Жасанды түсік
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының айтуынша жыл сайын әлемде 40 – 50 миллион шамасында жасанды түсік жасалынады екен. Демек, бұл жер ғаламшарында күн сайын 125 000 жасанды түсік жасалынады дегенге пара-пар.
Сонымен, «егер жасанды түсік сондай кең таралған, әдеттегі нәрсе болса онда тұрған не бар екен? »деген сұрақ пайда болады. Егер біздің достарымыз, көршілеріміз және халық жетекшілері оны мәселе емес деп тапса, біз неге ол туралы ойлануымыз керек?
Осы сұраққа жауап беру үшін біз мынандай сұрақтар қоюымыз керек:
Адамның өмірі қашан басталады? Құрсақтағы ұрық – адам ба?
Киелі кітапқа қарасақ, «жасанды түсік» деген сөз онда кездеспейді.
Бірақ …
- Көне Өсиет еврей тілінде жазылған. Мысырдан шығу 21:22-де еврей тілінде құрсақтағы ұрық пен балаларға байланысты бірдей сөз қолданған.
Ал Жаңа өсиет грек тілінде жазылған. Елшілердің істері 7:19- да Перғауынның бұйрығымен өлтірілген яхудей жас балаларына және Лұқа 1:41-44 те әлі де туылмаған құрсақтағы Жақия пайғамбарға бірдей грек сөзі қолданылған.
Киелі кітап жатырдағы ұрық пен туылған бала арасында ешқандай айырмашылық жасамайды.
- Мына төмендегі Ишайя, Еремия және Пауылдың жазғандарында бір ортақ ой бар:
Ишая 49:1 – Аралдар мен теңіз жағалауларындағы елдер, алыстағы халықтар, сөзіме құлақ түріп, тыңдаңдар: мені ана құрсағынан-ақ Жаратқан Ие тағайындады, есімімді туған кезімнен-ақ есінде сақтады.
Еремия 1:5 – Мен сені шешеңнің құрсағында жаратпастан бұрын-ақ білген болатынмын. Анаңның құрсағынан шықпай тұрып-ақ сені Өз қызметіме бағыштап, халықтарға пайғамбар болуға тағайындап белгіледім.
Ғалаттықтарға хат 1:15 – Бірақ Құдай мені анамның құрсағында жатқанда-ақ таңдап, Өзінің зор рақымымен шақырып алды.
Тоқтай тұрыңыз! Менің анамның құрсағындағы «Мен» едім. Ол – белгісіз жансыз нәрсе емес еді. Ол – адам пайда болар алдындағы тамшы да емес еді.
Осы аяттарда Құдай ана құрсағындағы ұрыққа адам деген атақ береді. Құдай адамға оның өміріне арналған еркін білдіру үшін, оның туғанын күтіп отырмайды. Адам әлі құрсақта жатқанда-ақ оған өмірлік шақыруын береді.
- Забур жыры 138:13 – Сен іш құрылысымды қалыптастырдың, Ана құрсағында мені жараттың.
Дәуіт өзінің анасының құрсағындағы ұрық кезін жекеше есімдіктерді қолдану арқылы адам ретінде сипаттайды. Иә, Дәуіт сол кезде құрсақта қалыптасып жатты, дегенмен де ол – жеке тұлға еді. Құдай бізбен қарым-қатынас жасайды және біз туғаннан бұрын да бізге жеке қатысы бар.
- Забур жыры 50:7 – Мен күнәкар болып дұниеге келдім, құрсақта жатқанда-ақ күнәкар едім.
Осы маңызды аяттан құрсақтағы ұрықтың адам екендігін көруге болады, өйткені адамдар мен періштелер ғана күнә жасай алады. Егер осы ұрық адам болса ғана, Дәуіт оны күнәкар деп айта алады. Киелі кітаптағы осы аят Дәуіт туралы ғана болса да, ол бәріміз үшін шындық.
- Жүкті Мәриям әпкесі Елизабетке жақындағанда, әлі де туылмаған құрсақтағы Жақия пайғамбардың қуанышы туралы Лұқа жазады: «Көрдің бе, сәлем берген даусың құлағыма жеткенде, ішімдегі балам қуанып, тыпырлап қоя берді».- Луқа 1:44.
Адам пайда болар алдындағы бір жиналып қалған тін тыпырламайды, адамдар тыпырлайды.
- Бірақ құрсақтағы ұрықтың адам екеніне ең күшті киелі кітаптық дәлел – ол Исаның адам бейнесінде келуі. Матай жазған Ізгі хабар 1:20 да Жүсіпке Мәриямның жуктілігі жайлы тусіндіріледі. Періште: «Себебі құрсағындағы баласы Киелі Рухтан»- деді.
Осы жерде біз бірнәрсені таңдауымыз керек. Мәриямның құрсағындағы ұрық жаратылғаннан бастап адам болған немесе Иса тарихта біраз уақыт бойы «кейін адамға айналатын тін» болған.
Жауап өте анық. Үшбірліктің екінші тұлғасы адам болып келді. Філіппіліктерге арналған хат 2:7 де : «Иса құлдың кейпін қабылдап, адам секілді бұ дүниеге келді» – деп жазылған. Иса ешқашан да, жай ғана жиналып қалған тін түрінде болмаған. Мәсіхтің адам бейнесінде келгенінде егер ұрық адам болмаса, оның құрсақта жатып өсуі адам миына сыймайтын нәрсе.
Шынымен жоғарыдағы аяттар жатырдағы ұрықтың адам екендігін көрсетеді.
Бірақ… жасанды түсікті жақтаушылар қолданатын мына 2 аятты қалай түсіндіреміз?
- Жаратылыстың баст 2:7 де былай деп жазылған: «Сонда Құдай Ие жердегі топырақтан адамды қалыптастырып жасап, оның мұрнына тіршілік лебін үрледі. Адам осылай тірі жан болып шыға келді».
Кейбіреулер адам өмірі оның бірінші рет тыныс алуымен басталады деген көзқарастарын осы аятпен дәлелдейді. Нәресте тыныс алуды бастағанша адам болып есептелмейді, сондықтан оны өлтіре беруге болады дейді.
Бұндай көзқарас – дұрыс емес, себебі бұл аятта бірінші адамның бірегей жағдайда жасалғандағы туралы айтылған. Бұл оқиға тарихта тек бір рет қана орын алды және осы оқиға адамның келесі ұрпақтарына ешқашан қайталанбайды.
- Мысырдан шығу 21:22-23 – «Біреулер төбелесіп, аяғы ауыр әйелді ұрып, ол түсік тастап, бірақ өзіне содан басқа зақым келмесе, онда кінәлі кісі әйелдің күйеуіне оның талабы мен төрешіліердің шешіміне сай айып төлеуге тиіс. Ал әйелдің өзіне де зақым келтірілсе, онда мына аралықта ғана кек алынсын: жанға жан».
Бұл аят бізге жасанды түсікке көзімізді жұмып қарамауымызды білдіреді. Аяғы ауыр әйелге тиген зақым кездейсоқ болса да, ол үшін жаза бергізу керек деп қаралған.
Ал басқа да жасанды түсікті жақтайтын пікірлер жайлы не айтамыз?
Жасанды түсікті жақтаушылар мүмкіндігінше, әйел өз денесіне өзі жауапты деп тұжырымдайды. Адам жасанды түсіктің дұрыстығына қандай негіз ойлап тапса да, ол біржақты тұжырымдалмайды. Себебі сол арқылы өзге адамдардың пайдасына анық қауіп төндіреді. Бөгде адамдардың әйелдің денесінде болып жатқан нәрселерге қандай қатысы бар? Басқада шаруаңыз болмасын деген пікірлер білдіреді.
Жауап:
Құрсақтағы ұрық – ол адам деген тұжырымға келдік. Оны өлтіру – қылмыс.
Пікір:
Біз өте күрделі, көп нәрсені талап ететін осы әлемге ауру, мүмкін тіпті ақыл-есі кем нәрестені әкелу әрқашанда ең жақсы, қайырымды нәрсе екеніне Киелі кітаптан дәлел таба аламыз ба?
Киелі кітап өмірдің қымбат екенін тұжырымдаса да, сол өмірдің сапалы болуына көп көңіл аударады. Осындай жағдайда медицинадағы жетістіктерді қолданып, өте ауру эмбрионның өсуін тоқтату деген шешімді моральдың құлдырауы емес, жетілуі деп санауға бола ма?
Қазір, құрсақтағы сәбидің Даун синдромымен ауыратынын алдын-ала білуге мүмкіндіктер болғандықтан, егер нәрестесіне сол диагноз қойылған жағдайда, көптеген аналар жасанды түсік жасатуға тырысады және ондай ата-аналардың саны өсіп жатыр.
Жауап:
Ақыл-есі нашар дамыған балалардың ата-аналары қатысатын ешбір ұйым жасанды түсікті қолдамайды. Керісінше «Ауру бала» жанұясы үшін Құдайды ұлылауға арналған құралы ретінде Құдайдан келген сый болуы мумкін. Мысалы, бір ауру баланың ата-анасы сол баланың арқасында, басқа да ауру балаларға арнап бір орталық ашты. Бұл дұғаларға жауап болып, көптеген жанұяларға жарылқау әкелді.
Пікір:
Өз басым жалпы денсаулық мәселері болса немесе көп балалы отбасы болып, олардың аралары тым жақын болған жағдайларда, жасанды түсік жасауға болады. Әр түрлі әлеуметтік және экономикалық себептермен мәселен, осы нәрестенің туылуымен жанұяда кедейшілік артып, қаржы жағынан қиындық туындайтын болса, балалар анасының өміріне қиыншылық алып келетін болса, жасанды түсік жасауға болады деп ойлаймын.
Жауап:
Егер құрсақтағы нәресте адам болмаса осы себептер орынды. Бірақ ол ұрықтың адам екені анық. Сондықтан адам өмірін сақтау жанұядағы киыншылықтардан жоғары тұрады.
Пікір:
Егер жүктілік кезінде анасының өміріне қауіп төнсе, жасанды түсікке рұқсат беру керек.
Жауап:
Осы пікірді ерекше байқап айту керек. Кейбіреулер сәбидің туылуы анасына тым үлкен стресс әкеледі деп ойлайды. Бірақ жағдайға дұрыстап қарасақ, анасының өміріне қауып тудыратын жағдай емес екені белгілі болады. Өте сирек жағдайларда анасы немесе нәрестенің біреуінің аман қалып, біреуінің өлу қаупі туады. Бұндай жағдайда екеуінен біреуінің өмірін сақтап қалу жасанды түсік емес, адамның өмірін құтқару болып табылады. Күнәкар ниетпен жасанды түсік жасау адамды өлтіру болып саналады. Ал адамның өмірін сақтау ниеті – күнә емес. Сол себепті мұндай жағдайлар «жасанды түсікке» жатпайды.
Қорытынды:
Жасанды түсікті жақтаушылардың ықпалына берілу оңай. Олардың ойынша ата-ананы ауру баланың жауапкершілігінен босату, әйелдерге өз денелеріне құқық беру немесе онсыз да кедей жанұяны тағы бір қоректендіретін баладан сақтап қалу сияқты ниеттері адамгершіліктен және жанашырлықтан болған сияқты көрінеді. Сенуші осындай жақсы сияқты көрінетін ниеттермен келіспегенде, қатыгез болып көрінеді. Бірақ Киелі кітап сенушіге одан да жақсырақ мақсатты яғни, адам өмірін сақтап қалуды береді.
Құрсақтағы ұрық – адам. Сенуші құрсақтағы ұрықтың өмір сүру құқығын қорғауы керек.
Жасанды түсік жасатқан әйелдерге не айтамыз?
Біз оларға мына төрт нәрсені айтумыз керек:
- Кешірім: 1 Жохан 1:7б – «Оның рухани Ұлы Исаның төгілген қаны бізді барлық күнәларымыздан тазартады».
1 Жохан 1:9 – «Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады».
Забур 31:5 – «Сонда алдында күнәмді мойындадым, әділетсіздігімді енді жасырмадым. Жаратқанға күнәмді ашық айтам дедім, Сен сонда барлық күнәмді кешірдің».
Осы аяттар қандай керемет сенімділік береді. Сонымен, жасанды түсік жасау күнә ма?
– Иә.
Жасанды түсік жасағандар немесе осы пікірді жақтағандар еш үмітсіз дегенді білдіреді ме? – Жоқ.
Исада шынайы, толық, терең, мәңгілік кешірім бар! Мәсіх біздің күнәларымыз үшін өлгенде, Ол біздің барлық күнәміз үшін өлді. Оның ішіне жасанды түсік те кіреді. Тек қана Иса бере алатын және оны біздің алғанымызды қалайтын кешірімді қабылдаңыз.
Римдіктерге арналған хат 8:1 – «Енді Иса Мәсіхпен тығыз байланыстардағы адамдарға Құдай жазалау үкімін шығармайды. Олар өздерінің ескі күнәкар болмысының емес, Құдайдың Киелі Рухының қалауына сай өмір сүреді».
Біздің сауығу жолымыз – Исаны әрқандай күнәларымыздан Құтқарушымыз деп қабылдаудан басталады. Енді Исаға сенім артып, Оның ұсынған кешірімін қабылдаңыз.
- Қайғыру:
Түсік жасатқан әйелдерге қоғам қойған қақпанға қараңызшы. Оларға құрсағыңдағы жаңа өмір – өмір емес деп айтылған. Сондықтан сондай әйелдерде қайғыруға қуқығы жоқ, себебі қайғыратын себеп те жоқ деп түсіндіреді. Дегенмен, олардың денелерінен өздері қаламаған тіндер күшпен шығарылды. Көп ойланбай, өміріңізді жалғастыра беріңіз. Сіздің қайғыруға еш құқығыңыз жоқ! Сіз ештеңе жоғалтқан жоқсыз ғой.
Бұл – қатігездік, адамгершілікке жатпайды.
Қайғыру – қалыпты нәрсе. Қайғыру – қажет нәрсе. Иса өлімнен кейінгі қайғырудың өмірлік мағынасын білді. Елазар қайтыс болғанда, Иса Мариямен және Мартамен бірге жылап, былай деп сұрады: «Оны қай қабірге қойдыңдар?» Жохан 11:34.
Иса Елезарды еске алу үшін ғана емес, Құдайдың даңқын көрсету үшін олармен бірге қабірге барды. Түсіктен кейін Иса бізбен бірге барады. Егер біз шындықпен бетпе-бет кездессек, Иса бізге біздің жоғалтқанымызбен қайғырудың арасында Құдайды табуға көмектеседі.
- Сенімділік:
Нәресте өлді. Бірақ жасанды түсік жасалған нәресте жойылып кеткен жоқ. Ол көкте.
Әйүп 3:1-де Әйүптің көңіл-күйі жақсы емес: «…Өзінің туған күні еш болмаған болса екен деп қатты наразыланып. …»
Келесі аяттарда ол өз қайғысын былай деп төгеді, Әйүп 3:16-17: «немесе, неге ғана өлі туып, дүниенің жарығын көрмей кеткен нәресте сияқты көрге көмілмедім екен? Себебі о дүниеде зұлымдар қоқан-лоқы жасауларын доғарған, әрі шаршап-шалдыққандар тыным тапқан».
Әйүп не айтқысы келді? Әйүп құрсақта жатқанда, өліп кеткенім жақсырақ еді деді. Егер ол өліп туылса, күнделікті өмірдің қиындығымен кездеспей, бірден тыныштыққа енуші еді. Тыныштық – жұмақта. Туылмай тұрып өлген ұрық, өліп туылған немесе жасанды түсік арқылы өлген нәресте – бірден жұмаққа барады. Жасанды түсік арқылы жоғалған нәресте туралы қандай ғажап үміт пен сенімділік! Қайғылы басталған нәрсе бұдан жақсырақ аяқтала алмаушы еді.
- Көмек:
Өмірді таңдаған әйелдерге құрмет көрсетейік. Бірақ қолдайтын іс-әрекет те жасайық. Жас ана мен жаңа туған нәресте үшін дұға ету – ең алғашқы қадам. Бұл – баға жетпейтін, керек және күшті нәрсе. Бірақ, балаға қарау, жігер беру, дана кеңес беру, қаржылай көмек және басқа да стресс азайтатын, олардың ауыр жүгін бөліп көтеретін практикалық әрекеттер де өте бағалы. Өмірді таңдаған аналарға әрқашан олардың жанынан табылу деген сыйлық жасайық. Адамдар өз құқықтарын әрқашан және қатты талап ететін осы әлемде біздің ең маңызды құқығымыз – өмір суру құқығы екенін білейік. Әлі де туылмаған нәрестелермен бірге тұрып, олардың құқығын қорғап, біз оларға туылуға мүмкіндік берейік. Сіздің нәрестелер өмір сүрсін деген бірауыз сөзіңіз бен ниетіңіз арқылы сол адамның өмір суру мүмкіндігіне ие болғаны көнілді толқытады.