Гомосексуализм
“Әр кезеңде және әртүрлі мәдениеттерде гомосексуалдардың мінез-құлқы әрқалай қабылданылады. Оларға төзімділікпен қарайды, жазалайды немесе тиым салынады. Гомосексуализм Ежелгі Греция мен Римде сирек болған жоқ. Еврей-христиан, сондай-ақ жалпы мұсылман мәдениеті гомосексуализмді күнә деп қабылдайды.”
Кейбір адамдар бізге “моральдық заң алға басуда” деп, бір кездері күнә болған нәрсені енді күнә емес деп айтуы мүмкін. Бұл алдағы уақытта өте эмоционалды мәселе болып, көбірек өзекті тақырыптардың бірі болғалы тұр.
Бұл даулы мәселеде мәсіхшінің әрекеті қандай болу керек?
Біз Киелі кітапты өзімізбен бірге алып жүріп, бұл біздің сенім мен өміріміздің негізгі қайнар көзі деп айтамыз.
Осы өзекті сұрақ бізді не нәрсеге алып келеді?
Олай болса, №1 сұрақтан бастап, Құдайдың жетелеуін іздейік.
№1 сұрақ: Киелі кітап гомосексуализмды күнә деп есептейді ме?
Бұл сұрақтарға жауап табу үшін
Леуіліктер 18:22, 20:13
Римдіктерге арналған хат 1:27
Қорынттықтарға арналған 1-ші хат 6: 9-10
I Тімотеге арналған хат 1:10 аяттарды оқимыз.
Осы сілтемелердің барлығы гомосексуализмды дұрыс емес мінез-құлық деп айтады. Қайталап айтамын – гомосексуалдар туралы айтылған кезде, Киелі кітап оларды әрқашан айыптайды. Себебі, Жаратылыс кітабының басында Құдай некені бір еркек пен бір әйелдің одағы деп белгіледі. Некенің бұл анықтамасы Киелі кітапта айқындалып, ешқашан өзгермейді.
Сондықтан гомосексуализмді қолайлы, орынды өмір салты деп атаған кезде, Киелі кітап бұған келіспейді. Құдайдың көз алдында гомосексуализм сіздің өмір сүруіңіздің бірнеше тәсілдерінің бірі емес. Адамдар гейлердің құқықтарына қатысты мораль дамиды және өзгереді деп айтқан кезде, олар қателеседі. Құдай Бұл аяттарды қашан өзгертіп, қайта жөндеді? Біреулер бұл аяттарға қарап, олар адал және біртектес қарым-қатынаста болатын адамдарға қатысты емес деу мүмкін. Бірақ олар тағы да қателеседі.
Гей қозғалысы Исаның гомосексуализм туралы ештеңе айтпағанын айтқан кезде, олар Матай жазған ізгі хабар 19:5 аятты елемей жатады.
Ол жерде Иса некені бір еркек пен бір әйелдің арасында болу керек екенін нақты айтқан болатын. Иса ешқашан жоғарыда аталған аяттарға қарсы келмейді.
Гомосексуализмді қолдайтындар Исаның ол жайлы ештеңе айтпағанын меңзеген кезде, бұл олардың Үшбірлікті түсінбейтіндіктерінің белгісі болып табылады. Құдай Әке, Құдай Ұл және Киелі Рух әрқашан, қайталаймын, әрқашан біргелікте жұмыс істейді.
Егер адамдар ұлтаралық неке қалыпты болса, онда бір жынысты неке де қалыпты болуы керек – деп адамдар алма мен апельсинді шатастырып жатады. Киелі кітапта ешқашан ақ, қара, сары немесе қоңыр нәсіл болу күнә деп айтылмайды. Мысалы, мен әрқашан ақ нәсілді бала болып қаламын және оны өзгертуге тырыссам да, оны өзгерте алмаймын, олай істеу маған керек те емес.
Бірақ гомосексуализм күнә деп табылса, онда одан бас тартуға болатындығын біліп, оны қабылдамауға болады. Алайда көптеген адамдардың гей өмір салтын ұстанатын отбасылардан шыққандығы жайлы дәлелдер бар. “Гей және мәсіхші болу” деген тақырыппен кітап шығатын болса, және ол бір уақытта Мәсіхпен тығыз қарым-қатнаста екенін айтып, бірақ гей өмір салтын ұстанатынын болса, жоқ, жоқ, жоқ. Ол алданған адам болып есептеледі.
Қорынттықтарға 1-ші хат 6: 9-10
9 Әділетсіздердің Құдайдың Патшалығынан орын алмайтынын білмейсіңдер ме? Алданбаңдар: азғындар, жалған тәңірлерге құлшылық етушілер, неке адалдығын бұзушылар, нәпсіқұмарлар, еркекжанды еркектер,10 ұрылар, дүниеқоңыздар, маскүнемдер, өсекшілер және тонаушылар үшін Құдайдың Патшалығында орын жоқ!11 Бұрын кейбіреулерің сондай болдыңдар. Алайда сендер күнәдан тазардыңдар; енді Иеміз Иса Мәсіхтің атына сиынып Құдайымыздың Рухы арқылы Оның қасиетті халқы болып, ақталдыңдар.
Егер сіз кезінде осы күнәлардың біреуін жасаған болсаңыз, болды тозаққа түсесіз дегенді білдірмейді. Егерде сіз жоғарыда аталғандай азғын өмір салтын ұстанып және одан ешқашан бас тартпаған болсаңыз өзіңізді сенушімін деп атамаңыз. Мұнымен сіз өзіңізді алдайсыз. Мәні өте айқын – Киелі кітап гомосексуализмді күнә деп есептейді.
№2 сұрақ
Гомосексуализмде тұрған не бар? Неліктен ол күнә?
Егер бір жынысты екі гомосексуалист жыныстық қатнас жасаса да – ешкім зардап шеккен жоқ деген дау жүретін болса, Құдай неге араласпайды?
Осындай дау жанжалдың алдын алатын және бұндай жағдайдың жалпы көрінісін анықтайтын уақыт жетті.
Құдай жыныстық қарым-қатнасты жаратты. Оны не себепті жаратты?
Жауап Ефестіктерге арналған хат 5:22-33 аяттарында қамтылған.
Өтініш, мұнда “бағыну” және “бас” сияқты сөздерге назар аударып, негізгі мәнін жіберіп алмаңыз. Құдай жыныстық қатынасты балалы болу, жақындық және ләззат алудан гөрі әлдеқайда маңызды себеп үшін ойлап тапты. Осы аяттарда түсіндірілгендей, некенің басты мақсаты Мәсіхтің қауымға деген сүйіспеншілігі мен байланысы сияқты үлгі, көрнекі сабақ, жарқын сурет болатын.
Иса әкесімен бір болғаны сияқты, бізде Исамен бір бола аламыз. “Біз Құдайдан мүлдем өзгешеміз, бірақ біз онымен біріге аламыз. Бұл қатынаста екі түрлі адамдар біркелкі модельденіп, еркек-әйел бір одақта болу керек. Неке осындай бірліктің тірі астарлы әңгімесі, нақты символы болып, әрбір неке Мәсіхтің қауыммен одақтасуының үлгісі болуы керек еді. Бұл Құдаймен сәйкес неке жайлы үлкен көзқарас. Ал жыныстық жақындық болса, күшті неке байланысын қолдауы керек еді. Егер бұл неке туралы дұрыс көзқарас болса,
некеден тыс жыныстық қарым-қатнасқа түсетіндер және некедегі ерлі зайыптылардың опасыздығы Құдайдың неке жайлы дұрыс көзқарасына айтарлықтай кері әсерін тигізеді.
Cтатистика дұрыс емес жыныстық қатнастың көптігін көрсетіп тұр.
– Некеге дейінгі жыныстық қатынасқа түсекен адамдар, некеде қорқынышпен өмір сүреді. Некеге дейін бірге тұратын адамдар жиі ажырасады.”
Құдай бізді жаратты. Құдай біздің мүдделерімізді қанағаттандыратын мінез-құлық нормаларын да жаратты. Біз осы нормалардан тыс әрекет ететін болсақ, біз өзімізге және мәдениетімізге, ең бастысы-Құдайдың неке туралы ұлы ниетіне зиян келтіреміз.
Гомосексуалдардың құқықтарын қорғайтын қозғалыс негізгі жүйені өзгертуді, яғни -жыныстық қатынастардың барлық түрлері теңдей және ажыратылмайтындай болуды талап етеді. Бірақ олар талап ететін бостандық тым алысқа кетеді, өйткені ол бәрімізге қатысты болып, біздің қоғамды бұзады. Егер гомосексуалдардың құқықтарын біздің қоғамда қолдаса, туысқандар арасындағы жақындық немесе жануарлармен қатнасқа түсу де рұқсат етілу керек деген емес пе? Немесе неге кішкентай балалармен жыныстық қатынасты заңдастырмасқа? Егер Құдайдың стандарттары бұзылатын болса, неге жыныстық қатынастың кез-келген түрін заңдастырмасқа?
Міне, адамзат қоғамы үшін осындай керемет некені жарату Құдайдың жоспары. Әсіресе бұл жоспарда жыныстық қатынас маңызды рөл атқарады. Жыныстық қатынасқа қатысты кез-келген дұрыс емес әрекеттер Құдайдың жоспарына қарсы шабуыл болып есептеледі.
Егер сіз үйленген болсаңыз, жұбайыңызға адал бола отырып, Құдайдың неке жоспарына деген адалдығыңызды көрсетіңіз. Егер сіз үйленбеген болсаңыз, неке құрмай тұрып жыныстық қатнасқа түсуден аулақ болу арқылы, Құдайдың неке жоспарына адал екеніңізді көрсетіңіз.
Айтпақшы, гей қозғалысында өмірлерінің соңына дейін бірге тұратын екі гейдің құндылықтары туралы көптеген әңгімелер бар. Бірақ оның орындалмай жатқандығы мәселе болып тұр. “Гомосексуалдық жұптар қосылып, 5 жылдан кейін өз серіктесіне адал болғандығы жайлы ең жақсы зерттеу нәтижесі 0% ды көрсетті. Ал бір зерттеу гейлердің үштен бірінде жүздеген жыныстық серіктестер болғандығын көрсетті.” Осылайша, гомосексуализм әдепсіздікпен тығыз байланысты.
Бір автор: «Гомосексуалдар ешқашан Құдай жасаған жыныстық қатынасты өзбеттерінше жасай алмайды, сондықтан гомосексуалдық қауымдастықтағы көптеген адамдар әдепсіздік пен бұрмалаушылыққа шексіз ұшырап жатады» деп жазады. Ешқашан қанағаттана алмай, олар сәтсіздікке ұшырайды. Құдай әуел бастан жаратқан нақты нәрсені қайта жасау мүмкін емес.”
№3 сұрақ
Құдайдың гомосексуалдарға деген көзқарасы қандай?
Мен бір кездері “Құдай гомосексуалдарды жек көреді” деген белгіні көрдім. Сонда Мәсіх өтірікшілер, кісі өлтірушілер, опасыздар, маскүнемдердің күнәлары үшін айқышта құрбан болды бірақ гомосексуалдар үшін емес пе?
Иса айқышта тұрғанда:
—Уа, осы гомосексуалдардың күнәларын меннен алып таста. Мен оларды жек көремін.
Мен олардың күнәлары үшін құрбан болудан бас тартамын деді ме?
Киелі кітапты мұқият оқып шығыңыз. Құдай әлемді соншалықты сүйгендіктен, Ол жалғыз Ұлын берді. Бұл гомосексуалдарды да қамтиды дегенді білдіреді. Кім болса да бұл жерде гомосексуалдарды қамтиды. Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады-бұл күнәларына тәубе етіп, Мәсіхке сенім артатын гомосексуалдарды да қамтиды. Мәсіх күнә үшін құрбан болды – бұл мәңгілікке гомосексуализмді де қамтиды. Ал сіз гомосексуалдарға көмектесуден бас тартып, бос қол қуысырып отырғанда, Иса олар үшін бәрін жасап, олардың орнына айқыш ағашта құрбан болды. Сізге мәңгілік құтқарылу ұсынғаны сияқты оларға да құтқарылу сыйлады.
Исаның қаны бізді көптеген күнәлардан тазартады ма? Бүкіл күнәларымызды. Гомосексуалдарды қоса құтқарады. Кәнекей Құдай ешқашан шек қоймаған сүйіспеншілігін шектемейік.
№4 сұрақ Исаның кейбір “оғаш” әрекеттерін қалай түсіндіруге болады?
Матай 26:49 Яһуда Искариот Гетсеман бағында Исаға жақындап бетінен сүйеді.
Егер Иса сондай адал болса, неге ол Яһуданы итеріп жіберген жоқ?
Неліктен ол Яһуданың мұрнын оның бетіне бұрған жоқ?
Бұл сын мәдени айырмашылықтарды елемейді.
Римдіктерге арналған хат 16:16
16 Шын жүректен бір-біріңе сүйіспеншіліктеріңді білдіріп, сәлемімізді жеткізіңдер. Мәсіхтің осындағы барлық қауымдары сендерге сәлем жолдауда.
Бүгінде әлемдегі кейбір қауымдар бетінен сүйіп амандасуды іс жүзінде қолданады. Кейбір қауымдар мұны істемейді. Бірақ бір қауымның әдет-ғұрыптарын адамзат тарихының қалған бөлігіне жүктеуге болады деп ойлау қате емес пе?
Исаны гей деп көрсетіндердің тағы бір ықтимал дәлелі
Жохан 21:20
Соңғы кешкі ас кезінде Жохан Исаға сүйеніп жатты. Қазіргі кезде дүние жүзіндегі көптеген мәдениеттерде жанындағы адамға ешкім сүйенбейді. Бірақ осыған қарап Исаны гей деп есептемеуіміз қате. Сондай-ақ, Исаны ер адамдармен көп уақыт өткізгені үшін айыптайды. Керісінше осындай қатнас олардың тату болғандығының белгісі емес пе досым?
Иса жайлы айтқысы келқысы келетін кейбір адамдар, бүгінде ер адамдар арасында жақын достары бар екендіктерін айтып қорғауға тырысады. “Өкінішке орай, феминистік қозғалыстың радикалды қанаты нақты саяси мақсатпен ерлер қоғамының жойылуына алып келді. Бұл тұрғыда ер адамдардың өзара достығы гомосексуализмге алып келеді деп ойлайды. Осылайша, мұндай ой еркектерді өзара жақын дос болудан, бір-біріне қажетті қолдау көрсетуден сескенуге мәжбүр етеді.
Исаны 21 ғасыр тұрғысынан қатаң бағалауға тырыспаңыз. Ол не менің, не сіздің мәдениетіңізде өмір сүрген жоқ. Исаны феминистік тұрғыдан бағалауға тырыспаңыз. Ол сондай-ақ олардың теріс пікірлері үшін түрмеге түспейді. Кәнекей гейлердің мінез-құлқын қазіргі заман тұрғысынан сәйкес келетін стандарттармен салыстыруға тырыспайық. Сіз қателесуіңіз абден мүмкін. Сіздің стереотипіңіз керемет үстірт болып, өзіңізді біршама ұялып қалудан сақтаңыз.
№5 сұрақ – адамды гей болуға не мәжбүр етеді?
Өтінемін мұқият тыңдаңыз.
- Гей қозғалысы гомосексуализмді генетика немесе отбасы тарихымен байланысты деп айтады. Ендеше, келіңіз бір сәт ойланып көрейік. Алкоголизм ұрпақтан-ұрпаққа мәселе болып табылатын отбасыларды білеміз. Осы ұрпақтан ұрпаққа күресіп келе жатқан отбасынан шыққан алкоголь мас күйінде көлік жүргізгені немесе әйелін мас күйінде ұрғаны үшін қамауға алынды делік. Және ол судьяның алдына шығып, генетика немесе отбасы тарихы себебінен өзін кінәсіз деп ақталатын болса,
Олар оны босатады ма?
Ешқаншанда. Судья бұл жігітке емделу, кеңес беру және кез-келген басқа нәрсе арқылы отбасылық маскүнемдікке қарсы тұру керектігін айтады. Дос, сен кінәлісің.
Егер генетика немесе отбасылық тарихыңызда маскүнемдіктің немесе ашуланудың немесе зорлық-зомбылықтың немесе артық тамақтану, гомосексуализм, болса олар моральдық тұрғыда дұрыс еместігін жоққа шығармайды. Яғни ол бәрібір көрініс табады.
Адамның көзқарасы бойынша өмір әділ емес.
Кейбір адамдар өз өмірлеріндегі күнәлармен басқаларға қарағанда әлдеқайда көбірек күресуге мәжбүр болады. Кейбір адамдар отбасында орын алған күнәмен күресуге мәжбүр болуы мүмкін. Бірақ Құдайдың ресурстары сондай адамдарға осы күресте көмектесу үшін дайын.
- Көптеген адамдар кішкентай, әлсіз жасында бір жыныстағы адамдармен жыныстық қатынасқа түсіп, содан соң гомосексуал болғандығын айтады.
- бір жыныстағы ата-анасына жақындай алмай, жақсы қатнаста бола алмағандықтан немесе жақсы үлгі болатын ата-ананың жоқтығынан деп есептейді.
- Өрлеп келе жатқан феминизм мен гомосексуализмнің арасында тығыз байланыс бар ма?
Кейбір аналар ер адамдар сияқты әрекет етуге тырысады, ал кейбір күйеулер керісінше әйелдер сияқты өзін-өзі ұстайды, сөйтіп олардың балалары дұрыс үлгі көрмей, нәтижесінде олар дұрыс жыныстық жолдан адасады.
№ 6 сұрақ гомосексуалдарға қалай қарауымыз қажет?
Мен Иеміздің соңынан ере бастағаннан кейін, көп ұзамай мені бірнеше аптаға мәсіхшілер лагеріне шақырды. Ол жер өмірге деген көзқарасымды өзгертетін нағыз ғажап кез болды.
Ол мені ешқашан таймайтын жолға апарды. Бұл менің Мәсіхпен бірге бал айын өткізген, өмірімдегі ең қуанышты сәттердің бірі болды. Лагерьде мені 7 жігіттен тұратын үйге орналастырды. Олардың барлығы сенушілер, әсіресе жаңадан сенімді қабылдағандар еді. Солардың ішіндегі біреуі Исаны қабылдағанға дейін гей, яғни гомосексуалист болғанын білген сәттен бастап, біз оны бірден шеттетіп араласпай кеттік. Біз асханада тамақтанған кезімізде, біздің үстелімізде оған орын болмаушы еді. Ал демалыс күндері біз серфингпен айналысқанда, көрнекті орындарды қарағанда, бейсбол ойынына барған кезде де ол ешқашан біздің қатарымызға қосылмайтын.
Біздің жолдауымыз-Құдайдың отбасына қош келдіңіз. Сіз адам қатарына алынбайсыз.
Сенімен бірге жүргенімізді адамдар көретін болса, олар не ойлап қалады? Мәсіхшілік өмірді өзіңізбен өзіңіз сүре беріңіз. Аспан патшалығында кездескенше. – Сау бол!
Міне біздің әрекетіміз осындай болды.
Шын мәнісінде гей немесе кезінде гей болған адамға қатнасымыз қандай болуы керек?
Әрине, мен сол лагерьде жасағанымдай іс-әрекеттер емес.
Қандай нақты әрекеттер жасау керек?
- Гомосексуалисттармен араласу үшін көпір құру.
Сіз онсыз да ашқарақтармен тамақтанасыз, ашкөз адамдармен дүкенде жүресіз,
еріншектермен қол қуысырып отырасыз – өміріңіздің кішкентай бөлігін гей қауымдастығымен бөлісу үшін көп күш қажет емес. Көптеген гейлердің тағдырлары өте қайғылы, олардың жүректері ауырып, көптеген шеттетулерге ұшыраған. Оларды адам қатарына алатын, шынайы, сенімді, қамқор мәсіхші достар қажет.
- Өз менмендігіңізбен бетпе-бет келіп, мойындаңыз.
Көңілді әзілдерді тоқтатамыз. Жүрегіңіздің түпкірінде гей еместігіңізді мақтан тұтатын шығарсыз. Алайда мақтаныш-бұл күнә. Мүмкін сен гей емес шығарсың – Бірақ Құдай сіздің өміріңізде жұмыс істегісі келетін басқа да көптеген нәрселер бар екеніне бәстесе аламын. Биік тұғырдан түсетін уақыты келді.
- Сүйіспеншілікпен шындықты жеткізіңіз.
Сіз гейдің өміріне немқұрайлы қарау арқылы, сіз оны қолдайсыз ба?
Оларда күнә деп аталатын мәселесі бар. Шешімі-Мәсіх. Оларға Мәсіх туралы айтыңыз.
Міне, қанша гейлер Мәсіхке бет бұрды. Күнәкарларды жақсы көріп, күнәні жек көріңіз.
- Қарсылықтар білдіретін гейлерге дайын болып, төзімсіздік танытыңыз. Олар тәубеге келудің кез-келген шақыруын қабылдамайды. Оларға – жалынбай, дұғамен, жұмсақ, батыл түрде, Иса жауап бергендей жауап қайтарыңыз.
Мәсіхшілік өмірімнің басында мен Киелі кітапты уағыздайтын және Киелі кітапқа сенетін қауымға бара бастадым. Бірде бір майланған қызметшінің ұлы маған қауымға кім келсе келсін, тек гей болмаса болғаны деп айтқан болатын. Себебі ол ондайларды қатты жек көретін. Майланған қызметшінің баласы.
Оның мұндай көзқарасы қайдан шыққан?
Сонда, мұндай адамдарды қауымға кіргізбеу үшін бізде есік алдында камера тұруы керек пе?
Гомосексуалдармен жұмыс істейтін кісіның жазбасы:
“Егер сіз гомосексуалистке жанашырлық таныта алмасаңыз, гомосексуалмен жүргеніңіз үшін немесе оның іс-әрекеттерінен ыңғайсызданып, жеккөрушілікке тап боламын деп уайымдап, қорқатын болсаңыз онда сіз Иемізді жарға жыққан боласыз. Сіз менмендікте, қорқынышта, өзіңізді жоғары ұстауда кінәлі болып, басқаларды да сүріндіресіз.”
Қорынттықтарға арналған 1-ші хат 6:9-10
Бір қызығы, Қорынттағы бұл қауымның қателесіп, күнәға батқандықтары соншалықты, 16 тарауда олар дұрыс ештеңе істемейді. Бірақ олар дұрыс жасаған нәрселердің бірі
– гомосексуалдарды өз топтарына біріктірген. Басқалар сияқты, толған кәнакарлар.
Пауыл оларға осындай ескі өмірі бар адамдарды қабылдауды айтпаса да, олар мұны өздері істеді. Иса сондай күнәкарлардың барлығымен дос болатынын білесіз.
6:11 Бұрын кейбіреулерің сондай болдыңдар. Алайда сендер күнәдан тазардыңдар; енді Иеміз Иса Мәсіхтің атына сиынып Құдайымыздың Рухы арқылы Оның қасиетті халқы болып, ақталдыңдар.
Гомосексуалдармен қоса, әр түрлі ортадан келген адамдар тұратын орын болу – бұл әр қауымның мақсаты болуы керек. Исаға құтқарушы ретінде сенуді үйреніңіз. Бұл Құдайға ұнамды болып, Құдай отбасында құпталады. Бұл қауым үшін Құдай еркінің бір бөлігі.
Аталған қадамдарды жасауға дайынсыз ба?