Жастарды Исаға еліктіру
Жақында мені таңқалдырған бір оқиғаға тап болдым. Басты кейіпкер жиырманың ары жақ бері жақ жасындағы спортшы, талантты, әйелдер арасында танымал жас жігіт болатын. Біраз қызықты оқиға. Менің назарымды баурап алғаны, оның әкесімен қарым қатынасы. Қиын сәттер келген кезде, ол кімге және неге жармасады? Әрине әкесінің жетелеуіне. Басқа біреулерге ақыл-кеңес беру мүмкіндігі болса, ол кімнен ымыралықпен дәйексөздер алады? Өз әкесінен. Сол бала әкесінің бәрінен де жақсы білетініне сенді. (тіпті оның достары әкесінің кеңесіне сүйенгенде, нәтижесі жақсы болып шығатын.)
Оның өмірінде қандай ерекше сәттер болды? Ең алдымен әкесімен серуендеу. Әке мен бала бірге өткізетін әңгіме дүкен және күлкіге айналатын сондай уақыттарды ұнататын. 21 ғасырда осындай қарым-қатынасты көру мен үшін таң қаларлық жағдай. Себебі менің өмірімде ондай кез болмағандықтан бір жағынан біраз жүрегімде қызғаныш ұялады, екінші жағынан көзіме жас келді.
Егер сіз ата-ана болсаңыз, ата-әже болсаңыз, жастар жетекші немесе шәкірт етуші болсаңыз сіздің ойыңызда бір ой туындауы мүмкін. Қалай мен балаларыма, немерелеріме, жастарға немесе шәкіртіме осы әке сияқты әсер ете аламын?
Осы сұрақты сіз өзіңізге қою керексіз: өсіп келе жатқан ұрпаққа сіз Мәсіх үшін барынша қандай әсер қалдыра аласыз?
Бұл сондай үлкен тақырып, келіңіздер көмек сұрайық. Бұл бізге қажет.
Көктегі Әкеміз, біз өзгелерге Мәсіх үшін әсер беру, қызмет ету қиындыққа соғады. Біз оны шын жүрекпен, сапалы орындауды қалаймыз. Бірақ біз Сенсіз ештеңе істей алмаймыз, тіпті тырысқымыз да келмейді. Сондықтан бізге үйренгісі келетін жүрек, қарапайым рух бере көрші, себебі біз біраз өзгертулер жасауымыз мүмкін. Бізге көп нәрсені үйрену қажет. Сұраймыз, бізді жетелеп жүретін Рухыңды бере гөр. Осыны біз көмекке мұқтаж болғандықтан, жүрегіміздегі үмітпен сұраймыз. Исаның атымен, аумин!
Біз үйреншікті шекарадан бастаймыз. Жастарға Мәсіх үшін қызмет ету тақырыбы көтерілгенде, төрт аят келтіріледі.
Заңды қайталау 6:7
Балаларыңа да бұл сөздерді мұқият үйретіңдер: үйде отырған не жол жүрген, төсекте жатқан не тұрып жатқан кездеріңде де солар туралы айтатын болыңдар!
Мағынасы – жастарды өмірлік сабаққа үйрету үшін күнделікті барлық жағдайды қолдану.
Нақыл сөздер 22:6
Баланы жастан салсаң тура жолға,
Есейгенде ол содан таймайды да.
Иә, ол біраз уақыт қаңғып жүрер, бірақ ол әкенің үйіне қайта оралады.
Eфестіктер 6:4
Ал ата-аналар, балаларыңа шектен тыс ұрыспаңдар, керісінше, ақылмен жөн сілтеп, Иемізбен жүргендерге лайықты тәрбиелеңдер!
Қолостықтар 3:2
Ата-аналар, балаларыңның ынжық болмауы үшін оларға шектен тыс ұрыспаңдар!
Балаларға ұрсудың көптеген жолдары бар. Абай болыңыз.
Төрт аят балалардың рухани тәрбиелеуіне тек анасы ғана жауапты емес екендігін анық көрсетіледі. Ата-ананың екеуі де сол жүкті көтерулері қажет – отбасынан тыс адамдар, жексенбілік мектеп немесе Киелі Кітап мектебі балалардың тәрбиесімен айналысады деген ойдан аулақ болу керекпіз. Балалардың №1 рухани тәрбиешілері – оның ата-анасы.
Осы аяттар сізге ата-анаға арналған жалғыз аяттар деген жалған әсер қалдыруы мүмкін. Осы аятқа немесе басқа да бірнеше аятқа жабысып алып, Киелі Кітаптың басқа қалған аяттарын жоққа шығарудан аулық болыңыз. Осындай көзқараспен сіз бұрмаланған хабар қалыптастырасыз. Егер де сіз тек қана осы аяттарды қолдансаңыз, сіздің жастарға әсер ету қарым-қатынасыңыз бүлінеді.
Сонымен қатар, Мәсіхке әкелгіңіз келген адамдарға өрт құбыршегін бағыттап, оны шарғыға айналдырып, өзіңіз қалайтындай бір нәтиже береді деген ойдан абай болыңыз. Мен сізді білмеймін, бірақ мен жоғары дәрежеде қосулы тұрған өрт құбыршегінің алдына тұрдым, күлкілі болған жоқ. Шын мәнінде өте ауыр тиді. Мәсіхшілікте өрт құбыршегінің алдына тұру түк те пайдалы емес, сізге қаншама деректер мен сандар, өмірлік сабақтармен басып өтетіні соншалықты тез, тіпті сіз оны меңгеріп және қолдануға да үлгере алмай қаласыз.
Мәсіхшілік өрт құбыршегі «сол жерге сұғасын, адамдардың бос басына саласын» деген қатынаста болса керек. Оны соңынан кетуі үшін қаттырақ итеріп жібер, көбірек тығып жібер. Кім сондай қалайды?
Нұсқаулықты оқу өте маңызды және құнды. Ата-аналар, ата-әжелер, жастар жетекшілері және шәкірт тәрбиелеушілер барлығы сол оқу үрдісіндеболып, хабар алынып отыруы тиіс.
Мысалы, сіз өзіңіздің бақшаңызда егіндік отырғызып, дәндерді себудің алдында, жеріңізді тастардан тазалап, аударып, топырақты жібітесіз және қолыңызбен үлкен кесектерді майдалайсыз. Содан соң сіз дән себесіз. Жаз бойы сіз арамшөптерді жұлып және қырыққабаттың барынша өсуіне топырақты өңдейсіз…дәл осылайша ұстаздар өз шәкірттерінің жүректеріне рухани нәрселер егуі тиіс. Біз солай жасау керекпіз… бұл дегені бізге қажет.
Нақыл сөздер 23:26
Балам, жүрегіңді маған бағышта,
Риза бол өзіңді жүргізетін жолдарыма!
Адамдарды Мәсіх жолына әкелетін қызметшілерді жоғары дәрежеде оқыту және олардың сенушілермен тығыз қарым-қатынаста болғаны өте маңызды.
Біз бастаған төрт құнды аяттарға шарттар қосу керекпіз.
Нақыл сөздер 23:26
Балам, жүрегіңді маған бағышта,
Риза бол өзіңді жүргізетін жолдарыма!
Неліктен осы аят өте аз көзге түседі және түсінбеушілікті туғызады? Осыны тереңірек қарастырайық.
«Маған мойынсұныңдар» деп оқылады ма? Бірнеше ата-ананы тыңдасақ, олардың сөзіне қарасақ, осы аят осындай түсінік береді екен. Менің балаларым мойынсұнайын деп жатыр. Жарайды, егер сіздің ата-анаңыз сізді мойынсұнуға үйреткен болса, сіз құнды бір нәрсе үйрендіңіз. Уақыт өте келе, сенің тыныс алуың үшін басыңды ұстап тұратын бастық керек болмайды, себебі ол саған керек емес болғандықтан сен оны бағаламайсың. Сіз бір тапсырманы орындай алам деген сеніммен атқаруға барған боларсыз.
Ата-анаға мойынсұну қажет. Бірақ оданда маңыздырақ нәрсе бар.
Нақыл сөздер 23:26
Балам, жүрегіңді маған бағышта,
Риза бол өзіңді жүргізетін жолдарыма!
Әр жексенбі сайын сіз ата-аныңызбен бірге қауымға бару керек екендігі айтылған ба? Мұнда ешқандай жаман нәрсе жоқ. Бірақ менің есімде, жексенбілік жиналыста анам, уағыз уақытында мен армандап кетсем, Құдайға құрмет көрсету керек екенімді айтып мені түртіп отыратын. Екі минуттан кейін кім оның дүкен тізімін жасап отырды? Өз балаларымызды жексенбілік мектепке апару, табыну қызметі, жастар тобына қатыстыру әрине жақсы, бірақ, сол іс-шаралардың бәрінен қалмай, қатысып жүрген балалар қазір Құдайдан алыстап кеткені бәрімізге мәлім.
Осы аятқа мұқият қараңыз.
Нақыл сөздер 23:26
Балам, жүрегіңді маған бағышта,
Риза бол өзіңді жүргізетін жолдарыма!
Ең жақсы тәрбие, ең жақсы ата-ана, ең жақсы шәкірттік бұл жаныңдағылардың жүрегіне шындықты енгізу.
“Киелі Кітапта жүрек барлық нәрсенің кілті, адамның жан дүниесінің мақсаттарын, мінезін, әдетін көрсетеді» – деп Нақыл сөздер 4:23 те анық айтылады.
Нақыл сөздер 4:23
Ең бастысы, таза сақта жүрегіңді,
Өйткені ол — өміріңнің қайнар көзі…
Егер де сенің жүрегің сенің шынайы келбетіңді көрсетсе, онда жүрегің соған толы. Жүрегіңе не ұялатасың, жүрегіңді кімге арнайсың содан абай бол.
Осы жайлы ойлан – Құдай Әке біздің жүректерімізді Оған арнағанымызды қалайды! Оны өмірімізге шақыру және сиынуынан да артық, Ол біздің жүректерімізді көбірек арнағанымызды қалайды. Ол біздің күніне бірнеше минут Оның Сөзін оқудан немесе жексенбіде бір сағатты Оған арнағаннан да көбірек уақыт арнағанымызды қалайды. Ол біздің барымызды қалайды, әсіресе біздің өміріміздің қайнар көзі – жүректі бергенімізді қалайды.
Егер де сіз балаларыңызға, немерелеріңізге немесе шәкірт етіп жүрген адамдарыңызға жоғары дәрежеде әсер еткіңіз келсе сіз олардың жүректеріне жол тапбуыңыз керек. Себебі сіздің мақсатыңыз – адамның жан дүниесін, жүрегін Құдайға еліктіру болып табылады. Содан соң ғана сіз адамдарды Мәсіхке жоғары дәрежеде еліктіре аласыз.
Сонымен сіз адамдардың жүрегіне қалай жол таба аласыз?
Нақыл сөздер 23:26 … жүрегіңді маған бағышта…
Әрине бұл мәжбүрлеу арқылы жүзеге аспауы тиіс.
Сондықтан балаларыңыз бен немерелеріңіз немесе шәкірттеріңізге әсер ету үшін жоғары дәрежеде сіз тікелей олардың жүректеріне жол табу керексіз.
Сол адамдарды Мәсіхке еліктіру барысында олардың жүрегіне тікелей жолды қалай табу керектігі жайлы қандай әрекеттер жасалу керек?
Біріншіден: Егер сіз балаңызға өз жүрегіңізді арнамасаңыз, не үшін ол сізге өз жүрегін беру керек? Біз балаларымыздан не алғымыз келеді, соны бірінші өзіміз оларға бағыштауымыз керек. Осы жайлы ойланып көріңіз. Тағы да қайталаймын.
Біз қарастыратын нәрселердің көбісі Ричард Филлипстің «Masculine Mandate» яғни «Ерлік мандат» атты кітабынан келтірілетін үзінділер.
Вьетнам соғысы кезінде оның әкесі сол жерде бір жылдай қызмет еткен. «Менің әкемнің жеке маған жазған хаттарына қарасам қазіргі күнге дейін көзіме жас келеді. Басында ол жәй ғана өзінің өмірі, шағын мәселелері, өзі көрген және істеген ерліктері жайлы қысқаша айтып отыратын».
«Содан соң ол менің өмірім жайлы айтатын. Дәл нүктеге кеп түсті: қымбатты Ұлым, мен сенің бейсбол ойынын ойнап жеңіске жеткеніңді естідім. Сенің анаң маған сен жеңіске жеткенде қандай қуанғаныңды айтты. Менің де сол кезде сенің қасыңда болғым келгенін білсең ғой, бірақ мен сенің жеңісіңді ойымда көремін».
«Менің әкем не істегенін көріп тұрсыз ба?» менің әкем маған мен оның баласы екенімді және оның жүрегі толықтай менімен байланыста тұрғанын айтты – тіпті әлемнің ½ жартысында алыста болса да.
«Менің әкемнің хаттары өмірімдегі барлық нәрсені қарастыратын: мектеп, қауым, спорт, үйдегі өмірім».
Өмірдің қызған кезінде және соғыс кезіндегі барлық қиындықтар мен міндеттері, армиядағы жоғары лауазымынды жәрежесіне қарамастан әкем менің өміріме шынымен бойын сіңіріп немқұрайлы қарамайтын және мен бұны білетінмін.
Сондықтан ол маған – ұлым менің, өз жүрегіңді маған бер дегенде – ол әлдеқашан өз жүрегінің әр бір бөлігін маған беріп қойған болатын. Мен оның ұлы едім. Мен одан басқа еш нәрсе істей алмадым, бірақ жүрегімді оған арнадым.
Ол жалғастырып: “Мен әкемнің жерлеу рәсімі кезінде, соңғы қоштасу сөзімде осындай жақсы адамның баласы болу мен үшін бұл үлкен абырой екеніндігін айттым. Оның көптеген әскери достарының бірі маған келіп: «Менің жерлеу рәсімім кезінде менің де ұлым дәл сіз әкеңізге айтқандай сөз айтса, мен барымды берер едім» деген болатын.
«Мен оған шын мәнінде жауап беруге батылым бармады, себебі мен оны және оның баласын жақсы танитынмын. Себебі баласы ешқашан әкесі жайлы жақсы сөздер айтпайтын, себебі ол баласына жүрегін арнамаған және баласының жүрегі әкесінен әлдеқайда алыс еді».
Сұрақ: Балаларымыз бізден көбінесе нені қалайды?
Жауап: Біздің сүйіспеншілігімізді, қолдауымызды, көңіл бөлгенімізді, уақытымыз бен балалар өміріне белсенді болғанымызды.
Балалар бізден өздері қалаған нәрселерін алып жүр ме? Біздің сүйіспеншілігіміз, қолдауымыз, көңіл бөлгеніміз, біздің белсенділігіміз, уақытымыз? Абайлаңыз! Егер де бала соларды ата-анасынан алмаса, ол басқа нәрселерден немесе басқа біреуден соларды алуға тырысады. Бұлай жалғаса берсе кім біледі не боларын? Бұл бізді расында да терең ойландыруы қажет.
Сіз балаңыздың, немереңіздің немесе шәкіртіңіздің өзбетінше жүрегін өзіңізге арната алмайсыз. Доп сіздің алаңыңызда. Балаларыңыздың сізге өз жүректерін арнауы үшін сізге көп уақыт және күш қажет.
Ең алғаш адамға тапсырылған өсиет Жаратылыстың басталуы 2:15 жазылғандай, жерді өңдеп күтуін бұйырған кезі. Егерде сіз балаңыздың сізге өз жүрегін бергенін қаласаңыз, онда сіз дәл бақшаны күткендей оның жүрегін өңдеу керексіз. Балаларын ата-анасынан артық ешкім де мақтауға және назар аударуға тиіс емес. Ешкім. Олар сіздің көз алдыңызда бағалы екенін көрсетіңіз. Осында мағына бар. Бірақ шынайы мақтаудан бөлек сіз балаңыздың, немереңіздің немесе шәкіртіңіздің жүрегін қалай жаулап ала аласыз?
Келіңіз онда, бір әкенің өз балаларымен тығыз қарым-қатынас орнатқысы келген қарапайым формуласын қарастырайық: Оқу. Сиыну. Еңбектену. Ойнау.
Оқу.
Киелі Кітапты өз балаларыңмен немесе немерелеріңмен …. немесе басқа өзіңе жақындармен оқы. Мен бір мадақтау тобының жетекшісін білемін, ол әр жексенбі сайын баласымен бірге отырып Киелі Кітаптан оқыған аяттарымен бөліседі. Мысалы, егер сіз қабырғадағы шыбын болсаңыз құлағыңызбен не есітер едіңіз? Әрине қабырғаның бергі бетінде өсектер сыбырын, арғы бетінде шындық жайлы талқылауды естисіз, бірақ сонымен қатар, әкенің өз ұлына арнаған уақытын көресіз. Әрине, көбіміз отбасылық кешкі дұғалармен бөлісетін отбасында өспегенбіз, бірақ өзге отбасыларда көптеген себептермен ол бір әдет-ғұрыпқа айналса да керек.
Бірақ сіз өзіңізді Киелі Кітапты жақсы білемейтіндігіңізді айтып, Киелі Кітапта әлі сіз түсіне алмайтын және көптеген сөздерге әліге дейін тіліңіз келмейтін адамдар есімдері бар болуы мүмкін. Клубқа қосылыңыз.
Забур жырлары 18:8-11
Кемелді – Жаратқанның тағылымдары,
Жан дүниені олар жаңартады.
Ақиқат – Иеміздің жарлықтары,
Олар наданды да дана қылады.
9Әрі әділ – Жаратқанның бұйрықтары,
Олар жүрекке қуаныш құяды.
Жаратқанның өсиеттері сондай нұрлы,
Көздерді ашып, жарқыратады.
10Мойынсұна қастерлеу Жаратқанды:
Осы таза ниет мәңгі қалады.
Жаратқанның шешімдері шынайы,
Барлығы мүлтіксіз де әділетті,
Тіл үйірген таза балдан да тәтті,
Алтыннан, саф алтыннан да бағалы.
Сіздің не түсінгеніңізді, не түсінбегеніңізді ойланыңыз: өміріңіздің өзгеруі, балаларыңызға осы Кітаптың бағалы, құндылығының күшін ашып беріңіз.
Өзіңізді осы Кітаптың жолдарына бағыштаңыз, тәжірибелі көмектерімен балаларыңыз, немере немесе тағы басқа біреулердің өміріне Құдайдың уәделерін, кереметтерін және мүмкіндіктерін ашуға тырысыңыз.
Біз базарға құрылыс материалдарын сатып алу үшін барамыз. Қаншалықты біз Киелі Кітаптан күнделікті өмірімізге қажетті рухани құрылыс материалдарын аламыз? Біз Киелі Кітапқа апарар жолды өзіміздің сүйікті дүкенімізге апарар жолдан жақсырақ білеміз бе?
Киелі Кітап бірге оқып, сиына отырып, балаларымыздың жүректерінің топырағын өңдейміз.
Сиыну.
Сұрақ: Сіз кімге жақынсыз?
Жауап: егер сіз Құдаймен болсаңыз сіздің ең жақын досыңыз сіздің сиыну серігіңіз болуы мүмкін. Өйткені уақыт өте келе сіз сол сиыну серігіңізге өз сырларыңызды сеніп тапсыра алып, сіз үшін дұға етуін сұрай аласыз. Нәтижесінде, өзара тығыз қарым-қатынас орнап, дұғаларыңыздың көбісіне жауап аласыз.
Мен осымен қайда бара жатқанымды айта аласыз ба? Елестетіңіз, ата-ана, ата-әже немесе жастармен жұмыс істейтін адам, сіз өз немереңізді, немесе балаңызды өзіңіздің сиыну серігіңіз еткіңіз келді делік. Өз балаңызға дұға жайлы қаншама айтып үйрете аласыз, соны елестетіңіз – мүмкін оның жүрегінің топырағын өңдеу керек шығар, сол кезде оның жүрегін сіз Құдайға еліктіре аласыз.
Жақып 5:16 Сондықтан сауығып кету үшін, жасаған күнәларыңды бір-біріңе айтып мойындап, бір-бірің үшін сиыныңдар! Әділ адамдардың Құдайға сиынуларының күші орасан зор.
Осы аяттың соңындағы сөздер, ата анамен баланың немесе ересек пен жастардың арасындағы қарым-қатынасты меңзеуі мүмкін бе? Біз Киелі Кітапты оқу арқылы балаларымыздың жүректерінің топырағын өңдейміз. Балаларымызбен бірге сиына, еңбектене отырып, олардың жүректерінің топырағын өңдейміз.
Еңбек.
Еңбек? Балалармен бірге ортақтасып еңбектену бұл олардың жүректерін өңдейді ме?
Әрине! Есіңізге түсіріңізші, қай кезде сіз соңғы рет бір сенімдегі бауырыңызбен оның пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргіздіңіз, көлік жөндедіңіз немесе бақшасындағы егіндікті ордыңыз? Иә, сіз сол жұмыстардан соң, үйіңізге өте кір, тіпті дымқыл боп келдіңіз. Мүмкін сіз бұдан алдын көп уақыт бірге күлмеген боларсыз. Бірақ сол жан сала еңбектену барысында сіз солармен бірге қызықты уақыт өткізіп күлдіңіз. Сіз тек жалғыз өзіңіз атқара алмайтын жұмысты, топпен біріге отырып, Оны Құдай жүзеге асырғанын байқадыңыз. Сіз бірігіп еңбектенгеннен кейін, сол тапсырманы бітіру үшін сол адаммен араңыздағы қабырға жайлап сына бастады және сіздер бір-бірлеріңізге жақындай түстіңіздер. Мүмкін жастардың жүректері ортақтасып, бірге өскен шығар. Бірге оқыңыздар! Бірге сиыныңыздар! Бірге еңбектеніңіздер! Соңында, бірге ойнаңыздар! Біз балаларымызбен бірге ойнай отырып, олардың жүректерін өңдейміз.
Ойын.
Мектеп жылдарымдағы «отбасылық демалыс» кезінде менің ата-анам балаларды біздің көптеген туыстарымыз тұратын ауылға апаратын. Ата-әжемнің фермасында трактор айдаумен, жүгері өрісінде жасырынбақ ойнаумен, шөптердің үстіне мінумен немесе ауылдың арығына шомылумен керемет уақыт өткізетінмін. Сол уақыттар менің балалық шағымның ең қызықты кезеңдері болатын, бір ағамның үйінен екіншісіне қыдырып жүретінмін. Көптеген жылдар бойы сол «отбасылық демалыс» кезінде мен қасымда ата – анамды кейде көретінмін, олар менің ойыма да кіріп шықпайтын. Менің жиендеріммен өткізген уақытым соншалықты қызықты болған, тіпті мен ата-анамның менің қасымда жоқ екенін байқамағанмын. Менің балалық шағымның алтын кезеңдерімен ата-анамды байланыстыру олардың жеке таңдаулары емес еді. Менің жүрегімді өңдеу мүмкіндігі көңіл бөлінбей ұмытылып кетті.
Осыны енді демалысын өз баларымен бірге ортақтасып өткізгісі келген және балаларының жүректерін ойындар арқылы өңдеу үшін керемет ойлар қалдырғысы келген әкенің сезімдерімен салыстырып көріңіз.
Оқыңыз! Сиыныңыз! Еңбектеніңіз! Ойнаңыз!
Бұл уақытты талап етеді, бірақ «уақыт бұл менің ұлым және менің қызым маған жүрегіңді арна деп айту құқығын беретін валюта болып табылады».
Нақыл сөздер 23:26
Егер сіз жастардың жүректерін сізге арнайтындай етіп дамытсаңыз сіз қандай сыйларға, баталарға ие боласыз? Жарайды, сол аяттан соң не келеді соны қарадыңыз ба? Аятты өз контекстінде қарау әрқашан көмектеседі.
Нақыл сөздер 23:27,28
Себебі азғын әйел — түпсіз шыңыраудай,
Түскен адам шыға алмас тар құдықтай.
Бөтен әйел қарақшыдай торуылдап күтер,
Опасыз жандардың санын көбейтер.
Келесі кезекте сексуалдық азғырылуға жайлы ескерту. Бірақ көп жылдар бойы жастармен жұмыс істеп келе жатқандарға бұл таңқаларлық емес. Өз ата-аналарымен тығыз қарым-қатынастағы балалар – өз ата-аналарына жүректерін арнаған балалар – өздерінің жүректерін жат нәрселерге емес, керісінше адамгершілікке арнайтынына көзім жетеді. Егер де олардың жүректерінде ата-анасының сүйіспеншілігі мен көңіл бөлулері жеткілікті дәрежеде болса, неліктен олар өз жүректерін және жан-дүниелерін басқа нәрселерге айырбастауы керек? Өз жүректерін бағыштаған балаңыз, немереңіз немесе шәкіртіңіз болса, онда «олар әке-шешесін немесе ұстазын жақсы көретін, сенім артатын және бағалайтын жандар» болуы тиіс. Сонымен қатар, олар әлемде болатын жаман нәрселерге карсы тұра алуы әбден мүмкін. «Құдайға ұмтылатын жүрек деп адамның Құдайдың даңқына деген құштарлығын айтады». Сізде Құдайдың даңқына деген құштарлық болса, сіз жақсы өмір сүру үшін шабуылға қарсы тұратын және қорғаныс мүмкіндіктері бар күшке ие боласыз».
Жастарды Исаға қалай еліктіру керек? Нақыл сөздер 23:26 жазылғандай тығыз қарым-қатынастан құру арқылы.