Өзін-өзі ұстау
Сұрақ:
Рухани алыппен рухани нәрестенің ең негізгі айырмашылығы неде? Жауап: Өз-өзін ұстауда.
Сұрақ: Сапалы рухани жетекшінің өте маңызды құрамдас бөлігі не болып табылады? Жауап: Өз өзін ұстау.
Сұрақ: Болашақ ұрпақтың бойына ендіруге тиісті мінез құлықтың ең маңызды түрі қандай? Жауап: Өз өзін ұстау.
Өз-өзін бақылау(ұстау) Құдайдың алдында өте құнды, сондықтан біз соған шоғырлану керекпіз. 8 сұрақтар қойып және оларға жақсылап ойланып жауап беру арқылы сол жайлы көбірек біліп алайық.
Сұрақ #1 – Өз-өзін ұстау немесе бақылау деген не?
- Өз-өзін ұстау деген сізді түгелдей жаулап алу деген мағынаны білдіреді.
- Сіздің әртүрлі қалауларыңызды орнымен кезекте ұстап тұрады.
- Өз-өзіңді тәртіппен шектеп, марапаттауды ұтып алу.
- Өз құмарлықтарыңның тұтқыны болудан бас тарту деген сөз.
- Қажеттілікті анық көруіңіз үшін молшылықтан аулақ болу деген мағына.
- Бұл дегені Мәсіхтің артынан еру үшін кедергі келтіретін барлық нәрседен бас тарту деген сөз.
- Бұл дегені өзіңізде бардың бәріне риза болып, артық нәрселерден өзіңізді тоқтату.
Біз мәсіхші болған кезде Құдай біздің құмарлықтарымызды алып тастамайды, бірақ оларды бақылауға үйретеді. Олар біздің қожайындарымыз емес, құлдарымыз болып қалады.
Құдайдың отбасына қосылмас алдында сіз бұрын өз жұмысыңызды істеп жүрдіңіз, бірақ сіз Мәсіхтің артынан ере бастағанда, Киелі Рух сіздің өміріңізге келген сәттен бастап, Ол өз-өзіңізді жауапкершілікте өсуге, Оған мойынсұнып, бостандықта өмір сүруге көмектеседі.
Киелі Кітаптағы кезеңдерге қарайтын болсақ, өзін-өзі бақылай (ұстай) білген ел билеушілердің жеке бас қызығушылықтары бола тұра, олардың ел басқаруына кері әсер етуіне жол бермей, керісінше жағымды әрі ұнамды мінездерімен ерекшеленген.
«Өзін-өзі ұстау – бұл өзгелерге үлгі болатындай, өзін-өзіне шебер ететін адамгершіліктікті қалыптастыру».
Сұрақ #2– Өміріміздің қай салаларына өзін-өзі бақылау (ұстау) кіреді?
Өзін-өзі бақылау (ұстау) ол көптеген теледидар немесе газеттерде көрсетілетін нәрселер ғана емес, тілімізді тыюды білдіреді.
Ол біздің күнделікті көптеген жаңалықтарымызда кездеспейтін мінез-құлқымызды бақылауды қамтиды.
Ол сонымен қатар, жыныстық қалауларымызды бақылауды қамтиды. Қызықты мәлімет: Мэрилин Монро (әйгілі әнші болған) өлерінің алдында жыныстық қатынас яғни секс өмірінде бақылаусыз болып қалғаны соншалықты, тіпті ол үшін оның мағынасы жоғалғаны жайлы айтқан.
Өзін-өзі бақылау (ұстау) қаржыны даналықпен жұмсауды білдіреді. Бүгінгі күнде көптеген отбасылар мен мемлекеттердің қарыздардан арылмауы олардың қаржы мәселесіне албырт қарау себебінен болатынын көрсетеді.
Өзін-өзі бақылау (ұстау) автокөлікті жауапты түрде, байқап жүргізуді қамтиды. 1Петір 2:13 бізге адамның әрбір заңына бағыну жайлы айтылған, бұл дегені шектеулі жылдамдықты білдіреді.
Өзін-өзі бақылау (ұстау) дұрыс тамақтануымызды бақылауды қамтиды. Қаншама адамдар тамақты көп мөлшерде пайдалану арқылы өз денсаулықтарын құртып, өмірлерін қысқартып жатыр?
Өзін-өзі бақылау зиянды спирттік ішімдіктерді ішуді шектеуді қамтиды. Барлық маскүнем көлік жүргізушілер мен маскүнемдік әрекеттер айтарлықтай таңғалдырып жатады. Яғни бұл көлікті мас күйінде жүргізбеудің маңызды екенін көрсетеді.
Өзін-өзі бақылау жеке жайлылық, уақыт, сүйікті іс, мүлікті даналықпен реттеуді қамтиды.
Нәтиже: Өзін-өзі бақылау (ұстау) сіздің барлық жағыңызды қамтиды. Барлық нәрсені.
Сұрақ #3– Киелі Кітаптың қай жерінде біз өзін-өзі бақылайтын адамдарды кездестіреміз?
Әрине біз ең жақсы мысал ретінде бірінші Исаны қарастырамыз – себебі Оның бүкіл өмірі «А» өзін-өзі бақылауды (ұстауды) көрсетеді.
Ол адам бола тұра, өзін-өзі бақылап өсу керек болды. Ол тағы Құдайлық болмысы бола тұра, Өзі жаратқан жер бетінде жүріп, Иса Өзінің жастық шағына қатысты «бұл сондай жалықтырарлық іс» деп ешқашан шағым айтпаған. Ол Өзінің шақырылуына адал болды.
Исада Өзінің барлық дұшпандарын жойып жіберу күші болды. Бірақ Ол оны пайдаланбады.
Бізді таңғалдыратын және жүрегімізді ауыртатын аят Жохан 6:66 жазылғандай, көптеген Оның соңынан еруші шәкірттері Одан бас тартып, жалғыз қалдырып кетті. Иса оларды шәкірттікке ертуден бас тартсада болатын еді, бірақ Ол олай жасамады. Адамдардың көздері жабық болып, айқыш ағашта өз Құтқарушыларын өлтіріп жатқанына және азап шегуіне жол бергеніне қатты ашулануына болар еді. Бірақ Ол олай етпеді.
Тағы да өте маңызды сәттердің бірі – Иса Өзінің артынан ергендерге таңғалдыратын кереметтер жасады. Мысалы, Матай 23 тарауды алайық. Осы тарауда Иса жер бетінде шамнан алау шыққандай толқынды сөздер айтқан. Осы тарауды өз бетіңізше оқып, 27, 28, 31-33 аяттарын іріктеп шығыңыз.
Иса, Сіз кіммен сөйлесіп тұрғаныңызды білесіз бе? Сіздің тыңдармандарыңыз – бұл жетекшілер, өз мемлекетіңіздің дегдарлары. Сіздің сол ауыр сөздеріңіз қажет пе? Сіз олардың сезімдеріне қатты қысым жасап, ренжітіп және қатты шағыстырып жатырсыз. Сіз қалай өзін-өзі ұстауды көрсете отырып, соншалықты ашулы боласыз?
Жауабы – Оның тыңдармандары сол сөздерге лайықты болды. Ол өз елін тозаққа алып бара жатқан мемлекет жетекшілермен сөйлесті. Өткір сөздерге тең келми ме?
Бізге қатысты жолдау – барлығы жайлы кезде, адамдарға кері әсер ететін байланысқа лайқты бола тұра өзін-өзі бақылаушы болып қалу маңызды.
Ал, Исаның Құдайдың Киелі үйін екі рет тазартқаны жайында ше. Жохан 2:14 – бұл Исаның қызметінің басталу кезеңі еді. Ол өмірінің соңғы сәттерінде де дәл осылай істеді.
Неліктен осылай жасау Иса үшін дұрыс болды? Себебі ғибадатхана Иса үшін маңызды болды. Өзіңізге қауіп төндіретін нәрселерді қолдамайсыз. Кәсіпкерлер үшін көп табыс алып келетін қойма мен базарға айналған сол киелі үйдің алаңы еврейлерге ғана емес, барлық халықтардың Құдайға табынатын жері болуға тиіс еді. Бірақ оның орнына олар материализды орнатып, ашкөздікке салынды.
Иса бақылаудан тыс шықпай, өзін ұстай білді. Құдайдың киелі үйінде Исаның сөзін естіген адамдар неге лайық болса соны алады. Егер де бізде Иса жасаған іс әрекетінде мәселелер болса, онда біз табынудың киелілігін түсінбегенбіз.
Өзін-өзі бақылаудың киелі кітаптық басқа мысалдар:
Жүсіп – ол өзіне аяныш тудырмай, Патифардың әйеліне берілмеді, керісінше түрмеде жан сала еңбек етті. Күндердің күнінде, оның жағдайы өзгеріп, күші шексіз бола тұра ол ағаларымен кездескенде оларды өлтіруге немесе жазалайтындай оның билігі болатын бірақ ол олай жасамады.
Даниял – сиынудан бас тарпай, дипломатиялық түрде тиімсіз тағамдарды қабылдаудан бас тартты, бірақ ол дұшпандарына қарсылық жасамады.
Пауыл – 2 Қорын.11:23 ол түгелдей Құдай Сөзінде бағышталып, шоғырланды, талай өлім ауызында қалып, қарқынды қудалау кезінде де ол Құдайға қарай әрекеттенді.
Сонымен қатар, өзін-өзі бақылау жайлы жақсы мысалдардан бөлек керісінше мысалдарды да Киелі Кітапта көптеп кездестіре аласыз:
-Қабыл Әбілді өлтірді.
-Мұса таспен ұрып өлтірді.
-Самсон және оның әйелдері.
-Дәуіт және Берсабия
-Сүлеймен – қаншама әйелдері болды? Қаншама албырт шығын? Уағыздаушы кітабы – оның нақты өмірбаяны – бұл адамзаттың өзін-өзі ұстаудан әлдеқайда алыста болып, еңбек ететін адамдар жайлы жыр.
Сіз Көне Өсиетті қаншалықта көбірек оқысаңыз соншалықты бұл масқара тізімге басқада көптеген есімдердің қосылатынын байқайсыз.
Үлгілер маңызды. Солардың өмірлерін бірте-бірте қарастырып шығыңыз. Өзін-өзі бақылауды білген тұлғалар қандай баталарға ие болғанын көріп, ал оны қолданбаған адамдардың өмірінің жеміссіз болғанын қараңыз.
Сұрақ #4 – Киелі Кітап өзін-өзі бақылаутжайында не айтуы тиіс?
Нақыл сөздер 25:28
Өзіне ие бола алмайтын жан
Қорғансыз қаладай, қамалы құлаған.
Өзін-өзі ұстау жоқ болса қорғансыз қаланы елестетеді. Қорғансыз қаламен не болмақ? Ол нағыз осалды жер. Кез келген қарақшы немесе басқыншы келіп ойына келгенін істей алады деген сөз. Өмірдің әдеттегі жалықтыратын жұмысы мүмкін емес боп қалады. Қорғансыз қала әлсіз, пайдасыз және үмітсіз, қауіп қатерге есігі ашық және ешқандай өнімді әрекет жасай алмайды.
Дәл сол сияқты өзіне ие бола алмаған адам, намыстанған кезде, қызбалықпен өзіне мүмкін емес затты сатып алу үшін, жарнамаларға азғырылуы мүмкін немесе үңгірдегі жыныстық құмарлықтар жыртқыштары тамаққа және жемтігіне «жоқ» деп айта алмауға әкеліп соғуы мүмкін.
Өзін-өзі бақылай алмайтын адамның жағдайына қараңыз ол өзі тудыратын мәселелердің басты себепшісі өзі болып табылады. Бірақ ол өзін сол сәттегі әлсіз құрбандықпын деп санағынымен іс-әрекетінің соңы бақытсыздық және апатпен аяқталады.
Ал өзіне ие бола алмаған орта немесе қауыммен не болмақ?
2 Тім 3:1-3
Есіңде болсын, соңғы дәуірде қиын-қыстау күндер туады. Адамдар өзімшіл, ақшақұмар, мақтаншақ, тәкаппар, өсекшіл болып, ата-аналарына бағынбайды. Олар алғысты білмей, қасиеттіні танымай, ешкімді сүймей, ымыраға келмейді. Адамдар, сондай-ақ, жалақор, ұстамсыз, қатыгез болып, жақсылықты жек көреді.
Таңғаларлық жағдай емес. Себебі соңғы дәуір жайында айтылып, ол бүгінгі күні дәл біз өмір сүріп жатқан әлемді суреттеп отыр.
Сондықтан біз, назарымызды 1 Тімоте 3:2 ге аударамыз.
Ал қауым басқарушысының ешбір кінәратсыз таза болуы қажет: ол әйеліне адал, салауатты, байсалды, әдепті, қонақжай және қабілетті оқытушы.
Таңғаларлық емес. Бұл үзінді қауым жетекшісіне қойылатын талапты көрсетеді және менің ойымша, өзін-өзі бақылау әрбір адам үшін өте маңызды. Себебі сізде сол уақытқа дейін оған ие боласыз, әрине сіз қауымның жетекшісі оны әрқашан үлгі тұтқанын қалайсыз. Бірақ осындай қалыптағы тізімге әрбір қауым мүшесі ұмтылуы тиіс.
Ал мәсіхшілердің күнделікті өмірі қандай болуы керек?
1 Петір 5:8
Салауатты да сергек болыңдар! Сендердің қас жауларың, шайтан, ақырған арыстандай қауымды айнала шарлап, кімді жалмасам деп торуылдап жүр.
Барлық мәсіхшілер, абай болыңдар! Жаулар шайқасы! Жаулар шайқасы!
Сіз сеніміңізді Мәсіхке артқан кезде, өзіңізді әзәзілдің жаулар тізіміне тіркейсіз. Егер де өз-өзіңізді бақылай алмасаңыз, сол жау сізді құртады.
Қорытындылай келе – 1 Қорын. 9:25
Әрбір жарыскер барлық жағынан қатаң ұстамдылық танытады. Оның алғысы келетіні — кейінірек солып қалатын гүлдестесі ғана, ал біздің алатынымыз — мәңгі солмайтын «жеңіс тәжі»!
Спортшыға жарыста жеңіске жету үшін өзін-өзі бақылау өте маңызды болып саналады. Өзін-өзі бақылай алмайтын, тәртіпсіз спорты нашар нәтижеге қол жеткізеді. Өзін бақылаудағы жүйесіз, қарқынсыз спортшы жеңіске, үйлесімділік пен маңызды нәтижеге жете алмайды.
Мәсіхші үшін өзін-өзі бақылау өзгелерді Мәсіхке әкелуге септігін тигізеді. Бір қызығы, отбасылық күнді спорттың айналасында атап өту оңай, себебі өзімізді қалыпты ұстау арқылы өзіміздің сүйікті командамызды рухани жеңіскерлерге айналдыру үшін, жанкүйерлері болып айқайлаймыз, бірақ бұл бізді әрқашан жігерлендірмейді.
Сұрақ #5 – Неге өзін-өзі бақылау үшін күш сала тырысу керек?
Өйткені, Мәсіхтен басқаға үміт артқандар бақылаудан тыс қалып, одан тыс жүреді.
Рим. 3:10-18
Киелі жазбаларда бұл туралы мына тәрізді сөздер бар: Бірде-бір әділ кісі жоқ, ақылды ешкім де жоқ, Құдайға бет бұратын да жоқ. Бәрі тайып кетті теріс жолға, әбден бұзылып кетті бірігіп барлығы да. Жақсылық жасаушы ешкім жоқ, тіпті бір жан да. Арандары олардың көрдей ашық, майда тілдерімен айтады жалғандық. Сұр жыланның уы тілдерінен тамады. Ауызынан шыққандар: қарғыс, өтірік, жалғандық. Аяқтары жазықсыз қан төгуге асығады. Олар жүрген жерлерін қиратып, азап шеккізеді. Татулық дегенді олар білмейді. Құдайды қастерлейтін ниеттері жоқ.
Сіз Исаға келмес бұрын осыны автопортретіңіз ретінде көре аласыз ба? Мен көре аламын. Өйткені 13ші – аят менің ескі болмысымды көрсетеді. Исаға келмес бұрын мен адамдар жайлы өзге адамдарға жаман нәрселер айтатынмын.
Исаға келген соң, мен шамамен 10 адамға қайта оралып, бұрын оларға айтқан жаман сөздерім үшін олардан кешірім сұрауыма тура келді. Бірақ өкінішке орай, менің ауызымнан уға татитын жағымсыз сөздер шығып, зақым тиіп қойылғаннан кейін бірнеше жылдар өткен соң кешірім сұрадым.
Ешқайсымыз Исаға келмес бұрын, бұл менің ең жақсы көретін аяттарым деп ешқашан айтпаушы едік, себебі біз ескі болмыста өмір сүрдік. Бұл аяттар маған мынадай түсінік береді: «маған жақындасаң сені өлтірем!» деген уақыттарды есіме түсіреді. Басқа сөзбен айтқанда, мәсіхші емес өмірде кешірім және рақымдылықты күту жайлы ұмытыңыз – егер де сізден біреу кек алуына тура келсе, таң қалмаңыз. Сонымен қатар адамдардың бір-біріне зорлық көрсету кезеңі ешқашанда бітпейді.
Мәсіхте болмасақ, біз бақылаудан тыс боламыз. Осы аяттарға қараңыздаршы, менің ойыма бір сөз келеді: «Шектеусіз». Менде және сізде құтқарылмаған кезімізде немесе ұқыпсыз мәсіхші ретінде жасай алатын біреуге залал келтіру мен құртуға ешқандай шектеу болмаған еді.
Біз Мәсіхпен бірге болмаған кезде өзін-өзі бақылауда ұстау біздің тәртібімізге қарама-қайшы келеді.
Тыныш әрі жемісті өміріміздің әрі қарай жылжуына, тәртібіміздің бұзылмауына, құмарлықтарымыздың билік етпеуіне, өзімізді бақылауымызда өкінішті жағдайлар болмауы үшін – еркек пен әйелге қоршаулар керек (кедергі, қалып, шекара, дуал).
Сіз өзіңіз қайта жасағыңыз келген өміріңіздегі оқиғаларға оралып артқа қарасаңыз, мен сіздің көп нәрселерді өз-өзіңізді бақылай алмағандығыңыздың себептерінен болатынына күмәнім жоқ. Мысалы, менің өткен жылдардағы ең бір өкінетін жерім –жақсы бір досыма электрондық почта арқылы келеңсіз жағдай кезінде жаман емес, бірақ өте ауыр сөздермен хат жолдағаным болды. Сол ауыртпалықты қайта қалыпқа келтіру үшін көптеген дұғалар, уақыт және күш қажет болды.
Келесіде қандай да бір жағдай туындағанда, өзіңізден бұл өзін-өзі бақылаудан тыс па, соған қатысы бар ма деп сұраңыз.
Сұрақ #6 – Айналаңыздағы адамдар сіздің өміріңіздегі өзін-өзі ұстауыңызға қалай қарайды?
Айналаңыздағы адамдарға үміт артпаңыз. Сіз өзін-өзі ұстай білу өмірінде өмір сүріп жатырсыз, өміріңіздің әрбір саласын дамыту үшін жан сала еңбектенудесіз, мүмкін бұл сізді таңғалдыратын шығар, негізгі нәтижелердің бірі сіздңғ алдыңызға мақсат қойдыңыз.
Сіздің бетіңізге адамдар жап жақсы немесе екіжүзді, көңілсіз және жалықтырарлық, қысқаша айтқанда – сен еліктіретіндей тартымды емес болып көрінуіңіз мүмкін.
Адамдар сізге жыныстық құмарлықтармен шабуыл жасайды себебі сіз өзіңізді таза сақтауға шешім қабылдадыңыз.
Ақшаны дұрыс қолдана алмайтындар өздері жинау керек болған ақшаны сізден сұрауға келеді.
Өсектеу енді от ала бастағанда сіздің бөлмеден шығып кетуіңіз олардың ашуын келтіреді.
Еріншектер сіздің ауыр жұмысыңызға менсінбей қарайды – және олардың жұмысын сіздің орындауыңызды күтеді.
Осы шабуылдардың барлығы қызғанышпен ынталандырылады ма? Әлде ашумен, сіздің құндылықтарыңыз олардыкінен әлде қайда өзгеше болғаны үшін ба? Немесе ызамен, сіздің өміріңіз олардың күнәларын әшкерелейтіні үшін?
Нәтижесінде Жүсіп Патифардың әйелімен күнәға батудан қашып, түрмеге түседі.
Даниялдың өзін-өзі бақылауының нәтижесінде, ол арыстанның үңгіріне түседі.
Жаңадан келген сенуші өзінің қаңғыруын тоқтатқан кезде оның әкесі одан сен гей емессің бе деп сұрағанын айтып бөлісті.
21 – ғасырда өзін-өзі бақылау ол тамаша нәрсе емес болып көрініп, ол кең таралмаған және шабуылдарға толы болып табылады.
Бірақ
Сұрақ #7 – Өзін-өзі ұстаудан қандай баталар келеді?
Ойға келетін ең бірінші баталар ол абырой, атақ, жетістік, мақтау, таза ниет, жеңіс және олар өздері атқарған дұрыс іс-әрекеттері арқылы қуанышқа ие болу. Бұлар өте керемет баталар. Бірақ ешнәрсе тағы бір батаға тең келе алмайды.
Сіз өзіңізге елестете аласыз ба, сіз Исаның алдында тұрып, Ол сізге былай десе «Жарайсың, жақсы да адал қызметшім!» Матай 25:21 деген кезде қандай тамаша күйге, қуанышқа ие болатыныңызды елестетіп көріңіз. Бұрын сіз осындай сезімге, күйге бөленбеген болсаңыз, енді осы сәтте сіз бүкіл өмір бойы тер төгіп дұға еткендеріңіз, тәртіп, жан салуларыңыз осыған тұрарлықтай болады. Сіздің басыңыздан өткен барлық ауыртпалықтар, жәбірлеулер, сіз азап көрген соғыстардың барлығы бекер болмады. Сіздің мәңгілік өміріңіз барысында сіздің құлағыңызға Құдайдың мақтаулары естіліп тұрады.
«Өмірде ең бастысы Құдайдың батасын іздеу керек» деген мақалды сіз білетін боларсыз.
Егер де сіз өзіңіздің жоғары аталғандарға адал ниеттес болғаныңызды қаласаңыз онда өзін-өзі бақылау өте маңызды болып, солардың орындалуына сізді мәжбүрлейді.
Солай біз ең соңғы және өте маңызды сұраққа келеміз:
Сұрақ #8 – Өзін-өзі бақылауға қалай ие бола аламыз?
Сіз өзін-өзі ұстаудың құндылығын бағалайсыз, сондықтан ол жайлы жақсылап ойлану қажет деп ойлаймын.
Сонымен, өзін-өзі ұстауға қалай ие бола аламыз?
- Құтқарылыңыз. Исаға сеніп, барлық күнәларыңыздың сонымен қатар, өзін-өзі бақылауға шақырмайған күнәларға кешірім алу үшін Оны Құтқарушыңыз ретінде жүрегіңізге қабылдаңыз. Сіз өзіңіздің сеніміңізді Мәсіхке артқан кезде, Киелі Рух сіздің өміріңізге басқа нәрселерге қарағанда өзін-өзі ұстауыңызға күш қуат береді.
- Өзін-өзі бақылауды жан тәніңізбен аңсаңыз. Сол үшін сиыныңыз. Оны басты орынға қойыңыз. Өміріңізде өзін-өзі бақылауда өсу бұл сіздің өміріңізде Құдайдың еркі екенін сіз білесіз, сондықтан Оның еркіне сай сиынуды біле отырып, сеніммен сол үшін сиыныңыз. Бұл сіз білетін Құдайдың сіздің сиынуңызға жауап беретінін дұғасы. Өзін-өзі ұстау мен үшін өте маңызды, сондықтан мен сол өзін-өзі бақылауда өсуім үшін әр күні сиынуға тырысамын.
- Соғысқа дайын болыңыз. Көптеген жылдар бойы мен, сенушілерге олардың қиын мінез құлқы немесе басқа күнәкар әдеттері туралы айтқанын көрдім және олар: «мен сондай адаммын» деп жауап беріп, олардың өзгергісі келмейтіні көрінген. Айналасындағы адамдар олардың өзін-өзі бақылауда өсуінен бас тартуын қалайды. Сіз олардың Исаның соты алдында тұраьын кезде (2 Қор. 5:10) олар күліп тұрмайтыны жайлы тайталассаңыз болады.
Өзін-өзі бақылау барлық сенушілердің өмірінде мүмкін, бірақ «еврейлерге жер уәде етілген еді, бірақ олар оны, бір дегенде бір қаланы өз күштерімен алу керек болатын, сондықтан бізге өзін-өзі ұстауға күш беріледі деген уәде бар, біз соны бір-бірден жеңіп, сол күштерге ие болуымыз керек».
Өзін-өзі бақылаудың ең маңызды түсініктемесінің астында бөлінген «мен» нің арасында соғыс бар. Бұл дегені, біздің «мен»іміз біз қанағаттандыру керек емес нәрселерге қалау тудырады, ал оның орнына «бақылау» керекпіз. Біз мұнда күнделікті соғыста болатын үлкен салдар жайлы айтып отырмыз.
Егерде сіздің «мен»іңіз бірнеше жылдар барысында бақылаудан тыс болса, оны бір күннің ішінде қалпына келтіруге болады деп үміттенбеңіз. Бұл бір өте жәй дамитын құбыжық сияқты, оны қалпына келтіру үшін оған уақыт керек.
- Ораза. “Ораза ұстау рухани тәртіптің құралы болып табылады. Ораза ұстау біздің тәни тәбеттерімізді бақылауға көмектеседі. Біз кейде өзіміздің тәни тәбетімізді сондай қанағаттардырамыз, тіпті оларды қанағаттандыру бізді күнәға итермейлейтінін ұмытып кетеміз. Біздің тәніміз біздің қожайындарымыз емес құлдарымыз болуы үшін олардан бас тартсақ, біз тәни тәбеттерімізді бақылай аламыз. Бұл тәни шеберлік біздің рухани өмірімізді қуаттандырады. Ораза ұстау басқа нәрселерден қарағанда бізді Құдайға тәуелділігімізді көрсетеді.
Сәби-Мәсіхші кезімде маған ораза ұстау өмірімде кейбір қорғаныстарды құруыма көмектесті. Бір жылдың ішінде аптасына бір рет ораза ұстауға тырысамын. Бірақ мен өзін-өзі бақылауыма әр күні сиынуым қажет.
- Өзін-өзі ұстауды Құдайдың берген сыйы деп қабылдау керекпіз. Бұл Киелі Рухтың біздің өмірімізде беретін жемістерінің бірі. Бұл дегені, біз тайсалмай сеніммен өзін-өзі бақылауды талап ету керекпіз, Оның күшіне сенім артып, өзін-өзі бақылау соғысы – бұл сенім соғысы екенін есте сақтау керекпіз. Соғыс өте ұзақ және ауыр болуы мүмкін.
Ал Киелі Рух бізде өзін-өзі ұстаудың жемісін қалай береді?
Бізді рақымдылыққа үйрете отырып.
Титке 2:11,12
Өйткені Құдайдың бүкіл адамзатқа құтқарылуды ұсынатын рақымы анық білінді. Ол бізді Оған ұнамсыз қылықтар мен күнәкар дүниелік құмарлықтардан бас тартып, қазіргі заманда байыпты, әділ және Құдайға ұнамды өмір сүруге бағыттайды.
Күнәдан бас тартпау өзін-өзі бақылаудың жетіспегендігін қамтиды. Өзін-өзі бақылау – бұл Киелі Рухтың жұмысы. Осы соғыста қуат алу үшін Оған сенім артыңыз.
- Өзін-өзі ұстауда үлгі тұтатын не еліктіретін нәрсені табыңыз. Елік тұтатынын үлгілер өте жақсы және жігерлендіреді. Бірнеше рет Пауыл оның өмірін үлгі етіп қолдануды айтады. Жаңа Өсиеттің басқа да авторлары «жетекшінің соңынан еруді» айтады.
Менен үйреніп, қабылдаған тәлімді әрі өмірімнен көріп, естігендеріңді іске асыра беріңдер! Сонда тыныштықтың қайнар көзі — Құдай сендерге жар болады. Філіп. 4:9
Бұл жерде бізден үлгі алу қажеттігін өздерің де білесіңдер. Себебі біз сендерде болғанда жұмыссыз, бос жүріп, 2 Салоник. 3:7.
Өздеріңе Құдайдың хабарын айтқан жетекшілеріңді ұмытпаңдар. Олардың қалай өмір сүріп, қалай бұ дүниеден кеткендерін естеріңде ұстап, сенімдерін үлгі-өнеге етіңдер! Еврейлерге 13:7
Сүйікті бауырым, жамандыққа еліктемей, жақсылыққа елікте!
3 Жохан 11
Мәсіхке келмес бұрын біздің еліктейтін нәрселеріміз осы әлемдік, өмірлері Құдайдан алыс, әйгілі және атақты кейіпкерлер болды. Сол кейіпкерлерді енді өзгертіңіз және сіздің тәртібіңіз қалай өзгергенін байқайсыз. Бұл біздің күнделікті өмірімізге өте қажетті!
- Өзіңізге Құдайды қатты қастерлейтін, сіз үшін сиынатын, жігер беретін және сіз есеп беретін адамды тауып алыңыз.
Жақып 5:16
Сондықтан сауығып кету үшін, жасаған күнәларыңды бір-біріңе айтып мойындап, бір-бірің үшін сиыныңдар! Әділ адамдардың Құдайға сиынуларының күші орасан зор.
Сіздерді білмедім, бірақ өзім ешқашан үлкен күнәні біреумен бөлісіп, сол үшін сиынуын сұрамасам еш жеңе алмаған болар едім.
Нақыл сөздер 13:20
Данамен жолдас болған дана болар, Наданмен жолдас болған пәлеге қалар.
Біздің достарымыз өмірімізге өте үлкен әсер етеді. Құдайдан сондай мәсіхші рухани достың өсіп шығуын сұраңыз.
Өзін-өзі бақылауға қалай қол жеткіземіз?
- Құтқарылуға ие болыңыз.
- Өзін-өзі ұстауды жан-тәніңізбен қалаңыз.
- Соғысқа дайын болыңыз.
- Ораза ұстаңыз.
- Өзін-өзі бақылау Құдайдан сый деп қабылдаңыз.
- Еліктейтін адамды табыңыз.
- Құдайдан қорқатын адаммен достасыңыз.
Өзін-өзі бақылау – одан бас тартқан жайғдайда қаншама баталардан құр алақан қаласыз.
Сіз оны өте қатты іздесеңіз қаншама қуанышқа ие боласыз?