АҚША АҚША АҚША
Шындық: кем дегенде Исаның 38 астарлы әңгімелерінің 16сі ақшаға қатысты айтылады.
Шындық: Иса аспан Патшалығы мен тозақтан гөрі көбінесе ақша жайлы айтады?
Шындық: Жаңа Өсиеттің алғашқы төрт кітабының 10 аятының бірі (10%) ақшаға қатысты айтылады. Не үшін?
Шындық: Киелі Кітапта 2000нан астам ақшаға және мүлікке қатысты сенім және дұғадан да екі есе көбірек сілтеме келтірілген. Не үшін?
Себебі ақша – біздің өміріміздің бөлінбес бір бөлігінің үлкен шамасын қалыптастырады немесе бұзады. Егер біз Құдайға ұнамды өмір сүргіміз келсе, бұл ұқыптылықпен қадағалауды талап ететін рухани маңызды сұрақ.
“Сіздің қалай ақшаны жұмсауыңыздан, сіздің жүрегіңіз қайда екенін және өмірлік приоритеттеріңізді көруге болады.”
Ақшаға қатысты Киелі Кітаптағы осыншама ережелерін (бір сенуші білімгер 120 тапқан) әрине біз бұлардың барлығын қамти алмаймыз…
(Құдай бізге Киелі Кітапты ақшамызды қалай басқаруымыз үшін берген емес, бірақ ондағы қаржы қағидаларын зерттей отырып, біз шартсыз түрде батаға ие боламыз).
Иса ақшаны маңызды бір рухани сұрақ ретінде қарастырғаны үшін кешірім сұрамайды. Бізде солай істеуіміз керек.
Сонымен, қаржы басқарудың бірнеше маңызды қағидаларын қарастырайық.
№1 Исаға сіздің қаржыңыздың Иесі болуына жол беріңіз.
Хаққай 2:8 Күміс те менікі, алтын да Менікі, — дейді Әлемнің Иесі.
Құдай барлық халықтардың байлығына билік етеді. Олар кімнің ақшалары? Оның! Сондықтан сол ақшалар Оған мойынсұну арқылы жұмсалуы керек. Менің қанша ақшам бар? Нөл.
Заңды қайталау 8:18 Қайта, Құдайларың Жаратқан Иені естеріңде сақтаңдар! Байлыққа жетуге қуат-қабілет беретін — Соның Өзі. Осыны істеуі арқылы Ол ата-бабаларыңа антпен бекіткен Келісімін орындайды, бүгін де солай істеп отыр.
Құдай бастапқы материал ғана жаратып қойған жоқ, бірақ оны адамның қолдануына қарай бай болуға қабілетті де берді.
Қорынттықтарға арналған бірінші хат. 4:7 Әлдекім сендерді басқалардан ерекше етті ме? Құдайдан қабылдамаған нелерің бар? Бәрін қабылдаған соң, несіне өз жетістігіміз деп мақтанасыңдар?
“Сендер қабылдамаған не бар?”
Білесіз бе қандай? Сіз Құдайға беретін ақша Құдайға тиесілі. Білесіз бе не үшін? Сіз Құдайға бермеген ақша да Құдайға тиесілі.
Егер Иса сіздің өміріңіздің Иесі болса, онда сізде қанша ақшаңыз бар? Ешқанша.
Егер Иса шын мәнінде біздің Иеміз болса, бұл дегені, Ол біздің бүкіл өмірімізге билік етеді. Түгелдей. Әмиянымызды қоса. Исада сіздің ақшаларыңызды заңды түрде басқаруына жол беріңіз. Әйтпесе – Ол біздің Иеміз бе?
Сол қағиданы қолдану тәсілі: ақшаларыңызды басқару құқығын Құдайға беру. Жомарттықпен. Әдейі. Қуанышпен.
Жолдан кетіңіз!
Исаға сіздің ақшаңыздың Әміршісі болуына жол беріңіз – Егер олай болмаса, әрі қарай оқимын деп әуре болмаңыз.
№2 Әрбір қаржылық шешім үшін сиыныңыз.
Біз №1 қағиданы нақтылы түрде сиынумен жүзеге асырамыз.
Салоникалықтарға арналған бірінші хат 5:17
Құдайға үздіксіз сиыныңдар,
Және бұл сөзсіз біздің ақшаны басқаруымызды да қамтиды.
Маған сәнді қайықтар ұнайды. Яғни маған қайықтың үлгісі ұнайды дегенімғой. Сондықтан, мен қайық сататын дүкенге барып, дүкеншіге менің алдыма ең әдемі сән үлгісіндегі қайықты сөренің үстіне қоюын сұрадым. Мен оған қарап отырып, әсерлендім.
Сатушыға қайық үшін ақша бермес бұрын мен сиындым. Мен қаншалықта көп сиынсам, соншалықта менде оның сатып алуыма күмәндар болды. Сол қайық қаншалықта әдемі болмасын, мен оны сатып алмадым.
Тек бір ғана Құдайдың қайық маған қажет емес деген ойы ғана мені бұдан тоқтатты. Барлық қаржылық сұрақтарды нақты жетелейтін Құдайға куәлік ете алатын жалғыз мен ғана емеспін. Егер біз Оны Құдайым деп мойындасақ, мұндай жағдайлар жиі болып тұруы керек.
№3 Өз ынтаңызбен Құдайға беріңіз.
Қай кезде беруге тиіссіз?
Қорынттықтарға арналған бірінші хат 16:2 Жексенбі сайын әрқайсыларың жағдайларыңа қарай қолдағы қаражаттарыңнан бөлектеп, сақтап қойыңдар. Осылайша мен сендерге барған уақытта оларды жинаудың қажеті болмайды.
Жиі және жүйелі түрде аударылатын аптаның бірінші күнінде. Егер сізге айына екі рет айлық төленсе, екі рет бересіз. Ал бір рет төленсе, бір рет бересіз.
Қай жерде беруге тиіссіз?
Қорынттықтарға арналған бірінші хат 16:2 Жексенбі сайын әрқайсыларың жағдайларыңа қарай қолдағы қаражаттарыңнан бөлектеп, сақтап қойыңдар. Осылайша мен сендерге барған уақытта оларды жинаудың қажеті болмайды.
Жаңа Өсиеттегі Қауым табыну күнін қайта тірілу күнінің құрметіне жексенбі күніне ауыстырғанына куәлік келтіреді. Бұл сонымен қатар қауым арқылы да Құдайға табынуды жүзеге асыра алатындығын куәлайды.
Иса қауым үшін өлді, сондықтан біздің беруіміз қауым арқылы бағытталатынын сондықтан қисынды орындау керек.
Кім беруге тиісті?
Қорынттықтарға арналған бірінші хат 16:2 Жексенбі сайын әрқайсыларың жағдайларыңа қарай қолдағы қаражаттарыңнан бөлектеп, сақтап қойыңдар. Осылайша мен сендерге барған уақытта оларды жинаудың қажеті болмайды.
Ол тікелей Қорырнттықтағы қауымға жазады – барлығы беруге тиіс делінген.
Бірақ мен соншалықты кедеймін, тіпті менің берер ештеңем жоқ.
Maрқа 12:41-42
Содан кейін Иса құдайы сыйлықтарға арналған сандықтардың қарсы бетіне отырып, жұрттың оған қалай ақша салғанын бақылады. Көптеген байлар молынан салды. Ал келген бір бейшара жесір әйел жалпы құны төрт тиындық екі бақырды салды.
Бұл жерде Иса жай ғана осы жағдайды байқады демеген. Жоқ! Иса 2000 жыл бұрын адамдар саналы түрде қанша бергеніне қарап тұрды. Ол қазірге дейін бүгінгі күнде біздің барлығымыздың бергенімізге қарап тұр.
Осы оқиғадан көп нәрсе алып түсінуге болады, бірақ маңыздысы ол сол бейшара әйелдің беруі бізге үлкен үлгі.
Құдай сізді қаржылай баталағанын қалайсыз ба? Онда сіз бермеу үшін өте кедей бола алмайсыз.
Сіздің қауымыңыз ақшадан қысым көрмейтініне қандай кепілдіктер бар?
Қауым ақшамен өте мұқият болады деп күту керексіз.
1 Қорынт. 16: 3
Сол кезде өздерің сәлемдемелеріңді апару үшін таңдап алған адамдарыңа сенімхаттарымды беріп, оларды Иерусалимге шығарып саламын.
Иерусалимдегі қауым үшін Қорынттықтағы қауым жинаған ақшасына Пауыл қолын тигізбегендігін қалайтынын байқаңыз. Қорынттық қауымы Иерусалимге ақша жіберу үшін ақша жинады, бірақ қауым сол жетер мекеніне дейін ақшаның жеткізілуіне өте абай болғысы келді.
Жохан жазған ізгі хабар 12:6 Бұл сөзді Яһуда мүсәпірлердің қамын ойлағандықтан емес, ұры болғандықтан айтты. Ортақ қаржы сақталатын әмиянды Яһуда ұстайтын, әрі түскен ақшаға қол сұғатын.
Яһуда Ысқариот 12 шәкірттердің ішінде қаржыны ұстайтын еді және сол қордан ол ақша ұрлады. Бұл әрбір қауымда қаржы сақтайтын адамды таңдауда өте абай болуы керектігіне итермелейді. Іскерлік бұл қазынашының бірінші біліктігі емес, бұл оның мінезінде.
Ал енді сізді уайымдататын маңызды сұраққа келдік:
Сіз қанша беру керексіз?
2 Қорынт. 8:2
Бастарынан өтіп жатқан ауыртпалықтар арқылы сенімдері қатты сыналғанмен, (Иемізге деген) қуаныштары шексіз болды. Осылайша олар ағыл-тегіл мол беріп, өздерінің тақыр кедейліктеріне қарамастан жомарттық көрсетті.
Жомарттықпен.
2 Қорынт. 8:3 Олардың қолдарынан келгенше, тіпті мүмкіндіктерінен де артық кеңпейілділік танытқандарына мен куәмін: өз жүрек қалауларымен.
Еш зорлықсыз, қулықсыз, қорқытусыз.
2 Қорынт.8:4 бізден өтініп, өздері де Құдайдың халқына көмек жіберіп, қызмет етуге қатыса алуларын қоймастан жалынып сұрады.
2 Қорынт. 9:6
Бұл жайында: «Сараң сепкен сараң жинар, жомарт сепкен жомарт жинар» делінген ғой.
Айқышта, Исаның аяқ жағында отырыңыз біраз уақыт. Ол оның құнын санамады, сен үшін ең азын жасамады. Не үшін біз онымен сараңдану керекпіз? Ол бізбен әдеттегіден тыс болды. Ондық жайлы тақырыпқа алып келетін бізде Онымен әдеттегіден тыс болу керекпіз. Көне Өсиетте бір ондық емес, үш ондық алып келуге тиіс болған:
- #1 ондық: Руларды санау 18:26 он бөліктің бірінің он бөлігінің бірін беру керектігі жайлы айтады.
- #2 ондық: Заңды қайталау 14:22-26 жыл сайын ұлттық мерекелерге төлеулеріне талап етілді.
- #3 ондық: Заңды қайталау 14:28-29 әр үш жыл сайын жесірлер мен жетімдерге берулері талап етілді.
Бүгінгі күнде сіздің ондыққа сенемін дегеніңіз- түсіміңіздің 23%тін қауымға беру керексіз деген сөз. Ондық деген бұл бүгінгі күнде біз үкіметке салықтар арқылы төлейтін әр түрлі салықтар, ал еврейлер өз елінде қаржыны жұмсау үшін қолданатын салық салу жүйесі.
Көне Өсиетте ерікті беруге үйретеді.
Руларды санау 18:12,13 Халықтың Маған, Жаратқан Иеге, ұсынатын алғашқы өнімдерін: зәйтүн майының, жүзім шырыны мен астығының таңдаулы үлестерін Мен саған бердім. Халықтың өз жерінен алған, Маған беруге тиісті алғашқы өнімдерінің барлығы саған арналған. Үй ішіңнің тазару рәсімінен өткен әр адамы оны жей алады.
Ондыққа қосымша, сенушілерге өздерінің алғашқы және ең жақсыларын беруге иландырды. Ешқандай қатаң ережелер болмады. Қағида – бұл жомарттық, шын жүректен, түсімге үйлесетін және қордың ең жақсысын құрбан ету.
Мұса былай дейді:
Мысырдан көшіп шығу 35:4-5 Мұса жиналған бүкіл Исраил қауымына сөзін жалғап былай деді: «Жаратқан Ие сендерге мынаны тапсырды: Қолдарыңда барларыңнан Жаратқан Иеге арнап тарту беріңдер. Оған шын жүректен сый-тарту ұсынғысы келетіндер мыналарды алып келсін: алтын, күміс және қола,
Ешқандай қатаң процент жоқ, бірақта жомарттықпен құрбандық жасау, Құдай бізге не істегеніне сүйіспеншілікпен қайтару. Сонымен, сізде Жаңа Өсиетте қалай берді ақпараты бар – міндетті түрде ондықтың 23% елдің басқаруына тағы да еркін түрде Құдайға құрбандық ету.
Беру жайлы Жаңа Өсиет не дейді?
Бұл дәл сол сияқты. Елдің басқаруына төленетін ақшалар сияқты сіз төлейтін салық бар, өкінішке орай кейбір мемлекеттер 23% бен шектемейді. Ерікті түрде, жомарттықпен, құрбандық жасау бүгінгі күндегі құрбандық ешқашан жомарттықпен және Құдайға деген сүйіспеншіліктен және Құдайдың Жер бетіндегі хабарламасы алға қарай орындалып келе жатқанын көруді қалаудан басқа 10%ға қадалып қалмағанын 2 Қорынттықтар 8 және 9 тарауларында айтады.
Бүгінгі күнде беру жайлы соңғы сөз қандай?
Елшілердің істері 20:35 Сендерге ауыр еңбек ете жүріп, «Алғаннан гөрі берген бақытты» деген Иеміз Исаның сөзін есте ұстап, мүсәпірлерге жәрдемдесу керек екенін ұдайы үлгі етіп көрсеттім.
Егер де сенушілер осылай орындаса, олар таңданған болар еді.
Жомарт құрбандық сіздің ақшаларыңызды ауызыңыз қайда болса сонда қояды, және Құдай бізге Өзінің баталарын төгеді. Біз өзімізді Құдайдың батасы жауатын тура жолға қойдық, бұл біздің жүрегіміздің қайда екенін көрсететін ең айқын белгі.
Жеке куәлік: мен семинарияны бітірген кезде, менің төлеу керек болатын менде студенттік кредиттерім бар еді, менің көлігімнің бағасына сәйкес келді, көлігімнен айырылдым, менің үстіме киер киімім де болмады, менде бір тиында қалмаған.
Бірақ мен қауымға жомарттықпен беру керектігін білетінмін, мен солай жасадым. Жыл барысында мен өз өмірімде экономикалық кереметтер байқадым. Мен өз көлігімді қайта алу үшін несиемді жаба алдым, студенттік несиелерімді жаптым, бітірген соң бір жылдан кейін банктегі есеп шотыма қайдан ақша келгенін еш түсінбедім. Және бұл сыйлықтар емес еді.
Менде тағы айтатын нәрсем бар. Менің мекен жайыма жақын жердегі бірнеше ер адамдарға арналған киім дүкендерінің жабылуына орай киімдерін жеңілдіктермен беріп жатқаны жайлы хат алдым, содан соң мен керемет бағаға жаңа киімдер алып қалдым.
Сіз Исаға сіздің ақшаларыңыздың басқарушысы болуға жол берсеңіз, Ол сіз үшін жұмыс атқарады. Бұл сізді жігерлендіруі керек.
Адамдардың не үшін қауымға келетіні жайлы көптеген себептері бар. Сіз біреудің қауымға ақша құрбан етуі үшін келетіні жайлы естіппе едіңіз? Егер де біз осы аяттарға шын мәнінде қарайтын болсақ, онда солай.
№4 Кепілдіктен аулақ болу.
Кепілдікке қарсы өте күшті ескертулерге назар аударыңыз.
Нақыл сөздер 22:26,27 Қол алысып, бөтеннің қарызына
Кепіл болатындай ақылсыз болма!
Болмағанда төлейтін ақшаң
Төсегіңді тартып алар астыңнан.
Нақыл сөздер 11:15 Бөтенге кепіл болған пәлеге ұшырар,
Кепілдіктен бас тартқан қауіпсіз болар.
Нақыл сөз. 6:1-5
Балам, егер көршің үшін кепілдік беріп
Не бөтеннің қарызын мойныңа алып,
Аузыңнан шыққан сөзіңмен шырмалсаң,
Ұлым, сол адамға кіріптар болғаның.
Тез барып, жалынып аяғына жығыл,
Осылай уәдеңнен азат болып құтыл!
Ұйқыға бой беріп, кірпігіңді ілмей,
Алдымен көз жұмып, ұйықтайын демей,
Аңшыдан қашқан еліктей дереу құтыл,
Құс іспетті тұзақтан босауға ұмтыл!
Мұнда дабыл жарықтары жыпылықтайды. Кепілдіктің мағынасы – сіз шоттарыңызды төлей алмасаңыз, мен сізге төлеуге уәде беремін деген мағына. Сіздердің шешімдеріңіздің даналы не ақылсыз болуына қарамастан мен кері байланысы бар жігітпін.
Өз отбасыңызға және достарыңызға көмек беріңіз. Кепілдік алмаңыз (егерде сіз өте бай болсаңыз ғана немесе көп ақшаны жоғалтуыңызға болатын болса ғана).
Неліктен сіз өз досыңызға кепілсіз қарызға ақша беру керексіз?
Сіз оның тарапынан нашар қаржылық шешімдерді қолдап не әлдендірмейсіз. Сіз оны даналықпен өз қаржысымен өмір сүруге итермелейсіз. Не үшін сіз қолынан сатып алуға мүмкіндігі жоқ досыңыздың орнына сіз төлейсіз?
Егер сіздерді достарыңыз кепілдікке қол қоюларыңыз керек деп қысым көрсетсе және айла-шарғы жасаса таңқалмаңыз. Өзіңізден сұраңыз: өзіңіздің қаржыңызды және отбасыңыздың болашағын қол қою арқылы қауіпке беру даналы ма әлде ол сүйіспеншілікке жатады ма? Соңғы статистикалық деректерге сүйенсек кепілгерлер 50%ын немесе толықтай қарызды төлейді. Өтінемін, ондайларда қатынаспаңыздар.
Мен осы тақырыпты бірінші рет үйреткенде, бір жас қыз жылап жіберді. Оның қорқынышты оқиғасы – оның әкесі несие алып жатқан адам қарызын өтей алмаған кезде сол қыздың әкесі кепілгер ретінде қол қойған. Нәтижесінде сол қыз еш жиһазсыз үйде өмір сүрген. Әкесінің қол қоюының арқасында банк оның бүкіл жиһаздарын тәркілеген. Өте қайғылы жағдай.
Бірнеше жыл бұрын біздің қауымдағы менің досым деп санайтын бір жас жігіт маған көлікті несиеге алу үшін кепіл болуыма сұрады. Мен сиындым да одан бас тарттым. Ол содан кейін менімен мүлдем сөйлеспей қойды. Мен достықты жоғалтсам да, өзім шығарған шешіміме еш өкінбедім.
№5 Қарыздардан аулақ болыңыз.
Қарыз. Бұның несі жаман?
Нақыл сөздер 22:7 Бай адам жарлыға үстемдік құрар,
Қарыздар қарыз бергеннің құлы болар.
Қарыз – бұл құлдық. Сіздің құл болғыңыз келе ме? Тарихті зерттеңіз және кез келген кезеңдегі адамдардың құлдықтан оңай құтылып шыққанын табыңыз. Сіз оны таба алмайсыз. Құлдық жақсы идея сиқты емес.
Римдіктерге арналған хат 13:8 Қарыздарыңды уақтылы өтеп қайтарыңдар, әсіресе, бір-біріңді сүю парызын өтеп тұрыңдар. Адамның басқаларды сүюі Құдайдың заңын да орындағаны.
Қазір біз жеке тұлға жайлы айтып жатырмыз, әрине, ол мен үшін қарыздағы кәсіпқой сияқты емес. Бұл қарыз алудан толықтай тыйым салу деген емес – бірақ бұл қарыз алуға жігер бермейді. Сіз ақшаны уақытылы қайтаруға уәде бересіз, және сіз әрбір өсімді төлеу керексіз.
Забур жырлары 36:21 Арсыз жан қарыз алып, қайтармайды,
Әділ жан мүсіркеп, қамқорлайды.
Өз қарыздарыңызды төлемеу – сіздің құтқарылмаған адам сияқты іс әрекет жасауыңыз. Не үшін Исаны Құтқарушым деп сенім артқан адам сенбеушілер сияқты әрекет ету керек?
Нақыл сөздер 3:27-28 Қолыңнан келіп тұрғанда мұқтаждарға
Жақсылық көрсет, соған лайық жандарға.
Көршіңе қажет нәрсе сенде бар болғанда:
«Ертең кел, сонда берермін» деп оны қайтарма.
Және бұл сіздің қолыңыздан кеп тұрғанда қарызыңызды өтеуді қамтиды. Несие беруші адам азыраққа лайық емес. Ескерту: Киелі Кітап қарыз алуға тыйым салмайды – бірақ уақытылы сол қарыздарын төлеуді күтеді. Ақшалай немесе зат ретінде қарыз алған мәсіхшілер әрқашан алғандарын қайтарулары керек. Егер сіз саналы түрде белгіленген келісіммен қарызыңызды төлей алмайтыныңызды біле тұра қарыз алсаңыз, сіз Құдайдың еркінде емессіз.
Әрекет қадамы анық болу керек: қарыздан ертерек құтылу.
№6 Құмар ойындарға бармаңыз.
Не үшін мәсіхшілер құмар ойындарына ызамен қарсы шығады?
Себеп #1
Қолостықтарға арналған хат 1:16,17 Өйткені көктегі әрі жердегі, көзге көрінетін және көрінбейтін нәрселердің бәрін Құдай Өзінің рухани Ұлы арқылы жаратты: тақтар мен үстемдік иелері, билеушілер мен әміршілер бәрі де Мәсіх арқылы және Мәсіх үшін жаратылған. Бүкіл әлем жаратылмай тұрғанда-ақ Ол бар болатын, бәрін аман сақтайтын да — Сол.
Құмар ойындары Құдайдың қасиеттеріне қарма-қайшы.
Киелі Кітап Құдайы билік етеді. Ол барлық нәрсені басқарады. Ол барлық жағдайды бақылайды. Оны ешнәрсе қапыда баса алмайды. Құдайдың барлық жасап жатқанының артында даналық бар. Ол босқа да әрекет етпейді. Ол барлық нәрсенің себепшісі.
Құдай билік етеді және басқарады, әлде Құдай билік етпейді және басқармайды. Сіз оны екі бағытта да көре алмайсыздар.
Киелі Кітап Құдайдың барлық нәрсені басқаратыны және барлық нәрсе Оның қол астында екені және сол ережеге бұйрық бар екенін тікелей айтады.
Менімен болған кейбір жағдайларға менің көңілім түседі. Менімен болған кейбір жағдайларды мен түсінбеймін. Менімен болған кейбір жағдайларға мен ұяламын. Бірақ – мұның бәрі маңызды әрине. Оның бәрінің менімен болып жатқан барлық нәрсенің артында Құдай тұрғанын мен білемін.
Мен Жұмаққа барғанда Құдайдан менің өмірімде болған барлық нәрсеге түсінік беруін сұраймын, және Құдайдың жауаптарына сол кезде мен қуанатыныма мен сенемін.
Менің өмірімдегі жақсы және жаман нәрселердің бәрі Құдайдың қолынан келгені шындық. Ал енді құмар ойындарына назар аударайық. Ол кездейсоқтықпен құрылған, сәттілікпен, кездейсоқ таңдаумен, ештеңеден тәуелді емес.
Құмар ойындар тіршілік етпейтін жоқ-құдайдың саусақтарының іздерімен және кездейсоқтықпен жаратылған немесе сәттілік немесе тағдырмен келеді.
Құмар ойындарын ойнау үшін Құдайды итерсеңіз, сіз Құдайды басқалай жасағаныңыз, яғни оны басқа кейіпке – пұтқа табынушылық деп аталады. Құдайға және Оның қасиетіне құрмет көрсету біз үшін құмар ойындарынан бас тартатын маңызды №1 себеп болу керек.
Не үшін мәсіхшілер құмар ойындарына ызалықпен қарсы тұрады?
Себеп #2
Тімотеге арналған бірінші хат 6:9,10
Ал баюға ұмтылғандар азғыруға ұшырап, өздерін апатқа, құрып кетуге апаратын көптеген ақымақ та зиянды құмарлықтардың торына түседі. Өйткені ақшақұмарлық — әр түрлі жамандықтың түп-тамыры. Кейбіреулер осыған бола сенімдерінен адасып, өздерін көптеген қайғы-қасірет пен өкінішке душар етті.
Көп жылдар бойы менің отбасым сараң болған бір адаммен араласып жүрді. Бір күні оның балалары біздің үйге келді, олар үйдің қай жерінде жүргенін байқамай, мен жататын бөлмеме барғанымда олардың ең кішісі киім-кешек салынған шкафтардың арасында екенін көргенімде қаты таңқалдым.
Мен одан не істеп жатқаны жайлы сұрағанымда – ол маған ешқандай ымырасыздықпен ақша іздеп жатқанын айтты. Оның әкесі оны сараң болуға тәрбиелеген.
Біздің мемлекет құмар ойындарын ойнауға жігер берген кезде, неше сараң шәкірттерін шығарады? Не үшін мемлекет КӨБІРЕК деп аталатын құбыжықты шешіп жатыр?
“Менің бақытты болуыма керекті нәрсе – ол көбірек ақша болса екен. Мен ешбір еңбекті көп қажетсінетін және кішіпейіл қылатын тәртіптермен ешқандай қатысқым келмейді. Мен ешқандай ауырырақ және қанағаттандырмайтын қарым қатынас қаламаймын, маған ауыртпалық керек емес. Себебі мен №1 ешқашан жеткілікті ақшаға ие бола алмаймын.
Құмар ойындары адамдарды бай болу қалауына алып келетін сараң болуға шақырады- бұл өз өзіңді өлтіру. Ал мемлекет үшін бұл қатыгездік.
Ашкөздіктің бір өкілі айтқан: «ашкөздік – бұл жақсы, дұрыс, жұмыс істейді, айқындайды, теседі және эволюциялық рухтың болмысын қамтиды. Ашкөздік барлық басқа өзінің пішінінде өмірге, ақшаға, жұмысқа көтеріліп келе жатқан адами шолпы.»
Әр елге ақша керек, бірақ ақшаға ие болу үшін зұлымдыққа барудың маңызы жоқ.
Tiмотеге арналған бірінші хат 6:10 назар аударыңыз: Өйткені ақша құмарлық — әр түрлі жамандықтың түп-тамыры. Кейбіреулер осыған бола сенімдерінен адасып, өздерін көптеген қайғы-қасірет пен өкінішке душар етті.
Құмар ойындары – қауымнан тез шығу, ашкөздікке апарар жол, – бұл құмар ойындарынан бас тартудың екінші себебі.
Неліктен мәсіхшілер құмар ойындарына ызалықпен қарсы тұрады?
Себеп # 3
Құмарлық ойындары бір бірінің діліне(менталитетіне) қарама қайшы. Жаңа Өсиеттегі барлық бір бірлеріңе дегендер есіңізде ме? (бір бірлеріңді сүйіңдер, бір бірлеріңді кешіріңдер, бір бірлерің үшін сиыныңдар, бір бірлеріңді жігерлендіріңдер және т.б.)
Бір бірлеріңді құртыңдар деген сол тізімде емес. Бірақ бұл құмар ойынның істейтіні. Жақсы қылық тәрбиелеудің орнына сіз зұлымдыққа толы адамдарды аласыз.
Сауалнама бойынша – қай жастағы топтар құмар ойындарынан үлкен өсімге ие? Қарт адамдар(елу жастан асқан адамдар).
Қарт кісілерді құмарлық ойындарына ашкөздікке азғыртады. Неліктен ойын залдары әрқашан адамдарға лық толы? Өйткені ол әзәзілдің өтірігін қарым қатынасқа ұсынады, және бұған қарттардан басқа кім осалдық көрсетеді?
Бірақ жас шоғырының басқа жағын елемей қоймайық: “құмар ойынның индустриясы өзінің клиент базасын шығаруға тырысуда және болашақ ойыншыларды көптеген бейнеойындары арқылы дайындауда.”
Құмар ойындары наша және спиртті ішімдікке деген құмарлық сияқты әдеттің қалыптасуы және дағдысы. «Басқада құмарлықтар сияқты құмар ойындарының уәдесі адамдарға қуат беру уәдесі. Ал күнә бізді жаулап алып, өмірлік сынақтар үшін бізді жабдықтамайды.»
Құмарлық ойындарынан бас тарта отырып, біз бір біріміздің өмірлік қажеттіліктерімізге деген ұмтылысты алаңдату керек дегені емес пе?
Бұл үшінші себебі.
Неліктен мәсіхшілер құмар ойындарына ызамен қарсы тұрады?
Себеп # 4
Құмар ойындары біздің шақырылуымызды бұзады. Құдай адамды Өзіне ұқсас етіп жаратты. Сол бейненің бөлігі еңбек етуі керек.
10 өсиеттің төртіншісі – 6 күн жұмыс істеп, еңбектен делінген.
Қызығы, еврейлерде ежелден бір мақал бар: егер сен өз балаңды сауда жасауға үйрете алмасаң, оны ұрлауға үйретесің. Басқа сөзбен айтқанда, Еврей мәдениетінде әкенің ең маңызды міндеті – бұл баласын еңбектенудің киелі кітаптық құндылығына үйрету.
Ефестіктерге арналған хат 4:28
Ұры болған енді ұрлық жасамасын, керісінше, адал еңбек етіп, тапқан табысынан мұқтаждарға үлестірсін.
Ұрлықшы болма. Қолыңнан келсе еңбектен.
Салоникалықтарға арналған екінші хат 3:10 Араларыңда жүргенде «Еңбек еткісі келмеген тамақ та ішіп-жемесін» деген қағиданы саналарыңа сіңірдік.
Егер адам жұмыс істемесе, ол тамақ жемеу керек. Еңбектенуден бас тартатын адамды сіз бағуға міндеттісіз бе? Жауабы – жоқ.
Нақыл сөздер 12:11 Жерін өңдегеннің қарны тоқ,
Бос қиял қуғанның ақылы жоқ.
Протестанттық еңбек әдепін ескертпе жайлы естіген шығарсыз. Басқаша айтқанда, мәсіхшілер ауыр жұмыс істегеннен сондай атақ алды. Құмар ойындары – бұл ауыр еңбек етуге тікелей шабуыл.
“Ойыншыны ынталандырудың бөлігі – бұл күтпеген жағдайға маңызсыз үміт. Құмар ойындарымен байланысты оңай ақша табу жолы бар. Жылдам соққы беру үміті.”
Нақыл сөздер 12:11б – Құмар ойындары қиялдың артынан жүгіру – бұл толықтай еңбек етуге қарама қайшы.
Иә, жеңімпаздар бар, бірақ сіз жеңіліп қалғандардың санын санап көрдіңіз бе?
Коэффициенттерді қарастырайық –
Шыншыл болыңыз; құмар ойындары шыныменде ақшаларыңыздың көбісін жоғалтуға, сіздің еңбектену әдепіңізді және өзіңізді құрметтеуден де әлде қайда жоғары.
“Иса бір сәтке джекпотты тану үшін ғибадатханадан секіру азғынына қарсы тұрды. Ғолғота жолында лотерея билеттері емес қанмен төселіп жатты. Қол жеткізудің маңызы ешқашан лотерея арқылы келмейді.”
Ауыр жұмысты бағалаңыз. Өз азамматтарының әлсіздігін пайдалана отырып үкімет ақша жинайды және қысымды жұмысты бұзу арқылы өте үлкен қауіпте.
“Құмар ойындары бізді ауыр еңбексіз ұтысқа сенуімізге азғырады. Бұл құмар ойындардан бас тартудың 4-ші себебі.
Неліктен мәсіхшілер құмар ойындарына ызамен қарсы тұрады?
Себеп # 5
Нақыл сөздер 28:27 Мүсәпірді аяған жоқшылыққа тап болмас,
Ал оған көзін жұмған қарғыстан бас алмас.
Құмар ойындары кедейлерге ештеңе бермейді. Ол кедейлерді қанайды. Киелі Кітап кедейлердің қамын ойлайды. Кез келген статистиканы алып қараңыз, кедейлер кірістерінің % байларға қарағанда көбірек жұмсайды.
Кедей адамдардан ақшаны сорып алатын лотереялардың ақшасына мектеп салған дұрыс па? Казинолар өздерінің жарнамаларын дәу қағазға шығарып кедей жерлерге іліп қойғанда, олар “сенің сәттілігің осы жерде”. Ал үкімет оларды қолдайды ма?
Кедейлердің мәселелері жеткілікті. Оларға мәселелерінің тізіміне құмар ойындарын қосу керек емес. Және бұл одан бас тартудың №5 себебі.
Неліктен мәсіхшілер құмар ойындарына ызалықпен қарсы тұрады?
Себеп #6
Сіз құмар ойындарының әлеуметтік шығындарын зерттеп көрдіңіз бе? Құмар ойынының аты жөні көрсетілмеген – бұл адамдардың құмар ойындарын ойнау әдетін бұзуға көмектесетін АА үлгісіндегі ұйым.
Олардың мүшелерінің сұрақ жауаптары бізге мынаны көрсетеді:
Ойыншалардың 44% құмар ойындарының қарыздарын қайтару үшін жұмыстарынан ұрлаған,
34% жұмысынан айырылған немесе жұмыстан қуылған,
26% ажырасқан немесе отбасынан айырылған,
21% банкротқа ұшыраған.
18% құмар ойындарына қатысты тұтқынға ұшырады, ал мемлекет өзін-өзі құрту тәртібінен ақша алып отырады және ынталандырып отырады ма?
Құмар ойындарын ойнауға рұқсат берген мемлекеттер бізді сатады(сатқын болып есептеледі).
Казино үлгісіндегі құмар ойындары заңды болып табылатын қалаларға барып көріңіз, онда сіз құмар ойындарының ресми емес болып табылатын қалаларға қарағанда қылмыстардың жоғары дәрежелерін кездестіресіз. Банкротқа ұшырағандар, ажырасқандар,
өзін өзі өлтіргендер көбірек.
Құмар ойындарынан ұтып алған ақшаларды қауым қабылдай алады ма?
“Әлеуметтік ауруларды, отбасыларды бұзатын, еңбек тәртібін бұзатын, қылмысты көбейтуге, өзін өзі өлтіруге апаратын және отбасылардың қаржылық қауіпсіздігін бұзуға қолдау көрсететін ақшаларды Иса Мәсіхтің қауымы үшін бата деп санауға бола ма? Сондай ақшалардан қауым бас тартуы керек.
Құмар ойындарының әлеуметтік бағасы өте жоғары – бұл құмар ойындарынан бас тартудың №6 себебі.
Неліктен мәсіхшілер құмар ойындарынан бас тартуы керек?
Себеп # 7
Қорынттықтарға арналған бірінші хат 4:2
Ал басқарушылардың әрқайсысынан сенімді болуы талап етіледі.
Құмар ойындары біз қарастырған №1 ереже – ақшаны басқаруды бұзады. Біз еш нәрсені билік етпейміз. Құдай бар нәрсенің билеушісі. Құдай бізге берген қаржыны біз тек басқарушымыз. Біздің барлығымызда Құдай берген барлық нәрсені қамтитын сенімді қорымыз бар.
Сонымен қарта ойыншысы Мәсіхші мырза бір күні Құдайдың алдында тұрып былай дегенін: «О, Сіз берген ақшалар ма? Хаха, – мен олардың бәрін лото ойынынан ұтылып қалғанмын – бұл гуілдеу емес пе?».
Мәсіхші өзінде ешқашан бірінші орында болмаған ақшаны жоғалтуға туәекелге бару құқығын қайдан алды?
Бұл №7 себеп.
Неліктен мәсіхшілер құмар ойындарынан бас тартулары керек?
Себеп #8
Себебі бұл жеребе тастау сияқты емес. Біз Киелі Кітапта жеребе тастаудың көптеген түрлерін кездестіреміз – шешімдер қабылдау кезінде қолданылған, ұрыны табуға, Жүністі теңіз дауылының себебі сияқты анықтауда, Яһуда Ысқариоттың орнына Матианы таңдау кезінде қолданылды.
Түсіндіңіз бе? Осы барлық келтірілген мысалдарда ненің жоқтығына назар аудардыңыз ба? Ақша. Жеребенің заманауи баламасы – бұл құмар ойындары емес, кішкентай сабан талымен сурет салу болып табылады.
Сонымен сізде құмар ойындарынан бас тартудың 8 себебі бар.
1 Құмар ойындары Құдайдың қасиетіне қарама қайшы.
2 Құмар ойындары ашкөздікті тудырады.
3 Құмар ойындары бірі басқасына қарама қайшы.
4 Құмар ойындары біздің еңбек етуге деген шақырылуымызды бұзады.
5 Құмар ойындары кедейлерді қанайды.
6 Құмар ойындарында апатты әлеуметтік шығындар бар.
7 Құмар ойындары біз қарастырған ақшаны жұмсаудағы бірінші ережені бұзады.
8 Құмар ойындары бұл жеребе емес.
Құмар ойындары – бұл жеңіске жету емес. Бұл жеңіліс.
Өз-өзіңді сыйлауды жоғалту
Еңбек тәртібін жоғалту
Отбасыңнан айырылу
Несие рейтингінен айырылу
Бір бірінен айырылу
Сіз біреудің қатерлі ісік ауыруымен ауырды дегенді естігенде оның барлық жасушаларының кесілетінін естисіз. Бірден. Шұғыл түрде.
Құмар ойындары – бұл қатерлі ісік. Олардың барлығы бізден кесіліп тасталуы керек.
№7 Жарнамаға беріліп, оған сізді қанағат етуден айырылуыңызға жол бермеңіз.
Філіпіліктерге арналған хат 4:11
Мұны бір нәрсе қажет болғандықтан айтып тұрған жоқпын. Мен қандай жағдай болмасын, қолдағы барды қанағат етуді үйрендім.
Құдай сізге берген бар нәрсеге қанағат етуге үйреніңіз, сонда сіздің шығындарыздың әдетін өзгергенін байқайсыз. Мәсіхшінің ең маңызды алғашқылығы қанағатсыздықты тудыратын байлықта емес, Құдайға ұнамды және қанағатта болуы керек.
Осы аятқа назар аударыңыз. Қанағаттану – үйренуге болады. Қанағаттану біздің куәлігіміз үшін өте құнды болғандықтан, әзәзіл оған жарнама арқылы шабуыл жасайды. Жарнаманың мақсаты қанағатсыздықты тудыру үшін көбірек жарнамалау. Сенде ең соңғы телефон жоқ па? Сен бақытсыз адамсың. Не үшін сіз мына киімді (сәнді болса да, өткен жылғы сән) киіп жүрсіз? Сіздің жолыңыз болмады. Не үшін қандай да бір жарнамашы сізге қажетсіз киімдерді сатып алуыңыз үшін сіздің өміріңізге билік етуі керек? Жарнама азғырады және қулық жасайды. Бұл бізді программалайды. Біз оның дәмегөлігінен бас тартып, бізге оның еш қажет еместігін айтатын Құдай Сөзімен қарсы тұруымыз керек.
Егер сіздің достарыңыз сіздің не киетініңізге бола дос болып жүрсе, олар достар ма?
Жоханның бірінші хаты 2:15,16 Осы күнәлі дүниені және ондағы еш нәрсені сүймеңдер! Осы дүниені сүйгендердің көктегі Әкеге сүйіспеншілігі жоқ. Себебі осы дүниеге тән нәрселердің бәрі: күнәкар адамның құмарлықтары, көзінің қомағайлығы әрі тұрмысына мастануы көктегі Әкеден емес, осы дүниеден бастау алған.
Барлық мәсіхшілер кез келген жағдайда қанағат етуді үйренулері керек. Шынайы қауіпсіздік сіздің қалтаңызда не барына емес, ал сіздің жүрегіңізде кім барына байланысты.
“Киелі Кітапқа сай өмір үлгісі міндетті түрде өзінің мәдениетінің өмір үлгісіне қарама қайшы болып келеді. Бұл жайлы шындықтың басқа жағындағы көзқарас айтады.” Менің қаржымды қандай да бір жарнамашы емес, Құдай бақыласын.
№ 8 Қалау мен мұқтаждықты шатыстырып алмаңыз.
Філіпіліктерге арналған хат 4:19
Ал Иса Мәсіхпен жүрген сендердің барлық қажеттеріңді де менің Құдайым Өзінің керемет байлығы бойынша қамтамасыз ететін болады.
Менің Құдайым барлық қажеттілермен қамтамасыз етеді. Қалауларды емес. Сізге қажетсіз нәрселерден аулақ болыңыз. Маған барлық нәрсе керек. Бірақ олар маған аса қажет емес.
Тімотеге арналған бірінші хат 6:6-10 Расында да Құдайға ұнамды өмір сүріп, барға қанағат ету зор рухани байлыққа жеткізеді. Бұ дүниеге ештеңе де әкелген жоқпыз, одан ештеңе алып кетпейтініміз де айдан анық. Сондықтан ішер ас пен киер киім болса, соған қанағат етейік. Ал баюға ұмтылғандар азғыруға ұшырап, өздерін апатқа, құрып кетуге апаратын көптеген ақымақ та зиянды құмарлықтардың торына түседі. Өйткені ақшақұмарлық — әр түрлі жамандықтың түп-тамыры. Кейбіреулер осыған бола сенімдерінен адасып, өздерін көптеген қайғы-қасірет пен өкінішке душар етті.
Tiмотеге арналған бірінші хат 6:17-19 Осы дүниелік мал-мүлікке бай сенушілерге мынаны ескерт: олар менмен болмасын және сенімдерін өткінші байлыққа емес, Құдайға артсын! Ол адамдар рақатын көрсін деп игіліктердің бәрін сыйлайды. Байлар жақсылық жасай беріп, игі істерге дарқан әрі жомарт болып, басқалармен бөліссін. Осылай олар өздеріне келешек заман үшін игілікті негіз болатын рухани қазына жинап, мәңгілік, шынайы өмірді берік ұстанбақ.
Maтай жазған ізгі хабар 6:33 Ең бастысы, Құдайдың Патшалығының қамын ойлап, Құдайдың әділ еркін орындауға ұмтылыңдар! Сонда көктегі Әкелерің сендерге бұлардың бәрін қосып береді.
Егер де мәсіхшілер Құдайды барлық нәрседен де бірінші орынға қойса, Құдай олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге уәде берген.
№9 Біраз ақшаңызды жинау(ақша үнемдеу)
Анықтама: бұл жерде әңгіме ақша жинау жайында емес. Ақша жинау ол ақшаны басқа нәрсеге қажет не қажет еместігіне қарамастан ешқашан жұмсамай бір жерге алып қою. Ал ақшаны үнемдеу – бұл алдағы уақытта қажеттілігімізге, яғни күтпеген шығындар, аяғасты жағдайларда жұмсау үшін пайдалануға алып қойылатын ақшалар.
Нақыл сөздер 21:20 Дананың мекені май мен байлыққа толар,
Ал надан өзінде барды шашар.
Әр надан бар ақшаны тез жұмсап тастайды, ал дана адам сол жиналған ақшаның құндылығын шайқайды және қиын уақыттарға сол ақшаны сақтап қояды.
Нақыл сөздер 6:6 – 11
Жалқау неме, құмырсқадан үлгі ал,
Ісіне қарап оның, парасатқа ие бол!
Бастық, бақылаушы, билеушісі болмайды,
Бірақ жазда ол қысқы азығын дайындайды,
Орақ кезінде тамағын жинап сақтайды.
Жалқау неме, қашанғы ұйықтап жатасың,
Ұйқыңнан оянып, қашан тұрасың?
Біресе ұйықтап не мүлгіп отырасың,
Біресе қол қусырып жатып та аласың,
Кенеттен жүйріктей жоқшылық жетер,
Тонаушыдай мұқтаждық саған тап берер.
Сіздің айтайын дегеніңіз кіп-кішкентай құмырсқа мені бір нәрсеге үйрете алады дейсіз бе? Иә. Сіз мұнда мазақ көріп тұрсыз ба? Мұндағы құмырсқа бізді тәрбиелеуші ретінде қолданылғаны, ақымақтық болып саналмауы керек. Егер де құмырсқа қиын уақыттарына үнемдеп жатса, бұл менің дәл солай жасау керектігімді айтпай ма?
Лұқа жазған ізгі хабар 12:18-19
— Былай істеймін: қамбаларымды бұзып, үлкейтіп қайтадан саламын. Соларға бүкіл астығым мен мал-мүлкімді жинап қоямын. Сосын өзіме: көп жылға жететін мол қорың бар, енді демалып, ішіп-жеп, көңіліңді көтер деймін».
Дүниеқорлар, басқа жағынан олар әділ даналылықпен уәжделмеген және олар болашақта өте ауыр жағдайларға тап болулары мүмкін.
Сіз не үшін үнемдейсіз(ақша жинайсыз)? Мәсіхші ақшаны үнемдеуді жиі қолдану керек. Тіпті ол өте көп ақша болмаса да, бұл өте жақсы тәртіп.
№10 Өз мүлкіңіздің жақсы бақылаушысы болыңыз.
Нақыл сөздер 27:23-24
Отарларыңның күйін жақсы бақыла,
Табындарыңа да мұқият қара.
Себебі байлық мәңгілік емес,
Билік те ұрпақтан ұрпаққа берілмес.
Табын мен отар мал қыстағының ең мағызды байлығы болып есептеледі. Сіз өз активтеріңіздің қайда екенін және қайда бара жатқанын біліңіз. Егер де сізде активтеріңізге деген жоспарыңыз болмаса, есіңізде болсын онда сол жоспарды басқа біреулер жасайды.
Екі ескертпе: өз шығындарыңызбен бақылаңыз және сіздің бюджетіңіз болу керек. Олар сізге мәселе қайда екенін көруге көмектеседі. Қаржының бұзылуы жеке басыңыздың және отбасыңыздың күйзелілулерінің ең басты себебі болып табылады.
Қорытындылай келе:
Егер біз өз қаржымызды басқаруымыз маңызды емес деп ойласақ.
Лұқа жазған ізгі хабар 16:11
Сондықтан, егер бұ дүниелік байлықтарың барда сенімді болмасаңдар, сендерге көктегі шынайы байлықты кім сеніп тапсырады?
Біздің өміріміздің материалдық және рухани бөліктерінің арасында тікелей байланыс бар. «Рухани жағынан біз діншіл, ал ақша жағынан осы әлемдік бола алмаймыз». Бізге ескертілген. Құдай өзінің шынайы байлығын ақшаны шашатындарға бермейді. Қалай ойлайсыз ақшаны дұрыс жұмсамағаныңыз үшін аспан патшалығынан сый аласыз ба? Егер де сіз өз ақшаңызды Құдай қауымын тұрғызу үшін, ізгі хабарға және шәкірттікке жұмсамаған болсаңыз, Ол сізге шынайы байлығын, дәлірек айтқанда шынайы нәрселерді, яғни мәңгілік сыйды Оған адал сенімді болғандарға бергенін сізге береді деп күтесіз бе? Айықтыратын сөздер – бірақ үміттенемін, олар бізді тезірек №1 ережені орындауға ынталандырады.