сыну
Мен қираған және айқайлаған дауысты ести сала не болғанын білу үшін ас бөлмеге жүгіріп барғанда анам пештің қасында жылап, ыңырсып тұрды. Ал әкем болса үндемей, беті қызарып дәрменсіз боп мұздатқыштың жанында тұрды. Мен олардың еденде парша-паршасы шығып, сынып жатқан біздің отбасылық ең қымбат құмырадан көздерін алмай қарап тұрғанын көрдім. Міне түбегейлі жоғалту. Ол шынымен өте әдемі жасыл лаймнан жасалынып қапталған құмыра еді. Оны отбасымыз 10 жылдан аса, тек ерекше жағдайларда да ғана қолданатынбыз. Ата-анам үйге қонақтар шақырайын деп жоспарлаған еді, анам әкеме сол құмыраны шкафтан алып беруін сұрады. Бірақ сол сәтте бәрі бітті. Бәріміз қалдықтарға қарап не істерімізді білмей абыржып қалдық.
Сыну
Мәселе шыны құмыралардың сынуына жетсе жаман сөз. Бізде иемденетін барлық нәрсе жайлы әңгіме болса, жаман сөз. Бұзылған көлік ешқайда бізді апара алмайды. Бұзылған микротолқынды пеш біздің тамағымызды жылытып бере алмайды. Бұзылған телефон бізді осы әлеммен байланыстыра алмайды. Жер бетіндегі өмірде сынған және бұзылған нәрселер жаман деп үйретеді. Ал Киелі кітапта керісінше айтылады. Бастамас бұрын Құдайдан көмек сұрайық.
Әке, сенен басқа және Сенің Сөзіңнен басқа нәрселердің барлығына кететін біздің уақытымыздың барлығы әшейін босқа болып есептелетінін бізге ескертші. Бізге үйренетін қарым қатынастар берші. Бізді алаңдататын және уайымдататын әрбір факторларды алып таста. Жүректермізге терең сөйлей гөр. Исаның атымен сұраймыз аумин.
Осындағы көптеген айтылып кеткен идеялар Алан Нелсонның «Күйзелісті құшақтау» атты кітабынан алынған.
Забур жырлары 50:19.
«Ал Құдайға ұнамды сый, құрбандық — Күнәсіне шынымен өкінген рух. Шын опық жеп, бағынған жүрекке Сен Теріс қарамайсың, уа, Құдай Ием».
Не жайлы айтып жатыр? Құдай сондай сынған жүректі бағалайды ма? Қорқынышты естіледі. Біз ұнатпайтын нәрсені Құдай жоғары бағалайды ма сонда? Бұл сонда қалай болғаны?
Бұл сөздің мағынасын, мәсіхшілік өмірді, өзіңізді және Құдайды түсінуге және Оны тануға Киелі Кітап жақсы көмектеседі. Сынған деген сөз мәсіхшілік өмірдің бір бөлігі екенін есту сіз үшін сондай түсініксіз болса керек, дегенмен бұл мәсіхшіліктің бір бөлігі екенін есту қандай таңқаларлық. Өмірімізде «әрбіріміз жеңіп өте аламыз» деп ойлағаннан да қиынырақ мәселемен кездесеміз. Бізге соларды жеңіп шығуды үйрену керек. Киелі Кітапта көптеген адамдар осындай күйзелістерге ұшыраған. Жаңа Өсиетте солардың ішіндегі ең белгілісін қарастырайық.
Елшілер істері 7 тарауда Степан атты жас сенуші жігіттің сенімі көрсетіледі. Өкінішке орай, оның қасындағылар яғни мәсіхшілердің дұшпандарының бәрі оны тыңдағысы келмейтін, сондықтан олар оны ұрып таспен өлтірді.
Елшілер істері 7:58
Оны қаладан қуып шығып, тас лақтыра бастады. Куәгерлер шапандарын шешіп, Саул есімді жас жігіттің алдына жинап қойды.
Өлтірушілердің киімдердін ұстап тұру арқылы Паулды ең кемінде осы адамдардың әрекеттесі қылып, ең жаманы – осыны бастаушы етіп көрсетеді.
Елшілер істері 8:3
Саул болса, қауымға қырғидай тиді; үй-үйді аралап, әйелдер мен еркектерді сүйреп шығарып, түрмеге жапқызды.
Осы кезде аузынан от лаулаған айдаһар мәсіхшілерді шайнағанын есіме түседі. Саул есімді жігіт мәсіхшілерге деген ашуының лаулағаны соншалықты, бақылауынан тым шығып кетті.
Елшілер істері 9:1,2
Ал Саул Иеміздің жолын қуушыларды өлтірем деген қоқан-лоқысы мен қаскөйлігін әлі де жалғастырып, бас діни қызметкерге барып, жолықты. Одан (Сирияның) Дамаск қаласындағы мәжілісханаларға арнап хат жазып беруін сұрады. Саул сол жерден тапқан еркек болсын, әйел болсын Исаның жолына түскендерді бұғаулап, Иерусалимге алып келмекші еді.
Саул Иерусалимдегі мәсіхшілерге шабуыл жасағандарына көңілі толмай, өзі қазіргі күні Сирияда бола тұра солтүстікке Дамаскіге барып, сол жердегі сенушілерге шабуыл жасағысы келді.
Елшілер істері 9:3-4,9
Осы ниетпен кетіп бара жатып, Дамаскіге жақындап қалғанда, оған көктен түскен жарық нұр кенеттен сәулесін төгіп жіберді.4 Саул жерге құлап түсіп, «Саул, Саул! Неге Мені қудалайсың?» — деген дауысты естіді. : 9 Содан ол үш күн бойы көзі көрмей, еш нәр татпады.
Сөйтіп Құдай Саулды сындырады. Саулдың сынуының кейбір жақсы жақтары айтылуы керек:
- Саул кейінірек Пауыл деп аталды. Осы сыну процесі басталған кезде ол сенбеуші еді, бірақ бұл оны Мәсіхтің жолын қуушы болуға көмектесті. Сыну процессі сенуші және сенбеушілердің де өмірінде болуы мүмкін.
- Саул сынуды өздігінен сұрап алмады. Құдайдың өзі кездесу тағайындап, сынудың бастамашысы болып табылды.
- Сыну – біздің ескі болмыстың құлдырауының басы болып саналады. Саулдың бұл сынуы арқылы күнәларының баяулағаны байқалды. Мәсіхшілердің артынан аңдып, қинап жүретін өте шапшаң қоян болудың орнына Саулда кішіпейілділік пайда болды. Ол көре алмағандықтан, ол басқалардың көмегінсіз жүре де алмайтын болды. Бұл апат Сауылдың қателескенін түсінгендегі барысы, басында сіз естіп жатқан менің ас бөлмемдегі еденге түскен құмыраның сыңғырлаған дауысынан да жоғары. Иса шынымен де Құдай! Ендеше оның ескі құндылықтар жинағы мен кеудемсоқтығы немесе ызақорлығы жоқ болып кетеді.
- Сондай сынулардан кейін үлкен нәрселер пайда болды. Оның Исаға деген жек көрушілігі Исаға деген сүйіспеншілікке айналды. Ол қауымға зиян келтірушіден қауым құрушыға айналды. Ол шындыққа шабуыл жасаушы болудан Жаңа өсиетті (Исадан кейінгі) ұлы жеткізуші болды.
- Киелі Кітаптағы басқа сынулар осыған ұқсамайды. Барлық сынулар әртүрлі – бір өлшем бәріне бірдей келе бермейді. Сауылдың жасы 30 дан кем болмаса керек. Сыну өміріміздің басында немесе соңында болуы мүмкін. Сауылдың өміріндегі жікке бөліну кезеңі қысқаша уақытқа созылды, бірақ сіз Киелі Кітапты парақтап, кімде осы кезең ұзақ болыпты деген мысалдар іздемей Мұсаны алыңыз.
Одан да басқа сынулардың айырмашылығын байқаңыз – киттің ішінде болған Жүніспен, пайғамбар әшкерелейтін Дәуітті салыстырып көріңіз. Бірақ бір нәрсе міндетті түрде орындалады.
Забур жырлары 50:19
Ал Құдайға ұнамды сый, құрбандық –
Күнәсіне шынымен өкінген рух.
Шын опық жеп, бағынған жүрекке
Сен Теріс қарамайсың, уа, Құдай Ием.
Құдай жікке бөлінуді бағалайды. Біз Құдайдың алдына «өмірімізде күнәнің жаулап алғанынан әлсіреген кезде, өзімізді жарақаттанып, біздің қатайып қалған жүрегіміз жібіген және өркөкіректігіміз төмендеген және біз өзіміз үшін ешкім бола алмай әлсіреп, ал Құдай біз үшін бәрі болғанда» осындай жүрекпен келгенде ғана ұнатып, Өзі жұмыс жасайды. Егерде біз Исаның соңынан еруге шыншылдықпен қарасақ, онда сыну бұл мәсіхшілік өмірдің керекті курсы болып табылады.
Сонымен, мәсіхшілік өмірде рухани құлау үлкен нәрсе болса, онда ол шын мәнінде не екенін дұрыс түсініп алайық.
Біз назар аударып тыңдау керекпіз.
Рухани сыну – бұл Киелі Рухқа толу сияқты емес. Киелі Рухқа әрбір сенуші мәсіхшілік өмірінің кез-келген уақытында тола алады. Бала сенуші Киелі Рухқа тола алады. 60 жастағы сенуші Киелі Рухқа толуы мүмкін. Осының бәріне қажеті – күнәларымызға өкініп тәубе ету және Құдайдың қолына тапсыру. Егер де біз өзімізге белгілі күнәларымызға өкініп тәубе етсек және Исаны өміріміздің жетелеуіне жол беріп, Оны бірінші орынға қойсақ, онда Киелі Рухқа толғанымызға сенімді болуға болады.
Құдайдың жетелеуіне үздіксіз сиыну – бұл Киелі Рухтың толуының куәсі. Өзіңіздің ой-санаңызды Құдай Сөзіне толтыра отырып және өміріңіздің басқаруына жол берсеңіз, сізді Рухқа толған жолыңызда мықтап ұстайды. Кейбір спорт түрлерінде доп сіздің жақта болғаны жақсы болғанындай, Киелі Рухқа кенелу кезі келгенде доп сіздің тарапыңызда болады.
Өзге жағынан қарастырсақ, сыну кезінде құтқарыламыз ба әлде жоқ па ол Құдайдың қалауымен орындалады. Құдай бізді өзгертіп, кішіпейіл еткісі келгенде, Оны жақсырақ тыңдауға үйреткенде, бізді қолданғысы келгенде доп әлі жоғары дәрежеде Құдайдың алаңында жатады. Біз Құдайдан бізді өзгертіп, сындыруын сұрауымыз мүмкін, бірақ ол процестің орындалатын кезі бізге байланысты емес. Сыну бұл кішіпейілділікті білдірмейді. Бірақ көбіне кішіпейілділік сынудың нәтижесінде пайда болады. Сыну бұл сіздің жаныңызды Құдайға ұнамды болу процесі болса, кішіпейілділік дегеніміз Құдайға бәрі үшін рахмет айту болып табылады.
Сыну бұл тәубеге келу деген емес. Бірақ терең тәубеге келу сынудың нәтижесінде орындалады. Сыну бұл міндетті түрде қайғыға түсу дегенді білдірмейді. Шын мәнінде, егер сіз сыну процессын Құдайға тапсырсаңыз, ыңғайсыздық кезеңін қысқарта аласыз. Міне сыну дегеннің мағыналары. Бірақ тиынды аударып оның шын мәнінде не екенін біліп алайық.
Сыну бұл Құдай сіздің жаныңызды жуасытуға үйрету процесі. Сіз үшін кедергілер жойылғанда, сіз тиімді мәсіхші бола аласыз. Сіздің мінез-құлқыңызды өзгеріп, мойынсұнушылығыңыз артатын болса, сіз Мәсіхке одан да жақынырақ боласыз деген сөз. Сыну жайлы ойлағанда, бұрынғы ескі болмысыңыз өлді деп ойлаңыз. Сонымен қатар, қарсылықсыз тізе бүгу жайлы ойланыңыз. Сіздің жүрегіңіздегі толып қалған қатты күнәларды кесіп тастау жайлы ойланыңыз. Сіз қысқаша ауыртпалық бірақ ұзақ келешек жайында ойланыңыз.
Нәтижесінде көптеген сұрақтар туындайды:
Бірінші сұрақ: Сізге не үшін сыну керек? Біреу сіздің сынуыңызды асыға күтіп отыр ма?
Бірақ бір сәтке тоқтай тұрыңыз: Киелі Кітап сыну жайлы айтқанда сөз қандайда бір таза нәрсені алып еденге тастау жайлы айтылмайды. Бұл дегені, күнәһарді қабылдап оның өміріндегі күнәнің жаулап алуынан құтқару дегенді білдіреді.
Менің әкемнің ас бөлмесіндегі сындырып алған нәрсесі жақсы және зиянсыз еді. Құдайдың біздің өмірімізде сындыруы бұрмаланған, жаман, жөнсіз және қорқынышты. Міне сондықтан физикалық дүниеде сыну бұл жамандық болса, рухани әлемде бұл жақсылық.
Шындыққа көзімізбен қарайық – біз күнәнің күшін ықшамдаймыз. Оның жауыздығын жасырып қаламыз. Оның алдайтынымен жиі алданамыз. Бірақ ол барлық жерде: біздің өлеңдерімізде, теледидар, радио, жарнамалық қалқандарда, біздің әңгімелерімізде орын алады. Біздің көзіміз көр. Біз күнәнің жауыздығын түсінбейміз. Біз өзіміздің ескі болмысымыздың күшін түсінбей жатамыз.
Сіз Иса Мәсіхті Құтқарушым деп қабылағанда сіз өзіңіздің күнәһар екендігіңізді түсінесіз, бірақ қаншалықты күнәһар екеніндігіңізді терең түсінбейсіз. Бір жағынан соғысуды доғару, ұрыспау, құрметсіздікті тоқтату, барлығы білетін жалпы күнәлар.
Ал ешкімге көрінбейтін күнәлар ше? Сіздің жаман ойларыңыз, қызғаныш, жеккөру, ашкөздік, ал ең жаманы – өркөкіректік. Көзге көрінбейтін ішкі күнәлар ағаштағы өсетін оның өмірін жұқартатын жүзімдер сияқты. Егер де біреу сол ағашты тамырымен жұлып тастаса, сол ағаштың өмірі қауіпті жағдайда болып, әрі қарай өмір сүруін тоқтатады.
Сыну – бұл Құдайдың сіздің рухани өміріңізді мықтырақ қылып, жарқыратып және күнәлардан босатылуы үшін сіздің өміріңіздегі ешкімге көрінбейтін үлкен жүзім бұталары сияқты күнәларды балтасымен келіп жұлып тастауға арналған процесс.
Сыну – бұл сіздің рухани өміріңізді түбегейлі жақсартатын өте ауыр ота.
Екінші сұрақ: Неліктен сыну идеясы өте аз орын алады?
«XXI ғасыр сенушілер өміріндегі қиыншылықтары жандарының немесе жүректерінің сынуы олардың рухани құқықтарының бұзылуы деп есептеледі».
Әрбірінің дұғасы мен қалауы Құдайым, менің күн тәртібімді тыныштықпен толтыруыңды қалаймын, мен бай өмір сүргім келеді, содан соң МЕНІ ЖАЛҒЫЗ ҚАЛДЫР.
Сіз қашан қандай да бір сенушінің мақсаты Құдай оны сындыруын қалайтынын естідіңіз?
Сіз қашан сенушінің: «Құдайым мені сындыршы өтінем сындыршы, мен көптен бері сынуды қалаймын» деген мадақтауын естідіңіз?
Біз айқыш туралы фильмдер көргенде Исаның соңынан ере отырып, өзімізде қиыншылықтар туындауын түсінбейміз. Иса айқышта біз үшін құрбан болды, сондықтан біз енді қиындықсыз өмір сүре аламыз деген ойды қайдан алдық?
Кейінгі мәсіхшілік қауымдардың басым бөлігі сіздің мінез-құлқыңыз емес, сіз не істейтініңіз маңызды деп санайтын осы әлемдік мәдениетті көрсетеді.
Ал Құдай Өз балаларының мінез-құлқының дамуын қалайды. Осыны айтудың басқаша тәсілі – біз өміріміздің жемістеріне беріліп кетуіміз мүмкін, ал Құдайдың жауабы болса – Мәсіхке негізделіп, Мәсіхпен бірге өмір сүру және Онымен қарым-қатынасымызды нығайтып, жұмыс істеу болып табылады.
Біз Киелі Кітап оқудан алатын негізгі мәсіхшілік тәртіптерді, сиынуды және Киелі Жазбадағы аяттарды жаттау мен ораза ұстау және шынайы қарым-қатынасты нығайтуға үйрену керекпіз. Ең бастысы бұрынғы болып кеткен жағдайларды ұмытып, күнәнің құлдығында болуды доғару керекпіз.
Ол не екенін таба аласыз ба? Сонда сіз сене алмайтындай өміріміз жемістерге толы болып, куәлігіміз де керемет өсетін болады.
Жемісті қызмет ең біріншіден Құдаймен тығыз қарым-қатынас арқылы орындалатынын әлі түсінбей, оны қаламайтын да сияқтымыз.
Айтпақшы, кейде жасы келген сенушілерге қарап сұрақ қоямыз: «не үшін ол осындай жасқа келгенде, сыну сынақтарынан өтіп жатыр? Неліктен Құдай оған дамыл бермейді?» деп ойлауымыз мүмкін. Себебі жасы келген мәсіхшілер өз жолдарында тұрақты болуы мүмкін. Икемсіз, қолдануға жарамсыз, нәзік, өз өмірлерінде сынақтарға ұшыраған басқа адамдарға қажеттілік туындағында, Құдай оларды әрі қарай қолданады.
Егерде біз сынулармен күресе білсек, Құдайдың біздің өмірімізге деген ең жақсы нәрсесімен күресе аламыз дегенді білдіреді.
Сыну – бұл Қадайдың жоқтығы емес, керісінше Құдайдың өмірімізде бар екенінің мықты дәлелі. Егерде біз сыну процесінде бірлесіп әрекет жасасақ, біз қанша уақыт пен қуатымызды сақтайтын едік? Соңындағы нәтижесімен баталы болатын едік?
Өз қауымыңызды көз жүгірте қараңыз. Сіз қауымға жиі келмейтін адамдар жайлы уайымдайтын шығарсыз? Кейде болып тұрады, бірақ неліктен олай деп таң қаламыз? Мен бұны: «Олар Құдай өздерін сындырғанын қаламайды» деген жауаптың ең негізгі бөлігі деп санаймын.
Біз көптеген жылдар бойы, құтқарылған болса да бірақ әлі күнге дейін ашушаң, бақытсыз және айналасындағыларға еш таң қалмайтын адамдар жайлы ойланып уайымдайтын шығармыз. Қызық, не үшін? Мен: «олар тісін немесе тырнағын сындырумен күрескен» деп ойлаймын. Ешкім ота жасауды ұнатпайды. Бірақ осы отамен күресу барысында, Құдай бізді екінші топқа қойып, ол жеміссіз мәсіхшілікке алып келеді.
Үшінші сұрақ: Киелі Кітапта сынған бірнеше адамдар кімдер?
Мүмкін біз Киелі Кітаптағы сынған маңызды адам кім болып саналады деп сұрайтын шығармыз?
Мұсаның өткір мінезі адам өлтіруге итермелегенде ол сынды. Нәтижесінде ол өмірінің 40 жылын қуғында өткізді, солайша ол Құдай қалайтын жетекші болды.
Дәуіт өзінің неке бұзғыштығына және адам өлтіруіне қарсылық көрген кезде сынды. Содан соң баласының өлімі және елінде тәртіпсіздік орнады.
Ал шәкірттері соңынан еріп жүрген Адамын өлтіруге алып кетерде сынды. Қайта тірілген соң, 40 күннің ішінде Иса шәкірттерінің рухани өмірлерін қалыпқа келтіреді. Осылайша ежелгі дүниеде олар қорықпайтын қауымдар бастайтын адамдарға айналды.
Петірді ерекше еске алуды жөн санаймыз, себебі ол сынған адам болды. Ол өзінің 3-ші рет Мәсіхтен бас тартқанын түсінгенде, Исамен бетпе-бет болу арқылы қалыпқа келіп, шәкірттердің жетекшісі болуды жалғастырды. Киелі Рухтың қауымға қонған мейрамы жайлы ұлы уағызды айтып, қауымды іске қосты.
Атақты жазушы К.С. Льюис Исадан оның өміріндегі тесік шұраны жөндеп беруін өтінді, бірақ Иса бүкіл үйін қиратып, оны қайта тұрғызды. Льюис өзінде күнәнің тек кішкене бір бөлігі бар деп ойлады. Алайда бұған Құдайдың көзқарасы басқаша болып, оның өзі жасап алған өмірін ойрандатып, әлемді өз жазуларымен баталаған адамды қайта тұрғызды.
Егер бізде сол сынумен кездескен кезде, өздеріңізден жер бетінде сынбаған адам болды ма деп сұраңыз.
Кімнің Құдайға мойынсұнған өмірі мысал бола алады?
Філіпіліктер 2:5-9
«Иса Мәсіхтің мінез-құлқы сендердікі де болсын: Мәсіхтің құдайлық болмысы бола тұра,Ол Онысына жармасқан жоқ, қайта,Өз құдіреті мен салтанатты ұлылығынан Бас тартып, қабылдады құлдың сиқын: Ол адам секілді бұ дүниеге келді, Әрі кәдімгі адамға ұқсап көрінді. Өзін төмен тұтып, Құдайға мойынсұнды, Өлімге, тіпті айқыштағы өлімге бойсұнды. Сондықтан да Құдай Оны көкке көтерді, Оның мәртебесін бәрінен де биіктетті, Оған бар есімнен жоғары Атақты сыйлап берді».
Иса – Ол Құдай, Үшбірліктің екінші тұлғасы. Құдайдың орнына жармасатын көптеген жеңілдіктер мен айрықша құқықтар бар. Біз олардың бәрін түсіне алмаймыз. Бірақ Иса өз еркі мен бостандығымен өзін Мәриямның жатырында тоғыз ай бойы болуына Өзін шектеді.
Шын көңілмен Ол Өзін адам денесінде 33 жыл бойы өмір сүруге бойынсұнды. Шын көңілмен Ол Өзін сол Рим Империясының қол астында тұрған тәуелсіздігі жоқ ел, таяу шығыс елінде өмір сүруге Өзін шектеді. Ол тірі қалуы үшін шын көңілмен адамзат тамағын жеуге тәуелді болуға бел буды. Шын көңілмен ол Өзіне азғырылуға және азап шегуге жол берді. Ал біз әрқашан қандайда бір ерекше артықшылық іздейміз. Иса Өзінің жер бетіндегі 33 жыл бойы өмірінде қандай ерекше артықшылықтарды іздеді?
Біз осы қымбат өмірдің құқықтарын ұстана отырып, өзімізді мәсіхшіміз деп атаймыз, ал егер біздің құқықтарымыз қауіп үстінде болса, ядролық жарылу сияқты реакция көрсететін едік. Ал Иса Өзінің 33 жыл өмірінде ерекше бір маңызды адам болудан бас тартып, (мазмұны Філіпілііктер 2:7) құл болды.
«Сен өзің бола алатындай бол! Қолыңнан келетін барлық рақаттанудың артынан ер» деп Иса ешқашан айтпаған.
Філіпіліктер 2:8 Иса жеңімпаз болудан бас тартты (адами көз қараспен ойласақ). Ол жеңе алатын еді. Ол айқыштанда құтыла алып, Оны өлімге кескен барлық адамдарды қырып тастай алатын еді. Бірақ Ол жеңуден бас тартты (адамзаттың көз қарасы бойынша). Осолайша біз жеңілуге лайық кезде солай жеңе аламыз.
Сынған адамның қарсылықта соңғы сөзі болуы шарт емес.
«Құдіретті жалғыз Иса сияқты Жоғарыда отырған парламенттің бірде-біреуі және барлық бірігіп билеген патшаларда ешқайсы жер бетіндегі адамзаттың өміріне әсер ете алмады».
Исаның өміріне қарап ұғыныңыз, бізге қалай өмір сүру керек екенін үйрену қажет емес. Бізге лайықты өлуді үйренуіміз керек. Дән сияқты егіліп, өліп, ешқашан болмаған нәрсені тудыруымыз керек.
Егер осы жылы Құдай бізді сындырса, қандай тамаша жыл болар еді. Сонымен қатар, жоғарыда естіген сынулар біздің менмендігімізге қатысты боп, ас бөлмедегі еденде сынған заттың қалдықтары біздің жаман әдеттеріміз болып саналса жақсылыққа өзгерер еді.
Мәсіхшілік өмірде болатын ең жақсы нәрсе – шынымен игі нәрсе бұл біздің сынып, қайта қалпына келетін сенуші бола алатынымыз.