Депрессия
Мынадай кішкентай балаларға арналған өлең бар:
Хамти Дампти қабырғада отырды,
Хампти Дампти қатты құлады.
Патшаның барлық аттары
Және патшаның барлық қызметкерлері
Хампти Дамптиды қайтадан жинай алмады.
Хампти Дампти кабырғада отырды.
Ол не істеп отыр онда?
Біз оны ешқашан біле алмаймыз.
Бірақ біз осының жақсылыққа апармайтынын білеміз
Өйткені Хампти Дампти өте қатты құлады.
Осы нәрсе бізді таң қалдыруы керек пе?
Сол жігітке қараңызшы……. Ол сондай епті көріне ме сізге?
Іштеріңіздегі астыртын сөз байласу теориясымен әуестенетіндеріңізге
«Хампти Дамптиді біреу итеріп жіберді» деген лақап бар екенін
айтайын. Сол туралы шындықты іздеп көріңіз де, бізге айтыңызшы.
Сол кезде патшаның барлық аттары және барлық қызметкерлерінің
Хампти Дамптиді қайтадан жинауға еш көмегі болмады –
Олардың ондай нәрсеге мүлдем
шамасы келмейтіні белгілі еді.
Хампти Дамптиға көп адамдардың көмектесуге тырысқаны сондай жақсы.
Бізге де көп адамдардың көмектесуге тырысатыны жаксы, бірақ кейбір
жағдайлар өте қиын болғандықтан ешкім көмектесе алмайды .
Сөйтіп Хампти Дампти сынып қалды. Өзінің сынған өміріне карап
тұрды, енді не істеуі керек?
Сіз шынымен жан ашитыныңызды оған білдіруге тырысып,
жанында канша отырсаңыз да, оған не айта аласыз? Сондықтан сіз тек
қана отырып, ойыңызға келген жалғыз нәрсені істейсіз – ол
жаныңыздағы адамды тыңдау. Сіз оның аузынан шыққан
мұңға батып бара жатырсыз.
Осы нәрсені біз қазір істейтін боламыз. Жаңа ғана қатты құлаған
сенуші Хампти Дамптидің жанына отырып, біз тыңдау қабылетімізді
жақсартамыз. Күл – талқаны шыққан ол жүрегін бізге ақтарады.
Хампти Дамптидің айтатын Забур жырына дайындалыңыз. Забур жыры 87.
Забур жырларының 150 болғаны қандай пайдалы. Қандай көңіл күйде
болсаңыз да, қандай жағдайды қазір басыңыздан өткізіп жатсаңыз
да, әйтеуір ең кем дегенде бір Забур жыры сіздің жағдайыңызға
байланысты бір нәрсе айтады және сізді жігерлендіре алады. Егер бір
Забур жыры сіздің мұқтаждығыңызды қамтамасыз ете алмаса, тағы да
бірнешеуін оқып көріңіз, сосын басыңызды ала алмай қаласыз.
Көптеген адамдар күн сайын Киелі Кітапты оқығанда Забурдан кем
дегенде бір тарауды оқуды әдетке айналдырған. Неге сізге сол адамдарға қосылмасқа?
Біз Хампти Дамптидің жанында отырып, Тәңірден көмек сұрайық.
Көктегі Әкеміз, Сенің алдында күнәларымызды мойындап, ойымызды
жинап, жанымыз шөліркеп, Сенің бізді үйрететін нәрсеңді алуға
қолымызды созып келейікші! Тек Сенің көмегіңмен ғана осы уақыт
пайдалы болады. Исаның атымен дұға етеміз. Әумин.
Забур жыры 87:2 а
Уа, Жаратқан Ием – Құтқарушы Құдайым.
Осы аятта ең маңызды шындық бар, ол – бүкіл Забурдағы жалғыз ізгі хабар.
Қалай болғанда да, осы Забур жыры қуанышпен басталады.
Забур жырларының авторы – сенуші. Құдай оны күнәларынан құтқарды.
Және осы жазушы Забур жырында тек өзінің Хампти Дамптилік жағдайын айтады,
Келесі аяттардан оның жарасының әлі жаңа екенін, оның жаралы
екенін, қаны әлі тоқтамағанын, күл-талқан болып, күйзелісте,
мазасызданып тұрғанын, өзін жалғыз сезініп, батпаққа бетімен құлап,
лай шалшықта жатқанын және оның арқасында дөңгелек іздерінің бар
екенін оқи аламыз.
Ол өмірден өте ауыр соққы алды. Бірақ ол өте төменге құласа да, бір
нәрсені дұрыс істейді – ол Құдайды есіне алады. Құдайдың оны
күнәдан құтқарғаны оның есінде.
Өткен өмірінде бір кезде осы адам Құдаймен байланыста болған.
Өзінің жағдайының қаншалықты ауыр екендігіне қарамастан, ол
Құдаймен қарым-қатынасын ұмытқан жоқ, әлі де Құдайға дауыстап
сиынады, дауыстап сиынады және сиынуын еш тоқтатпайды.
Оның ауыртпашылықта дұға етуі сенім ұшқынының өлмегеніне дәлел.
«Құтқарушы Құдайымның» мағынасы – менің сенімім мен үмітім тірі.
Бүгін Құдай мені күнәмнан құтқарды деп сенімділікпен айта аласыз ба?
Сіз барлық адамдар сияқты күнәкар екеніңізді мойындап, Иса сіздің
орныңызға айқышта өлгенімен келісіп, күнәларыңыздан Құтқарушы
ретінде Оны қабылдағандықтан Мәсіхтің артынан еріп жүрсіз бе?
Егер солай болмаса, қиыншылықтардан сіз жалғыз өтуді таңдағаныңыз.
Егер сіз сеніміңізді Құтқарушым деп Исаға артсаңыз, басыңызға
ауыртпалық түскенде қандай қиыншылық болмасын, барлық
күшіңізбен жабыса алатын Біреу бар.
Шын сенім барлық жолдар жабық болса да, Құдайға апарады және
Құдайға дұға етуін тоқтатпайды.
Зәбур 87:2 ә
Күні-түні дауыстап Саған сиынамын.
Мен Исаға келместен бұрын басыма қиыншылықтар түскенде, өзім сол
жерде біраз әйгілі болған жергілікті барға барушы едім. Әрқашан
жұбанышты алкоголь немесе порнография, өзің-өзі аяу, наша,
кек алу немесе өзін-өзі өлтіруден іздегің келіп тұрады. Бақытымызға
орай біздің досымыз Хампти Дампти өзінің қайғысын күнә істеуге
сылтау ретінде қолданбайды.
Забур 87:2ә-3 Ол Құдайға дауыстап сиынады.
Күні-түні дауыстап Саған сиынамын.
Мінәжатым Сенің алдыңа жетсінші.
Дауыстаған айқайыма құлақ түрсеңші.
«Дауыстап сиынудың» мағынасы – ол айқалап, Құдайға шағымын білдіреді.
Қайғыдан бас көтермесе де, ол дұға ету қалауын жоғалтып алмады.
Керісінше, оның қайғысы оның дұға етуін жандандырды, дұғасы жанып тұрған пешке ұқсады.
Ол Құдайды тынбастан іздеп жатыр. Неге солай болмасқа? Егер Құдай
менің Құтқарушым болса, Ол менің барлық күнәларымды біледі, менің
істегендерімді біледі, қазіргі мен басымнан өткізіп жатқан қиын жағдайды да көріп тұр.
Сол себепті мен Құдайға ешқандай бетпердесіз келе аламын.
Жалғандық керек емес. Актер болып та керек емес.
Адам Исаны Құтқарушым деп есептесе, қандай қаранғылықтың ішінде болса да, ол 100% тық қараңғылық емес.
Енді басыңызға шлем киіп және қауіпсіздік белдігін буыныңыз, себебі
біз төменге … тура төменге бара жатырмыз. Біздің Хампти Дампти
осында, еш жарықтың сәулесі жоқ сейілмейтін қайғыны басынан
кешіріп тұр, себебі қиындықтар тоқтамастан болып жатыр.
Забур 87:4
Өйткені жан-дүнием қайғыға толды, өмірім ажалға жақындап қалды.
«Қайғыға толы» деген сөз қайғыны, жарақат алу, қиын жағдайларды, апатты білдіреді.
Тәңір, менің азаптарымның қандай ауыр екенін көрмейсің бе? Оларға қарап тұрып, Сенің көмектескің келмейді ме?
Қиындықтың толқыны оны өлімнің жағасына алып келді.
Оның қиындықтары көп болғаны соншалық, ол өзін тіріден гөрі өлгендердің қатарына санады.
Оның өмірі кетіп бара жатыр, күші де жоқ. Ол өзін адамның көлеңкесі сияқты көреді. Ол әрең-әрең ілініп тұр.
Забур 87:6-7
Осылай өлілер қатарына қалдырылдым,
Қаза тауып, қабірде жатқандардаймын,
Сен оларды енді қайтып еске алмайсың,
Аласталды олар қамқорлығыңнан Сенің.
Сен мені қап-қараңғы тұңғиыққа
Салып қойғансың, ең терең шұңқырға.
…көрге түсетіндер арасында саналды.
Күші кеткен – аруақ секілді.
Күшсіз. Жан-дүниесінде қараңғылықты сезіп тұр. Құдай ұмытып кеткен сияқты сезініп тұр.
Ол өз көзімен қараңғылыққа қарағанда, ол өзін өлілер қатарында санады.
Сіздің көңіліңіз түсті ме? Неге осындай нәрсе Киелі Кітапқа енгізілген деп ойланып отырсыз ба?
Қонақ бөлменің қабырғасына іліп қоятын немесе жуынатын бөлмесіндегі айнаға жапсырып қоятын аяттарды осы жерде көріп тұрсыз ба?
Ұдайы қиыншылықтарды басынан өткізу қиын, бірақ оларды Құдаймен жеке қарым-қатынассыз бастан өткізу тіпті қиынырақ.
Забур 87:7-9 да тек қана Құдайдың жазасы туралы айтылған немесе ол солай ойлайды.
Забур 87:7
Сен мені қап-қараңғы тұңғиыққа
Салып қойғансың, ең терең шұңқырға.
Хампти Дампти осы апатта бүкіл кінәні Құдайға аударады.
Забур 87:8
Үстімді зілдей басады қаһарың,
Мені жаншиды барлық “толқындарың”.
Неге Құдай оған ашулы?
Немесе ол неге Құдай оған ашулы деп ойлайды?
Бізге Құдайдың оған ренішінің себебі айтылмаған.
Көніл аударыңызшы: Хампти Дампти өзін күнәсізбін деп тұрған жоқ.
Күнәсін де мойындап тұрған жоқ.
Толқындар бірінен кейін бірі теңіз жағалауына соғылған сияқты,
қиыншылықтар бірінің артынан бірі оған келе берді.
Біз осы жерде оның күнәсінің нәтижесін ғана көре аламыз.
Осы жағдайды толық түсінуге оның көптеген детальдары берілмеген.
Забур 87:9
Жолдастарымнан мені алшақтаттың,
Оларға мені жек көрінішті қылдың,
Ешқайда шыға алмай құрсаудамын.
Жазушының жақын достары оған жақындай алмайды және ол да оларға бара алмайды.
Достары Құдай оған ашулы деп ойлап, одан қашуда екен. Ол – өзінің қиыншылықтарының тұтқынында.
Забур 87:10а
Көп жылап бұлыңғырланды қос жанарым.
Оның өмір сүруге кішкене ғана күші бар.
4 аяттан 10-шы аятқа дейін жан мен тәннің ауруынан бастап адамдар және Құдайдың одан бас тартуына дейін жалғасқан қиындықтың өсу үстіндегі мәселелерді көреміз.
Егер осы Хампти Дампти автокөлік айдап келе жатқан болса, ол туралы
былай айтар едік: «көлік жолдан шығып, шұңқырға түсіп кетті,
ауада ілініп тұрып қалды да, жартастан құлап түсіп, бір тастан кейін
екінші тасқа ұрынып, сосын отқа бөленіп жарылды және жүргізуші
ауруханада жан сақтау бөлмесінде әр түрлі аппараттардың көмегімен
ғана тірі жатыр…
Бұл жағдай көбірек үзіліссіз дұға етуге итермелейді.
Забур 87:10ә
Уа, Жаратқан, күнде даустап сиынам саған;
Оның азап шеккеніне біраз уақыт болған сияқты.
Забур 87:10б
Ием, қолдарымды Өзіңе қарап жаямын.
Көне Өсиетте әдетте солай дұға ететін.
Забур 87:11а
Әлде өлгендер үшін керемет жасайсың ба?
Тәңірім, менің жағдайым сондай үмітсіз.
Сен тезірек қимылдамасаң, мен одан шыға алмаймын.
Забур 87:11ә-13
Сүйектер қайта тұрып , Сені мадақтай ма?
Көрде Сенің рақымың уағыздала ма?
Қабірде шындығың жариялана ма?
Түнектегілер кереметтеріңді біле ме?
Ұмыт болғандар әділдігіңді түсіне ме?».
Мен өлгенде Саған көп куәлік келтіре алмаймын.
Мен өлгенде Құдайды мадақтап, адамдарға Құдайдың сүйіспеншілігі,
Сенің адалдығың туралы айта алмаймын.
Сен бірдеңе істейсің бе? Қазір?
Біздің қайда бағдар алып бара жатқанымызды енді түсінген шығарсыз деп ойлаймын.
Үзіліссіз дұғаның себебі тоқтаусыз болып жатқан қиыншылықтар
тоқтаусыз жазаны туғызады, бұл өз кезегінде көбірек үзіліссіз дұға
етуге жетелейді.
Бұл – түптің түбі.
Үзіліссіз бас тарту немесе Хампти Дамптиге солай көрінеді.
Забур 87:14
Уа, Жаратқан, дауыстап Саған сиынамын,
Таң ата алдыңа жетеді мінажатым.
Тәңір, әр күнім Саған дауыстап сиынумен басталады.
Забур 87:15
О, Ием, неге менен бас тартасың?
Бет-жүзіңді неліктен менен жасырасың?»
Хампти Дамптидің ең терең жарасы осында:
ол Құдай одан бас тартты деп ойлайды.
Құдайдың дұғаға жауап бермегенін Оның бетін жасырғаны деп түсінеді.
Жағдай нашарлай түседі.
Забур 87:16
Жасымнан әлсіз болдым, өлім жүрді жақын,
Айыбыныңнан қорқып әлсіреп шаршадым».
Жазушының қиын өмірі бала кезінде басталған еді.
Мүмкін бала кезінде ауырды ма екен немесе жарақат алды ма?
Забур 87:17-18
Қаһарыңның оты үстімнен басып өтті,
Зор қорқынышың мені тас-талқан етті,
Олар тасқын судай ұзақты күн қоршайды,
Жан-жақтан қаһарың мені қыспақтайды.
Осы қорқынышта жолда жүріп келе жатып, оның ақыл-ойы әлсіз
болып, эмоциональды жағынан шаршап және өзін Құдай тастап кеткендей сезінді.
Және оның қайғысына мына нәрсе қосылды:
Забур 87:19
Таныс-достарымды менен алшақтаттың,
Тас түнек айналды серігіме ең жақын.
Ол – бақытсыздыққа толған қараңғы зынданда, оған ешкім жақындап
келмейді. Ол сол жерден қашып шыға алмайды да. Құдай оның барлық
достарын қуып жіберді. Осы жігіт алапеспен ауырып, карантинде жүр
ме екен? Оның ең жақын досы – тас-түнек.
Сіз жабырқап тұрсыз ба?
Мүмкін 20-шы аят бізге көмек бере алатын шығар. Біз оған қарайықшы.
Ой, 20-шы аят жоқ екен. Тас түнекте қатты жерде күл-талқаны шыққан
Хампти Дамптимен Забур жыры кенеттен бітеді.
Сонда біз осыны есту үшін келдік пе? Біз оқиғаның бақытты соңы
туралы естімейміз бе?
Барлық 150 Забур жырының ішіндегі ең қайғылысы осы жыр.
Үмітсіздікпен аяқталған, жанның қатты күйзелісін суреттейтін жалғыз Забур жыры.
Қатты торыққан. Жалғыз қалған. Мұңға толы.
Осы забурдың ән екені есіңізде болсын . Бұл – ән.
Біз ең соңғы 19 аятқа келгенде Хампти Дамптидің музыкалық аспабы қолынан түсіп кетеді.
Ол – үндемейді. Ол қатты шаршаған. Ол Құдайдан жауап күтіп отыр.
Сонымен, осы ауыр оқиғадан не үйрене аламыз?
Осы қайғылы Хампти Дамптидің жыры Құдайдың Сөзінің ішіне кіреді.
Яғни егер біз мүмкіншілік берсек бізді бірнәрсеге үйрете алады деген сөз.
Біздің алдымызда біз үйрене алатын күшті 7 сабақ тұр:
1-ші сабақ. Мәсіхшінің өмірі осындай қиын болуы мүмкін.
Мәсіхшінің өмірі осындай қиын болуы мүмкін.
Жазушы 1-ші аятта өзінің сенуші екенін анық көрсетті.
Және осы ауыртпалық оның құтқаруын жоғалтып алған жоқ.
Егер біз мәсіхшілдік сеніміміздің осы маңызды жағын елемейтін
болсақ өзімізді қауіпті жағдайға қоямыз.
Мүмкін сіз «жалған гүлдену туралы» ізгі хабарды естіген шығарсыз.
«Осы жалған ізгі хабар егер адамдар Құдайға сенім артса, онда Ол қауіпсіздік және материалдық өркендеу туралы уәдесін орындайды деп үйретеді. Адамдардың бақытты болуы – Құдайдың еркі. Егер біздің Құдаймен қарым-қатынасымыз дұрыс болса, ауру мен кедейлікті сеніммен жеңуге болады».
Осы сөздер тек қана білмегендіктен көп адамдарға айтылмаған. Олар – қауіпті сөздер.
Азап шегу, сынақтар, қиындықтар – шынымен Мәсіхшілдік өмірдің бір
бөлігі екені анық.
Егер сіз өркендеу туралы ізгі хабарға сенсеңіз, қиын уақыттар келгенде
Құдай сізді тастап кетті дегенді білдіре ме?
Барлық ауыр қиындықтарды өзіңіз жалғыз шешуіңіз қажет пе?
Қорынттықтарға 2 хат 11:24-28
Яһудилер мені бес рет отыз тоғыздан қамшымен соқты. Мені үш рет таяқпен дүре соқты, бір рет өлтірмек болып таспен атқылады. Үш рет кеме апатына ұшырадым, бір тәулік бойы ашық теңізде қалқып жүріп, әрең аман қалдым. Көп рет саяхатқа шығып, тасыған өзендерден, қарақшылардан, өз ұлттастарым мен басқа ұлттық адамдар тарапынан сансыз қауып-қатерге ұшырап келемін. Қала мен иен далада, теңізде және жалған бауырластар арасында қатерге тап болдым. Ешқандай аянбастан еңбектеніп келемін, ұйықтамаған түндерімнің есебі жоқ. Аштықтың, шөлдің не екенін білемін, киімге мұқтаж болып талай рет тоңдым. Басқа жайттар туралы айтпағанның өзінде күн сайын барлық қауымдардың қамдары еңсемді басып, толғандырады.
Мен білдей бір мәсіхшімен бірге жұмыс істедім. Ол офистағы әрқашан
күлімсіремейтін кез келген сенушіні әшкерелейтін. Ол бізге жақындап
келіп, дөрекі айтатын: «Күлімсіре, Құдай сені сүйеді. Күлімсіре, Құдай
сені сүйеді».
Пауыл соққының астында жатқанда күлімсіреп тұрды ма екен?
Түрмеде отырғанда қуанышты болды ма?
Егер Пауылдың сенімі бар болса осы нәрсе неге болды екен?
Құдай Пауылды қалдырып кетті ме? Пауыл, сенде материалдық байлықтар болды ма?
Егер сол өркендеу туралы ізгі хабарды Пауылға қолдансақ, ол тіпті құтқарылған ба екен?
Өркендеу туралы ізгі хабар мұқтаждықтар кезінде еш көмектесе алмайтынына сенімді болыңыз!
Мен өркендеу туралы ізгі хабарды үйрететін қауымға барған бір
сенуші жігітті білемін. Ол жұмыссыз қалып, сосын оны қызы тастап
кетті. Неге ол сондай жағдайға ұшырады ? Құдай оның бақытты
болғанын қаламады ма ? Ол қауымының үйретуі бойынша Құдай оны
тастап кетті деген қорытындыға келіп, өзіне-өзі қол жұмсады. Оның
аты Джон Корнер еді. Мен оның жерлеу рәсіміне бардым.
Сенуші мистер Хампти Дампти, Құдай сізді тастап кеткен жоқ. Осыны
жазып отырғанда өзіңізді бақытсыз сезініп отырсаңыз оғаш нәрсе емес.
Сіздің сеніміңіз жетпегендіктен осы сынақты басыңыздан өткізіп
жатқан жоқсыз. Мәсіхшілдік өмірдің бір бөлігі – қиыншылықтар ғой.
Шын өмірге қош келіпсіз!
Өркендеу туралы үйретіп, азап тақырыбы туралы сөз қозғамайтын
барлық қауымдар сенушілерді өмірлерінде болатын қиын уақыттарға
дайындамай, олар Құдайдан алысқа қашып кетуді әдетте айналдырған.
2-ші сабақ. Кейде еш адам сізге көмек бере алмайды.
Иә, кейде көп адам сіздің айналаңызда болуы мүмкін. Бірақ қандай
жақсы ниеттері болмасын, қандай дарынды болмасын, сізге қандай
жақын болмасын патшаның барлық адамдары мен аттары сіздің
мәселеңізді шешіп бере алмайды. Кейде Құдай Оның күшін көріп
және Оған барлық даңқ беру үшін Өзі ғана шеше алатын
мәселелерді бізге береді.
Забур жыры 17:2-3
Уа, Жаратқан Ие, Сені сүйемін,
Сен күш-қуатымның қайнар көзісің.
Жаратқан – жартастай берік қорғаным,
Мені қауіп-қатерден құтқарушым,
Құдайым – сенім артқан шын құзым,
Қалқандай қорғаушым, мықты құтқарушым,
Әрі биік таудағыдай баспанам!
Осы екі аятта толып тұрған әскери терминдарға қараңызшы!
Жартас, қорғаным, құтқарушы, күш-қуат, қалқан, мықты құтқарушы, баспана.
Дәуіт Құдайдың сондай екенін қалай білді?
Себебі Дәуіт көп қиын жағдайларда болды және тек қана Құдай сол мәселелерді шешкен.
Забур 17:4
Мадаққа лайық Жаратқанға сиынам,
Ол мені арашалайды жауларымнан.
Мен достарыма сиынамын ба?
Дәуіт және Хампти Дампти өте жиі тап болатын жағдайлар өте қиын
болғандықтан, тек қана Құдай ғана оның шешімін бере алады.
Бірақ бұл сенуші Хампти Дамптидің әңгімесінің соңы емес.
Себебі әлі үшінші сабақ бар.
Ол Құдай оны ұмытып кетті деп ойлайтын сияқты.
Өзінің қайғысымен әлек болып жүріп, ол бір аятты ұмытып кетті.
Еремия 31:3ә
Саған деген сүйіспеншілігім мәңгілік, берік мейіріміммен сені Өзіме баурап келемін;
Әрбір сенушіге арналған уәде.
87 ші Забур жырының соңы ашық, бітпеген. 87ші Забур ешкімнің сүйікті жыры емес.
Бірақ Хампти Дампти да сенуші.
Және Құдай Өз балаларына өз уақытында қамқорлық көрсетеді.
Осы забур жырында жоқ нәрсе – осы шындық және бұл бізге 3-ші сабақ болады.
Маған кейде сенуші Хампти Дампти телефон шалғанда мен оған
әрқашан бір сұрақ қоямын : «Құдай сізді тастап кету үшін ғана осы
уақытқа дейін жетелеп жүрді ме?» Құдай сізді күнәдан құтқарып,
жетеледі, көмектесті, сіз үшін мынаны істеді, ананы істеді. Бірақ қазір
Ол сізді тастап кетті ме? Құдай сіздің өміріңіздегі дұға өтініштеріңізге
жауап беріп келіп, енді сізді Өз жанұясынан қуып шығып және бетін
бұрып кетті ме?
Сізге осы түсінікті ме? Иә, күнәнің нәтижелері бар.
Мүмкін тәрбиелеу мақсатымен немесе сіздің өсуіңіз үшін Құдай біраз
уақыт үнсіздікте тұрған шығар. Бірақ егер сіз Құдай сізбен қарым
-қатынасын мүлдем тоқтатты деп ойласаңыз миыңызды тазалаңыз.
Біраз уақыт бұрын бір жас сенуші Хампти Дампти сияқты қиын уақытты басынан өткізіп жатты.
Кейде Құдай ұйықтап қалып, сіздің дұғаларыңыз Оны ояту және Оның
назарын өзіңізге аударту үшін жасалып жатқан сияқты
сезінген кезіңіз болды ма? Осы жас жігіт тура солай сезінді.
Шындығында оның көңіл күйі Хампти Дамптидікі сияқты төмен
болғаны сондай, мәсіхшілдіктен кетудің аз-ақ алдында қалды.
Қуанышқа орай Еремия 31:3 оның есіне түсті. (Киелі кітап аяттарын жаттауға тағы бір себеп)
Осы аят оны Құдай жолында сақтап қалды, кейінірек ол жемісті елші болып қызмет етті.
Құдай өз балаларын тастап кетпейді. Сіз Құдай тастап кеткен бірінші
адам да болмайсыз. Еремия 31:3 тің астын сызып қойыңыз. Қоршап
қойыңыз. Жұлдызшамен белгілеп те қойыңыз. Сол беттің жоғары
жағын бүктеп қойыңыз. Осы аятты жуынатын бөлмедегі айнаға жапсырып қойыңыз.
Ары қарай….
Біздің достарымыз Хампти Дамптидыкі сияқты көңіл күйде болса
оларға не айтамыз? Біздің өміріміздегі Хампти Дамптилермен қалай
қарым-қатынас жасаймыз?
4 – ші сабақ. Сынақ уақыты
Сенуші Хампти Дамптилерге сүйіспеншілігіңіз қандай?
1 Қорынттықтарға 13: 4
Сүйіспеншілік шыдамды…
Кейбір Киелі кітапта сүйіспеншілік төзімді деп жазылған. Бұл – нашар
аударма. Тура мағынасында шыдамды деген сөз көп уақыт азап шегуге
дайын дегенді білдіреді, ол төзімді деген сөзден әлдеқайда күштірек.
87 Забурды оқып шыққаннан кейін оның сауығуына біраз уақыт керек екенін білесіз.
Сүйетін дос досының сауығуы кезінде өз уақытын бөліп онымен бірге,
ақырын жүруге дайын болады. Сіз де сондай доссыз ба?
Мен мәсіхшілдік өмірге өте көп мәселелерімді алып келдім. Менімен
қауымға бірге баратын досым, маған мен депрессиядан шығып, менің
өмірім түзелгеннен кейін ғана ол менімен араласа алатынын айтты.
Бұл – шарты бар сүйіспеншілік. Осы сүйіспеншілік бірдеңені болашақта дәметеді.
Хампти Дампти, сен өз-өзіңе келсең ғана , біз ең жақын достар бола
аламыз. Біз сонда Хампти Дамптидің өзіне-өзі келе алмайтынын
мүлдем ұмытып кеткеніміз.
Нақыл сөздер 17:17
Шынайы дос әрдайым жақсы көрер,
Қиыншылықта бауырыңдай көмектесер.
Біздің өміріміздегі Хампти Дамптилерге біз былай деп айтуымыз керек: «Сен менімен дос болып қала бересің. Мен ешқайда кетпеймін».
5 – ші сабақ
Хампти Дамптилерге былай деп айтамын: Өздеріңіздің жалғыз емес
екендеріңізді түсінесіздер ме? Сіздердің жан достарыңыз бар. Сенуші
Хампти Дамптилердің ортасы сіздер ойлағаннан үлкенірек, осы
ортаның кейбір мүшелері мәсіхшілдік тарихында біраз әйгілі болған адамдар….
Мысалы, 16-шы ғасырда өмір сүрген, реформацияны бастаған Мартин
Лютер былай деп жазды: « Егер мен басымнан өткізген азапты басқа
біреу көрсе баяғы да өліп кетер еді». Ол күмән, қиыншылық , үмітсіздікті басынан өткізді.
18- ші ғасырда өмір сүрген Вильям Ковпер есі ауысқаны үшін
ауруханаға түскен, бірақ кейін Мәсіхшілік сенімді қабылдады. Бірақ ол
күмәнмен көп күресіп, түс көргеннен кейін өзінің тозаққа баратынына сенді.
Ол сауығып кеткен соң мәсіхшілдік әндер жазды және «Тамаша рақым» деген әнді жазған Джон Ньютонмен бірге уақыт өткізді.
Жүздеген жылдар өткеннен кейін Ковпердің жазғандары Америкадағы
азамат құқығы қозғалысын бастауға түрткі болды.
19– шы ғасырда өмір сүрген тарихтағы ұлы уағызшылардың бірі Чарльз
Сперджен күйзелістің ауыр түрінен азап шекті.
20-шы ғасырда өмір сүрген жазушы Осуальд Чамберс 4 жыл бойы
рухани қиыншылықта болды.
Мүмкін сіз қараңғы қайғы мен мұңға толған бөлмеде жалғыз отырған
шығарсыз, бірақ сіз жалғыз емессіз.
Жаңағы айтылған сенушілер көптеген басқалармен бірге сіздің
қасыңызда отырды… әрқайсысының өз Хампти Дампти сәттері болды.
Сіз жақсы ортада жүріп келе жатырсыз.
Құдай сол адамдарды қалай ерекше қолданса, сізді де солай қолдана
алады. Құдай сізбен жұмысын бітірген жоқ.
6- шы сабақ
Біз мәсіхшілдік әндер туралы сөйлесуіміз керек. 87 Забур – ән. Забур
жырлар кітабы – әндердің сөздері жазылған кітап. Біз Көне өсиеттік
сенушілердің әндер жинағын көреміз.Забур жырларындағы сөздерді
21- ші ғасырдың мәсіхшілдік музыкасымен салыстырып көріңізші.
Забур кітабының 62 жыры қайғы, не болып жатқанын түсінбеушілік,
жара, ауырлық, ашу, тастап кеткендей сезіну туралы айтады.
Бұл – Забурдың 41 % құрайды.
Мәсіхшілдік әндердің қаншасы бүгінгі уақытта осындай сезімдер
туралы айтады?
Құдай Забур жырларында мәсіхші өмірінде болатын қиын уақыттарды
жасыруға тырыспайды. Ал біздің қазіргі әндеріміз ше?
Сенуші суретші Томас Кинкаде осы әлемге күнә ешқашан кірмегендей
етіп сурет салғысы келетінін айтты.Осындай көзқарасты сенушілердің
музыкасынан да байқауға болады. Қазір негізгі фокусы – Құдай , Оны
мадақтайтын, киелі кітапқа негізделген әндердің орнына сезімге
толған, өзін көтеретін, көңіл-күй көтеретін әндер болып кеткен.
Қалайша біз «мәсіхшілер күні бойы қуанышты, қуанышты, қуанышты»
деп ән айта аламыз? Бұл өркендеу туралы ізгі хабардың ықпалы.
Немесе ол ән балаларға арналған шығар? Сөйтіп біз балаларға осындай
жалған әндерді үйретеміз және олар өскенде шындықты айта
бастаймыз ба?
Осыны біз мәсіхшілік білім беру деп атаймыз ба?
Біраз қауымдарда Забур жырларын әндетеді. Олардың әндер жинағы –
Забур жырлары.
Жаңа идея! Олар не істеп жатқанына қараңызшы! Олар әндері арқылы
тек қана Құдайды мадақтап жатқан жоқ. Олар қауым мүшелеріне киелі
кітаптағы аяттарды жаттауға көмектесіп жатыр. Мүмкін олар бірнәрсе ойлап жатқан шығар.
Мүмкін біз өзімізден тыңдап жүрген және балаларымызға үйретіп
жүрген кейбір мәсіхшілік әндер қаншалықты киелі кітапқа сәйкес
екенін сұрап көрейік?
Бұл бізді ең соңғы сабаққа алып келеді:
7- ші сабақ Рақым туралы. Қандай жақсы аяқтау!
Мистер Хампти Дамптидің 87 Забур жыры оны қараңғыда отыр деп
айтады, бірақ қазір болып жатқан қайғыға оның жаны толып тұрса да,
ол сенуші болғандықтан оған Құдайдың рақымы көмектесетінін біз
білеміз.
Жақсы нәрсе сияқты, бірақ рақым деген не?
Рақым біз көп қолданатын жақсы мәсіхшілік сөз.
Сізді білмеймін, бірақ мен оның шын мәнісін тез түсіне қоймадым.
Қарапайым тілмен айтсақ біз өзіміз істей алмайтын нәрсені Құдай біз
үшін істейді.
Кейде менің ас бөлмедегі раковинам кір ыдыстарға өте толып кетеді.
Құдай оның ешқайсысын мен үшін жумайды, өйткені мен өзім де жуа
аламын.
Машинаңыздың майын ауыстыру керек пе? Механигіңіз істей алатын
жұмысты Құдай келіп істеп береді деп күтпеңіз.
Бірақ біз өзімізді күнәдан мүлдем құтқара алмаймыз, сондықтан Құдай
келіп, біз сенімімзді оған артқанда бізді күнәміздан құтқарады. Осы
нәрсе – рақым. Біз өзіміздің күнә мәселесін шеше алмағандықтан
өзімізді Құдайға арнап, Одан бізді құтқаруын өтінеміз …және Ол құтқарады.
Сөйтіп сіз Исаға келіп, көптеген өзіңіз құтыла алмайтын жаман
әдеттеріңіздің бар екенін түсінесіз. Күнәдан бет бұрғыңыз келсе де,
қолыңыздан келмейді.
Сөйтіп біз тағы да көмек сұрап жалбарынамыз және ол бізге рақымын
төгіп, сол күнәдан ақырын толығымен азаттық береді.
Сіз ашуландыратын туысқаныңызды көргіңіз келмейді, бірақ
кездесуге тура келеді. Сіз өз – өзіңізді ұстауға Құдайдан көмек
сұрайсыз және үйге келіп сондай ұстамды болғаныңызға өзіңізге таң
қаласыз. Осы нәрсені тек қана Құдайдың рақымымен ғана істей
алдыңыз.
Сіздің алдыңызда тұрған сол бір қорқынышты операция, досыңыздың
өлімі және сіз шешуге тиісті сол бір қиын мәселе …..
Құдай сізді естиді және көмектеседі.
Рақым сіз өзіңіз істей алмайтын нәрсені сіз үшін істейді.
Біз тек қана рақыммен құтқарылдық. Мәсіхшілік өмірді тек қана
рақыммен өмір сүреміз.
Мына нәрсені түсініңізші: Құдай Оған сиынып көмек сұрауымыз үшін
бізді өз бетімізбен шыға алмайтын қиын жағдайларға қояды.
Ол бізге көмектескенде біз Оның күшін, сүйіспеншілігін және
жетелеуін көреміз.
Біз Оған бұрынғыдан да жақынырақ бола түсеміз. Бұл рақым. Рақым
сондай тамаша!
Сенуші Хампти Дамптилар бір ғана жерге бара алады: ол Құдай және
Оның рақымы. Олар алданып қалмайды. Балаларға арналған өлеңдегі
Хампти Дамптидің рақымға қолы жетпейді. Бірақ 87 Забурдың авторы
сіз және мен үшін рақым қолжетерлік нәрсе. Бұл – үлкен
айырмашылық.
Бүгін сіз қандай қиын жағдайда болсаңыз да, бұл Құдайға сиынуға
және оның рақымына ие болып, сізге қалай көмектескенін көруге
шынымен мүмкіндік.
Ең маңызды нәрсе: ең жаманы Құдайдың отбасынан тыс
болу екенін түсінесіз бе?
Егер Исаның соңынан ергіңіз келсе, бастаңыз! Міне қазір!
Күнәнің қараңғылығында отырған жеріңізден Құдайдан құтқаршы деп
сұраңыз.
Құдай сізге сіз үшін келеді.