Балаларды Тәртіпке Үйрету
Ата-аналар өз балаларын тәрбиелеуді қай жерден үйрене алады?
Жылдар бұрын үлкен сұранысқа ие болған коммерциялық кітапты жазған педиатр, ата –аналарға өз міндеттерін қалай орындау керектігі жайлы кеңестер ұсынды. Миллионға жуық адамдар сол кітаптың ақыл кеңесіне жүгінді. Бір журналда біздің бүгінгі күндегі күйімізге сол дәрігердің кеңестерінің нәтижесінде жеткенімізді айтады. Сонымен, сіздің кеңесіңізге сүйене отырып өскен ұрпақты көргенде сіз қуандыңыз ба, дәрігер? Ешқашан! Сол дәрігер өмірінің соңында қатты өкінді. Соның ұсыныстарына сай өскен сол ұрпақ оны жарға жықты. Оның кеңестерімен өскен жастарды ол ақшақұмар, шамадан тыс сексуалды, өзімшіл және рухани жетілмегендік сияқты суреттейді. Біраз тоқтап, осы жайлы ойлап көріңіз.
Өз балаларыңызды тәрбиелеу үшін сіз сол кітаптың кеңесіне жүгінесіз. Нәтижесі – қорқынышты болды. Содан соң не істейсіз? Уақытты кері бұрып, балаларыңызды қайта тәрбиелейсіз бе? Егер сіздің қолыңыздан келген болса, онда бізді де хабардар етіңіз. Сіз балаларыңызды отырғызып қойып: «мен соңғы 15 жыл сендерді дұрыс тәрбиелемедім» – дейсіз бе?Сен шыныменде мынаны, мынаны және мынаны бірақ ананы, ананы және ананы істеуің керек еді деп балаларыңызға айтасыз ба? Өз балаларыңызға тигізген зиянды қалай жоя аласыз? Кей бір ата-аналардың біреуі былай сұрақ қояды: Өз балаларыңызға дұрыс тәрбие беру үшін оларды қандай мектепке бересіз? «Мүмкін, осы уақытқа дейін сондай кеңестер сіз ойлағаннан да жақын болған шығар».
Балаларды тәрбиелеудің мәңгілік шындықтары жайлы білу үшін 3000 жыл бұрын жазылған Нақыл сөздерге жүгінбес алдын, бұрын барлығы қаншалықты төмен деңгейде болғанын елестетіп көрдіңіз бе? Сол дәрігер дұрыс емес жасағанын көріп өмір сүрді. Нақыл сөздер авторы Сүлеймен, 3000 жыл бұрын шамасында өлген және осы кезге дейін ол балаларды тәрбиелеудегі жетелейтін қағидаларына еш өкінбеген.
Ол бізге не үйрете алады?
Келіңіздер төрт сабаққа көз салайық. Нақыл сөздер бізге балаларды тәртіпке келтіруге көмектеседі.
- Тәртіптің себептері
- Тәртіптің жиілілігі
- Тәртіптегі шектеулер
- Тәртіптің нәтижелері
Бірінші сабақ: Тәртіптің себептері.
Нақыл сөздер 22:15
Баланың жүрегінде надандық бар,
Тиянақты тәрбие оны содан арылтар.
Осы аятта көздеу керек болатын маңызды сөздер бар. Аят мынадай сөздермен басталады: «баланың жүрегінде надандық бар». Мұнда баланың жүрегінде балалықты меңземеген. Бұндағы сөздер мүлдем басқа мағына береді. Надандық – бұл біздің күнәға деген икемділігімізді білдіреді. Ол тікелей күнәмен байланысты. Балалық ол баланың әлі піспегендігімен байланысты. Бала кезімде, ас бөлменің еденіне, жертөле астына сіңіп кеткен бір галлон (ағылшындардың сұйық және құм заттарды өлшейтін 4,5 литрлік өлшемі) сүтті төгіп алғанымда, мен тәртіпсіз болып шыға келмедім. Бұл ата-ананың қателігіне байланысты емес, сол жастағы епсіздігіме байланысты сүт төгілген болатын.
Басқа жағынан қарастырсақ, мен әкеме бас салғанда иә, бұл ата-ананың жауапкершілігіне лайықты күнәлі тәрбие деп ойлайтынмые. Алайда надандық – бұл күнәнің үрдісі – баланың жүрегімен байланысты. Менің досым шабаданымды айнала жіп байлап тастағаны соншалықты, тіпті оны көп уақыт шешуіме тура келді. Міне «байланып қалу» дегеннің мағынасы. Надандық дәл сол сияқты жүректің айналасында сондай қатты оралып қалған, тіпті оны баланың жүрегінен алып тастау үшін және онда даналық ұялату үшін арқау сияқты күшті ыйық керек. Айтпақшы, арқау таяққа қосымша әртүрлі пішінде болуы мүмкін. Жаман жүріс-тұрысқа кедергі келтіріп, жақсы жүріс-тұрысты мақтау үшін айтарлықтай ауыр тигізетін кез келген тәртіп – шыбықпен анықталады. Баланы надандықтан босату үшін ол ескерту мен жаза, түзету арқауын алады. Бала оны өзбетінше жасай алмайды, қолынан келмейді. Бұл тәртіпке келтірудің ең маңызды себебі.
Өкінішке орай, кейбір ата-аналар балаларын тәрбиелеуде шыбықтың орнына басқа нәрсе қолдануды қалайды. 19 – ғасырда алтын безгек кезінде жалынды ізгі хабаршы алтын безгектің аңы болып мыңдаған адамдарды Мәсіхке еліктіру үшін 100 миль қашықтыққа өз отбасын және балаларын тастап кеткен. Сіз ол жайлы еш естімеген шығарсыз. Бірақ оның ұлдары Джесси және Франк Джеймс әйгілі гансгстерлер атағына ие болды. Егер де олардың әкесі оларды тастап кетпегенінде, олар өз мансап жолдарында әділдікпен жетер ме еді. Бұндай іс-әрекет бізді қатты ойлануға мәжбүр етеді. Қазіргі кезде қаншама ізгі хабаршылар және мәсіхші қызметшілер рухани әрекет болып жатқан жерге қатысқысы келіп, балаларын тастап кетіп қалады. Адамзат мінезіміз көп жағдайда бұрынғы біздің алғаш кездегі жылдардың топырғағының пішінін құрайды.
Өз балаларыңызға сіз қандай топырақ құйып жатсыз?
Нақыл сөздер 22:6 бізге тәртіптің басқа себебін береді:
Баланы жастан салсаң тура жолға,
Есейгенде ол содан таймайды да
«Тәрбиелеудің» мағынасы, балаңыздың Мәсіхті жүрегіне қабылдап, сиынуы ғана емес. Бұл дегені, баланың жүрегіндегі күнәні тоқтатып, Құдайдың жолымен жүру қалауын оятатын жиі сүйіспеншілік пен түзетулерді қажет етеді. Ата-анаға тәрбиелеуде қандай оқу-құралын пайдалану керек? Сексуалдық тазалықты, ақша жұмсауды, адалдық, еңбекқорлық, тіл, достық және ең маңызды біздің Құдаймен қарым-қатынасымызды көрсететін Нақыл сөздерге жүгінсек қалай болады екен? Нақыл сөздер 22:6 аяттағы: «Баланы жастан салсаң тура жолға» дегеннің мағынасы – ата-ана өз баласының даралығын және бірегей дарындарын байқап, Құдайдың өмірге деген шақыруын құрметтеуі керек. Қай салада бала дарынды? Не нәрсеге қызығады? Ол соларға ұмтылсын. Оларды сол қызығушылықтарына ұмтылуға жігерлендіріп, жол салуға көмектесіңіз.
Біреу былай депті: «маған балаңызды 12 жасқа дейін тәрбиелеуге беріңіз, одан кейін оған кім жауапты маңызды емес». Себебі осы жасқа дейінгі кезең баланың өмірінің соңына дейін әсерін тигізетін қалыптасуының маңызды кедеңдерінің бірі болып табылады. Балаға барлығын мейіріммен жүйелі түрде үйрету, әдетте пайдалы нәттижелер әкеледі.
Сүлейменнің даналық ілімдері 21 – ғасырмен байланысы жоқ деп санайтындар жайлы біреу мыналарды (келекелеп) жазыпты:
«Құқық бұзушылыққа балаңызды қалай үйрете аласыз:
- Балаңыз әлі нәресте кезінде – ол не қаласа, соны беріңіз. Ол өскенде дүниедегі барлық нәрсе оған тиесілі деп ойлайтын болады.
- Ол балағат және тұрпайы әзілдер айтқанда, онымен бірге қосылып күліңіз.
- Оған ешқандай рухани тәлім бермеңіз. 21 жасқа толғанынша күте тұрыңыз, содан соң ол өзі шешеді.
- «Дұрыс емес» деген сөзді қолданбаңыз, әтпесе балаңыз кінәлі болудан қорқатын болады.
- Оның артынан – кітаптарын, аяқ-киімдерін және киімдерін жинап жүріңіз. Басқаларға жауапкершілікті артып қоюға тәжірибелі болу үшін оған қолыңыздан келгеннің бәрін жасаңыз.
- Оның қолы жететін дайын әрі оңай басылып шығарылған материалдарды оқуды беріңіз…. (оның теледидардан және ғаламтордан не көріп жатқанын аңду жайлы ойламаңыз). Күмісті тазалаңыз, бірақ қоқыс жайлы өз ойына таянсын.
- Балаларыңыздың көзінше өмірлік жолдасыңызбен жиі ұрсыңыз.
- Тамаққа, ішімдікке және жайлылыққа деген барлық оның ұмтылыстарын қанағаттандырыңыз. Әрбір сезімдік қалауы қанағаттандыру керек, ал жоқ деп айту оған зиянды әдетке әкелуі мүмкін.
- Баланың барлық қалаған шығындарын беріңіз. Оны ақша табуға мәжбүрлемеңіз.
- Ол көршілермен, мұғалімдермен және полицейлермен ұрсып конфликт жасаған болса, балаңызды жақтаңыз. Олар балаңызға қарсы ғой.
- Ол шынайы қиындыққа тап болғанда, өзіңізден былай деп кешірім сұраңыз: «Мен мұнымен еш нәрсе істей алмайтын едім бәрібір».
Осындай кеңестерге құлақ асатын болсаңыз, онда қайғы өмірге дайын болыңыз.
Бір күні біздің жасөспірімдер тобына біздің қаланың басқа шетінен көлік айдап келген 14 жастағы баланы көрдім. (Мен тұратын жерде бұндай жастағы балаларға көлік жүргізуге тыйым салынған). Кейінірек ол адам кісі өлтіріп, өмірін түрмеде өткізді. Мен оның біздің жасөспірімдер тобынан шықпағанын қаладым. Мен оның Құдаймен бірге жүргенін қалар едім, бірақ мәсіхші жасөспірімдер және оның жетекшісі балалардың бойына көптеген жылдар бойы егіп келген ата-ананың зақымын, аптасына екі сағат бөлу арқылы жою қиынға соғады. Міне, сондықтан жасөспірімдерге қызмет ету өте қиын. Сондықтан жасөспірімдер мен жасөспірімдер жетекшілері әрқашан дұғаға мұқтаж. Бұл бұрыс тәртіп себептерінің біразы ғана – балалық тәртіптің бірінші сабағы.
Екінші сабақ: тәртіптің жиілігі.
Нақыл сөздер 13:24
Жазасын тартқызбаған баласын сүймейді,
Баласын сүйген оны жасынан тәрбиелейді.
Өз балаларын сүйген адам, оларды тездетіп тәрбиелеуге тырысады. Жазалаудан бас тарту сүюдің емес, жек көрушіліктің белгісі болып саналады. Баланың қателіктері мен күнәларын немқұрайлы қарап, елемегендіктен жаман тәртіп қалыптасады. Баланы түзету кезеңі жоғалады. Менің әпкем тұрмысқа шығар кезде, отбасында кім бастық екенін білулері үшін өз балаларын орынсыз аптасына бір рет шапалақтап ұрып тұратынын айтқан болатын. Егер де сіз оның балаларын кезіктірсеңіз, оларды ешқашан таяқ жемеген балалар дер едіңіз.
Аулақ болуға тиісті екі шек бар. Бұл аят бізге ақылды және тиісті тәртіп – бұл сүйіспеншілік екенін көрсетеді. Мысалы, біреу сізге үш ай бұрын істеген нәрсеңізді дұрыс емес деп айтса, бұл сізді әрине ашуландырады. Үш ай бұрын сіз не істегеніңізді анық және нақты есіңізге түсіре аласыз ба? Еске түсіру қиынға соғады. Өз күнәларымыз бен қателіктерімізді үйренудің ең жақсы мүмкіншілігі қай кез? Біз оны жасаған сәтте-ақ. Біреу емен ағашынан гөрі оның сабақтарын майыстырған оңай деген екен. Сондықтан балаларыңызды әлі жас кезінде тәрбиелей бастаңыз. «Мінез-құлық – бұл қысқарта бергеннен мықты боп өсетін өсімдік».
Евр. 12:5-11 былай делінген:
Расында Құдайдың сендерді өзінің рухани балалары деп атаған мынадай ескертпесін ұмыттыңдар ма:
«Балам, Тіңір сені тәрбиелегенде
Онысын ешқашан менсінбей жүрме,
Ол сені жөнге келтіргенде,
Лайым еңсең түсіп жүнжіме!
Иеміз өзі сүйетін әркімді
Түзетеді әрі тәрбиелейді,
Бауырына басқан әр баласын да
Жазалайды қажет болғанда».
Көріп жатқан азаптарыңа тәрбие ретінде шыдаңдар. Құдай сендерге рухани баласына қарағандай қарайды. Әкесі түзетпейтін бала бола ма? Барлық сенушілер де соны бастарынан өткізеді. Егер сендер осылай тәрбиеленбесеңдер, онда Оның шынайы рухани балалары болмағандарың. Туған әке-шешелеріміз бізді тәрбиеледі, біз оларды қастерлеп, сыйлап келеміз. Ендеше шынайы өмірге ие болу үшін көктегі рухани Әкемізге одан бетер мойынсынуымыз керек емес пе? Әке-шешелеріміз өз пайымдауларынша шектеулі уақыт аралығында жазалап та тәрбиелесе, Құдай бізді нағыз игілігіміз үшін басымызға қиыншылықтар туғызып тәрбиелейді. Осылайша Өзінің қасиетті болғанындай бізді де қасиетті етуді көздейді. Кезінде әрбір жаза қуаныш емес, реніш туғызады. Ал соны басынан өткізіп тәрбиеленгенге ол кейінірек әділдік пен тыныштықтың игілікті жемісін береді.
Егер Құдай Әке біз үшін барлық нәрсені жасаған болса, түгелдей пәк таза және сүйетін Иса Мәсіхті Құтқарушым деп қабылдағандардың Әкесі бізді тәрбиелеуден қорықпайды, Оның үлгісімен тәни жердегі әкелер де балаларын солай тәрбиелеу керек. «Өлімге апарар жол жеңіл, ал өмірге апарар жол ауыр. Әзәзіл балалардан бастайды». Неліктен бастамасқа? Егер сіз тәртәптің жиілілігіне сенбесеңіз, ол солай болады да.
Нақыл сөздер 19:18
Балаңды жөнге сал үміт барда,
Өмірінің күйреуіне кінәлі болма.
Бұл не деген мағына? Бұл дегені балаңызды қалыптастыру үшін сізде аз ғана уақыт болады. Мүмкін балаңыздың тәрбиесін түзетуге сіз кешігіп қалған шығарсыз. Сіздің балаңызды тәрбиелуеден бас тартуыңыз, бұл сіздің оған деген өлім жазасына кесілуіне қол қоюыңыбен бірдей. Себебі оның зиянды тәртібі мінез құлқының тамырына енеді. Тәрбиелеуден бас тарту – балаңыздың мықты даму және жетілу үмітінен ұрлайды.
Балаңыз үйден шығып кеткенде ол үшін, оның қауіпсіздігі үшін әрқашан сиынсаңыз болады, бірақ сіз оған жас кезінен әсер еткеніңіз абзал. «Киелі Кітаптық көз қараспен өмірді түсінетіндер тәртіптің жиілілік пен қарқындылықты талап ететініне ешбір ата-ана таң қалмайды». Тәртіптің жиілілігінің маңыздылығын даналы адамдарға тез ұғады. Сондықтан сізде тәртіптің екінші сабағы – бұл оның жиілілігі.
Бірақ тәртіп парасатты шектеулерге мұқтаж, сондықтан
Үшінші сабақ: тәртіптің шектеулері.
Кейбір ата-аналар сенуші ата-аналарды балаларға қатыгездікпен қарайтын, балаларын тәртіптеріндегі сұмдық оқиғалардың болуына себепкер ата-атаналар қатарына қосатын еді. Бізге өз балаларыңызды осындай әдіспен тәрбиелеу өлтіру сияқты қатыгездікке жатады деп айтатын. Алайда Киелі Кітап тәртіп жайлы айтатын кезде сенімді болыңыз, ол қатыгездік жайлы айтпайды. Міне соларды нақты айтатын бірнеше аяттар:
Нақыл сөздер 20:9
Жүрегімді таза ұстап, күнәсіз жүрдім
Деп тайсалмай айта алар еді кім?
Мен саған қарағанда жақсырақпын. Мен өмірімдегі бар күнәларымды өзім жуып тазаладым, мен күнәһар емеспін, ал сен сол күнәларды жасап жүрген нақұрыстың өзісің. Күте тұрыңыз?! Жер бетінде осы сөздерді айта алатын ешқандай пәк адам жоқ. Ешкім өзінің күнәдан таза екенін дәлелдей алмайды. Бұл аятта барлық адам күнә жасап, Құдайдың рақымынан құр алақан қалғанына куәлік келтіруші тағы бір жол. Ешбір адам өз күшімен өз жасаған күнәларынан жүректерін тазарта алуға қабілетсіз, сондықтан барлығымызға күнәлардан тазартатын Құтқарушы керек. Сондықтан бұл бізді басқаларға ақыл айтып, тәрбиелегенде де тоқтатып тұру керек. Ешкім өзін күнәсізбін деп айта алмайды. Иә, мен осы адамға оның күнәсі үшін сөгіс айтуым керек, бірақ менің өзім өткенім үшін сөгіс алдым және болашақтағы күнәларым үшін де сөгіс алатын боламын. Сондықтан менің сендерден еш артық жерім жоқ. Әрбіріміздің бойымыздағы күнә мәселеміз басқаларды кінәлап, тәрбиелегенде өзімізде күнәлі екенімізді есімізге салып, біздердің тоқтатып тұрады.
Нақыл сөздер 20:22
Зұлымдыңтың кегін қайтарам деме,
Тәңір Иеге тапсыр, Ол қолдайды сені.
Тәртіп – бұл кек алу емес. Кек алу – Құдай барлығының есесін қайтармайды деп айтады. Кек алу – бұл Құдай барлығын басқаратынына сенімсіздік танытып, қанағаттанбауымызды білдіреді. Адам бойындағы өзімшілдік кек алуды тудырады. Кек алудың кенеттен болатын нәтижесі – кекілжіңді тоқтату емес, өрбіту болып табылады. Ал кек алу Құдайға сенбегендіктен жүректерімізден орын алады. Алайда Құдайдан басқа кім есесін қайтара алады? Тәртіп – ата-ана үшін емес, балаға қажет. Тәртіп ересектердің күйзелістерін шығару емес, баланың жетілуіне арналған. Кек алу – Құдайдың жұмысы және бұл тәртіптегі шектеудің бірі болып саналады. Тәртіптің соңғы тоқтатуы мынада:
Нақыл сөздер 20:7
Әділ жан мінсіз өмір сүрер,
Балалары жарылқауды иемденер.
Бұл аятта егер ата-ана Құдай үшін балаларының алдында тура жолмен жүрсе, онда балалалары соны көріп, соған еліктейтіні жайлы айтылады. Өміріңіздегі адамгершілік мінез-құлық ата-ананың бірізділік, тыныш, Құдайды қастерлейтін ата – ананың өмірінен байқалып, зерттеледі. Өз өмірімдегі бір мысал: мен шамамен 8 жасымда үйге кешкі асқа ата-анамның ескі және жақын достары келді. Астан соң менің әкем маған оларға жаңа ойыншығымды көрсетуді сұрады. Өкінішке орай менің ойыншығым дұрыс іске қосылмай барлығының алдында менің ауызымнан балағат сөздері шықты. Әкем қатты ұялып кетіп, менен: «Сен бұл сөздерді қайдан үйрендің?» – деп сұрады. Мен оған: «Сен осы сөздерді бүгін таң ертең өзің айттыңғой» – дедім. Бұл шындық еді. Алайда мен бұл сөздердің жаман екенін білген жоқпын, себебі оны менің әкем арамен қолын кесіп алған бойдан айтып еді. Бұл менің өмірімдегі оның ауызынан бір рет ғана естіген балағат сөз еді, егер ол солай айтқан болса, оны қайталағанда ештеңе тұрған жоқ деп ойладым. Кішкентай көздер көріп және құлақтар естіп жатыр. Бұл аят әрбір іске байкау мен бірізділікке мұқтаждықты көрсетеді. Байкаусыз іс-әрекеттер өміріміздің шегінен тыс шығаратын нәтижелер алып келеді. Осы аяттың себебі және нәтижесі бар. Егер бала күн сайын отбасындағы жұмыстың бірізділік игіліктерін көретін болса, онда олар шүбәсіз оның сүйектеріне кішкентайынан еніп кетеді. Біздің өміріміздегі бірізділіктің игіліктері әртүрлі келеңсіздіктерден сақтайды.
Сонымен біз мына сабақтарды қарастырдық:
Сабақ #1 – Тәртіптің себептері
Сабақ #2 – Тәртібіміздің жиілілігі
Сабақ #3 – Тәртіптің шектеулері. Бұл өз кезегінде келесі қадамдарға әкеледі…
Төртінші сабақ: тәртіптің нәтижесі.
Егер біз барлық қарастырып шыққан тақырыптарға шындап қарайтын болсақ, нәтижесі қалай болмақ?
Нақыл сөздер 20:11
Істерін байқасаң баланың,
Білесің мінезінің таза, дұрысын.
Жастар ертеңгі қауымның болашағы деген сөздер әрқашан менің ашуыма келетін. Яғни бұл дегені сонда олар бүгін қауымға ешқандай үлестерін қоса алмайды деген сөзғой. Бұл дегені бүгінгі күні біз олардан ештеңе күте алмаймыз. Бұл дұрыс емес пікір. Егер балалар қауымда тұрақты болса, онда олар бүгінгі қауымның бөлігі болып саналады және олар өз игі істері арқылы қауымға үлестерін қоса алады.
Нақыл сөздер 20:11
Істерін байқасаң баланың,
Білесің мінезінің таза, дұрысын.
Жастар өздерін тек Мәсіхті Құтқарушым деп қабылдағанынан ғана ажырата білуіміз ғана емес, сонымен қатар олар Исаға басқаларды әкеле алады, олардың өмірінде Құдай қалай жұмыс істеп жатқандығы жайлы бөлісе алады. Таңғы жиында 8 жасар бала Киелі Кітаптан үйренгенін бөліскен соң, өз өмірін Құдайға қайта арнағанын айтты. Ал менің досым сол баланың мойынсұнушылығына қарап, өзінің Құдайға мойынсұнбағанына қатты өкініп, сол жерде тәубеге келді. Айтпақшы, жексенбілік жиналыстарды балалар мен жастар жиі куәліктерімен бөліссе жақсы болмас па еді? Бәстесем, біздің барлығымыз жігерленетін боламыз. Жастардан ештеңе күтпесеңіз, сонда ештеңе алмайсыз. Үлкен нәрселер күтсеңіз, үлкен нәрселер аласыз.
Тәртіптің дәлелдері білетін және іздейтіндерге қол жетімді, біз балаларымыздың Мәсіхке ұқсауын іздеуіміз керек. Құдай балаларды болашақ ересектер ретінде емес, бала ретінде көреді. Бізде солай істеуіміз керек.
Игі істер – жеткілікті кең категория. Ол жақсы тәртіп және тіпті балаларды қоғамда және отбасында лайықты мүшесі болуына жол беруі жайлы куәлік етеді. Игілік бұл тек ішкі емес, бұл сонымен қатар балаларға да және қарияларға да қажетті дұрыс нұсқаулық.
Жемістеріне қарай таныласыңдар – бұл жастарға да, қарияларға да қатысты. Бірізділік тәртіптің нәтижесі неге әкеп соғады?
Нақыл сөздер 20:29
Жастардың мақтанары — күш-қуаты,
Қарттардың қадірі — ағарған шашы.
Біреу қарт және құрметті болып қалай өмір сүре алады? Әрине тәртіпке дұрыс әсерін тигізіп, үлгілі болуымен. Орта есеппен, мойынсұнушылық ұзақ өмір сүруге, ал мойынсынбаушылық өмірдің қирауына әкеледі. Киелі Кітапта ағарған шаштар мойынсұнудың және батамен адалдықтың тәжі ретінде қарастырылады. Ағарған шаштардың физикалық күші қалай болмасын, олардың рухани және адамгершілік күші болашақ жастарды жігерлендіретін, Исаға келуіне түрткі болатын ынталандыру шамшырағы болып табылады.
“Егер біз жастарға қошемет көрсетіп, қол соқсақ, онда біз асыл аталарымыздың алдында тізе бүгуіміз керек. Кәрілік нәзіктік деген сөз емес. Қариялардың өмірлік оқиғаларының көп бөлігінің артында балаларына қамқор болған және оларды тәрбиелеуге батылдығы болған ата-аналарының мықты қолдарын байқауға болады.
Қарттарға байланысты ауртпалық жоқ, өсім жоқ деп тек тәни формаға қатысты жақсы ұран емес. Бұл сонымен қатар рухани жарамдылыққа да тиесілі. «Өмірден мен бір нәрсені үйренген болсам – бұл тәртіпті бағалау». Сіз осы сабақты түсініп алдыңыз ба? Ендеше өз балаңызды тәрбиелеуде осы Нақыл сөздердің шәкірті екеніңізді дәлелдей аласыз ба?
(Кейбір ойлар Дэвид Хаббардтың «Нақыл сөздер» түсіндірмесінен алынған)