірақ пайдалы.
Құдай маған назар аудармаған шындықты, яғни Оның менімен тілдескісі келетіндігін есіме салды. Қарым-қатынас құру – бұл өзіңізді мазалайтын ойларыңызбен немесе эмоцияларыңызбен жақын бөлісу дегенді білдіреді. Құдайға біз туралы айтқан нақты нәрселеріне ғана нақты жауап беруіміз керек. Ол бізге Өзінің Киелілігі туралы, Өзінің Киелі Сөздері арқылы сөйлеуі мүмкін, бірақ біздің бар ойымыз келесі айдағы пәтердің жалдау ақысын қалай төлеуге болатындығына арналған. Сондықтан біз Киелі Кітапты ысырып, Оның қасиеттілігі туралы емес, пәтердің жалдау ақысы туралы дұға етеміз!
Өз қажеттіліктеріміз туралы дұға етудің еш жамандығы жоқ, бірақ Құдай біздің Оны тыңдап, Оған лайықты жауап бергенімізді қалайды. Мәселен, біреуге: «Мен сені қатты жақсы көремін», – деп айттыңыз делік, сол сәтте сіздің осы сөздеріңізге жауап ретінде: «Жұмысымдағы жалақыны көтереді деп үміттенемін» – дегенді естідім деп елестетіп көріңізші, өзіңізді қалай сезінер едіңіз? Мұндай сұхбаттар қарым-қатынастағы жақындықты қалыптастырмайды. Құдаймен қарым-қатынаста өсу – бұл әрекет емес, бұл жүректен шығатын үдеріс.
9-ші күн –Өмір бойы білім алушы (Өмірлік шәкірт)
Ол маған жылына үш рет хат жазып тұратын және әр хатында не жазатынын алдын ала болжауға болатын еді. Ол әрдайым күнделікті Киелі Кітапты оқығанда білген бірнеше қызықты құралдар туралы, қандай күнәмен күресіп жүргенін және өзінің Ізгі хабарды тарату әрекеттерін сипаттап жазатын. Жыл сайын үш хаттан келіп тұратын. Соңғы хаты, ол 103 жасқа толғанда келген еді.
Өзінің 104 жасқа толғанын бірнеше құрбыларымен мерекелеуге барды. Ол әрқайсысына бірдей сұрақ қойды. Оның сұрағы: «Жақында Киелі кітаптың қандай аятын жаттап алдың?» деген сұрақ емес, «Жақында сен Киелі Кітаптың қай тарауын жаттап алдың?» деген сұрақ еді. Әр құрбысының оның ізімен жүруге деген ынтасы жоғары болғандығына сенімді болыңыз.
«Рухани зейнетке шығу» оның сөздік қорында немесе өмір салтында ешқашан болмаған. Оның өшіп, сөнуге дегенге ниеті болмағандығы анық. Ол өмір бойы білім алудан басқа мақсаты болған емес. Егер Құдайдың сізге берер нәрсесі болмаса, онда сіз неге өліп қалмайсыз?
Сүлеймен бізді Нақыл сөздеріндегі 2:4 аятында «көмілген күміс пен қазынадай іздеуге» шақырғанда, ол бізге қолымызға күректі алып, Киелі Кітапты қазып, ішінен білім алуға ешқашан тоқтамауымыз керектігін айтып нұсқайды.
Егде жастағы әйел өзінің бар өмірін Құтқарушысын іздеуге және Оған қызмет ету үшін арнаған, осындай үлгі беру арқылы ол өзінің қауымына қандай шабыт бергенін елестетіп көріңізші?! Ал енді өзіңіз туралы ойланып көріңіз, сіз басқаларға қандай үлгі көрсетудесіз? Күректі қолға алып, қазуды бастайтын уақыт келді емес ме? Биыл қай тарауды жаттап аласыз? Мәсіх үшін қандай белестерді бағындырмақшысыз?
10-ші күн –Құшақты кеңге жаю
Бізді, яғни қоршаған әлемге ұқсамайтын Мәсіхтің ізбасарларын «қасиетті» болуға шақырады. Егер бұл керемет айырмашылық тек сенушілер арасында болса – қасиетті топта – өзгеруге мұқтаж әлем ешқашан Мәсіхтің өмір сыйлайтын құдіретін сезінбейтін болады. Біз тек сенушілермен ғана емес, сондай-ақ, Құдайға сенбейтіндермен де батыл түрде қарым-қатынас құруға көшуіміз керек.
Ізгі хабардың біздің өмірімізден Исаны әлі білмейтіндердің өмірлеріне қалай берілетіндігі туралы екі негізгі қағидасы есіңізде ме?
Қарым-қатынас құрумен өмір сүріңдер.
Ал қасиеттілікпен өзгеше өмір сүріңдер.
Иса Көктегі Әкеге шәкірттері туралы дұға еткен кезде былай деген: «Сенен оларды осы дүниеден әкете гөр деп емес, әзәзіл шайтаннан қорғай гөр деп сұрап тұрмын. Менің осы дүниелік еместігім сияқты, бұлар да осы күнәкар дүниенің адамдары емес. Оларды шындығың арқылы Өзіңе бағыштап, таза жүргізе гөр. Сенің сөзің — шындық. Мені осы күнәкар дүниеге жібергеніңдей, Мен де бұларды осы дүниеге жіберемін…» (Жохан 17:15-18).
Егер біз Мәсіхті әлі білмейтіндермен қарым-қатынас құра отырып, Иемізбен бірге болсақ, міне, тек сонда ғана Иса Мәсіх туралы Ізгі хабар біздің әлемде тез таралатын болады. Қазір отырып алып: «Құдай менің айналама Өзіне сенбейтін қандай адамдарды шоғырландырып қойды екен? Олармен қатынасты қалай бастағаным жөн немесе оларды жақсырақ қалай тануға болады екен?», – деген сұрақтарды қойып тізімді құрыңыз.
11-ші күн –Шынайы болмысты сақтау
Адамдарды сенімдерімен бөлісуге үйрету – шәкірт тәрбиесінің негізгі бөлігі. Осы жылдар ішінде басқаларды жаттықтыра отырып, мына бір қызықты құбылысты байқадым. Адамдар Ізгі хабармен бөлісуді үйренгеннен кейін, олар Иса туралы сөйлескенде қалай әрекет ету керектігін жиі ұмытады. Өкінішке орай, тәжірибелердің өзі олардың табиғилығын жоққа шығаратын сияқты. Олардың дауыстарының өзі бірсарынды болып өзгереді.
Тіпті жай күннің өзінде әңгімелескенде олардың дауыс ырғақтары қалыптасып қалған уағыз айтушының тонымен сөйлеседі. Мұндай жағдайда адамдар осыны бірден сезіп, өздерін жайсыз сезіне бастайды. Біз шәкірттерімізді өз достары туралы жеңіл бөлісетіні сияқты, Иса туралы да еш қиындықсыз сөйлеуге үйретуіміз керек. Әдеттегі әңгімелер тез әрі орынды және әзілге де жол беруі мүмкін.
Сонымен қатар мұндай тілдесу жауап беруге шақырады. Тыңдаушылар сұрақ қоюға немесе түсініктеме алу мүмкіндігін қалайды. Ізгі Хабарды тарату диалог болуы керек кезде монологқа айналуы өте оңай. Басқаларға Иса туралы табиғи түрде сөйлесуге көмектесу кезінде Петірдің осы бір сөздерін есіңізде сақтаңыз: «Қайта, жүректеріңнен Мәсіхке қасиетті Иеміз деп ерекше орын беріңдер! Сендер ұстанған үмітті түсіндіруді сұраған кез келген адамға жауап беруге әрдайым даяр болыңдар. Тек ілтипат, құрмет танытып сөйлеңдер. Ар-ұждандарыңды таза ұстаңдар, сонда Мәсіх жолындағы сендердің ізгі жүріс-тұрыстарың туралы жаман айтып айыптағандар өздерінің айтқандарынан ұялатын болсын…» (Петірдің 1-хаты 3:15,16).
12-ші күн –Зейін салудың орасан зор күші
Сізде қызметтің қуатты құпия ресурсы бар. Бұл мәсіхші бауырластарымыздың жүректерін аша алады; бұл Құдайға сенбейтіндердің күмәнін жоюы мүмкін. Бұл сіздің жеке мәселелеріңіздің көлемін азайтады. Сонымен қатар, сіз өзіңіздің жасырын активіңізді пайдалануды үйрену үшін семинарияға немесе ретритке барудың қажеті жоқ. Ол құпия ресурс дәл қазір сіздің қолыңызда – сіз оны өзге адамдармен болған кезде де қолдана аласыз. Бұл сіздің жеке зейініңіздің күші.
Мәсіхшілік бағдарламаларында еш тапшылық жоқ. Демалыстың кез келген күнінде сенушілер қауымның өсуі, рухани қалыптасу, жетекшілік қабілетті дамыту, рухани дарындарға ие болу, ақшамен жұмыс жасау және некені жақсарту туралы семинарларды өз қауымдарында немесе Ғаламтордан таба алады. Барлығы пайдалы. Алайда, өкінішке орай, біз Інжіл мәдениетіне қалаған деңгейімізде ене алмай жатырмыз.
Құдай Патшалығына қалыпты бағдарламалардан да жоғары нәрсе қажет. Бізге жеке зейінін көрсететін миллиондаған сенушілердің үлкен мөлшері қажет. Біз бір өмірдің екінші өмірге әсер ететін күшін сезінбейтін сияқтымыз. Нақыл сөздер 27:17-де былай деп айтылғандай: «Темір темірді қайрайды, Адам адамды қайрайды…». Дәл осы аятта айтылғандай, адамдар бір-біріне тым жақын болған кезде ғана бірін-бірі қайрай алады.
Ал сіз неден бастайсыз? Өзіңіздің әлеміңізде сізді қажет ететін біреуді табуды неге ойламасқа?
13-ші күн –Тәуекелге бел буу
Тәуекелділіктің неше түрлі түрлері бар. Мысалы: егінді егіп, оны жинай алмау; мәсіхшілікті тастап материалдық жетістікке жету немесе басқа діннің жалынды ізбасарларына, тіпті өмірі сәтсіздікке ұшырайтын адамға хабарласудың өзі тәуекелділік емес пе?!
«Жолы болмағыштардың» өмірде жетістікке қол жеткізулеріне жиі кедергі болатын нәрсе – менмендік. Біз мәсіхшіліктің тамыр жайып, жетістікке жеткенін қалаймыз. Тіпті бұл процесте жақсы көрінгіміз келеді. Сонда сәтсіздікке ұшырайтындарға не үшін алаңдауымыз керек?
Бұл жерде Исаның мысалын қарастырайық. Ол өзінің тобына адамдарды таңдаған кезде олардың бай-ауқатты, жоғары білімді немесе талғампаз болуы керек деген талап қойған жоқ. Оның стратегиясы керісінше болды. Солардың бірі салық кеңсесінің қасында отырған Матай есімді салықшы еді (Матай 9). Шәкірттері басқаша айтқанымен, Иса канахандық әйел сияқты адамдарды қабылдады (Матай 15). Ол, сондай-ақ, өзінің мейірімділігінің арқасында бай және танымал адамдармен де уақыт өткізді. Ол олардың сұрақтарына жауап беріп, олардың теріс айналып кететіндерін білсе де үміт берді (Матай 19).
Иса олардың жасаған күнәларының мөлшеріне, түр-түстеріне немесе кемшіліктеріне қарамай-ақ қабылдады. Тіпті оларды Өз қабырғасында іліп қоятын жақсы олжа болады деп те ойламады. Ал біз осындай тәуекелге баруға дайынбыз ба?
14-ші күн –Пауылды үлгі етеміз
Басқаларды шәкірт етудегі үлкен қиындық – нені талқылау керектігі және оны қалай талқылау керектігін білу. Бәлкім, мен «дақ түспеген, таза бетпен» жұмыс істеудемін бе, әлде басқалар маған дейін салған іргетасқа жаңадан кірпіш қалаймын ба деп ойлауым мүмкін. Сонда жас мәсіхшімен қандай тақырыптарды қозғау маңызды екенін қалай шешуге болады?
Римдіктерге арналған хаттың 15:14-ші аяты бұл екі жағдай үшін де керемет үлгі болып табылады. Пауыл адамдар тыңдауы керек терең теологиялық мәселелерге байланысты 14-ші тарауды жазды, бірақ содан кейін ол оларға: «Бауырластарым, сендердің ниеттеріңнің ізгілікті болғанына кәміл сенемін. Осы жайттар туралы өздеріңе керектілердің бәрін де біліп, бір-біріңе бағыт-бағдар көрсете аласыңдар…» деген еді.
Мен бұл аятты асыра сілтегендік немесе «жағымпаздық» деп есептемеймін. Пауыл Римге бармағынана қарамастан сол жердегі сенушілердің осы бір бастамалары жақсы екенін мойындады. Жазбаша немесе жеке тілдесу арқылы оларға айтары көп болғанымен, оларды сол уақытқа дейінгі тәжірибесінің тереңдігі үшін мақтады. Біз кездестіретін жас шәкірттер олардың Мәсіхтің жолындағы саяхаттарында үйренгендерін атап өту әдісін қатты бағалайды.
Бұл аят сонымен қатар біздің кездесулеріміздің мазмұнын: мінез-құлық, наным-сенімдер мен құзыреттілігі туралы керемет түсінік береді. «Жүрек, бас және қол» мәселелеріне назар аудару біздің Мәсіхті танып, Оны танытуға деген құштарлығымызды арттыруға көмектеседі!
15-ші күн – Маңызды нәрсені анықтай білу
Сол күні ақпанның ақ боран күндерінің бірі еді. Қолыма алдын-ала дайындап қойған дәрісімнің кітәпшасын алып, бір топ жас аналарға Құдайдың қиындықтармен қалай жұмыс істейтіні туралы терең шындықтарды үйретуге қауымға бардым. Бәріміз орындарымызға жайғасып алғаннан кейін: «Ал, ханымдар, мен сіздерді осындай жағымсыз ауа-райының таңында үйлеріңізден шығып, үйде отырудан бас тартып, осы жерге келгендеріңіз үшін мақтан тұтамын»,-дедім. Өйткені сол кезде қардың ұшқындап тұрғаны былай тұрсын, ауа-райының тамаша күнінің өзінде кішкентай балаларды есіктен шығару қаншалықты қиын болатынын еске алдым.
Дәрісімді аяқтағаннан кейін, өзімнің тақырыпты жақсы ашып бергенімді сезіндім. Бәрі аяқталған кезде, бір жас келіншек мені шетке қарай тартып әкетті. Бәлкім, ол Құдайдың еркі туралы немесе қиыншылықта Иемізге сенім арту туралы сұрақ қойғысы келетін шығар, – дедім мен өз ішімнен.
«Люба, – деді ол, – менің сізден «сіздерді мақтан тұтамын дегенді» естуімнің қаншалықты маңызды екенін білмейсіз ғой. Анамнан мұндай сөздерді ешқашан естіген емеспін».
Оған әсер еткен менің мұқият жоспарлап қойған дәрісім емес. Тіпті менің Киелі Жазбаларды терең түсіндіруім де емес. Оған қатты әсер еткені бір сәттік аналық мойындау және осы сөздер оған жас ана ретінде Исамен бірге сапар шегу кезінде «әрі қарай жылжуы» үшін жігер берді.
16-ші күн – Құдайдың қолданатын құралдарының бірі «Амандасу»
Бір күні балам екеуміз бір ай бұрын көшіп келген көршіміз бен оның 4 жасар ұлының сыртта тұрғандарын байқадық. Өзімізді таныстыру үшін олардың қастарына бардық. Бес минуттық таныстықтан кейін ол маған күйеуі екеуі араласып тұратындықтарын, бізбен кездесіп тұруға қуанышты екенін айтты. Бірнеше аптадан кейін мен онымен және баласымен саябаққа бірге баруды бастадық. Саябақта ол маған таныстық үшін екі рет бастамашы болғаныма қаншалықты қуанышты екенін айтты; өйткені ол танысуды қалаған еді, бірақ мұндай нәрсені жасаудан өте ұялған екен.
Осы оқиғадан кейін қаншама адамдардың басқалармен қарым-қатынасқа құмар екенін, бірақ шығып, сұрауға батылдары жетпейтіндерін түсіндім. (Көршіммен бар ортақ нәрсеміз – біздің ортақ көше, кішкентай балаларымыз бен өнер жолындағы жолдастарымыз еді.) Көршілерім бұл аудандағы жаңадан көшіп келген отбасы болды және мен көршіме мейірімділік танытқан адамдардың бірі болғандықтан, ол мені өз ортасына қабылдауға дайын болды. Мен оның Құдаймен қандай қатынаста екенін білмеймін, бірақ қазір арамызда достық пен терең байланыс орнауда. Құдайдың бұл кездесуі маған алғашқы қадам мен қамқорлық сияқты қарапайым нәрселер, қолын созғысы келетін ұяң жүректердің бірнешеуін иемдену үшін қаншалықты күшті болатынын үйретті.
17-ші күн –Не маңызды: мақстатқа жету ме әлде адамдарға көмек қолын беру ме?
Кейде өзімнің мақсаттарыма қол жеткізу үшін қатты ұмтылатыным соншалықты, сол мақсатқа жетер жолдағы адамдарды ұмытып кететінімді мойындаймын. Мұны мойындау өте қиын, әсіресе адамдармен жұмыс жасаған кезде. Мен, сонымен қатар, адамдардың алдарында шығып сөйлеу қорқынышымен және бәріне бірдей ұнау ниетімен күресудемін. Адамдарға жағыну сезімі Құдайдың маған тапсырып қойған мақсаттарына жетуіме кедергі болуы мүмкін. Сонымен кімді үлгі ретінде алуым керек? Иса туралы не деуге болады? Ол мақсатты орындауға ұмтылған адам болды ма, әлде халықтың адамы болды ма?
«…Мен бүгін және ертең жындарды қуып шығып, ауруларды сауықтырамын, ал үшінші күні ісімді аяқтаймын»…» (Лұқа 13:32).
Исаның Өз алдына қойған мақсаты болды: Иерусалимге жетіп, күнәларымыздың өтеуі ретінде айқышта өлуі еді. Ешнәрсе де – Ирод патшаның күші де, діни жетекшілердің қарсылығы да – Исаның өз мақсатына жетуіне кедергі келтіре алмады. Ол: «Мен мақсатыма жетемін», – деп нақты мәлімдеме жасады және айтқанын орындады.
Сонымен қатар Иса Иерусалимге қарай жол жүріп бара жатқанда, адамның шынайы қажеттіліктерін ешқашан ұмытпаған. Жоқ, ол жолда науқастарды сауықтырды, жын-перілермен шайқасты және адамдарға Құдай Патшалығы туралы білім берді. Ол өзінің мақсатына қарай беттеп бара жатса да, ол адамдарды өте жақсы көретін. Иса – біздің үлгі тұтар Иеміз.
18-ші күн –Құдайдан берілетін керемет дивиденттер, яғни үстеме пайда
Мен аптасына бір рет Киелі Кітапты оқу үшін, оны талқылау үшін жиналатын бір топ ер адамдармен кездесіп отыратынмын. Бұл кездесулерден ол ер адамдардың барлығы өздерінің рухани өмірлерінде дәйектілікпен күресетінін байқадым.
Мен осы күреске қатысатын әрқайсысымен осы бір үлкен шындықпен бөлісемін: ұзақ уақыт бойы Құдаймен үнемі кездесу өзіндік керемет дивиденттерін, үстеме пайдасын береді. Жас кезімнен-ақ, егер адам ұзақ уақыт бойы үнемі ақша жинап отырса, кірісі керемет болатынын білгенмін! Сондықтан бұл Құдаймен күн сайын жеке уақыт өткізуге арналған рухани тәртіпті қолданғанмен бірдей. Қайтарымы бірнеше есе болмақ!
Қазіргі уақытта біздің топ Нехемия кітабын оқып жатыр. Қабырға мен қақпалар бұзылып, қирады – бұл жерде көптеген адамдардың өмірін айтып тұрғандай және Нехемия адамдарға қабырғаларды қалпына келтіруге тырысуларын айтады. Кептеліп қалу – жарты жолға жетті дегенді білдіреді. Құрылысты аяқтауға кедергі келтіретін түрлі қоқыстар шыға береді. Бұл сенушінің өміріне ұқсас емес пе? Өмірлік жолымызда жатқан қоқысты кездестіргенде көңіліміз түсіп, құрылысты аяқтамай жатып тастай береміз.
Алайда жарты жолда тоқтамаңыз! Құдаймен үнемі кездесіп, Одан рухани өсу жолыңыздағы кедергілерді жоюын сұраңыз.
19-ші күн –Кешірімнің құны
Кешіру оңай деп ойламаңыздар. Кешіру өте қымбатқа түседі. Кешірімнің құнын Құдай Иеміз Өзінің жалғыз Ұлымен өтеген. Кешірім Иса Мәсіхтің өмірін қиды. Кешірім сізге де қымбатқа түспек.
Менің қатерлі ісік ауруына шалдыққан бірінші күйеуім, басшыларына және әріптестеріне таратылған жала жабу хаты үшін жұмыстан шығарылды. Зейнетақы төлемдері сол жұмыспен байланысты болды. Жұмыстан шығарылғандықтан, ол олардан да айырылып қалды.
Мен: «Не болса да, Иемізді мадақта!» – демедім. Оның орнына қатты ашуға бой алдырып, хат жазған адамға деген жеккөрушілік, кек алу, тіпті кісі өлтіру туралы ойларым басым болғаны соншалықты өзімнен өзім шошындым.
Сол кезде қонақ бөлмеме кіріп, есікті жауып, тізерлеп отырып, дұға еттім. Жүрегімдегі барлық жеккөрушілікпен күресіп бітпестен бұрын күннің жарқырап шығып бара жатқанын көрдім. Бұл кешірімнің өтемі менің эмоционалдық жағдайым болды. Бұл менің жүрегімді жаралады. Кешіру мені еркімнен айырды. Мен күйеуімді ақтап, хат жазған адамды жазалағым келді. Бұл тілектерді мойынсұну үшін құрбан етуім керек болды.
Тізерлеп отырған орнымнан жеңіл тұрдым, өйткені Құдайдың көмегімен мен кешірдім. Кешіру қымбатқа түссе, кешірмеу одан да қымбатқа түседі, осыны біле жүріңіздер.
20-ші күн –Қарсы шабуылға шығу
Құдай мені мәсіхшілерге қарсы қудалау өршіп тұрған елде шәкірт дайындауға шақырды. Алған бетімнен қайтармайтын нәрсе не деп ойлайсыз?
Көктегі Әкеміздің бізге деген сүйіспеншілігі. Құдай біздің өмірімізде кейбір қиындықтарға жол беріп, ақыры бәрін жақсылыққа бұратындығын терең түсінеміз. Римдіктерге 8:28.
Құдайға деген адалдығым. Оның бізді басқаратынын, сақтайтынын және қорғайтынын түсінемін.
Құдайға сенім артатыным. Ол менің барлық жағдайда Оған сенгенімді қалайды. Мен Құдайдың Жүсіптің өмірінде қалай әрекет еткенін көріп Оған деген сенімім артты. Жүсіп әкесі мен ағаларымен бірге болған кезде Құдай оның жанында болды, ол зынданда қамалған кезде де Жүсіптің жанында Құдай болды. Құдай әрқашан онымен бірге болды. Жүсіптің өмірі өзгергенімен, Құдай еш өзгерген жоқ және оның өмірін сақтай отырып, әрдайым жақын болды. Бұл бізге қандай жағдай болса да, Құдай әрқашан қасымызда екенін және бізді ешқашан тастамайтынын түсінуге көмектеседі.
Біздің балаларымызбен бірге Мәсіхтің ізбасарлары екенін және олармен қиын уақытта бірге дұға етіп, ораза ұстай алатындығымызды көретін Иеміздің қуанышы. (Бұл жерде біздің балаларымыз да басты рөлді атқарады).
Киелі Кітаптағы кейіпкерлердің бізге көмектесуі. Олардың мәселелері жиі ауыр болатын, бірақ олар Құдайдан бас тартпады. Бұл біз үшін мықты мысал болып табылады.
Тімотеге арналған хатта жазылғандай Құдай біздің өсуімізге көмектесті, біз жігерлендіру мен шабыттың негізгі қайнар көзі болдық. Біз шынымен де біртұтас, берік ұйымшыл қауымбыз.
Осы жазғандарымның барлығын Філіп. 3:14 растайды.
21-ші күн –Порнография
Мен мәсіхшілер тобымен болған кезде, қай елде болсам да, порнография туралы елеусіз айтып қалсам, ер адамдар өз іс-қимылдарымен бұл тақырыптың барлық жерде проблема екенін көрсетеді. Жасөспірімдер мен қарт адамдар осы сөзді еске алғанда кенеттен бастары салбырап төмен қарап отырады. Алынған сауалнамалар бойынша бұл тақырып қауым ішіндегі үлкен мәселе екенін дәлелдейді.
Қызметімді енді бастаған кезде мен бұл тақырыпты қозғаудан қатты ұялатынмын. Еш қажеті жоқ тақырып. Шайтанның қорлауы. Біз де көңілге алып қаламыз. Сонымен, бұл тақырыпқа қалай тойтарыс беру керек?
Ер адамдармен болған кезде осы тақырыпты қозғап көріңізші. Мен сіздің қауымыңызда мұнымен күресуге ұялатын ер адамдардың барына еш күмәнім жоқ. Сіз тек осы тақырыпты көтеріңіз сол кезде олар бұл мәселемен күресуде жалғыз емес екендерін біліп шынайы жігерленетін болады.
Ер адамдарға куәлік айта алатын, өздері сенім артатын серіктес табуларына шақырыңыз. (Мен өмірімде өз басым жалғыз күнәларды жеңіп көрген емеспін, егер мен сенетін бауырымнан мен үшін дұға етуін сұрамасам, оларды тіптен де жеңе алмас едім). Жақып 5:16 мен үшін теория емес.
Өз қауымыңыздағы ер адамдар тобын осы тақырыптағы аяттарды жаттап алуларына шақырыңыз: Әйүп 31:1, Жаратылыстың бастау 39:12, 2 Тім 2:22, 1 Петір 1:16 және т.б.
Басқалармен өзіңіздің порнографиямен жекпе-жек күресіңіздің жоспарымен бөлісіңіз. Сіз өзіңіздің ашықтығыңыздың арқасында ол адамдардың сізге қалай бауыр басатындарына таң қаласыз. Болашақта олардың өздері сізге келіп, сізге сенім артып, өз жеке мәселелерін талқылауға ашық болатындарына көз жеткізетін боласыз.
22-ші күн –Құдайға жақындау
Бірде бір мәсіхші маған «Сенің өмірлік хабарың қандай?» деп сұрады. Құдай бұл сұрақты маған қойдырту арқылы өмірімнің мәнін түсінуге көмектесу үшін ол адамды қолданған сияқты. Құдайдың Жақып арқылы айтқан сөздері жүрегімнің жетекші күшіне бірден айналды, онда былай делінген: Құдайға жақындаңдар, сонда Ол да сендерге жақындайды. Ей, күнәкарлар, қолдарыңды жамандық атаулыдан жуып тазартыңдар! Ей, екіойлы табансыздар, жүректеріңді орнықтырыңдар! (Жақып 4:8).
Құдайға жақындау біздің жүрегімізді Оның жүрегімен біріктіруді білдіреді. Құдайға жақындай отырып, біз құпия жердегі бөлмемізге жалғыз өзіміз кіреміз және Оны ғана іздейміз. Иса бізді сол құпия жерде көрген Көктегі Әкеміз бізді ашық түрде марапаттайды деп уәде етті (Матай 6:6).
Құдай біздің Оған жақындағанымызды қалайды. Өзіңіз үлгі тұтатын тұлғаны елестетіп көріңізші. Бәлкім, ол адам туралы көп нәрсені білгеніңізбен, ол адаммен ешқашан жеке қарым-қатынаста болмаған шығарсыз. Міне, дәл осындай қарым-қатынастың түріне Құдай бізді шақырады!
Забурдың 22-ші жырында бағушымыз бізді жасыл жайлауға жаяды, тұнық суға жетелеп апарады делінген. Өмірдің түрлі қыспағында, біздің бірінші жауабымыз Исаға жақындау болуы керек. Бүгін Исамен бірге біраз уақыт өткізуді жоспарлаңыз. Ұстазбен бірге тыныш жерде кездесуге тырысыңыз. «Мәңгілік өмір — Сені, жалғыз шынайы Құдайды, әрі Өзің жерге жіберген Мені, Иса Мәсіхті, жақыннан тану…» (Жохан 17:3).
23-ші күн –Жақсылықта рухани өсу
Көптеген адамдар қиыншылыққа тап болғанда үлкен жақсылықтың келер кезеңі ретінде қабылдайды. Алайда жақсы сәттер рухани өсу кезеңі бола ала ма? Өмірдің өзі бізді байытып, дамытуға арналған. Жақсы кезең де, жаман кезең де болсын олардың барлығы біздің өсуімізге арналған. Жақсы уақытта Құдаймен бірге өсуге арналған осы бір нұсқаулықтарға назар аударыңыз.
Қуанышқа бөленіп ән айтыңыз. Егер уақытты жақсы өткізіп жатсаңыз, ән айтыңыз. Құдайдың жақсылығын тойлаңыз және Оған қуаныңыз. Өйткені тек осы нәрселер ғана сіздің бар назарыңызды Оған бағыттайтын болады.
Өміріңіздің жақсы сәттерін сыйлық ретінде қабылдаңыз. Бізге ұнайтын нәрсе, әрине, ол – сыйлық, рақымшылық. Біз жақсылықты жасай алмадық; біз оны тапқан жоқпыз; біз бұған лайық емеспіз. Сыйлықты немесе Сыйлаушыны міндет ретінде қабылдамаңыз.
Құдайға жақын болыңыз. Жақсы кезеңдерде Құдай бізге терең тыныс алуымыз үшін Өзінің қатысуымен тыныштықты, сергектілікті және құлақ салып Оны тыңдауға мүмкіндік береді. Өміріміздің тыныш кезеңдері қойма іспеттес – болашақ сынақтардан өту үшін қажет нәрселерді жинауға арналған.
Рухани тәртіпті сақтаңыз. Біздегі молшылық пен бақыт сезімдері назарымызды Құдайдан аудартып жіберуі мүмкін. Сіздегі қалыптасқан қандай тәртіп пен таңдау тамырыңызды Мәсіхке тереңірек жіберуге септігін тигізеді? Өміріңіздің жақсы кезеңдерінде осы тәртіпті ұстаныңыздар.
Жақсы кезеңдердің басқарушысы болыңыз. Құдай Өзінің Патшалығының алға жылжуы мен біздің рухани дамуымыз үшін жақсы кезеңдерді басқарғанымызды қалайды. Жақсы уақыт – мәңгілік ләззат алуға және өзіңізді дамытуыңыздың керемет ресурс түрі болып табылады.
24-ші күн –Уақытылы айтылған сөз
«Сендерге айтарым әлі де көп, бірақ қазір оның бәрін тыңдауға төзімдерің жете қоймас…» (Жохан 16:12).
Иә, біздің айтатын сөздеріміз маңызды, бірақ ол сөздерді дер кезде айтқан болсақ онда олар жай айтылғаннан гөрі уақытылы айтқанда әлдеқайда маңыздырақ болуы мүмкін.
Исаның шәкірттеріне айтары көп болды. Мұның бәрі қажет болды, бірақ ол кейбір нәрселерді жасырды. Исаның барлық тәлімін басшылыққа алатын уақытты сезіну қабілеті өте жоғары болды. Ол адамдарды өзгертетін жалғыз шындық емес, керісінше дәл уақытылы айтылған шындық екенін білді. Болат бағана көтере алмайтын ауыр салмаққа тап болғанда, ол бүгіліп қирайды. Сол сияқты уақытсыз айтылған сөз адамның жан дүниесіне де кері әсер етуі мүмкін.
Әр адам оқуға арналған ерекше кітап сияқты. Мен ол адам туралы білуім үшін оған сұрақтар қоймасам, онда оның қаншалықты шыдамды екенін қайдан біле аламын. Мен оның шығу тегі туралы, Құдайдың ол адамға деген қандай мақсаты бар екенін және оны ерекше не қызықтыратын білгім келеді. Қысқаша айтқанда менің бар түсінгім келетіні ол адамның жүрегі қандай.
Сондықтан, мен досыма оны жаралауы мүмкін шындықты айтуға мәжбүр болған кезде, өз-өзіме «оған шындықты айтайын, бірақ әлі емес» деп айтуыма болады.
Және бұл қалыпты нәрсе!
25-ші күн – Қызмет ету арқылы тәлімгерлік ету
Киелі Жазбаларды үйрету және үлгі ету арқылы шәкірт болатындарды Мәсіхтің қызметшісі болуға шақырады.
Біз өзімізді қызметші сияқты ұстасақ, адамдар мұны міндетті түрде байқайды. Бір қалада қызмет еткен кезімізде ұстаздық еткен алты шәкіртіміз менің үйімнің төбесіне көтеріліп, науадағы жапырақтарды тазалады. Сол кезде олардың жасап жатқандарын көрген көршім: «Бұл адамдар неге сенің жұмысыңды жасап жатыр?», – деп сұрады. Олардың мәсіхшілік оқу бағдарламасында қызмет етуге баса назар аударатындарын айтқанымда, көршім басын шайқап кеткен еді. Кейінірек осы шәкірттерім менің көршімнің үйінің төбесіне шығып тазалап берген кезде, оның жүрегі Ізгі хабарға бұрын-соңды болмағандай ашылды. Нағыз қызмет деген осы!
Қымет ету өте қолайлы. Міне, сіздерге тағы бірнеше ұсыныстар ұсынар едім:
Қара жұмысты орындауға тырысыңыздар. Батыс қоғамы үшін бұл қиын тапсырмалардың бірі болуы мүмкін. Тіпті жоғары білімді және табысты адамдардың өзі практикалық деңгейде қызмет етуді үйренуі керек.
Қол жетімді болыңыз. Қожайын шақырған кезде үй қызметшісі бірден қасында болуы керек. Сол сияқты мәсіхші де Құдайға және басқаларға қол жетімді болуға міндітті.
Сезімтал болыңыз. Қызметші басқалардың қажеттіліктерін ескеріп, не істеу керектігін сезгендей, бізде солай жасауымыз қажет.
Сізден талап етілетіннен артық жасаңыз. Біздің уақытпен жұмыс жасайтын қоғамымызда адамдар тек олардан талап етілетін нәрсені орындайды, айтылғаннан ешқашан аспайды. Нағыз қызметші не істеу керек болса, соны жасайды, оны тіпті артығымен жасауға тырысады.
26-ші күн – Өмірлік серіктес болу
Өзіңіз сенім артатын және қандай жағдай болса да ашық бөлісетін нағыз досыңыз бар ма? Сіздің жақсы жақтарыңызды асқақтатып, мәсіхшілік өмірді сізге насихаттайтын және өзіңіз ашық түрде куәлік ете алатын досыңыз бар ма? Немесе тым болмаса бір адамға осы сипатқа сай дос бола аласыз ба? «Серіктес болу» – мұны жүзеге асырудың тәсілі.
Бұл өзара өсу, қолдау және есеп беру үшін үнемі кездесуге міндеттеме беретін екі адамның қарым-қатынасы. Тек Киелі Кітапты зерттеп қана қоймай, серіктестер бір-біріне «Құдайдың Өзіне бағыштаған халқына біржола аманаттаған, бәріміз сенетін шынайы ілімін жан сала қорғауды ескертіп жазуымды қажет деп» есептейтіндер (Яһуда 1:3).
Серіктесіңізбен қатарласып дұға етуге міндеттелгенде, Құдайдың қалай жұмыс істейтініне таңданатын боласыздар. Жақып 5:16-шы аятында былай деп жазылған: «Сондықтан сауығып кету үшін, жасаған күнәларыңды бір-біріңе айтып мойындап, бір-бірің үшін сиыныңдар! Әділ адамдардың Құдайға сиынуларының күші орасан зор». Жеке өз басым ешқашан үлкен күнәні жеңе алмас едім. Сенімді досым мен үшін жалынды түрде дұға еткенде ғана жеңіске жеттім.
Сенімді серіктестер мынаны жасауға:
Апта сайын немесе үнемі кездесіп тұруға.
Өткен тақырыптар бойынша қорытынды жұмыстарды жасауға.
Бір-біріне адал болуға және бір-бірлеріне есеп беруге.
Бірін-бірі үшін дұға етіп, жігерлендіруге.
Жиналыстар арасында бір-бірімен әңгімелесуге.
Құдай жетекшілік еткендей, олар да басқа адамдармен осы процессті қайталауға.
Бірін-бірі туралы ақпараттарды құпия ұстауға міндетті.
Бірге саяхаттайтын болсаңыздар, онда Иса екеуіңізді де Құдайға деген керемет табынуға жетелейтін болады. Саяхаттарыңызда сіздердің бір-бірлеріңізге деген сенімдеріңіз артып, орасан зор жақсылыққа жететін боласыздар. Өзара ешқандай құпия болмай, бір-бірлеріңізге ашық болуға үйренесіздер. Мәсіхшілік өмірімізді жалғыз сүру бізге бұйырмаған, осыны біле жүріңіздер.
27-ші күн – Өз тәжірибемнен
Бірнеше онжылдыққа созылған шәкірттік ғұмырымды еске алғанда, өмірлік маңызға ие мына бір сабақтар еске түсіп тұр:
Мені жігерлендіретін 3 аят:
1. Матай 28:19 Маған сол жаққа бару бұйырылды. Бұл түрлі мәдениеттердің ұштасуына, «бейтаныс» жерлерге баруды қамтуы мүмкін.
2. Матай 28:20 мен шәкірт тәрбиелеген кезде Құдай қасымда болатынын ескертеді. (Менің айтқаныма сенсеңіздер болады, өйткені мәсіхшілік өмірімде рухани өсуім үшін Құдайдан талай рет көмек сұрағанымда осы аят маған жігер берді).
3. Ишая 60:22 – классика – Ең қарапайым елеусіз жүрген адамның өзінен мықты әлеуетін көру.
Мен алған 3 сабақ:
1. адамдар бар жерге бару. Оларға шәкірт болу дегеннің не екенін сипаттап, оларды шәкірт болуға шақыруға бастамашы болу.
2. оларды үйге шақыру, шәкірттіктен бөлек менің өмірімнің басқа да көптеген аспектілерін көруге мүмкіндік беруім керектігі. Өйткені шәкірттік – бұл жаралы жүректерді фактілермен толтыру ғана емес. 1 Сал. 2:8.
3. әрқайсысынан керемет нәтижелер көремін деп күтпеу, олар өздері қалаған деңгейге жетеді. Кейінірек, егер мен олардың өмірлерінде болмасам да, олар өсулерін жалғастыруы мүмкін.
Мен жіберген 3 қателік:
1. шәкірт тәрбиелеу өте ауыр немесе күрделі тапсырма деп айтып мықты шәкірттерді шошытып алуым.
2. шәкірттердің кейбір мәселелері тез шешімін табады деп күтуім. Сауығу кейде ұзақ уақытты қажет етеді.
3. тым көп сөйлеп, тым аз құлақ салып тыңдауым. Жақып 1:19 маған қажетті түзетуді берді.
28-ші күн – Жаңа қадам
Мен үшін мәсіхшілікке жаңа қадам жасаған адамға Киелі Кітапты түсіндіруден артық бақыт жоқ. Шамадан артық жүктемеу үшін, сонымен қатар ол адамға мәтінмен өзара әрекеттесуіне көмектесуім үшін мына бір қарапайым үш сатылы әдіспен сіздермен бөлісейін деп тұрмын.
Бірінші қадам: аяттағы кілт сөздерді, сөз тіркестерді, негізгі идеяны табыңыз. Бұл үшін сәйкестіктер, сөздіктер, түсіндірмелер және энциклопедиялар сияқты негізгі құралдар ыңғайлы болуы мүмкін. Ондай бөліктер нені білдіреді? Олардың аяттардың қалған бөлігіне қандай қатысы бар екенін көрсетеді.
Екінші қадам: аяттарды өз сөзіңізбен жазыңыз. Әрине, оны кез келген адам көшіріп ала алады, бірақ ол аятты өз сөзіңізбен жеткізу оны анық түсінгеніңізді білдіреді.
Үшінші қадам: оқыған аят сізді қандай әрекетке итермелейтіні туралы өзіңізден сұраңыз. Мәтіннің мағынасына сүйене отырып, «мен мұны жасаймын» деген тұжырым жазыңыз. Өйткені «Мен мұны жасаймын» деген аяттың арқасында Құдайды мадақтаймын, күнәні мойындаймын, Құдайға шүкіршілік етемін, Оны тереңірек қастерлеймін, қандай да бір іс-әрекет жасаймын, Оған сенемін, т.с.с. деп аяттарға жауап берудің санында шек жоқ. Құдай бізге Киелі Кітапты одан оқығанымызды ұмытып қалу үшін бермегеніне сенімді болыңыз. Үшінші қадам бізді Киелі Кітапты жаппас бұрын оқығандарға жауап беруге мәжбүр етеді. Уақыт өте келе бұл әрекет мәсіхшілікке айналуға әкеледі.
Болашақта жаңа сенуші Киелі Кітапты зерттеуде көптеген жаңа қадамдарды қосатын болады. Бұл жақсы бастама емес пе?!
29-ші күн –Ал сіз өзгелермен немен бөлісудесіз?
Біз тәлімгер болғандықтан, шәкірттеріміз тек біздің мықты жақтарымызды қабылдап, басқалармен бөліскендерін жөн көреміз. Бірақ сонымен қатар біздің шәкірттердің біздегі бар әлсіздіктерімізді қабылдап алу қаупі де бар. Мықты жақтарымыздың орнына әлсіздіктерімізді бөлісуден қалай аулақ бола аламыз?
Біріншіден, біздің күнәларымызбен күресуіміз шәкірттік қарым-қатынасымызға әсер ететінін түсінуіміз керек. Бұл соқыр дақтарды көруге көмектесу үшін бізге жетілген сенушілердің түсінігі мен көзқарасы қажет. Біз сенімді достарымызбен күнәмыз туралы шынайы сөйлескенде, басқалардың әлсіз жақтарын көбейту ықтималдығы аз болады.
Екіншіден, біз өзіміздің рухани тегімізді тексеруіміз керек. Табиғи әлемдегі жануарлардың «өз түрімен көбейетіні» сияқты, біз де өзіміз алған нұсқауларға ұқсас шәкірттік етуіміз мүмкін. Біз тегіміздегі әлдекімнен берілген әлсіздіктерімен өмір сүріп жатырмыз ба? Біздің бойымызда үйретілмеген рухани элементтер бар ма немесе біз бұл элементтерді бойымыздағы басқа әлсіздіктермен жасырамыз ба?
Сонымен, біздің шәкірт ету стилімізге рухани дарындарымыз бен жеке қасиеттеріміз әсер етеді. Біз, әрине, кейбір салаларға – Киелі Жазбаларды есте сақтауға, дұға етуге, насихаттау сияқты басқа да салаларға көп көңіл бөлеміз. Алайда біз өз дарындарымызды пайдаланғанымыз жөн, сонымен қатар басқалардың бізді барлық нәрсеге қабілетті деп ойлағандарын қаламауымыз керек. Біз назардан тыс қалуы мүмкін жайларды есте ұстап, достарымызды қажет кезінде басқалардан көмек сұрауға шақыруымыз керек.
30-ші күн –Тәлімгерліктің түп мағынасы
Кішкентай кезімде тозақ дегеннен өлгенше қорқып, мәсіхші болдым. Бірде мен Римдіктерге арналған хаттың 6:23 аятын, «Күнәнің беретіні — (мәңгілік) өлім, ал Құдайдың беретін сыйы — Иеміз Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы мәңгілік өмір» дегенді оқыған едім. Бұл аят мені қатты қорқытты. Мен кішкентай кезімнен бастап күнә дегеннің не екенін түсіндім, сондықтан мен Исаға деген сенімімді тез білдірдім. Өйткені мен жәннатқа барғым келді.
Алайда мен есейген сайын Римдіктердің 6:23-ші аятына деген көзқарасымды түбегейлі өзгертетін басқа бір аятты оқыдым.
Жохан 17:3-ші аятында былай деп айтылған: «Мәңгілік өмір — Сені, жалғыз шынайы Құдайды, әрі Өзің жерге жіберген Мені, Иса Мәсіхті, жақыннан тану».
Мен мәңгілік өмірді алтынмен жалатылған көшелерге толы, зәулім үйлер, ешқашан көз жасы тамбайтын жер деп ойлайтынмын, бірақ Иса мәңгілік өмірді – Құдайды тану дейді. Бұл ғаламды Жаратушымен қарым-қатынасты қалпына келтіруші орын деп қабылдаңыздар. Бұл мені өзімнен гөрі жақсы білетін адаммен бірге өмір сүру, балаларыма кітап оқу немесе мені сөзсіз сүйетін адамға үйленумен тең. Бұл жақсы жаңалық! Исаның өмірі, өлімі және қайта тірілуінің арқасында біз шынымен аңсаған нәрсені, яғни патшалардың Патшасымен және тәңірлердің Тәңірімен қарым-қатынас құра аламыз.
Сіз өзгелерді шәкірт етіп, олардың сенімдерін жігерлендіре отырып, Құдай Иеміз олардың басты назарларында болу үшін бар күшіңізді салыңыз. Мәңгілік өмір көктегі ауыртпалықсыз өмірден артық; бұл Құдайды қазір және мәңгілікке білу дегенді білдіреді.
31-ші күн – Сүйікті болыңыз
«Мен Көктегі Әкемнің сүйікті баласымын». Бұл менің негізгі тұлғалық болмысым. Кейде ойланбастан осы сөздер аузымнан шығып кетеді. Ал кейде бұл туралы мүлдем ұмытып кетемін.
Мен ұмытшақтыққа қарсы тұруды тоқтатқан кезде, шындықты қайта еске алып оны тыңдауға тырысамын. (Мен өзіме Жохан жазған Ізгі Хабарды, әсіресе Жоханның 1-ші хаты 3:2-ші аяты арқылы Құдай есімдерінің шындығын еске салғанды жақсы көремін).
Мен Құдайдың: «Ақырын асықпай айт, балам. Мен айтқан Киелі Сөздерімді қарап шық, олар туралы ойланып, талқылап гөр. Оларды сезінуіңе мүмкіндік бер. Cүйікті балам» деген даусын естимін.
Осының барлығын естігеннен кейін, менде мынандай сұрақ туындауда: «Бала махаббат дегенді қайдан біледі?». Менің немерелерім олардың есімдерін атағанымды естігенді жақсы көреді. Олар менімен бірге немесе әкелерімен бірге болуға шақырғанымызды жақсы көреді. Сондай-ақ, немерелеріме мен дайындайтын ерекше тағамдар түрімен, мен тапсыратын жұмыстарды орындағанды жақсы көреді.
Құдайдың сүйікті баласы екенімді білу маған мына нәрселерді түсінуге көмектесті:
• Есіміме, нағыз болмысыма қарап өзіме сенім артуға.
• Уақытша болмыстарыма өзімді жеңулеріне жол бермеу керектігімді.
• Өзімнің шынайы болмысымды сақтау керектігімді.
• Құдайдан бүгін мені Өзінің назарымен, қамқорлығымен және Өзіне шақыруын сұрау керетігімді.
• Мен үшін Құдайдың ерекше мақсаты бары туралы ойланғаным дұрыс болатынын түсіндім.
Бүгінгі күнде Құдайдың сүйікті баласы екенімді қалай көрсете аламын?
• Жоқ деп айтуға болатынын түсіндім.
• Мен балалық шақтан еркіндікті сезінемін.
• Маған Оның шынайлылығын сезінуге уақыт қажет.
«Бірақ Оны қабылдап, Оған сенім артқандардың бәрін Ол Құдайдың рухани балалары болуға құқықты етті» (Жохан 1:12).
32-ші күн –Мәдениетаралық тәлімгерлік
Күйеуім Роджермен елші болғанымызға дейін ол халықаралық саудада жұмыс жасаған болатын. Оның аймағы Оңтүстік Африкадан Жаңа Зеландияға дейінгі 11 белдеуді қамтыды. Біз Сингапурге көшіп, сол мультимәдениетті қалада қызмет етудің тиімді жолдарын үйрене бастадық. Біз көп жұмыс істеуге, адал өмір сүруге, қол жетімді болуға, артықшылықтар мен алалаушылықтарды қалдыруға үйрендік.
Сингапурдегі өмірімізді «бірқалыпты өмір сүруді құрметті іс деп» амбициямызға айналдырдық (1 Салониқалықтарға 4: 11,12). Біз көп жұмыс істедік, өмірімізге жауапкершілікті мойнымызға алып, құрмет көрсетіп, барлық нәрсеге үйренетін болдық. Қытайлық достарымыз бізге Оңтүстік Қытай теңізінде қылқайықта жүзуді және «Қытайдың Жаңа жылы» кезінде «Ло Хэйді» лақтыру үшін таяқшаларды қалай пайдалану керектігін үйретсе. Малайлық көршілер маған әдемі жібек киімдерді сатып алуға көмектесетін және ұлдарымызға жержаңғақ тұздығымен сатып алуға тапсырыс беруге үйретті. Ал үнді достарымыз бізге үйден карри жасауды және тоқыма тауарларының ең жақсыларын табуды үйреткен болса. Жаңа Зеландиялық достарымыз бізге регби мен крикеттің қыр-сырын және дұрыс шайды қалай қайнату керектігін үйреткен еді.
Біз шетелде өмір сүруге деген оң көзқарасымызды сақтап, үнемі жаңа нәрселерге үйренуге әрқашан дайын болдық. Осы арқылы шетелдік достарымызға біздің өмірге және сенетін Құдайымызға деген көзқарасымыздың қандай екенін білуге қызығушылық тудырды. Осылайша Роти прата мен шайдан кейін біздің Иса Мәсіхке деген сеніміміздің себебімен бөлісуге мүмкіндік болды.
Құдай бізге көптеген есіктерді ашады; біз олардың арасынан өткенде, шытырман оқиғалар мен мүмкіндіктердің жаңа әлемі күтіп тұр!
33-ші күн –Дұға
Дұға – шәкірт тәрбиелеуде, өсімдіктерді сумен суғарған тәрізді. Иемізде рухани өсуге көмектесетін маңызды да өте қажет қоспа деп айтуға болады.
Бұл айтылғандардың дәлелі қайда деп ойлайсыздар ғой?
Ол үшін Римдіктерге арналған хаттың 1:9, Ефестіктерге арналған хаттың 1:15,16, Ефестіктерге арналған хаттың 3:14,15, Філіпіліктерге арналған хаттың 1:3,4 Қолостықтарға арналған хаттың 1:3,9, Салоникалықтарға арналған 1-хаттың 1:2,3, Салоникалықтарға арналған 1-хаттың 3:10, Салоникалықтарға арналған 2-хаттың 1:3, Тімотеге арналған 2-хаттың 1:3 аяттарын оқып шығыңыздар. Пауылдың шәкірттері үшін дұға ететінін қаншалықты жиі бөлісетініне назар аударыңыздар. Бұл дұға қажет болды! Пауыл қазіргі уақытта олармен бірге болмаса да, олардың алға жылжуы туралы Иемізбен үнемі тілдесіп тұрғанын білгендер үшін қаншалықты жігерлендірген болуы керек.
Осы аят жолдарын тағы бір қарап шығыңыз. Олардың қарқындылығына назар аударыңыз. Пауыл сенушілер үшін дұға етемін деп қана айтпайды. Ол оларға үнемі, күндіз де, түнде де тізе бүгіп, дұға ететінін айтады. Ол ешқашан кездейсоқ дұға еткен емес. Ол өзінің бағалы ізбасарларының жан түршігерлік рухани шайқаста екенін білді, сондықтан оның жалынды дұғалары олардың жеңіске жетуі үшін қажет болды.
Осы аят жолдарына тағы бір шолу жасаңыздар. Олардың қашан жазылғанына назар аударыңыздар. Салоникалықтарға арналған 1-хат шамамен біздің заманымыздың 51 жылы жазылған болса, Тімотеге арналған хат біздің заманымыздың 67 жылы оны өлтірілмес бұрын жазылған. Не айтпақ болғанымды түсіндіңіздер ме? Бір жағынан Пауылдың қызмет етуі болса екінші жағынан шәкірттеріне арналған дұғасы оның күш-жігерінің орталығы болды.
Пауыл өз шәкірттері үшін дұға етті. Қарқынды. Үздіксіз. Ал біз ше күн сайын Иеміздің жолында тәрбие беріп жатқан шәкірттеріміздің рухани өсулері үшін уақыт бөліп дұға етудеміз бе?
Ия, бәлкім, бұл арнау дұғалары №1 немесе №2 сериясы болуы керек еді!
34-ші күн –Бар қайғы-қасіретімізді Иеміздің көтеріп Өзімен алып кетуі
Өмірімнің эмоционалды аспектісі Исаның шәкірті болумен байланысты екенін 50-ге келген кезде ғана түсіндім. Менің ауыр күйзелістерім, соның ішінде жас күйеу, жас әке ретіндегі сәтсіздіктерім менің өмірімдегі барлық адамдар үшін, тіпті Бейрут, Ливандағы менің жауапкершілігімдегі қызметкерлерім үшін, егер мен болмасам оларға жақсы болар еді деп ойлайтынмын. Өз-өзіме қол жұмсау туралы ойлағанымды еске алсам қатты таң қаламын, бірақ бұл шыныменде солай болды.
Иеміз мені өз-өзіме қол жұмсаудан айнытып, Марқа жазған Ізгі хабардың 14:34-36-шы аяттарына нұсқады, өйткені қиын уақыттарда Иеміз үшін бізді тастау тән емес еді, сондықтан бұл Оның балаларына да тән болмауы керек екенін айтты.
Осылайша бірнеше жылдан кейін мен Ишая 53:4,5-ші аяттарына көзім түсті. Иса айқышта өлгенде, біздің күнәларымызды ғана емес, біздің қайғы-қасіреттерімізді де – құтқарудың эмоционалдық тұрғысынан көтергені керемет айқын болды. Біздің күнәларымыз бізді қиратпауы керек, өйткені Ол оларды Өзімен алып кетті. Біздің қайғы-қасіретіміз де солай. Енді менің көңілім түскен кезде, мен мына сөздерді айтамын: «Құдайым, Сен мұның ауыр екенін білесің, бірақ мен саған 2000 жыл бұрын осы қайғыны көтеріп алып кеткеніңе және оның мені қиратуына мүмкіндік бермейтініңе алғысымды айтамын. Сондықтан мен оны Өзіңе қайтарып беремін». Тыныштықты қайта қалпына келтіре алуымыз керемет емес пе?!
35-ші күн –Тиімді тәлімгер болу
Ауруханаға үш рет жатқызылғаннан кейін менің колледжден бастап өмірімнің бір бөлігі болған жоспарлы, бірізді қабілеттерім мен тәртібім уақыт өте әлсіреп кетті. Мен бұл тәртіпті жай ғана жасау керек нәрсе емес екенінде; тіпті мен күресіп жатқанның өзінде бұл менің болмысымның бір бөлігі деп айтқым келеді.
Мен қазір сенушілермен қарым-қатынас жасаудың кез келген мүмкіндігін барынша пайдалануға тырысудамын. Электрондық пошта менде бұрын оқыған әйелдермен байланыста болуға мүмкіндік береді; Мен оларды өз қызметтерінде қолдай аламын. Қауымда көрісіп жүрген әйелмен оқыған нәрселерім туралы немесе оқыған кітаптарым туралы әңгімелесу мүмкіндігіне жармасып алдым. Жүйелі қатынастар болмаған кезде, бұл «кез келген жерде, кез келген уақыттағы» кездесулер менің әлеуетімнің төмендеуіне қарамастан, басқаларға қызмет етудің тәсілі болды.
Шәкірттеріме өзіме қызмет етулеріне рұқсат беретініме қуанамын. Тіпті Иса басқаларға Оған қызмет етуге рұқсат берді. Гетсимани бағында Ол үш шәкіртінен Ол үшін дұға етуін өтінді. Айқышта өлер алдында ол Жоханнан анасына қамқорлық жасауда көмек сұраған еді.
Шектеулерге қарамастан мен басқаларға шәкірттік ете аламын. Осы қиын уақытта алған сабақтарым – мен қай жерде және қашан болса да шәкірт дайындау, әлсіздіктеріме осал болмауға және шәкірттерімнің маған қызмет етуіне мүмкіндік беру – мені тиімді тәлімгер етеді.
36-ші күн –Пайда болу
Мен Құдайды өзім оқытатын жастардың өмірлеріне күштеп кіргізбеймін. Ол қазірдің өзінде олардың қасында, бірақ мен пайда болған кезде Құдайды айқын түрде Өзін оларға танытады. Бірде мен тәлімгерлік еткен жас қыз таңертең ерте қатты жылап қоңырау шалған болатын. Үш жыл бойы оның қасында болдым және бір де бір рет оның жылағанын көрген емеспін. Бір жағынан ол қызға бауыр да басып кеттім. Жылап звандаған кезде қатты қорқып кеттім. Жылап жатып: “Кейт, сен менің мектебіме келе аласың ба?”- деп сұрады. Мүмкіндігінше жылдам жетуге тырыстым.
Шәкірт тәрбиелеу. Мұның бәрі пайда болу туралы.
Бірде кешкі уақытта досым екеуміз саябақта отырған едік. Алайда өзімді жайсыз сезіндім. Өзімнің көшемдегі жастардың өміріне көп уақыт пен күш жұмсадым. Құдай менің сүйген адамдарыма мән бермейтін сияқты көрінді. Сол кезде: «Құдай, Сен қайдасың?» деп айқайлап жібердім. Досымнан: «Депортацияланған құрбымның, әкесінен зорлық көрген баланың немесе есірткіге тәуелді анасы бар досымның өмірінде Құдай қайда?» деп сұрадым.
Құдай менімен досымның сөздері арқылы тілдесті. «Кейт, Құдай сенің жан-дүниеңде өмір сүреді. Ол саған оларға деген терең сүйіспеншілікті және жанашырлықты береді. Сен олардың өмірлерінде пайда болған кезде; Құдай да олардың өмірлерінде пайда болады» деп жауап берді.
Сол сәтте мен бәрін түсіндім. Бұл жерде адамдардың өміріндегі азап пен қиыншылықтар кезінде пайда болу туралы, яғни мен пайда болған кезде басқалар мен арқылы Құдайды сезінетіндері туралы айтылып тұр екен.
37-ші күн –Білімді жүрек арқылы қабылдау
Мына тақырыпты (саналы немесе санасыз түрде) мен білемін дегеннің кесірінен рухани уағыздар мен Інжіл бойынша өтілетін сабақтардан өзімізге қажеттіні қанша рет ала алмаған кездеріміз болды? Өзіміздің рухани қажеттіліктерімізді білмей, өзімізге қатысты шындықпен бетпе-бет келетінімізді түсінбейтін болсақ, қаншалықты рухани масаттанғанымызбен білім алуға дайын еместігімізді білдіреді.
Егер жүрек арқылы білім қабылданбайтын болса, оның өзіндік ауыр зардаптары бар. Мысалы, Патша Сауыл қолындағы барынан айырылды. Патша Аса аяғынан ауыр дертке шалдықты. Өкінішке орай, бүгінгі күн рухани сауатсыздықтың шынайы көрінісін бейнелейді. Рухани тоқырау мен надандық Құдайдың ақиқатын қабылдамаудың нәтижесі болып табылады. Көктегі Әкемізге тәкаппарлық таныту арқылы, Онымен қарым-қатынастан ешқандай қуанышқа да жетпейміз, ешқандай нәр де сусындай алмаймыз. Жақып 4:6-да Құдай бізге Оған деген тәкаппарлық пен тілазарлық тантықан кезімізде қарсылық көрсетеді деп жазылған.
Ал егер керісінше, рухани білімге жүрегімізді ашып бар ілтипаттылықпен қабылдайтын болсақ, Құдай біз арқылы тек жақсылық пен пайдалы нәрселерді жасай алатын болады. «Нақыл сөзді елемеген кесірін көрер, Нұсқауды құрметтеген пайдасын көрер» (Нақыл сөздер 13:13).
Құдай бізді тиімді пайдалана алуы үшін біз әрдайым білім алуға ашық болуымыз керек. Біз шындыққа келісіммен және мойынсұнушылықпен жауап берген кезде ғана, Ол пайдалана алатын құмыраға айналатын боламыз.
38-ші күн – «Жеміс ағашы»
Жеміс ағаштары мен жүзімді өсірген адам ретінде мен олардың мәсіхшілер өмірі үшін керемет теңеу екенін түсіндім. Дәуіт, Еремия, Езекия, Иса және Пауыл осы теңеулерді өз ілімдері мен жазбаларында бекер қолданбағанын байқауға болады.
Тамырдың тереңге таралуы жеміс ағашы сияқты мәсіхші үшін де маңызды болып табылады. Мәсіхші өзінің тамырларын қатты жерден терең өткізіп, Құдайдың Киелі Сөзі деп аталатын жер асты суына жетуі керек. Құдай Сөзі – мәсіхшіге арналған шексіз қор. Тамыр жүйесі мықты ағаштар қатты желге, ауруларға, жәндіктердің зақымдауына қарсы турады. Құдайдың Киелі Сөзінде тереңдете тамырланған мәсіхші, жердің беткі бөлігінде тамырларланғандарға қарағанда күнәға батуы екіталай.
Ағаш жапырақтары, діңі, бұтақтары күтімде болғаннан кейін ғана өз жемісін береді. Қысқаша айтқанда, ағаштың жемісі пісе бастайды. Тамыры терең емес мәсіхші көп жеміс бере алмайды. Пайда болған жемістер піспей қалады. Тамыры Құдай Сөзінен нәр алатын мәсіхшінің жемістері әрдайым пайдалы болады, олар тексеруден өтіп, тіпті мұндай жемістердің қалай пайда болатынына қызығушылық тудырулары мүмкін (1 Петір 3:15).
39-ші күн –Медитация
Барлығымыз егін орақ, яғни сабантой мерекесін асыға күтудеміз, әсіресе мереке кезіндегі дәмді етті айтсаңызшы! Тіл үйіретін дәм. Әр тістеген сайын асқазаныңыз сізге: «Қандай керемет! Иә! Бұдан да көбірек керек!», – деп жар салатын болар.
Неге ет соншалықты дәмді болып шығады? Оның дәмді болу себебі ол бірнеше сағат бойы арнайы тұздықта маринадталғандықтан, оның әр тілімі тіл үйіретіндей жұмсақ әрі сөлді ет болып шығады.
Бұл бейне Киелі Кітап туралы терең ойдың күшіне ұқсас.
Ешуа 1:8 аяты біз сүйетін уәдемен аяқталады – кім гүлденіп, табысты болғысы келмейді? Бірақ оның алғышарты қандай? Бізге әр Киелі Сөзді жатқа білуіміз керек, тек сонда ғана олар біздің ойымызбен іс-әрекетіміздің қозғаушы күшіне айналатын болады. Ал бұл уақытты қажет етеді. Тек сонда ғана өмірімізде Құдайдың оң батасын алатын боламыз.
Забур 1:3 жырында сенуші адамның ағаш сияқты берік бола алатындығы туралы тағы бір уәде айтылады. Мұны кім қаламайды, өзіңіз ойланып көріңізші?! Бірақ бұл жерде тағы бір алғышарт бар: терең ойлану, талдау, өмір сүрудің негізі болатындай етіп Киелі Сөзді өңдеу.
Егер мәсіхшілердің қуатты өмір сүрулері үшін Киелі Сөзді терең ойлау өте қажет болса, неге оны бүгінде жиі қолданбайды? Біз бір сәттік, шыдамсыз әлемде өмір сүретіндіктен, терең ойлануға уақыт бөлу мүмкін еместей көрінеді. Сондықтан Інжілді асығыс оқу арқылы оны өміріңіздің бір бөлігі қыламын деп ойламаңыз.
Киелі Сөзді баяу өңдеу/терең ойлаудың керемет нәтижелеріне тағы бір көз салыңыз. Әрине, бұл сіз болғыңыз келетін сенуші! Сол себепті оқуды баяулататын уақыт келді, Киелі Кітаптың сізге әсер етуі мүмкін болатындай етіп мұқият оны сараптап ойланатын болыңыз.
40-шы күн – Оңай бірақ қымбат
Егер біреуді шәкірт етуде қолданылатын маңызды кілт сөз болса онда ол сөзді «бөлісу» дер едім. Ешнәрсені күрделендірмеңіз. Тек өз өміріңізбен бөлісіңіз. Құдай сізге не дарытты? Ол сіз үшін не істеді? Ол сізге қалай көмектесті? Қай жерде жетістікке жеттіңіз? Ал қай жерде сәтсіздікке ұшырадыңыз? Осы нәрселермен бөлісетін болыңыз.
Өзіңіз куәлік етіңіз. Құдайдың сізді қалай құтқарғаны, сізге берген уәделерін қалай орындағаны және дұғаларыңызға қалай жауап бергені туралы бөлісіңіз. Құдайдың Киелі Сөзімен бөлісіңіз. Шабыт беретін сөздер адамдарды Мәсіх үшін қандай да бір іс-әрекет істеуге еш итермелемейді. Құдайдың Киелі Сөзі ғана мұны жасай алады. Өйткені Киелі Жазбаларды бөлісудің өзіндік ерекшелігі бар, ол жаңа және өмірлік маңызды нәрселермен бөліседі, тіпті іштегі қуатты жандырып жіберуі мүмкін. Мүмкіндігінше бар уақытыңызды Киелі Жазбаларға арнаңыз. Дұға ету өміріңізбен бөлісіңіз. Өйткені сіз қасыңыздағы адаммен бірігіп дұға етпеген болсаңыз, онда ол адамға өзіңіздің шынайы жүрегіңізді ашпағаныңызды білдіреді.
Мұның еш қиыншылығы жоқ; жай ғана қымбатқа түсер дер едім. Кейде біз ешнәрсеге араласқымыз келмейді. Түнде телефонның шырылдағанын қаламаймыз. Тыныштығымызды бұзбаса екен деп, тіпті үйіміздің айналасына кірпіштен қамал орнатудан да тайынбас едік. Алайда егер сіз өзгелермен өз өміріңізбен бөлісетін болсаңыз, бұл сіздің тыныштығыңызды міндетті түрде бұзатын болады. Бұл соның құны. Бұл тіпті сізді қиратып жіберуге дейін жеткізуі мүмкін. Бірақ бұл сонымен қатар сізді де толқытатын болады. Өйткені сіз үшін шәкіртіңіздің шындық жолымен жүргенінен артық қуаныш болмас, ал егер оның басқа біреудің шындық жолымен жүруіне себепкер болғанын көретін болсаңыз, онда бұдан артық зор бақыт бұл әлемде жоқ шығар.
41-ші күн – Уақыттың қажеттілігі
Уақыттың қажеттілігі неде? Бұл сұрақтың жауабы осы туралы ойланған адамға байланысты.
Қалайы тостағаны бар қайыршы үшін бұл бір тиын. Ауруханаға жеткізілген әйел үшін бұл дәрігер. Бірақ мәсіхші үшін өз қызметінде бұл нені білдіреді?
Кейбіреулер: «Егер менің қызметкерлерім көп болғанда ғой», – дейді. Бұл дегеніміз кейбір елшілердің жеке көмекші алғылары келетіндігін, ал өзге елшілердің одан да көптеген елшілердің болуы керектігін айтатындарын білдіреді. Басқалары: «Бізге көп жұмысшылар қажет емес, оның орнына ғимарат қажет. Егер бізде кеңселер мен ғимарат көбірек болса, онда біз бұл жұмысты жасай алар едік », – дейтіндер бар.
Әлемнің кейбір бөліктерінде бізге сапалы байланыс, жақсы көлік немесе денсаулық сақтауды жақсарту керек дейді.
Көптеген адамдар қажеттіліктердің бірі кейбір жабық елдер ашық есік етулері керек деп санайды.
Ал кейбіреулері: «егер бізде уақыт көбірек болғанда» немесе «мен біраз жылға жастау болғанымда ғой» дейді.
Сонымен уақыттың қажеттілігі неде? Шынымды айтсам мен жоғарыда айтылып кеткендердің біріне де сенбеймін. Мен Әлемнің Құдайы басқарушы екеніне сенімдімін және Ол осы қажеттіліктердің барлығын Өз жолымен және Өз уақытында қамтамасыз етеді. Уақыттың қажеттілігі – Иса Мәсіхтің артынан ерген сарбаздар армиясы, олар Оның Құдай екендігіне, Ол Өзінің берген әр уәдесін орындай алатынына және Оның қолынан келмейтін ешнәрсенің жоқтығына сенетіндер. Бұл Құдайдың жүрегіндегі нәрсені жүзеге асырудың жалғыз әдісі.
42-ші күн –Рухани шәкірттік өнерінің жоғалуы
Тәлімгерлік арқылы адамдарды кәсіпке немесе өнерге үйрету деп аталатын «шәкірттік» әдісі бұрынғыдай кең таралмаған. Википедияға сәйкес шәкірттік ресми жүйе ретінде алғашқы орта ғасырларда пайда болған екен. Ол кезде қолөнер шеберлері жастарды ақы ретінде тамақпен, жатақханамен қамтамасыз етіп, оларды қолөнерді үйрету мақсатында шақырып дамыған екен.
Орта ғасырлардан әлдеқайда бұрынырақ Иса шәкірттіктің үлгісін көрсетіп, бастауына жол ашқан еді. Ол белгілі бір уақытта жеке адамдармен де, топпен де бірге өмір сүріп, өмірді қалай толыққанды өткізуге болатыны туралы үйретіп, Өзі де үлгі болған еді.
Біз ондай адамдарды Оның шәкірттері деп атаймыз; «mathetes» деген грек сөзі, шәкірт, ізбасар немесе үйренуші деген мағынаны білдіреді. Иса Өз шәкірттерін одан да көп шәкірт дайындауларына шақырды (Матай 28:19). Бұл аяттың идеясы мынада: «Алыс не жақын жерде кездескендердің барлығын осы өмір салтына үйретіңдер» деген екен.
Көптеген қауымдар мен ұйымдар шәкірт тәрбиелеу бағдарламасымен мақтан тұтады. Алайда шәкірт тәрбиелеу мен тәлімгерлік олардың бағдарламаларында және оқу жоспарындағы шынайы болмыстарының өзіндік көлеңкесі болып табылады. Нағыз шәкірт өмірдегі кездесулер арқылы Исаның өмірін өзгелермен бірге өткізіп, үлгі ете отырып тәжірибе алады. Біз Исаның ілімі бойынша өзімізді тәрбелейтін болсақ, тек сонда ғана біз Оның шынайы ізбасарлары ретінде өмір сүретін боламыз. Сондықтан біз басқаларға міндетті түрде көмектесуге міндеттіміз, өйткені бір жақсы дос айтқандай: «Көшбасшы – бұл бір қадам алда және дұрыс бағытта жүретін адам» деген екен.
Ал сіздің өміріңізде рухани білім алғысы келетін адамдар бар ма?
43-ші күн – Шынайы ілім
Пауылдың Тімотеге арналған 1-хаты екеуінің кем дегенде 15 жыл бірге болғаннан кейін ғана жазылған. Тімотеге арналған 1-хаттың (1:2-ші аятында) оған Пауылдың сенімдегі шынайы ұлы, Пауылдың ең сүйікті және басты шәкірті ретінде сипаттама берілген.
Сонымен, бірнеше жыл бірігіп саяхаттағаннан кейін, қауымдарды бастау және құру үшін көп күш жұмылдырғаннан кейін, бір-бірімен сансыз көп рет кездескендеріне қарамастан Пауыл неге Тімотеге арнап хатын жазды? Оның себебі көп, бірақ солардың бірі «шынайы ілімге» қатысты.
Осы қысқа хатта Пауыл «ілім» сөзін сегіз рет қолданды. Сегіз рет қолданғаны бекер емес. Бұл сөз сіздердің де, біздің де және Тімотенің де назарын өзіне аудартуы керек.
Тімотеге арналған 1-хатының (1:3-ші аятында) Пауыл Тімотеге Ефес қаласында қалып, онда пайда болған жалған ұстаздармен күресу керектігін айтады.
Бұл жерде шынайы ілімнің маңызы өте зор! Шынайы ілім күнәні әшкерелейді, Құтқарушыны ашады, құтқарылу жолын көрсетеді, мінез-құлықты мәсіхшіге тән қылып өзгертеді, өйткені ол күнделікті жемісті өмірге жетелейді. Жаңа Өсиеттегі айыптаудың ең күшті сөздері Інжілдік ілімді бұрмалайтын, оны жоққа шығаратын жалған тәлімгерлерге бағытталған.
Тімотеге шынайы ілімді үйрету бұйырылды, ол дегеніміз оны үйрету үшін ол ең алдымен шынайы ілімді білуі керек дегенді білдіреді. Ал біз оның не екенін білеміз бе?
Біз шәкірттерімізді салиқалы ілімге үйретуде қалай жұмыс істеп жатырмыз? Бүгінде сенушілер мен түрлі қауымдастықтар бұл нәрсеге үстірт, эмоционалды тұрғыда, тіпті ойын-сауық ретінде де қарауы өте оңай. Бұл нәрсенің нәзік болғаны соншалықты оны байқамай қалуыңыз мүмкін.
Тімоте! Басқаларды шынайы ілімдерге үйретуден ешқашан жалықпаңдар!
Осы айтылғанға құлақ салдық па?
44-ші күн –Жаңа сенушіге қажет бес тағылым
Жаңа сенушіге өзінің шәкірттік өмірін дамыту үшін бес маңызды нәрсе қажет. Менің тізімімнің басында сүйіспеншілік тұр. Салониқалықтарға арналған 1-хатының 2:7,8-ші аяттарында біз Пауылдың адамдардың оған арнап бір нәрселерді жасай алғандары үшін емес, керісінше оларды жақсы көргендіктен өз өмірін қиюға дайын болғанын білеміз.
Жаңа мәсіхшінің екінші маңызды қажеттілігі – қорғаныс. Елші Пауыл өз отарын бес түрлі жолмен қорғады: дұға ету арқылы (Қолостықтарға 1:9,10), кездесулер арқылы (Елшілердің істері 15:36), басқаларды жіберу арқылы (Қорынттықтарға арналған 1-хатының 4:15-17), хат жазу ( Қорынттықтарға арналған 2-хатының 2:9) және оларды Мәсіхтегі жеңістеріне сендіру арқылы (Қорынттықтарға арналған 1-хатының 10:13, Салоникалықтарға арналған 1-хатының 3:1-5 аяттары).
Үшінші маңызды қажеттілік – тамақтану. Біз Киелі Кітапты ашып, ондағы бар шындық көзінің нәрімен жаңа мәсіхшілерді өзіміз тамақтандыра аламыз (1 Петір 5: 2). Сонымен қатар оларды өз беттерімен тамақтандыруға үйрете аламыз (Яһуда 20,21). Бәрімізге рухани өсу үшін Киелі Жазбаларға мойынсұнып, жеке қолдану арқылы өз өмірімізге ықпал етуіміз керек.
Төртінші маңызды қажеттілік – басқа сенушілермен қарым-қатынас құру. Осыдан бірнеше жылдар бұрын Лондонды қоршап тұрған ормандағы барлық ағаштар дауылдың кесірінен құлап қалған еді. Не себеп болды деп ойлайсыздар? Себебі мынада: ормандағы барлық ағаштар бір-бірінен тым алыс отырғызылған екен, сол себепті жылдар бойы өсе келе бір ағаштың тамыры екіншісінің тамырымен сабақтаса алмады, осылайша дауылға қарсы тұра алмай әлсіз болған екен.
Бесінші және соңғы маңызды қажеттілік – тәлімгерлік ету. Тек оларға не істеу керектігін айтып, соны өздері істесін деп қалдырмаңыз. Оларға қажет нәрсені өзіңіз істеп көрсетіңіз, олармен бірге жүріңіз және олардың жетістіктеріне қуана біліңіз. Жаңа мәсіхшілерге көмектесу үшін бір нәрсе емес, біреу қажет және ол адам сізсіз!
45-ші күн – Бұл батылдықты талап етеді
Кейде қарым-қатынасқа түсу немесе оны ұстап қалу үшін – үлкен батылдықты қажет етеді. Бойымыздағы қорқыныш біздің қиялымызды баурап алып, эмоцияларымызды күшейтіп жібере алады. Ал қарым-қатынасты өз басым қауіпті іс дер едім. Өйткені оны бастау, арасында түзету және оларды одан сайын тереңдету үшін батыл болу қажет.
Біріншіден, бізге адал болу үшін батылдық қажет. Өзіміздің шынайы болмысымызды түрлі мақұлдамаулар мен сын естуден қорыққаннан айналамыздағыларға көрсете алмай, үнсіз және сыпайы өмірді жылдар бойы сүре аламыз. Құдайдан адамдарға адал болуға батылдық пен сүйіспеншілікпен шындықты айту қабілетін сұраңыз.
Осыдан кейін қарсы тұруға деген батылдықты сұраңыз. Салиқалы шәкіртті тәрбиелеу үшін Құдайдан елші Пауылдың үлгі етіп көрсеткен батылдығын сұраңыздар. Ғалаттықтарға арналған хаттың 2-тарауында (11,12 аяттар), Пауыл еврейлердің айтқанынан қорқып, өзін басқа ұлттардан бөліп жатқан Петірмен болған қақтығыс туралы айтады. Пауыл Петірдің іс-әрекеттері Інжілдің шындығына нұқсан келтіріп, басқаларды адастырып жатқанын түсінген еді.
Соңында айтарым, татуласу үшін батылдық сұраңыз. Киелі Кітапта бізді ренжіткен адаммен тілдесуіміз керек екені анық айтылған (Матай 18:15). Сонымен қатар өзіміз де ренжіткен адамдардың қастарына баруымыз керек (Матай 5:23,24). Бізден бас тарту қорқынышын жеңу үшін осы екі түрлі жағдай да батылдықты қажет етеді.
«Жаратқан — нұрым менің, құтқарушым да, Кімнен мен қорқамын солай болғанда? Жаратқан — өмірімнің берік қорғаны да, Кімнен үрейленемін солай болғанда?» (Забур жырлары 27:1).
46-ші күн –Шәкірт кешірім іздеген кезде
Бір ардагер-елші Сергейдің кездесуден кейін Жаннадан кешірім сұрауы үшін оны іздегеніне «таңданғанын» айтты, өйткені «бүгінде мәсіхші жетекшілердің көп бөлігі осылай әрекет етуі екіталай». Не себепті Сергейдің кешірім сұрауы «таңғажайып» болып саналады, егер ол Жаннаның алдында шынымен де кінәлі болса?
Бұл жағдайда жай кешірім сұраудың орнына, Сергей Жаннадан шынайы кешірімін алуы керек еді. Өйткені бұл Иса Мәсіхтің шәкірттерінің бір белгісі (Жақып 5:16) және бұл бізді бір-бірімізбен татуластыруға көмектеседі.
Кешірім іздеуші шәкірт:
• күнә үшін сотталған болып саналады. Ақталу, кінәлау, мойындамаудың қаншалықты оңай болғанына қарамастан – мейлі ол дөрекілік танытқан болса, мейірімсіз, қызғаншақ, тәкаппар немесе шыдамсыз болсын – бірінші кезекте өз күнәсін мойындауы керек.
• Киелі Рухтың басшылығында (Ефестіктерге 5:18). Ол Киелі Рухтың сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, мейірімділік, ізгілік, адалдық, жұмсақтық және өзін-өзі бақылау атты жемістерін береді.
• Қарсыластыққа жауап береді. Егер сенімді адамыңыз сізге қарсы шықса, сіз оны тыңдайсыз ба?
• Құдайдың Киелі Сөзімен қоректену. Құдайдың Киелі Сөзі тазартады, жаңартады, ашады, соттайды, бағыттайды, үйретеді, өзгертеді, жетелейді және қалпына келтіреді! Ефестіктерге 6:17-ші аятында Құдайдың Киелі Сөзін «рухани семсер қылып ұстаңдар» делінген екен.
Біздің сүйікті де әділ Құдайымыз кішіпейіл адамдарға рақымшылық танытады (1 Петір 5:5,6 аяттар). Сіздің кішіпейілділік танытып «мені кешіресіз бе?» деп сұрауыңыз керек біреуіңіз бар ма? Осы салада сіздің көмектесуіңізді немесе жігерлендіруіңізді қажет ететін адамыңыз бар ма?
47-ші күн –Діни қызметкер
Құдай бізге: «Ал сендер өздеріңді қара түнектен тамаша нұрына шақырған Құдайдың қасиеттілігі мен ұлы істерін мадақтап жариялауға таңдалған нәсілсіңдер. Патшаның діни қызметкерлері, Оған бағышталған қасиетті ұлт — Құдайдың меншікті халқы болдыңдар!» (1 Петір 2:9) деген екен. Сондықтан біз діни қызметкерлерміз, біз адамдарға Құдайды, ал Құдайға адамдарды өкілдік ететін орынға және уақытқа отырғызылдық.
Сіз өзіңіздің әлеміңіздегі адамдар үшін дұға етесіз бе? Мен әскерге барған кезде, өзіме мүлдем таныс емес 12 адаммен бірге күйзеліске толы ортада бірге болған едім. Ол жерде біздің ортақ тапсырмамыз бар екенін және қасымдағы әріптестеріммен Құдай туралы сөйлесуге уақыт аз болатынын жақсы білдім. Сондай-ақ, Құдай мені осы ортаға діни қызметкер етіп орналастырғанын және мен дұға етуім керек екенін түсіндім. Сол себепті 12 әріптесімнің есімдерін 3×5 деген параққа тізіп жазып шығып, көлігімнің ішіндегі бақылау тақтасына жапсырып қойдым. Күн сайын таңертең жұмысқа бара жатып, олардың есімдерін Құдайдың алдында атап, дұға ететін болдым.
Жұмыс кезінде дұға етуден басқа нәрселерді істеуге мүмкіндігім болмады, бірақ бүгінде осы топтан кем дегенде үш адам Исаны білгеннен кейін Оның артынан ерген ізбасарларына айналды. Міне, сол себепті, біз айналамыздағы адамдар үшін Құдайға сеніп, олар үшін шұғыл түрде дұға етуіміз керек.
48-ші күн –Шектеу қою
Есігімді қаққандағы шыққан дыбыс ішімнен бір жайсыздықты тудырды. Өйткені оның артында кімнің тұрғанын тамаша білдім. Мен тәлімгерлік еткен шәкірттерімнің бірі жалыққан сайын есігімді қағып келуді әдетке айналдырған еді және мұндай кездесу аптасына бірнеше рет болатын. Бар қалағаным онымен терең қарым-қатынас орнату еді және сол үшін дұға еткен едім, бірақ ендігі мен бұл әрекеттегі басқыншылықты сезіндім.
Өзгелерге тәлімгерлік еткен кезде оларды онсыз да қарбалас өмірімізге араласуларына жол береміз; бұл әр апта сайын белгілі бір уақытпен шектеліп қалатын шағын жұмыс емес. Алайда, басқалар үшін жеке міндеттерімізге немесе өзіміздің рухани өсуімізге немқұрайлы қарау бізге зиянын тигізіп қана қоймай, сонымен қатар көмектескіміз келетіндерге жағымсыз үлгі көрсететін боламыз.
Өмірмен бөлісу мен өмір сүрудің арасындағы тепе-теңдікті табу қиынға соғуы мүмкін. Исаның Қапернаум халқымен қарым-қатынасы (Лұқа 4) біздің шәкірттік қарым-қатынасымызда тиісті шекараларды орнатуға нұсқаулық береді. Қызметтен қажыған кезде, Иса дұға ету үшін адамдардан алшақтап кететін.
Жеке өз басыңызға арнап уақыт табу ешқашан оңай емес, бірақ бұл мүмкін және тым қажет нәрсе. Егер Исаға Құдайдан хабар алу үшін жалғыз болуы қажет болғанда, бізге де бұл нәрсенің қажет екені айдан анық.
Кейбіреулер қызметте шекара орнату өзімшілдік деп атаулары мүмкін. Бірақ Исаның өміріне көз жүгіртсек, шектеу қоюдың мақсаты бізді басқаларға құрбан болуымыз үшін емес, керісінше, мақсатты түрде басқаларды сүюге көмектесу екенін түсінеміз.
49-ші күн –Шәкірттіктің іргетасы
Шәкірттің рухани өмірі үйдің іргетасына ұқсайды: сіз оны көре алмайсыз, бірақ ол бар. Үйдің тұрақты тұрғызылуы үшін мықты іргетастың болуы қажет. Іргетас әлсіз болған кезде немесе қабырғаларда жарықшақтар пайда бола бастағанда, бүкіл үй құлап кету қаупі бар.
Үйдің іргетасы жер астында көзге қалай көрінбесе, біздің де рухани өміріміз сол сияқты жасырын болып келеді. Яғни бұл адамдар бізге қараған кезде көретін нәрсе емес, бірақ ол бар. Бұл ешкім қарамаған кезде біздің Құдаймен бірге жасайтын әрекеттеріміз. Құдайға адал қызмет ету – бұл күнделікті өміріміздегі Құдайға деген тәулік бойғы мойынсұнушылықпен ғибадат ете отырып, Онымен қарым-қатынас құру дегенді білдіреді. Бұл таңертең Құдайға арналған уақыттан басталады, бірақ мұнымен тоқтап қалмайды. Мен көлігіме бара жатқанда Құдай қасымда. Досыммен бірге дүкенге барғанда, Құдай да бізбен бірге.
Күнделікті өмірімізде «Мен бүгін Құдаймен байланыста боламын ба, әлде менің рухани телефоным сөнуде ма?» деп сұрауымыз керек. Бізге рухани телефонымызды сөндіріп, өмірден өту өте оңай, бірақ содан кейін Құдай неге бізбен тілдеспеді деп ойлаймыз. Сол себепті бар назарыңызды тек Оған ғана бағыттаңыз, үнемі байланыста болып, іргетасыңыз берік болсын!
50-ші күн –Тыныштық
Дабыл сағатының шырылдауы, кофе қайнатқыштың дауысы. Қоқыс жинаушы адамның мәлімдемесі – мені ұйқымнан оятуда. Менің күнім, осы барлық шумен басталады.
Римдіктерге арналған хаттың 10:17-ші аятанда сенім есту арқылы пайда болады делінген. Сонда мен естуім үшін қаншалықты тыныш болуым керек? Осыны көп ұзамай білетін боламын. Біздің үйді қоршап тұрған биік пондерозалар тіпті өздеріне қарай тартып тұрады. Киелі кітапты, журналдар мен кофені қолыма алып, тыныш панама қара бет алудамын.
Құдай тыныш қана сыбырлап сөйлейді. Мен Оның дауысын естіп жатырмын ба? Әлде қоршаған өмірдің шуы менің бар назарымды өзіне аудартуда ма? Менің бар қалайтыным Құдайдың дауысын есту.
Ол үшін мен мына нәрселерге үйренудемін:
• Тыныштық – бұл қажеттілік; Құдай мені тыныштықпен байланыстырды.
• Тыныштық – бұл өнер; ол тәжірибе арқылы ғана гүлденетін болады.
• Тыныштық – бұл дағды; үнемі дамуды қажет ететін әдет.
• Тыныштық – бұл сый; Одан ләззат алуым үшін алдымен оны ашуым керек.
Софония 3:17-ші аятта Жаратқан Иенің мені сүйіспеншілігімен тыныштандыратыны айтылады. Құдайдың Өзінің маған деген сүйіспеншілігін көрсетуін қалай қалайтынымды білсеңіздер ғой! Осы орайда тыныштық Оның сүйіспеншілігінің айқын болуына мүмкіндік беретінін білгеніміз жөн.
Сондықтан мен отырып, Оның Киелі Сөздері туралы ойланамын, дұға етемін. Кейде Құдайды тыңдай отырып өзімнің сүйікті авторымды оқимын. Осылайша мазасыздық тыныштыққа алмасады – осындай демалыстан алатын күш-қуаттың көп болатыны соншалықты, тіпті үйімнің шатырына шығып алып осыны жар салғым келіп тұрады – бірақ олай істегенімде мен көршілерімнің тыныштығын бұзар едім.
«Әділдіктің жемісі амандық пен бейбітшілік болмақ. Иә, әділдік мәңгі бақи тұрақты тыныштық пен қауіпсіздік әкелмек» (Ишая 32:17).
51-ші күн – Інжіл шәкірт тәрбиелеудегі басты құрал
Бізді шәкірт тәрбиелеуге шақырады. Бірақ шәкірт дегеніміз кім және оны қалай дайындайды? Шәкірт дегеніміз – өз өміріне иелік етуден бас тартып, Исаны Ием деп таныған адам (Лұқа 14:33). Осыны түсіну өз қызметімде айқындық берді. Шәкірттерімнің өмірлерінде шынымен не істеуге тырыстым? Оларға Киелі Кітапты қалай оқуды үйретуді ме? Әлде олардың қауым мүшелері екеніне көз жеткізуді ме? Не болмаса өздерінің сенімдерімен қалай бөлісу керектігі туралы білгендері ме? Мұның бәрі жақсы нәрселер, бірақ осылардың ешқайсысы мен діттеген мақсат емес. Менің мақсатым: олардың ендігі «өздері үшін ғана тіршілік етпей, қайта, Мәсіхке бағышталып өмір сүрулерін» (2 Қорынттықтарға 5:15) қалаймын.
Бірақ шәкіртті қалай тәрбиелеуге болады? Бұл жерде бізге Ұлы Өсиет көмектеседі. «Бар да, шәкірт дайында. … … оларды шомылдыру рәсімінен өткіз. … … Шомылдыру рәсімі – Інжілдің уағызына деген сенім. Інжілді уағыздау арқылы біз шәкірт тәрбиелейміз. Бұл Исаның қайта тірілуінің арқасында Иеміз екендігі және Ол құрбандық болып, біздің адалдығымызға лайық екендігі туралы хабар. Ал айқыш ағаш – бізді бағышталуға мәжбүр ететін жалғыз нәрсе. Бұл Құдайдың бізге деген сүйіспеншілігінің ең басты көрінісі. Оның бізге деген сүйіспеншілігін көргенде, сенімге мойынсұнумен жауап бергіміз келеді.
52-ші күн –Менмендікке жол бермей, ақиқатқа жол ашыңыз
Бірнеше апта бойы қалың бұлт сияқты қоршап алған ішкі жан дүниемдегі қызу тартыстан арыла алмадым. «Мен неге ол шайқастан шыға алмадым?» деп ішімнен ойландым. Сол кезде досыммен жан-дүниемдегі мазасыздықпен бөлістім, мені тыңдап болғаннан кейін ол: «Менің ойымша өміріңнің осы салаларында біраз сенімділікті қалыптастырғаның жөн және былай екіжақты болғаның дұрыс емес сияқты!» – деп жауап бергенде бәрін түсіндім!
Бұл жағдайда мен екі түрлі жолмен жауап бере алар едім. Менмендікке салынып, өзімді қорғаштай жөнелуім немесе досымның айтқан сөздеріне мойынсұнып, оның айтқандарын Иса Мәсіхке тапсырып, бұл жауаптың дұрыс не бұрыс екенін күтуім еді.
Өзімді тыныштандыу үшін және Иемізбен тілдесуге уақыт бөлу үшін үлкен шыныға шай қайнатып алып, оны асықпай сораптап ішіп отырдым. Ол менімен қарсыласады деп ойладым, сондықтан Інжілді ашып, жауапты іздей бастадым. Сол кезде Иеміз жүрегімдегі қара бұлтты сейілтетін керемет саяхатқа жол ашты. Менің екіжақты болуым Құдайды қандай деп санағаныма байланысты екенін түсіндім. Өмірімде жақсылықтар болған кезде мен Оны (мейірімді, жақсы, сүйікті) деп, ал өмірім дауылдарға толы болғанда Оны (бейтаныс, бейқам) деп ойлаған екенмін.
Егер мен өзімнің досымды тыңдамай менмендікке жол берсем, мен Құдайдың маған көрсеткісі келетін нәрсесін жіберіп алар едім. Келесіде біреу сіздің өміріңіз туралы сөйлегенде, айтқандарға қарсыласпай, сіз ол адамның сөзінде шындықтың бар-жоғын Иемізден сұрағаныңыз жөн болар.
53-ші күн –Жолымызда кездестіретін кедергілер
Автокөлігіммен шосседе келе жатқанымда, өзіме ыңғайлы қозғалыс жолағын тауып, сол жолақтың бойымен жүру маған ыңғайлы. Сол сияқты, Құдай біздің әрқайсысымызды өмірде өз жолымызды адал өтуіміз үшін ерекше дарынға, білімге, мақсат пен тәжірибеге ие етті. Дұрыс жол – рухани өсудің, Құдайға қызмет етудің және Иеміздің оң батасына ие қылатын орын. Тәртіп сақшылары сияқты біздіңде де өзіндік ерекшеліктеріміз бар, солардың бірі – басқаларға өздеріне ыңғайлы жолды табуға көмектесу. Ол үшін есте сақтау керек бірнеше қағида бар.
Оларға өмірлік мақсаттарын анықтауға көмектесіңіз. Біздің ең басты жасайтын қателігіміз өзгелердің біздің көшірмелеріміз болуларын қалау. Сол себепті біз олардың Құдай қалағанындай адам болуларына жол беріп, Оның оларға арнап жасаған жолды іздеп табуларына көмектесуіміз қажет.
Жоқ деп айтуға үйретіңіздер. Қазіргі уақытта көптеген адамдар мүжіліп, шамадан тыс өздерін жүктеп қояды. Бірақ олар Құдайдың оларға арнап дайындап қойған жолдарын білгенде, автоматты түрде әлеуеті зор, бірақ ешқашан пайдалы болмайтын оларға арналып жасалынбаған басқа жолдарға «жоқ» деп жауап беретін болады. Бұл олардың дұғалық өмірін жақсартатыны сөзсіз.
Оларға Құдайдың рақымымен өмір сүруді үйретіңіздер. Біз шәкірттерімізге Құдайдың рақымымен өмір сүруге көмектесуіміз керек. Құдайдың рақымын сезіну өзіміздің іс-әрекетімізге деген назарымызды, кім екендігімізге, яғни Құдайдың балалары екендігімізге бағыттайтын болады. Тек Құдайдың рақымы ғана бізге ерекше жолды қабылдауға батылдық береді және бағытталған жолымыздан тайдыруға тырысатын көптеген дауыстарға «жоқ» деп жауап беруге үйрететін болады.
54-ші күн –Исадай ұстаз болуға ұмтылыңыз
Иса ізбасарларына рухани шындықты үйретудің шебері болды. Ол шындықты шәкірттеріне жай сөзбен түсіндіруден де гөрі күшті нәрсе керектігін білді. Олар Оның сөздерін іс жүзінде көруі керек болды және өз көздерімен көрген кереметтерге куәлік ету керек болатын. Исаның үйретудегі осы бір әдісі шәкірт тәрбиелеудің үш маңызды компонентін көрсетеді: көрсету, түсіндіру және талдау. Мұның мысалын Жохан жазған Ізгі хабардың 13-шы тарауында кездестіреміз.
Осы белгілі үзіндіде Иса шәкірттеріне өзін құрбан етіп қызмет етудің маңыздылығын үйрететін соңғы сабағын берген еді. Шәкірттердің аяғын жуу арқылы Ол жетекшілердің өз халқына қалай қызмет ету керектігін көрсетті. Біз де басқалардың не үйренгісі келетінін іс жүзінде көрсете алуымыз керек. Жас сенушіге Ізгі хабарды қалай бөлісу керектігін көрсетпей тұрып оған осы тапсырманы беретін болсақ, әрине, оның бұдан көңілі қалатыны сөзсіз.
Шәкірттердің аяғын жуғаннан кейін, Иса өзінің осы жасаған әрекетінің маңыздылығын: «қызметшінің жолы қожайынынан үлкен емес, елшінің жолы да өзін жібергендікінен үлкен емес. Мен сендерге қалай қызмет етсем, сендер де солай етсін деп үлгі көрсеттім» (15-аятта) деп айтып мағынасын түсіндірген. Көрсету де, түсіндіру де шәкірт тәрбиелеудің ажырмас бөліктері болуы керек.
Осыдан кейін Иса көрсету мен түсіндірудің байланысын ашып береді. Ол толық түсініктеме беру үшін шәкірттеріне: «Сендерге не істегенімді түсінесіңдер ме?» (12-аят) деген сұрақ қояды. Осы сұрақты қою арқылы Иса осы әрекетінің себебін сұраған болатын. Осылайша Ол Өз шәкірттеріне түсініктеме берді.
Исаның тәлім беру стиліне еліктеу арқылы біз Оның басқалардың өмірінде жасап жатқан жан-дүниені қалыптастыратын жұмысын күшейте аламыз.
55-ші күн – Мейірімділік арқылы сенімділікті арттыру
Сынаққа толы мына әлемде шәкірттеріміздің бізге сенім артулары үшін уақыт қажет. Қызметімнің басында жіберген бір қателігім – адамдарға зиянын тигізетіндердің өмірлеріне араласқым келмегендігім. Өз өмірімдегі талай ауыртпашылықтарды бастан өткергеннен кейін, көптеген жаралы жандардың өздерін жеңу үшін сыртқы әлемге жар салатындарын түсіндім. Олар біраз уақытқа барынша дұрыс әрекет жасауға, түзу жолмен жүруге тырысады, бірақ ерте ме, кеш пе оларға өз қиыншылықтарымен күресуге тура келеді.
Иса жаралы жүректерге үміт пен өмір сыйлау үшін келді (Лұқа 4:18-21). Біз басқалармен Иса сияқты қарым-қатынас жасауымыз керек. Бұл адамдардың жараларының қаншалықты сезімтал екенін есте сақтауды білдіреді. Біреудің жарасын қалай емдегенімізге қарай оның бізге қалай жауап берітіндігі және қалай рухани өсетіндігіне тікелей әсер етеміз.
Сенімділікті арттыру дегеніміз жаралы адамдардың реніштеріне мейірімділікпен қарау дегенді білдіреді. Адамдар өсіп, күшейген сайын, одан да мықты нәрселерге тойтарыс бере алады. Бірақ алғашқы кезеңдерде біз оларға өздері қойған шарттарымен қарым-қатынас жасап, өте мұқият болуымыз керек.
Сондықтан ешқандай асығыстық танытпай, сенімдеріңізді нығайтыңыздар. Бұл ұзаққа созылуы мүмкін, бірақ нәтижесінде адамдарға деген қарым-қатынасыңыз әлдеқайда жағымды болады, өйткені ендігі біз адамдардың жасаған әрекеттеріне қарай бағаламайтын боламыз. Оның орнына, біз олардың өміріндегі Құдайдың жоспарының орындалуына септігімізді тигіземіз.
56-ші күн –Қателессеңіз, оны мойындап, кешірім сұрауды ұмытпаңыз!
Бір кездері жоғары сынып оқушыларына Киелі Кітапты оқытқан болатынмын. Бір күні біз «қателік жасаған кезде» қалай әрекет ету керектігіміз туралы әңгімелескен едік. Сол кезде мен өзімнің туған балаларыма жиі қолданған «Кешіріңдер мені. Сендер мені кешіресіңдер ме?» деген сөздер екені туралы айтқан болатынмын. Осыны айтқанымда бір оқушының маған сенімсіздікпен қарағанын байқадым. Кейін ол маған неге олай сенімсіздік танытқанын айтты, оның жауабы: «Менің әкем бұл сөздерді маған ешқашан айтқан емес!», – деген сөздер еді.
Өкінішке орай, мұндай жағдай біздің ортамызда жиі кездеседі. Біз мінсіз әдемі баубақшаға таңданатын әлемде өмір сүріп жатырмыз. Шындығында, біздің әрқайсымыздың бойымызда кемшіліктер бар, мысалы, әдемі емен ағашының астында тұрған қоқыс сияқты. Иә, Құдай бізді барынша түзетуде және бұл түзету Исаны көрмегенімізше аяқталмайтын болады (1 Жохан 3:2,3 аяттары).
Әлсіз жақтарын шынайы мойындау Мәсіхтің ізбасарлары көрсете алатын ең тартымды, ең мықты қасиеттердің бірі екенін байқадым. Көптеген құдайға сенбейтіндер кемелсіз екендіктерін біледі, оны мойындайды және олар Құдайдың бұл кемелсіздікпен күресудегі әдісін үйренуге құштар. Алайда бұл әдіс тек егер біз Мәсіхтің ізбасарлары ретінде шынайы өмір сүріп, кемелсіз күйімізде бір-бірімізді қабылдайтын болсақ, сонда ғана жүзеге асатын болады.
Құдай былай дейді: «Мен көз қырымды салатындар: күнәларына шын жүректен өкініп, сөзімді терең қастерлеп, іске асыратындар» (Ишая 66:2). Бұл біздің Оған ұқсағымыз келетіндігімізді және қасиеттілікке ұмтылуымыз керектігін білдіреді. Демек, біз істегендеріміз үшін кешірім сұрап, қателік жібергенімізді мойындауымыз керек. Әлемде тек бейбітшілік орнасын.
57-ші күн –Тәлімгерлікке зиян тигізушілер
Шәкірттіке зиян келтіретін не нәрселер?
Надандық. Кейбір бағушыларда ешқашан шәкірт болған емес, сондықтан оны қалай жасау керектігін білмейді немесе оны маңызды деп санамайды.
Қорқыныш. Кейбір бағушылар шәкірттіктің кесірінен өздеріне қарсы шығатын рухани жетекшілердің пайда болуына әкеледі деп қорқады. Сол себепті шәкірттіктің болуы екіталай. Недеген қорқынышты сөздер! Өкінішке орай, мен мұны өз көзімен көрдім. Сіздер олай істемейсіздер деп үміттенемін.
Шыдамсыздық. Ешбір ақыл-есі дұрыс қауым жетекшісі Исаның шәкірт тәрбиелеу әдісі тым баяу деп айтпайды. Бірақ егер сіз олардың іс-әрекеттеріне назар аударсаңыз, олар Оның біз үшін жасап кеткен шәкірт тәрбиелеу үлгісін барынша елемеуге тырысады. Иса Өзінің алғашқы белсенді қызмет ету күнінде не істеді? Ол үлкен іс-шара өткізуді жоспарлауды бастамайды. Ғибадатханаға барып Өзін Құдаймын деп жарияламайды. Жохан 1:35-42 аяттары бізге Оның белсенді қызметтің алғашқы күнінде не істегені туралы ашып береді.
Ол шәкірт дайындаудың бірінші күнінде Өзінің қасына шәкірттерін жинай бастады. Кейін оларды әлемге шығарар алдында өмірінің 3 жылын олармен бірге өткізеді.
Матай 28:20-шы аятында «әрі сендерге өсиет еткендерімнің бәрін де ұстануға үйретіңдер!» деп жазылған. Ал бұл уақытты талап етеді!
Тімотеге арналған 2-хат 2:2 аятында «менен естігендеріңді………. басқаларға да тәлім беруге қабілеті бар, сенімді жандарға аманатта» делінген. Мұны да тез орындау мүмкін емес!
Елшілердің істері 20:27 «мен уағыз айтқанда ештеңені жасырмай, Құдайдың еркін түгел жарияладым». Біз дәл осылай айта аламыз ба?
Шындығында қазіргі кезде: Егер біз Исаның үлгісін ұстанбайтын болсақ, онда Ол не істеп жатқанын білмеді және біз одан да жақсысын ойлап таба аламыз деп айтамыз.
Тәубеге келетін уақыт келіп жетті: тілазарлығымызды мойындап, Исаның жолымен шәкірттік етуді бастайық.
58-ші күн –Не ексең, соны орасын
«Сараң сепкен сараң жинар, жомарт сепкен жомарт жинар» (Қорынт.2 9:6).
Пауылдың заманында егіншілердің дәнді аз егулерінің өзіндік себептері болды. Кейбіреулер отбасын асырауға қолдағы бар дәндерін әрең жеткізетін. Құдайдың кеңшілігіне сеніп, көздерінің жастарымен дән сепкен кездері болды. Олардың қорқыныштары егінді жинау қуанышымен алмасатын. Мәсіх үшін еңбек ету де осылай болуы керек.
Біз барлық тәсілдермен дәнді үнемдеп себеміз. Өмір қымбат, ал болашақ болса бұлыңғыр, сондықтан біз: «Биылғы жылы құрбандық шалуымыздың мөлшерін көбейтпей-ақ қояйық» деп ойлаймыз. Өмір қызықты және біз тез шаршап, толқып кетеміз, сондықтан «қызмет жасауға қатты берілудің қажеті жоқ» деп ойлаймыз. Аз мөлшерде егін егетін адамдар Құдайдан Өзіне тиесілі нәрсені жасыратындықтарын біліп, ар-ұжданы мазалайтын болады. Олардың осы жасаған кінәсі өз-өздерін қуаныштан айырады.
Ал жомарт егетін адамның ар-ұжданы таза болады. Ол жан-жақтағы жағдайға емес, Құдайға қарайды. Ол өзінің жомарттығымен көп дән егіп, қуаныш пен қанағат жемісінің дәмін татады. Осылайша ол адам қуаныштың өз қара басын ұмытып кетуден туындайтынын түсінеді.
Егінді мол егуге шешім қабылдау – Иемізге сенім артқанымыз. Қоршауда отырмай, Құдаймен бірге алдағы өмірге маңызды мақсаттар ойластыру – бұл мәсіхшілер өмірінің қуаныш сыйлайтын жағы дер едім. Құдай әрқашан және жеткілікті түрде Өзінің көмегін беретінін бізге уәде етті. Құдай Патшалығына жомарттылықпен дән сепсек мол өнім алатын боламыз. Бұл қуаныштың кілті.
59-ші күн – Өмірлік сапарымдағы серуенім
Серуендеуді жақсы көремін. Жаяу серуендеудің түп мағынасы өз жолыңмен алға басып жүру, бойымызда бар мүмкіндіктерімізді тиімді пайдалану дегенді білдіреді. Қазіргі кезде өз бетіңмен серуендеу ниеттілікті қажет етеді. Өйткені біз қарбалас әлемде өмір сүріп жатырмыз.
Иса серуендеу туралы көп нәрсе айтқан еді, сондықтан біз Оның айтқандарын барынша пайдалануымыз керек. Қорынттықтарға арналған 2-хатының 5:7-ші аятында «сеніммен жүр» деп жазылған. Жоханның 1-хатының 2:6, «[Иса] қалай өмір сүрген болса, солай өмір сүруге тиіс». Забур жырларының 26:3 бізге «Ақиқат жолымен» жүруімізге нұсқау береді. Матай 28:19-шы аятында: «күллі халықтарға барыңдар», – делінген. Бұл «бару» сөзі сіздің өмірлік жолыңызда жүруді де білдіреді.
Мен Исаның Өз жолында барлығымен сөйлесіп, қолын тигізіп, үйретіп, асықпай келе жатқан бейнесін үнемі елестетіп жүремін. Оның өмірі мені өзіне тартып, тыныштандырып, өзіне назарымды аудартып, дұрыс бағыт-бағдар көрсеткен еді. Өзімнің өмірлік жолымда, сапарымда жүріп бара жатқаным басқалар үшін үлгі бола ала ма? Әлде олар маған қарап, менің өмірімді тым бей-берекет, тым жылдам және өзімшіл болғандықтан үлгі етіп алғылары келмейді ме? Осы өмірлік саяхаттатымда берілетін мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудамын ба? Мен Исамен жүргендей басқалар да менімен жүргілері келеді ме екен?
60-ші күн –Киелі Жазбаларды жекелендіріп, оларды түрлендіру
Киелі Жазбаларға деген қарым-қатынасыңызды жандандырудың бірден-бір тиімді тәсілі – ондағы аяттарды жекелендіріп, оларды түрлендіру. Өзіңізге қажет аятты таңдау үшін келесі нұсқауларды қарастырып шығайық:
• Ол аят сіздің өміріңізде жиі кездесетін аят болуы керек.
• Ол аят сізге жиі жұбаныш болатын, өзіндік мәні бар аят болуы керек.
• Ашулану, уайымдау немесе тәкаппарлық сияқты жағымсыз эмоциялармен күресуге арналған аят болуы керек.
Өзіңізге қажет аятты таңдап алғаннан кейін, оны бірнеше рет асықпай оқып шығыңыз. Оның мағынасы жағынан өзіндік бір сөздер мен сөз тіркестеріне көзіңіздің түсетініне назар аударыңыз. Дәптеріңіздің әр жолына аяттағы бір сөзді немесе сөз тіркесін жазып қойыңыз; сол жазған сөздер мен сөз тіркестерінен кейін екі немесе үш жолды бос қалдырып қойыңыз, ол жерлерге аятты өз сөзіңізбен қалай түсінгеніңізді жазатын боласыз.
Аяттан таңдап алған сөздерді өзіңіздің жағдайыңызға қарай жекелей отырып, өз сөзіңізді қолдана отырып, әр сөйлемді қайта жазып шығыңыз. Сенушілерге қатысты «сіз» немесе «біз» сөздерін көргенде, ол сөздерді өз есіміңізбен алмастырыңыз. Ал егер «сынақ» немесе «күнә» сияқты сөздер кездесетін болса, оларды өзіңіз тап болған жағдайыңызбен сипаттап жазып қойыңыз.
Егер сөздердің мағынасын білмейтін болсаңыз, онда тезаурусты қолданып көріңіз. Сөздердің бір жолдан екінші жолға ауысып тұрғанына көз жеткізіңіз. Сіздің жазатын соңғы сөзіңіз қорытынды ойды түйіндеудің сипаттамасы болғаны жөн.
Енді сізге ашылған шындықтың әртүрлі қырлары туралы ой жүгіртіңіз. Құдайдан нені білгіңіз келетінін және оны өмірде қалай қолдануға болатындығын көрсетуін сұраңыз.
61-ші күн –Електен өткізу
Шәкірт тәрбиелеудегі тәжірибеме көз жүгірткен кезімде, шәкірттерімнің рухани болып, қауым жетекшілеріне дейін өскендерін көргенде қатты қуанамын. Тімотеге арналған 2-хаттың 2:2-ші аятында айтылғандай керемет қуанышты күндер көп болмақ.
Сонымен қатар өзімнің көп уақытымды, күшімді жұмсаған, үнемі дұғамда болған шәкіртімнің Иемізден кетіп, Оны осы әлемнің тірлігіне айырбастағаны сияқты өкінішке толы күндер де аз болмады. Сол кездерде бар жұбанышым Киелі Кітап болған еді. Бұл маған Яһуданы еске түсірді. Пауылдың Димастан (Тімотеге арналға 2-хатының 4:10-шы аятында олардың күнәкар дүниені сүйгендіктен, Иемізден бас тартқандары туралы жазылған) және тағы басқалардан көңілі қалған. Бірақ мен үшін ең қажет аят – Жохан 6:66 еді. Исаның көптеген шәкірттері енді оның соңынан ерген жоқ! Олардың кетуі қайтымсыз болды. Олар ешқашан оралмады. Неткен өкінішті!
Иеміз бізді Өзіне қызмет етуге шақырғанда, бұлтсыз аспан мен қиындықсыз жолға бағыттайтынын уәде етпейді. Шәкірт дайындау жолы – қиын жол, Иса Мәсіх – біздің жетекшіміз және жол көрсетушіміз. Шәкірт дайындау жолына шақырылған соң, оның өзіндік құны бар екенін ұмытпаған жөн. Ия, біз шәкірт тәрбиелеу үшін алдымен өзіміз шәкірт болуымыз керек. Бізде жоқты бере алмаймыз. Егер Иса мен Пауыл және басқа да көптеген мықты ұстаздарды шәкірттері қалдырып кеткен болса, онда бізбен де солай болмайды деп кім айтты?
Сонымен шәкірттікті жол ортада тастап кететіндерге қатысты біз ұстанатын стратегия айқын. Бұл туралы Жохан 6:67-ші аятынан бастап сол тараудың соңына дейін жазылған аяттарында айтылады. Иса бұған қалай жауап берді? Ол шәкірттерін дайындауды жалғастыра берді. Оны тоқтату мүмкін емес. Ал сіз ше?
62-ші күн – Әрқашан дайын болу керек
Ізгі хабармен бөлісу мүмкіндігінің туындағанына таң болып, мен кідірместен Киелі кітабымды іздеп, сөмкемді ақтара жөнелдім. Таныстықтан басталған түскі ас көп ұзамай маңызды нәрсеге айналды. Менің алдымда отырған мына жас жігіт Құдаймен қарым-қатынасты іздеуде екенін анық түсіндім. Ақыр соңында сөмкемнен өзімнің Киелі кітабымды тапқан соң, мен Женядан Римдіктерге арналған хаттың 6:23-ші аятын оқып беруін өтіндім. Ол оқып жатқан кезде аят түсінікті болу үшін Көпірдің сүретін салдым. Біз Құдаймен қарым-қатынас жасаудың нені білдіретінін талқыладық, ол Мәсіхті өзінің Құтқарушысы әрі Иесі ретінде қабылдауға ниетін білдірді.
Сол күздің түскі уақытында Женямен орын алған осы бір жайт бізге неліктен үнемі сұрақтарға жауап беруге дайын болу керектігімізді көрсететін керемет мысал болды: «Сендер ұстанған үмітті түсіндіруді сұраған кез келген адамға жауап беруге әрдайым даяр болыңдар» (1 Петір 3:15б). Мен сансыз рет Ізгі хабарды басқалармен бөлісемін деп ниеттеніп шығып кететінмін, бірақ осы әрекеттерімнің барлығы тек жай ғана дән сепкенмен бірдей болды. Бұл жолы мен бөлісуді жоспарламаған едім, алайда күтпеген жерден өздігінен осындай керемет мүмкіндік туды. Осыған дейін істегендерімнің барлығы мені осы бір кездейсоқ кездесуге дайындағандарын түсіндім.
Құдай мені бар мейірімділігімен Женяның жүрегінде басқалар сенім тұқымын сепкен дәндерінің егінін жинау үшін пайдаланды. Осы бір өмірден алынған мысал бізге Мәсіхтің ізбасары болу туралы әрқашан насихаттауымыз керектігін, тіпті түскі асқа бара жатсақ та әрдайым дайын болуымыз керектігін есімізге түсіреді!
63-ші күн – Мәсіхке еліктейтіндер
«Осылай жақсы көріп, Құдайдың Ізгі хабарын ғана жеткізген жоқпыз, жүрегімізді де алдарыңа жайып салдық, өйткені сендер бізге сүйкімді болып кеттіңдер» (1 Салониқалықтарға 2:8).
Өмірлерімен бөлісу арқылы шәкірт дайындау: Пауыл, Силас және Тімоте болған кезде бұл термин енгізілмеген болса да, олар оның пайда болуына түрткі болды. Бұл аятта Пауыл Салоникалықтарға олардың қалай шәкірт болғандарын естеріне салады. Олар жай сөзбен үйретіп қана қоймай, өз өмірлерімен де бөліскен еді. Салоникалықтарға арналған хаттың 5-ші тарауында олардың арасында өздерінің өмір сүргендері туралы әңгімелейді. Ондағы мақсаты салоникалықтардың олардан тәлім алып, Мәсіхке еліктеулері болатын.
Пауыл олардың қалай шәкірт болғандарын суреттеу үшін үш сөзді ғана қолданған болатын. Оларды жігерлендірді, жұбатты және өз өмірлерін Құдайға лайық етуге шақырды.
Пауыл, Силас және Тімоте Мәсіхтің өмірін үлгі етті. Олар өз өмірлерімен бөлісу арқылы шәкірт тәрбиелеу туралы керемет сабақтар беріп кетті. Олардың арасында өмір сүргендіктен, оларды жақсы білді. Оларды жақын білген сайын, рухани бастаудағы келесі қадамды жасауда қалай көмектесетіндерін анықтай алды.
Ия, өмірлерімен бөлісу арқылы шәкірт тәрбиелеу – бұл жан-тәнімен берілуді, арнайы уақытты арнауды талап етеді, бірақ дегенмен өз басым мұның барлығы осындай құрбандыққа тұрарлық екенін айтқым келеді. Пауыл өз өмірі арқылы біреуді Мәсіхке еліктеуге шақыру нағыз «қуаныш» деп атағанда дұрыс айтқан екен.
64-ші күн – Шәкірт өзін лайықты түрде ұстамаған кезде
Сізге өзін лайықты түрде ұстай алмайтын бауырласыңызды түзеткен ұнайды ма? Өз басым ештеңе айта алмаспын, алайда кеңес беру біздің тәлімгерлік тәртібіміздің бөлігі болып табылады; Киелі Жазбалар басқа сенушілерге қарсы тұра алуымыз үшін оларды шын жүректен сүюге шақырады. Тімотеге арналған 2-хат 3:16-аятында төрт сөз арқылы Құдай жолында рухани қалпымызға келудің негіздері сипатталған екен.
Тәлім беру. Біреумен қарсыласпас бұрын сұрақ қойыңыз: Ол шәкірттіктің не екенін біледі ме? Ал егер біреу деструктивті сынға алса онда, ол «Киелі кітаптағы сыни рух туралы ілімді түсінеді ме?» деп сұраңыз. Егер сіз ол адамның бұл туралы еш түсінігі жоқтығын байқасаңыз, онда ол адаммен Киелі Кітаптағы маңызды шындықтарға қысқаша түсініктеме беріп кеткеніңіз жөн.
Әшкерелеу. Бұл сөз әшкерелеуді немесе сендіруді білдіреді, бәлкім, келесідей: «Менің мына бір байқаған нәрсемді айтуға рұқсат бересіз бе?» деп сұрағанда, егер ол адам «жақсы» десе, өзіңіздің айтар ойыңызды жалғастыра беріңіз. «Бәлкім қате естіген шығармын, бірақ сіздің топқа жаңадан келген шәкірт туралы бірнеше ауыр сөздер айтқаныңызды байқадым. Бұл әрекетіңіз Киелі Жазбада жазылғанға сәйкес келмейтін сияқты. Менің не айтпақ болғанымды түсіндіңіз бе?» деп сұраңыз.
Түзету. Түзетудің жақсы жағын алыңыздар: «Мен де кейде дөрекілік танытумен күресемін. Біреулер туралы айтуды өмірімізден алып тастауға қалай қарайсыздар?».
Әділдікке тәрбиелеу. Сонымен Киелі Сөзді дұрыс тәрбие беруге, жасампаздыққа үйретуге және рухани өмірлерін нығайту үшін қолданыңыздар. Нәтижесі баяу, алайда соңында мәсіхшілікке талпыну болмақ.
Қарсыласу тәуекелділікті талап етсе де, ол міндетті деп саналмайды. «Бір-бірімізге деген ескертуді», Киелі кітапта берілген нұсқауларға сәйкес «шындықты сүйіспеншілікпен айту» арқылы іске асыра алатынымызды білгендеріңіз жөн.
65-ші күн – Жасырын қазынаны іздеу
Күтпеген жерден жақын досым маған ақшалай сыйлық табыстаған еді. Аптаның қарбалас күндері болғандықтан ол сыйлықты кейінірек банкке апарамын деп жоспарлап ас үйдің үстеліне қалдырып кеткен едім. Үйге қайтып келсем досымның берген сыйлығы орында жоқ. Үйдің барлық жерін қарап шықтым, еш жерден таппадым. Қатты уайымдадым.
Бәріміз де өмірімізде бір нәрсені жоғалтқан едік, ол нәрсе қымбат болғандықтан оны іздеп табу үшін барлық күш-жігерімізді салғанымыз бар. Нақыл сөздерде өзімізге қымбат нәрсені іздейтініміз туралы айтылады.
«Көмілген күміс пен қазынадай іздесең, сонда Жаратқан Иені қастерлеуді ұғарсың, Құдай жайлы білімді иемденіп аларсың» (Нақыл сөздер 2:4,5).
Осы үзіндіде айтылып тұрған нәрсе – даналық. Оны қайдан табамыз? Оны тек Құдайдың Киелі Сөзінен ғана таба аласыз. Біз бүкіл үйімізді ақтарып жоғалтқан затымызды қазынаны іздегендей іздеп шығамыз, бірақ неге біз Киелі Кітаптың рухани қазынасын іздеуге ұмтылмаймыз? Киелі Кітаптан жасырын қазынаны іздеу үшін біраз уақыт бөлуді ұмытпаңыздар.
Кешке қарай қоқыс жинаушының қоқыс жәшіктерінің бірін босатпағанын байқадым. Бірден сол қоқыс жәшігінің ішін ашып қарауды бастадым, таң қаларлығы, досымның берген керемет ақшалай сыйлығын соның ішінен таптым. Қатты қуанып кеттім және Иемізге бірден алғысымды білдірдім!
Алайда ең бастысы Иеміздің бізге арнап қойған Өзінің керемет, өмір сыйлаушы қазыналары бар екеніне қуанышты болайық. Ал сіз осы аптада Құдайдың Киелі Сөзін қаншалықты бар ынтаңызбен оқитын боласыз?
66-ші күн – Иемізге мойынсұну үшін уақыт таппай жатырсыз ба?
Құдай әрқайсымызға Өзіне мойынсұндыру үшін ерекше мүмкіндіктерді ұсынады. Әрине, өз жоспарларымыздан бас тарта аламыз және Оны барынша анық тыңдау үшін келесі әрекеттерді орындағанымыз жөн:
Тыңдауға машықтаныңыз. Өзімнің жатын бөлмемде тыныш кезде Құдайды тыңдауға машықтанамын, өйткені осылай істеу арқылы бұл әлемде Оның дауысын тани алатын боламын.
Адал болыңыз. Кейде ешнәрсеге мойынсұнғым келмей, өз дегенімді ғана істеуді ойлайтын кездерім болады. Ондай кезде өз сезімдерімді Құдайға ашық түрде айтатын болсам, Оның даусын естуге мүмкіндігімді одан сайын арттыруым мүмкін.
Басқалардан өзгеше болуға дайын болыңыз. Кейде мойынсұну біртүрлі болып көрінеді. Марта сияқты, көптеген адамдар табысқа жетуіміз үшін көп жұмыс істеуіміз керек деп санайды. Өз міндетімізді асыра орындаймыз, себебі бұл басқаларға әсер етуі мүмкін. Егер біз бос болып қалсақ, басқалардың бізді жалқау немесе рухани надан, тіпті еш пайдасы жоқ деп ойлағандарынан қорқамыз. Бірақ егер мен әр сәт сайын Құдайға мойынсұнғым келсе, онда Көктегі Әкеміздің маған қалай әрекет ету керектігімді, нені айту керектігім түралы беретін барлық нұсқауларын міндетті түрде орындайтын боламын. Иеміздің басшылығы сізге немесе басқаларға біртүрлі болып көрінетіндігінен қорыққаныңыздан қанша рет «жоқ» деп айттыңыз? Қанша адам Елазардың өліп жатқанын біліп, Исаны тағы екі күн қалғанда Оның Өзін біртүрлі сезіндіруге тырысты? Әрине, мұны Мария мен Марта басында түсінбеген еді. Сол сияқты, мойынсұнушылық кейде бізге жат болып көрінуі мүмкін.
Біздің басты міндетіміз – кейде сезімдерімізге ерік бермей, сәт сайын Иемізге мойынсұну; сол мойынсұнушылық сәттерді Иемізді дәріптеуге арналған түскілемге тоқуымыз керек.
67-ші күн – Лауазымдық нұсқаулықтар
Топтың бірқалыпты және тиімді жұмыс істеуі үшін әр мүшесінің өз міндеттемелерін алдын-ала білгендері маңызды болып табылады. Өйткені осы міндеттемелерге сай әр топ мүшесі басқалардың одан не күтетінін жақсы түсінетін болады.
Қауым да топ болғандықтан, Құдай бізге Ефестіктерге 4:11,12-ші аяттарында қауым міндеттемелеріне қажетті нұсқаулықтарды береді. Негізінен: бағушы тәлімгерлік ету керек, ал қауым мүшелері оқуға деген құлшынысы бар, әрдайым дайын жүретін, тапсырылған жұмыс жүктемесін тиімді атқаратын шәкірттер болулары керек.
Шынайы өмірден алынған оқиға: бір адамға қауымның бағушысы болуға ұсыныс түскен еді. Ол адам сол қауымға барып, өзінің керемет уағызын айтып, қауым ішіндегі жағдайды сараптап бақылағаннан кейін, ұсыныстан бас тартты. Неге деп ойлайсыздар? Ол қауым мүшелерінің өздерін тек көрермен ретінде ұстайтындарын байқады. Олардың басты әдеттері бағушының атқаратын қызметін бақылап, оны өзара сынға алулары еді. Оның осы айтқан пікірін қауым жиналысында жариялаған кезде, кейбір қауым мүшелері: «Мұны айтуға қалай батылы жетті деп!» ашудан жарылып кете жаздады. Бірақ араларынан кейбіреулері орнындарынан тұрып, бұл адамның дұрыс айтқанын мойындаған кезде ашудың толқыны бәсеңдей бастады. Олар бірігіп дұға етіп тәубеге келгеннен кейін өздерінің ол адамға мұқтаж екендерін түсініп, қайта қоңырау шалып, ол адамның сол қауымның бағушысы болуын өтініп сұрады. Ол келісті. Қауым мүшелері бағушының керемет дайындығына мойынсұнған кезде сол қауым көп жарылқау мен батаға ие болды.
Ефестіктерге арналған хаттың 4:11,12 аяттарын оқып шығыңыз. Бұл аятта жазылған сөздер міндеттемелер тізімі немесе берілген ұсыныстар емес екеніне баса назар аударыңыздар. Бұл аяттар Құдайдың нұсқауымен берілген әр қауымды дұрыс құрудағы басты кілт болып табылады. Жай көрермен болуды доғарып, шәкірттік қатынасты қабылдауға уақыт келді емес пе? Әр мүшесі өз міндеттемесін білген қауым ғана керемет жетістіктерге жете алады.
68-ші күн – Айту
Адамның басына түсетін ең ауыр жаза немесе жанын жегідей жейтін ауыр жара – бұл оның басқаларға керексіз, тастанды болып сезінуі немесе шеттетіліп қалуы болар. Адамға айырылысу мен ажырасудың ауыр болатыны да сондықтан. Кейбір жағдайларда ата-аналарының үнемі ұрыс-керістеріне, жанжалдарына немесе ажырасуларына куә болған балалар білместіктен өздерін ешкімге керексіз деген қорытындыға келуі мүмкін.
Алайда біреуге керексіз немесе тастанды болып қалуға қарсы күресудің жолы ретінде «бір-бірлерімен бөлісу керек» дер едім. Бұл жерде Ишая 62:2b-5 аяттарына назар аударғандарыңызды қалаймын, өйткені бұл Құдайдың Өзінің таңдаулы халқына арнаған сөздерінің ішіндегі мықты үзінділерінің бірі: «Жаратқан Ие саған қойған жаңа атыңмен аталатын боласың. Сен Құдай Иеңнің қолында патшаның керемет әдемі тәжі іспетті болып көрінесің. Бұдан былай ешкім сені «күйеуі тастап кеткен» деп атамайды… Қайта, сені «Қуанышым» және жеріңді «Келіншек» деп атайтын болады. Себебі Жаратқан Ие саған қатты қуанады…».
Адамға Құдай туралы айтпас бұрын, ең алдымен ол адаммен тілдескен жөн. Иса: «Өз «қойларым» даусымды естіп, бағынады. Мен оларды жақсы білемін, олар Маған еріп жүреді» (Жохан 10:27) деген. Бүгінгі күннің өзінде Иса Мәсіх бізбен тілдесуде. Егер құлақ салып Оны тыңдайтын болсақ, Ол тек бізге ғана емес, сонымен қатар біздің атымыздан да сөйлей алады. Ол бізді төгілген қанымен сатып алды және біздің есімдерімізді Өзінің алақанына ойып жазып алды (Ишая 49:16).
Осындай қауіпсіздікте болу сізге ұнайды ма?!
69-ші күн – Кішкентай көздер мен құлақтар
Үлкен ұлымның інісіне қандай да бір маңызды шындықты түсіндіре бастаған кезде басын бір жаққа қисайтып тұратын бейнесін жақсы көремін. Ол әдетте өзінің «ересек» дауысымен жақында менен үйренген нәрсені сөзбе-сөз жиі қайталап інісіне айтып беретін. Айтып болғаннан кейін мен жаққа күлімсіреп қарап, көздерімен: «анашым, сенің айтқандарыңды түсіндім. Мен сенің айтқандарыңды естідім» дегендей болады.
Күйеуім екеумізде ұлдарымыздың жүректерін жақсылыққа баулып өсіруге орасан зор мүмкіндіктер болды. Себебі осылай істеу арқылы ұлдарымыздың өмірлерін жақсы жаққа бағыттадық. Өмірімдегі ең үлкен жетістігім – Исаны жақсы көретін, адал өмір сүретін, даналыққа ұмтылатын және айналасындағы адамдарды сүйетін екі адамды тәрбиелей алғандығым дер едім.
Балаларыма Құдайдың кім екенін, Оның оларды қаншалықты жақсы көретінін және Оның олардың өмірдегі мақсатын түсіндіре алуым үшін, ең алдымен, Құдайдың кім екенін, Ол мені қаншалықты жақсы көретінін және Оның менің өмірдегі мақсаты қандай екенін білуім керек болды. Шынымды айтсам, баларымды үнемі үрейде ұстап, қорқынышта өмір сүруге үйрету әлдеқайда оңайырақ болар еді. Бірақ солай істеген болсам онда бұл әрекетім балаларыма рухани зорлық жасағаныммен тең болып табылады.
Кішкентай көздерді өзіме қаратып, құлақтарын мені тыңдату әрине оңай болған жоқ. Үнемі «жеткіліксіз әрекет етудемін, ниетім дұрыс емес, Ғаламторда тым көп уақыт өткізудемін, тіпті өз үйімді тазалықта ұстай алмаймын» деген сенімсіздік айналымына жиі түсіп қалатынмын. Бірақ, шүкір, Құдай менің адалдығымды бағалайды, тағы бір мүмкіндік береді және мен арқылы не істеп жатқанын көрсетуге тырысады.
70-ші күн –Рухани өміріңізді үнемі сараптап отырыңыз
«Құдаймен қарым-қатынасымды жаңарту үшін және мәнді ету үшін не істеуім керек?» деген сізде сұрақ туындауы мүмкін. Ол үшін мына берілген бірнеше ойтолғауларға назар аударып көріңіз:
Жүрегіңіздің түкпірін тексеріп көріңіз. Мына қарбалас өмірде өз күнәңізді мойындамаған кездеріңіз болды ма? Біраз кідіріп, Забур 139:23,24 оқып, дұға еткеніңіз жөн.
Ойланбастан дәл қазір әрекет етіңіз! Құдайдың сізді нақты бір іс-әрекетті орындауға қанша рет итермелегеніне қарамастан, Оның айтқанын орындамаған кезіңіз болды ма? Бәлкім кейінге қалдырмай, Иеміздің бұйырған нәрсесін орындайтын уақыт келген болар.
Күнделікті рухани азық табу. Құдайдың Киелі Кітабын күнделікті ашып, Оның сізбен тілдесуіне мүмкіндік жасадыңыз ба? Иеміздің сізбен күнделікті сөйлескісі келетінін білгеніңіз жөн! Өзіңіз елемей жүрген Киелі Кітапты оқитын уақыт келген болар.
Өміріңіздегі тепе-теңділікті үнемі тексеріп отырыңыз. Өмірімізде орын алатын теңгерімсіздік біздің кесірімізден әбден болуы мүмкін. Сақтықтықта қорлық жоқ дегендей, өзіңіздің күнделікті ұстанатын күнтізбеңізді тексеріп көріңіз, бәлкім рухани өміріңізде маңызды болып саналатын (мысалы, ғибадат ету, дұға ету, ораза ұстау, қарым-қатынас құру, Ізгі хабарды тарату және т.с.с.) нәрселерді орындамай жүрген шығарсыз? Күнделікті өміріңіздегі іс-әрекеттерді қайтадан қарап шығудың уақыты келді.
Тыныштықты сақтаңыз. Мүмкіндігінше қоршаған ортаның шуынан өзіңізді аулақ ұстаңыз. Сөйлемеуге тырысыңыз, ол уақытты Құдайға бағыштаңыз және оны мұқият тыңдауға тырысыңыз. Мені таңқалдырған бір жайт, қауымдағы рухани практикаларда таңғы астан кейінгі сағатты «үнсіздік уақыты» деп айтады. Ол кезде ешкімге сөйлесуге болмайды! Өйткені бұл Құдайға бар назарымызды аударатын уақыт.
Мәсіхшілік өміріңіз үнемі өңделіп тұруы керек. Құдайға алғыс білдіретін, Оны мадақтауға себеп болатын өміріңіздегі Оның жасаған барлық нәрселерін жиі есіңізге түсіріп отырыңыз.
71-ші күн –Тәлімгерлік етудегі сапар
Елші Пауыл тәлімгерлік еткен адамдардың рухани жолда қандай кедергілерге тап болатындарын жақсы білді. Өзінің елшілік сапарларында әрқашан Барнаба, Силас және Лұқа сияқты серіктері қасында болған. Әрине, олар оны жігерлендіріп, сенімін нығайтуына күш беретін. Осы уақытқа дейін ол Иеміздің жолында басқа адамдарды шәкірт ете алатындарды адамдарды дайындады.
Тағы бір мысал ретінде Тімотені айта кетуге болады. Ол Лүстраға қарай сапар шеккенде, Пауыл осы бір болашағы жарқын жас жігітпен кездесіп, оны өзімен бірге сапарда серіктес болуына шақырып, оны сүндеттеген болатын. Тімоте Пауыл үшін «сенімдегі шынайы ұлы іспеттес» болды, сонымен қатар ол Тімотенің Ефестіктер үшін қауым бағушысы болатынына сенім артты (Елшілердің істері 16:1-3; Тімотеге 1-хат 1:2,3).
Өмірінің соңына таман Пауыл өзінің жас ізбасарына басқалармен бірге саяхатын жалғастыруды бұйырды: «Өзің менен естіп, көптеген кісілер растаған шынайы ілімді басқаларға да тәлім беруге қабілеті бар, сенімді жандарға аманатта!» (Тімотеге 2-хат 2: 2) деген болатын.
Жақында мұндай сапардың бүгінгі күнде қандай көрініс алатынын көруіме мүмкіндік туды. Ерлерге арналған бір іс-шарада Петір өзінің қауымындағы Виктор есімді азаматқа қалай тәлімгерлік еткенімен бөлісті. Содан кейін Виктор шәкірттіктің арқасында тәлімгерлік етуге дайын болғанын, ол үшін осыған мұқтаж сенушіні іздеуге тура келгенін айтып, Игорь есімді адамды шақырды. Ал Игорь қазіргі уақытта жасөспірімдердің өмірлерінде қалай тәлімгерлік етіп жатқанымен бөлісті.
Сонда мен олардан: «Неліктен мұндай сапарға шықтыңдар?», – деп сұрадым. Сол кезде Петір де, Виктор де, Игорь де бір адамдай: «Құдай бізге шәкірт дайындауды бұйырады!» деп жауаптарын берді.
72-ші күн –Сәтсіздіктің екінші жағы
Біз бәріміз қателесеміз, бірақ сол қателіктеріміздің бізді құртып жіберулеріне жол бермеуіміз керек. Мысалы, Петір Исадан бас тартқанда сәтсіздікке ұшырады. Бірақ кейінірек біз Киелі Рухқа толы, қайсар, батыл, осы уақытқа дейін айтылған ең мықты Ізгі хабарды уағыздаған Петірді көреміз (Елшілердің істері 2:14-41). Иса Петірдің сатқындығына қалай жауап берді? Қайта тірілген Мәсіх Жохан 21-де Петірдің қызметін қайта қалпына келтіргені туралы айтылады.
Ал Құдай біздің сәтсіздіктерімізге қалай жауап береді? «Сүрінсе әділ жан, біржола құламайды, Жаратқан оны қолынан демеп қолдайды» (Забур 36:24). Иврит тіліндегі «сүріну» сөзін «сәтсіздікке ұшырау» деген сөзбен теңестіруге болады. Құдай ешқашан бізден бас тартпайды. Сәтсіздікке ұшырағанымызбен, жолы болғыш емеспін деп өзімізді атаудың еш себебі жоқ.
Исаның сізге не айтып тұрғанын естідіңіздер ме? Ол: «Мен сенің қиын кезеңдерден өтетініңді білемін. Ондай кездерде сен үшін өмір біткендей болып көрінуі мүмкін. Бірақ мен сені қалпыңа келтіру үшін емес, әлсіздігіңе күлу үшін де емес, күнәңді ақтап алу үшін де емес, Мен сенің қасыңда болып қолдау көрсету үшін келемін. Сәтсіздік деп санайтын нәрсені мен саған Өзімнің күшімді көрсетудің мүмкіндігі деп қабылдаймын. Кемшілік деп санайтыныңды Мен Өз рақымымды сезіндірудің мүмкіндігі деп қабылдаймын. Мен сенің сәтсіздігіңнің жетістікке ұласуына мүмкіндік бердім. Ендігі таңдау өз еркіңде» деп бізге жауап береді.
73-ші күн – Күш-бірлікте
Маған мына бір нәрсе қызықты болды.
Құдай мені зейнетке шыққан, жоғары жетістікке жеткен, өмір бойы шәкірттік еткен адаммен кездестіріп, ол екеуміздің достығымызды одан сайын нығайтты. Бірде мен одан Құдай жолында осыншама ұзақ уақыт бойы қалай тұрақты, берік және адал қызмет етуге болатынын білгім келетіндігімді айттым және сол туралы сұрақ қойдым.
Қойған сұрағыма жауап ретінде Нақыл сөздер 28:13-ші аятын айтты.
Ондаған жылдар бұрын ол кішігірім Киелі Кітапты оқытатын ерлер қауымына қосылған екен. Бір күні кезекті жиналыстан кейін үйіне келіп, әйеліне ол қауымнан кеткісі келетінін айтты. Ол бірден оған «жоқ» деп жауап берді. «Қауымдағы жігіттермен кездесуден кейін үйге үнемі көтеріңкі көңіл-күймен келесіз. Қауымды тастап ешқайда да кетпейсіз!» деді әйелі.
Ол сол қауымда қала берді.
Біртіндеп қауым өзгере бастады. Ер адамдар өздерінің жараларын, әлсіз жақтарын, ешкім білмейтін ішкі күрестерін ашып, бетперделерін шеше бастады. Бір жігіт мақтаншақтықпен күрессе. Басқасы ашуланшақтықпен күресуде. Тағы біреуі порнографиямен күресіп жатса, екіншісі ішіндегі тамыры тереңге жайылып кеткен өз-өзіне көңіл толмаушылықпен күресуде екен.
Нақыл сөздер 28:13 олардың мәселелерінің шынайы көрінісі еді. Олар үнемі кездесуге, бір-бірімен ашық болуға, бір-біріне дұға етуге, бір-бірін жігерлендіруге міндеттеме алды. Өзара бөлісетін ақпараттарды құпия ұстауға уәделескен екен. Бірақ арасында сөзге де келіп қалулары мүмкін болған екен, өйткені олардың әрқайсысы өз әлсіз жақтарымен күресуде еді.
Сол қауым мүшелері 40 жылдан астам уақыт бойы үнемі кездесіп тұрады екен және өмірден өтіп кеткендерінше кездесіп тұратындарына уәделескен екен. Сол жігіттердің бір-біріне есеп беруі, жігерлендіруі және қолдауы – менің зейнетке шыққан шәкірттік досымның өмір бойы Құдай жолында болуының басты себебіне айналған екен.
Нақыл сөздер 28:13-ші аятына сай қауымды құрудың немесе іздеп табудың уақыт келді емес пе? Өзіңіз елестетіп көріңізші, сондай қауымның мүшесі болу сіздің рухани өміріңізде Құдайдың жолында адал болуыңыздың мықты тірегіне айналады деп ойламайсыз ба?!
74-ші күн – Сіз әлі де рухани жетілудесіз бе?
Бізге Петірдің 2-хатының 3:18-ші аятында былай деп бұйырылған: «Иеміз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің рақымына кенеліп, Оны жақынырақ танып білуде өсе беріңдер!». Сонда біз рухани жетілуіміздегі жетістіктерге қол жеткізетінімізді қалай білеміз?
Рухани өсу деңгейіңізді анықтауға тырысу – емен ағашының қаншалықты өскеніне қараумен тең – дәл қазір оның өсіп жатқанын көре алмайсыз, бірақ оны бұрынғы күйімен салыстыра аласыз. Төменде берілген 10 сұрақ сіздің қаншалықты деңгейде рухани жетілгеніңізді анықтауға көмектеседі. Бұл сұрақтарды соңғы 6 – 12 айдағы өзгерістерді бағалау үшін қолдана аласыз.
Сіз Құдайға одан сайын ұмтылудасыз ба?
Сіз басқалар үшін жиі өзіңіздің қалауыңызды, жоспарларыңызды немесе өз құқықтарыңызды құрбан етіп, қоршаған адамдарға деген терең сүйіспеншілікті сезінудесіз бе?
Сіз Құдайды білгендіктен сезімтал бола бастадыңыз ба?
Сіз Құдайдың Киелі Сөзін жиі басшылыққа алатын болдыңыз ба?
Сізді өзгелердің физикалық және рухани қажеттіліктері көбірек алаңдата ма?
Сізді Қауым мен Құдай Патшалығы туралы ойлар мазалайды ма?
Сіз үшін рухани сабақтар маңызды ма?
Өзіңіздің күнә жасайтыныңызды мойындайсыз ба?
Сіз өзге адамдарды бұрынғыдан да тез кешіретін болдыңыз ба?
Сіз Көктегі Мәңгілік өмір мен Иеміз Иса Мәсіх туралы ойланасыз ба?
75-ші күн –Сайыңыз құрғап кеткен кезде
«Содан соң Жаратқан Ие Ілиясқа сөзін арнап былай деді: «Бұл жерден шығысқа қарай, Иордан өзенінің арғы жағындағы Хорат сайының маңына барып жасырын. Мен құзғын-қарғаларға сені тамақтандыруды бұйырдым, ал суыңды сайдан ішерсің». Ілияс Жаратқан Иенің айтқан сөзіне сәйкес Иордан өзенінің шығысындағы Хорат сайының маңына барып, сонда тұрып жатты. Ол сайдың суын ішіп, таңертең және кеште қарғалар оған нан мен ет әкеліп отырды. Бірақ елде ешқандай жаңбыр жаумағандықтан, біраз уақыттан кейін сайдағы су тартылып, құрғап қалды» (Патшалықтар 3-жазба 17:2-7а).
Кейде Құдай бізді екінші сайға жіберу үшін бірінші сайды құрғататын кездер болады.
Бес жыл бұрын мен өзімнің «сайымда» өркендеп жүрдім. Өзімнің қызметім арқылы бүкіл әлемдегі адамдарды – әскери адамдар мен шетелдік шәкіртерді тәрбиелеуге қатыстым. Барынша өзімнің мықты жақтарымды қолдануға тырыстым, бірақ ешқашан өзімнің қауіпсіз сайымнан шықпағанымды түсіндім!
Кейін сайым құрғап кетті. Құдай мені жасырынып отырған қауіпсіз бөлмемнен жарық әлемге шығарды. Қазіргі шәкірттік қызметім жеке тұлғалық дер едім. «Жоқ» деп бас тартуым үшін маған барынша ашық әрі батыл болуым керек болды. Партаға отырғызып үйрете алмайтын шәкірттердің арқасында шыдамдылық пен төзімділікке үйрендім. Мен тәлімгер ретінде ғана емес, сонымен қатар шәкірт ретінде де өстім.
Ілиястың суы құрғаған кезде, Құдай оның қажеттіліктерін қамтамасыз ететін жесір әйелге жіберді. Біздің сай кеуіп қалған кезде сүрініп, қайғыға батуымыз мүмкін, бірақ біз Құдайдың адалдығына сенім артуымыз керек. Оның бізге беретін жаңа орны бізге қажет нәрселерден болмақ.
76-ші күн – Тәжірибелік сабақтар …
Басқаларға рухани өсуге көмектесу үшін бір жыл көлемінде он бауырлас бірігіп топ құрып үнемі жиналып тұрады. Әрбір бауырлас дұға ете отырып жас сенушілердің бірін өз қанатының астына алады. Жиналыстарының басы бауырластардың әрқайсысы апта ішінде өзінің шәкіртімен қалай жұмыс жасағандары туралы баяндаудан басталады. Бұл жайт біздің көзімізді ашты, ойымызды жандандырды, Құдайдың рақымдылығына бөлендік. Біздің бір-бірімізге есеп беруіміз – шәкірт дайындаудың сапасын арттырудағы керемет әдіс екенін түсіндік.
Бір жыл бойы өзіміздің қауымда Ізгі хабар мен шәкірт тәрбиелеу туралы бірнеше семинарлар өткіздік, сонымен қатар тәлімгерлікке дайын сенушілерді дұға етіп жаңа адамдармен шәкірттік қарым-қатынас орната алулары үшін оларды үнемі шақырып тұратынбыз. Әрекетсіздік танытудан Ізгі хабарды таратудың еш мәні болмас. Сенушілер өздерін басқаларға тәлімгер бола алатындығын көрсете салысымен, Құдай біздің қауымға жаңа адамдарды келтіре бастады. Адамдардың көпшілігі қауымға теология мен берілетін ілім үшін емес, шынайы қарым-қатынастың арқасында тартылатындарын түсіндім және қауымның дұрыс бағытта келе жатқанын көргеніме өте қуаныштымын. Ғибадат ету қызметінен кейін адамдар бір-бірімен тілдесуге, дұға етуге және кеңес алулары үшін бірнеше сағатқа қалып қоятын. Шәкірттік үйдегі топтарда да дами бастады. Шәкіртік сенушілердің бойындағы рухани дарындардың ашылуларына, оларды пайдалануға және өздерін қажет сезінуге мүмкіндік берді. Шәкірт тәрбиелеу әр қауым мүшесінің өмір салтына айналған кезде ғана қауым дұрыс бағытта өзгеретін болады.
Шәкірт тәрбиелеу қымбатқа түседі. Сіз үйді немесе шәкіртіңізді тез арада тік тұрғыза алмайсыз. Шәкірттік уақытты, ақшаны, кейде тіпті сіздің жүрегіңізді талап етеді. Ішіп-жеу, шәкіртіңіздің мәселелерін шешуге көмектесу – осылардың аяқталатын күні болады ма? Күндердің бір күнінде шәкіртіңіздің өзгелерді шәкірт ете алатын сәті келгенін түсінетін боласыз. Ол кезде сіз енді «рухани ата» боласыз! Осыған дейін істегендеріңіздің барлығы осы бір сәтке тұрарлық дер едім!
77-ші күн –Егер мен қайта өмір сүре алғанымда
Киелі Кітапта жетістіктер туралы ғана емес, жеке адамдар мен ұлттардың сәтсіздіктері туралы да айтылады және бұл айтылғандар бізге сабақ болулары тиіс. Қысқаша айтқанда, өткеннен сабақ алуымыз керек. Егер мен өзімнің сәтсіздіктерім мен қателіктерім туралы сіздермен жеңіл әрі сыни көзқараспен бөлісе алатын болсам, оларды қайталамауға шақырсам, онда бұл дұрыс бастама. Егер мен тым болмаса бір адамға өзім жасаған қателіктерімнің бірін қайталамауға көмектесе алсам, бұдан артық қуаныш болмас.
Егер мен өз өмірімді қайта сүре алатын болсам, келесі өзгерістерді енгізуге тырысар едім:
Құдайдың маған арнап қойған мақсатын орындауда батылдық танытып, ешнәрседен қорықпас едім.
Балаларымның балалық шағында олармен бірге уақытымды ғибадат етуге, рухани тәртіпке үйретуге арнап, өмірден ләззат алуға көбірек уақыт бөлетін едім.
Мен Құдайдың бізге берген құдіретті уәделеріне жүгініп, Одан оң батасын берумен қатар керемет жетістіктерге жетуіме көмектесуін сұрайтын едім.
Құдайдың рақымымен мен азғырулар мен күнәлардан тезірек бас тартар едім.
Мен сынақтар мен сәтсіздіктерді мінез-құлқымның түзетушілері ретінде қабылдар едім.
Мен көбірек адамдарға жетекшілік етіп, оларға сақтықтық танытпауымды сұрар едім.
Мен өмір бойы Киелі Кітапты оқу және Киелі Жазбаларды есте сақтауға арналған жеке өзіме құрған бағдарламамды ұстанар едім.
Өмірлік хоббиімді ертерек тауып алар едім.
78-ші күн –Қиянат ету
Тәлімгерлер өз шәкірттеріне қиянат жасай алады ма? Жасай алса қалай жасайды?
Егер тәлімгер шәкіртін өзіне тиесілі ретінде қарайтын болса. Бұл, әрине, ДҰРЫС ЕМЕС! Петірдің 1-хатының 2:9-шы аятында құтқарылған әрбір адамның иесі Құдай деп жазылған. Өйткені шәкірт тәрбиелеу қысқа мерзімдік нәрсе, сіздің басты мақсатыңыз шәкіртіңізді рухани өсіру және Құдайдың оған арнап берген мақсатына сай қызмет етуге жіберу үшін ғана тағайындаласыз.
Өзін Құдаймен тең дәрежеде ұстау. Бір кездері бағушым маған Құдайдың еркімен осындай колледжге осындай күні түскенімді хабарлады. Алдын ала кешірім сұраймын! Иә, ол адамның бойында Киелі Рух бар, бірақ ол өзі Киелі Рух емес қой. Әрине, өзіңіздің шәкіртіңізді бақылай отырып ұсыныстар мен кеңестер беру өте жақсы және қажет дер едім. Алайда өзінің ойын Құдайдың еркімен ұштастыру – бұл өзін Құдаймын деп атаумен тең емес пе?! Қойылған шекарадан аспауға тырысыңыздар.
Біз Мәсіхтен қалай үлгі алғанымыздай шәкірттеріміз де солай Одан үлгі алса екен дейміз. Қорынттықтарға арналған 1-хат 11:1.
Өз шәкірттеріне бала сияқты қарау. Бұл жерде Пауылдан үлгі алғанымыз жөн болар. Тімоте Жаңа Өсиет сахнасына алғаш шыққан кезде, ол тәлімгерлікке мұқтаж жасөспірім еді. Қорынттықтарға 1-хаттың 16:10-шы аятында бұл туралы не делінген? Тімотенің мәртебесі Пауылсыз өзі жеке қызмет етуге өскендігін айта отырып Пауыл оған мақтау айтады. Жаңа туылған мәсіхшілерге бала сияқты қарауды доғарайық. Олар бізді әлі-ақ таңдандырулары мүмкін. Бір күні олардың рухани жетілуі мен тиімділіктері біздікінен асып түсуі мүмкін!
79-шы күн –Рухани ықпал ету
Рухани жетекшіліктің ең қарапайым анықтамасы – бұл ықпал ету: яғни басқалардың Құдайға деген көзқарастары мен әрекеттеріне әсер ету дер едім. Біздің бүкіл әлемге деген өз көзқарасымыз болуы керек. Бірақ біз бүкіл әлемге қызмет ете алмаймыз. Құдай бізге ерекше жауапкершілік ретінде берген шағын топқа қызмет етуіміз керек.
Олар кімдер дейсіз ғой? Отбасыңыздан – жұбайыңыздан, содан кейін балаларыңыздан бастаңыз. Ата-анаңыз, басқа туыстарыңыз, сізбен бірге жұмыс істейтін адамдар туралы не деуге болады? Айналаңызға қараңыз. Құдай сізге қызмет ету үшін қажет барлық адамдарды берді. Осыдан мынандай сұрақ туындайды: Иса Құдайды шәкірттеріне танытқандай, сіз де осы адамдарға Құдайды танытуға күш салудасыз ба? Құдайды таныту деген нені білдіреді?
Айналаңыздағы адамдар сіздің өміріңізден махаббат пен қасиеттіліктің өсуінің дәлелін көрулері керек. Сүйіспеншілік – бұл басқаны еркін қабылдап, оның жақсылығын іздейтін риясыз қамқорлық. Ал қасиеттілік, кішіпейілділіктен басталады деп сенемін. «Ал Тәңір Ие бізге (арам құмарлықтарға қарсы тұруға) рақымын молынан сыйлайды» (Жақып 4:6). Құдай қарсы болса, ешкім де рухани ықпалын тигізе алмайды. Бірақ Құдай рақымын Өзіне мойынсұнғандарға молынан сыйлайды.
Рухани жетекшіліктің мәні – басқаларға Құдаймен қарым-қатынас құруларына әсер ету – яғни «өзімізді емес, Мәсіх Исаны уағыздаймыз, Ол — Жаратқан Ие, ал біз Исаға бағышталып, сендерге қызмет етеміз» ( Қорынт.2 4:5).
80-ші күн –Соңғы сөз
Өміріңіздің соңғы сәті келіп жетті деп елестетіп көріңіз. Бұл сіздің осы әлемдегі соңғы күніңіз және сіздің жаныңызда өзіңізді жақсы көретін адамдар болу бақытына ие екеніңізді білесіз. Ешкімнің де сізге олармен бірге болатын уақыттың шектеулі екенін еске салудың қажеті жоқ. Сонда сіз оларға не айтар едіңіз?
Ең алдымен Исаның соңғы айтып кеткен кейбір сөздерін еске түсірейік. Иса: «Күллі халықтарға барыңдар! Оларды Менің шәкірттерім етіңдер!» (Матай 28:19) деді. Ол бұл сөздерді көкке көтерілудің алдында шәкірттеріне айтқан болатын. Олар тәлімгерлік етуге дайын болды, өйткені Ол өмірінің соңғы үш жарым жылын оларға шәкірттік етуге арнаған еді. Ол Өз ілімін олардың жүректеріне қалай құйған болса дәл солай олар да басқалардың жүректеріне жеткізулерін бұйырды. Оның осы айтып кеткен соңғы сөздері біздер үшін, Оның бүгінгі ізбасарлары үшін қаншалықты маңызды? Бұл дегеніміз Иса Құдайдың Киелі Сөзін Өз жүрегінде ұстағандай біз де оларды өз жүректерімізде сақтап алуымыз керек.
«Күллі халықтарға барыңдар! Оларды Менің шәкірттерім етіндер!» деген сөздер сіз үшін қаншалықты маңызды? Осы сөздерді өзіміздің өмірлеріміз арқылы көрсету жеткілікті ме? Осы сөздерді негізге ала отырып маңызды шешімдерді қабылдайсыз ба? Әлде осы сөздерге жауап ретінде өмір сүру салтыңызды өзгертуіңіз керек пе? Бір сәтке, Исаның айтқанын дәл орындап, Иса сияқты шәкірт дайындасаңыз, сіздің өміріңіз қандай болатынын елестетіп көріңізші.