Исаның 12 шәкіртін таңдауы
Бірнеше негізгі ер адам.
Иә, бірнеше негізгі рөлді атқаратын ерлер.
Осыны Иса қажет етеді –
бірнеше негізгі ерлерді.
Бүгінгі күн – шешім қабылдайтын күн… Иса Өзінің қызметші тобын таңдағанын көреміз… Исаның осындағы мақсаты – Өзінің барлық ізбасарларының ішінен негізгі ерлер тобын таңдау және сол негізгі топқа Исаның Өзі жеке тәлім беруі болды. Иса әлемнің тарихындағы ең үздік мұғалім және де Ол Құдайдың Өзі.
Иса айқышта жанын тапсырғанша Оның шәкірттері Оның көлеңкесіндей болды. Исаның өмірінің аяғына дейін уақыты мен күшінің ұдайы бөлігін құраған осы 12 ер адам болатын.
Иса кеткеннен кейін осы 12 ер адам қауымның басталуына жауапты болды. Дұрыс топ таңдау Исаның осы әлемдегі ең маңызды шешімі болды. Соңғы 2000 жыл ішінде жасалған ең маңызды шешімдерінің бірі еді.
Сондықтан да Исадан күдіктеніп, еш қобалжымаңыз. Осы жігіттер тапсырмасын орындай алмағанда, қауымның тас талқаны шығып, сонымен миллиондаған адамдар, соның ішінде сіз және мен де тозаққа баратын едік, себебі бізге шындықты үйрететін ешкім болмаушы еді.
Иса Өзінің тобына дұрыс адамдарды таңдау маңыздылығын асырып айту да мүмкін емес. Егер сіз бүгінгі күні мәсіхші болсаңыз, онда Исаның дұрыс топ таңдағанының пайдасы сізге де тиді.
Біз алдағы уақытта көп керемет аяттарға назар аударатын боламыз және бірге өткізетін уақыт барынша пайдалы болу үшін дұға етумен бастайық.
Әке, жүректерімізге тыныштық бере гөр.
Біздің назарымызды жинақтай гөр.
Бізді үйрет.
Сенсіз осы уақыт босқа кетеді.
Біз осы уақытта Сенің Рухыңның оқытуына берілейк.
Исаның атымен
Аумин.
Біз Лұқа жазған Ізгі Хабардың 6 тарауын ашып оқысақ, Иса Өз қызметін атқарып жүргеніне бір жарым жыл болғанын көреміз. Басқаша айтқанда, сіз пышақ алып Исаның қызмет еткен уақытын екіге бөлсеңіз, сіз оны тура Иса 12 шәкіртін таңдаған жерден бөлуші едіңіз. Тағы да бір жарым жылдан кейін Ол өледі.
Сонымен қатар, сіз Исаның қызметінің екі жартысына қарасаңыз – 12 шәкіртін таңдағанына дейін және 12 шәкіртін таңдағаннан кейін кезеңдерді салыстырсақ – сіз елеулі айырмашылықтарды көре аласыз.
Иса қызметінің бірінші жартысында Ол көп ізбасарлар жинады, жұмыстың көбісін Өзі жасады, Иса кереметтерінің көбісін шектелген аумақта орындады және көбінесе тек негізгі шындықтарды үйретіп тәлім берді.
12 шәкіртін таңдағаннан кейін, олар қызметтің быраз бөлігін өздерінің мойындарына алды, Иса алысырақ аймақтарға саяхаттайтын болды және Ол сенімнің тереңірек шындықтарын адамдарға жеткізіп үйретті.
Лұқа 6:12 12Сол күндері Иса мінажат ету үшін бір таудың басына шығып, түні бойы сиынумен болды.
Бұл шешім қабылдайтын күн болып табылады. Иса Өзінің тобын таңдайтын күн. Осы аятта Иса бізге маңызды шешімді қалай қабылдау керек екендігін көрсетеді.
Лұқа 6:12 Иса бес минут дұға етті ме? ЖОҚ!
Сол күндері Иса мінажат ету үшін бір таудың басына шығып, түні бойы сиынумен болды.
Маңызды шешімдер терең және қарқынды дұға етуді талап етеді. Осы аятқа қарап, менің бір досым ешқашан да бір күннің ішінде шешім қабылдамауға шешті. Мүмкін жағдайдың бәрінде, ол түнімен бұл туралы дұға етіп, кейін ғана бір шешімге келеді.
Осы нәрсе анық болсын: Иса не үшін Өзінің тобын бірге жинады?
Жауап: Иса көкке қайтқан кезде олар барлық жерде Иса туралы ізгі хабарды жариялап жеткізулері үшін оларды дайындады.
“Сізде бір күнде тек 24 сағат болғандықтан
Және Сізде бір ғана өмір бар болғандықтан,
Сіз уақытыңызды босқа өткізуге жағдайыңыз жоқ.
Бұның мағынасы, сіз нақты білуіңіз керек:
өз өміріңізді бағыштап жатқан адамдар дұрыс екендігіне,
дайын және ынтасы барлар,
және сіз олармен бөліскен нәрселерді меңгере алатындар.”
Мүмкін Сіз жоғарыда айтылғанды қайта оқып шыққыңыз келеді. Қандай парасатты нұсқаулар!
Иса оларды орындады.
Мағыналы өмір сүру үшін, біз де, Иса сияқты, жүректерімізді ашатын адамдар үшін дұға етуіміз керек.
Бірақ сіз Иса таңдаған топқа қарап көріңіз және де сауал қойыңыз,
“Неге 12? Неге 11 немесе 10 немесе 13 емес?” Құдайға ғана мәлім себептер бойынша 12, ол дәл қажет сан болып табылады.
Ескі Өсиетте Еврей халқында қанша тайпа болды? Ал Аян кітабында жаңа Иерусалим қаласында 12 қақпа бар, 12 періште, 12 іргетас бар, қаланың ұзындығы 12 мың стади, ені мен биіктігі де дәл сондай болды. Сондай-ақ, 12 жеміс бар.
Өзінің 12 шәкірттеріне Иса былай деп айтады –
Матай жазған Ізгі Хабар 19:28
— Менің артымнан ерген сендер де он екі тақта отырып, Исраилдің он екі руына билік жүргізетін боласыңдар.
Сондықтан, бәлкім, Иса өзінің тобында 12 адам бар болу керек деген шешімге келуге көп уақыт ойланған да жоқ.
Зейінді яһуди адамға, “Өзінің тобына 12 адам таңдағаны – 12 руды басқарған Дәуіт Патша басқарған даңқы біріккен күндерді еске түсіретін жайт”.
Бірақта біз, Иса таңдаған топқа қарап: “Иса түнімен дұға етіп осындай жай, қарапайым еркектерді таңдаған ба?” деп сұрайтындарға не деп жауап береміз?
ОСЫ еркектер Құдайдың дұғасына жауап болды ма?
Ал енді Иса таңдаған адамдарға ұқыпты назар аударайық.
Лұқа 6:13-16
13 Таң атқан соң шәкірттерін қасына шақырып, араларынан он екісін таңдап алды да, оларды «елшілер» деп атады. 14Олар: Өзі Петір деген қосымша ат қойған Шимон және оның інісі Әндір; Жақып пен Жохан; Філіп пен Барталмай; 15Матай мен Тома; Әлпей ұлы Жақып және жұрт Діншіл деп атаған Шимон; 16Жақып ұлы Яһуда және кейін Исаға опасыздық жасаған Яһуда Исқариот.
12 шәкірттер тізімін қай жерде көрсеңіз Петрдің аты әрқашан бірінші айтылады. Яһуда Исқариоттың аты тізімде әрқашан соңғы тұрады.
Сондай-ақ, олар әрқашан 4 адамнан тұратын 3 топқа бөлінген. Әр топтағы 4 есім тізімінің реті әрқалай өзгеруі мүмкін, бірақ әр шәкірттің аты әрқашан бір топта қалады.
Біздің тек оқу мақсатымыз үшін, мен оларды сәл басқаша бөлуге шешім қабылдап, оларды 4 топқа бөлдім.
Көп танымал елшілер – улкен жарық шырағы оларға жарқырай түседі және де біз олар туралы көп мәлімет білеміз. 12-ден 3-еуі көрнекті болғаны жақсы белгілі. Себебі барлығы жетекші болғаны жақсы емес.
Тағы аз танымал 4-еуі бар, бірақ жарық шырағы оларға жарқырай түспейді. Оларды көлеңкеде тұр деп есептеңіз – біз олар туралы азырақ білеміз. Осы екінші топтың өзінің қабілеттері бар және олар кейбір нәрселерді әйгілі топтан жақсырақ істей алады.
Келесі төртеуі – ешкім білмеген шәкірттер, олар туралы Жаңа Өсиетте өте аз айтылған – бізде олар туралы еш мәлімет жоқ.
Біз өтірік елші тобымен аяқтаймыз – кім екенін өзіңіз білесіз.
Әр топты бір-бірден қарастырайық.
Танымал елшілер тобы – Петір, Жақып және Жохан.
Оларға неге сондай ат қойылды? Өйткені олар Исаға ең жақын болды.
Біз олар туралы көбірек білеміз – олардың жетістіктері мен күнәларын білеміз.
Олар туралы Жаңа өсиеттің алғашқы 4 кітаптарында соншалықты көп жазылған, олар Исаның жалғыз шәкірттері деп ойлап қалуыңыз әбден мүмкін.
Дәлірек айтқанда – біз олар туралы не білеміз?
- Олар белсенді болды.
Петір Исаға өте жақын болғысы келді. Су бетімен жүруді де сұраған сол болатын. Матай 14:28
Жақып пен Жохан жұмақта Исаның қасында отырғысы келген.
Марқа 10:37.
Соңғы кешкі ас ішкен кезде дастарқан басында Жохан Исаның қасында жантайып жатқан еді. Жохан 13:23.
Мектепте оқып жургенімде бір қыз болатын, оның ойлау қабілеті басқалардан тез болатын. Мұғалім сұрақ қойған кезде, ол әрқашан бой бермей қол көтеріп жауап бергісі келетін – ол дәл Петір, Жақып және Жоқан сияқты.
Біз осы жігіттерге қарағанда, олардың Исаның қасында болуды үлкен құштарлықпен қалағанын көреміз. Осы жерде өзімізге қоятын бір сұрақ туындайды – біз Исаға мүмкіндігімізше жақын болғымыз келе ме? Жақын болуға сондай ҚҰШТАРЛЫҚҚА иеміз бе?
Осы жігіттер белсенді болды.
- Иса оларға ерекше қарады. Біз Исаның ең жақын достарын қарастырудамыз.
Жохан Исаның сүйікті шәкірті деп атанды.
Осы үшеуі Жайырдың қызының қайта тірілгенін көрді.
Осы үшеуі Исаның сыртқы түріннің салтанатты өзгеріске түскенін көрді.
Исаның жер бетіндегі ақырғы түнге дейін осы үшеуі Исаға ең жақын болды.
Иса Айқыш ағашта шегеленіп өлтірілгеннен кейін Жохан Исаның шешесін – Мәриямді қамқорлығына алды.
Осы үшеуінен артық Исаны ешкім жақсырақ танып білген емес.
- Сонымен қатар олар жемісті адамдар екенін көреміз.
Иса көкке қайтқаннан кейін, Елшілердің істері 1:15 Петір бауырластарының арасында жетекшілік рөлді алып, топты маңызды шешім қабылдауға үйретті.
Елшілердің істері 2:14 Петір Қауым болып қалыптасу кезеңіндегі халыққа алғашқы рет сөз бөлісіп, оның сол кездегі уағызы керемет болды. Елшілердің істері 4, Петір мен Жохан құдалауды бірінші көрген адамдар еді. Елшілердің істері 12:2 Жақып 11 шәкірттің ішіндегі бірінші болып өлтірілді. Петір жаңа өсиеттің 2 кітабін жазды. Жохан Жаңа Өсиеттің 5 кітабін жазды, олардың екеуі – қалың кітаптар. Бұл таңқаларлық жайттар.
Осы адамдардың танымал болуының теріс жақтары да бар.
- Біз олардың істеген күнәлары және жетіспеушіліктері жайлы да көбірек мәлімет білеміз.
Иса Петірге: Менен аулақ кет, әзәзіл! деп айтқан.
Петір Исадан 3 рет бас тартты.
Жақып пен Жохан қатыгез және дөрекі мінез көрсеткендіктен оларға «Жауар күндей күркіреген жігіттер» деген косымша ат берілген еді.
Исаның сыртқы түрі салтанатты өзгеріске түскенінде Петір аузын жауып тұрғаны жөн болар еді.
Петір Гетсимани бағында бір адамның құлағын шауып түсірді.
Ғалаттықтарға арналған хатында, Пауыл Петірді әшкерелеуі керек болды.
Бізге осы танымал елшілер тобы қандай сабақ бере алады?
- Әр мәсіхшіге жақын достар керек және Иса бізге үлгі көрсетті. Ешқашан да Мәсіхші өз өмірін басқалардан оңаша сүруге арнамаған. “Fellowship” (Феллоушип) деген сөздің мағынасы “бірге немесе бөлісіп сүретін өмір салты” дегенді білдіреді. Осы жігіттер бірлікте, серіктестікте өмір сүрді.
- Егер де сіз Құдайды іздеп аңсасаңыз, сіз Оны жақыннан тани аласыз, “Марал қалай мөлдір суды аңсаса, О, Құдай, жаным солай сені аңсайды” деп өлең айтамыз.
Сонымен, осы жігіттер Құдайды көп аңсады және осының салдарынан олардың жүректерінің тасқындағанын көреміз.
- Құдайға жақындаған сайын, біз күнәкар екенімізді көреміз. Осы жігіттер өздерінің күнәкар табиғатын ешқашан жоғалтқан жоқ; өмірлерінің аяғына дейін оларда тәубе етуге қажет нәрселері болды. Ал сіз, қазіргі күнде, қандай да бір күнәмен күресіп қиналып жүрсіз бе? Қандай ортада жүргеніңізді байқап жан-жағыңызға қарап қөріңіз.
- Егерде Құдай сізді қолдансын деп қаласаңыз, Құдай бірінші сіздің өміріңізді өзгертетінін күтіңіз. Шимон ол Петір, яғни Тас дегенге өзгерді. «Жауар күндей күркіреген» жігіттердің бірі сүйіспеншіліктің елшісіне айналды.
- Сіз күнә жасаған жағдайда, сіздің атыңыз өшіріліп енді бұдан былай Құдайдың отбасының мүшесі деп саналмайтынын білдірмейді. Жаңағы жігіттер құласа да, рухани жағынан шынайы оянып қайтып келген. Сондықтан сізде Құдайға қайтып келе аласыз.
- Егер сіз жетекшілік ететін танымал сенуші болсаңыз, аквариумдағы балық сияқты өмір сүруге дайын болыңыз. Жеке өміріңіз жайлы ұмытыңыз.
Сіз танымал шәкіртсіз бе? Құдайды мадақтаңыз. Тек өзімшіл болып кетуден сақ болыңыз.
Танымал емес шәкірттерге келсек. Көлеңкеде өмір сүрген төрт шәкірт басқаларға олардың алдарында жүріп қызмет етуге жол берген.
Әндір, Філіп, Тома, Натанайыл (Барталмай деп те аталған).
Олар жайлы не білеміз?
Жохан жазған Ізгі Хабарда Әндір 3 рет Исаға адамдарды ертіп әкеле жатты. Иса бәрін көргісі келді деп ойлаған шығар, сондықтан Әндір өзінің ағасын, бір жас баланы және ол тіпті еврей емес, грек адамдарды алып келді. Түсіндіңіз бе? Қандай ғажап абыройды иемденді!
Ары қарай одан да қызық жайтты ескеріңіз: Естеріңізде ғой, Ізгі Хабар кітаптарында Исадан кейін ең көп айтылатын оның ағасы Петір туралы. Бірақ Әндір осы туралы күңкілдеген жоқ. Ол өз қалауымен ағасының артынан жүрді және көлеңкенің астында өмір сүрді. Сіз осындай ақыл-даналықты көрсете аласыз ба?
Келесі Філіп. Сіз оны ақырын үйренетін категорияға қойыңыз. Иса одан: «Біз бес мың адамды тамақтандыру үшін тамақты қайдан аламыз?» деп сұрағанда, Філіптің тамақты қайдан алатынын титтей де түсінігі болмады. ОЛ ИСАНЫҢ КӨП КЕРЕМЕТТЕР ЖАСАҒАНЫН КӨРГЕН ЕДІ, БІРАҚ ОСЫ ЖЕРДЕ ОЛ ӨЗІН ШЕШМ ҚАБЫЛДАЙ АЛМАЙТЫНДАЙ ҰСТАДЫ.
Жохан жазған Ізгі Хабарда 14:8, Иса айқыш ағашқа баруға бір түн қалғанда, Філіп келесі сөзді айтты:
“Мырзам, бізге Әкені көрсетіңіз, бізге сол да жеткілікті.”
Біраз жылдар Исаның қасында болып, Ол әлі де Исаның кім екенін түсінбеді. Ол бірінші сыныпқа бірнеше рет қалып отырған кішкентай бала сияқты ұстады.
Біз өзімізді жай үйренетін категорияға жатқызсақ, бізді Иса өзінің он екі шәкіртінің қатарына таңдағанына қуанамыз.
Томаға біз тым қатал қарауымыз мүмкін.
Жохан жазған Ізгі Хабар 11:14-16
14 Сонда Иса жасырмай: Елазар өлді, — деді. 15 Бірақ Өзімнің сол жерде болып, оны сауықтырмағаныма сендер үшін қуанамын; осылай берік сенімге жетесіңдер. Енді Елазарға барайық! 16 Сыңарлас деп аталатын Тома басқа шәкірттерге: «Біз де барып, Онымен бірге өлейік», — деді.
Тома билікте тұрған адамдардың қатыгез екендігін білген. Сол кезде 12 шәкірттің өлімге ұшырауы әбден мүмкін болатын, бірақ оның айтқан сөздеріне тереңірек назар аударайық. Ол Исадан ажырауын қаламады. Исасыз өмір сүре алмады. Ол Исамен өлуге дайын болды.
Иса өлімнен қайта тірілгеннен кейін Өзінің шәкірттеріне көрінгенде, олардың арасында Тома болмады, менің ойымша мүмкін ол сол кезде депрессияда болды.
Бірақ Тома Исаны өлімнен қайта тірілгеннен кейін көргенде, ол – “Менің Тәңірім, Менің Құдайым”- деді. Осы сөздер Киелі Кітаптағы ең керемет сенімнің мойындауы болған шығар. Және де Томаның осында Исаны мойындауы барлық көңілсіз мінезді адамдарға үміт береді, солай олар да мықты негіз таба алады.
Натанайыл (Барталмай деп те аталған) – осы топтын ішіндегі адамдардан мадақтауға лайық.
Жохан жазған ізгі хабар 1:46-49
46 Бірақ Натанайыл:
«Сол Назареттен не жақсылық шығар дейсің?» — деп жауап қатты. Філіп оған: « Келіп, өзің көр!» — деді.
47 Иса өзіне қарай келе жатқан Натанайылды көргенде: «Мынау, қулық-сұмдығы жоқ, нағыз исраилдік» — деді.
48 Натанайыл: «Сіз мені қайдан білесіз?» — деп сұрады. Иса:
«Сені Філіп шақырмай тұрып, інжір ағашының астынан көріп едім» — деді. 49 Натанайыл (өзін Исаның інжір ағашының қалың жапырағының астынан көре алғанына қайран қалды да): «Ұстаз, Сіз Құдайдың рухани Ұлысыз, Исраилдің Патшасысыз! Соған көзім жетті» — деп жауап берді.
Сіз Натанайылдың 46-шы аятта айтқан ойын қараңыз: Назареттік? Қайсы бір жерден? Сірә, біраз кемсітушіліктің бар екенін байқаймыз.
Жохан 1:47 Натанайыл қулық-сұмдығы жоқ болғаны үшін мақталып жатыр.
49 аятта біз күшті де тез арада келген сенімнің мойындауын көреміз.
Бұл жерде күрт айырмашылықты байқаңыз. Натанайыл Исаны көре сала адам баласы ретінде келген Құдайды көреді. Басқа жағынан қарасақ, Філіп Исамен үш жыл бойы бірге болды, және де Иса айқыш ағашқа баруға бір түн қалсада да осыны түсінбеді.
Осы топтағы жігіттердің ортақ қандай бір нәрсесі бар? Ол әлсіз сенім.
Сіз өзіңізді аз танымал шәкірт деп есептейтін шығарсыз. Өзіңіздің сеніміңіз әлсіз деп санайсыз ба?
Тек қана бір шешім ғана бар, Римдіктерге арналған хат 10:17
17 Сонымен, сенім хабарды естуден келеді, ал естудің өзі Мәсіхтің сөзін жариялаудан болады.
Сіздің мәселеңіздің жалғыз ғана шешімі. Құдайдың кітабынан күнделікті өзіңізді тамақтандырыңыз.
Танымал шәкірт тобы туралы және аз танымал шәкірт тобы туралы быраз айтылды.
Енді ешкім танымаған топтағы белгісіз шікірттірге келсек, олар осылай аталғандығының себебі – бізде олар туралы мәлімет өте аз.
Олардың аттары: Матай, ЯҺуда (сондай-ақ, Лебей немесе Тадей деп те аталатын), Әлпей ұлы Жақып және жұрт Діншіл деп атаған Шимон.
Салықшы Матай: Исаның уақытында салықшыларды ел қалай жек көргенін білесіз бе? Олар өз халқынан салық жинап, ақшаны олардан басып алып, Римдіктерге тапсырған, сөйтіп Исраилдің жауына көмектесетін адамдар болған.
Салық жинаушыларды суреттегенде: ашкөз, сатқын, ұры, қоғамнан тыс жүретін, отанын сүймейтін, опасыз, келімсек, бәрі олардан бас тартқан деп айта аламыз. Еврей халқы салық жинаушыларды жек көргені соншалық, оларға сотта куәлік етуге немесе ғибадатханаға кіруге жол бермейтін.
Бірақ біз осыны түсінеміз бе – тіпті Матайдың төмен өмір салты, оны, Киелі Рухтың оған жетуінен немесе Исаның сүйіспеншілігінен тыс қалдырмады. Бұл адам, шын мәнінде күнәларына өкініп, Исаны өз үйіне қонаққа шақырған кісі. Исаның оны таңдағанын біз түсіндік пе? Сонымен қатар, бұл жігіт Жаңа Өсиетте Исаның өмірбаянын жазғанын бірінші шәкірті екенін аңғардық па?
Сіз күнәларына өкінген ”келімсек” адамды Мәсіхтегі бауырлас ретінде шынымен қабылдай аласыз ба?
Келесі адам, – Яһуда (сондай-ақ, Лебей немесе Тадей деп те аталатын) – ол Исаға бір сұрақ қойды.
Жохан 14:22
Мырзам, Сіз қалайша осы дүниеге емес, тек бізге ғана Өзіңізді таныстырмақсыз?
Мәсіх Әлемді басқару үшін келу керек, Өзіңізді әлемге қазір неге таныстырмасқа? Басқа сөзбен айтқанда, Сіз бүкіл әлем үстінен Өзіңіздің Патшалағыңызды қашан орнатасыз? Сіз бізді Римдіктерден босатып, біздің елімізге бұрынғы даңқты қайтарғыңыз келмей ме?
Осы сұрақ Исаға ағашқа бармас бір түн бұрын қойылды. Иса жақын арада Өзінің Патшалығын орнатуға ниеті болған жоқ еді, ол келесі күні өлі болады. Бұл жағдай жігіт үшін үлкен күйзеліске түсті.
Бірақ оның сұрағына қайта қараңызшы. Сіз бұл сұрақтан кішіпейілдікті көре аласыз ба? Оның сұрап тұрғаны – неге тек 12 шәкірт Исаны көре алады, бірақ басқалар көре алмайды? Ол Исаны басқалармен бөліскісі келеді. Сіз ше?
Ал енді шынайы ғажайып Әлпей ұлы Жақып.
Көп рет мен сабақ берген кезімде тобымдағы көп сөйлейтін және ең белсенді біреуден – Петірден басқа, Жақып туралы маған айтып беруді сұрадым. Нәтижесі әрқашанда біреу. Осы адам сезімі күйзеліп, таң қалып, жауап таппай сөзсіз қалды. Он екі адамның ішінде ол қандай адам болды?
Әлпей ұлы Жақып қандай сұрақтар сұрады? Ешқандай.
Киелі Кітапта қай кітапты жазды? Ешқандай.
(«Жақыптың хаты» кітабын Исаның өгей бауыры жазды).
Адамдардың алдында қандай сөз сөйледі? Ешқандай.
Ерекше бір іс жасағанын білесіз бе? Бізде ешқайсысы туралы мәлімет жоқ.
Бұл жігіт туралы білетініміз, тек оның аты ғана. Сонымен бітті.
Марқа оны кіші Жақып деп атайды. Марқа 15:40. Оның мағынасы бойы кіші ме, жасы кіші ме, немесе әсері жағынан кіші ме? Немесе осы барлық жақтарынан да кіші болыпты ма?
Мен білмеймін. Бірақ бұл адамды мақтанатындай сипаттама емес.
СОНДА ИСА НЕГЕ ОСЫ ЖІГІТТІ ТАҢДАДЫ? Иса, қалай сіз осы сияқты ұялшақ қозғалмайтын жігітті таңдадыңыз? Егер сіздің қауымыңыз 12 адамды Исаның орнында таңдаған болса, осы жігіт мүлдем таңдалмайтын болар. Біз әйгілі де күшті жетекшілерді қалаймыз. Әлпей ұлы Жақып ондай емес еді.
Қалай болса да, Иса Өзінің тобында әдейі бұл жігіттің болғанын қалады. Оны ешқашан сынаған емес және оны қуып шыққан да емес.
Сізге тыныш сенушілерге көбірек құрметпен қарайтын уақыт келді ме?
Діншіл Шимон.
Не? Діншілдер террорист болған. Бірінші ғасырдың Исламдық мемлекеті. Оларға қанжар-адамдар деген ат қойылды. Неге екенін айта аласыз ба?
Исаның қызмет етуі басталғанынан 20 жыл бұрын, олар Римге қарсы көтеріліс бастады. Сол көтеріліс күшпен тоқтатылды.
Неге Иерусалим біздің заманымыздың 70 жылында жойылды және көптеген яһудилер өздерінің отанынан қуылып жіберілді? Оның себебі Діншілдердің басқа көтерілісті бастауында еді. Сол көтеріліс ақырында өлімге алып келетін күреске айналып, еврей халқының жеңілуімен аяқталды.
Сол күрестің соңғы шайқасы Масада атты таудың қамалында болды, Діншілер сонда шегініп, Римге берілудің орнында жаппай өздеріне қол жұмсауды таңдады.
Діншілер Исраилдың жойқын күйреуіне әкелді.
Иса мен тәубе еткенге дейінгі Шимон, олар сияқты кандай да бір қасиеттерінен бір-біріне ұқсамайтын басқа 2 адамды білмеймін… Біреуі соғысқа, семсер мен қанжарға сүйенді. Екіншісі мейірімді бірақ та сонымен бірге құдыретті сенімге сүйенді.
Сонда Иса 12 шәкіртінің біреуі бұрынғы Діншіл болсын деп таңдады ма? Және бұл Діншіл танымал емес тобында болғаны қалай? Иса, Сен бұл жігітпен бірге суретке түскің келе ме? Адамдар сен оның экстремистік көзқарасымен келісесің деп ойлауы мүмкін. Сен неге өз жолыңнан тайып, Діншілер тобымен өзіңді байланыстырдың? Бұл саяси жағынан дұрыс емес. Бұл көпшілік мақұлдайтын көзқарас пен парасатқа қарсы болып табылады.
Мәсіх үшін жете алмайтын адам жоқ екенін игердік пе? Біз түсіндік пе, ешкімде керемет емес? Сондықтан сенуші бауырластар, Пауыл сияқты кісі өлтірушілер мен басқа да жабайы ерлер күнәларынан өкініп тәубеге келген кезде таң қалмаңдар, Құдайдың отбасына қосыңдар және Оған жақсы қызмет етіңдер.
Қоғамнан тыс ойды ұстанатындар Құдай сүйіспеншілігінен тыс емес.
Иса есі ауысқандарды ескеріп санасты, біз де солай істеуіміз қажет.
Сіз Діншіл Шимон мен Матайдың бірге қызмет еткенін ойлаған кезде қуанасыз. Матайдың Рим Патшалығына жұмыс жасап, салық жинаушы болғаны, ал Діншіл салықшыларды өлтіргені есіңізге түсіріңіз.
Матай Шимоннан әр таң атқан кезде таңғы асты төсекке алып келейін бе немесе ол үшін орындай алатын басқа да тапсырмалар бар ма деп сұраған ба? Бәлкім Матай Шимонның аяқ киімін тазалады ма?
Осы екі адамның 12 шәкірттің арасында болуы – қауымның келешекте қандай болатынына пайғамбарлық сөз деп қарастырылады. Қарама-қарсылықтардың одағы.
Олардың өткен өмірінен басқа, біз осы 4 белгісіз жігіт туралы не білеміз? Олар жақсы уағыздаушылар болды ма? Иемізге кімдерді жетеледі? Олар қандай жақсы істер істеді? Біз ешнәрсе білмейміз.
Сонымен олар бізге қандай сабақтар үйретеді? Барлық шәкірттер бірдей әлемдік танымалдылыққа ие бола алмайды. Егер сіз осы топта болсаңыз, ары қарай жақсы жалғастырудан шаршамаңыз. Бұл жігіттер артта жүргендері үшін ешқашан айыпталған емес. Және біздің де оларға менсінбей қарауға еш құқығымыз жоқ.
Сіз осы 11 адамға қарағанда, шәкірт дайындау шыныларға құйылған сорпа жасаумен бірдей емес екенін түсінесіз бе? Әр сорпа құйылған шынылары бірдей болып келеді. Бірақ біз қараған жігіттердің әртүрлі екендігіне қараңызшы. Олардың барлығы шәкірттер, бірақ олардың жеке қасиеттері мен қабілеттеріне келсек олар тіпті әрқилы болып табылады.
Сіз шәкірт жасап жүрген адамдар сіздің тарапыңыз болмайды.
Сонымен біз көп танымал, аз танымал және белгісіз шәкірттердің болғанын білеміз.
Ал өтірік шәкірт туралы не айтып кетуге болады? Яхуда Исқариот. 12 шәкірттің ішінде жалғыз біреуі ғана Солтүстік ғалилеялық емес еді. Ол Яһуда руының оңтүстік шекарасы, Кериос жерінен болды.
Жохан 12:6 бізге ол ортақ қаржы сақтаушы, әрі ұры болғанын айтады. (Өкінішке орай қауымдардағы көп ақша сақтаушылар оның істегенін қайталады). Ал ең үздік ер актер болған үшін марапат Яһуданың қолына барады. Иса 12-нің біреуі Мені сатып кетеді деген кезде, «Бұл Яһуда ғой» деп ешкім, бірде-біреуі айтпағаны бізді қатты таңғалдыратын жайт болуы тиіс. Ешкім Яһуданың тіпті сәл ғана оғаш қасиетін байқамады.
Бұл туралы ойланып көріңізші – бұл жігіттер бәлкім 12-шәкірт болып таңдалғаннан бұрын-ақ бірге көп уақыт өткізген болар. Исаның командасына қосылуға іріктеліп алынғаннан кейін олар Исаның айқышқа баратын уақытына дейін 24/7 уақыт бірге болды. Олар бірге ас жеді, бірге саяхаттап, бірге бір жерде ұйықтады, және бірде-біреуі бұл жігіттің қандай екенін білмеді.
Яғни осы жайт бізді де қорқыту керек.
Исаның Өз Яхудасы болса, бізде де өзіміздікі болуы мүмкін екендігін түсінеміз бе.
Тәубе ету уақыты: кейбір қауым жиналыстарында біраз жылдар бойы уағыздаушы құтқарылу жоспарын айтқан кездерінде мен жалығып кететінмін. Неге мазаны алады? Барі түсінікті ғой, жаңадан келгендер жоқ қой. Тек қана қауым мүшелері осында. Сонда уағыздаушы не үшін құтқарылу жоспарын түсіндіреді?
Соның жауабы – бұл жерде Яхуда сияқты адамның отыруы әбден мүмкін.
Менің мүмкін естіген ең қорқынышты нәрсе, уағыздаушының: «Сіз жұмаққа барғанда, кейбір адамдардың сол жерге болмай қалғанда таң қалуға дайын бол» – деп айтқаны. Кейбіреулер өте керемет рөл ойнап, бірақ Мәсіхке деген сенімін ешқашан артпауы мүмкін.
Яһуда тамаша актер болды, ол іс-әрекет жасап, бәрін алдады. Бүгінгі күні де оның ізбасарлары тірі және аман есен. Сондықтан жексенбі күні, жаңа келушілер жоқ кезде, уағыздаушы құтқарылу жоспарын айтқан кезде қыңқылдағанның орнына, мен қазір, қауымда отырған қандай да бір Яһуданы Киелі Рух терең әшкерелесін деп дұға етемін.
Осылайша Біз 4 түрлі адам топтарына қарадық, осыдан 2 сұрақ туындайды.
Бірінші сұрақ: Неге Иса Яхуданы таңдады? Мен осы сұрақты сұрадым, сізде сұраған боларсыз.
Бірақ маған кенеттен түсінік келді, әлдеқайда жақсырақ сұрақ қоюға болар еді, – Иса қалай олардың 11-мен сәтті таңдау жасады?
Исаның Өзі таңдаған жігіттермен сәттілік көрсеткіші 91,6% болды.
12-адамның 91,6%-адамы шын мәнінде Мәсіхке өз өмірлерін арнады және олар өмір бойы мойынсұнып қызмет етті.
Мұндай сәттілік көрсеткішке жақын көрсеткіші бар мектепті немесе қауымды сіз ешқашан таппайсыз.
Иса сіз таба алатын ең табысты шәкірт дайындаушы. 11 адамның сәттілігінен әсер алыңыз. Олардың сәтті қызмет атқарғандығының арқасында сіз құтқарылдыңыз.
Екінші сұрақ: Неге Иса сондай қарапайым жігіттерді таңдап алды?
Балықшылар?
Мен осыған жауап бере аламын деп ойлаймын.
Бір кезде менің досыма жаңа пәтер іздеуге уақыт келгенде, біз бірінші жылдар бойы қасынан өтіп жүрген пәтерді барып көрдік.
Мені қатты таңғалдырған сол пәтерді көрсетуші қыз болды. Орташа жастағы әйел, өзі фотомодель болып жұмыс істейді. Сұлу, өте әдемі. Мен сол қыздан көз ала алмадым. Бірақ ол бізге ұсынған нәрсе өте нашар жер болатын. Бұл ғимараттың залдары жарығы нашар және қабырғалары күңгірт қоңырға боялған, және біз көрген сол пәтер өте кішкентай, заттарға лық толған болды. Мен сол жерден шығып бара жатқан кезде жылағым келді.
Сосын біз тағы бір үйді көрдік. Сол пәтердің иесі де орта жастағы әйел адам болатын, ол баяу қозғалып, ешқандай ерекшелік танытқан жоқ, сондықтан менің ол туралы ешнәрсе есімде жоқ.
Бірақ сол әйел бізді бір минутқа өзінің кеңсе бөлмесінде жалғыз тастап кеткенде, менің досым мені түртіп жіберіп «Сен оны мүлдем тыңдап тұрған жоқсың ғой» деп айтты. «Сен мұнда менің жиһазымды қалай ұйымдастыруды ойлап турсың»-деді. Досым дұрыс айтты. Ол ханым көрсеткен пәтер жарық, сергітетін, заманауи және кең болды.
Менің досым қай пәтерді таңдады деп ойлайсыз? Мен үміттенемін, сіз мен айтқаннан бірдеңе түсіндіңіз. Мәсіхтің ең үздік өкілі болу үшін, бәрін құлататын сұлу немесе дарынды болу маңызды емес. Және басқалардың назарын өзіңе аударту, ол жауапкершілік алу болып табылады. Иса әлемді Өзіне бағыттап көрсететін топты таңдады. Әлемге құтқарылу тек Мәсіхке сенім арқылы болатынын айтатын топты таңдады. Миллиондаған адамдардың мәңгілік тағдыры Исаның тобының сәтті болуына байланысты. Сондықтан Ол адамдарды өздеріне емес бірақ Оған бағыттап көрсететін, өте қарапайым, жәй жігіттерге бет бұрды. Иса үшін бәрін беруге дайын, Иса үшін артық шақырым жер жүретін – осындай адамды Иса Өз тобына таңдайды.
Біз тыңдап тұрмыз ба? Құдай жұмысшыларды таңдағанда, олардың байлығына немесе ақылдылығына немесе дарындарына немесе жоғары әлеуметтік жағдайына қарамайды. Бүгін осы 11 адамдай бізге де хабар бар. Қатты дауыспен айтылатын хабар және хабарлама мынау – Құдай қарапайым адамдарды іздеп жатыр. Дәл мен және дәл сіз сияқты қарапайым – Оның соңынан еретін адамды. Сіз өзіңізді тоқтатуды қойып, Құдайға сізді Өз тобында пайдалануға мүмкіндік бересіз бе?
Сіз осы 12 елшіге қарағанда сіз қайсысы болып табыласыз?
Сол елшіден қандай сабақ үйрене аласыз?
Көбірек әсерлі болу үшін қандай өзгерістер жасау керек?