Қайғыру
“Ол өлді”. Мен телефон тұтқасын қойдым да, жерге отыра қалдым. Сол екі сөз басымнан кетпей, еңіреп жылай бердім. Менің ең жақын жігер берушім, менің өмірлік жақын жаным, менің сүйіктім……. өлді.
Келесі бес күн менің жүрегімде мәңгіге жара қалды, себебі сол күндері жерлеуге дайындық үріп жатты, жерлеу уақытында ауыр сынақтар болды. Сол кезде менің назарым табытта болды. Табыт. Ол сол табытта жатты. Жақсы ниетті адамдар сол табытқа деген назарымды өздерінің мені жұбату мақсатында басқа жаққа бұратын еді. Мен басымды иіп, өтірік күлімсіреп, олардың кетіп қалғанын күтіп, табытқа назарымды қайтадан аударушы едім.
Маған осының бәрі жалған сияқты көрінді. Бұл – менің өмірімде көрген бірінші өлім болды. Мен дайын болмадым. Бірақ осындай жағдайға адамды не дайындайды?
Апталар, сосын айлар ақырын өте берді. Сонда мен өзімнің қайғының біраз анық кезеңдерінен өткенін түсіндім:
- Сенімсіздік. Оның өлімінен кейін бір ай бойы мен сағат 6:45те (мен оған әдетте телефон соғатын уақыт) таң ертең оған телефон соғу үшін телефон тұтқасын алып жүрдім. Бірақ ол телефонға жауап бермейтінін түсінемін. Телефон кешкі сағат 5:15те шырылдағанда (ол әдетте маған телефон соғатын уақыт) мен телефонға жауап беруші едім. Бірақ басқа біреу телефон соққанына менің көңілім түсіп жүрді. Ол әрқашан менің өмірімнің сүйеніші еді және маған бір нәрсе керек болса сол жерде табылатын. Енді бір күнде “кетті, ешқашан қайтпайды” деген статусқа ие болды. Менің ақыл-ойым осыны жай түсінді, бірақ сене алмай жүрдім. Мен оны түсінгенде қайғының келесі кезеңіне өттім…
- Ашу-ыза. Неге ол өзінің денсаулығына дұрыс қарамады?
Неге ол барған беделді аурухана оның денсаулығына дұрыс диагностика жасамады? Неге ол сонша көп ішті? Неге? Неге? Неге? Бірақ ешкім сол сұрақтарды естімеді және ешқандай жауаптар да болмады. Осындай ауыр кезең қашанға дейін болғаны есімде жоқ, бірақ біраз апта қиналғаныма сенімдімін. Мен психикалық тұрғыда қатты шаршадым, сондықтан мен осындай жағдайға түстім…
- Депрессия, іс-әрекетсіздік, бағдарсыздық, қараңғылық, соққыға жығылғандай. Бір жылдан аса өзімнің жауапкершіліктерімді ғана жасап, өзімді қинап, итермелеп өмір сүрдім. Бірақ басқалардан және басқа нәрселерден өзімді ажырап жүргендей сезіндім. Қай жерге барсамда, оны және қуанышымды өмірімнен сорып алған қара тесік қасымда жүрген сияқты болатын. Ештеңе мені қуанта алмады. Барлық жерде тек көңілсіз болып, қайғырып жүрдім. Менің психикалық жағдайым туралы басқалармен сөйлесіп, бөлісу көмек бермеуші еді, сондықтан мен оған тіпті тырыспадым да. Өмірімнің осы жаңа кезеңінде шаңның жерге қонуына уақыт керек болған шығар. Өйткені маған есімді жиып, сүйіктімнің кетуінің соққысы шынымен де мен үшін шындыққа айналуы керек еді. Содан соң…
- Ояну. Бір күні достармен уақыт өткізіп отырғанда, кенеттен әйеліммен бірге болған күлкілі оқиға есіме түсіп кетті. Мен жымидым да, күлдім. Оның өлімінен кейін, араға бірақ уақыт салып бірінші күлген кезім осы болған шығар. Мен өзімнің ауыр жағдайдан шығып келе жатқанымды бірден түсіндім. Ол менің өмір бойы тоқтамай қайғырып, қимылсыз болғанымды қаламайтынын түсіндім. Егер мүмкін болғанда, ол мені итериелеп, ары қарай өмір сүр деп айқайлап жіберуші еді. Ия, сағат ол үшін тоқтады, бірақ мен үшін емес. Өмірімде болып жатқан депрессия оған құрмет көрсетпейді.
ТОҚТАТ ОСЫНЫ ДЕРЕУ! Мен оған шынында құрмет көрсеткім келсе, мен оны ұмытпаушы едім. Бірақ мен өмірімнің жаңа бөлімі ашылғанын түсініп, оны барынша қолдану керекпін. Күмән жоқ, сол сөздерді оның менің құлағыма айқайлағанын ести алдым. Сол көз қарасты арқылы өмір сүрді жалғастырдым және бұл ұстаным маған жақсы көмектесті.
Сол қайғыру кезде Құдай қайда болды? Мен Оған ашулы болдым ба? Жоқ, мүлде. Мен қауымға бардым ба, киелі кітапты оқыдым ба, дұға еттім бе? Ия. Оны алып кеткені үшін мен Құдайдың даналығына күмәндандым ба? Жоқ, ешқашан. Мен Құдайдан алыс болып сезіндім бе? Ешқашан. Мен тек өлімнің қатыгездігіне таң қалып, сүйген адамның менің өмірімнен жұлынып әкетуіне дайын болмадым және менің өмірімдегі ең жақын адамды қатты сағындым.
Қайғы туралы біраз байқаған нәрселер:
Мен үшін жақын адам қайтыс болғанда, мен өзімнің эмоционалды әлсіз екенімді түсіну керекпін. Осындай жағдайда шайтан сіздің жүрегіңізді жаулап алудан сақ болыңыздар! «Егер біздің қайғы-қасіретіміз тым артық болып ол реніш пен ашу-ызаға айналса, біз жарамызды іріңдеткеніміз әрі оның уға айналуына жол бергеніміз. Біз өзіміз көрген қайғы-қасіретті зерттеп, оның күнәға батуға себепші болмауын қадағалау керекпіз. Иса қайғырғанда күнәға жол бермеді. Бізде күнәға жол бермейік деп дұға етуіміз қажет».
Жерлеу рәсімдері – жасанды, алдамшы тәжірибелер. Адамның қайтыс болғаны туралы естігеннен бастап жерлеу күні аяқталғанға дейін, сіз адамдардың қамқоры мен қоршауында боласыз, тіпті отбасыңыз және достарыңыз сізге тыныштық бермейді. Олар ашық хаттар жібереді, тамақпен қамтамасыз етеді, олар сізді қажетінше құшақтайды және жұбатады. Бірақ сол жігерлендіруші жұбатушылар өздерінің күнделікті өміріне қайта оралады …… ал сізге өміріңіздегі жаңа бос орынмен өзіңізге күресуге тура келеді. Сол кезде өміріңіздің жаңа кезеңінің шындығы келіп қатты соққы береді. Сол кезде сізге оңай болмауы мүмкін.
Жерлеу рәсімінен бірнеше күн өткеннен кейін менімен бірге жұмыс істейтін досым келіп: «Өмір жалғасуда» деп көңіл айтқан соң кетіп қалды. ЖОҚ, ӨМІРІМ ЖАЛҒАСЫП ЖАТҚАН ЖОҚ. Мен тек жоғарыда аталған қайғылы кезеңдерден өтуді енді бастап жаттым. Мен шыға алмайтын бір қайғыда тұрып қалдым және жақын арада менің өмірімнің қалыпты жағдайға келетін бірден-бір жолды көрмедім. Ол менің уақытымды және қайғыруға деген құқығымды жоққа шығарғандай сезіндім. Әрине, ол мені жұбатқысы келген болар, бірақ мен үшін оның айтқаны сондай орынсыз сезілді.
Жерлеуден кейінгі біраз айлардан соң достарыммен бірге жиналған уақытта ыңғайсыздық сезініп, тітіркендім. Достарым маған әрқашан қамқор болып, қолдау көрсетуге дайын болды. Бірақ біз бірге уақыт өткізгенде ыңғайсыздық сезіндік. Олар қандай таңырыпта әңгіме айтарын білмей, менімен қалай араласуды білмеді. Менің барлық достарымның арасында, жаныма жақын адамды жоғалтуды бірінші болып мен басымнан өткізіп жатқанымды түсінуге біраз уақыт кетті. Менің достарымның да сол нәрседен өтуіне тура келетін уақыт әлі келмеген еді. Әрине олардың кінәсі жоқ. Казіргі өмірімізде әрқайсымыз өліммен кездескендіктен бір-бірімізбен әлдеқайда жақсырақ түсіністік пен байланыс бар.
Қайғыру – әр адам жеке өтетін кезең. Мендегі сүйіктіммен болған қарым-қатынас ешкімде болмаған еді. Мендегі бар естеліктер ешкімде жоқ. Оның өміріндегі барлық адамдар оған дәлел бола алады. Оның ең жақын достарымен бірге отырып ол туралы еске түсіргенде, әрқайсымыздың ол туралы ерекше естеліктері естеріне түсіп, үнсіздікке бой алдыратын уақыттар болады. Өте бағалы қазыналар, бірақ олар бәрімізге ортақ емес.
Жердеу рәсімі өткеннен кейін мен жұмысқа баруым керек болды. Салық төлейтін уақыт жетті. Менің салық құжаттарымды мен үшін ешкім жасай алмайды. Мен өзім жасауым керек. Сол жауапкершіліктер өте пайдалы болды. Жоқ, әрине қайғыны басып тастай алмайсыз. Бірақ жұмысыма кірісіп, салық міндеттерімді атқару мені тереңірек қараңғылыққа түсуден сақтады. Құдайдан келген керемет сыйлықтар деп білемін.
Ол қайтыс болғаннан кейін ірі мерекелер оның енді менің өмірімде жоқ екенін есіме салды. Мерекелік үстелдердегі оның бос орны, мерекелерде атқаратын оның рөлі, ол жасаған дәмді тамақ – осының бәрі қазір тек естелік болып қалды. Мен үшін жоғалтқан адаммен жаңа өмірге ақырындап үйрену үшін мерекелер басқаша бағдарламалануы керек болды. Мен жиі және оңай жылайтын адам болмағанмын. Оның өлімі мені өзгертті. Көлігімді жақсы көңіл күйде айдап келе жатқан кезде, оның өлімі еске түскенде, көзімнен тура шүмектен су аққандай жас ағатын.
Кейбір кезде мен дүкенге тамақ алуға барғанда көңілсіз болып қалған кезеңдерім де болған. Ойланып, күнтізбеге қарағанда сәтте оның қайтыс болған күнін көріп, мұңаятынмын, себебі сол күн менің миыма жазылып қалған еді. Тура Милад күні немесе Құтқарылу мейрамы немесе тағы басқа ұлттық мерекелер сияқты оның қайтыс болған күні де менің миымда мәңгіге сақталып қалған.
Менің үйімдегі қабырғада оның біраз суреттері әлі ілініп тұр. Оның қайтыс болғанына біраз жылдар болса да, мен ол туралы ұзақ ойласам, көзіме әлі де жас келеді. Бірақ өмірімнің осы жаңа бөлімі бай уақыт болды. Құдайдың менің өміріме деген жоспары мен жоспарлағандай немесе мен күткендей болған жоқ. Бірақ Құдай әрқашан менімен болды. Менің жүрегімдегі бос орынды Ол толтырды. Құдай не істеп жатқанын біледі.
Көмек беретін Киелі Кітаптан аяттар:
Патшалықтар 2-ж. 12:19-20
19Бірақ Дәуіт олардың өзара сыбырласып тұрғанын байқап, ұлының өлгенін түсінді. Содан ол: — Бала шетінеді ме? — деп сұрады. Қызметкерлері: — Ол көз жұмды, тақсыр, — деп жауап берді.
20Сонда Дәуіт жерден тұрып, жуынып, әдеттегідей маймен сыланып, киімін ауыстырды. Жаратқан Иенің киелі үйіне барып, иіліп ғибадат етті. Мұнан кейін үйіне қайта оралып, тамақ сұрап, алдына қойылғанды жеп алды.
“Біз қайғы қасіреттен өту үшін бәрін істедік – олар бізге көмек бермейді. Біз неге Құдайға табынып көрмейміз?” Ия, біз бере алатын барлық табынуға Құдай лайықты. Бірақ табыну бізге қалай пайдалы? Тіпті ешкім бақылап тұрған жоқ сияқты көрінсе де, Құдайға табыну кезінде барлық нәрсені Құдай бақылап тұр деген шындықты есімізге аламыз. Құдайға табыну – Құдаймен бірге бізде қауіпсіздік, ресурстар, тұрақтылық бар екенін еске салады. Біз цунамимен ұрылған сияқты сезінгенде, сыйыну – біздің Іргетасымыз мықты екенін еске салады.
Забур жырлары 33:19
Жүрегі жаралыға Жаратқан жақын тұрады,
Жаны күйреп, күнәсіне өкінгенді құтқарады.
“Жараланған әлемге Иса адам ретінде келіп, өмір сүрді. Ол түсінеді, әрі осы өмірдің соңғы сағаттарының азапты шөлін және әлсіздігін біледі. Біздің бас дін қызметкеріміз болғандықтан Ол біздің қайғы қасіретімізді толық түсінеді, Ол біз үшін сыйынады (Еврейлерге 7:25), Оның Киелі Рухы да бізді қолдайды (Римдіктерге 8:26). Ол бізді дос деп атайды (Жохан15:15) және бізді тастамауға не жалғыз қалдырмауға (Еврейлерге 13:5) уәде береді, Оның Рухы бізде мекендейтініне (Жохан 14) уәде береді, Ол бізге тыныштық (14:27;16:33) және қуаныш (15:11;16:22) беретініне уәде береді.
Забур 61:9
9Халайық, лайым Оған сенім артыңдар,
Ойларыңды Оған толық ашыңдар,
Құдай — біздің панамыз, мұны ұмытпаңдар!
Құдайдан қандай практикалық шақыру! Біз қайғы қасіреттің кезеңінде Оған ашық түрде бәрімен бөлісе аламыз. Бізге сол нәрсе керек! Қайғымызды ішімізде сақтауға болмайды. Бұл жанашырлықтың 100-ші деңгейі.
Салоникалықтарға 1-хат 4:13
13Қымбатты бауырластар, үміті үзілген басқалар сияқты қайғырмауларың үшін сендерді бұ дүниеден қайтқан сенушілердің жағдайы туралы хабарсыз қалдырмаймыз.
“Тіпті үмітіміз болса да біз қайғырамыз және бұл дұрыс. Иса өз досының қабірінде жылаған. Киелі кітап қайғы-қасіретті жоққа шығармайды немесе оны маңызсыз деп көрсетпейді. Оның орнын дұрыс бағалауымыз керек. Бірақ біз үмітсіз адамдардан гөрі басқаша қайғырамыз”. Біз бір-бірімізден айырылдық деп жыласақ та, қайтыс болған мәсіхшіге керемет күн болғанын түсіну қандай жұбаныш. Ол дәрі-дәрмектерге, дәрігерлерге, операцияға, жұбанышқа, дұғаға мұқтаж емес. Біз онымен қоштаспаймыз, біз онымен кейінірек көреміз.
Әйүп 2:11-13
11Әйүптің темандық Елипаз, шуахтық Билдад, нағамалық Сопар есімді үш досы бар болатын. Олар Әйүптің басына түскен ауыртпалықтар туралы естіген соң, оның көңілін сұрап, жұбатпақ болып өзара келісті. Содан үшеуі тұрып жатқан мекендерінен сапарлап келіп, оның қасына жиналды. 12Алайда үш досы Әйүпті алыстан көріп, алғашқыда танымай қалды. Сонда олар дауыстап жылап, шапандарының өңірін жыртты. Аспанға қарай күл-тозаң шашып, оны бастарына да септі. 13Үш досы Әйүппен бірге жеті күн, жеті түн жерде отырды. Оның соншалықты қатты қиналып жатқанын көргендіктен, олар оған ештеңе айтпай үндемеді.
Сіз бен мен, Әйүп кітабындағы Әйүптің достарының көптеген киелі кітапқа сай емес, тіпті қатыгез түсініктемелеріне қарап оларға лайықты төмен баға береміз. Бірақ біз оларды толықтай сызып тастаудын алдында, мына Әйүп 2:11-13-ке қарап, олардың дұрыс істеген нәрсесіне лайықты жоғары бағасын берейік. Олардың үндемей адалдық танытқаны Әйүпке үлкен жұбаныш болған шығар. Олар келді, қамқор көрсетті. Жанұямдағы қайтыс болғандардың жерлеу рәсімінен кейін қаншама жылдар өтсе де, менің қасыма кім келіп отырғандары әлі есімде. Бүгінгі күні де мен үшін сол әлі мағыналы.
Әйүп 1:21
21Әйүп былай деді: «Анамның құрсағынан жалаңаш шықтым, дүниеден жалаңаш қайтамын да. Жаратқан Ие сыйлап берді де, Жаратқан Ие қайтарып алды да. Жаратқан Иенің есімі мадақтала берсін!»
Осы жерде өзіме екі сабақ аламын:
1) Өлім апат деп аталуы мүмкін; өлім ең жаман уақытта келуі мүмкін. Қандай уақытта болса да, Құдайдың қолы үстімізде. Құдай әрбір адамның уақытын белгілеуші.
2) Отбасыммен және достарыммен болған уақытым үшін алғыс айтамын. Менің қалағанымша олардың уақытын қолдануға құқығым жоқ. Ертеңгі күн ешқашан келмеуі мүмкін, сондықтан бүгінгі күннің барлығын қолданыңыз.
1 Жохан 3:1
Қараңдар, Әкенің бізге деген сүйіспеншілігі қандай зор: Құдайдың рухани балалары деп аталамыз және нақ солаймыз да! Осы күнәлі дүние кім екенімізді білмейді, себебі ол Құдайды білген жоқ.
Осы туралы ойланыңызшы. Біз денсаулығымыздан, жұмысымыздан, жанұямыздан, ақшамыздан, достарымыздан, беделімізден тағы басқа нәрселерден айырыла аламыз. Кейбір сенушілер біраз нәрселерді жоғалтады немесе бәрінен де құр қалады. Бірақ осы жерде біз ешқашан жоғалта алмайтын бір нәрсе бар. Ешқашан! Ешқашан! Ешқашан! Құдайдың жанұясына мүшелігімізді ешқашан жоғалта алмаймыз. Ол бізді ешқашан қуып шықпайды. Осы әлемде мәсіхшілер неге қауіпсіз сезінуге тиіс? Міне жауап: біздің Кемелді Көктегі Әкеміз әрқашан бізбен болады.
“Қайғыру кезінде бізге ең қажетті Құдайдың Өзі. Ол бізді қарсы алады, Ол Өзін бізге білдіреді, жақындарымыз тастаған бос жерді толтырады, біздің жүректерімізді жылытады, біздің ауыр жүгімізді көтереді, Оның Рухымен қарым-қатынасының тәтті жұбанышына жақындатады. Әкеміз бізді Өзінің сүйіспеншілігіне нәзік орағанда, біздің Оған деген сүйіспеншілігіміз өседі, біздің сеніміміз тереңдетіледі, тіпті қайғы-қасірет кезінде біз Оны терең және шын қуанышпен мадақтай аламыз”.
біз бәріміз де көптігімізге қарамастан Мәсіхтің рухани денесіміз, осылай өзара байланысқан мүшелеріміз.
Біздің жердегі жанұямыздың мүшесі қабірде болуы мүмкін, бірақ біздің Мәсіхке деген сеніміміз бізді Мәсіхтің денесінің мүшелері қылады және сол дене әсіресе, біз жараланғанда бізге көмек беруге дайын.
Мәсіхтің денесіндегі біздің мүше ретіндегі жұмысымыздың сипаттамасы мынадай:
… қайғыланғандардың қайғысына ортақтасыңдар!
Киелі кітаптағы “бір-біріңізді” деген көптеген аяттарды қолданыңыздар. Бір-біріңіз үшін дұға етіңіздер, бір-біріңізге жігер беріңіздер, бір-біріңізге сүйіспеншілік көрсетіңіздер…
Киелі кітаптағы қайғырудың үлгілерін көрсетуімді қалайсыз ба?
Патшалықтар 2-ж. 1:17-27
Саул мен Жонатанды жоқтау
17Дәуіт Саул мен оның ұлы Жонатан туралы жоқтау айтты.
18Кейін «Садақ жыры» деп аталған осы жыр яһудалықтарға үйретілсін деп Дәуіт жарлық та шығарды. Ол «Яшардың кітабында» жазылған.
Дәуіттің айтқан жоқтауы мынау еді:
19Уа, Исраил, қыраттарыңда сенің
Мерт болып жатыр мақтан тұтқан ерлерің!
Қалай қаза тапты жауынгерлерің!
20Ғат қаласына бұл хабарды айтпаңдар,
Ашқалон алаңында да жар салмаңдар,
Філістір қыздары қуанып жүрмесін,
Құдайсыз қыздар мәз боп билемесін!
21Уа, Гелбуе таулары, үстеріңе
Енді қайтып ешқашан шық түспесін,
Лайым жаңбыр да жаумасын жеріңе,
Егістіктерің еш өнім бермесін!
Өйткені өз қыраттарыңда қор болды
Қуатты жауынгерлердің қалқандары,
Енді қайтып Саулдың да қалқаны
Еш майланып-сыланбайтын болады.
22Жойылған жаудың төгілген қанынан,
Мықты дұшпандарының тәндерінен
Жонатанның садағы құр қайтпайтын,
Саулдың семсері де құртпай қоймайтын.
23Саул, ұлы Жонатан екеуі де
Сүйікті, сүйкімді өмірлерінде,
Ажырамаған олар өлімде де.
Бүркіттен бетер зымырай шүйілді,
Арыстаннан бетер күшті күресті!
24Уа, Исраил қыздары, қайғырыңдар,
Сендерге ал қызыл көйлек кигізген,
Алтынмен киімдеріңді көмкерткен
Саул марқұмды зар жылап жоқтаңдар!
25Батырлар шайқаста қалай қаза тапқан,
Қырат басында жатыр Жонатан!
26Жоқтаймын өзіңді, қайран бауырым,
Жанымдай жақсы көрген сырлас досым!
Мен үшін адал сүйіспеншілігің
Махаббатынан да артық әйелдің.
27Батырлардың қаза тапқандары-ай!
Елдерін қорғап көз жұмғандары-ай!
Көпшілік алдында оған көрсетілген құрметке Жонатан шүбәсіз лайықты еді. Егер де Дәуіттің жеке қайғысы осы ұзын, деталды өлең жолдарымен құрметтеуі көпшілік алдында болған оның терең сезімдері жеңілдетілген болғанда біз таңқалмаушы едік. Дегенмен, бұл жерде терең қайғырудың болғандығы байқалып тұр.