Қудалану
Исаның артынан ерушілер қудалауға ұшырайтын болады.
Сіз дайынсыз ба?
«Қудалану» дегенде көңілімізді түсіп, біздің қанымыздың қысымын көтереді, соның кесірінен ұйқы кетеді. Осы – мәсіхшілік өмірдің онай емес, бірақ сенім жолындағы маңызды жағы. Қудалау түсінігі соншалықты маңызды болғандықтан, біз оны дұрыс түсінуіміз керек. Ол сенушілер өміріндегі ең қиын жағдайларда Құдайға даңқ әкеледі. Сондықтан, киелі кітап осы туралы не үйрететініне мұқият қарайық.
- Қудалану – барлық сенушілерге уәде етілген.
Мәсіх Исамен жүріп, Құдайға ұнамды өмір сүргісі келетіндердің бәрі де қуғындалатын болады. 2 Тімотеге 3:12.
Бұл нені меңзейді? Дайындал! Құдайға ұнамды өмір сүрудің бір бөлігі мәсіхші ретінде қудаланудан тұрады. Мүмкін сіз Мәсіхке деген сеніміңізді өзгелерден жасырып, осы әлемнің адамы сияқты өмір сүрдіңіз делік. Қалай болғанда да сіз Құдайға ұнамды өмір сүре алмайсыз, өйткені Құдайға ұнамдылық – қудалау кезіндегі сіздің сенімде тұрақты болып, шыдамды іс-әрекетіңіз. Өміріңізде Мәсіхшілік айқын көрінгендіктен сізде азап шегудің белгілері көрінеді. «Құдайға ұнамды өмір сүре бастағанда біз Құдайдың ұлы істері, рақымы мен жарылқауы жайлы үндемей қала алмаймыз немесе осы әлемдік көзқарастарды қолдаудамаймыз. Ол дегені керісінше, сенімді батыл қорғап, сенімсіздік пен күмәнға сүйіспеншілік және жігермен қарсы тұруды білдіреді. «Жаралар – бұл әрбір сенушінің Исаға деген адалдық үшін төлейтін бағасы. Осы арқылы олар сондай-ақ Құдайдың алдында сенушіге лайықты сенімін білдіреді».
Есіңізде болсын, қудалаудың көптеген түрлері болуы мүмкін – сөздік шабуылдан бастап өлтірілуге дейін. Олар сансыз, кейде азапты болуы мүмкін.
Қудалау – мәсіхшілік өмірде міндетті түрде болатын нәрсе деген шындыктан ешқашан қашып құтыла алмаймыз.
Бұл тақырып забур жырларында аздап көрсетілген:
Әділ жан қиындықты көп көреді . Забур 33:20.
Біздің өмірде сенуші жүрегімізді сындыра алатын көптеген қиындықтар бар және олардың тізімі қысқа емес.
118-ші Забур жырының авторы – күмәнсіз Құдайға ұнамды өмір сүріп жүрген сенуші адам. Ол осы ұзақ жырда Киелі кітаптағы Құдай сөзінің рөлі, күші, оны еш нәрсемен алмастыруға болмайтындығын және өзінің басынан өткен қудалану туралы жазады.
Әкімдер жиналып, мені өсектегенмен,
Жарлықтарың жайлы толғанамын, уа, Ием. Забур 118:23.
Паң жандар мені мазақтай бергенмен,
Тағылымыңнан тайып кетпедім мен. Забур 118:51
Тәкаппарлар жапса да маған жалаларын,
Мен шын жүректен бұйрықтарыңа бағынамын. Забур 118:69
Мені себепсіз езген паңдар масқаралансын,
Ал мен бұйрықтарың туралы толғанамын. Забур 118:78
Сол тәкаппарлар Сенің заңыңа қарсы
Мені құлатпақ болып терең ор қазды. Забур 118:85
Зұлымдар аңдып жүр мені құртуға,
Мен болсам үңілемін жарлықтарыңа. Забур 118:95
Зұлымдар маған тор салып, тұзақ құрған,
Ал мен тайып кетпедім бұйрықтарыңнан. Забур 118:110
Басшылар жазықсыз мені қудалайды,
Ал жүрегім сөздеріңді қастерлеп қалтырайды. Забур 118:161
Забур жыршысы көптеген түрлі қудалаушылардан жапа шекті. Олардың арасында жоғарғы орындардағы адамдардан (патшалардан) бастап зұлым адамдарға, яғни Құдайды жек көрушілерге дейін болған. Құдайға бағышталған өмір қарсыластар тарапынан қолдау таппайтыны анық, керісінше – олар үшін дауласып, масқаралап жоюдың амалы.
Біз жаңа өсиетті оқып талқылағанда, біздің Құтқарушымыздың Өзінің артынан ергендердің Оған адал болғаны үшін кейбір кезде ауыр, үлкен баға төлейтіндіктеріне таңқалуын қаламағанын анық көре аламыз.
18Күнәкар дүние сендерді жек көрсе, оның сендерден бұрын Мені жек көргенін біліңдер. 19Егер де осы дүниелік болсаңдар, ол сендерді өз адамдары ретінде жақсы көрер еді. Бірақ осы дүниелік емессіңдер, керісінше, Мен сендерді күнәкар дүниенің ішінен таңдап, айырып алдым. Сондықтан да ол сендерді жек көреді. 20Мына айтқан сөзім естеріңде болсын: «қызметшінің жолы қожайынынан үлкен емес». Күнәкарлар Мені қудаласа, сендерді де қудалайды. Олар Менің сөзімді ұстанды ма, жоқ, ендеше сендердің сөздеріңді де ұстанбайтын болады. Жохан 15:18-20
Жек көрінішті болу – өте ауыр тиетін жағдай. Және сол жеккөрушілікті Исаға ерушілер өздерінің бастарынан өткізетін болады.
Сөйтіп (пайғамбардың алдын ала айтқан мына тәрізді сөздерін) жүзеге асыруға келдім: «Өз ұлы әкесіне, қызы шешесіне, келіні енесіне қарсы шығады. Матай 10:35
Сақтан! Жанұяның кейбір адамдары Исаны қабылдап, басқалары оны қабылдамағанда, жанұяның ішінде дау жанжал болуы шүбәсіз факт. Бізге осыны ескертеді.
Сендерді тіпті әке-шешелерің мен бауырларың, туыстарың мен дос-жарандарың да ұстап беріп, кейбіреулеріңді өлімге душар етеді. Лұқа 21:16
Исаның осы әлемге келгендігінен осы әлемдік қарсыластардың Исаға деген жек көрушілігі туыстық мен достық байланыстан жоғары болып кетеді.
Менің атымды мойындағандарыңа бола барлық жұрт сендерді жек көретін болады. Лұқа 21:17
«Осы аяттағы «барлық жұрт» – әр түрлі дәрежедегі, қоғамдық статустағы,әр түрлі нәсілден, ұлттан, жыныстан және әр түрлі жастағы Исаны жек көретін адамдар». Оларға шектеу жоқ.
Пауыл да мәсіхшілік өмірде болатын қудалауды өлшейді.
… Өмірімізде Мәсіхтің жолындағы азаптарымыздың молая түскеніндей, Ол арқылы көретін жұбанышымыз да ағыл-тегіл мол болады… 2 Қорыттықтарға 1:5
8Жан-жақтан қысым көрудеміз, бірақ тапталған жоқпыз, шарасыз болып қысылудамыз, бірақ үмітімізді үзген жоқпыз. 9Қуғынға түссек те, Тәңір Ие бізді жалғыз қалдырған жоқ; жығылсақ та, жойылмаймыз. 10Иеміз Иса іспетті тәнімізде әрдайым азап шегіп, өлім қаупіне душар боламыз. Сол арқылы Оның өмірі де тәнімізден көрініс табуда. 2 Қорынттықтарға 4:8-10
Осы қудалау кезінде не істеу керек?
Қазір мен сендер үшін тәнімде бейнет шегіп отырғаныма қуанамын. Мәсіхтің өз рухани денесінің, яғни бүкіл қауымның, игілігі үшін басымнан өтсін деп белгілеген азаптарын кешіп жүрмін, осылайша соларды толықтыра түсудемін. Қолостықтарға 1:24
“Басқа сөзбен айтқанда, олар сенушілерді жек көреді өйткені олар Исаны жек көрді, бірақ Иса қазір жанымызда осы жерде емес. Сондықтан олар Оның соңынан ерушілеріне соққы көрсетеді. Осы жайлы басқаша ойласақ, мен Ол мен үшін барлық соққыны алды ғой, менде Ол үшін соққы аламын.” – деген шешім қабылдау керек.
Петір де қудалау туралы біраз жазды:
Қымбатты бауырластарым, өздеріңнің «от кешіп» ауыр азап шегіп, сыналғандарыңды оғаш нәрсе деп ойламаңдар. 1 Петір 4:12
“Адамдар қиыншылық немесе қудалау кездерінде өздерінің зардап шеккендеріне таң қалып, шок алып жатады. Тіпті көптеген мәсіхшілердің ой-саналарында Құдай сенушілер өмірлерінде жамандықты болдырмайды деп сенеді. Бірақ Иса мұндай онай жолды уәде бермегенін айтады. Егер Құдай кемелді адамға үлкен, керемет игілікті ісі мен сенімде жүргені үшін қасірет шегуіне жол берсе, онда неге біз онымен бірге жүруге тырысып жүрген сенушілерге жаман нәрсе болмайды деп ойлауымыз керек?”
Қудалану – ол Мәсіхшілік өмірдің ажырамас бөлігі. Мәсіхшілік сенім әлсіздерге арналған деп ойлайтын адамдар осыны байқамайды немесе елемейді.
2 Қуғындалудан кейбір кезде басқа жолмен өте алуымыз немесе қуғындалу аз уақытқа ғана созылуы мүмкін.
Мысалдар:
Мысырдан шыгу
Даниал арыстанның апанында
Шадырақ және достары жанып тұрған пеште,
Исаның адамдар арасынан өтіп шығып кетіп қалуы, Лұқа 4:30
Петірдің түрмеден шығарылуы
Пауылдың өлімнен аман қалуы.
Осы сенушілер өз еркімен мерт болғанды артық көріп, оны қолдаған жоқ. Олар Құдай өзі жетелеп, азаптан шығатын жолды көрсетіндігін күтіп, сол мүмкіндікті қолданды.
3: Киелі Кітапта қудалануға түскендердің тізімі өте көп.
Олардың ішінде:
Әбіл
Әйүп
Жүсіп
Дәуіт
Даниал және достары
Еремия
Жақия шомылдыру рәсімін орындаушы
Иса – ең негізгі үлгі
Елші Жақып
(Қауым тарихында, Жоханнан басқа 11 елшілердің барлығы мерт болғандығы айтылады.)
Пауыл өзінің назар аударуға болатын қудалану нәтижесімен бөліседі:
23Олар Мәсіхтің қызметшілері ме? Ақымақ кісідей сөйлеп тұрмын: мен Мәсіхке солардан бетер қызмет етудемін. Оларға қарағанда әлдеқайда көбірек еңбектеніп, түрмеге қамалып, аяусыз соғылдым, талай рет өліммен бетпе-бет келдім. 24Яһудилер мені бес рет отыз тоғыздан қамшымен соқты. 25Мені үш рет таяқпен дүре соқты, бір рет өлтірмек болып таспен атқылады. Үш рет кеме апатына ұшырадым, бір тәулік бойы ашық теңізде қалқып жүріп, әрең аман қалдым. 26Көп рет саяхатқа шығып, тасыған өзендерден, қарақшылардан, өз ұлттастарым мен басқа ұлттық адамдар тарапынан сансыз қауіп-қатерге ұшырап келемін. Қала мен иен далада, теңізде және жалған бауырластар арасында қатерге тап болдым. 27Ешқандай аянбастан еңбектеніп келемін, ұйықтамаған түндерімнің есебі жоқ. Аштықтың, шөлдің не екенін білемін, киімге мұқтаж болып талай рет тоңдым. 2 Қорыттықтарға 11:23-27.
Иса Петірге қандай ажалмен өлетінін айтты:
18Саған өте маңызды шындықты айтамын: жас кезіңде сен беліңді өзің байлап, қалаған жағыңа бардың. Ал қартайғанда қолыңды созып тұрасың, сонда басқа біреу беліңді байлап, барғың келмеген жаққа еріксіз ертіп кететін болады, — деді. 19Иса мұны Петірдің кейінірек қандай ажалмен өлетінін алдын ала білдіру үшін айтты. Сол өлімі арқылы ол Құдайдың ұлылығын паш ететін болды. Иса осыдан кейін оған: «Мен жүріп өткен жолмен жүр!» — деп тапсырды. Жохан 21:18-19
Петір, сенде айқыш ағашта өлесің.
Және Еврейлерге арналған хаттың “Даңқ залы” 11 тарауы сансыз аттары жоқ сенушілердің қудалануы туралы айтады:
36Өзге кейбіреулері мазаққа ұшырап, соққыға жығылып, шынжырмен құрсауланып, түрмеге жабылды. 37Біреулері таспен атқыланып, арамен кесіліп, семсермен шабылып өлтірілді. Басқалары қой-ешкінің терісін жамылып, жоқшылық көріп, азапталып жәбірленді. 38Күнәкар дүние сондай ержүрек адамдарға лайықсыз еді! Олар айдалада таулы-тасты жерлерде қаңғып жүріп, үңгірлер мен апандарда жасырынып өмір сүрді. Еврейлерге 11:36-38
Ал келешекте не болады?
13Мұнан кейін ақсақалдардың бірі маған:
— Ақ шапан киген мына адамдар кімдер, олар қайдан келді? — деген сұрақ қойды. 14— Мырзам, өзіңіз білесіз ғой, — деп жауап бердім. Ол маған былай деп түсіндірді:
— Бұлар — зор қудалану кезеңінен өткендер. Олар шапандарын Тоқтының төгілген қанымен «жуып» аппақ қылды. Аян кітабы 7:13-14
Осы жерде зор қудалану туралы айтылған. Сол кезде көп адамдар өздерінің күнәларына өкініп, Исаға ере бастайды және соның нәтижесінде мерт болады. Мәсіхшілер қанының төгілуі Иса екінші рет келгенде ғана аяқталады.
Оған (айуанға) Құдайға бағышталған халқымен күресіп, жеңіп шығатын күш берілген, Аян кітабі 13:7a
Киелі кітаптағы қайсібір маңызды сенушіyің өмірі оңай болды?
Иса Мәсіхтің артынан ерушілерінің қудалануы киелі кітап жазылып біткенде де тоқтаған жоқ. Мерт болған сенушілердің қан төгілу жолы терең және кең, сол жол айқыш ағаштан басталып күні бүгінге дейін әлі төгіліп келе жатыр. Бүкіл өткен ғасырлардағы сенімдері үшін өлтірілген сенушілердің жалпы санына қарағанда XX ғасырда сенімдері үшін өлім құшқан сенушілердің саны басым болды.
XX ғасырда жыл сайын орта есеппен санағанда 300 000 сенушілер өлді деген ақпарат бар.
Бәлкім, Мәсіх үшін өлетін келесі адамдар біз болуымыз мүмкін.
4: Сенушілердің қудалауға деген реакциясы анық.
Кек алу? Жалпы осы туралы мүлде ойламаймыз.
Исаны тұтқынға алар алдында, бақта Петір құлақты кесіп тастағаны үшін, Иса оған наразылық білдіріп, кек алуға деген Өзінің ойын жеткізді ғой.
17Жамандыққа жамандықпен қайтармаңдар! Іс-әрекеттеріңнің жұрт алдында ізгі болуына тырысыңдар.
18Қолдарыңнан келгенше, барлық адамдармен тату болыңдар. 19Сүйікті бауырластарым, кек алмаңдар, соны Құдайдың қаһарына қалдырыңдар! Тауратта мынадай сөздер жазылған ғой: Жазалау — Менің ісім, тиісті жазаларын тартқызамын Өзім! — дейді Иеміз.
20Ал «жауың сенің аш болса тамақтандыр,
Егер де шөлдесе шөлін қандыр!
Мұныңменен сен басына оның
Қызып тұрған шоқ жиғандай боласың».
21Осылайша жамандықтан жеңілмей, оны жақсылықпен жеңіп шық! Римдіктерге 12:17-21
Қудалау кезінде сенуші адамға сенбеуші сияқты іс-әрекет жасауға құқық бермейді. Керісінше.
43Сендер «Маңайыңдағы адамды жақсы көріп, жауыңды жек көр!» дегенді де естідіңдер. 44Ал Мен сендерге айтамын: жауларыңды жақсы көріңдер! Өздеріңді қудалағандар үшін Жаратқан Иеге мінажат етіңдер! Матай 5:43-44
Соңғы кештегі дастарқанда құрметті қонақ – бұл Яхуда Исқариот болғаны таңқаларлық нәрсе! Иса нені уағыздаса соны істеп жүзеге асырды.
Сізді азаптар күтуде!
23Ал Сен үшін жау бізді күнде жоюда,
Сойылатын қой деп бізге қарауда. Забур 43:23
“Бүгінгі күні мәсіхшілдік өмірді қабылдаған адам, сол дәуірдің барлық ағымына қарсы соғысқа қатысады.”
11Тәңір Ие мені осы Ізгі хабарды халықтарға жариялаушы, елші және тәлім беруші етіп тағайындады. 12Сол себептен мен осындай азап көріп жатырмын. 2 Тімотеге 1:11-12a
Осы жерде Пауыл ізгі хабармен бөлісу және қудаланудың тікелей байланысын айқын көріп тұр. Екеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Егерде адамдар күнәсіне өкінбесе, онда олар хабаршыға шабуыл жасауы әбден мүмкін.
24Қазір мен сендер үшін тәнімде бейнет шегіп отырғаныма қуанамын. Мәсіхтің өз рухани денесінің, яғни бүкіл қауымның, игілігі үшін басымнан өтсін деп белгілеген азаптарын кешіп жүрмін, осылайша соларды толықтыра түсудемін. Қолостықтарға 1:24
“Осы жерде Пауыл мынаны көрді: Иса осы жерде болғанда олар Оны қудалады ғой. Олар оны өлтіргенше мейірімдік көрсетпей және тоқтамай қудалады. Иса қайтыс болғаннан кейін қайта тіріліп, көкке көтерілгенде де, бүкіл әлем оны қудалауды тоқтатпады. Олар бүгінге дейін де қудалауды тоқтатпай келеді. Пауыл біздің көретін азабымызды Мәсіхтің қайғы-қасіретіне қосып жатқан жоқ. Егерде Мәсіх қайтып келген болса, олар қайтадан Оны өлтіруші еді. Егер Ол қайтадан қайта, қайта, қайта келетін болса, Ол қайтып келген сайын қарсыластары оны өлтіруші еді. Ол қайтып келмейді, сондықтан олар шәкірттерін, яғни бізді өлтіреді, мерт қылады, шабуыл жасайды, қорлайды, бізді тұтқындайды.
«Қандай таңқаларлық нәрсе? Біздің Мәсіхке арналған соққыларды алып, Оның ешқашан қайтадан соққыға түспеуі және аспанда даңққа бөленіп отыруы қандай орынды».
29Ол сендерге рақым етіп, Мәсіхке сенуді ғана емес, Ол үшін азап шегуді де белгіледі. Філіпіліктерге 1:29.
“Алғашқы қауымдағы әрбір мәсіхші ерте ме, кеш пе, сенімдеіне бола өз өмірімен құн төлеуі мүмкін екенін білді. Бұл олар үшін әдеттегі жағдай болды. Мәсіхші болу өз өміріңізге қауіп төндіру деген мағынаны білдірді. Оны он мыңдаған адамдардың сенім жолындағы өмірі дәлелдеді.”
“Мен Қытайдағы тіркелмеген үй қауымдарына көп рет сапар жасаған елшіден сол қауымдар қудалаудың тоқтауы үшін дұға етеді ме екен деп сұрадым. Оның жауабы: «Олар қарсылық көреміз деп ойлайды. Олар басқа нәрсені елестете де алмайды.”
ҚОРЫҚПАҢЫЗ!
21Себебі Мәсіх — менің өмірім, ал өлім мен үшін ұтыспен тең. Філіпіліктерге 1:21.
Сенушіде сондай көз қарас қалыптасқанда, ол қандай жағдай болмасын қызмет етуге дайын болады.
25Ал Иса оған: — Қайта тірілу мен шынайы өмір — Менмін. Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады. Жохан 11:25
«Мәсіх бізді патшалық мақсаты үшін тәуекел етуге шақырады, Ол қауіпті ситуацияда ізгі хабар айтайын деп тұрған әрбір жасық әділ адамға мынаны айтады:
4Достарым, сендерге айтамын: тәнді өлтірсе де, кейін басқа ештеңе істей алмайтындардан қорықпаңдар! Лұқа 12:4»
Құдай тәуекел ететін адамдарды жақсы көреді.
«9Жоғаб өз жасағының екі жақтан: алдынан да, артынан да соғысуына тура келіп тұрғанын байқаған соң, бүкіл Исраилдің таңдаулы сарбаздарын іріктеп алып, арамалықтарға қарсы сапқа тұрғызды, 10ал жасақтың қалған бөлігін аммондықтарға қарсы бастап шығуды өзінің туған інісі Әбішайдың қолына тапсырды. 11Оған былай деп бұйырған болатын: «Егер арамалықтар маған тым қатты қысым көрсете бастаса, сен маған көмекке кел! Ал аммондықтар сені тықсырып бара жатса, мен саған көмекке барамын. 12Батыл бол! Халқымыз үшін, Құдайымыздың қалалары үшін мызғымай берік тұрайық! Ал Жаратқан Ие дұрыс деп тапқанын істесін!» 2 Патшалықтар 10:9-12
Қорықпау….тәуекелге бару….
Естер өзінің халқын құтқару үшін патшалық заңды бұзды және мынаны айтты…
Егер өлуге тиіс болсам, өлейін! Естер 4:16б
Қорықпау…..тәуекелге бару…
Шадырақ және достары жанып тұрған пешке түсу жайында мынаны айтты…
17Егер лаулап жанып тұрған пешке лақтырылсақ та, ғибадат етіп жүрген Құдайымыздың бізді құтқаруға құдіреті жетеді. Ол бізді сіздің қолыңыздан құтқаратын болады да! 18Тіпті солай болмаса да, мынаны біліп қойыңыз, уа тақсыр: сіздің тәңірлеріңізге ғибадат етпейміз де, орнатқан алтын мүсініңіз алдында иіліп тағзым етпейміз де! Даниял 3:17-18
Қорықпау…..тәуекелге бару ….
Және Пауылда осыған байланысты өзінің батыл көз қарасымен бөліседі:
24Бірақ мен өз жанымды ойламай, тиісті өмір жолыммен жүре отырып, Иеміз Исаның маған тапсырған ісін аяқтасам, Құдайдың рақымы туралы Ізгі хабарды уағыздап жеткізсем болғаны. Елшілердің істері 20:24
Иса туралы ізгі хабармен барлық халықтарға баруға ерекше тапсырма алдық.
19Сондықтан барлық халықтарға барыңдар! Оларды Менің шәкірттерім етіп, Құдай Әкенің, рухани Ұлының және Киелі Рухының атымен шомылдыру рәсімінен өткізіңдер. Матай 28:19
Назар аударыңыз,мұнда қауіпсіз елдерге ғана барыңыз деп айтылмаған. «Барлық» елдерге яғни «жабық елдер», соғыс болып жатқан елдер, Исаның тәліміне дұшпан елдер кіреді. Бұл Ізгі Хабар таратуда тоқтаусыз болуға шақыру.
ӨЗІҢІЗДІҢ РЕСУРСТАРЫҢЫЗДЫ ҚОЛДАНЫҢЫЗ!
7Өйткені Құдай бізге қорқыныш емес, күш, сүйіспеншілік және ұстамдылықты дарытатын Киелі Рухын сыйлады. 8Сондықтан да Иемізді ашық мойындаудан ешқашан тартынба! Иемізге бола түрмеде отырған мен үшін де ұялма. Қайта, Құдай беретін рухани күш-қуатқа сүйеніп, Ізгі хабар үшін азаптарды бірге көр. 2 Тімотеге 1:7,8
Қудалау кезінде біз Исаға куәлік еткенде, Құдайдың құдыреті сенушілерге қол жетімді. Соны қолданайық!
14Ал енді, қалай жауап береміз деп алдын ала ойламаймыз деген берік шешім қабылдаңдар! 15Себебі Мен сендерге жауларың қарсы сөйлеп, дәлел келтіре алмайтындай шешендік пен даналық дарытатын боламын. Лұқа 21:14-15
Өзіміз туралы түсіндіруге мәжбүр болған кезде, Құдай Өзінің Киелі рухымен жетелейді. Сөздер аузымызға түспей қалады деп алаңдаудың қажеті жоқ.
9Бірақ Ол маған былай деді: «Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады». Сондықтан Мәсіхтің құдіретінің бойымда орнығуы үшін, күшсіздігіме қуана мақтанамын. 10Сонымен, басымнан әлсіздік, қорлық, мұқтаждық, қуғын-сүргін, қысымшылық өткізгенде Мәсіхке бола ризамын. Себебі өзім күшсіз болғанымда Ол арқылы күштімін. 2 Қорынттықтарға 12:9,10
Құдайдың рақымы әрқашан бізбен бірге дегенмен, қудаланған кезде ол мүлдем жаңа, практикалық түрде көрінеді.
5Ал егер кейбіреулерің даналыққа мұқтаж болсаңдар, Құдайдан сұраңдар, Ол береді. Тәңір Иеміз еш жазғырмай-ақ бәріне жомарттықпен бере салады. Жақып 1:5
Киелі жазбаға қарасақ Құдайдың даналығы қолжетімді. Қудалау кезінде даналық көбірек қажет, сонда Құдай: «Келіп, оны ал», – дейді.
Біздің иелігіміздегі ресурстарымыздың ауқымды бөлшегі қандай!
5: Қудалаудан өтудің артықшылықтары бар.
Адамдар сендерді Маған бола қорлап, қудалап,
әр түрлі жала жауып жамандаса, бақыттысыңдар! Матай 5:11.
Ия, қудалаудың тікелей нәтижесі ретінде сенушілерге келетін көптеген артықшылықтар бар. Және бұл тізім керемет!
МӘСІХПЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫС
10Сөйтіп, Мәсіхтің Өзін де, Оны қайта тірілткен құдіретті де жақыннан танып білуге құштармын. Мәсіхтің азаптарына ортақтасып, Оның өз жанын Мен үшін өлімге қиғанындай, мен де Ол үшін өмірімді қиғым келеді. Філіпіліктерге 3:10
“Мәсіхпен қарым-қатнаста болғанда мен алатын нәрселердің бірі – ол азап шеккен кезімде Онымен тығыз қарым-қатынаста болу. Сіз мұны түсініп тұрсыз ба? Мен азап шеккен кезде мен ешқашанда біле алмайтын, мен ешқашанда сезіне немесе бастан өткізе алмайтын азап қайғы-қасіреттен тыс зардап шеккен біреумен бірге боламын. Мен қиналғанда маған серік керек. Жер бетіндегі кез-келген мәсіхші тірі Мәсіхпен рухани қарым-қатынастың ең терең сәттері ауыр азаптың басымыздан өткенде немесе өтіп жатқан сәтте болатынын айтады. Бұл туралы ешқандай күмән жоқ. Қайғы-қасірет бізді әрқашан Мәсіхке апарады. Неліктен? Өйткені біз сүйіспеншілікпен, мейірімділікпен, рақымдылықпен қарайтын бас діни қызметкерді табамыз … біздің жанымыздың ауырғанын сезінетін, тура біз сияқты сыналған, әлсіздігімізді білетін досымызды табамыз. Иса қудалауға ұшырасам мені жарылқанған деп атайды. Сондай-ақ, менің алдымда қудаланған Исаның артынан еріп жүргенімді білетінім және өзім Онымен қарым-қатынаста жұбаныш таба алатыным қандай жарылқау.”
18Болашақта біз үшін анық көрінетін салтанатты ұлылықпен салыстырғанда, қазіргі заманның азаптарының түк емес екендігіне әбден сенемін. Римдіктерге 8:18
Бұл Әйүп пен Пауылдың азаптары өте ауыр болмады дегенді білдірмейді. Дегенмен, Құдайдың кереметі мен ұлылығы аясында Онымен қарым қатынаста тұру – бұл күнәнің билігіндегі замандағы азаптардан асып түседі.”
МӘСІХТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК!
1Қараңдар, Әкенің бізге деген сүйіспеншілігі қандай зор: Құдайдың рухани балалары деп аталамыз және нақ солаймыз да! 1 Жохан 3:1.
Бұл өте ауыр тисе де, шындық болып табылады. Сенушілер қудалау кезінде өздерінің жұмыстарын, отбасыларын, үйлерін, өмірлеріне жинақтаған нәрселерін жоғалтып алуы мүмкін, және олардың елдері төмендеп құрып кетуі де мүмкін. Бірақ міне, бізде бір нәрсе бар, біз оны ешқашан жоғалтпаймыз. Ол – Құдайдың отбасындағы мүшелігіміз. Оны мынадай мысалмен түсіндірейік. Кейде біздің ата-анамызды қатты ренжісіп қалатын кездеріміз болады, бірақ ол дегені енді біз өз отбасымыздың мүшелігінен айырылдық дегенді білдірмейді. Дәл сол сияқты, Көктегі Әкемізді қатты ренжіткен кездеріміз де болады, бірақ біз әлі де Оның отбасының мүшелері болып табыламыз. Біз күнәмізге өкініп, тәубе еткен күннен бастап, Ол бізді Өз отбасына қабылдайды, “бізді Озінің балалары мен мұрагерлері етіп орнатады”. Сол қарым-қатынастың ортасында Құдайдың жақындығы, сүйіспеншілігі мен жомарттығы айқын көрінеді. Біз әрқашан Оның иығына сүйенеміз. Бұл нәрсе бізден ешқашан тартып алынбайды.
38Мен мынаған нық сенемін: өлім де, өмір де, періштелер де, жын-перілер де, бүгінгі күн де, болашақ та, табиғаттан тыс күштер де бізді Құдайдың сүйіспеншілігінен айыра алмайды! 39Рас, не үстіміздегі, не астымыздағы ешқандай күш те, тіпті жаратылыстың басқа ешбір нәрсесі де бізді Құдайдың Иеміз Иса Мәсіх арқылы көрсетіп жүрген сүйіспеншілігінен айыра алмайды! Римдіктерге 8:38-39.
«Біз Құдайдың мәңгілік сүйіспеншілігінен ешқашан құр қалмаймыз».
Бұл біздің өмірімізде болып жатқан барлық нәрсені түсіну дегенді білдіре ме?
Жоқ! Біз өз қадамдарымызды басқаратын Құдайға сенеміз.
24Адамның қадамдарын Тәңір Ие белгілер,
Онсыз адам жүрер жолын қайдан білер? Нақыл сөздер 20:24.
КУӘЛІК ЕТУГЕ МҮМКІНДІКТЕР!
Егер қудалау кезінде біз үндемесек, онда шайтан үлкен жеңіске жетеді. Петір, Жохан және Пауыл сенімдерін ақтамай, үндемей қалған емес.
15Оларға: «Жоғарғы кеңестен шығыңдар!» — деп бұйырды да, өзара ақылдасып:
16«Мына кісілерге не істесек екен? Олар арқылы бір кереметтің жасалғаны анық, бұл Иерусалимде тұрып жатқандардың бәріне белгілі, онымен таласа алмаймыз.
17Дегенмен бұл іс халыққа одан бетер тарап кетпес үшін, бұдан былай сол Есімді атап ешкімге сөйлемеңдер, олай етпеген күнде жазаға тартамыз деп қатаң тыйым салайық», — десті.
18Әлгілерді шақырып алып, оларға: — Исаның атымен ешқандай уағыз айтпаңдар да, тәлім бермеңдер де! — деп тыйым салды.
19Бірақ Петір мен Жохан оларға: — Құдайды емес, сіздерді тыңдау Оның алдында жөн болар ма екен? Мұны өздеріңіз ойлап көріңіздерші!
20Ал біз көріп-естігендеріміз туралы үнсіз қала алмаймыз, — деп жауап берді. Елшілердің істері 4:15-20
Петір мен Жохан үнсіз қалмай, Ізгі хабарды жариялауға кірісті.
Содан кейін қудалауға ұшыраған Мәсіх туралы куәлік ету мүмкіндігіне ие болған Пауыл:
Иерусалим халқы Елшілердің істері 22
Феликс Елшілердің істері 24
Агриппа Елшілердің істері 26
Қудалау бізге шындықты жариялауға ешқашан қол жетпеген алаңды береді. Бұл мүмкіндікті пайдаланайық!
МІНЕЗ ҚҰЛЫҚТЫҢ ДАМУЫ
Жақып ауыр азап барысында керемет мінез құлық қалыптасатынын біліп, сол туралы былай деп жазды:
2Бауырластарым менің, сендер алуан түрлі қиын сынақтарға ұшырағанда, бұл жайтты зор қуанышпен қабылдаңдар. 3Себебі сенімдеріңнің сыналып, берік те шынайы екендігінің дәлелденуі төзімділік тудыратынын білесіңдер. 4Тек төзімділіктерің іс жүзінде соңына дейін жетуге тиіс, сонда сендер рухани жағынан жетіліп те кемелденіп, ешбір кемшіліктерің қалмайды. Жақыптың хаты 1:2-4
Пауыл келіседі:
3Иә, тіпті азап шегіп жүрсек те, шаттана аламыз. Себебі азаптың бізге шыдамды болуды үйренуге көмектесетінін білеміз. 4Шыдамдылықтан сенімділік туады, ал сенімділік бізге үміт береді. Римдіктерге 5:3-4
“Жақып пен Пауылдан қандай тұжырым жасауға болады? «Құдайдың сізге арнаған жолдарының түсіндірмесін жақсы жасаңыз. Демек, егерде сізде біраз қиыншылық болса, мүмкін Құдай сіздің мінезіңді қалыптастыру үшін осы сынақты берген болса керек. Мүмкін, Құдай сізді қандай да бір үлкен жұмысқа дайындап жатыр немесе қандай да бір үлкен рақым үшін орын әзірлеп жатыр.”
«Құдай сенушінің толықтай Өзіне бағынатындығына көз жеткізу үшін шыңдардан гөрі шыңырауларды көбірек қолданады. Және оның кейбір ерекше таңдаулы сүйіктілері басқаларға қарағанда ұзағырақ және ауыр қиыншылықтардан өтуі мүмкін. Құдайдың еркі орындалуындағы ең құнарлы жер – қиындықтың топырағы».
«Азаптану – бұл азапты әлемдегі қызметімізге дайындықты білдіріп, қайғы-қасіреттің барлық түрлерінің көрінісі. Бұл мінезі жұмсақ, жуас адамдарға арналған әлем емес. Өздері сияқты жоғалып кеткендерді құтқару үшін «тозаққа» түсіуден сақталған, сыналған, қатайтылған қайратты шәкірттерді талап етеді».
«Егер біздің басымыздан азаптар өтпесе біз сенімімізде нығая алмаймыз. Егер біз наурыз айының желін яғни қиындықтарды басымыздан өткізбесек, онда біз тамыр жайып, сенімде батыл боламыз деп үміттенбей-ақ қойғанмыз дұрыс. Сіз жас емен ағашының ескі емен ағашы сияқты тамырларын терең жіберуін күтпейсіз ғой. Тамырдың ескі түйіндері және бұтақтардың соншалықты бұралғандары қартайған ағаштың көптеген дауылдарды басынан өткізгенін білдіреді. Бірақ тамырлары батып кеткен тереңдіктің көрсеткіштері де болып табылады».
“Адамдар қайғы-қасіретте мықты болмайынша ешқашан Құдайға ұнамды өмірде ұлы болмайды. Көптеген адамдар өз өмірінің ұлылығын өздерінің ауыр қиындықтарымен байланыстырады”.
ҚҰДАЙДЫ ДАҢҚТАУҒА МҮМКІНШІЛІК
Қалайша азапты қудалаудың арасында бола тұра мұны жүзеге асыра аласыз? Сіздер қудалаудан өтіп жатқанда Құдайға ренжудің орнына, Оған сенім арту арқылы даңқ бере аласыз. Мұны қалай істей аласыз? Сіз үшін Иса шексіз азап шеккенін, есіңізге алыңыз.
25Түн ортасында Пауыл мен Сыйлас Құдайға сиынып, Оны ән-жыр айтып дәріптеп мадақтады. Басқа тұтқындар мұны тыңдап жатты. Елшілердің істері 16:25
Олар ұрып-соғылғанына қарамастан, олар өз-өздеріне аянышпен қарамай, түрмеде ән-жырлармен мадақтады. Олар Құдайға кедергі жасамай, керісінше өздері арқылы Оның жұмыс істеуіне жол берді. Олардың Құдайға деген сүйіспеншілігі күндізгі болған жағымсыз оқиғаларға қарамастан азаймады. Сондықтан олардың Құдайды мадақтауы, құрметтеуі мен мінажаттары аспанға жетіп, сондай-ақ бүкіл айналадағы адамдардың құлағына да жетті.
31Басты қағида мынау: не ішіп-жесеңдер де, не істесеңдер де, бәрін Құдайды дәріптеу үшін істеңдер!
1 Қорынттықтарға 10:31
Осы аяттардағы «бәрі» деген сөздің қудалануға да қатысы бар. Сіз және мен осындай жағдайда еш кедергі жасамай, Құдайдың біз арқылы жұмыс істеуіне мүмкіндік берсек, Ол біз арқылы даңқталады. Біз үшін осыдан асқан шақыру жоқ.
6: Қудалау кезінде жұбаныш қол жетімді жерде.
ҚҰДАЙ ОСЫ ҮШІН ЖАУАЛКЕРШІЛІКТІ АЛҒАН!
ОҒАН КҮМӘНДАНБАҢЫЗ!
Римдіктерге 8:28
… барлық жағдайларда Құдай Өзін сүйетіндердің игілігі үшін әрекет етеді….
Осы аят ең жоғарғы, Әлемнің Иесі, Құдай барлық оқиғаларды Өз қолында ұстап тұрса ғана шынайы жүзеге асуы мүмкін.
Әйүп соны біліп, былай деп айтты:
Бірақ Әйүп:
— Ақымақ та арсыз әйелдей сөйлеп тұрсың. Құдай жақсылық жіберсе, соны қабылдау, ал ауыртпалық жіберсе, содан бас тарту дұрыс па өзі? — деп жауап қатты. Осы жағдайдың бәрінде Әйүп айтқан сөздерімен күнә жасаған жоқ. Әйүп 2:10
«Дауылды әкелетін де, оны алып кететін жел Құдайға тиесілі». Әйүп үшін баталар мен қиындықтардың қайнар көзі –Құдай болды.
Айта кететін жайт, Әйүп шағымданғанын бастағанда, ол шайтанға қарсы сөйлеп, оған тыйым салмайды. Ол Құдайға жалбарынады.
«Германиядағы яһудилердің фашистерден жасырған қабырғасында біреуі былай деп жазылған: « Тіпті көрмегенде де мен күнге сенемін, тіпті оны сезбесемде мен сүйіспеншілікке сенемін, тіпті ол үндемегенде де мен Құдайға сенемін.»
Біз болып жатқан қудалау кезінде және сол жағдайларды саралау барысында, Құдайдың әлемді бақылауын тоқтатты деген қорытынды жасамауымыз керек.
ҚҰДАЙ ӨЗІ ЖҰБАТУШЫ!
3Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі Құдай мадақталсын! Құдай — қайырымды Әкеміз, жұбаныш пен жігер атаулының бастауы. 4Ол бізді барлық азаптарымызда жұбатып, жігерлендіреді. Осылай Құдайдың өзімізді жігерлендірген жұбанышымен біз де әр түрлі қайғы-қасірет шегіп жүргендерді жігерлендіре аламыз.
2 Қорынттықтарға 1:3-4.
«Барлық жұбаныштың Құдайы ешқашан сәтсіздікке ұшырамайды. Бұл- Оның табиғаты. Ол әрқашан өз халқына қажетті жігерлендіруді, тыныштық пен күш-қуатты береді. Құдай бізге бауырдан да жақын жабысып тұрған досымыз, әрқашан бізбен бірге болатын Құдай, қолымыз және аяғымыз сияқты жақын, тыныс алу сияқты өте жақын. Бізді ешқашан тастап кетпейтін, бізден бас тартпайтын, бізді мекендейтін Құдай … » Пауыл мұны аяндар мен өзінің жеке тәжірибелерінен бөліседі.
ҚҰДАЙ СЫЙАҚЫ БЕРЕДІ!
12Қуана шаттаныңдар,
себебі көкте сендерді зор сыйларың күтіп тұр!
Жұрт сендерден бұрынғы пайғамбарларды да солай қудалаған. Матай 5:12.
«Сенушілер жерде тек қана белгісіз қысқа уақыт аралығында өмір сүріп, жұмақта мәңгілік тұрақтайды. Оның мағынасы? Инвестицияны осы жерде емес, мәңгілікке салу керек. Менде осы жерде кішкене ғана уақыт бар және соның бәрін Құдайдың банкідегі есеп шотына салғым келеді, солай ол маған мәңгілік дивиденттер төлейді. Бірақ осы мен үшін емес. Мен оны алып, сосын Құдайдың жарылқанған аяғына мадақ ретінде қоямын».
Біздің «Зор» сыйлығымыз дегені шынымен зор. Құдайдың сізге сондай сый беру деген ойы сізді таңқалырғаны сөзсіз?
Бірақ бұл аятта сенушілерге бұдан да басқа бай сыйақы барын айтады: олардың ішінде ерекшесі қудаланған сенушілер тобын күтуде. «Егер сіз өзіңіздің құтқарылуыңыз туралы күмәніңіз бар болса, құдай патшалығында болуыңызға қатысты сұрақтарыңыз болса, өміріңізге қараңыз. Егер сіздің өміріңізде сенбейтіндер тарапынан қудалауға үшырасаңыз, сіз Құдайға тиесілі екеніңізге күмәнсіз сезінесіз, өйткені олар Құдайдың шақырған пайғамбарларына не істесе дәл солай сізге де істей береді. Қандай керемет!»
”Ең үлкен сыйақыны алатын ең көп зардап шеккен адамдар болады. Біз бекер, мақсатсыз қудалаудан өтіп жатқан жоқпыз. Құдай бұған назар аударып, сый-сияпат береді.”
ҚҰДАЙ ТАЗАЛАЙДЫ!
Қауым тарихшылары бізге былай дейді: «Қудалау сан жағынан әрдайым қауымның өсуін қамтамасыз етпейді… Бірақ сол арқылы сенімі терең емес, қауымға басқа себептермен келетін номиналды сенушілер азаяды. Өздерінің мәсіхшілік сенімі үшін сенімінде қалған қауым мүшелері қайғы-қасіреттен өтуге дайын болады, әсіресе олардың тұрақты сенімі сенбейтіндерді жігерлендіреді».
Сіз назар аудардыңыз ба, Аян кітабының 2 мен 3 тараудағы екі қауым Құдайдан ешқандай ескерту алмады, олар – қудаланған қауымдар еді.
ҚҰДАЙ БІЗБЕН БІРГЕ!
5Құдай: «Мен сені ешқашан тастап та кетпеймін, жалғыз да қалдырмаймын», — деген ғой.
Еврейлерге 13:5б.
Біз қудаланудан жалғыз өтіп жатқан жоқпыз. Әр қадамды басқанда Құдай бізбен бірге болады … Ол бізбен аспан патшалығына жеткенше де бірге болады…
Исаның артынан ерушілер қудаланады.
Сіз дайынсыз ба?