Тәкаппарлық
Хосе Куберо! Хосе Куберо!
Әйгілі бір Испаниядағы бұқамен сайысушы. Өз маманын сүйетін 21 жастағы жас жігіт.
Бір ұзақ матчтың соңында ол соңғы рет қылышын алды да бұқаның ішіне сұғып алды. Содан бұқадан қан кетіп, жерге құлап түсті.
Хосе біраз жеңілденіп қалды, сайыс аяқталды, кері бұрылып айқайлап жатқан адамдар тобына басын изеді. Тек бір ғана мәселе – бұқа әлі өлмеген еді. Хосе жұртқа қолын бұлғап жатқанда, сол бұқа орнынан тұрып, Хосенің арт жағынан келіп, мүйізімен тура Хосенің жүрегіне қадалды.
Хосенің жарқын мансабы және оның өмірі сол күні біткен еді. Қанды оқиға. Не үшін мен осы оқиғамен бөлістім?
Өзіңізді Хосемін деп елестетіп көріңіз. Ал сол бұқа – өркөкіректік деп елестетіңіз. Суретті түсіне бастадыңыз ба? Өркөкіректік – барлығымыздың, әсіресе мәсіхші жетекшілердің өте қиын мәселесі.
Онымен күресу үшін күш салу және батылдық керек. Шайқас бүкіл өміріңіз бойы жалғасады. Бұл шайқасты сіз шыңдап қабылдауыңыз керек. Өкінішке орай, көп жағдайларда, өркөкірекке қарсы бірнеше жеңістен соң біз шайқасымыз осымен аяқталды деп, күзетімізді босата саламыз. Күтпеген сый! Дәл осы кез, бізге ауыр жарақаттар алып келетін уақыт.
Не үшін біз өркөкірекке қараймыз? Егер біз мәсіхші ретінде рухани өсуімізге шыңдап қарайтын болсақ, біз өркөкіректікпен міндетті түрде қақтығысамыз, ол ең ұлы біздің дұшпанымыз. Өркөкіректік сіздің барлық нәрсені білетініңізді, олардың барлығы сізде бар екені, уағызды тыңдау керек еместігі, Киелі Кітап оқудың қажет еместігі, ештеңе керек еместігі жайлы айтады. Өркөкіректіктің мағынасы- сізге ешкімнің қолы жете алмайтын және Киелі Рухтың ықпалынан бас тарту дегенді білдіреді. Сіз жетіп келдіңіз.
Шындық мынада – сіз өлмейіңізше, сіздің өміріңізден өзімшілдік өлмейді. Оны мәсіхшілік өмірдің құбыжығы деп бекер айтпаған.
Сондықтан бұл біздің назарымызды аударатын дұрыс тақырып және біз көп уақытымызды Нақыл сөздерге бөлуіміз бізді таңғалдырмауы керек.
Көне Өсиет заманында Нақыл сөздер жас еркектерді жетекші болуларына көмектесуге қолданылған және сол жетекші болу жолында көптеген жас еркектер осы өркөкіректік мәселесімен кездесетін болған, сондықтан Нақыл сөздер оған қарама қайшы тұрған.
Сіз құрылыс аймағына келгенде ескерту белгілері сіздің белгіленген пунктке жетіп алуыңыз үшін өзіңіздің көз алдыңызда болады. Нақыл сөздер – бұл Құдайға ұнамды өмірді құрудағы рухани қалыптасудың аймағы, сондықтан біздің бет әлпеттерімізде өркөкіректік жайлы ескертпе белгілері барлық жерлерімізде бар екеніне таңғалмаңыз. Біз оларға қарау керекпіз.
Бізге өркөкіректікпен күресетін кез келген көмек қажет, сондықтан келіңіз сол жайлы сұрайық.
Әке,
Әрбір жалғызбасты адам өркөкіректік не екенін біледі. Әрбір адам одан опық жеген. Әрбіріміз онымен күресуде көмекке мұқтажбыз. Әрқайсымыз. Біз Сенің алдыңда мұқтаждар ретінде тұрмыз, өміріміздегі сол өркөкіректік құбыжығымен күресуде Сенің көмегіңді сұраймыз. Дәл қазір біздің назарымызды соған бұру үшін кедергі келтіретін кезкелген алаңдататын нәрседен босатшы. Біздің істеу керек болған тізімімізді және біздің уайымдарымыздың тізімін ығыстырып қоюға көмектесші. Осы зерттеу Сен үшін болсын, Исаның атымен сұраймын. Аумин.
Келіңіздер, алдымен өркөкірек адамның мәселесі ретінде Жаратылыстың басталуы кезінен бастап болғанын еске түсірейік. Жаратылыстың басталуы әлемнің жаратылысы жайлы кітап, сондықтан өркөкіректік адамның ретсіздігінің себебінен сонау әлем жаратылысынан бастап орын алғанына таңғалмаңыз.
Сонымен, Жаратылыстың басталуы сол өркөкіректік жайлы айтылатын ең жарқын мысал шығар.
Жаратылыстың басталуы 11: 1-4
Жер бетіндегі бүкіл адамзат бір тілді, бірдей сөздерді қолданды. Адамдар шығыс жақта көшіп қонып жүргенде Шинар жерінде бір жазық алқапты тауып, соған орналасты. Олар бір-біріне: «Келіңдер, кірпіш құйып, отқа күйдірейік!» — деді. Сонымен олар тас орнына күйген кірпіш, әк орнына қарамай қолданды. «Өзімізге қала және төбесі көкке жететін зәулім мұнара тұрғызып алайық. Осылайша өз атымызды шығарайық, сонда біз жердің түкпір-түкпіріне бытырап кетпейміз», — десті.
Біз кереметпіз! Аспанға жететін мұнара соғып, өзімізді жоғарылатайық! Біз өмірденде үлкенбіз!
Бұл тәуелсіздікті жариялау – Құдайдан. Бұл өзіңді өркөкіректікпен мойындау. Ал Құдай мұндайлармен не істемек?
Жаратылыстың басталуы 11:5-9
Ал Жаратқан Ие көктен түсіп, адамдар тұрғызып жатқан қала мен мұнараға көз салып, былай деді: «Олар біртұтас халық болып, бірдей тілде сөйлеп, мынаны істей бастады. Бұдан былай олар ойындағыларын жүзеге асырмай қоймайтын болады. Енді Біз жерге түсіп, бірін-бірі түсінбеулері үшін олардың тілін шатастырып жіберейік». Осылайша Жаратқан Ие адамдарды сол жерден бүкіл жер бетіне бытыратып жіберіп, қала құрылысын тоқтатты. Сондықтан қалаға Бабыл деген ат қойылды, өйткені Жаратқан Ие сол жерде бүкіл әлемдегі тілді шатастырып, адамдарды жер бетіне бытыратып жіберді.
Құдайдың өркөкіректерге жауабы жалғыз ғана. Бұрмаланған жоғары күтулерден басталған нәрсе, соңында хаоспен аяқталады.
Нақыл сөздер 29:23
Менмендік адамның мерейін түсірер,
Кішіпейілдік оны құрметке жеткізер.
«Өркөкірек адам төмендетіледі» дегеннің мағынасы Құдай алдында масқаралықпен бүгілуіне тура келеді. Тарихтың өнегесі мынада, егер сіз өзіңізді жоғарылатсаңыз, сіз құлайсыз. Егер кішіпейіл болсаңыз, онда жоғарылайсыз.
Бабыл мұнарасы эпизоды Жаратылыстың басталуында барлық ұрпақтың барлық ерлеріне өркөкіректің азғынына оңай түсіп қалуы және оның салдары өте ауыр болатыны жайлы ескертеді.
Бірақ өркөкіректік – бұл оп-оңай азғыру, бізді дұрыс бағытқа түсіру үшін бізге көптеген ескертетін белгілер қажет.
№1 ескерту белгісі. Алда ешқандай ғанибет жоқ.
Нақыл сөздер 26:12
Өзін данышпан деп санайтыннан гөрі
Ақымақтан жұрт көбірек үміт күтеді.
Сіз өркөкіректік жолымен жүрсеңіз; сіз ешқандай рақат таба алмайсыз. Мұнда бізде даналыққа үміттенетін адам бар. Бірақ ешкім екінші атауға дайын емес. Өзгелердің емес, өзінің көз алдында – ол ақылды. Бұл өркөкіректік. Өркөкіректік – басқалардың ойын жоққа шығаратын, жалғыз менікі, өзімдікі, мен ғана маңыздымын деп айтатын кесім. Өркөкірек адам хормен былай дейді: «маған қарашы, мен ұлымын!» бұдан шығатын мақал: «анау жігітке қараңызшы, жақсылап қараңыз, Одан үлгі алыңыз!».
Ол өз ойымен құрастырып алған қасырда өмір сүреді. Ол өзінің болашағы жарқын болады деп ойлайды. Ол қателеседі. Өркөкірек адамның болашағы жұмақ болмайды. Өркөкірек адамның болашағы ақымақтыкінен де жаман болады. Ол адам өз қиялына батып, көзі көрмей қалған, ол Мәсіхке бет бұрмас алдын, сол қиял бұзылуға тиіс. Өркөкірек адамның екі мәселесі бар – надандық және өзін-өзі алдауы.
Матай 21:28-31
— Ал мына оқиғаға қалай қарайсыздар: Бір адамның екі ұлы болыпты. Ол біреуіне келіп: «Ұлым, бүгін жүзімдікке барып, жұмыс істеші», — деп тапсырғанда, баласы: «Барғым келмейді», — деп жауап қайырады. Дегенмен кейінірек онысына өкініп, жұмысқа барады. Әкесі екіншісіне келіп те дәл солай дейді. Бұл: «Жарайды, әке, барамын», — деп жауап берсе де, бармай қояды. Осы екеуінің қайсысы әкесінің еркін орындады? — деп сұрады Иса. Ел басшылары:— Біріншісі, — деп жауап бергенде, Ол былай деді:— Ендеше сіздерге шындығын айтайын: Құдай Патшалығына сіздерден бұрын (теріс жолдан қайтқан) салықшылар мен азғын әйелдер кірмек!
Исаның кезінде дінбасылары Оған қарсы тұрды; олар сол екінші категориядағы адамдар болды – олар Құдайдың еркін жасап жатырмыз деп айтты, бірақ ондай болмады. Сонымен, Иса салық жинаушылармен жезөкшелер жұмаққа барады деп солардың алдында айтқанда, сіз білесіз олар төбе арқылы барды.
Салық жинаушылардың адамдарды алдау беделі болатын. Салық жинаушылармен жезөкшілер қоғамның азғындығы еді. Бірақ сол дінбасылары тек надан ғана емес, бірақ сол өзін өзі алдау оларға сіңіп қалған еді. Олар өркөкірек болды. Олар Киелі Жазбаны жақсы білеміз деп ойлайтын. Олар өздерінің жасанды әдет-ғұрыптарымен әрлі-берлі жүріп, өздерін көктің сақшыларымыз деп ойлады. «Балақай, бізде бірге рухани өміріміз бар ба?».
Сол дінбасыларын осы сөздер жеп қойған шығар. Олардың көздерінің шығып кеткенін сіздер көре аласыздар. «Салық жинаушылармен жезөкшілер бізден де жоғары болып, рухани сызықтан асып кетті ме сонда? Бата мен сый – біздің болашағымыз деп ойлап жүрсек, Ғалилея аймағынан келген мынау жігіт басқаша айтып жатыр ма сонда?»
Өркөкіректерге құтқарылу қиын, себебі олар өз өздері жайлы түсінікте мүлдем дұрыс емес және сол түсініктерін түзетудегі кез келген айғаққа олар қарсы болып тұрады. Біреу осы үзіндіні оқып шығып былай деген екен:
“Құдайым, мені осындай үмітсіз адасудан сақтай гөр. Менің өркөкіректігімді және қиялдағы даналығымды төмендет. Мені басымнан аяғыма дейін мойынсұнуға киіндіре гөр.”
Осындай дұғамен сиыну керексіз бе? Құдайға жолдан алып тастауға керек болған өркөкіректік қасырларын құрып жатырмыз ба? Егер ешкім бізді даналы деп санамаса, онда шындыққа шыңдап қарау керек шығар.
Бұл №1 өркөкіректік жайлы ескертпе белгінің мағынасы басымызға рақаттану емес, жайсыздық деген мағынаны білдіреді.
№2 ескерту белгісі – алда күштің болмауы.
Жақында футбол командасы ойыннан жеңіліп қалғанда, ашуға толған жанкүйерлер төрешіні ұрып тастауға тырысты. Мәселенің тамыры неде? Олар №1 еді, олардан сұрап көріңіз – олар жеңіліске ұшырағанда олардың қолдарынан соны түзету келмеді. Жеңіліске ұшырағанымызбен біз келіспейміз! Біздің өркөкірегімізбен істес болудан бас тартайық. Төрешілер бар. Келіңдер соны ұрып соғайық!
Нақыл сөздер 27:1,2
Мақтанба ертеңгі күніңмен,
Сол күннің не әкелерін білмейсің сен.
Басқа сені мақтасын, өз аузың емес,
Басқаның сөзі, өз тілің емес.
Өркөкірек адам болашақты алдын ала айта алуға қабілетсіз. Маңызды сөз – «мақтану». Бұл дегені ертеңгі күнді жоспарламау деген мағына емес. Бұл дегені ертеңгі күніңе ақша жинама деген сөз емес. Бірақ өзіңе тиісті емес нәрсемен мақтану – бекершілік.
Исаның астарлы әңгімесін еске түсіріңіз:
Лұқа 12:16-20
Бұдан кейін Иса оларға мына астарлы әңгімені айтып берді:— Бір бай кісінің егіндік жері мол өнім береді.
Ол ішінен: «Не істесем екен? Астығымды жинап қоятын жерім жоқ, — деп ойланады.
— Былай істеймін: қамбаларымды бұзып, үлкейтіп қайтадан саламын. Соларға бүкіл астығым мен мал-мүлкімді жинап қоямын. Сосын өзіме: көп жылға жететін мол қорың бар, енді демалып, ішіп-жеп, көңіліңді көтер деймін».
Бірақ Құдай оған: «Ей, түйсіксіз пенде, бүгін түнде жаның алынады! Сонда сенің жиып-тергенің кімге қалады?» — дейді.
Біздің барлығымыздың болашамызды білгіміз келеді. Біз біле алмаймыз. Біреу Исаны Құтқарушым деп қабыл алуды ертеңгі күнге қалдыра тұрайын десе, ол өзінің өмір сүрем деп айта алуымен мақтанып, өркөкіректік көрсетіп жатқаны. Ал таң ертең ол өліп кетуі де мүмкін. Біреу адамның тіпті бір сағаттық қолдан жасалынып алынған қауіпсіздігі жоқ екенін білгеннен артық өзімізді ешқашан қауіпсіздірек екенімізді сезіне алмайтыны жайлы айтқан. Егер де осы біздің көз қарасымыз болса, біз Құдайға үміт артайық – бұл біздің басымызды келеңсіздіктерден сақтайды!
Нақыл сөздер 27:2
Басқа сені мақтасын, өз аузың емес,
Басқаның сөзі, өз тілің емес.
Өзімшіл адамның бағалайтын күші жоқ.
Бір әйгілі актриса өзінің дұрыс көйлектер киюімен барлық еркектерді алақанымда ұстайтынымды өте жақсы білемін деп айтқан. Бұл өз өзіңді жоғарылатуға жатпай ма? Шынайы мақтау – үстіңе киіп жүретін керемет киімді өзіңіз емес, басқа біреу сізге соны кигізсін.
Жақия пайғамбар Исаның құлы болып кебісін әперуге де тұрмаймын деген. Иса оның мойынсұнушылығына Жақиядан басқа бақыттырақ адам жоқ деді. Жақия пайғамбар мақтау киімін кимеген. Иса оны соған Өзі кигізді. Бір Римдік жүзбасы Исаны оның үйіне келуіне лайық емеспін деген. Иса оның сеніміндей сенімді бүкіл Исраилде таппағанын айтады. Сол жүзбасы мақтау киімін киген жоқ, Иса оны оған кигізді.
Біз өзіміздің әлсіз және мықты жақтарымызды көру үшін өз-өзімізге өте жақын тұрмыз. Дауыстап айтылатын баға және мақтау тек өзгелерден келуі керек. Бір неше ай бойы менің көңілімді қалдырған жоба үстінде жұмыс істедім. Мен Құдайдан көмек беруін сұрай бердім, сұрай бердім. Көп тер төгілген соң, ақыры, мен біраз нәрсені түсіндім және менің бірінші реакциям қандай болды? «Вау, мен керемет жұмыс жасадым ба?!» Өз өзіме мақтау айттым. Өзімшілдік құбыжығы тез бет алды!
Өзімшілдік киімін киген жалғыз мен емес шығармын, мүмкін.
Бұл №2 ескерту белгісі.
Мен болашағымды алдын ала айтуыма және бағалауға күшсізбін. Уайымдамаңыз. Бірақ оданда көбірек ескертпе белгілері бар:
№3 ескертпе белгісі – алдағы уақытта абырой атақ жоқ. Нақыл сөздер 21:24
Өркөкірек, паң адамды мысқылшыл дер,
Асқан менмендікпен ол әрекет етер.
Осы аят не жайлы айтып жатқанын түсініп жатсыз ба? Өзімшіл, өркөкірек адам ол өзін бірнәрсемін деп санайды. Иә, ол солай да. Ол өзі ойлағаннан да төменірек. Шын мәнінде ол еврей тіліндегі ең ұлы мысқылшыл болып саналады. Өзімшіл адам өзінде жоқ абырой атаққа таласады. Мен осы кезде 21 ғасырдағы әйгілілік жайлы ойлап отырмын. Сіз ғаламтордан да және теледидардан да әйгілі адамдар жайлы жаңалықтар естисіз. Олар кімдер? Олардың бет әлпеттері әдемі болғанымен, олар жиі үйленіп, ажырасудан басқа, басқа бір нәрселер жасайды ма? Бұл біздің әлемнің болмашы нәрселерге жалпы кез келген назарларымызды аударатынымыз жайлы айтады.
Біздің қоғам өркөкірек адамдарға табына алады және оларға бір қаһармандары ретінде қарайды, олардың суреттерін біз табынуымыз үшін плакаттарға іліп қоямыз. Бірақ Құдай – адамдарды дұрыс атайтын Құдай, Оның мөрі еш жойылмайды.
Мысырдың перғауыны былай деген:
Мысырдан шығу 5:2
Алайда перғауын:— Мен айтқанына құлақ асып, исраилдіктерді жіберетіндей «Жаратқан Ие» деген кім? Мен «Жаратқан Иені» білмеймін де, Исраил халқын жібермеймін де, — деп жауап қатты.
Сол перғауын өзінің өркөкіректігі үшін өте қатты азаптанды. Абыройының жоғалтуы жайлы сөйлесейік! Өркөкіректік абыройсыз паң қалдырады. Осы аяттағы термин сөздер агрессияшыл өзін-өзі жарнамалау жайлы айтады. Өркөкіректік өзіне ойлап тапқан атақ – бұл өзін жоятын өркөкіректік. Өзіңізді беделдікке қойыңыз, сіз онда ұзақ уақыт тұра алмайсыз. Біздің әрқайсымыз көптеген осы сияқты мысалдар айта аламыз. Және егер біз алдын ала сақтық шараларын қолданбасақ, онда біздің әрқайсымыз солардың артынан барамыз. Біздің қаһармандарымыз шыныменде сол атаққа лайықты ма?
“Шындығы керек – біздің барлығымыз Құдайдың ауруханасындағы мүгедектерміз. Біздің барлығымыз моральдық және рухани түрде біз ойлағаннан да жоғары дәрежедегі аурулармыз және жарақаттанғанбыз, сырқатпыз және деформацияланғанбыз, кесілгенбіз және ұрынғанбыз, ақсақпыз және бірүйірліміз.”
Өркөкіректердің мақтанатын еш нәрсесі жоқ, себебі өркөкіректік жолы абыройға жетелемейді.
Қауымның іскерлік жиыны жайлы есеп беру жұмысы барысында мен бір үрей туғызатын шешімге қақтығысып қалдым. Бұл шешімді біздің дьякон қабылдаған еді. Барлық мәселе – ол жылдар барысында өте әсерлі сенуші болды, мен оған қарсы тұруға батылым бармады. Бірақ ол қабылдаған шешім сондай оғаш және маңызды еді, тіпті мен оның сытылып шығып кетуіне жол бере алмадым.
Сонымен мен сиындым, өзімді дайындадым және сол мәселені көтердім. Бірақ мен оны айтпас бұрын ол маған өзінің қателескендігі жайлы айтты…бұл менің оған деген құрметімді одан сайын көтерді. Ол өзінің қателегін тез мезетте мойындап, ешкімге кінә артпай, өзін ақтамады. Өркөкірек адам өзінің беделін ойлап, өтірік айтқан болар еді. Ол емес. Өркөкіректік абыройға жетелемейді. Бұл №3 ескерту белгісі.
№4 ескерту белгісі – алда ешқандай сақтық жоқ.
Нақыл сөздер 15:25
Жаратқан Ие менменнің үйін талқандар,
Ол жесірдің жерінің шекарасын қорғар.
Тонаушылар тобы бар жерде өмір сүру қауіпті. Бұл аят бізге қазіргі кезде Құдайдың тізімінде тонаушылар тобының өркөкірек мүшелері бар екенін айтады. Бұл адамдардың таңбалары бар, бірақ өздері оны байқамайды.
Осы аяттың қарама-қайшылығы өте мықты. Ол жорта және күшті. Тек ғана өркөкірек адаммен ғана емес, бірақ оның мүлкісін де ыдыратады. Өркөкіректердің мекені жойылады. Олардың құндылыққа, жетістікке және өзімшілдіктеріне деген жоғары көзқарастары – оларда ешқандай қорғаныс жоқтығында. Бүгінгі әлемнің өзімшілдігіне осы аяттың қатысуы жайлы ойлап көріңіз. Біз сізбен бірге аласа және темір қақпалары мен қауіпсіздік жүйелері орнатылған сәнді райондарынан өтіп шығуымыз мүмкін және солардан депрессияға ұшырауымыз әбден мүмкін.
Бұл аят бізге олардың қажет еместігін айтады. Құдай – жесірлермен қорғансыз адамдар мұқтаж болатын қорғаныс-пана. Ол 24 сағат бойы бізді Өз бақылауында ұстайды және тегін. Айтпақшы, жақында мен бір Құдайдан қорқынышы бар әкенің егер сен өз балаларыңды жоғалтқың келсе, өзіңді кемелмін деп ойла деп айтқанын естідім. Сіздің балаларыңыз сіздің олай еместігіңізді біледі және сіздің бас тартуыңыздан тойтарыс береді. Бірақ егер сіз балаларыңызбен өзіңіздің әлсіздіктеріңіз жайлы ашық болсаңыз, олармен шынайы және адал болсаңыз, онда олар сіздің шынайы және ең адал қорғаушыларыңыз болады, ал өркөкіректерде ондай қорғаныс жоқ.
Бұл №4 ескерту белгісі – қорғаныс жоқ.
Соңғы №5 ескерту белгісі – алда ешқандай параметр (шекаралар) жоқ.
Нақыл сөздер 21:4
Көз тәкаппарлығы, жүректің асқақтығы
Екеуі де күнә — зұлымның қылықтары.
Бұл дегені, өркөкіректік біздің өміріміздің бір ғана бөлігінде болуы мүмкін деген сөз емес. Өркөкіректік бізге тәкәппар түр береді, ол біздің жүректерімізді азғырады, біздің жұмысымызды бұрмалайды. Өркөкіректік өзімшіл адамның бүкіл өмірін бұрмалайды. Өркөкіректік ең жақсы әрекеттерді бұрмалайды, жүректегі әрбір ниетті бұзады. Сіз Мәсіхке деген сенімге келу сияқты өте ұлы өркөкіректікті көре аласыз ба?.
Кешіріңіз…маған Құтқарушы қажет деп айта гөрмеңіз. Мені ме? Неден маған құтқарылу керек? Мені күнәһар деп айыптап, мені төмендетпеңіз. Менде барлығы орнында және маған сыртқы көмектің қажеті жоқ. Өркөкіректік соқырлатады. Өркөкіректік соқырлатады.
Біздің жолымызда кездесетін өркөкіректіктің қаншалықты қауіпті екенін Нақыл сөздермен айтылған осы ескерту белгілері бізге соларды көрсетеді. Рақаттану жоқ, абырой жоқ, қорғаныс жоқ, шекаралар жоқ. Өркөкіректіктің жолы осындай алысқа апарса бізді таңғалдырмауы керек.
Нақыл сөздер 16:5
Жаратқан Иеге жексұрын — жүрегі паңдар,
Шүбә жоқ, жазасыз қалмайды олар.
Жексұрындық – еврейлердің жеккөруге қолданылатын ең күшті сөзі.
Жазалау. Белгілі жаза. Барлық өркөкірек адамдардың барлығы бірігіп жұмыс істемесіне қарамастан, Құдай бәрі бір олардың көзін құртады. Өркөкіректік жүректі Құдайдан алыстатады. Құдайды өркөкіректік ұрғанда, Құдай кері жауабын қайтарады ма деп таңғалуымыз керек пе?
Адамның өмірінің қай саласында өркөкіректік бар болса, Құдайдың сол жерді жарақаттайтын әдеті бар. Дәуіт көптеген адамдардың арасында атақты болды, содан Құдай барлығын аурумен жойды. Езекия өзінің қазынасымен мақтанды, оларды жаулар алып кетті. Көптеген тағы осы сияқты мысалдар келтірсе болады.
Өз өзіңізді жоғарылатудың нәтижесі апатты болады. Адамның кім екендігі және одағы бар нәрсе құртылады, тастың жерге құлауы сияқты немесе жоғары орыннан төменге түсуі сияқты.
Нақыл сөздер 16:5 Құдай ешбір өркөкіректі жазасыз қалдырмайды. Біз өркөкіректікпен өмірде жүргенде өте үлкен құн төлейміз.
«Кішіпейілділер бақытты» деген Исаның сөздеріне таңғалмаңыз? Бұл дегені кішіпейілді адамдар өте бақытты. Кішіпейіл жол – бұл дұрыс жол.
1 Петір 5:5-6
Сол сияқты, сендер де, жастар, жетекшілерге мойынсұныңдар! Бәрің де арақатынастарыңда әрдайым кішіпейілділік танытыңдар! Себебі «Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, ал кішіпейілдерге рақымын сыйлайды». Сонымен, Құдайдың құдіретті қолының астына бой ұсыныңдар; Өзі белгілеген уақыты жеткенде Ол сендерді жоғарылатпақ.
:5ші аяттың соңына назар аударыңыз. Егер сізді басқа ешнәрсе өркөкіректің жолында үрейлендірмесе, онда осы сөздер үрейлендіруі керек. Құдай тәкіппарларға қарсы тұрады немесе өркөкіректерге қарсы шығады. Құдай шыныменде сіздің қарсыласыңыз болғанын қалайсыз ба? Сіздің болашағыңыз қандай қорқынышты!
Бұл жерде бізге тек кішіпейілдерге ғана рақымын төгетіні жайлы айтылған. Сіз тіпті рақымсыз өмір сүруді қалайсыз ба? Өмір сіз ойлағаннан да қатыгез және оны да Құдайсыз және рақымсыз сүргіңіз келе ме? Мен олай ойламаймын.
Өркөкірек:
Күнәні мойындаудан бас тартсаңыз, бұл өркөкіректік. Қорған жұмыс істемейді. Сіз түзетулерді қабылдағыңыз келмеген кез – өркөкіректік. Сіз Киелі Кітапсыз да мәсіхшілік өмір сүре аламын десеңіз – өркөкіректік. Сізде барлығы орында екенін көрсету үшін бетперде киіп жүресіз – бұл да өркөкіректік. Сіз басқа сенушілерсіз өмір сүріп көрсеңіз осы өркөкіректік. Сізде барлығы бар және оны өзіңіз жасай аламын деп ойлауыңыз – өркөкіректік. Сіз өзіңіз жайлы тоқтамай айта бергенді ұнатсаңыз, бірақ басқаларды тыңдамасаңыз – бұл өркөкіректік. Сіз өз оқиғаларыңыздың қаһарманы өзіңіз деп ойласаңыз – бұл өркөкіректік. Сіз рухани енді маған өсудің қажеті жоқ деп ойласаңыз – бұл өркөкіректік.
Карнавалда болыппа едіңіз? Сонда жиі бір ойын болып тұрады, сіздің қолыңызға үлкен бір балғаны береді, сіз бір батырманы басу керек боласыз, оны бассаңыз екіншісі шығады.Сонымен сіз сол батырманы бастыңыз, екіншісі пайда болды. Менің не жайлы айтып жатқанымды білесіз бе?
Бұл егер біздің әрбіріміз өркөкіректікті шыңдап қабылдаған болсақ – болашақта не болатыны жайлы білуіміз. Сіздің өміріңіздің бір саласында өркөкіректік пайда болды делік. Оны дүрс ұрдыңыз. Анау жақта пайда болды – дүрс ұрдыңыз. Өркөкіректік – бұл сіздің өміріңіздің соңына дері күресетін құбыжық. Болашағыңызға қош келдіңіз!
Өркөкіректікке осындай көзқарас бізді мыналарға уәждейді деп үміттенемін: кішіпейіл болу үшін күнделікті сиыну. Сіздің рухани жетекшілеріңіз кішіпейілділікпен жүрулері үшін сиыныңыз.
Өркөкіректік пен кішіпейіл жайлы аяттарды жаттап алыңыз. Барлығына өркөкіректік соғысын жариялаңыз. Жақия Пайғамбардан үлгі алыңыз:
Ол жоғарылауы керек, ал мен төмендеуім керек.
(Осы мақаланың басым бөлігі Дэвид Хаббардтың «Нақыл сөздері»нен алынған)