Табиғи түсік
Мен жүректің жаралы болуын білемін, себебі балаларымның туылмай тұрып оларды жоғалтудың ауырлығын басымнан өткіздім. Жер бетінде ешқандай ата-ана балаларын жоғалту кездегі эмоциалық ауырлықты басынан өткізуге ешқашан алдын-ала дайын болмайды.
Менің екінші балама жүктіліктің тоғызыншы айы енді басталған кезде, мен босанатын уақыттан екі апта бұрын дәрігердің кезекті кабылдауына бара жаттым. Бірақ сол күннен бастап маған дәрігердің кезекті қабылдауына барудың қажеті болмай қалды. Себебі ішімдегі қызымның жүрегі соғуын тоқтатып, мен өлі баланы босандым. Ашығын айтқанда, мен қатты қайғырып, түс көріп жатқандай сезіндім. Біз сәбиімізді қолымызға алып, үйге апармайтынымызды білген саттен бастап, сол түстен оянып кеткім келе берді. Солай күндер, апталар өтіп жатты. Тіпті айлар өтіп жатқанын білмей де қалдым. Менің жүрегім ұдайы ауырып тұрды, болған жайттарға еш сене алмадым. Мен өзіме қандай-да қолдау іздеп, Киелі кітаптан мынадай аяттар оқушы едім: Забур жыры 34:17: «Уа, Жаратқан, бұған төзесің қашанғы?..». Мен Забур 34:22-23-ті де еске алушы едім: «Уа, Жаратқан, мұны көрдің, үнсіз қалма, о, Ием, Сен менен еш қашықтама. Тұрып, мені қорғауға ұмтыла гөр, уа, Ием, Құдайым, мүддемді қорғай гөр».
Құдайға өз жүрегімдегі жараны білдіру үшін, қайта-қайта осындай көптеген аяттарды қайталап оқи бердім. Құдайға мадақ айтатын немесе мені жігерлендіретін аяттарды жиі қалдырып кететінмін. Көптеген Забур жырларын оқығанда мен «Иә! Мен солай сезіп турмын!» деп айтушы едім. Мен жаяу жүріп келе жатып, дұға етіп, сезімімді және қайғылы жүрегімді Құдайға ақтарушы едім. Кей кезде менде үміт пайда болып, бірақ басқа күндері жылап жатып, ұйықтап кетуші де едім.
Осы баладан кейін тағы да үш балам дүние есігін аша алмай шетінеп кетті. Барлығы төрт бала жоғалттым. Жолдасым екеуіміз бала болғанын қатты қалап, тырыстық. Шындығын айтқанда сол жылдардың көбісі маған үмітсіз және болашағым бұлыңғыр көрінетін. Мен жиі Киелі кітапты оқып, дұға ететінмін. Бірақ қуаныш пен бақытты әркез шынай сезіне алмадым. Адамдармен араласқанда, бәрі жақсы сияқты түр жасайтынмын. Бірақ жалғыз қалғанда, қайтадан көз жасымды Құдайға төгетінмін.
Бір күні мен Құдайға дұға етіп келе жаттып, жүрегімдегіні Оған ақтардым. Сол кезде менің Оған неліктен олай болғанын түсінбейтінімді ашық айтып, бәрін қойып бар мұқтаждығымды Оның табан астына салатынымды айтқаным есімде. Барлық ретсіздікті Саған беремін дедім. Күндердің күнінде жаман адам не жақсы адам болсын, кедей және бай, сенуші де сенбеуші де ауырлықты басынан кешіретіні есіме түсті. Айырмашылығымыз – мен сенушімін және менің үмітім мен сенімім тек Жаратқан Иеде болды. Сезімдерім мен адами түсініктерім мені басқаруға күш салып жатқанын түсінуім керек болған екен. Дегенмен сол күні менің ойым қатты өзгерді. Сол сәтке дейін Құдай ұсынған үмітті қабылдағым келмей немесе байқамаған екенмін. Мен тағы да Забур жырларын оқи бастағанда 33:19-21 ге көзім түсті: «Жүрегі жаралыға Жаратқан жақын тұрады, Жаны күйреп күнәсіне өкінгенді құтқарады. Әділ жан қиындықты көп көреді. Ал Иеміз оның бәрінен азат етеді. Оның барлық сүйектерін аман сақтайды. Тіпті бірде-біреуі сындырылмайды». Маған Забур 35:6-8 аяттар қатты жақын әрі тірі болды :«Ал Ием, көктей шексіз Сенің рақымың. Бұлттардай заңғар Сенің адалдығың! Таулардай айбынды Сенің әділдігің, Тұңғиықтай терең Сенің шешімдерің. Сен адам мен хайуанның екеуін де қамқорлап келесің я, Жаратқан Ие. Уа, Құдай, Сенің рақымың қандай қымбат, қанатыңның астын паналайды адамзат».
Бұлардан да басқа аяттар көп болды. Бірақ менің жүрегім мен ойыма үміт, сүйіспеншілік, Құдайдың айналамызда болып жатқан жағдайлардан ұлырақ екенін көрсететін аяттардың ашылып жатқанын сездім.
Сосын мен тағы да көтеріп, алтыншы балама жүкті болдым. Оның алдындағы төрт балам түсік болып, өлі туылған еді. Мен тізерлеп «Тәңір, енді қайтадан солай болмасыншы», – деп дұға етіп жүрдім. Мен тағы да бір баланы жоғалтып алғым келмеді. Мен сондай эмоциялық ауыртпалықтан өте алар-алмасымды білмедім. Мен сол жүктілік кезінде Забур жырларын үнемі оқи бердім және жүрегімді жалғыз Құдайым мен Құтқарушыма ақтара бердім. Мен есіме Забур жыры 36:5-ші: «Өмір жолыңды тапсыр Тәңір Иеге, Оған сүйеніп сеніміңді жүкте, Ол сен үшін әрекет етеді де» аятты сала бердім.
Шындығын айтқанда, кей кездері менің Құдайға толығымен сенім артпаған кездерім де болды. Алайда мен қандай жағдай болса да, Оған жүрегімнен бірінші орынды беруге бұрынғыдан көбірек тырыса бердім. Болып жатқан жағдайлардың барлығын адами көзқараспен және шектеулі түсінігіммен түсінуге тырыстым. Күндердің күнінде, яғни қыркүйек айының он тоғызында мен ұзақ күткен ұлымды босандым. Оны сегіз ай бойы көтеріп жүру менің өмірімдегі ең қиын күндер болды. Әр күні алдындағы балаларым сияқты, оның да өмір сүруін тоқтатқаны жайлы қорқынышты хабарды естіп қалатын қорқынышта жүрдім. Бірақ осы жолы жағдай өзгеше болды. Бүгінгі күні сол балам – дені сау, күшке толы, белсенді сенуші.
Егер сіздің жүрегіңіз уайым мен қайғыға толы болса Одан ұялмаңыз. Жүрегіңізді Тәңірге ақтарыңыз Ол көтере алады. Дайын болғаныңызда Құдайға қараңыз және Құдай Өз балаларының әрқайсысына қиындықтар мен сынақтар кезінде беретін үмітін еске алыңыз. Мен Забур жырларын қайта-қайта оқи бердім. Көптеген аяттар менің қатты эмоциялық куйзелісімде жүрегіме нақты сөйлеп, жұбаныш сыйлады. Егер тіпті қайғыңыз өте ауыр болып, ештеңе сезінбесеңіз де, Забур жырларын оқуға кеңес беремін. Себебі Құдай мені Өзіне әкеліп, Сөзі арқылы сауықтырғаны сияқты, сізді де сауықтыратынына күмәнім жоқ.
Забур жыры 39:2-4: «Нық сүйеніп келемін Жаратқан Иеме, бұрылып, құлақ түрді Ол өтінішіме. Жаратқан Ием қорқынышты шұңқырдан мені тартып шығарды, әрі батпақтан. Дәу тастың үстіне тұрғызды аяғымды, нық, қауіпсіз қылды қадамдарымды. Ол жаңа ән-жырды маған айтқызды. Мадақтаймын әрдайым Құдайымызды. Мұны көрген көпшілік Жаратқанды қастерлеп, Оған сенімін артады».