Біз не нәрсеге сенеміз
- Көне Өсиет пен Жаңа Өсиет Құдайдың жетелеуімен жазылған, онда еш қате жоқ, ол сенім және өмір үшін жеткілікті, ең түпкі және ең жоғарғы бедел.
- Әке, Ұл және Киелі Рух; үшбірлік болып ашылған Жалғыз Құдіретті Құдайға сенеміз.
- Иса Мәсіхтің толық құдайлық қасиетіне, Оның Киелі Рух арқылы керемет жолмен құрсаққа бітіп, пәк қыз арқылы дүниеге келгеніне сенеміз.
- Адам ата мен Хауа ана Құдайдың бейнесіне ұқсатылып жаратылды; алайда олар күнәға батып, соның салдарынан тәни ғана емес, рухани да өлі болды, сол себептен қазір бүкіл адамзат күнәкар болмыспен туылуда, әрі Құдай алдында айыпты.
- Иеміз Иса Мәсіхтің біздің күнәмыз үшін өлгеніне, әрі Оның өлімі арқылы құтқарылуға ие болатынымызды жариялап, Оған сенсек, Құдаймен тура қарым-қатынас орнатамыз.