Неке Құрылысшылар
Күшті некені қалай құра аламыз?
Бірінші: Сенушіге үйленіңіз.
Заңды қайталау 7:3, 4 3Олармен құдандалы болып, қыз алысып, қыз берісуші болмаңдар! 4Әйтпесе олар балаларыңды Жаратқан Иеден бас тартқызып, бөтен тәңірлерге құлшылық еткізетін болады. Сонда Оның қаһары өздеріңе қарсы лап етіп, сендерді лезде-ақ құртып жібереді.
Патшалықтар 3-ж. 11:1-6 Алайда Сүлеймен көптеген шетелдік әйелдерге ғашық болды: перғауынның қызынан басқа оның моабтық, аммондық, едомдық, сидондық, хеттік әйелдері де болды. 2Жаратқан Ие (жалған тәңірлерге табынатын) осы халықтар туралы: «Олармен араласып, қыз алысып, қыз берісуші болмаңдар! Әйтпесе олар сендердің жүректеріңді өздерінің тәңірлеріне бұрып әкетулері сөзсіз!» деп исраилдіктерге ескерткен еді. Бірақ та Сүлеймен сол жат жұрттық әйелдерге ғашық болып жабыса қалуын қоймады. 3Жалпы, Сүлейменнің патша тұқымынан шыққан жеті жүз жұбайы және тағы үш жүз кәнизагы болды. Олар оны тура жолдан тайдырып әкетіп адастырды. 4Себебі қартайған шағында әйелдері Сүлейменнің жүрегін бөтен тәңірлерге бұрып әкетті. Осылайша оның жүрегі әкесі Дәуіттің Құдай Иесіне толықтай бағышталған жүрегі сияқты болмады. 5Қайта, Сүлеймен сидондықтардың табынатын әйел тәңірі Астартаға және аммондықтардың иренішті тәңірі Молохқа құлшылық ете бастады. 6Мұнысымен Сүлеймен Жаратқан Иеге жек көрінішті іс істеп, Жаратқан Иенің жолымен адал жүрген әкесі Дәуіт сияқты болмады.
Езра 10:2 Сонда Еламның ұрпақтарының бірі — Ехиел ұлы Шеханиях Езраға тіл қатып былай деді: «Рас, біз айналамыздағы бөтен жұрттықтардан әйел алып, Құдайымызға опасыздық жасадық. Бірақ та Исраил үшін әлі де үміт бар.
Нехемия 10:30 Біздер осы елде тұрып жатқан басқа халықтармен қыз алысып, қыз беріспейміз деп уәде береміз.
Нехемия 13:23-27 Сол кездері мен кейбір яһуди ер адамдарының філістір еліндегі Азоттан және Аммон мен Моаб халықтарынан әйел алғандарына көзім түсті. 24Олардың балаларының жартысы азоттықтардың не басқа бөтен халықтың тілінде сөйлеп, яһудилердің тілінде сөйлей алмады. 25Мен сол яһудилерді айыптап, Құдайдың қарғысын естеріне түсірдім. Бірқатарын соғып, шаштарын жұлып, ескерттім. Оларды Құдайдың атын атап ант етуге мәжбүрлеп былай дедім: «Сендер қыздарыңды солардың ұлдарына ұзатпаңдар! Олардың қыздарына не ұлдарың, не өздерің үйленуші болмаңдар! 26Тіпті Исраилдің патшасы Сүлейменнің өзі (Жаратқан Иеге мойынсұнбайтын) сондай әйелдерге үйленгенінің кесірінен күнәға батқан жоқ па еді?! Басқа көптеген ұлттардың арасында ол сияқты патша болған емес. Құдай оны қатты ұнатып, бүкіл Исраил халқының патшасы қылып қойған еді. Алайда жат жұрттық әйелдері тіпті оның өзін де күнә жасауға еліктірді. 27Ал енді, сендер жат жұрттық әйелдерді алып, Құдайымызға опасыздық жасап жатырсыңдар дегенді естідік! Осы асқан зұлымдықтарыңа қалайша төзер едік?!»
Малахи 2:11 Яһуда халқы опасыздық жасады. Исраил мен Иерусалимнің ер адамдары жексұрын іс істеді! Олар бөгде тәңірге табынатын әйелдерге үйленіп, Жаратқан Ие сүйген киелі орынды арамдады.
Қорынттықт. 2-хат 6:14 Сенбейтіндермен қоян-қолтық бірге жүріп, жаман ниеттеріне ортақтаспаңдар! Себебі әділдік пен заңсыздық арасында ортақ не бар? Яки жарық пен түнек қалай тығыз байланыста тұрмақ?
Қорынттықт. 1-хат 7:39 Некедегі әйел күйеуінің көзі тірісінде оған басы байлаулы. Күйеуі өлсе, кімге тием десе де өз еркі, тек екеуі де Иемізбен тығыз байланыста тұрсын.
Негізгі ой түсінікті ме? Сенуші тек сенушіге үйленсін. Және де… Бағынбаушылық – ауыр құн төлеуге әкеледі.
Мұндай анық нұсқауға қарамастан, сенушілер әлі де қарсылас шығатыны- таң қаларлық жағдай болып табылады.
Сондағы ең жиі болатын ойлар:
Қарсылық: бірақ мен осы құтқарылмаған адамды жақсы көремін.
Жауап: 1) Неліктен сіз Құдай сізді некеге тұрғызғысы келмейтін адамға эмоционалды жақтан жақындасуға мүмкіндік бердіңіз? 2) Сен Құдайды көбірек сүйесіз бе? Егер солай болса, сіз Оған мойынсұнасыз.
Қарсылық: бірақ мен үшін неке құруға басы бос сенуші адам жоқ.
Жауап: Осы аяттарды қайтадан оқып шығыңыз. Осындай шектен тыс жағдайға жол берілмеген. Егер Иса сіздің Иеңіз болса, сіз өз игілігіңіз үшін Оған мойынсұнасыз. Некеге тұру барлық адамдарға деп уәде берілмеген, сонымен қатар адамның жеке басының бос болуын Құдай ғұмырлар бойы күшті қолданған.
Қарсылық: егер мен осы құтқарылмаған адамға үйленсем, ол мүмін сенуші болады.
Жауап: Осы аяттарды қайтадан оқып шығыңыз. Осындай шектен тыс жағдайға жол берілмеген.
Қарсылық: бір досым сенбеушіге уйленді, және кейін оның жұбайы құтқарылды.
Жауап: «Бұл мойынсұнбайтын әрекет күнә емес» дегенді білдірмейді. Құдай керемет жолдармен жұмыс істейді. Айдан анық нәрсе – ешкім және ешқашан өзіңнің қалауынды қою мен Мәсіхтің соңынан еру оңай болатынын айтпаған. Мойынсұнушылық ол бастапқы нәрсе болып табылады.
Нөмер екі: Некенің мақсатын ұмытпаңыз.
Біз неке қоғамның негізін қалайтын құрылыс тасы екенін түсіндік, оны Құдай күйеу мен әйел аладық танытып, сүйіспеншілік қарым-қатынаста болып, балаларын Исаның артынан еруге тәрбиелеу үшін шығарды.
Бірақ оның осыдан да әлдеқайда көп мәні бар.
Ефестікт. хат 5:27,28 Сонымен қауым күйеуіне апарылған қалыңдықтай салтанатты да сұлу, ешбір дақсыз, ақаусыз, басқа да кемшіліксіз, қасиетті де пәк таза болсын. Дәл осылай жұбайларын өз тәніндей жақсы көру — күйеулердің міндеті.
Мәсіх Өз Қауымының киелілігі туралы қалай қамын ойласа, күйеу де әйелінің киелілігі, тазалығы мен әділдігі туралы алаңдауы керек. Мәсіхшілік неке дегеніміз, өз жеке басынның қамын ғана ойламау. Ерлі-зайыптылар бір-біріне жай қарап отырғаннан басқа көп нәрселер істеулері керек. Егер Мәсіх шын мәнінде некенің Иесі болса, онда Оның мінезінің айнадай көрінуі орын алады, және бұл, оған ұқсас болуға әкелетін, жалғаса беретін, нақты әрекет қадамдарының жасалауына алып келеді.
Сонымен қатар Ефестіктерге 5: 32-ді қарастырыңыз.
Осында терең сыр бар, мен мұны Мәсіхке және қауымға байланысты айтамын.
Мәтінді оқыңыз, осы аят, күйеулер мен әйелдерге арналған көптеген аяттардан кейін келетінің көруге болады.
Бұл қалай болуы мүмкін? Мәселе мынада, бұл «Осы бақытты Мәсіх-Қауым қарым-қатынасы, жер бетінде күйеу мен әйел бірігуінде көрініс табады, сондықтан, бұрынғы (Мәсіх – Қауым) байланыстың арқасында соңғы (күйеу-әйел) байланысы даңққа ие болып, некедегі адамдарға нағыз бақыт алып келіп, адамзатқа бата беріп, Құдайға мадақ әкеле алады» деп айтылған.
Осында айтылған нәрселерді түсіндік пе? Неке ол көлеңке, Құдайдың Қауымға деген сүйіспеншілігінің және біздің Онымен мәңгілік қарым-қатынасымыздың күнәкар жерге берген моделі!
Құдайдың некеге қатысты мақсаты сіз ойлағаннан әлдеқайда көп. Бұл сіздің бақытты, рахат және жайлы сезінуіңізден гөрі көбірек.
Әрбір мәсіхшілік неке Мәсіхтің әлемге сүйіспеншілігі мен қамқорлығын және Қауымға деген Оның жан ашарлығын көрсете алады. Және бұл өте керемет, шабыттандыратын мақсат!
Нөмір үш: Ерлер, өз жұмыстарыңыздың жауапкершіліктерін біліңіздер.
Ефестіктерге 5:23 Өйткені… еркек — әйелдің «басы».
Әрбір елде бір ғана елбасы бар, әр компанияның бір президенті бар, әрбір көлікте тек бір руль бар болған сияқты, әрбір некеге бір басшы қажет. Біреу. Құдай күйеу некеде де солай бір басшы болатынын алдын ала шешкен.
Қандай басшы болуы үшін?
Бір жағынан, әйелдері оларға мойынсұну керек деп ойлайтын ер адамдар. Бұл аятта, бүкіл Киелі кітаптағы басқа аяттардың ешбірінде де осындай ештеңе айтылмаған.
Екінші жағынан, Адам атаға еліктеу үрдісі бар. Оның алғашқы күнәсі қандай болды?
Жаратылыстың баст. 3:6 Әйел ағаштың жемісіне қарап, оның жеуге жақсы әрі көз тартарлық әдемі екенін және өзін ақылды етуге қызықтырып тұрғанын көрді. Содан ол ағаштың жемісінен алып жеді. Әйел қасындағы күйеуіне де содан берді, ол да жеді.
Хауа ана азғырылып жатқанда, Адам ата не істеді? Ештеңе. Мүлдем ештеңе істемеді. Ол пассивті болды. Адамның пассивтілігіне еліктеудің ешқандай пайдасы жоқ.
Сонымен, күйеу қандай түрлі басшы болуы керек?
Ефестікт. хат 5:25 Күйеулер, …әйелдеріңді солай сүйіңдер…
Күйеулер сүйіспеншілік танытатын басшылар болуға шақырылады. Әйелдеріне деген сүйіспеншілігінің дәрежесі қандай болуы қажет? Аятты түгелдей оқыңыз:
Ефестікт. хат 5:25
Күйеулер, Мәсіх қауымды қалай сүйсе, сендер де әйелдеріңді солай сүйіңдер: Мәсіх қауым үшін жанын қиды!
Сонымен күйеу әйелін қаншалықты жақсы көруі керек? Ол үшін өлуге дейін бара алатындай.
Ердің билігі «жұмсақ, нәзік, сыпайы және қамқоршылық көрсететін. Бұл қамтамасыз ететін адамның билігі. Бұл сақтап, қорғайтын, қамын ойлайтын, мұқтаждықтарды қанағаттандыратын басшылық ету, ол өз күшімен женә даналығымен оқшаулайды, сақтайды, қорғайды».
Бірақ күйеулер әйеліне дұрыс қарамағанда не болды?
Петірдің 1-хаты 3:7
Сол секілді сендер, күйеулер, әйелдеріңе ілтипат пен қамқорлық көрсетіп бірге өмір кешіңдер! Жан-тәндерінің нәзік екенін түсіне отыра, оларды ерекше қастерлей біліңдер. Себебі Құдай рақым етіп сыйлаған мәңгілік өмірді сендермен бірге олар да иемденеді. Тәңір Иеге сиынған кездеріңде ештеңе кедергі болмас үшін де осылай істеңдер!
Ерлер, түсіндіңіз бе? Зайыптылардың сіздің дұға ету өміріңізге келтіретін зиянының мөлшері қандай екенін аңғарған шығарсыз. Солай болғанын ешбір саналы адам қаламайды.
Нөмір төрт: Әйел, сіздің жұмысыңыздың жауапкершіліктерін біліңіз.
Ефестіктерге 5:22 Әйелдер, Иемізге мойынсұнғандай, күйеулеріңе де мойынсұныңдар;
Мойынсұныңдар. Сонымен, Киелі кітап әйелдерге күйеулерге мойынсұну керектігін айтақанда әйелдерді төмен түсіреді ме? Солай тез тұжырымдамаңыз. Тек әйел ғана мойынсұну емес. «1 Қорынттықтарға 16:16, өзіңізді әрқайсысыңа мойынсұныңдар. Еврейлерге 13:17, Қауым жетекшілеріне мойынсұныңыз. 1 Петір 2:13 билік иесіне бағынындар. Петірдің 1-хаты 5: 5-де жастар, жетекшілерге мойынсұныңдар. Жақып 4: 7, Құдайға мойынсұныңыздар».
Мойынсұну «қарым-қатынасқа мән береді». Әйелдің күйеуіне бағынуы, отбасы құрылымына тәртіп береді. Ал күйеу әйелін сүйсе, диктаторлық немесе пассивті түрде емес, бірақ ол үшін өлуге баруға болатындай сүйсе, бағыну өте тартымды болып көрінеді.
Әйел орны ас үйде болу керек деген ойда болсақ, Киелі кітап бойынша әйелдің кең ауқымды қызметін көру үшін Нақыл сөздер кітабының 31-ші тарауын қараңыз.
Нөмір бес: Сіз некеңізге күш салыңыз. Неліктен? «Некеге қатысты ең қиын нәрсе – онда екі адам бар». Ол- әртүрлі отбасылардан, тарихы, тәжірибесі, салттары өзгеше болған екі күнәкар адамды біріктіреді.
Егер де: «Қалаған нәрселерді берсең, мен сенімен бірге қаламын, ал маған қажет нәрсені бермегенде, мен кетемін», – деген көзқарас болса, біз некенің ұзаққа тұратынын күтпейміз. Әрине, өзімшілдік некенің үлкен жауларының бірі.
Неке – екі серіктес адамға, күнделікті бірін-бірі үшін өлуді үйренуге, басқа біреудің қажеттіліктерін қанағаттандыруға, «әйелі күйеуіне немесе күйеуі әйеліне назар аударуға», Киелі кітаптағы көптеген «бір-біріне деген» іс-әрекеттерді атқаруға үйренудің керемет мүмкіншілігі.
Кейбір адамдарды неке барлық қиындықтарды автоматты түрде шешпейтіні таң қалдырады. Шын мәнінде, ол одан да көп шешілмеген мәселерді алып келуі мүмкін. «Бүгінгі таңда, өз-бетінше даралану, құқықтар, бостандықтар, өзін-өзі бағалау ілімдеріне аса мән беріледі. Барлық осындай даралық ойлар, кез-келген шынайы некеге және отбасылық қарым-қатынасқа мүлдем өліуіне себепші болады».
«Гуманистер бізді сендірген құқықтар жеке бас бостандықтар құқығына ие болған кезімізде, біз мағыналы қарым-қатынастар артықшылықтарын жоғалттық».
Құдайдың алдын ала ойлаған ниеті бойынша, неке, сенің серіктесіңе тұрақты түрде өзінді толық берілуіне әкелуі керек. Бұл нәрсе тәнге қайшы келеді. Және бұл күш салуды талап етеді. (Сіз өзіңіздің өміріңіздегі қиындықтармен айналысып, некеге тұрмай тұрып, Иеміздің бойында жетілген болғаныңыз, неке құруға ең жақсы дайындық болатынына келісесіз бе?)
Нөмір алты: Тұрақты түрде Киелі кітапты бірге оқып, бірге дұға етіңіз.
Не үшін? Енді күйеу мен әйел бұл бір команда болып табылады. Екі мәсіхші үйленген десек, олардың бір Иесі бар. Егер олар өз командасын нығайтқысы келсе және команданың алға жүруін қаласа, оқу және дұға ету, олардың бірге өсуіне, бірге жоспар жасай отырып, мәселерді бірге шешуге көмектесе алады.
Егер сіз әртүрлі өмір мәселелерімен кезігіп, оларды шешуге күш салып жұмыс істесеңіз, сіз бәрін де орындай аласыз және оны жақсы істей аласыз. Бірақ некеде «сіздің армандарыңыз, қалауларыңыз, көзқарастарыңыз, болжамдарыңыз, қажеттіліктеріңіз бен әдеттеріңіз сіздің жұбайыңызда барымен араласып іске асыу қажет. Осылай істеудің өзі күш салуды керек етеді». Сен жұбайыңмен дұға етіп, оқығанда, сендер Құдаймен бірлікте боласыңдар және нәтижесінде бір-біріңмен бірігесіңдер.
Осы екі рухани тәртіпті бірге істеу – некелік бақыттың кепілі емес, бірақ та көптеген жұбайлар өздерінің бірлестіктерін нығайтуға, жеке рухани өмірлерінің терең бөлісуіне, ерлі-зайыптылар ретінде өсуіне көмектескені туралы куәлік етеді.
Ия, кейде, уақытты бірге жоспарлау қиын болуы мүмкін, бірақ, уақытты жиірек бірге өткізе алсаңыз, жақсырақ болар еді.
«Күшті некеге қатысты ең ұмытылып кеткен құпия – Құдайға дұға етіп, Оның Сөзін бірге оқу. Жақын рухани қарым-қатынас – некенің ең әдемі аспектілерінің бірі. Бірге дұға етіп, бірге оқу осыған дем береді».
Нөмір жеті: бір-біріңізді кешіріңіз.
Осыны ойлап көріңіз: құтқарылған бірақ күнәхар адамға үйлену, кешіруге көптеген мүмкіндіктер береді. Бұл абсолютті қажеттілік. Өте керек нәрсе.
Есте сақтап, мойынсұныңыз.
Ефестікт. хат 4:26
«Ашуланғанда күнә жасамаңдар!» деп (Забурда) жазылған. Күн батпай тұрып, ашуларыңды басыңдар,
Кейбір ерлі-зайыптылар осы аятты қолданып, барлық ашу-ыза шешілмейінше ұйықтауға бармайды. Кейде бұл, ұйқыны азайтуды білдіреді, бірақ олар ұйықтауға барған кезінде, қарым-қатынас қалпына келтірілді.
Кешірім беруден бас тарту, өкпелерді жиналуына жол беріп – қатерлі ісіктің қарым-қатынаста өсуіне рұқсат береді.
Бұл туралы ойланыңыз: кешірім – мәсіхшілік өмірдің ортасында орын алады. Иса біздің күнәларымызды кешіреді. Мәселе осында болғандықтан, күйеу мен әйел: сіздің колбасыңыздың үлгісін ұстаныңыз.
«Мәсіхтей болудың ең көрінетін жағдай – кешіргенде»
Нөмір сегіз: сөздеріңіздің күшін түсініңіз.
Уағыздаушы 12:11 жаттап алыңыз
Данышпандардың сөздері (мүйізді ірі қараны айдайтын) ұшты таяқ іспетті адамды іс-әрекетке жұмылдырады. Сол жиналған нақылдар қағылған шегедей дәл тиеді. Бұлардың бәрін берген — бір Бағушы.
Күнделікті өмірдің мақсаты – сіздің жұбайыңызбен қарым-қатынасыңызды жақсы бекіту үшін шегелерді қағу болып табылады. (Әйеліңіздің)Оның өсуіне күш салыңыз. Оны жігерлендіріңіз. Оны мақтаңыз. Оған қажет эмоционалдық қауіпсіздік беріңіз.
Сүлейменнің таңдаулы әндерін оқыңыз және осы нәзік сөздеріне еліктеуге тырысыңыз. Айтатын сөздіріңізді Құдайға арнаңыз.
Бір ерлі-зайыптылар күнделікті таңертең бір-бірі үшін дұға етіп, үшін бата сұрағанын айтты. Олар мұны бір-бірін нығайтып және де сүйікті екнін сезіну үшін істейді.
Сөйлесу сіздің некеңіздің кілті деп сипатталады – себебі ол солай. Сөздер маңызды. Оларды ақылмен пайдаланыңыз.
Нөмір тоғыз: Некенің аятын таңдаңыз – Құдайдың некеде не істеуді қалайтынын ашатын аятты таңдаңыз. Бұл аятты өздеріңіздің одағыңыздың аяны ретінде қарастыруға болады. Бірге дұға етіп Иеміздің иелігіңізге жетуді қалайтын нәрсені қорытындылайтын аятты таңдауға тырысыңыз. Өздерін Ізгі Хабарды таратушы болып таңдалғанын есептеген ерлі-зайыптылар Қорынттықт. 2-хат 12:15 таңдады. Тағы басқалары Філіпілікт. хат 3:10 таңдады.
Бұл шабыттандырады, ынталандырады және жігерлендіреді деп сенемін. Оны ашық жерге қойып көрсетіңіз, Құдай сіздің одағыңызға шақыру ретінде өзіңізге ескертіп жиі сілтеңіз.
Оныншы нөмір: Сіздің жұбайыңыздың сүйіспеншілік тілін біліңіз. Сүйіспеншілік тілдері деген не? Олар әрқайсымыз сүйіспеншілікті қабылдайтын және оған анықтама беретін ерекше жолдары болып табылады. Әдеттегі сүйіспеншілік тілдері болып (белгілі бір тәртіпте емес) сыйлықтар, қызмет көрсету, ұстап сезіну, уақыт, жігерлендіру сөздері болып табылады. Кейбіреулеріміз үшін жақсы көруді сезіну – ұстап көре алатын сыйлық алуды білдіреді. Өзгелер үшін, бізге біреу қызмет көрсетсе. Өзгелер үшін құшақтасу/ұстап сезу дегенді білдіреді. Өзгелер үшін біреу бірге уақыт өткізуді қалайтын адам. Басқалар үшін бұл жігерлендіретін сөздерді есту. Егер сіздің жұбайыңыз «сүйіспеншілікті» ұстап көре алатын сыйлық алу деп қабылдаса, онда басқа тілде сүйіспеншілік алу оған көп әсер етпейді. Сезімтал болыңыз. Жұбайыңызға ол бағалайтын сүйіспеншілік түрін беріңіз.
Нөмір он бір: Кешкі кездесулерді үнемі өткізіп тұрыңыз. Кешкі кездесулер деген не? Жұбайыңызбен ғана бірге болып дем алу уақыт өткізу.
Не үшін? Отбасылық қарым-қатынасыңызды күшейтіп, сақтау үшін. Ерлі-зайыптылар қызмет етумен қатты арпалысып, олар бірте-бірте бір- бірінен алшақтап кетуі мүмкін. Кешкі кездесулер некенің балғындығын және ондағы жақындықты сақтайды. Сондай-ақ, жұбайыңызға сапалы уақыт беріп және күшіңізді салып, шәкірт жасап жүрген адамдарға қандай үлгі беріп жүргеніңізді ойланыңыз.
«Некеде аман-есен калған және өсіп-өркендеген жұбайлар болып, ортақ тәжірибе мен сезімдерін бөлісу арқасында байланысқан адамдар». Бұл арқылы іс-жүзінде кешкі кездесулер асады.
Кешкі кездесулер қымбат болуы міндетті емес. Ұсыныстар: бірге тауға шығыңыз, тұрған қалаңыздың бұрын барып көрмеген жерлеріне барып көріңіз, лагерлерде болатын оттының қасында отырыңыз, бірге тамақ пісіріңіз, өткенді еске түсіріңіз, фильм көріңіз. Қымбат емес, бірақ есте қалатын нәрселер тізімі ұзақ.
Бір әйел былай деп жазды: «Менің күйеуім 3×5 см парақтар шығарып алды да және біз кішкене ойын ойнайтынымызды айтты. Ол әрбір параққа сұрақ жазып қойған: Сенің жұбайыңыз қандай нәрсені жақсы істейді, бірақ өзі соны жақсы істей алатынын аңғармаған? Сенің сүйікті әзіліңіз қандай? Сенің балалық кезінен ешқашан ұмытпайтын естелігіңіз қандай? Екеуіміздің біреуіміз бір парақ тартып, сұрақты оқыдық. Сонда екіншісі жауап береді. Біз бітіргенше кезектесіп оқыдық және жауап бердік. Біз күлдік. Біз армандадық. Біз еске салдық.
Басқа бір әйел былай жазды: «Менің сүйікті кездесулердің бірі болып – күйеуіммен бірге үй шатырының үстіне бірнеше көрпе, радио мен тәтті тағамдармен көтерілгенде. Сонда, жұлдыздар мен ай жарығының астында, біз сөйлесіп, қолайлы жайғасып, радионы тыңдай аламыз. Бұл романтикалық, еркін және ауа-райына рұқсат ете алатын кез-келген уақытта істей алатын нәрсе».
Кеңестер: кешкі кездесулерді тұрақты өткізу үшін бәрін жасаңыз.
Көптеген ерлі-зайыптылар аптасына бір күнді сол үшін арнайды.
Эксперимент! Өте ерекше, күтпеген нәрселерді істеп көріңіз.
Бірге қызық нәрселер істеңіз! «Зерттеулер көрсеткендей, көңілді іс-әрекеттерімен айналысқан ерлі-зайыптылардың жұптары өзара тығыз қарым-қатынаста болады».
Он екінші нөмер: неліктен некелеріңізді нығайтуға және тығыз қарым-қатынаста сақтауға ұмтылатын өзіңіз ойлап тапқан істерді неге шығармасқа! Шексіз мүмкіндіктер бар. Оларды істеп көріңіз!