Баланың кайтыс болуы
Мен балаларымның өліміне алдын ала дайын болмадым. Өмірдегі кейбір нәрселерді біз еш күтпейміз, бірақ олар өмірімізде болғанда, бізге ауыр тиеді, бағдарымызды жоғалтып алғандай боламыз. Төмендегі мақалаларды сондай ауыр қиындықтарды басынан өткізген сенуші әйелдер жазған.
Қуаныш – тек бүгін үшін
Забур жыры 117:24 «Иеміз жаратты бізге бұл күнді, Шаттанайық, қуанайық сол күні»
Менің өмірім Тәңір Иеміздің істеріне тірі куәлік болып келе жатыр. Мен наша мен алкогольдың тәуелдігінен босап, тазаландым. Тазаланғаныма алты ай болғанда, тұрмысқа шықтым. Жаратқан Иеміз бізге туылуға тиісті уақытынан үш ай бұрын дүниеге келген бір тамаша ұл баланы сыйлады.
Нәрестені қолыма берген кезінде, біз оған Еліше деп ат қойдық. Еліше қуанышқа толған сондай керемет бала болып өсті. Мен үшін және жанұям үшін ол қандай керемет сый еді.
Бірақ Еліше 22 жасында тіс ауруының асқынуынан зардап шегіп, Тәңір оны көктегі үйіне алып кеткенде мен үшін дүние астан -кестен болды. Менің жүрегімнің қуанышы болған балам мені ауыру, қайғыру, торығуға толтырып, жалғыз қалдырып, осы дүниеден кетті. Күйзеліс ақырындап кіріп, менің қуанышымды ұрлап алды, қайғы менің барлық күшімді алып, күнделікті өмірімді бұзды. Ауыр қайғы көрпе сияқты басымды жауып, мені тұншықтырып, тыныс ала алмадым. Бір мезетте мен өмірімнің мәнін жоғалттым және мен Тәңірден алған сыйлығыммен өткізетін тағы бір күннің мүмкіншілігінен айрылдым.
Забур жыры 138:7де былай деп жазылған :
«Сенің Рухыңнан мен қайда қашпақпын? Көз алдыңнан қайда жасырынбақпын?»
Қайда барсам да, Сен сол жердесің. Мен өзімнен және өзімнің азабымнан және баламның өлімінен кейін пайда болған жүрегімдегі тесіктен қалай қашып құтыла алмасам, солайша Тірі Құдайдан да жасырына алмаймын. Баламның қайтыс болғанынан бері он төрт ай ғана өтті, қайғым әлі басылған жоқ. Менің жүрегімдегі жара әлі шикі және жаңа, бірақ қазір менімен бірге бола алатын Біреу бар. Ол менімен тура осы жағдайымда кездесе алады. Менің үстіме түскен түннің қараңғылығын жарып өте алатын Біреу бар. Мен өзім қазған апаннан мені алып шығудан да зор істерді істей алатын Біреу бар. Ұлымды жоғалтқаннан кейін қалған орасан зор жарама гилеад бальзамын құйып, менің азабымды жеңілдететін Біреу бар.
Менің «Оны тек қана шын жүректен бет бұрып, сиынып іздесем ғана болғаны». Құдай сонда табылады.(Еремия 29:13) Мен солай істеп те жүрмін. Себебі, маған осы дүниеде үміт әкелетін ешнәрсе қалған жоқ. Мені көретін ешқандай адам жоқ, менің жалғыз өмірлік жолымда менімен бірге жүре алатын да еш жан жоқ. Бірақ осы айтылғандарды істей алатын Біреу бар, сондықтан әр күні , әр таңда мен Оны іздеймін.
Мен Оны іздегенде табамын. Менің Тәңірім және Құтқарушым маған тек сол күнге арналған үміт береді, сол күні тұрып жұмысқа баруға күш береді, менің сол күнді баламсыз өткізе алуыма қабылет береді. Мені Өзінің сүйіспеншілігімен, даналығымен, мінезімен, қатысуымен толтырады. Құдай маған арналған өмірді сүруіме және алдыға жылжуыма қажетті ерекше көзқарасты береді.
Әр күні таңдаумен кездесемін. Мен өз ұлымды жоғалтқаныма ренжуді таңдауыма болады. Немесе мен баламды бір күні көремін деген үміт пен қуанышты күтіп, өмір сүруді таңдауыма болады. Бүгін мен былай деп айта аламын «Иеміз жаратты бізге бұл күнді, Шаттанып қуанайық осы күні».
Нұрын шашып тұрған шам-шырақ
2 Петір 1:19 «Сонымен қатар ,біздерде пайғамбарлардың жазып қалдырған нық сенімді сөздері бар ғой. Бұларға көңіл бөлсеңдер жақсы болады. Сол сөздер қараңғылықта «нұрын шашып тұрған шам-шыраққа ұқсайды». Таң атып, шолпан жұлдыздарының пайда болатынындай ақырында Мәсіх көктен қайтып келіп, жүректеріңе толық түсінік құятын болады».
Мен Құдаймен қарым-қатынасымда өсіп-жетілген сайын Құдай туралы түсінігім өзгерді. Бала кезімде менің туған әкем мәсіхші болса да, мені және апа-cіңілілерімді Киелі кітаппен қорқытатын. Құдайды аспаннан ұшып келіп бізді кішкентай құмырсқадай жапыра салатын оңбаған алып ретінде бейнелейтін. Әкеміз бізге егер біз Құдай еркіне сай іс-әрекет етпесек, егер біз Оған құпияларымызды айтып, Оны тыңдамаған жағдайда бізді өлтіре салатын Біреу деп суреттейтін. Сондықтан да мен өлген жағдайда тозаққа барамын деген дұрыс емес қорқынышпен ұдайы өмір сүруім мен үшін таң қаларлық нәрсе емес еді.
Соның нәтижесінде, мен әрқашан өлімнен қатты қорықтым. Бірақ мен Құдайдың кім екенін және Оның мені қаншалықты сүйетінін түсінгеннен кейін, «Құдай мен үшін ұялады, Ол маған ашулы және мені тастап кетті» деген балалық ойларым өзгерді. Менің балалық шағымдағы болған ауыр оқиғалардың нәтижесінде менің рухани сезімталдығым күшейді және рухани шындықты көбірек түсіне алатын болдым. Менің өмірімдегі келеңсіз жағдайлардың орнын толтыру үшін Жаратқан Ие осы сезімталдықты маған берген сияқты. Кейде Тәңір Иеге қатысты нәрселер маған басқа адамдарға қарағанда анығырақ және айқынырақ көрінеді.
Бір әйел жасөспірім шағында сүңгу кезінде болған қайғылы оқиғадан кейін сал болып қалған ауруын өз өміріндегі ең жақсы әрі орынды болған нәрсе деп бейнелейді. Ол өзінің сол оқиға нәтижесінен өлім құшпай, мүгедектерге арналған орындыққа отырғандығын рақымдылықтың сыйлығы деп қабылдайды. Мен қазір есейген, бірақ кезінде көп қорқыныштармен өмір сүрген кішкентай қызға қарап, осы әйелдің айтқанын түсіне аламын. Өзімнің және осы әйелдің өткен өміріне қарап, мен кейде азап арқылы өмірімде рухани түсінік қалыптасқанына сондай ризамын деп шындықпен айта аламын.
Ешуа 3:4 «Бұрын сендер бұл жолмен ешқашан жүрген емессіңдер, ал Келісім сандығына ерсеңдер, баратын жолды білетін боласыңдар». Өмірдегі болатын жағдайлардың бәрі әртүрлі және жаңа бастамаға алып келеді. Өміріміздегі әрбір жаңа қадам жасаған кезде, мысалы; жұмыс, қарым-қатынас, баланың өмірге келуі, қауым, жаңа спорт, хобби немесе баланың өлімі болсын мен «Мен осы нәрсені бұрын басымнан өткізіп көрмедім» – дегенді есепке алуым керек. Осы оқиғалардың барлығы мен үшін жаңа нәрсе және солар болған кезде Құдай менің ары қарай не істеу керек екенімді жетелеп отырады.
Ишая 60:2 : «Міне, жер бетіне қою қараңғылық жайлап, халықтарды қара түнек жаулап алды. Бірақ сенің үстіңнен Жаратқан Иенің нұры жарқырап, Оның нұрлы салтанаты көрінеді». Құдайға сенім артушы адамдар арқылы Құдайдың даңқы күнәға толып бара жатқан әлемде көбірек көрінуі үшін Ол өз балаларын әртурлі жанұяларға, компанияларға, нарықта, ауруханаларға, мектептерге және басқа жағдайларға қояды.
Киелі кітапта соңғы күндері қараңғылықтың қалай басатыны туралы жазылған. Әлем күннен-күнге зұлымдыққа толып, күнәға батып жатыр. Зұлымдық өсіп, жақсылық азайып, Киелі кітаптағы сөздер мен уәделер біздің көз алдымызда орындалып жатыр. Иса қайтып келген күні тірі жүрген сенушілер осы күнәкар әлемдегі тас қараңғылықтағы жалғыз жарық – Құдайдың Сөзі және Құдайдың Сөзін жүректерінде сақтаған сенушілер ғана екенін еш күмәнсіз біле алатын болады.
Мен басымнан өткізген азаптар мен қайғылар маған ненің шынайы және маңызды екенін санама жеткізді. Мен жан-жағыма қарап тек қана маңызсыз, түкке тұрғысыз нәрселерді көретінмін. Менің қайғымның тасқыны түтін, айна сияқты басқа да шынайы емес заттарды жарып өткендей болды. Мен өзімді Құдай патшалығына және мәңгілікке бұрынғыдан гөрі жақындағанымды сезіндім. Баламның өлімі Құдайдың жай сыбырын менің жаныма күшейтіп жеткізгендей болды. Мен бір жеңілдікті сезініп, өзімнің кішірейіп, Құдайдың ұлғаюы керектігін, сондай-ақ осы әлемдік, маңызсыз нәрселерден басқа да құндылықтар бар екенін және жұмақ бұрынғыдан да жақын екенін түсіндім.
Мүмкін менің балам жүрген жерге тездетіп барғым келетін аңсауымнан ба, әлде осы жерге мені байлап қойған уайымдар мен ауыртпашылықтардан құтылғым келгендіктен бе немесе уақыт өте шынымен Исаның екінші келуі жақын қалғандықтан ба екен, мен сол келе жатқан күнді және Таңғы Жұлдыздың жүрегімде туып келе жатқанын сеземін.
Құдай жаралы жүректерді сауықтырады
Забур 146:3-5 «Жаралы жүректерді сауықтырар, қайғы-қасіреттерін Ол жұбатар. Иеміз жұлдыздардың санын белгілеген, Ол барлығына да өз аттарын берген. Жаратқан Ие ұлы әрі тым қуатты, шексіз мол Оның ақыл-парасаты».
Жаратқан Ие ананың балаға деген сүйіспеншілігін қандай ерекше және бірегей етіп жасаған деп ойлаймын. Бұл – жердегі басқа сүйіспеншіліктерден мүлде өзгеше. Бұл сүйіспеншілік – қорғайтын және айбынды, терең, ешқандай шарт қоймайтын, сол балаға ғана тиесілі сүйіспеншілік. Анасы баласы үшін өмірін қиюға дайын болғандықтан бұл сүйіспеншілік ерекше және теңдессіз.
Сәби дүниеге келе салысымен, анасы сол сүйіспеншілікті оған көрсетеді. Ана өзін шетке қойып, әр күні өз баласын өзінен жоғары қояды. Әрбір шешімді қабылдағанда ана баласының пайдасы және келешегін есепке алады.
Тәңір Ие құрсақтағы нәрестемді өмір беретін кіндік деп аталынатын жіп арқылы менімен жалғастырды, осылайша біздің арамызда жақындық пайда болды. Осы жіп мені ұлыммен мәңгі жалғастырады. Нәрестемді қолыма алғаш ұстаған алғашқы сәттен бастап мен өзгеше, мүлдем басқаша сүйіспеншілікті сездім.
Жаратқан Ие баламды жұмақтағы мәңгілік үйіне алып кеткенде, менің зор бөлігім осы дүниені тастап кетті де, тек менің кішкентай ғана бөлігім осында қалды. Тәңір жүрегі жаралыларды емдеп, біздің жарамызды таңамын дейді, бірақ оның қанша уақытқа созылатынын айтпайды. Балалары қайтыс болған мен сияқты аналарға, біздің жоғалтқан бөлігіміз жұмақта балаларымызды бетпе-бет көрмейінше, қайтып келмейді деп ойлаймын.
Бірақ дегенмен, біздің Құдайымыз әлі де ұлы және күшті, Оның түсінігіне шек жоқ. Құдай осындай сүйіспеншілікті шынайы түсінеді. Себебі біз Оның жүрегін білсін деп, яғни Оның қорғайтын, айбынды, терең және шартсыз, тек қана Оның балаларына ғана арналған теңдессіз бірегей сүйіспеншілігін түсінсін деп Өзінің жалғыз рухани Ұлын жер бетіне жіберді.
Киелі кітап жүрегі жаралылар және жаны күйрегендер туралы көп айтады. Забур жыры 33:19 : «Жүрегі жаралыға Жаратқан жақын тұрады, жаны күйреп, күнәсіне өкінгенді құтқарады».
Мен қымбатты балам қайтыс болғаннан кейін жұбана алмадым. Мен жанымның терең түкпірінен шыққан өкінішпен ұйқыға кететінмін. Осы ұлымның қайғысынан болған жүрегімдегі жара мен ауру сондай ауыр болғандықтан, олар мені жеңіп, өлетін сияқты көріндім. Ертесіне оянғанда мен жүрегімдегі жара тіпті ұлғайып, балам жер бетінде енді болмағандықтан менің жанұямдағы оның бос орыны көрініп тұратын. Мен жанұямның толық емес екенін түсінгенде сынып, біраз уақыт сенімім де шайқалды.
Мен бір күні қолыма телефонымды алғанда қауымымдағы бағушымнан келген хабарды көрдім. Ол осындай қиын уақытта менің есіме Құдайдың барын білідіру мақсатында он нәрсені көрсетіп, Оның он уәдесін білуімді қалайтынын жазды:
- Мен саған тыныштық беремін.
- Мен саған күш беремін.
- Мен саған жауап беремін.
- Мен саған сенемін.
- Мен сені жарылқаймын.
- Мен сен үшін дайынмын.
- Мен сені сәтсіздікке ұшыратпаймын.
- Мен сені қамтамасыз етемін.
- Мен сенімен бірге боламын.
- Мен сені жақсы көремін.
Таңертең Киелі кітапты ашқанда мен өзіме сұрақ қойдым: «Құдай сондай адал ғой, неге мен Оның сүйіспеншілігіне күмәнданамын?».
Егер менде Құдайдың көзқарасы болса, Ол сондай әдемі сыйды неге маған бергенін түсінуші едім. Сол сәттен бастап Оның маған арнаған мақсаты мен өміріме арналған жоспарын біле алар едім. Бірақ сол кезде мен оны түсінбедім. Менің бар білгенім қайғым мен жарам болды. Қатты қайғырып, жүрегім сондай ауырды.
Тағы да, Ол маған менің өмірімнің аятын есіме салды. Забур жыры 45:11: «Тынышталыңдар барлығың енді, біліңдер Менің Құдай екенімді! Басқа халықтар Мені құрметтейді, дүние жүзінде Мені қастерлейді».
Сіз жақсы көретін кісі
Жохан 11:3: «Сонда апалы-сіңлілі екеуі: «Мырза, Сіз жақсы көретін кісі ауырып жатыр», – деп Исаға Елазар туралы хабар жіберді».
Балам қайтыс болғалы Елазардың әңгімесі туралы жиі ойланамын. Себебі менде әрқашан, тіпті оның өмірінің ең сонына дейін Тәңір менің ұлымды сауықтырып, төсектен тұрғызады деген үміт болды. Мен оның өмірін алып кеткен пневмониядан сауығу туралы ғана айтып тұрған жоқпын. Ол туғаннан бері церебральды шалдығу мен когнитивті мүгедектіктен зардап шекті. Мен олардың бәрінен де сауығады деп үміттендім.
Мен күндердің күнінде Құдай аспаннан менің балама қол тигізіп, ол бір сәтте, кереметпен сауықты деп айта алатын болсам деп терең аңсадым. Бірақ осы әлемде ол нәрсе болмады.
Оның өлімінен кейінгі қараңғы күндерде Тәңір мені шынымен сүйеді ме екен деп күмәндандым. Тәңірім қайта-қайта сүйіспеншілігін жарияласа да, қиыншылық ішінде, мені қоршаған дауылдың ортасында мен жиі адастым. Мен көзімді Құтқарушыдан алып, Оған тиісті екенімді ұмытып кеттім. Түңілу, мұң және қайғырудың терең көліне бата бастадым. Мен тіпті Құдайдың сүйіспеншілігіне күмандандым.
2 Петір 1:3 : «Құдай бізді құдіретті күшімен және Оны жақыннан танып білуіміз арқылы Өзіне ұнамды жаңа өмір сүруімізге қажеттінің бәрімен қамтамасыз етті». Сонымен шынайы сұрақ мынау еді :«Мен Оны шынымен білемін бе? Айқыш ағашта мен үшін өлген Оны, өзім жеке және жақыннан білемін бе? Құдайдың тағы тұрған бөлмеге шақырған Онымен жеке қарым-қатынасым бар ма? Мені мәңгілік сүйіспеншілікпен сүйетін, жер бетіне келген Исаны шынымен де білемін бе? Мен Оның Құдайылық болмысын сездім бе? Мен Оны өмірімнің Иесі болуға жағдай жасадым ба? Мен Оған өмірімде орын беруге ризамын ба? Өмірімдегі әрбір жағдайды Оның қолына тапсырдым ба?»
Менің Құдайға сүйіспеншілігім сондай тұрақты емес, күнделікті жағдайларға байланысты өзгеріп тұрады. Бірақ Құдайдың маған деген сүйіспеншілігі ешқашан өзгермейді.
Еремия 31:3: «Ежелде Жаратқан Ие бізге аян беріп, былай деген еді: Саған деген сүйіспеншілігім мәңгілік, берік мейіріммен сені Өзіме баурап келемін». Егер Құдай мені мәңгілік сүйетініне уәде берсе, маған оған сену неге соншалықты қиын? Себебі інілері Елазар қайтыс болғанда, Иса қайда екен деп ойланған Мариям мен Марта сияқты, мен де қайғылы жағдайларда Жаратқан Ие қайда екен деп жиі ойланамын. Менің ата-анам айрылысып жатқанда Құдай қайда болды? Мен жұмыстан шығып қалғанда Ол қайда болды? Менің балама мүгедектік диагнозын қойғанда Ол қайда болды? Мен жақсы көретін адамым қайтыс болғанда ол қайда болды? Қиын сұрақтар, солай емес пе?
Бірақ сол ауруханада мен Құдайдың қасымда болғанын сездім. Себебі балам қайтыс болар алдындағы соңғы сағаттарда бөлмеге тыныштық енді. Сол сағатта Оның маған және менің шағын жанұяма деген сүйіспеншілігін сездім. Мен сонда Құдай жақсы көретін кісі шынымен сауығып, дені сау болатынын білдім.
Тәңір ұлымды үйіне алып кеткенде, дұғаларыма жауап алғанымды білдім. Мен қалағандай болмаса да, мен жауап алдым.
Теріс ойлар
Римдіктерге 14:22 « Өзінің дұрыс деп таңдағанын істегенде ар-ұжданы айыптамайтын адам бақытты».
Ертедегі бір мақалда былай делінген: «Қайғы алып келетін құстардың төбеңнің үстінен ұшуын тоқтата алмайсың, бірақ олардың сенің басыңа ұя салуын тоқтата аласың». Біз қайғырғанда миымыз тым артық жұмыс істеп жатқандай сезіледі. Біздің басымызда жиі «солай істеу керек еді», «солай істеуге болушы еді», «тек қана егер… » сияқты ойлар болады. Біз теріс ойлардың шеңберінде жүрген секілдіміз.
Егер біз осындай теріс ойларды тоқтатпасақ әдетке айналып кетеді. Мұндай ойлар шын мәнінде болып жатқан жағдайлардан асыра көрініп, өмірімізді тез қиратушыға айналады. Біз әрбір ойды ұстап, әрбір теріс ойды дұрысқа айналдыруды үйренуіміз өте маңызды.
Мүмкін, аналар арасында кездесетін ең үлкен теріс ой өзін кінәлі сезіну деп ойлаймын. Аналар және әйелдер ретінде біз өзімізге өзіміз қас жау болып табыламыз. Себебі біз жиі «өзім ешқашан жеткілікті түрде дұрыс істемедім» деп сезінеміз. Біз қатты кінәлі сезгенімізде немесе басқа да теріс ойлар келгенде тоқтап, дұға ету үшін күресудеміз. Біз кемелді емеспіз. Ешкім де кемелді емес.
Теріс ойларыңызды Құдайға әкеліп, сонда қалдырыңыз. Ең алдымен өзімізді кешіруіміз керек және сол кездегі бар білгенімізбен қолымыздан келгенше істегенімізді түсінүіміз керек. Баламыздың өліміне өзімізді әр түрлі себептермен кінәлайтын әрбіріміз, бір нәрсені түсінуіміз керек. Егер тіпті сол болған оқиғаны өзгертетін бір әрекет істейтін болсақ та, біз өмір мен өлімді болжай алмаймыз.
Құдай баламыз туылмас бұрын оның өмір сүру күндерін белгілеп қойған. Теріс ойлар – қайғыру процесінің бір бөлігі, бірақ олар біздің тұрақты эмоциямыз болмауы керек. Теріс ойларымызды жақсы ойларға айналдыруымыз керек. Солай етпесек ол әдетке айналып, ал әдет біздің тағдырымызды жасайды. Теріс ойларға толған өмірден еш жақсы нәтиже шықпайды. Біз өз қателерімізден үйренетін сабақ алып, алға жылжуымыз керек.
Біз қуанышты болуымыз үшін өзімізді кінәлауды тоқтатып, қайғының құстарын басымызға ұя салдырмау керектігін Пауыл есімізге салады.
Тәңір біздің қателіктерімізді күнделікті кешіретініңді білеміз. Өзімізді кешіруге көмектесші.
Ойымызды жаңарту
Ишайя 43:18 «Естеріңе бұрынғыны алмаңдар, Бұдан былай баяғыны ойламаңдар!»
Кэти қайтыс болғаннан кейін көп уақыт бойы өзімді ауруханада елестетіп жүрдім. Мен өткенге қайта оралып, жағдайды өзгерткім келді. Мен сене алмағандықтан және шок жайғдайдан тіпті не болып жатқанын түсіне алмадым. Сол уақыттарда осы қазаның еш өзгермейтінін түсіне алмадым.
Мен өзімді қызыма жалғанған аппараттарда, шлангтерді елемей, сол аурухана төсегіне ақырын шығып бара жатқанымды елестететінмін. Менің оған айтарым көп еді. Мен оны қызым ретінде мақтаныш тұтатынмын. Таңертең тұрғанда оның тәтті күлімсіреген бейнесін қандай сағынатынмын. Мектептегі дәлізде болған жайттар туралы күліп, әңгімелесіп жатқан Кэти мен Сараны тыңдауды сағынатын боламын. Олардың қарым- қатынастарының ары қарай қалай өсіп, дамитынын көре алмайтын болдым. Маған қызымның пижама киіп, достарын қарсы алу үшін баспалдақпен төмен жүгіріп бара жатқанына қарап тұрған ұнаушы еді. Мен онымен азық-түлік дүкеніне барғанда, оған ұнайтын бірақ тым қымбат заттардың жанынан өтіп бара жатып, көзім күлімдеп бір күні ол яғни қызым бай болғанда, сол заттарға ақшасы жеткенде сатып ала алатынын айтуды сағынатын боламын.
Ең бастысы менің оны қаншалықты қатты сүйетінімді білгенін қаладым және қызымның соны білуі үшін көп дұға етемін. Мен сол күнді қалпына келтіре алмаймын. Бірақ мен болашаққа қарап, біз жұмақта қайта қосылғанда не айтатынымды елестете аламын.
Мен оның арқасында қаншалықты өзгергенімді қызыма айтамын. Мен өмірімде еш елестете алмаған мақсат пайда болғанын айтамын. Қызымның өмірі арқылы мен осы әңгімемен бөлісіп, адамдардың жүрегіне әсер бердім деп үміттенемін.
Кэтиға айта алатын ең маңызды нәрсе менің оның қаншалықты қатты жақсы көргенім. Осы сүйіспеншілігімнің дәлелі менің ары қарай өмір сүруді жалғастырғаным және мен үшін оның өмірі мен өлімі маңызды екенін көрсеткенім болып табылады. Қызымның өлімі – менің өмірімді айқындайтын сәт болды, бірақ осы оқиға мені ауруханада ұстап қалмауын таңдадым. Мен қызымды болашаққа бірге алып кетуді таңдадым.
Тәңір, балаларымыз бізді мақтан тұтсыншы, олардың өмірі мен өлімі біз үшін маңызды болсыншы. Біз өмірімізді жалғастыруымыз арқылы оларды сүйетінімізді көрсете алайықшы.
Дұрыс Фокус:
Тимотеге 1 хат 6:12: «Сенімнің ізгілікті мүддесі үшін жан сала күресіп, мәңгілік өмірді берік ұстан».
Біз ана болғалы жатқанымызды білген кезімізде, баламыздың дені сау болуы үшін бәрін дұрыс істеуге тырысамыз. Бала туыла салысымен оның біздің өмірімізді өзгерткенін түсінеміз. Біз өзімізді ойлауды бірінші қоямыз, бірақ сол бала бар назарымыздың ортасында болып, ол үшін өмірімізден бас тартамыз. Егер біз баламыздың өмірі қауыпте екенін көрсек, баланы құтқару үшін өмірімізді қиып, өлуге де дайын боламыз.
Енді осы бала қайтып кеткен соң, біз өзімізден мынаны сұрауымыз керек: «Біз олар үшін өмір сүре аламыз ба?». Балаңыз үшін өмір сүруіңізді жалғастыра аласыз ба? Тек қана тірі болып жүру емес, сіздің балаларыңыз сізді мақтаныш тұта алатындай өмір сүруге шешім қабылдай аласыз ба?
Жақында маған мынадай сұрақ қойылды: «Егер сіздің қайтыс болған балаңыз осында болса және одан анаң үшін не тілейсіз деп сұраса, ол: «мен анамның бақытты болғанын қалар едім» – деп жауап беруші еді. Мен терең қайғыдағы адамға қуанатын бір нәрсені табу қиын болатынын білемін. Дегенмен де, осы аптада мен сізден алғыс айтатын бір нәрсені және қуанышқа тұрарлық бір себеп табуыңызды сұраймын. Себебі біз осы балаларымыз үшін өмір сүруді жалғастыруымыз керек. Сонда олар бізді мақтаныш тұта алатындай оларға және өзімізге мұра қалдыра аламыз.
Құдайым мені Өзіңнің жұмысшың ете гөрші. Артқа қарамауға мүмкін беріп, менің тізелерім қалтырауы мен қолдарымның әлсіреуін алып тастай гөр. Таң атқаннан күн батқанға дейін қызмет ете алуым үшін күш пен не жағдай болса да көтере алатын мықты ете гөрші.
Еске алу:
Еремия 31:13: «Сонда бойжеткендер көңілденіп жас-кәрілермен би билейді. Мен қайғыларын шаттыққа айналдырып, қасырет орнына жұбаныш пен қуаныш сыйлаймын».
Қазір біз Кэти қызымыздың туған күнін тойлау үшін жыл сайын өткізетін кемпингтік сапарға дайындалып жатырмыз. Оны еске алу үшін отбасы мүшелері мен достарымыз жыл сайын бізбен бірге барады. Кэтидің Тәңірмен көктегі үйінде болғанына он екі жыл болды.
Мен өзіміздің он екі жыл бұрынғы өмірімізге бұрылып қарағанда, біз сол адамдар екенімізге сене алмаймын. Он екі жыл бұрын оны жерледік. Сол күннің ауырлығы өте шамадан тыс еді. Он екі жылдан кейін қызымның зиратына барғанда физикалық жағынын оның қасымызда еместігін білсек те, оның әрқашан бізбен бірге екенін әрбіріміз сезе аламыз. Зиратқа жыл сайын бару әрқайсымыз үшін жарылқау болып кетті. Жаратқан Ие мен ойлағаннан да артығырақ етіп, біздің жаралы жүректерімізді емдеді. Біз музыка қосып үлкенді – кішіміз бірге түнімен ән айтуды дәстүрге айналдырдық. Құдай біздің қайғымызды әнге айналдырды. Жаратқан Ие, сенің емдеу құдіретің үшін алғыс айтамын. Біз шынымен де жарылқандық.
Мен өзгерген жоқпын
О, Құдайым, мен түсінбеймін. Біздің өмірімізді құртатын, жүрегімізді өткірлігімен жаралайтын, жұтатын ауамызды ұрлайтын қайғылы оқиғалар неліктен болады? Неліктен жексұрын, жүректі ауыртатын сөздер қарым-қатынастарды бұзып, кезінде сүйікті болғандарды жалғыздықтың суығына тұтқынға алады? Неліктен табиғи күштер өздерінің қаһарын шашып, жолында тұрғандарды мәңгілікке жаралайды? Неліктен балалар азап шегіп өледі? Неліктен зорлаудың құрбанынан өмірдің баға жетпес нәрселері ұрланып алынады? Неліктен?
Балам менің, сен оны түсіне алмайсың. Сен тек қана дем ал және сенім арт. Мен өзгерген жоқпын. Сенің көз жастарың аяғыма төгілсін, мен сені өз қолыммен көтеремін, кеудеме жақындатамын. Мен өзгерген жоқпын. Мен сені жақсы көремін және қамқорлық көрсетемін. Менің жүрегім зұлымдықты жек көреді, балам үшін жүрегім тұрақты сүйіспеншілікпен соғады. Менің саған арнаған сүйіспеншілігіме сенші. Мен өмірдің ең қараңғы жіптерін мақсатымның алтын сәулелерімен бірге тоқып, тек қана менің қолымнан ғана шығатын жақсылық жасап шығарамын. Мен өзгерген жоқпын.
Бірақ Әке, жүрегімдегі жара мені азаптайды. Жарам ісіп кетті және маған ауыр тиді. Жарам мені жалмап жеп қойды. Ол қорқыныш пен үмітсіздіктің көлеңкесін түсірді. Ұйқысыз түндерім жеңілденбейтін ауырлық пен тұрақты уайымшыл ойларға толы күндерге ұласты.
Қызым менің, Мен өзгерген жоқпын. Сен жарадан азап шегіп, басыңды менің кеудеме қоясың. Сен шаршағандықтан, Мен сені қараңғылықтан көтеріп өткіземін. Қорқыныштар мен үмітсіздікті жалғыз басыңнан өткіздірмеймін. Мен өзгерген жоқпын. Менің рақымым сенің мұқтаждығыңа дайын тұр. Менің сүйіспеншілікке толы жүрегімнен рақымым молынан ағып шығады. Сенің жараң уақытша және Мен сені ешқашан, ешқашан тастамаймын. Мен саған күш беріп, күлден әдемілік жасаймын. Мен өзгерген жоқпын.
Құдай,кейде Сен сондай алыста тұрған сияқтысың. Мен қараңғыда айқайлап, үнсіздіктің бұзылуын қалап, жалынамын. Сен әлі барсың ба? Естіп тұрсың ба? Күмандар мені қудалайды, менің қатты жабысқым келген сенімімді сұрақтармен мазалайды.
Аса қымбатты балам, Мен өзгерген жоқпын. Мен сенің өткен өміріңнің Құдайымын, бүгінгі күніңнің Құдайымын және тіпті ертеңгі күннің де Құдайымын. Тынышталшы. Дем алшы. Сенің жүрегің іздеген барлық нәрсені Меннен тапшы. Сонда сен Менің Құдай екенімді білесің. Мен өзгерген жоқпын.
Сол бір ерекше орын
Ұядағы балапан ұясынан құлап түсті. Оның ұяласы да құлап еді. Сол ұяласы алған жарақатынан тез өліп кетті. Бірақ мына балапан жарақат алмады,өмір үшін күресе бастады. Әлі қауырсыны да шықпаған ол сүрініп-қабынып келе жатты. Шөлін бірдеңемен басқысы келіп, тұмсығын ашып қояды.
Даналықтан гөрі сезімімізге беріліп, кішкентай құсты жылытуға тырыстық. Оған тамызытқышпен су беріп, протеинді сұйықтықты кішкене бөліктермен енгіздік. Келесі бірнеше күн бойы біздің кішкентай досымыз өз өмірін сақтап қалуға тырысты. Оның әлсіз шырылдаған дауысы бізге жігер беріп, онымен бірге біз де күрестік. Бірақ соңында біз оның жансыз суық денесін тауып алдық. Көңіліміз түсіп кетті.
Бұл – балаларға өмірдің күтпеген көңілсіз жағын көрсетуге арналған сабақ.
Бұл – балаларға және Оны сүйетін үлкен адамдарға арналған Құдайдың дайындаған ерекше орыны бар екендігі жайлы толығырақ түсіндіруге мүмкіндік береді.
Өліммен бірге қайғыру да жүреді. Қайтыс болған адаммен жақын араласқан болсақ және оны жақсы көрсек қатты қайғырамыз. Адам қайғырғанда қараңғы эмоцияларды сезіп, жүрегінде бос орын пайда болып, мағынасы мен мақсаты бар өмірді аңсайды.
Бірақ сенуші болғандықтандан, бізге үміті жоқ адамдар сияқты қайғыру керек емес деп жігер беріледі. Себебі бізде үміт бар. Пауыл Қорынттағы сенушілерге «сенуші адам осы дүниелік денесін тастап кеткенде, Құдайда ол жаңа дене және орын алады» деп жазған.
Иса Өзі Құдайдың мәңгілік мекені «жұмақ» деп аталатынын үйретті. Иса Құдай берген жердегі тапсырмасын бітірген соң, Әкенің мәңгілік мекеніне барып, Онымен бірге бізге тұратын орын дайындауға баратыны туралы айтты.
Біз жұмақты көбінесе онда не жоқ екеніне қарап түсінеміз. Онда өлім, қайғыру, көз жас және жара жоқ. Ол жақта ешқандай таза емес, күнәмен былғанған нәрсе жоқ, күнә да жасалынбайды. Ол жерде күнә жоқ. Жұмақта біз елестете алмайтын әсемділік пен кемелдік бар. Егер біз болашақта жұмақта болғандармен кездесе алмасақ, біздің үмітіміз мағынасыз болушы еді. Жұмақта Құдайдың Өзі бізбен бірге болып, біз молынан аққан сүйіспеншілікке, тыныштыққа, қуанышқа, киелілікке толатын боламыз. Жұмақты біздің үмітіміз және үйіміз ету мақсатында, біз үшін өлген, жердегі қатігездіктердің ішінде Өз қолын созған Иса бізді тура мағынасында құшағына алады.
Дәуіттің бір күні өлген баласына баратынын білгендей, біз сенушілер де өз жақындарымызбен сонда қауышатын боламыз. Адамдардың қайтадан бір-бірімен қосылу қуанышы қайғының орынын толықтай басатын болады. Сонда біздің үмітіміздің тұрақтылығы мәңгіліктен мәңгілікке жалғасады.
Балалар тез иланатын қарапайымдылыққа ие. Олардың сенімдері күман немесе шешім қабылдай алмау арқылы шайқалмайды. Кейде мен мәңгіліктің шындығы мен үмітіне, жұмаққа, бар нәрсені мүмкін қылатын Құдайға бала сияқты таң қалғым келеді. Үміт шындығырақ болар еді.
Мен тек елестете аламын
«Сенің жаныңда жүруді, Сенің бетіңді көруді, Саған мәңгіге табынуды, менің айналамдағы Сенің даңқыңды … тек қана елестете аламын. Қалай болар екен? Менің жүрегім не сезеді екен? Иса, мен Сен үшін билер ме екенмін? Немесе Сенің жаныңда Саған деген терең құрметтен тыныш тұрып қалар ма екенмін? Сенің жаныңда тұрар ма екенмін немесе тізерлеп құлап түсер ме екенмін? Мен Саған мадақ айтар ма екенмін? Мен тіпті сөйлер алар ма екенмін? Мен тек қана елестете аламын, тек елестете аламын».
Осы әннің сөздерін, осындай жағдайды әлдеқашан бастарынан өткізіп жатқан, яғни қайтыс болған жақындарымызды еске алу кештерінде жиі естиміз. Үмітіміздің шындығы туралы қарқындылықпен, жоғары тонмен айтылатын әндер сол еске алу кеші болып жатқан қауымды, достарымыз және жақындарымызбен кездесіп отырған жерді толтырады.
Сол сәтте осы сөздер бізді жігерлендіріп, жер көтеріліп, жұмақ нағыз шындыққа айналғандай болады. Бірде сол әнді жұмақта өзінің кемелдігіне толы Иса құшағына алған балалардың жүз аналарының айтқанын естідім. Сонда осы әнді осылардан артық, әдемірек, көбірек құштарлықпен айтқан адамдарды естімегенімді білдім.
Олар осы әндерді айтқанда Исаның шеге тыртығы қалған қолымен оларды құшағын жайып қарсы алып жатқанын, өздерінің бастарын иіп жатқанда бір орында қозғала алмай қалғандарын, барлық нәрсені жаратқан Құдаймен бірге тұрып, өздерінің айқайлап немесе жылағандарын көреді. Олар соңдай-ақ сәбилерінің қуанышқа толы беттерін, созылған қолдарын және адами түсінік бойынша кенеттен жерден кетіп қалған деп есептелінетін басқа да кішкентай, үлкенірек балаларды көреді. Исаның жанында тұрғанда жүректеріндегі бос орын кенеттен қатты толып кетеді, қайғырған жаралары айтып жеткізе алмайтын қуанышқа айналады. Менің жүрегіме үмітімнің күмәнсыздығын терең ойып жазаған сол сәттерді есіме алып, эмоцияларға толып отырғанымда, басқа да аналардың жүздеріне қараймын. Жарқын және жігерленген жүздер көретін боламын. Кенеттен тіріліп кеткен жүректерден шыққан көз жасқа толы жүздер. Сонда қалай болар екен? Менің жүрегім не сезер екен? Мен тек қана елестете аламын, шынымен тек қана елестете аламын…
Құдай – шынайы. Менің үмітім – шынайы. Оның іргетасы – мықты. Барлық мадақ Тәңіріміз Иса Мәсіхтің Әкесі Құдайға. Құдай Иса Мәсіхті өлімнен тірілткеннен кейін, Оның ұлы мейірімі арқасында біз де қайтадан туылдық. Қазір біз зор үмітпен өмір сүріп жатырмыз. Біздің баға жетпейтін мұрамыз бар. Сол еш өзгермейтін, бұзылмайтын, пәк және кірленбеген мұра көкте сіз үшін сақталынып тұр.
Сондықтан шынымен риза болыңыз! Біраз уақыт көп қиыншылықтарды бастан кешіруге тура келсе де, зор қуаныш кутіп тұр. Сынақтар, қиыншылықтар, қайғылы оқиғалар ішінде де мен қуанышты күтемін. Менің жүрегім қатты аңсайтын шынайы жұмақта жаралы денелер кемелдіге айналады. Түсініспеушіліктер анықталып, мағынасыздық мақсат табады. Көз жасы тоқталып, қиналған жан тыныштық табатын болады. Мені жаратқан сәттен бастап мені сүйетін Құдай құшағына алады. Жұмақтың шындығын әлдеқашан көріп, мені сонда күтіп жүрген баламмен, ата-анаммен, жұбайыммен, жақыныммен құшақтасамын.
Мен тек қана елестете аламын.
Беру:
Көп уақыт бұрын үлкен екі ұлымыз әлі өте кішкентай кезінде, қауым бізді Африкаға жіберді. Олар үшін де, біз үшін де осы сапардың мақсаты болды. Біз ұлдарымызды өзімізбен бірге апардық. Олар бізбен бірге елшілер тұратын жерде тұрды. Балаларымыз бізбен бірге кедейшілік жайлаған елдің қиындықтарын көріп, жергілікті сенушілермен араласып, бірге өмір сүрдік. Құдайға табыну тілдік кедергілерден үстем болды. Өйткені біздің жылы қолмен алысуымыз, күлімсіреуіміз бізден көп айырмашылығы бар адамдарға деген біздің жүрегіміздегі сүйіспеншілікті көрсетті. Ортақ сеніміміз бар осы адамдармен біз сондай жақындықты сезіндік.
Көптеген елшілер сол сапардан үйлеріне қайтқанда өздерінің беру үшін барса да, бергеннен гөрі көбірек алып қайтқанын түсініп жатады. Біз де солай сезіндік. «Кедей» деген сөз экономикалық көрсеткіштің ең төменгі сатысында тұрса да кейбір адамдарды жеткілікті түрде сипаттай алмайды.
Бірақ біздің осы сапардағы ең анық есімізде қалғаны адамдардың ондық беруі еді. Кедей сенушілер өздерінен жағдайы төмендерге көмектесу үшін осы құрбандықты жинады. Қолдарындағы беретін нәрсесі өте аз болса да, көбірек мұқтаж адамдарға сол азымен бөліскен сенушілерді көрдік.
Олар арасында да баласыздықтың әр түрі бар. Баласы кайтыс болғаннан кейін баласыз қалған аналармен жиі кездесетінмін. Баласының өмірі өте қысқа болып, мағынасыз қайғылы оқиғада өмірі қиылғандықтан анасының жүрегі өте қатты қайғырулы және сол қайғының ішінде өзін жоғалтып алғандар да болды. Дегенмен де, сол ана өзін Құдайдың жылы сүйіспеншілігі арқылы қоршап тұрғанын сезеді. Құдай оның қасында болып жұбатады, Оның рақымы оған күш береді. Сол ана Құдайдың әлі де оған арнаған мақсаттары мен жақсылықтарына қарай жүреді.
Жақында бір топ аналар Құдайдың беретін үмітін еске алып, бір-біріне жігер беру үшін жиналды. Сол аналардың кейбіреулері қайғыны жаңа ғана басынан кешіріп, ал басқалары сол жолда болғанына біраз болған еді. Олар әлі сол балаларының өлімі туралы ойласа да, көптеген мағынасында «кедейшілікті басынан өткізсе де», сол жақсылыққа мақсаттарға карай алға жүріп келе жатыр.
Мен сол айналамдағы аналарға қарағанда, Африкадағы көрген нәрсемді көрдім. Жаңа ғана қайғыны басынан кешіріп жатқан аналарға сол сапарда біраз уақыт болғандары көмектесіп жатты. Себебі құшақтасу, зейін қойып тыңдайтын құлақ, түсінетін жүрек, жігерлендіретін сөз, заттай сыйлық, кейде уақыт және энергиямен бөлісу және ресурстар болды. Ал сол аналар қолдарындағы барымен қажетіне сай мұқтаж болған аналармен бөлісті. Мен Африкада болғандағы сияқты сондай жарылқауды сезіндім.
Беру. Өзімізде асып төгіліп жатқандықтан емес, бізде бөлісе алатын бір нәрсе болғандықтан береміз. Ол кішкентай нәрсе болуы мумкін, бірақ жүректен шығады. Ол заттай нәрсе немесе басқа болуы мумкін. Басқалар оны байқамауы да әбден мүмкін. Бірақ сіз берген адам сыйлығыңызды көреді. Солайша сіз басқаға әсер ете аласыз.
Беру керек, себебі сізге Құдай берді ғой. Мумкін сіздің бере алатыныңыз көп емес шығар, бірақ сізде біреумен бөлісуге жетерлік нәрсе бар. Сонда өзара бөліскен екеуіңіз де жарылқанасыздар.