Сынақтар мен азап шегу үдерісі
(Стьюарт Брисконың материалдарынан алынған)
Філіпіліктерге 1:12-21
12 Бауырластарым, мен басымдағы жағдайымның Ізгі хабарды бөгемей, керісінше, оның кең таралуына үлес қосып жатқанын сендерге білдіргім келеді.13 Патшаның бүкіл күзетші жасағына және мұндағы барлық басқаларға да менің Мәсіхке қызмет еткенім үшін бұғауда отырғаным мәлім болды.14 Сонымен қатар, тұтқындалуым бауырластардың басым көпшілігінің Иемізге деген сенімдерін нығайта түсті. Олар Құдай сөзін бұрынғыдан бетер қорықпай уағыздауға батылданды. 15 Рас, кейбіреулері Мәсіхті қызғаныш пен күншілдіктен, ал басқалары ақниеттен уағыздап жүр.16 Бірқатарлары Мәсіхті ақпейілден емес, өз абырой–атақтары үшін уағыздайды: олар бұғаудағы маған одан да көп қасірет тартқызбақшы.17 Ал өзгелері Құдайдың мені Ізгі хабарды қорғауға тағайындағанын ұғып, оны сүйіспеншілікпен таратуда.18 Бірақ мұнда тұрған не бар? Мейлі, жалған не адал ниетпен, болсын, әйтеуір Мәсіх уағыздалса болғаны, мен соған қуанамын. Оған бұдан былай да қуанамын.19 Өйткені сендер сиынып, Иса Мәсіхтің Киелі Рухы көмек көрсеткендіктен, осы жағдайымның мен үшін жақсылықпен аяқталатынын білемін.20 Себебі мен ешбір ұятқа қалмайтыныма, қайта, батылдыққа кенеліп тірі жүремін бе, не өлемін бе, әрдайым болғандай, қазір де өз бойымда Иса Мәсіхтің дәріптелетініне үміт артып, соған нық сенемін.21 Себебі Мәсіх — менің өмірім, ал өлім мен үшін ұтыспен тең..
Құдай бізге біраз нәрселер жасайды….
Солай Құдай бізде бір нәрсе жасай алады….
Солай Құдай біз арқылы бір нәрсе жасай алады.
Құдай бізге біраз нәрселер жасай алады.
Пауылмен не жағдайлар болды?
Ал, Пауыл өзінің Мәсіхке беріліп қызмет еткені үшін түрмеде отырды.
Філіпіліктер 1:13, 4:22
“Ол күзеттермен бұғауланған еді. Шынында, ол күніне 24 сағат бойы күзетпен бұғауланған болды. Римдік ғұрыптарына сай күзетшілер әр 6 сағат сайын ауысып отырады. Сондықтан оның қашып кетпеуі үшін тәулігіне төрт күзетші кезекпен кезек ауысып отырды. Ол римдік күзетшімен шынжырмен бұғауланып ұйықтады. Ол күзетшіге әрдайым шынжырмен бұғауланған күйде жазды және тамақтанды. Ол бір сәтке де жеке қала алмады. Ешқашан. Барлығы сол Мәсіхке бола.
Пауылмен тағы не болды? Кейбір бір сенімдегілер оған қарсы тұрды. Філіпіліктер 1:15-16. Қандай негізде олар оған қарсы тұрды? Мұның тек бір себебі бар – қызғаныш. Біз негізінде сенбеушілер жағынан қарсылықтарды күтеміз. Бірақ оған қарсы болған бір сенімдегілер жағын Мәсіх денесіндегі керексіз қарбаластықты және ұрыс керіспен куәлік ету – өз басына ауыртпалық келтіруіне тура келді.
“Ол естен шығармайтындай болды. Өте қайғылы. Жағымсыз және еңсені түсіріп жіберетіндей болды. Бұл Мәсіхтің денесіне ауыртпалық әкелді. Бүгінгі күнде қауымның өркендеуіне кері әсерін тигізетін қорқынышты бұзушылық бар – олар қызғанышпен және дұшпандықпен уәжделген адамдар. Олар бүкіл өмірімен басқа адамдардың қай жерде болмасын батаға ие болғандарын, беделдерін түсіруге тырысып, өздерінің күнәға толы жүректеріне қызғанышты ұялатады. Олар шынайы ізгі хабарды уағыздайды, бірақ олардың жүректері таза емес. Олар көзге көбірек түсуге тырысады. Егер біреулер олардан ізгі хабаршы, тәлім беруші, бағушы немесе жазушы ретінде асып түссе олар ашуланады. Сол себепті олар қарсыластар болып табылады. Тағы бір дауласуға әкелетін сөз – жанжал. Олар өздерін Пауылмен бәсекелесте көреді және оның қорлаушылары болып қалады. Олардың осындай соғыста жеңіске жету жолдары бұл – жала жабу, айыптау, сын айту және оны басқалармен салыстыру”.
Пауылмен тағы не болды? Оның шаншылып түйрелу азабында екенін естен шығармайық.
2 Қорынтықтар 12:7
7 Өзіме ашылған құпиялардың төтенше ұлылығына байланысты кеуде көтермеуім үшін, тәніме «шаншылып түйрелу азабы» бұйырылды: шайтанның хабаршысы мені соғып қинайды. Бұл мені өркөкіректеніп кетуден сақтамақ..
Пауыл өзіне тәнінің шаншылып түйрелу азабы не үшін берілгендігін анық түсінді: өркөкіректіктен сақтауы үшін. «Пауыл сенуші болды, ол мәсіхшілердің ішіндегі ең беделдісі, ең кемелденгені болды, бірақ оның күнәһар тәнінде өркөкіректік қала берді». Бұл азап Пауылдың кез келген жағдайда өз өзіне сенім артпасы үшін маңдайына жазылып қойылған шабуыл болды. «Кішіпейілдік – ең ұлы игілік. Өркөкіректік – ең ауыр күнә». Барлық басқа күнәлар осы өзімшілдікпен өркекіректіктен басталады.
Құдай өте даналы болғандықтан ол бізге азаптың шын мәнінде қандай екенін ашып көрсетпеген. Егер ол бізге айтса, онда біз өз азабымызды Паулдыкімен салыстырып, біздікі ең ауыры екен деп кетіп қалар едік.
Сонымен, Пауылмен осындай жағдай болды. Ол түрмеде отыр, оны басқа сенушілер құрметтемейді және олар жетпегендей оның тәнінде жағымсыз азап бар.
Құдай бізде жұмыс жасайды.
Себебі Пауылмен не болса, Пауылда (метафора- Пауылдың ішінде) болды?
Філіпіліктер 4:11
«Мұны бір нәрсе қажет болғандықтан айтып тұрған жоқпын. Мен қандай жағдай болмасын, қолдағы барды қанағат етуді үйрендім.»
Пауыл қанағат етуді үйренді. «Үйренді» деген сөзге назар аударыңызшы. Қанағаттану біздің еш бірімізде автоматты түрде пайда болмайды. Біз тек Құдайға бет бұрып, Оған мойынсұнған кезде біздің бір бөлігіміз бола алады. Егерде Пауыл түрмеге отырмағанда және жоғарыда айтылып кеткен сынақтарды басынан өткізбегенде ол қанағаттануға ие бола алар ма еді? «Жоқ» деген сөзден басқа нәрсені айту қиын. Өз жағдайында Пауыл жоқшылықта да молшылықтада өмір сүре алатын және нәтижесінде рақымдылықтың сыйы болатын Құдайдың келешегін үйренді.
Філіпіліктер 4:13
«Себебі маған күш-қуат беретін Мәсіхпен бірге болсам, бәріне де төзе аламын».
Пауыл Киелі Рухтың күшін үйренеді. Оның жолындағы барлық сынақтарды өту тек Құдайға сүйенішінің арқасында екенін байқай аламыз. Бұл дегені, тұтқын ретінде аман қалу үшін өз тарапындағы сенушілерден азап көре отырып және тәніндегі шаншылып түйрелу азабын көтеру деген сөз. Бұндай сабақты тек ауыртпалықтар арқылы үйрене алуға болады.
Філіпіліктер 4:19
«Ал Иса Мәсіхпен жүрген сендердің барлық қажеттеріңді де менің Құдайым Өзінің керемет байлығы бойынша қамтамасыз ететін болады».
Пауыл Құдайдың қамтамасыз ететінін білді. Егер ол сондай қатал адам болғанында ол мұны айтпас еді. Егер ода мұқтаждық болмаса ол былай айтпас еді. Бірақ Құдай оның мұқтаждықта болуына жол берді, олармен кездескен кезде ол Құдайдың Өз қызметшілерін қамтамасыз ететінін, қамқорлайтынын білді.
Філіпіліктер 1:19 Пауыл Құдайдың ауыр қарсыластарының көз алдында жасаған көмегін көрді. Бұл күнделікті қарсыластар. Пауылға сырттай көмек қажет. Құдай көмекке келеді. Ол Құдайдың сол ауыртпалықты жоюына көмектесетінін көреді. Пауыл сол қарсыластарын сөзсіз сүйе алатынын көрді.
Бұл хабар хабаршыдан да жоғары мағына береді. Пауыл өзі үшін өледі, сондықтан ол ізгі хабардың тіпті қарсыластары арқылы да таратылып жатқанына қуанды. Құдайдың күші және Құдайдың даналығы тағы да анығырақ, тағыда шынайырақ және шабыттандырғыш болды. Түрмеде Құдай Пауылды еңбегін жаңа болашаққа салуды үйретті.
Егерде Пауыл қайғырып, өзін аяғанда, ол Құдайға жарамсыз болып қалар еді. Бұл хат Киелі Кітапта болмас еді. Ол жәй ғана тек өзінің ауыртпалығын және азабын күні түні ойлайтын өлгісі келетін, бір бейшара шал болар еді.
Менің өмірімде басымнан өткен қандай да бір қиыншылықтарға қарасам, соның өтуінің бірнеше артықшылығын байқадым, бірақ менде сұрақ туындады, не үшін сынақ мұншалықты қатал болады. Менің көз қарасымда қиыншылық өте үлкен артық және қатыгез болып көрінді.
Жауабы мынау сіздің өміріңізде сізбен қаншалықта қиын және көп жағдайлар болса, Құдай соншалықты сізде және сіз арқылы жұмыс істегісі келеді. Біз қарсыластарсыз еш өспейміз. Немесе, біреу айтқандай: «Құдайдың фермасындағы ең бай топырақ – бұл бақытсыз топырақ». Бұл менің өмірімдегі ең ұлы күңкілдеу және жауапсыз қалған сұрақтардың біріне жауап береді. Құдай мені алдаған емес, мен жайлы ұмытқан емес немесе менсінбей, маған қатыгез болмады. Жәй, Оның жолдары әрине біздікіндей емес. Күмәнсіз, мен аспанға жеткенімде, Құдайдың менің өміріме деген жоспарын орындау үшін менің өмірімдегі сынақтар қатал болу керектігін көремін.
Осы кезге дейін біз Құдайдың бізге не істейтіні, солай Ол бізде не істей алатынын қарастырдық.
Ал енді Ол нәтижесінде біз арқылы не істей алатынын қарастырайық.
Құдай біз арқылы жұмыс жасайды.
Пауылмен не болғанның нәтижесінде Пауыл арқылы қандай жағдай болды?
Філіпіліктер 1:12
Пауылдың азабына қарамастан Ізгі хабар таратуға өте үлкен мүмкіндіктер болады деген үмітпен көтерілді. Оның қызметі оған кедергі болмады бірақ – Құдайдың рақымының арқасында жақсара түсті. Бұл маған, ауруханада көптен бері жатқан, бір әйгілі мәсіхшінің өмірі туралы еске түсіреді, ол көрді, оның сол ауруханада ұзақ жатқаны оған өзінің сенімі туралы бөлісетін ешқашан болмаған трибуна секілді берілгенін. Біздің жолымыз әрине Оның жолы емес. Ишая 55:8.
Філіпіліктер 1:13
Пауыл ауыртпалықтары арқылы Преторияндық гвардияға (римдік императорлардың оққағарлары) қол жеткізді. Оған жаңа миссиялық алаңдар ашылды. Элиталық сақшылардың жүректерін Құдайға бет бұрғызу үшін сіздің және менің қолданатын стратегиямыз еместігін атап өткен жөн. Сол преторияндық сақшыға Құдай жайлы куәлік айту үшін қасымызға өзімізбен бірге салмағы 200 кг-ды денелі жігітті алып алған болар едік. Оның орнына оларды Мәсіхке бет бұрғызу мақсатында Құдай қарияны қолданды. Ізгі хабардың таралуы үшін біз басымыздан өтіп жатқан жағдайларды зерттейміз бе? Басқа түскен ауырпалықтардың ең қызуы кезеңінде біз күтпеген сәтте миссия алаңы бізге қазір ғана ашылуы мүмкінғой деген сұрақпен үлкен бір суретті көруге тырысамыз ба?
Філіпіліктер 1:14
Ауыртпалықтарға деген Пауылдың дұрыс реакциясының арқасында басқа сенушілер жігерленді. Егерде Пауылдың түрмеге отыруға реакциясы мынау сияқты болғанда, не үшін мен мұнда қорқуым керек? Сөзсіз, көптеген сенушілер Пауылдың жағдайын көріп қорқыныш сезімі болды, бірақ олар оның қорықпайтындығын көріп, ол сол сенушілерді оған ұқсауына уәждеді. Егерде сіз түрмеде отырған күнде де сізде өз қызметіңіз бола алатынын олар көрді. Жаңа жерлерге ізгі хабар жеткізуге ашылды және жаңа топтарға ізгі хабар жетті. Сіз және мен жаңа адамдармен байланысуымыз керек. Бүгінгі күнде бізге сондай ой керек.
Філіпіліктер 1:14б
Пауылдың ауыртпалықтарына қарап, басқа сенушілер қызмет етуге мүмкіндік алады. Егерде Пауыл қастарында болғанда олар өздері сол ыдысқа жақындамас еді. Олар Пауылға барлығын өзі айтуына жол берер еді. Пауылдың түрмеде отыруы оларға пайдасын тигізді. Бүгінде сенушілерде өте көп қорқыныштар бар. Бізге осындай батылдық керек.
Філіпіліктер 1:20,21
Пауыл ауыртпалықтарына қарап, өзінің әлі толықтай жетілмегенін байқады. Оның өмірінде әлі жетілу немесе өсу керек болған салалар бар. Жаңа талпыныстар туады. Ол өзінің сол салаларда өсіп жатқанын байқайды. Ол Киелі Рухтың оның өмірінің соңына дейін оны жетелейтінін көрді. Жеке жайлылық ешқашан оның мақсаты болмаған. Ізгі хабардың таралуы және Құдайдың мадақталуы – өте маңызды.
Пауылдың ауырпталығына қарап оның жазған төрт хаттары өте мағыналы болып табылатынын байқаймыз. Түрмеде Пауыл әдетте бұларды түрмелік хаттар деп атайтын – Ефефстіктерге, Філіпіліктерге, Қолостықтарға және Філимонға арналған хаттарды жазады. Егер Пауыл басына түскен жағдайды мойындамағанда, осы хаттар жазылар ма еді? Әрең дегенде. Мен Філіпіліктер 4ші тарауды жиі оқыдым, әрбір аяттан кейін өз өзіме ескертемін, бұны ол түрмеде кезінде жазды. Бұл тарауды қандай күшті қылады десеңізші. Менің өмірімдегі ең маңызды тарау!
Ол жағдайға қарап емес одан жоғарыға қарап өмір сүргені анық. Біз соны есте сақтаған кезде бұл кітаптардың әсері өте үлкен.
Көптеген адамдар Пауыл сияқты жағдайға түсіп, оданда жақсырақ, ашулы, көңілі қалуы мүмкін. Біздің дүние осыларға толы, және Әйүптің әйелі осыған мысал бола алады. Жаратылыстың басталуы кітабындағы Жүсіп, Мәриям және Даниял осы үшеуі Пауыл сияқты ауыртпалықтарға төтеп беретін жақсы мысал болады.
Бір кісі жазғандай:
“Екі еркек бір пластина арқыла қарапты. Бірі ластықты көрсе, екіншісі жұлдыздарды көріпті.
Біз ауыртпалықтарға қалай қараймыз, барлығы біз қай бағытқа қарауымызға байланысты”.
Пауыл түрмеде, ол жоғарыға қарады, азаптың кезінде ол Құдайды көрді.
Бұлардың бәрінің мағынасы бар.
Құдай бізге бір нәрселер жасайды, солай Ол бізде жұмыс жасағандықтан біз арқылы жұмыс жасай алады.
Сынақтар мен азаптарға арналған қандай тәжірибелі келешек!