Мінез-құлыққа кіріспе
Мінез құлықты дамыту
«Мінез-құлық, адам жан дүниесінің, шынайылық пен сапасынан тұратын маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, оған біздің ойымыз, сөзіміз, шешімдеріміз, іс-әрекетіміз бен қарым-қатынасымыз негізделген». Сондықтан, мінез-құлық іс-әрекетімізді, ал іс-әрекетіміз мінез-құлқымызды көрсетеді». Ос Гиннес
Мінез құлықтың үлеспен (вклад) қалай байланысты бар?
Құдай сіздің үлесіңізге қарағанда мінезіңізге көбірек көңіл бөледі. Сіздің жасаған таңдауыңыз мінезіңізге әсерін тигізеді, ал сіздің мінезіңіз үлесіңізге әсер етеді. Мінез-кұлқыңыз сіздің үлесіңізді жояды немесе толтықтырады.
Көбінесе, ерекше қабілеттері бар адам ұйым ішінде көтеріледі. Осындай адам «мансап баспалдағымен» көтерілуі мүмкін. Олардың қабілетіне және белгілі бір саладағы біліктілігіне байланысты, олардың мінез-құлқы назардан тыс қалуы мүмкін. Бұл мәсіхшілік жане де зайырлы (светский) ұйымдарда да кездесуі мүмкін.
Құдай мінезді қалай қалыптастырады
Киелі Жазбаның басқа бір заманауи аудармасында былай деп жазылған:
«…азап шегіп жүрсек те, шаттана аламыз. Себебі азаптың бізге шыдамды болуды үйренуге көмектесетінін білеміз. Шыдамдылықтан берік мінез қалыптасып сенімділік туады, ал сенімділік бізге үміт береді».
Римдіктерге 5:3-4
«Бауырластарым менің, сендер алуан түрлі қиын сынақтарға ұшырағанда, бұл жайтты зор қуанышпен қабылдаңдар. Себебі сенімдеріңнің сыналып, берік те шынайы екендігінің дәлелденуі төзімділік тудыратынын білесіңдер. Тек төзімділіктерің іс жүзінде соңына дейін жетуге тиіс, сонда сендер рухани жағынан жетіліп те кемелденіп, ешбір кемшіліктерің қалмайды».
Жақып 1:2-3
Құдайға унамды мінез-құлық, азапталудың тереңінде туып, пайда болады.
Римдіктерге 5:4 (Парафраза)
Екі патшаның мысалы
Исраилдің екі патшасының өмірін салыстырыңыз. Екеуі де өте қабілетті, бірақ қысым кезінде олар мүлдем басқаша әрекет етті. Киелі жазбаларда олардың әрбірі туралы осылай делінген.
Саул
- Исраилдіктердің арасында теңдесі жоқ әсерлі жас жігіт.
- Оны Құдай таңдады.
- Құдай өз халқын басқару үшін майлаған.
- Оған Құдайдың Рухы түсіп, пайғамбарлық етті.
- Бүкіл халықтың ішінде оған ұқсайтын ешкім жоқ еді.
- Оның қасында Құдай жүректерін тебіренткен қайсар адамдар болды.
- Халық оны Жаратқан Иенің алдында патша етіп бекітті.
- Ол Філістірлердің үстінен ұлы жеңістерге жетті.
Дәуіт
- Құдай таңдаған.
- Құдай майлаған.
- Саулға адал қызмет етті.
- Ол ержүрек, жауынгер болған.
- Жаратқан Ие онымен бірге болды.
- Бүкіл Исраил мен Яһуда оны жақсы көрді.
- Ол Філістірлердің үстінен ұлы жеңістерге жетті.
- Қиындыққа ұшыраған, азапқа батқан немесе наразы болғандардың барлығы оның айналасына жиналып, ол солардың басшысы болды.
- Ол Құдайдың таңдаған патшасы Саулға қол көтеруден бас тартты.
Бұлардың әрқайсысы Құдай тарапынан таңдалған және өте білікті адамдар. Дегенмен, қысым мен қасірет әрбір адамның мінезін ашады. Олардың өз күнәсімен бетпе-бет келгендегі іс-әрекетіне назар аударыңыз.
Саул: 1 Патшалықтар 15:12—24
Дәуіт: 2 Патшалықтар 12:5—14, Забур 50
Саулдың өміріндегі қандай қасиет немесе мінез-құлықтың жетіспеуі оның құлауына әкелді?
Дәуіттің өмірінде оның жақсы аяқтауына көмектескен қандай мінез-құлық қасиеттері байқалды?
Өз беделіңізден гөрі өз мінезіңіз туралы көбірек ойлаңыз. Адамдардың сізді қандай деп санағаны, сіздің беделіңіз қандай екендігін көрсетеді. Сіздің мінезіңіз, шын мәнінде қандай адам екеніңізді көрсетеді. Джон Вутен
СИПАТТАРДЫ БАҒАЛАУ
Нұсқаулар:
- Мінез құлықтың келесі тізімдерін қарап шығыңыз.
- Осы тізімге негізделіп өз өзіңізге баға беріңіз.
- Тізімдегі белгілердің әрқайсысы бойынша өзіңізді 1-ден 5-ке дейін бағалаңыз. 1 және 2 ұпайлар төмен және осы салаларда даму қажеттілігін көрсетеді.
- Сипаттың жанындағы бос орынға санды жаз.
____Қабылдау – басқа адамды өз еркіңізбен және сөзсіз қабылдау, әсіресе
басқаның мінез-құлқы жетілмеген кезде. (Римдіктерге 15:7)
____ Жанашырлық – басқалардың қиындығын бірге сезіну және оларды жеңілдетуге ұмтылу.
(1 Петір 3:8)
_____Қанағат – басқалардың меншігіне, мәртебесіне немесе жағдайына қарағанда қанағаттылық пен қарау.
(Філіпіліктерге 4:11-12)
_____Батылдық – қауіп, қорқыныш немесе қиындыққа табандылық көрсетіп, төтеп беру үшін ақыл-ой немесе моральдық күшті көрсету. (Філіпіліктерге 4:13)
____Қүрмет таныту – Басқаға ізет пен құрмет көрсету; басқалардың ниеттеріне құрметпен қарау. (1 Тімотеге 5:1-2)
____Міндет –орындау қиын болса да, сөзіңізге берік болып оны
орындауға әрекет жасау. (Матай 5:37)
____Еңбекқорлық – Тапсырманы орындауға тұрақтылық, жігер және күш салу.
(Қолостықтарға 3:23-24)
____Абайлау – шектеулерді сақтау немесе ұстану; шектен тыс немесе шамадан тыс әрекеттерді, ойларды немесе сезімдерді бақылау. (Нақыл сөз 5:1-2)
____Төзімділік – Қиындыққа немесе күйзеліске төтеп беру қабілетін сақтау; қайғы-қасірет немесе бақытсыздық кезінде үмітті жоғалтпастан берік болу. (Римдіктерге 5:3-4)
____Адалдық – Уәдеге берік болу немесе парызды орындау.
(Матай 25:21)
____Әділдік – Бейтараптық пен адалдық таныту; жеке мүддеден, немқұрайлылықтан, немесе фаворитизмнен азат болу. (1 Тімотеге 5:2 1)
____Икемділік – өзгерістерге немесе жаңа нәрсеге еш қиындықсыз жауап беру немесе қарым-қатынаста болу. (2 Қорынттықтарға 2:12-13)
____Төзімділік – өзін-өзі ұстай білу, немесе арандату кезінде өзін-өзі басқару. (Нақыл сөздер 15:1)
____Кешірімділік – Құқық бұзушыға ренжімеуді таңдау; талап қоюдан немесе құқық бұзушылық үшін өтемақы алудан бас тарту. (Ефестіктерге 4:32)
____Жомарттық – Беру; уақыттың, ақшаның немесе мүліктің дана басқарушысы болуды үйрену. (Қорынттықтарға 2-хат 8:9, 9:7).
____Жұмсақтық –қаталдықтан немесе зорлық-зомбылықтан еркін болу.
(Ефестіктерге 4:2)
____Ризашылық — Алынған пайданы бағалау; шынайы ризашылық білдіру жолдарын іздеу. (Ефестіктерге 5:20)
_____Шыншылдық — Әділдікпен және мінез-құлықтың туралығымен жауап беру; алаяқтық пен алдаудан алшақ болу. (Нақыл сөздер 8:6-8)
_____Қонақжайлылық – Қонақтарды жомарт және жылы қарсы алу; жағымды немесе тұрақты ортаны ұсыну. (1 Петір 4:9)
_____Кішіпейілділік – сыйластық немесе мойынсұну рухына ие болу; мақтаншақ немесе тәкаппар емес, менмен немесе талапшыл емес. (Ефестіктерге 4:2)
____Бастаушы болу – сыртқы әсерге немесе өзгелердің басқаруына берілмей, әрекетті бастаудағы күш-қуатты немесе бейімділікті көрсету; (Нақыл сөздер 24:30—34)
____ Адалдық – Моральдық құндылықтар кодексін берік ұстану; бүлінбейтін болу.
(1 Тімөтеге 3:2-3)
_____Қуаныш – әртүрлі жағдайларға қарамастан мәңгілік үмітті көрсету.
(Жақып 1:2-3)
_____Мейірімділік – жанашырлық немесе шыдамдылықты көрсету; жағымды немесе пайдалы мінез-құлықты таныту. (Қолостықтарға 3:12-13)
____Сүйіспеншілік – басқаның игілігі үшін риясыз адалдық пен мейірімділік таныту.
(1 Қорынттықтарға 13:6-7)
____Адалдық – іске, мұратқа, тапсырмаға, құндылықтарға немесе адамдарға адал болу.
(Нақыл сөздер 6:6)
____Момындық – Жарақатқа шыдамдылықпен және ренішсіз төзуді таңдау; билік астындағы күш. (2 Қорынттықтарға 10:1)
____Шыдамдылық – ауырсынуды немесе сынақтарды сабырлы немесе шағымсыз көтеру; асығыс емес жігерлі болу; қарсылыққа, қиындыққа қарамастан табанды болу. (Жақып 5:10-11)
____ Тазалық – Моральдық қателіктер мен кінәлардан таза болу; адалдық қақтығыстарынан және ниеттердің араласуынан еркін болу, екіжүзділіктің болмауы; сезімді ластаудан азат болу. (1 Тімотеге 4:12)
____Құрмет таныту -Басқаларды жоғары құрметке лайық санау; басқаларға құрметпен қарау. (Філіпіліктерге 2:2-4)
____Жауапкершілік – өзінің мінез-құлқы мен міндеттеріне жауап беру; сенімді; дұрыс пен бұрысты өзі таңдай алу. (Матай 25:21)
____Өзін-өзі басқару(самоконтроль чувак))) – өз импульстарына, эмоцияларына немесе қалауына қатысты ұстамдылық таныту.
(1 Қорынттықтарға 9:25-27)
____Сезімталдық – басқалардың қажеттіліктері мен эмоцияларын білу. (Ефестіктерге 4:29)
____Шынайылық – Ақылдың шыншылдығын көрсету; екіжүзділіктен еркін болу.
(Римдіктерге 12:9-10)
____Үйренуге қабілетті — оқуға дайын; үйренуге қабілетті болу. (Матай 10:24)
____Шынайылық – деректерді бұрмаламай, дұрыс нәрсені айту. Қателікті мойындау. (Ефестіктерге 4:25)
Адамның мінезінің сыналуы оның өмірінің ерекше сәттерінде не істегенінде емес, қайта оның өмірінің қарапайым уақыттарында көрінеді.
Освальд Чемберс
СИПАТТАРДЫ БАҒАЛАУ
Мінез-құлықтың қажеттіліктерін анықтаудағы ескертпелер
- Өзіңізге дұрыс баға беріңіз, өзіңіздің күшті жақтарыңызға, сондай-ақ
Қажеттіліктеріңізге назар аударыңыз.
- Әлі жетіспеген немесе сіз дамытқыңыз келетін мінез-құлықты іздеңіз.
- Сіздің үлесіңіздің өсуіне айтарлықтай кедергі жасайтын дамымаған мінез-құлық мәселесінің бар-жоғын анықтаңыз.
- Құдайдан сізге дамуға қажет болған салаларды ашуын сұраңыз.
Мінез-құлықтың күшті аймақтары
Мінез-құлықтың дамытуды қажет ететін аймақтары
Осы қажеттіліктерге жауап беру үшін не істей аласыз?
- Дамытуды ең қажет ететін мінез-құлық қасиеттерін анықтаңыз және
бұл неліктен қажет екенін сипаттаңыз.
- Өзіңіз қалаған өзгерістер мен жақсартуларды сипаттаңыз.
- Құдайдан жан-дүниеңізді өзгертуді сұрап, осы мұқтаждық аймағы туралы арнайы дұға етіңіз.
Қолдану
- Сіздің даму қажет болған салаларыңызға қатысты жауапкершілік қарым-қатынасын орнататын бір немесе екі сенімді досыңызды анықтаңыз. Сіз ашық және осал бола алатын адамдар.
- Басқа сенімді адамдардан мінез-құлық белгілерінің тізімін қарап шығып, үш күшті және сенің өміріңе қажет үш муқтаждық аймағын таңдауды сұраңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бақылауларыңызды және есеп беру желісін Өзіңіздің Жеке Даму Жоспарыңызға енгізіңіз.