2:7
Қолостықтарға арналған хат 2:7
Шәкірттер дайындауға арналған серия
2:7-серияcы – қатардағы қауым мүшелеріне шәкірт дайындауды үйретуге арналған жаңа бағдарлама. Бұл серия – көп дұға етіп, зерттеу жүргізіп, қауымдарда бірнеше сынақтан өткізіп және, алған тәжірибеге сүйеніп, осы материалды түзетіп қайта жазудың нәтижесі. Бұл серия қатардағы қауым мүшелерін рухани жетілдіріп, нығайтуды көздейді және алты жеке курсқа бөлінген. Жеке курстарға арналған материалдардың барлығымен қоса, мұнда жатталуға арналған 65 аят бар. Бұл аяттар “Тақырып бойынша жаттау жүйесіне” (Topical Memory System) кіреді. Сонымен бірге бұл курстың құрамында “Шәкірттер дайындау жоспары” (Design for Discipleship) атты бағдарламасы да бар. Бұл бағдарлама Киелі кітап оқу сабақтарына арналған. Осы материалдардың екеуін де NavPress ұжымынан алуға болады.
Неліктен бұл бағдарлама 2:7-сериясы деп аталалады? Бұл атау Қолостықтарға 2:7-аятының сілтемесі бойынша қойылды. Мұнда Пауыл елші Жаңа Өсиет заманындағы қауымға былай деп үндеу жасайды: “Негіздерің Мәсіхте болып, терең тамыр жайып, өсе беріңдер: өздеріңе үйреткен сенімді мықтап ұстанып, Құдайға шексіз алғыс айтатын болыңдар”.
2:7-сериясының мақсаты қандай? Қолостықтарға арналған хатта Пауыл арқылы Киелі Рухтың айтқан сөздері осы жаттықтыру бағдарламасының мақсаттарын анықтайды, демек бұл серия:
- Мәсіхшіге Исамен тығыз байланыста болу арқылы рухани өсуге және сенімін нығайтуға көмектеседі. Осы курстар сериясы Киелі кітапты оқып үйренудің, аяттарды жаттаудың, Құдаймен бірге қуанышқа толы өмір сүрудің және Ізгі хабарды нәтижелі таратудың әдістері мен жолдарын көрсетеді.
- Сенушіге күнделікті өмірінде Құдайға риза болуды және мәсіхшілік өмірдің тұрақтылығы мен қисындығын сезуді үйретеді.
- Сенушіге маңызды нұсқаулық береді. Демек, сенуші маңайындағы адамдардың өмірлеріне әсер ететіндей үлгілі мәсіхшіге айналмастан бұрын осы дайындықтан өтуге тиісті.
2:7-сериясының нәтижесі қандай болады? Бұл серияға негізделген дайындықтан өткен көптеген сенушілердің бойында игі қасиеттер қалыптасты, осы арқылы мұндай сенушілер жауапкершілігі зор тапсырмалар алып, жергілікті қауымдарында едәуір тиімді қызмет атқаратын болды. Осындай сенушілердің Құдаймен тығыз байланыста жүріп, рухани өскені олардың отбасыларына да игі ықпалы мен көмегін тигізді. Бұл сериядағы курстарды тамамдағаннан кейін осы жетілген мәсіхшілер басқа сенушілерге рухани өсуге көмектесудің және сенбеушілерге Ізгі хабарды жеткізудің тиімдіәдістерімен таныс болады.
- 2:7-сериясындағы алты курстың әрқайсысы 12 сабақтан тұрады.
- Студенттердің сабақта мұқият болуы үшін, әрбір топ сегіз адамнан аспауы қажет, әрі сабақ ресми түрде емес, еркін күйде өткені жөн.
- Ағылшын тіліндегі алты курстық нұсқа ендігіден былай басылып шығарылмайтын болды. Алайда өзгертілген үш курстық нұсқа қажет болса, NavPress ұжымына тапсырыс беруге болады. Орыс тіліндегі нұсқа жүктелмейді, әйтсе де Шәкірттер дайындау 2:7 сериясының орыс тіліндегі нұсқасына тапсырыс беріп, алуға болады. Ал Орталық Азия ұлттар тілдерінде жазылған алты курстың барлығы да жүктеледі.
Курс жайлы сипаттама:
1. Осы бірінші курста Мәсіхпен тығыз байланысты нығайту үшін маңызды қадамдар жасайтын боласыз. Сіздің мәсіхшілік өміріңіз төмендегі қадамдар арқылы қалыптасады:
- Киелі кітапты ынтамен оқып үйрену
- Киелі жазбадағы бес маңызды үзіндіні жаттау және аяттарды жаттау қаншалық қажет екеніне көзіңіз жететін болады
- Құдаймен тұрақты әрі мәнді уақыт өткізу, тыныш уақыт кезінде келген ойларды күнделікті жазып жүру
- Неліктен Иса өмірімізде бірінші орында тұратынын Киелі кітапан оқып, табу
2:7 Шәкірттерді дайындау бағдарламасының бірінші курсының басып шығарылған көшірмелерін тапсыру
2:7 Шәкірттерді дайындау сериясының қазақ тіліндегі бірінші курсын жүктеп алу
2. Екінші курста Мәсіхпен тығыз байланысыңызды әрі қарай нығайтуға мүмкіндік беріледі, сол арқылы Онымен қарым-қатынасыңыз едәуір мәнді, батаға толы және тиімді болады. Бұған келесі қадамдар арқылы қол жеткізесіз:
- Мәсіх өміріңізді қалай өзгерткені туралы куәлікдайындап, әрі оны әңгімелеп үйрену
- Құдаймен ұзақ уақыт оңаша болуды, сонымен қатар жарты күн мінажат етуді үйрену
- Мәсіхтің қалайша біздің өміріміздің Иесі болатынын оқып, талқылау
- Дұрыс теңгерімдегі (баланс) мәсіхшілік өмірдің аса маңызды салаларына қатысты 12 шешуші аятты жаттау
- Киелі Рухқа кенеліп өмір сүрудің қағидаларын қарастыру (демек Киелі жазба қағидалары)
2:7 Шәкірттерді дайындау бағдарламасының екінші курсының басып шығарылған көшірмелерін тапсыру
2:7 Шәкірттерді дайындау сериясының қазақ тіліндегі екінші курсын жүктеп алу
3. Үшінші курста сіз мәсіхшілік өміріңізді әрі қарай қалыптастырып нығайту жайлы ұсыныстар табасыз. Төмендегі қадамдар арқылы әрі қарай рухани өсе бересіз:
- Киелі жазбадағы ақиқаттар жайлы пайымдап үйрену
- Ізгі хабарды түсіндірген кезде “Көпір жайлы мысалды” қалай қолдану керек екенін үйрену
- Ізгі хабарды түсіндірген кезде қолданылатын12 шешуші аятты жаттау
- Мәсіхпен бірге жүрудің негізгі қағидаларын қарастыру
2:7 Шәкірттерді дайындау бағдарламасының үшінші курсының басып шығарылған көшірмелерін тапсыру
2:7 Шәкірттерді дайындау сериясының қазақ тіліндегі үшінші курсын жүктеп алу
4. Төртінші курста Иса Мәсіхке шәкірттер дайындау қызметінде әрі қарай жетілуге сізге мүмкіндік беріледі. Бұған төмендегі қадамдар арқылы қол жеткізе аласыз:
- Киелі жазбадан аяттар жаттауды, тыныш уақыт өткізуді және Киелі кітапты оқуды жалғастыру
- Мінезіңіздің әрі қарай қалай өзгеретінін білу
- Рухани жетілуге көмектесетін әр түрлі жаттығуларды қолданып үйрену
- Сенбеушілерге жеке куәлігіңізді әңгімелеуден және “Көпір жайлы мысалды” түсіндіруден бастау
2:7 Шәкірттерді дайындау бағдарламасының төртінші курсының басып шығарылған көшірмелерін тапсыру
2:7 Шәкірттерді дайындау сериясының қазақ тіліндегі төртінші курсын жүктеп алу
5. Бесінші курсты тамамдаған кезде сіздің өміріңізде мынадай өзгерістер байқалады:
- Киелі жазбаны тұрақты түрде жаттап, қайталап жүретін боласыз
- Киелі кітапты тұрақты түрде жеке оқып, өз сұрақтарыңызды жазып, топта талқылау жүргізе аласыз
- Құдаймен күн сайын тыныш уақыт өткізіп,Оның сізге Өз сөзі арқылы неайтқандарын жазып жүретін боласыз
- Адамдарға жеке куәлігіңізді айтып,оларға “Көпір жайлы мысалды” түсіндіре алатын боласыз
- Төрт рухани жаттығуды пайдаланып, апталық әрі күнделікті жоспар құру арқылы жүйелі өмір сүресіз
2:7 Шәкірттерді дайындау бағдарламасының бесінші курсының басып шығарылған көшірмелерін тапсыру
2:7 Шәкірттерді дайындау сериясының қазақ тіліндегі бесінші курсын жүктеп алу
6. Алтыншы курста сіз мына салаларда жұмыс істейтін боласыз:
- Мезгілді түрде “рухани түгендеу” өткізіп үйрену
- Мінажаттар тізімін неғұрлым тиімдірек қолдануды үйрену
- Құдай сөзі жайлы пайымдауды әдетке айналдыру
- Негізгі рухани жаттығуларды қолдану жағынан шеберлікті арттыра беру
- Киелі жазбадан аяттар жаттау, тыныш уақыт өткізу, Киелі кітапты оқу және жеке куәлікті әңгімелеу сияқты іс-әрекеттерді әдетке айналдыру
2:7 Шәкірттерді дайындау бағдарламасының алтыншы курсының басып шығарылған көшірмелерін тапсыру
2:7 Шәкірттерді дайындау сериясының қазақ тіліндегі алтыншы курсын жүктеп алу