Достар
Осындай мақала астында «Егер сіздің өміріңізден достар жоғалып кетсе, сіз жалғыз емессіз» деген сөздер жазылған болатын. Бір параграфта былай делінген: «Бұрынғы уақытта достық бізді ішкі күйзелістерден босататын тұлға болса, бүгінгі күнде біздің достарымыз немесе олардың жетіспеушілігі күйзелістердің өзегі, сәтсіздікке ұшырайтын өмірдің тағы бір саласы болып табылады». Бірнеше жыл бұрын мен танымал мәсіхшіден бір хат алдым, осы хат осындай сөздермен бітті: «Түсінетін және қамқорлық көрсеткен біздің жақын досымыз болғаныңыз үшін рахмет». Мен сол адамды ешқашан да көрген емеспін, бірақ мен, түсінетін және қамқорлық ететін жақын дос болып келемін бе? Басқа бір қолмен жазылған хатта былай делінген: «Көптеген адамдар маска кигендіктен, оларды біліп тану қиынға соғады. Мен көп адамдарды білемін, бірақ олардың бәрі маған тек таныстар ғана болып табылады». Бір көрнекті кеңесшінің пайымдауынша, барлық адамдардың тек 10% -ының ғана шынайы досы бар. 10%. Қазір біз достыққа баса назар аударғымыз келеді деп түсінген шығарсыз, бірақ неге бұл маңызды? Менің ойымша ең жақсы жауап: егер де біз Исаға біздің Құтқарушымыз ретінде сенсек, Өзін біздің досымыз деп атайды.
Жохан 15:15 Сендерді бұдан былай құл демеймін, құл иесінің не істеп жүргенін білмейді. Қайта, сендерді достарым деп атадым, өйткені Әкемнен естігендерімнің бәрін сендерге білдірдім.
Ол күнәкарлардың досы деп аталды:
Луқа 7:34 Ал Мен, көктен келген Билеуші, кәдімгі тамақтарды ішіп-жеймін. Сонда сендер: «Мынау тамақ жеп, шарап ішуді жақсы көреді және салықшылармен, күнәкарлармен дос болып жүр!» деп жамандайсыңдар.
…және осындай жаман атты болудан ешқашан бас тартпады.
Сондықтан, сіз және мен, Иса ие болған атақтарға ие болсақ, ол, автоматты түрде, басқаларға дос болғанымызды білдіреді. Маған осыны сізге қайтадан атап кетуіме рұқсат етіңіз: достық қарым-қатынас орнату және де дос болу Исаға маңызды болды, сондықтан, сіз Мәсіхке сенетін болсаңыз, ол автоматты түрде, достықты орнату және дос болу сіз үшін маңызды болып табылады.
Достық ол қушті нәрсе. Достық – өмірімізді өзгертеді, біздің баспана орнымыз, қажетті жігер мен қолдаудың көзі болып табылады.
Сонымен, Киелі кітаптың қай жерінен осыған растау табамыз?
Неліктен Нақыл сөздер кітабінан қарастырмасқа? Бұл әртүрлі ескертулер мен қолдау сөздеріне толы керемет кітап.
Ескі Өсиет дәуірінде ол жас жетекшілерді дайындайтын оқу-әдістемелік құрал ретінде қолданылған. Жетекшілерге де достар қажет, сондықтан, Нақыл сөздер кітабы достар туралы көп айтады. Бірақ мынаны түсініңіз: Нақыл сөздер кітабы ескертулер мен жігер сөздер жазылған 31 тараудан тұрады. Қандай алғашқы ескерту берілген болатын?
Нақыл сөздер 1:10 Балам, күнәкарлар еліктіргенде айтқандарына сен ешқашан көнбе.
Қателігі топ адамға қосылмауға қатаң ескерту. Осындағы ең үлкен маңызыдылық қайда? Ең негізгі маңыздылық – Нақыл сөздер кітабының 1: 1-6 ұсынатын кітаптың таңғажайып мәзірнен басталады. Және бұл мәзір ұсынылатын №1 орын қай жерде? Нақыл сөздер 1: 8-9.
Балаларыңыздың бірінші рухани ұстазы сіз, яғни ата-ана болуыңыз керек. Жастардың жетекшілері мен бағушылар маңызды, бірақта балаларыңыздың негізгі рухани ұстазы сіз өзіңіз болуыңыз керек. Балаларыңызға рухани білім беруіңізді басқаларға тапсырмаңыз.
Сонда ескеретін қандай жайт шығуы мүмкін: Нақыл сөздер кітабының алғашқы алты аяты ұсынған осы керемет мәзір сіздің қолыңызға жетімді болуы мүмкін, сіз жер шарындағы ең жақсы ата-аналарына ие бола аласыз, бірақ та Нақыл сөздер 1: 8, 9 бойынша, егер сіз қателескен топ адамына електеп жүрсеңіз 10 аятта көрсетілгендей онда сіздің болашағыңызда сәтсіздік күтуі мүмкін. Сіздің достарыңыз сізді құртып, бұзуы мүмкін. Сіздің достарыңыз Құдайдың сіздің өміріңізге қолданғысы келетін барлық нәрсені бұзуы мүмкін. Достықтың сондай күшті күші де бар.
Бұл туралы ойланыңыз: Нақыл сөздердің 31 тарауы және №1 ескерту – дұрыс емес достар сіздің өміріңізді бұзуы мүмкін. Біз толығымен жойылу туралы айтып отырмыз. Сонымен, аналар мен әкелер, сіз өзіңіздің балаларыңыздың достарының кім екенін анықтауға тырысып жатсаңыздар, сіз өз жұмысыңызды дұрыс атқарып жүргеніңіз. Мұны сіз білкіңіз қажет. Балаларыңыздың мінез-құлқының қалыптасуында жанындағы достары жақсы болуы өте маңызды.
Жақсы шпион болыңыз. Бұл практикалық кеңес және бұл тек бірінші тарау ғана. Нақыл сөздер тағы да достық туралы не үйретеді?
Көптеген нәрселерді! Нақыл сөздердің негізгі ойын түсінуге көмектесетін үш негізгі сұрақ:
- Нағыз достардың қандай міндеттері бар?
- Нағыз достықтың жолының негізгін қалайтын тастары не болып табылады?
- Достарды таңдағанда қолданатын қандай жақсы кеңестер бар?
Мына сұрақтардың әрқайсысын қарастырмас бұрын, алдымен Құдайдан көмек сұрайық.
Көктегі Әкеміз, Біз аса маңызды тақырыпты қарастырғымыз келеді. Өмірімізде қате достардың болуы құлдыраған өмірге әкелуі мүмкін. Сіз бізге осының болғанын қаламайсыз. Біз үйрене алатын жүрекке ие болайық. Біз үйреніп жатқан нәрселерді қолдануға жан сала берілейік. Исаның атымен дұға етеміз, Аумин!
Дэвид Хаббардтың «Нақыл сөздер» түсіндірмесі келесі айтылатын көп нәрселерге шабыт берді.
Бірінші сұрақ: Нағыз достардың міндеттері қандай?
Сіз басқаларға жақсы дос болғыңыз келеді ме? Жақсы! Сіз не істеуіңіз керек?
Нақыл сөздер 17:17 Шынайы дос әрдайым жақсы көрер, Қиыншылықта бауырыңдай көмектесер.
Менде сіз үшін бір тапсырыс бар, бірақта ол сізге ауыртпашылық алып келуі мүмкін, сіз оны айналаңызда ешкім болмаған кезде ғана істеуді қаларсыз. Мекенжай тіркейтін кітапшаңызды ашып қараңыз. Бір уақытта сіз достар деп ойлаған адамдардың аттарын көріңіз. Олармен не болды?
Олардың аттарын тауып қарадыңыз ба? Олар кім? Олар сіздің өміріңіздің бір бөлігі болған кез қашан болды? Неге сіз бір-біріңізден ажырап кеттіңіздер? Мүмкін, сіздің есіңізде жоқ та шығар. Мен өзімнің мекен-жай кітапшамнан есімдерді қайта-қайта оқысам да есіме түк түспейді. Және бұл шынымен менің мекен-жай кітапшам ба?
Шетелде оқитын бірнеше жүз азиялық студенттерден сауалнама алынды. Олардан сол елдегі адамдар туралы не ойлайтынын сұрады. Басым көпшілігінің жауабы: бұл елдің адамдары өте досшыл болып көрінеді, бірақ беткей ғана достықты орнатуды біледі. Сол зерттеуді жүргізген адам былай деп қорытындылады: «Осы шетелдіктер жақсы, бірақ өздері өздерімен өте қарбалас болып, өздерін қатты күтіп, басқа адамдармен шынайы және сүйіспеншілік қарым-қатынасты орнатуға шамасы жоқ». Бұл сөздер әрі шындық жүректі ауыртады!
Бәлкім сол себептен Киелі кітапта Жонатанмен Дәуіт туралы жазылған. Жонатанмен Дәуіт жақсы дос болды, бірақ Жонатанның әкесі Дәуітке қарсы шығып, ол Дәуітті қудалайды, Дәуітті ұзақ уақыт бойы өлтіруге тырысады. Дәуіт, сіздің ең жақын жақсы досыңыз, ең жаман жауыңыздың ұлы екені сізге ешбір ыңғайсыздық тудырмай ма? Дәуіт, тыңдаңызшы, сізге кеңес беруіме рұқсат беріңізші: Жонатанды өз өміріңізден алып тастаңыз. Сізде үлкен себеп бар. Сізді өлтіруге тырысып жатқан есі ауысқан адамның баласын тастап кетуіңіз үшін сізді біреу сынға алуы керек па? Бұл болмайды. Дәуіттің Жонатанмен достық қарым-қатынасы тек Жонатанның өлімімен ғана тоқталды.
Нақыл сөздерде «дос» деген сөз бұл кездейсоқ, күнделікті көріскендіктен пайда болған достық туралы деген мағына емес.
Достық, нағыз мәсіхшілік достық, әсіресе қиындықтар болғада жалғаса беретін достық. «Жағымсыз ауа-райы достары» сіздің өміріңіздің дауылдары кезеңдеріңізде де сізбен бірге қалады. Депрессиямен жүрген кезіңізде олар телефон шалады. Сіздің отбасыңызда қиыншылықтар болған кезде олар сізге жұбаныш береді. Сіз жұмыссыз қалған кезде олар сізбен бірге қалады.
«Жағымсыз ауа-райы достары» – тек олар ғана дос болуға лайықты адамдар, бірақ одан да маңыздысы – «жаман ауа-райының достары» – біздің тек олармен тығыз қарым-қатнаста болуымызда ғана құндылық бар». Осындағы негізгі ой сондай дос табу туралы ғана емес, өзің де сондай дос бола білу жайлы.
Сезімтал адамдар мен ақындар осы аятты ұнатады. Бірақ бұл аятты шынымен орындауға қабілетті адамдар – Құдайдың рақымына, өзінің табиғи менмендігін Мәсіхтей шынайы сүйіспеншілікке ерітіп, өзгертуге жол бергендер.
Қайғы-қасірет сізге нақты достарыңыздың кім екенін көрсетеді. Сіз қаншалықты адалсыз? Достықтың қандай жауапкершіліктері бар? Біз жақсы бастап келе жатырмыз. Тағыда не маңызды? Нақыл сөздер 18:24 24Бірін-бірі күйреткен доссымақтар бар, Шынайы дос ағайыннан жақын болар.
Уақытша достастық орнату аса бағалы емес, сондықтан одан аулақ болуыңыз керек. Бізге керегі – бірнешеу ғана, шынайы дос болатындары. Бұл бізге қатты әсер етуі керек. Түсіндіре кетейін. Жетекші семинарияның профессоры толық уақыт қызметте болған (бағушылыр, жастар бағушылары және елшілер), бірақ жыныстық күнәнің кесірінен қызметтен кетуге мәжбүр болған, 246 ер адамнан сұхбат алды. Барлығы жақсы қызмет етіп Мәсіхке берілген болатын. Алайда екі жылдан кейін олардың әрқайсысы азғындыққа салынып, қызметтен кетуге мәжбүр болды.
Бұл 246 ер адамдарды нәрсе ортақтастырады? Олардың бәрі бұндай жағдай ешқашан өмірімізде орын алмайды деп ойлаған, сонымен қатар оларды қадағалап, оларды жауапқа тартатын адам болмаған. Әртүрлі нәсілдер, әртүрлі білім деңгейлері, әртүрлі әлеуметтік мәртебедегі адамдар, бірақ, бәрінің де жеке қиын сұрақтар қоя алатын жақын досы жоқ. «Порно туралы жағдай қандай? Қарама-қарсы жыныстағы адамдармен өзіңді дұрыс ұстайсың ба?»
Түпкі жасайтын қорытындымыз: жалғыз жүретін адамдар – жеңіліске оңай ұшырайтындар. Басқалармен жыныстық тазалық туралы тақырыпты көтеруге ұят сезінуіңіз мүмкін. Нақыл сөздер кітабы ұялмайды. Алғашқы тоғыз тараудың төртеуі, оларды санаңыз, төртеуі, жыныстық тазалық туралы ескерту жасайды. Бізге сенім арта алатын, құпияларды сақтай алатын, өмірдің маңызды саларында бізді жауапқа тартатын, біз үшін дұға ететін дос қажет. Тек беткей таныс болғаны оңай нәрсе, бірақ бұл табысқа жетудің жолы емес.
Сіздің ең жақын досыңыз сізге қанмен байланысты болмаса да таң қалмаңыз. Жаратылыс басталуындағы Жүсіп отбасына қарағанда шетелдіктердің арасында көбірек мейірімділік тапқан болатын. Дәуіттің көп бауырластары болған, бірақ оның ең жақын досы Жонатан болды, онымен ешқандай туыстық қатынасы жоқ. Иса өзінің ең қиын күндерінде өз туыс-ағайындарымен емес, достарымен уақыт өткізген болатын. Бізге биологиялық туыстан гөрі жақын болатын басқа біреу қажет.
Жыныстық күнә жасаған 246 ер туралы айту көңілімізді түсіреді, бізге жігер бере алатын бес адамға көңілімізді бөлейік. Солардың бірі Құдайға 50 жыл бойы елші және ұстаз болып қызмет еткен менің досым. Солай болғаны мені қызықтырғандықтан мен оған сауал қойдым: «Құдайдың жолымен жүріп, осы жолда қалудың сыры қандай?» – деп сұрадым.
Оның құпиясы – Нақыл сөздер 28:13
Күнәларын жасырған жан өркендемейді,
Оларын мойындап, бас тартқан рақым көреді.
Бұрын ол, 40 жыл бойы, төрт жігіттен құралған Киелі кітапты зерттеу сабығына қатысқан. Ол бір күні үйге келіп, әйеліне топтан шығып кететіні жайлы айтты. Себебі ол сабақтардан қатты шаршаған еді. Әйелі жауап беріп: «Сен оны тоқтатпайсың. Өйткені Сенің көңіл-күйің сабаққа бара жатқан уақыттан гөрі, үйге келген уақытта жақсырақ болады. Бұл сабақтар сені көтермелеп жігерлендіреді». Бірақ ол сабақ қалды. Бірте-бірте топ өзгере бастады. Жігіттер маскаларын шеше бастады. Бір жігіт өмір бойы өзін кем сезініп, осымен күресетінін мойындады. Бір жігіт әрдайым өзімшілдігімен күрескенін айтты. Бір жігіт порнографияға тәуелді болғанын бөлісті. Басқа екеуі қандай азғырумен қиналғаны есімде жоқ.
Нақыл сөздер 28:13 аят осы бес адамды жігерлендіріп біріктірген аят болды. Олар бір-бірінің алдында ешқандай маска болмауының күшін көрген болатын. Бұл топтың 40 жыл бойы бет пе бет, телефонмен немесе Skype-арқылы кездесіп жүретіндіктен, «Порномен жағдай қандай болды? Кем сезінуі ше? Басқа да жағдайлар қалай орын алды?» деген тақырыптарды қозғағанының арқасында, бұл аят менің елші досымның өміріндегі жетістігінің құпиясына айналды.
Бұл бір-бірін қабылдау, бір-біріне жігер беру және есеп беру мен бір-бірі үшін жалбарынып дұға ету, досымды Құдайдың жолымен жүру үшін жылдар бойы сақтап келе жатты. Бұл жерде беткей достықтың үзінділері емес, керісінше жанашырлық орын алды. Бірнешеу бір-біріне жақын тартып, жан достар ретінде бір-біріне адалдық танытты. Бүгінгі таңдағы ең жақсы мәсіхші спикерлердің бірі былай деп жазды: «Қазіргі кезде менің өміріме жылу бере алатын, бұрынғы достарымның лайықты назарын алмағандығы өкінішімнің бірі екенін білдірді». Бүгінгі күнде жақын досың жоқ болса, неліктен біреу болуы үшін дұға етпеске? Достықтың басқа да көп жауапкершіліктері туралы …
Нақыл сөздер 27:17
Темір темірді қайрайды,
Адам адамды қайрайды.
Менің ата-анамда кесіп тастауды қажет ететін 5 ағашы болатын. Кесуді кім жасады деп ойлайсыз? Мен соққанда балтамен бірге ұшып кетер едім, ал әкем жүгіріп шығып, балтаны менен алып өз жұмыс үстелінде, ұштағышты қосып, доғал болған нәрсені қатты қорқынышты өткір нәрсеге айналдырды.
Міне дәл осылай, біздің жақын рухани жетілген достарымыз, біздің ақыл-ойымызға, біздің идеяларымызға, мақсаттарымызға әсер береді. Олар бізді қайрайды. Қажетсіз нәрселерді алып тастайды. Біздің назарымызды дұрыс жерге жинайды. Бізді тиімдірек етеді. Кейде сіз кетіп бара жатып: «О, ол менің досым болғанына қуаныштымын!» – деп ойлайсыз. Сіз бір нәрсе білесіз бе? Сіз Киелі кітапты байыппен қабылдаған сайын, өзге адамдардың өміріне неғұрлым көп әсер етесіз!
Достықтың басқа да жауапкершіліктіріне келсек.
Нақыл сөздер 27:6
Досыңның сөгуі шынайы,
Дұшпаныңның сүюі алдамшы.
Достықтың сенімді сынақтарының бірі – досымызға оның соқыр жақтарын айтамыз ба, жоқ па? Міне, бір сұрақ: «Сізге досыңыздың жақсы сезінуі (комфорты туралы) немесе оның мінез-құлқын көбірек маңызды деп ойлайсыз ба?». Егер сіз тек оның жақсы сезінгендігін қалап, комфортын маңызды деп қарасаңыз, онда сіз досыңызға шындықты айтып, оған естуді қажет ететін нәрселер туралы айта алмайсыз. Егер сіз оның мінез-құлқы туралы қам жесеңіз, онда сіз оған сүйіспеншілікпен, сабырлы түрде, шын мәнінде оған жұмыс істеу керек нәрселерді көрсетесіз, соқыр дағының қайда екенін ашасыз. Досыңыздың дұрысталуында мейірімділік танытып, мұқият ойланып, ұдайы дұға етіп жүріңіз. Яһуда Исаның бетінен сүйіп, дос болғанын көрсетті. Мүмкін сіздің өміріңізде Яһудалар бар, олар өзін сіздің досыңыз сияқты көрсетеді. Мұндай адамдар бізді күлдіріп көңілімізді көтереді, бізді мақтайды, бірақ олардың жүректері бізден алыс.
Бұл аят бізді баға жетпес нәрсе істеуге талпындырады. Бірнеше жыл бұрын бір күйзелісте жүрдім. Сол ренішті бөліскен кезде, досым тоқтатып, былай деді: «Сонымен, сен жаман тәжірибеден өттің. Сен осы туралы не іс жасауды ойланып отырсың? Отыр, оны шығарып таста және кешір, ұмыт және алға жүре бер. Сен бұл жайлы не істемексің?
Мен болсам: «Менімен бұлай сөйлесетіндей ол кім?» деп ойладым. Бірақ біраздан кейін, мен бұл адам шынымен маған қамқорлық көрсетіп жатқанын түсіндім және мен осы сөзді естуім керек болатын. Ол маған мен тыңдағым келетін нәрсені емес, мен есту керек нәрсені айтты. Бұл шынайы достық.
Ары қарай жылжыйық:
Нақыл сөздер 27:10a
Қол үзбе өз досыңнан,
Әкеңнің де досынан.
Егер сіз Ескі Өсиеттің көп бөлігін оқыған болсаңыз, онда сіз Сүлеймен патша қайтыс болғаннан кейін Израиль елі екіге бөлінгенін білесіз. Неліктен? Өйткені бұл аят назардан тыс қалды. Сүлейменнің ұлында таңдау болатын: әкесінің дана, жетілген достарының кеңестерін тыңдау немесе тәжірибесіз, жетілмеген, мақтаншақ жас кеңесшілерді тыңдау. Ол қате таңдау жасағанның нәтижесінде патшалықтың екіден бірі көтеріліске шығып, өз жеке елін құрды. Сенімді емес досыңызға қалай сенуге болады? Неліктен дана адамдармен жүрмейсіз?
Әкем қайтыс болғанда, мен осы аятты көрдім. Ол маған әсер бергеннен кейін, мен бұрын ешқашан істеп көрмеген нәрсе істедім. Менің әкемнің досы қалаға келгенде мен онымен бірге уақыт өткіздім. Мәселен, мен әкемнің досының қонаққа келгенінен ләззат алуымда емес, менің ойымша, бұл менің отбасыма бұрын батасын берген адамға қарыздар болғанымда.
Отбасыңызға қатысты ескі достарыңызға құрмет көрсету үшін сіз қандай жұмыс атқарып жүрсіз?
Достықтың соңғы жауапкершілігі.
Нақыл сөздер 27:9
Жұпар мен иісмай жүректі қуантар,
Досың адал кеңесімен ұнамды болар.
“Дос жанды жақсы кеңестермен тәттілендіреді”.
Қоңырау шалғанда сіздің досыңыздың аты шығып, ол қоңырау шалғанын хабарлайды. Қоңырауды қабылдағанда, бетіңіз күлімсіреп кетеді. Сіз өзіңізді бос ұстап, бір кесе шай құйып алып, сүйікті орныңызға отырасыз, масканы шешіп жүректеріңізді бөлісе алатын уақыт. Сол адаммен бірге уақыт өткізу сіздің өміріңізге сатылмайтын жұпар иіс береді. Сіз жігерленесіз. Сізді сүйеді және сізге әрқашан қолдау көрсетеді. Сіз және мен қымбат хош иісті иісмайға ие бола алмауымыз мүмкін, бірақ құдайшыл кеңес бергенде, сіз досыңыздың жүрегіне тіпті байлар сатып ала алмайтын жұпар хош иіс бересіз. Жақында достарыңызды қаншалықты байыта алдыңыз?
Жақсы кеңес бере алу және басқаларға хош иіс болу қабілетіңіз Иемізбен бірге болуыңызға тікелей қатысты екенін есте сақтаңыз. Сіз Киелі кітапты өміріңізде қолданып өмір сүрген кезде, сіздің достарыңыз сіздің атыңызды телефонда көрінуін үміттенеді. Сонымен достықтың бірнеше міндеттері бар: адалдық, кеңес беру, жаралану және өсіп-жетілу сияқты практикалық нәрселер.
Алға жылжимыз.
Екінші сұрақ: Шынайы достықтың жолын қандай тастар қалайды?
Нақыл сөздер 16:28
Арамза араздық туғызар,
Өсекші достарды айырар.
Бұл ауыртпашылық тудыратын нәрсе. Сіздің достық қарым-қатынастарыңызды бұзудан үлкен қуаныш алатын адамдар бар. Құдайға маңызды нәрселер шайтанның шабуылына көбірек ұшырайтынын дәлелдейді. Бұл нәрсені ескеріңіз.
Достық жолындағы тағы да бір жолтасы:
Нақыл сөздер 19:6
Мырзаға жағынуға көп жұрт әуес,
Сый-тарту берушімен барлығы да «дос».
Достық деп алданып көп адам бірін-бірі қолданылуда.
Менің қаламдағы бір қыздың ауласында жүзу бассейні бар еді. Сол бассейн жылдың жылы күндерінде дос деп аталатын адамдарға қаптап толы еді. Бірақ суық ауа райы түскенде-ақ олар оның өмірінен жоғалатын. Бірақ мамыр айынан бастап, сол достар деп аталатындар күлімсіреп, оның өміріне жолды қайта салып кіріп, қайтадан бассейнді қолдануға тырысатын. Солай жылдан жылға болып тұратын.
Бір адам өз елінің елбасысы болып тағайындалғанда, ол өздерінің балаларына олар ешқандай шынайы достық құрмайтындығын айтты. Себебі, көптеген адамдар елдің бірінші отбасысымен дос болғысы келетінін білетін, сол арқылы олар ерекше игіліктерге ие болуға тырысады. Бұл жетекшінің өз балаларына берген кеңесі бойынша негізгі мақсаты – бұрынғы қиын жылдарда оларға жақын болған достармен тығыз байланыста болу еді.
Осылардың ешқайсысы біздің басқа адамдарға жомарттықпен қарауға жауапкершілігімізді азайтпайды, алайда басқа адамдардың біздерді қолданудан жол бермеуімізге итермелеу керек.
Басқа жол тасы:
Нақыл сөздер 27:14
Азанда көршісіне айқайлап бата сұраған
Туралы ойлайды жұрт «көршісін қарғап жатқан».
Шынында, бұл аятта екі жол тасы бар болуы мүмкін: Біріншіден, жан-жақты ойлаудың болмауы. Түн ішінде сағат 4:00 жай әңгімелесу үшін қоңырау шалу дөрекілік. Бірақ мұнда тағыда бір нәрсе бар, ол ең болмағанда зұлымдық ретінде шын жүректен болмағандығы болып табылады. Өзара досы екендеріңізді бәріне жариялауға тырысатын адамға күмәндана қараңыз абзал. Өйткені нағыз достық жариялауды қажет етпейді.
Қосымша жол тастары:
Нақыл сөздер 14:20
Кедейге өз жақыны да менсінбей қарар,
Ал байға доссымақтар көп болар.
Егер сіз бай адаммен дос болсаңыз, ол сізден ақшаны сұрамайтынын білесіз. Ол оған мұқтаж емес. Қазірдің өзінде ондай нәрсе бар. Сондықтан бай адамдармен дос болуға тырысып, өмірді жеңілдетуге арналған азғырылулар бар деген сөз. Басқа жағынан қарасақ, кедей адамдар кейде ақшаға мұқтаж болуы мүмкін, сондықтан олармен дос болудан аулақ болуға азғырылу бар, өйткені сіз қайта-қайта ақша сұрап, осындай ауыртпашылық қөргіңіз келмейді. Демек, «ұнатпаймын» деген сөзді, кейбіреулердің мұқтаж адамдармен достық қарым-қатынасқа деген көзқарасыңызды сипаттау үшін қолданылуға болады. Ақша достығымызды бұрмаламауы керек.
Соңғы жол тасы:
Нақыл сөздер 17:18
Ұғымсыз жан қол алысар,
Басқаның қарызына кепіл болар.
Кепіл беруге асығу – ақымақтықтың белгісі. Бұл өзіңізге сіз істей алмайтын аса үлкен міндет алу. Сіздің отбасыңыздың қаржылық қауіп-қатерге төнуіне тұратын достық жоқ. Достық қарым-қатынас туралы айтып болдық.
Бұл бізді енді
Үшінші сұрақ қоюға әкеледі: Достар таңдауда қандай жақсы кеңестер бар?
Нақыл сөздер 22:11
Жүрек пәктігін жақтыратын, Ұнамды сөздерді айтатын
Жанға патша да болар жақын.
Тіпті патшалардың өздері де досқа мұқтаж. Шынайы дана патша достарды қалай таңдау керек? Аятқа қайтадан назар аударыңыз. Патша дос таңдағанда мәртебеге, байлыққа, білімге немесе қайсыбір достыққа сенбей қарау керек екендігін айтпайды. Патша көбірек маңызды нәрсені іздеп қарауы керек: шыншылдық пен сезімталдық қасиеттері күшті адам. Бірақ біз, бәлкім, патшалар емеспіз, бұл аяттың бізге қатысы қандай? Сіз жетілген мәсіхші болуға көңіліңізді аударсаңыз, шыншылдық пен сезімталдыққа ұмтылып тырыссаңыз, сіз өзіңіздің досыңыздың кім екеніне таңғаласыз. Тіпті сіздің әлеуметтік мәртебеңізден әлдеқайда жоғары адам сіздің досыңыз болуға келуі мүмкін. Құдайдың мәсіхшінің жетілуін марапаттаудың түрлі жолдары бар. Біз ешқашан біздің ең ұлы түсімізде көрмеген адаммен дос бола алуымыз мүмкін.
Мықты мәсіхші болуға ұмтылыңдар, сол арқылы сіз өзіңізді керемет достық материалға айналдырасыз. Сіз достар іздеп жүрсеңіз, осылай іздеңіз.
Сонымен сізде достық туралы 3 сұрақ бар және оларға Нақыл сөздер кітабынан жауап таптыңыз. Осы аяттарға қарап бір шындықты түсініңіз…. Мәсіхшілік достық жұмыс жасауды талап етеді. Бірақ достық қарым-қатынасты маңызды деп қарау – ол Иса сияқты болу. Достық қарым-қатынасқа көп мән беру керемет марапаттар әкеледі.
Осыған қатысты болған жайт: Мәсіхті қабылдаған жас мұсылман туралы шынайы әңгіме. Ол былай деп жазды: «Менде көп мәсіхші таныстарым болған және мен мәсіхші болсам, олар менің достарым болатынын нық білетінмін. Бірақ мұндай достық қарым-қатынас шартты болып табылады. Мені шартсыз қабылдап қамқорлайтын ешкім жоқ еді. Мәсіхшілердің ешқайсысы маған қамқорлық жасамағандықтан, олардың айтқан сөздері де мен үшін бәрі-бір болатын».
Жемісті Ізгі Хабар тарату қарым-қатынасты қажет етеді. Өте аз ғана ерекше жағдайлар бар. Бақытымызға орай, бір мәсіхші оның өміріне кіріп (бұл сөзді тура түсінуге болады), оның шартсыз досына айналды. Осы достықтың нәтижесінде сол адамның мұсылман отбасы мен мешіттің жалған іліміне еріп, кетіп қалуға күресте болған уақыттарында тартылып үзілетіндей жағдайда болған кездері де болғаныңа күмәнданбаңыз. Бұрын мұсылман болған бала қазіргі күнде мұсылмандарға Ізгі Хабардың жариялаушысы. Ол мәсіхшінің шартсыз сүйіспеншілігі орын алған өзгеріске себепші болған деп есептейді.
Құдай сізде бар достық қарым-қатынастарды өз өміріңізде құтқарылмаған адамдарға қатты әсер ету үшін қалай қолданатынын елестетіп көріңізші!
Достыққа шабуыл жасаудан гөрі, өзіңізге жақсырақ мақсат қою яғни, бар достық қарым-қатынасты нығайтып, Құтқарушыны қажет ететін адамдармен жаңа достық бастау. Маған көбірек құтқарылмаған достар бер деп Құдайға үнемі дұға етемін. Неге сізге осы дұғаға қосылмасқа? Ең бастысы – сіз қазіргі уақытта Исамен қандай достыққа иесіз? Сіз оған құтқарылу үшін ғана сенім арта алғандықтан, ол шынайы досыңыз болып табылады ма? Сізде мәселе бар екенін, бұл мәселе күнә екендігін байқадыңыз ба? Сіздің күнәларыңыз үшін, сіздің орныңызда жалғыз Ол ғана айқышта өлгенін көрдіңіз бе?
Неліктен өзіңіздің күнәларыңызды мойындап, Ол сіздің орныңызға өлген кезде сіздің күнәларыңыздың құнын төлегені үшін және өз күнәларыңыздан бостандық алып Оған сенім артып, Исамен тығыз достық қарым-қатынаста бастамасқа?