Порнография
Соңғы зерттеу жұмыстарының көрсетуі:
- Ғаламтор тұтынушыларының 66 % 18 – 34 жас арасындағы ерлер кем дегенде айына бір рет онлайн порнография көреді.
- 40% аса әйелдер онлайн порнографияға еліктірілген.
- Ғаламтор порнографияның ең көп тұтынушылары 12- 17 жасар балалар.
- Барлық ғаламтор сайттардың 12%, немесе 26,6 миллионнан астам сайттар порнографияға арналған.
- Күніне 2,5 миллиард электрондық хаттар порнографияға байланысты.
- Күнделікті барлық іздестіру жүйелеріндегі 25% немесе 68 миллионды құрайтын сұраныс – порнографияға байланысты.
Порнографияға байланысты осындай статистикалық мәліметтер жеке тұлғаға және қоғамға өте үлкен кері әсерін тигізетіні анық. Бұл көтерілу толқыны сияқты. Бүгінгі күнде осы әзәзілдің сенушілерге бағыттаған ең әсерлі шабуылы болып табылады. Не істеуіміз керек? Порнографиямен қызыққан адам көп болғандықтан, бізде онымен не үшін күресуіміз қажет деген азғыру болуы мүмкін? Егер біз оны көрсек нәтижесінде қандай мәселелер болады? Порнография сондай қауыпті бола алмайды ғой, солай емес пе?
Мұнда бірнеше порнография әкелетін қауып-қатерлер берілген:
- Жүректін қатайуы. Матай 5:28 де айтылған сөздерді орындамай, бұзу. «Ал Мен сендерге былай деймін: кім бір әйелге құмарта қараса, оның өз жүрегінде сол әйелмен неке адалдығын бұзғаны».
Жүрекпен көздің арасындағы байланыс жақын болып келеді. Әйүп 31:1,7 және 9-да жазылған жүрекпен көздің арасындағы байланысқа қараңызшы.
«Қыз-келіншектерге құмарта қарамауға көздеріммен келісім жасасып, оларды соған үйреттім».
«Егер мен не тура жолдан тайған, не көзбен көргеніме құмартқан, не басқа да күнә жасап арамданған болсам…»
«Егер бір әйелдің еліктіруіне түсіп, не көршімнің есігінде оның әйелін аңдыған болсам,».
Әйүп жүрегін бақылайды өйткені ол өз көздерін бақылайды. Егер де сіз көздеріңізді бақыламасаңыз, жүрегіңізге қауып төнуі анық.
- Әйелдерге төмен қарау. Порнография адамдарды жай ғана жыныстық ойыншықтар сияқты көрсетеді. Басқа ештеңе емес. Бұл сүйіспеншіліктің шынайы мағынасының бұзылуы болып табылады. Мәсіхшілік адамдарды сүйюді уйретеді; және адамдарды пайдаланбайды.
- Нақты төмендеп жатқан рухани бұрылым. Бір күнә екінші күнәні тудырады, ал ол өз кезегінде басқа күнәні еліктіреді, тағы солай жалғаса береді. Күнәні қамтып ұстап тұру мүмкін емес. Порно көру басқа да көптеген күнәларды жасауға итермелейді. Порнография жаман нәрсе, шын мәнінде ол қатты ауыр күнәларға есігін ашады, – балаларға қатыгездік немесе зорлық зомбылық жасауына итермелеп, осылай сіздің құлдырауыңызға мәжбүрлейді. Ауыр қылмыспен ұсталған көптеген адамдар, олардың рухани әлсіреуі порнографиядан басталды деп бөліседі.
- Мәселелі отбасы. Үйленген адамдарда жыныстық қатынасқа байланысты құпиялар болмауы керек, себебі әйелдің денесі өзінің ғана емес, күйеуінің де билігінде, дәл солай күйеуінің денесі өзінің ғана емес, әйелінің де билігінде болғандықтан олар бір біріне тиесілі. Үйленген адамға жұбайының порнография көруі – недеген қорлық десеңізші. Көптеген жағдайларда порнография ажырасуға дейін әкеп соғады.
- Жәбір көрген жұбайының қатты реакциясы. Мерзімді жаңалықтар порноның кесірінен жұбайларының бірі екіншісіне зиян келтіргені немесе тіпті өлтіргенін айтуы бұл әлі күнге дейін қалыпты емес.
- Порно тәуелділіктің ұяты ашылып жатыр және жариялануда. Адамның беделіне, отбасы мен балаларға түсетін ұятты елестетіп көріңізші.
- Ойдың ластануы. Құдай бізге ақыл-ойды ұлы мақсаттарға пайдалану үшін берді. Порно ол кір. Порно ол лас нәрсе. Не үшін сіз өзіңіздің ақыл-ойыңызды порнографиямен бітейсіз? «Ақыл-парасатты түкке тұрғысыз нәрсеге кетіру сұмдық».
- 8. Қызметшіні қауымдағы жетекшіліктен шектеу. Әр порноға тәуелді жетекші дереу өзінің қызметінен алып тасталуы қажет. 1 Тімотеге 3:2 «Ал қауым басқарушысының ешбір кінәратсыз таза болуы қажет: ол әйеліне адал, салауатты, байсалды, әдепті, қонақжай және қабілетті оқытушы». Порнография осы стандарттарды бұзады. Порно тәуелді-ол көзқарас жоғарыда құрметті емес, өзін-өзі бақылауға бір әйел немесе ер (тура аудармасы) емес.
- Өз денеңмен теріс пайдалану. Філіп.1:20 «Себебі мен ешбір ұятқа қалмайтыныма, қайта, батылдыққа кенеліп тірі жүремін бе, не өлемін бе, әрдайым болғандай, қазір де өз бойымда Иса Мәсіхтің дәріптелетініне үміт артып, соған нық сенемін.» Біздің денеміз Исаны дәріптеу үшін бізге берілген. Порнография Құдайдын даңқын ұрлайды.
- Жыныстық қатынасқа теріс ой. Порнография бізге келесі ойды береді: жыныстық қатынастың рахаты толығымен сау қарым-қатынастан бөлінген.
Сіз порнография көріп отырғанда Исаны қасыңызда отырсын деп шақырасыз ба? Осы сізге не айтады?
Киелі Кітап не айтады.
Матай 5:28 «Ал Мен сендерге былай деймін: кім бір әйелге құмарта қараса, оның өз жүрегінде сол әйелмен неке адалдығын бұзғаны».
Осы аятта негізгі 2 сөзге назар аударайық: осы аяттағы «кім» сөзі бойдақтарға, уйленгендерге, күйзелісте жүрген адамдарға, ажырасқандарға , жастарға, кәрілерге қатысты. «Кім» сөзі барлық адамдарға қатысты.
Екінші сөз бұл «әйел» сөзі. Бұл сөз сенің көршің, ғаламторларда көретін, журналдарда кездестіретін, жарнамаларда көретін әйелдерге қатысты. Осы аяттағы «әйел» сөзінің мағынасы барлық әйел заты дегенді білдіреді.
Нақыл сөздер 5:18,19
Құдайым жарылқай көрсін «бұлағыңды»,
Қанағат ет жастай алған қосағыңды:
Ол еліктей сұлу, тауешкідей әсем,
Үнемі ләззат тап кеудесінен,
Мас бола бер махаббатына әрдайым.
Еркектің назары тек оның әйелінде ғана болуы керек. Әйел өзінің күйеуі порнографиямен айналысқанын байқаса, көңілі құлазытады. «Мен оған жеткілікті емеспін бе?» деген ой мазалайды.
1 Қор. 7:4 «Себебі әйелдің денесі өзінің ғана емес, күйеуінің де билігінде; дәл солай күйеуінің денесі өзінің ғана емес, әйелінің де билігінде».
Сенің әйелің басқа қалаға кетіп калса ше? Жоқ. Әйелің жоқ болған кезде бұл порнография көруге болады деген сөз немесе себеп емес. Мәсіхші еркектің денесі әрқашанда әйелінікі болып есептеледі.
Әйүп 31:1 «Қыз-келіншектерге құмарта қарамауға көздеріммен келісім жасасып, оларды соған үйреттім».
Әйүп құдайшыл адам. Осы жерде біз оның не үшін оны құдайшыл адам деп атағанымыздың бір себебін көре аламыз. Оның әйелдерге нәпсіқұмарлықпен қарауға өз өзіне белгілеп қойылған рухани талабы болды.
Евр.13:4 «Некеге барлығың да құрметпен қарап, жар төсегін былғамаңдар! Азғындар және неке адалдығын бұзғандар Құдайдың сотына түспек.»
Құдай жыныстық қатынасқа карсы емес. Құдай Өзі жыныстық қатынасты жаратты. Осы аяттағы дұрыс жыныстық қатынастың (некенің ішінде өзіңнің жұбайыңмен) және жыныстық қатынастың жаман (басқа нәрсе) теңгеріміне қараңызшы.
Таңдаулы әндер. Осы кітаптың тақырыбы күйеу мен әйелінің арасындағы романтикалық махаббат. Сонымен бітті! Кейбір адамдар, осы кітаптың графикалық табиғатын Мәсіхтің Қауымға деген сүйіспеншілігінің суреттелгенін рухтандырылып айтуға тырысып, таңданады.Сіз қалай ойлайсыз? Мәсіхтің аты осы кітапта айтылған жоқ. Қауым туралы да мұнда айтылған жоқ. Осы кітапта күйеуі мен әйелі жайлы айтылғандықтан, мұнда айтылмаған нәрсеге емес, неге осы кітапта бар нәрсеге көңіл бөлмейміз? Бұл кітап не айтып тұрғанын тыңдаңызшы, кітап шын мәнінде күйеуі мен әйелінің махаббаты әдемі нәрсе дейді, осыны Құдай солай жаратты. Ерлі-зайыптылар бір-бірінде қанағат пен қуаныш табады. Олардың назары тек бір-бірінде ғана. (Порно сияқты) зиянкестер керек емес.
Сіз порнографиямен күресу үшін қандай қадамдар жасай аласыз?
- Мәсіхтің шәкірті болыңыз. Сіз күнәкарсыз (басқа адамдар сияқты). Мәсіх сіздің барлық күнәларыңыз үшін жанын қиды. Ол айқыш ағашта жанын қиғанда , Ол сіздің күнәларыңызды өтеді. Иса сіздің күнәларыңызды кешіруі үшін сіз Оның алдына келіп тәубе етіп, Оған сенім артқан кезде «Исаның жолында» өмір бойы сізді жетелеп жүретін Киелі Рух өміріңізге келді.
- Сіздің порнографиянымен күресіңіз өз-өзiңізден жиіркенуге, өз-өзіңізге жек көрушілікпен қарауыңызға әкелуіне жол бермеңіз. Осылай болса шайтанға ұнар еді. Бұл жолға түспеңіз. Оның орнына сіз Исаны Құтқарушы ретінде қабылдаған кезде – сіз Құдайдың баласы болдыңыз, бірақ сіздің өміріңізде қатерлі ісік бар, сол ісіктің жойылуы қажет. Сіз Құдайдың соғыспен күресетін баласысыз. Жер бетінде сіз осындай мәселесі бар бірінші адам емессіз; Сіз соңғы да болмайсыз. Сіз Құдаймен қарым-қатынасыңызды кесіп тастаған жоқсыз. Сіз әлі Оның отбасындасыз.
- Сізде жау бар екенін түсіну керексіз.
1 Петір 5:8 «Салауатты да сергек болыңдар! Сендердің қас жауларың, шайтан, ақырған арыстандай қауымды айнала шарлап кімді жалмасам деп торуылдап жүр».
Бұл шынайы шайтан, ол аш, және сіз өте дәмді көрінесіз. Біз мұнда сұмдық шайқас туралы айтып отырмыз. Сіз қаншалықты порнографиямен ұзақ байланыссаңыз, мүмкін соншалықты шынайы өкіну келетінін есте сақтаңыз. Жігерсіз болмаңыз. (Порнография кең тараған және қауіпті болғандықтан,сіз сол жыныстағы адамдармен сол мәселені көтеруге басқыншы болыңыз. Сіз балаларыңызбен белсенді болыңыз және порнография туралы ерте және жиі үйретіңіз).
- Порнографияға лайықты ат беріңіз. Бұл қатеден де немесе бейшара айыптаушыдан да немесе уақытты босқа кетіруден де әлдеқайда жаман. Бұл күнә. Және мәсіхшілер өз өмірлеріндегі күнәға қалай қарайды?
1 Жох. 1:9 «Егерде күнәларымызды мойындасақ , Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады».
- Ашығын айтайық. Кейде біз кейбір күнәларды шын мәнінде тартымды, жағымды деп табамыз. Порнографияда сіз үшін сол категорияда болуы мүмкін. Бұндай жағдайда Құдай сізге порнографияға жек көрушілік беруін сұраңыз. Сіз білесіз ғой, бұндай дұғаға Ол жауап береді.
- Өз ресурстарыңызды пайдаланыңыз. Егер сіз Исаны Құтқарушы ретінде қабылдаған болсаңыз, сізде Оның Рухы, Оның Кітабы, уәделері, нұсқаулары, Құдайға дұға ете алуымыз және сіздің порнографияға байланысты шайқасты бірге өту үшін басқалардың қолдауы бар. Бұл ресурстар біз пайдалануымыз үшін Құдайдан бізге берілген сыйлықтар. Оларды пайдаланыңыз.
Шайқас кезінде мүмкін кейбір аяттар туралы дұға етесіз:
1 Қор. 6:11 «Бұрын кейбіреулерің сондай болдыңдар. Алайда сендер күнәдан тазардыңдар; енді Иеміз Иса Мәсіхтің атына сиынып Құдайымыздың Рухы арқылы Оның қасиетті халқы болып, ақталдыңдар».
Қорынт қауымындағы адамдардың өткен өмірінде неше түрлі күнәлар болды. Бірақ олар Мәсіхке мұқият сенім артты, Иемізде өсті, және күнәдан бас тартты – порнографияға қатысты шайқас кезінде сіз де дәл солай Оған сенім арта аласыз.
Лұқа 1:37 «Себебі Құдайдың ешбір сөзі де жүзеге аспай қалмас!»
Мұндағы «ешбір» деген сөз сіздің порнографиямен қиналғаныңыз жайлы.
- Мықты іс әрекет керек.
Матай 5:29 «(Иса сөзін жалғастырып, астарлап былай деді:) Егер оң көзің (секілді өте құнды нәрсең) сені күнәға азғырса, ол сен үшін «ойып алып, лақтырып тасталған» сияқты жоқ болсын. Бүкіл денеңнің тозаққа лақтырылғанынан гөрі бір мүшесінен айырылғаның артық болар еді».
Бұл өз денелеріңді өздерің кескілеу дегенге шақыру емес. Бұл сіздің өміріңізден сізді күнәға тартатын нәрсені алып тастау үшін батыл іс-әрекетке шақыру дегені.
Жаман журналдарды отқа жағып тастаңыз. (солай оларды басқа ешкім көре алмайды). Өзіңіздің компютеріңізді ас ішетін бөлмеге қойыңыз, солай бәрі сіз не көріп отырғаныңызды біледі.
Порнография суреттері сіздің ұялы телефоныңызда шыға берсе өзіңіздің заманауи ұялы телефоныңызды ескі түріне ауыстырыңыз. (иә, кейбір адамдар сізге күлуі мүмкін, сізде ескі телефонның барына, бірақ порнографияның сіздің өміріңізден кетуі адамды келекелегеннен маңыздырақ). Сіздің кедергі жасайтын достарыңыз болды ма? Олардан алыс жүріңіз.
1Қор. 15:33 «Мұндайды айтқандарға алданып қалмаңдар!»
Қорытынды: порнографияны өміріңізден жойған кезде сіздің аяусыз болуыңыз керек. Сізде әлсіз жауап болуы үшін тіреу қойылған болса бұл сіз үшін тым көп. Сіз бұл шайқасты жеңу керексіз. Батыл әрекет талап етіледі.
- Өзіңіздің шайқасыңызда жалғыз күреспеңіз. «Серіктестік» бөліскен өмір немесе жалпы өмір деген мағына береді. Сізге жігер беретін, сіз үшін дұға ететін адамды немесе рухани жетілген бауырды Құдайдан сұраңыз. Жақып 5:16.
- Порнографиядан құтылғанша қауымда жетекшіліктен бас тартыңыз. Бүгінгі күні қауымдардың көбісі порнографияның кесірінен қызметші жетекшіліктен шығарылуда. Барлығы да солай істеуі керек.
1 Тім. 3:2 жоғарыда жазылған.
(Көп ақылды қауымдар жетекшілерінен жеке порнография туралы тұрақты сұрап тұрады. Сонымен мәселе болса, сол жетекші шу көтермей жетекшіліктен алыстатылады, порнография өмірінен кеткенше ол үшін дұға етеді, жігер беріліп тұрады, көмек беріледі. Сосын жетекшілік қайтарылуы мүмкін).
- Порнография мәселе болғанша неке қиуды кідіре тұру қажет. Үйлену порнография мәселесін бітірмейді. Сіздің жұбайыңыз сізді порнографиямен бөліскісі келмейді және бөлісуге тиіс емес.
- Ең тиімді қорғаныш – бұл жақсы шабуыл. Біз күнәға «Жоқ, жоқ, жоқ» деп айтудан гөрі оны көбірек ісімізбен көрсету керекпіз. Біз өміріміздегі порномен толтырылған уақыт аралықты пайдалы бір нәрсемен толтыруымыз керек. Әйітпесе сол бос жерді қандай да бір күнә жаулап алады.
Соңғы қорытынды:
Сіз Құдайды даңқтау үшін жаратылдыңыз. Ишая 43:6,7. Порнография сізге Құдайды даңқтауға көмек бермейді. Құдай сізді сол порнографиямен айналасуға жаратқан жоқ.
Сіз басқаларды сүюге шақырылдыңыз. Порнография басқаларды колданады. Өміріміз баталанған және біз соған тырысуымыз керек басқа еш нәрсе керек емес. Порно зұлымдықты әкеледі. Одан қашыңыз!
“Пәктік әрқашанда дұрыс. Лас, кір – әрқашанда ақымақтық және өзін өзі құрту деген сөз. Таңдауды ақыл оймен істеңіз, дұрыс және даналы шешім қабылдаңыз.