Рухани қауіпсіздік жүйесі
Сіз отырған ғимарат жанып жатыр! Зал түтінге толып кетті, сіз төменге қарай баспалдақпен қашып шыға алмайсыз! Сіз үрейленесіз! Не істеу керек?
Кенеттен сіз сиренаның өте қатты дауысын естисіз. Сіз терезеге қарай жүгіресіз. Төменде өртсөндіргіш көліктер, шлангілер және адамдар қаптап тұр. Бірақ ең маңыздысы сіз өртсөндірушілердің тура сіздің терезеңіздің астынан үлкен желіні ұстап тұрғанын байқайсыз. (Үлкен қалаларда кейбір өртсөндіргіш қызметі жоғарғы қабаттардағы адамдарды құтқару үшін қауіпсіз жүйесін қолданады).
Сіз терезеден секіресіз! Сол қауіпсіз жүйесі сізді күтеді. Осындай қауіпсіз жүйеде сізге қауіп төнбейді. Қандай жеңілдік! Рухани ауыр уақыттар келді! Сіздің қарсыласыңыз әзәзіл шайтан арыстандай ақырып кімді жесем деп ойлап жүр, ал сіз өте дәмді болып көріндіңіз. Сіз үрейленесіз! Қатты соққыға ұшырадыңыз! Кейбір негізгі соққыларды қабылдадыңыз! Жарақаттандыңыз, күйредіңіз, есіңізден тандыңыз! Рухани құладыңыз, сондай тез құладыңыз! Сізге не көмектесе алады? Сізді тосып алу үшін, сіздің жараққаттанбауыңыз үшін және сізді тез аяққа тұрғызу үшін құтқаруға сол рухани қауіпсіз жүйесі келеді.
Рухани сақтандыру жүйесі дегеніміз не? Бұл сіздің өте үлкен рухани кемшіліктеріңізді және мұқтажыңызды жеңуге, көмектесуге арналған сіздің жаттап алған алтын аяттарыңыз.
Сіз өз есіміңізді білгендей сол аяттарды білесіз, ал құлдырау кезінде сіз соларға жармасып алып, солардан ұстап тұрасыз. Олар сізді ұстап алып сіздің ауыр жарақаттануыңызға жол бермейді. Сіз жерге түсіп, тез аяққа тұрасыз.
Сіздің жаныңызға арналған рухани қауіпсіз жүйесі, өртсөндіруші сақтау желісі сіздің денеңізге не істесе, соны істейді.
Сондықтан сұрақ былай: сіз өзіңіздің жеке қауіпсіз жүйесін жасау барысында алдын ала жоспарлайсыз ба?
Есіңізде болсын әзәзіл шайтан алдын ала кездесуге уақыт белгілемейді. Сіз ешқашан оның қай кезде сізді құлататынын білмейсіз. Сіз соған дайын болуға әзірсіз бе?
Шындыққа көзімізбен қарайық. Біздің барлығымызда біраз әлсіз жерлеріміз бар. Барлығымызда. Әзәзіл шайтан шабуыл жасағанда кейде біздің өміріміздің қай саласына шабуыл жасайтыны таңқаларлық емес. Көптеген жылдар бойы оның шабуылдары ереже бойынша, біздің сол баяғы өткен кезде құлаған әлсіз жерлерімізге шабуылы.
Сіздің достарыңызда да сіздікінен бөлек әлсіз жақтары бар, бірақ сіздің өміріңізде пайда болған басқа адамдардың әлсіз жақтары сіздікінен қарағанда аса ауырырақ.
Рухани қауіпсіз жүйесі – бұл сізді Құдай жолында ұстап тұратын күнделікті стратегиядағы тез арадағы әрекет.
Сіздің рухани қауіпсіз жүйеңіз неде болуы керек? Мен білмеймін. Бірақ мен өзімдікімен бөлісемін, мүмкін бұл сізге өзіңіздікін жасауға көмектесер. Менің қауіпсіз желім менің рухани өмірімнің ажырамас бөлігі болып табылады. Мен онсыз үйден шыға алмаймын, себебі ол менің әлсіз жағымды қорғайды, өмірдің соққыларынан маған тез аяққа тұруыма және нәтиже алуыма көмектеседі.
Менің бөлісейін деп отырған қауіпсіз жүйем бұл дәл сізге қажетті болады деп күтпеймін, бірақ сіз өзіңіздің жеке және сіз үшін жұмыс істейтін қауіпсіз жүйеңізді құруға көрсететін жол сияқты болуына үміттенемін. Және біз Құдайдың көмегінсіз қауіпсіз жүйені құра алмайтындықтан, келіңіздер Одан көмек сұрайық.
Әке,
Сен бізге киелі Сөзіңді қолдануымыз, Онымен өмірімізді құруымыз, бізге әсіресе қиын уақыттарда көмектесуің үшін бердің. Біздің жеке қауіпсіз жүйесін құру үшін бүгін біздің көздерімізді аша гөр. Әзәзілдің шабуылына тойтарыс бере алуымыз үшін және тез аяққа тұрып кетуіміз үшін соны дұрыс құруға бізге даналық берші. Біз Сенсіз ештеңе істей алмаймыз. Біз Сенен көмек сұраймыз. Исаның атымен, аумин.
Сақтық желісін құруға уақыт келді. Бастайық. Қиын сәттерде менің жүгінетін бірінші аятым қандай? Қауіпсіздің желісінде менің өмірімде ең бірінші аят қандай? Қарапайым жауап.
Забур жырлары 45:11а
«Тынышталыңдар барлығың енді, біліңдер Менің Құдай екенімді!»
Төтенше жағдай болып қалған кезде менің бірінші болып жүгінетін аятым осы. Мәселе бақылауда. Менің құлағыма жүзім өлшеміндей шоры шыққан, бір жағдай болғанда, мен қатты ашулы болып үйге оралғанда, содан телефонды сөндіріп тастағанда, қонақжай бөлменің еденінде керіліп жатып осы аятты еске түсіремін. Мен өз өзімді ұстай алмаймын. Сіздер ше өз өздеріңізді қолға ала аласыздар ма?
Забур жырлары 45:11а
«Тынышталыңдар барлығың енді, біліңдер Менің Құдай екенімді!»
Құдай бақылады, Құдай бақылайды және Құдай бақылайтын болады. Ол ешқашан билік тұтқасын тастап кеткен емес. Ол ешқашан олай істемейді. Оны аңдаусызда ұстап алған жоқ. Ол ұйықтап қалмады. Оның компьютерлік жүйесінде мен жоғалмаймын. Құдай бақылайды және барлық жағдайлар Оның бақылауында, Оның қол астында.
Осы келеңсіз жағдайлар Құдай жаратқан әлемде болды. Құдай Өзі белгілеген уақытта алдын ала осындай құлдырауларды біздің өмірімізде болуына жол берді. Сонымен қатар, Құдай өте даналы, сүйіспеншілік және игі. Және егерде Құдай Киелі Кітап айтатындай сондай даналы, сүйіспеншілікке толы және игі болса неге мен жолдан кетпеске және Оған барлығын тапсырмасқа, себебі Құдай ненің жақсы екенін жақсы біледі. Ол еш қателеспейді.
Уфф! Қандай жеңілдік! Маған осындай ескертпелер қажет. Мен осы аятқа мойынсұнып тыныштала аламын.
Еврейлер өте мықты. Бұл аят міңгірлемеуге тиіс. Сөзбе сөз бұл аят мынаны білдіреді ТЫНЫШ! Ш-ш-ш-ш! Сіз кім бәрін ұстап тұрғанын түсінген кезде, сіз тыныш орныңызда қала аласыз. Тыныштықта қалудан басқа кез-келген жауап бұл Құдайға мойынсұнушылық емес. Тыныштықта қалудан басқа кез-келген жауап түбегейлі уақытты босқа өткізу болып табылады.
Бұл Киелі Кітаптағы мен тапқан ең мықты рухани тыныштандырғыш. Төтенше жағдайда мен осы аятқа үңілемін. Ол жұмыс істейді.
“Бізді үрейге салатын торғайлар көп. Біз Құдайдың ернеуінің астында Оның дауысын естімегенше көп сөйлейміз және шырылдаймыз, ал егерде біз Құдайдың алдында тынышталуды, Оны тыңдауды үйренсек, бізге Құдай – торғайлардың да Құдайы екенін айтатын керемет өмірді және Тәңір Исаның әнін ести аламыз. Егер біз Исаны Құтқарушымыз ретінде қабылдаған болсақ, қай кезде тыңдау керек, қай кезде сөйлеу керек екенін үйренетін біздің Құдайда құпия жеріміз бар, – барлығы жақсы, оның бәрінің артында Құдай тұрғанын және соны білетін жан мықты екендігінде, терең, тыныштық сеніммен үнсіз болыңыз.
Забур жырлары 45:11a
Менің өмірім шектен тыс шыққанда – толықтай Құдайдың бақылауында екеніне сенемін. Бұл дегені біз ештеңе істемейміз деген сөз емес. Бұл дегені Құдайдан асып түспейтінін біліп, сеніммен жұмыс істеу. Егерде Құдай сізді Өзінің күту залында қойса, бұл дегені сіз болашақ тапсырмаларға дайындалып жатсыз. Тоқтай тұрыңыз. Құдайға өз сеніміңізді көрсетіңіз, тынышталыңыз. Құдай Өз қалағанын жасасын.
Бұл менің қауіпсіздік жүйесіндегі маңызды бірінші бөлімше. Осы аяттан мен қандай әрекет жасаймын? Ең көңілсіз күндерімде мен осы аятты қайта-қайта қайталаймын, Құдайдан сұрап, Құдай мені тыныштандырып көмек көрсетуіне жалынамын. Менің оған жармасып алғаным соншалықты менің басымнан жарылғыш зат сияқты алып тастайды. Мен осы аятқа сеніп оны өмірімде қолдану үшін Құдайға жалбарындым. Содан соң соны қайталай бердім. Білесің бе не? Осы аят нәтижелі болды. Бұл менің қауіпсіздік жүйемдегі бірінші бөлімше: Құдай барлық жағдайды бақылап тұратынына мен сенімді болуым керек.
Бұл аят маған сенімділік береді. Бұл менің рухани тұрақтылығыма өте қажетті. Бірақ бұл қауіпсіздік жүйесінің тек бірінші бөлімшесі. Маған тағы да керек.
#2 бөлімше.
1 Салоникалықтар 5:18
Оған барлық жағдайларда да алғыс айтыңдар! Иса Мәсіхтің жолымен жүруші сендерден Құдай осыны күтеді.
Менің қауіпсіздік жүйемдегі алғашқы орында мына аят не істеп жүр деп таңқалған боларсыз. Осы аятқа қарайық. Оған барлық жағдайларда да алғыс айтыңдар. Өте түсінуге оңай аят сияқты. Керемет ауа райына, достарымызбен ішкен керемет кешкі ас үшін және есепшоттарды төлеп болған соң қалған біраз ақша үшін Құдайға алғысымызды айтамыз.
Бірақ аятқа қайтадан назар аударыңыз. Ол барлық жағдайда алғыс айтыңдар деп тұр. Барлық. Өмірде жағымды жағдайларда алғыс айту оңай. Бірақ егер біз барлық жағдайда алғыс айту керек болсақ, онда өміріміздегі ауыр кезеңдерде де алғыс айту керекпіз. Сондай қорқынышты кезеңдерде және өміріміздегі ең бақытсыз күндерде де алғыс айтуымыз керек, себебі барлық дегені бұл барлық жағдайларда.
Бұл дегені менің өмірімдегі ең бақытсыз күнім бұл менің әпкемнің жерлеу рәсімінен қайтып келер кез, мәсіхшілік көзқараспен оны қабылдап түсіну керек екенін мен білдім…сонда осы аят есіме түсті. Содан соң сұрақ туындады: Осы жағдай үшін Құдайға алғыс айтуым керек пе әлде жоқ па?
Бұл аят – ұсыныс емес, бұйрық. Бұл аятта ешқандай сылтау немесе ерекшелік жоқ. Күнәдан басқа еш нәрсені қалдырмайды. Қандай да бір күреске немесе жағдайға қарамастан, біз алғыс айтуды қалаймыз ба әлде жоқ па, бәрібір алғыс айту керекпіз. Сол себептен мен алғыс айттым. Бірақ бұл біртүрлі көрінеді. Менің әпкем мен үшін өте қымбат жан еді. Құдай оны алып кеткеніне мен қалайша алғыс айта аламын? Осы аятқа қараңызшы. Бізге бұны назар сала оқуымыз керек. Сізде бәрі болғаны үшін ғана алғыс айтыңдар деп жазылмаған. Сондықтан мен алғыс айтуым қажет емес еді, себебі ол өлді. Бірақ мен олай істемедім. Әйтпесе, бұл аят бұрмаланған болар еді.
«Барлық жағдайларда» да алғыс айтыңдар деп жазылған. Оның өлейн деп жатқан уақытында мен алғыс айта алдым. Неге? Себебі барлық жағдайлар жақсылық әкелу үшін жасалынады. Сенушілер үшін игілікке жориды. Бір күні мен оның не себепті өлім уақытысы келгенін көрдім, сонда менде дауласуға еш себеп болмады.
Әпкемнің өмірін алып кеткен Құдай 100% киелі, 100% дана, 100% игі. Сондықтан, оның өлімі маған түсініксіз болды кейін және әлі күнге дейін маған түсініксіз, бірақ Құдай ненің жақсы екенін біледі. Әпкемнің өлімінің артында Оның даналығы, Оның киелілігі және Оның сүйіспеншілігі болды.
Сенімімді көрсету, Құдайға деген сенімде және мен Оған сол қорқынышты күн үшін алғыс айтуым керек еді. Құдайға алғыс айтпау – Оның үкімін жамандап, өзіңді Оның орнына қойылған билеуші етіп санау – ерсі болып табылады. Мен барлық жағдайда Құдайға алғыс айтпасам, онда мен сәтсіздікке ұшыраған адаммын. Мен өз-өзімді алдаймын. Кімге осындай керек? Құдай Әке бізден жақсырағын біледі. Тіпті ең азапты күндерде де. Ал мен білмеймін.
Екінші қауіпсіздік жүедегі бөлімше: барлығы (сенушілерге) менің игілігім үшін болатынына көз жеткізіп сенуім керек.
Сонымен осы аяттан мен қандай әрекет қадамын аламын? Мен сізге неше рет рухани құлағанымды және қол созып, осы аятты неше рет қолданғанымды сізге айта алмаймын. Мен сол жағдайға тез Құдайды шақырып, құлауды тоқтаттым. Жоқ. Менің мәселем осымен шешілмеді.
Бірақ Құдай сол суреттің бөлігі болды және менде Оның менің жанымда екені және маған көмектесу үшін Оның қорларын қолдана алатыныма сенімділік аламын. Барлық жағдайда алғыс айтыңдар. Осы аят нәтижелі.
#3 бөлімшеге уақыт келді.
Өмір қорқынышты болуы мүмкін. Сіздің отбасыңыз өліп кетуі мүмкін. Үйіңіз өртеніп кетуі, жұмысыңыздан айырылып қалуыңыз, денсаулығыңыз нашарлап кетуі, беделіңіз қирап қалуы және сіздің еліңіз төмендеп кетуі мүмкін. Бұл өмірде сіз жоғалтып алмайтын бір нәрсе бар ма?
Егер сіз Исаға Құтқарушым деп сенсеңіз, сіз жоғалтып ала алмайтын бір нәрсе бар.
1 Жохан 3:1
«Қараңдар, Әкенің бізге деген сүйіспеншілігі қандай зор: Құдайдың рухани балалары деп аталамыз және нақ солаймыз да! Осы күнәлі дүние кім екенімізді білмейді, себебі ол Құдайды білген жоқ»..
Қауіпсіздік жүйемнің үшінші сілтемесі: қауіпсіздікте және мәнділікте екеніме сенімділік қажет.
Мұның өте үлкен мәні бар. Оны оңай оқи сала, айтуымыз мүмкін «о, қандай жақсы», содан соң әрі қарай жылжисыз, бұның мағынасы, біздің терең түсінбегенімізде. Егер біз шыныменде Құдайдың балалары екенімізді түсінсек, тек сенушілерде бар қасиетті қолданып, тыныс ала алмай, жолымызда тоқтап қалған жағдайда, ешқашан үзілмейтін қарым-қатынасқа қарау керекпіз. Мәсіхші өмірімнің алғашқы 10 жылында мен өзімді Құдай қорқынышты күнәнің ағымынан суырып алғандай сезіп, жағалауға әкеліп қойғаны сияқты өмір сүрдім және ол маған «Аспанда кездесеміз» деп айтқан болатын.
Жохан айтқандай Құдай бізді күнәнің құлдығынан босатып алды, біз Исаға Құтқарушымыз деп сенген кезде, Ол бізді тікелей Өз отбасына қосты. Құдай біздің Әкеміз болды. Ол ешқашан кетіп қалмады. Біз Оның балалары болып қалдық. «Мәсіхтікілерге киелі Құдай, Ол солар үшін сүйіспеншілікке толы Әке. Біз Оның отбасына тиесіліміз. Біз Оған қорқынышсыз жақындай аламыз және әрқашан Оның Әкелік қамқорлығына сенімді бола аламыз».
«Біздің Жаратушымыз біздің керемет Әкеміз болады деген ойда, сүйіспеншілікте адал, қамқоршы, мейірімді және ақкөңіл болып, Ол қолға алған әрбір ісімізге қатысады, біздің жеке басымызды құрметтеп, бізді үйретеді, жетекшілікте даналық беруге, рухани жетілуіміз үшін әрқашан көмекке дайын. Адалдық пен әділдік – мәсіхшілік өмірдің және өмірді бағалайтын Құдайдың мәсіхшілік құпиясы». Осы әлемде патшаның балалары басқа балаларға қарағанда қосымша жаттығулармен және тәртіптерден өтуі қажет, осы оларды өздерінің жоғары тағдырына дайындауы үшін көмектеседі. Дәл сол сияқты Патшалардың Патшасының балаларымен де солай болады.
«Бұл біздің өмір бойы Құдайдың бізге деген қарым-қатынасын түсінудің кілті. Ол бізді келесі өмірде не күтіп тұр, соған дайындап жатыр. Келешекте әрбір мәсіхшіде мәңгілік сүйіспеншілік болады. Құдайдың отбасында сүйіспеншілікте айырмашылық жоқ. Исаны толық сүйгендей бізде сүйіспеншілікте боламыз».
Ал біздің өмірімізде қорқынышты жағдайлар болса? Көктегі Әкеміз сол жағдайлардың болуына жол берді, бірақ белгілі бір дәрежеде сүйіспеншілік бізбен бірге болды, мүмкін біз оны түсінбедік.
Мәсіхшілік өмірдің қауіпсіздігі осы. Мәсіхшілік өмірдің мәні осы. Бұл мәсіхшілік өмірді көрудің ең мықты тәсілі. Құдай бізді Өзінің отбасы деп санайды.
Сонымен осы аяттан мен қандай әрекет қадамын аламын? Маған енді өз-өзіме мен Құдайға сенген кезде Ол менің керемет Әкем екендігін білуді ескертуім қажет. Мен Оның отбасымын. Менің Әкеме қараңызшы! Менің Әкем беріп жатқан қорларға қараңыздаршы! «Қарым-қатынас негізінде жақындық, қамқорлық , ақкөңілдік жатыр». Құдай Исаны қалай сүйсе меніде солай сүйеді. Құдайдың отбасында шексіз тұрақтылық және қауіпсіздік бар. Менің Көктегі Әкем шексіз даналы; менің қалпым әрқашан қорғаныста.
Мен Оның баласы атандым. Осы өмір барысында және мәңгілікте мен Оның отбасының бір мүшесі болу қандай тамаша екенін көремін, себебі мен Мәсіхтің артынан ердім. Маған қауіпсіздік және маңыздылық кепілдігі керек. Оны осы аят береді.
Жақсы.
Сізде менің рухани желімдегі үш маңызды сілтеме бар.
Барлығы Құдайдың бақылауында қамсыздандыруы.
Барлығы жақсы болатынына ескерту.
Мәнділік және қауіпсіздікте екеніне көрсету.
Тәжрибелі. Бірақ жеткілікті емес.
Өкінішке орай, кейде менде салыстыру ойлар пайда болады.
ХММММ. Иса менің Құтқарушым және анау жігіттің де Құтарушысы. Бірақ ол Исаға көптеген адамдар әкелді, оның тамаша отбасысы бар, жақсы жалақысы бар, көптеген достары және үлкен үйі бар. Менің барлық істей алатынымды ол әлдеқайда жақсырақ жасай алады.
Иә, еш күмәнсіз. Құдай оны маған қарағанда көбірек баталады. Ал менімен не болды? Құдайдың өзінің жақсы көретін жандары бар ма, мен солардың бірі емеспін бе сонда?
Қауіпсіздік жүйемдегі төртінші сілтеме: Құдайдың менің өміріме жоспары бар екенін ұғыну.
Жохан 21:22
Иса:— Қаласам, Мен қайтып келгенше ол осында болады, онда сенің не шаруаң бар? Өзің Мен жүріп өткен жолмен жүр! — деп жауап берді.
Иса қазір ғана Петірге тапсырмаларды орындауын ұсынды: Қойларымды бағып жүр! Жохан 21:15,16,17. Петір сенушілерді қамқорлауды мойнына алды. Оларға рухани мықты болып өсуіне көмектесуң керек еді.
Сол тапсырмаларды орындап болған соң, Иса Петірге оның өмірінің аяқталатынын айтады. Жохан 21:18-19. Түсініп алдың ба Петір? Сіздің жер бетінде атқаратын тапсырмаңыз басқа сенушілерге қамқор болу. Сол тапсырма біткен соң. Сізді де сеніміңіз үшін өлтіреді.
Иса айтатынын айтты; Петір айтатынын айтып біткен жоқ. Жохан 21:20,21. Петір Жоханды көріп оның болашағы жайлы білгісі келді. Барлық сұрақтар ыңғайлы бола бермейді. Осы сұрақ ыңғайлы емес.
Жохан 21:22
Иса:— Қаласам, Мен қайтып келгенше ол осында болады, онда сенің не шаруаң бар? Өзің Мен жүріп өткен жолмен жүр! — деп жауап берді.
Петір, өзің жайлы ойлан. Сен Исаның соңынан ер. Жоханның болашағын Иса ойласын. Осында Петір маған немесе сізге өте үлкен мәселе алып келетін бір қауіпті нәрсені жасауға тырысты: ол – салыстыру. Маңызды гравитациядағы бір рухани жетекші былай деп жазды: «Есімде, менің жеке қызметімде ауыр кезең болған. Басқалар өз қызметтерінде Құдайдан молынан жарылқау алып жатқанда, ал мен берекесіз өнім жинағаным мені қатты мазалады. Мойындау керек, менде сол кезде қызғаныш болды, маған Құдай олардың дарындарын бергенін қаладым. Бірақ Құдай маған: «Бұл сен үшін не? Соңымнан ер!» деп ақырын жазғырды».
Егер мен жігерсіз болсам, онда оның себебі мынау: менің өміріме деген Құдайдың жоспарын өзгелердікімен салыстыру. Мен марапаттармен куәлік қағаздарына қабырғалары толы үйлерде болдым, сонда өзіме сұрақ қойдым, ал менің марапаттарым және қабырға толы куәлік қағаздарым қайда?
Исаның жауабы: «бұл сен үшін не? Сен олар емессің. Салыстыруды тоқтат. Тек Менің соңымнан ер». Оның менің өміріме жоспары – менің жаратылуыма себеп. Оның менің өміріме деген жоспары ерекше. Мен өз тумамда бір жақсы жоспар үшін жаралған жалғыз адаммын. Менде ешкімде жоқ мүмкіндікті жасайтын мүмкіндік бар – бұл өз-өзіммен болу мүмкіндігі.
Сіз дәл осылай айта аласыз. Менің өміріме арналған Құдайдың жоспарын өзге адамдардікімен салыстырудың ешқандай мәні жоқ. Тек өзіңізге ғана қатыстыға қараңыз.
30 жастан кішкене асқан өте қатты жабырқанған мәсіхші жұмысшыдан электрондық хат алдым:
«Кейде әзәзіл шайтан мені сондай қатты жаралайды тіпті мен жазылам ба әлде жоқпа деп өз өзіме сұрақ қоямын. Бес жыл өтті, ал менде еш нәрсем жоқ-не баспанам, не отбасым, не жақсы жұмысым, не болашаққа деген ұмтылысым. Мен өзімді басқалармен салыстырмау керектігін білсемде, басқаларға қараймын, олардың отбасылары бар, үйлерін салып жатыр».
Бірақ ол өзін басқалармен салыстырып, өзі түсіп кететін өте үлкен ор қазып жатыр. Ол өзінің мықты жақтарын салыстырмайды. Ол өзі әлсіз деп санайтын жақтарын салыстырады, оның өміріне деген Құдайдың жоспары шынымен де ыстық па екен деп күмәнданады.
Менің оған айтайын дегенім мынау: «Егер де Құдай өзгелердің өмірінде басқаша жұмыс істесе оның саған қандай қатысы бар немесе ол сен үшін не? Сен Исаның соңынан ер. Исаға келмес бұрын мен басқа адам болуға тырысуға көп уақытымды бекерге құрттым, мен басқа адам боламын деп көп армандадым, мен басқа адам болуға тырыстым». Мен Исаның соңынан ере бастағанда, ең бірінші үйренген нәрсе, ол, мен бұл өз өмірімді толықтай сүруге назар аударуым керек… себебі Құдайдың менің өміріме деген керемет жоспары бар.
Сонымен, Жохан маған қандай әрекет қадамын алуға мәжбүрлейді? Өзгелердің өміріне деген Құдайдың жоспарын аңдуды доғар. Исаның соңынан еруді және Оның саған не істеуді тапсырғанын ойла. Сіздің шаруаңызға қатысты емес сұрақтар қоймаңыз. Өзіңе алаңдауға жол беру – мойынсұнбау дегені.
Жохан 21:22 Менің өміріме деген Құдайдың жоспары игі екендігіне сенімді болу. Жақсы, сізде мен сенімді болуға мұқтаждың төрт кілті бар:
- Барлық жағдай Құдайдың қолында екеніне сенімділік.
- Өмір жақсы аяқталатынына сенімділік.
- Қауіпсіздік және маңыздылық кепілдігі.
- Құдайдың менің өміріме деген жоспарына сенімділік.
Барлығы қажет. Барлығы қалаулы. Бірақ менің өмірімде өте аз болған тағы бір нәрсе бар және мен оны қалаймын, ол маған қолжетімді.
Қауіпсіздік жүйедегі менің бесінші сілтемем: тыныштықта екеніме маған сенімділік қажет. ДӘЛ ҚАЗІР!
Ишая 26:3
«Әрдайым ойын Саған бағыттаған Әрі сенімін бір Өзіңе артқан Жанды сақтайсың Сен тыныш, аман».
Тек ғана тыныштық емес. Шынай тыныштық. Бізбен болатын жағдайлардың бәрін толықтай Құдайдың бақылауында екенін қаншалықта жақсы түсінсек, соншалықта біздің жүрегімізде тыныштық орнатылады. Уайым, қайғы, қорқыныштың бәрі біздің денсаулығымызға сыр береді. Бірақ олар біздің сенбеушілерге деген куәлігімізге зиян келтірмей ме? Өкінішті?
Софония 3:17
«Құдайың Жаратқан Ие араңда тұр! Ол — батыр іспетті құдіретті Құтқарушы саған қатты шаттанады, сүйіспеншілігімен сені тыншытып, саған қуанып мерекелейді».
Бұл аят Құдайдың әндетіп жатқаны жайлы Киелі Кітаптағы жалғыз ғана аят болса керек. Оның әні нені уәждейді? Оның сізбен қарым-қатынасы!
Уау! Біз соншалықты Оған маңыздымыз ба? Құдаймен біздің арамыздағы байланысқа Құдайдың қуанғаны – бұл Оның бізге деген сүйіспеншілігін көрсетеді. Ол біздің көңілімізді сүйіспеншілігімен елжіретеді.
Егер сіз Исаны Құтқарушым деп қабылдаған болсаңыз, Өзінің адал сүйіспеншілігімен сүйетін Құдайдың құдіретті қолындасыз. Егерде сіз Исаға Құтқарушым деп қабылдауды қаламасаңыз, онда сіз қаншалықты өз күшіңізбен баратыныңызға қараңыз! Жуынатын бөлмедегі айнада: «Құдай бүгін, сіздің осы күніңіз, барлығы Оның қол астында екеніне, сіздің өміріңіз Оның қолында екеніне, Оның жоспарына және мақсатына деген терең сенімділік, жүрек тыныштығымен, ішкі сенімділікпен өткенін қалайды, және осылардың бәріне жол береді. Ол сізді сеніміңізді кестеге емес, Оған артқаныныңызды қалайды. Ол сізді Құдайда болғаныңызды және Оны күткеніңізді қалайды. Өзінің керемет тәсілімен орнатылған тәртіпті Оның сізге арналған жоспарын жүзеге асыру үшін Ол барлығын бірге жаратады, әрбір бөлшекке қарайды, барлық жағдайды ұйымдастырады». Тыныштық тамаша нәрсе.
Егер сенім жоқ болса, онда тыныштықта жоқ. Егер сенім көбірек болса, онда тыныштық та көбірек болады.
Сондықтан тура айтқанда. Егер мен сенсем менің ой санам Мәсіхте болады, соның нәтижесінде жүрегімде тыныштық болады. Осылай әр күні менің сенімім Құдайға деген толық болсын деп мені сиынуға итермелейді.
Мен бір жыл бойы күнделікті Киелі Кітап оқып сиынғанда достарым менің өмірімнің өзгергеніне сене алмады. Менің уайымдау дәрежем төмендегенін байқады. Бірақ мен одан да көбірек қалаймын. «Менің қадірлі тұлғам толықтай Исаға берілген бе? Барлық жағдайларда мен Исада тұрақтымын ба, тұра аламын ба? Егер солай болса, онда тыныштық болғаны. Құдайға толықтай жабысу немесе берілу – тіпті өте қиын жағдайда да жанға тыныштық береді».
Әрекет қадамы:
Күнделікті сиына отырып, мен Құдайға көбірек сенім артамын және Ол мені жолымда кездесетін әрбір жағдайда тыныштықпен баталайды.
Сонымен, сізде менің өміріме қажет қауіпсіз жүйемдегі бес сілтеме бар:
Барлығы Құдайдың бақылауында екендігіне деген сенімділік Забур жыр: 45:11а
Барлығы жақсылыққа әкелетіндігіне сенімділік: 1 Сал. 5:18
Қауіпсіздік және маңыздылық кепілдігі. 1 Жох. 3:16
Құдайдың менің өміріме керемет жоспары. Жохан 21:22
Тыныштық сенімділігі: Ишая 26:3
Менің мәсіхшілік өмірімдегі тесіктерді ашық айта аламын, бірақ менің тесіктерім сіздердікіндей емес. Қайталап айтамын – мен өзімнің рухани қауіпсіздік жүйесімен бөлістім, дәл осы аяттарды сіз өзіңізге көшіріп аласыз деп үміттенбеймін. Сізде қандай тесіктер бар екенін анықтаңыз, соған байланысты солармен күресе алатын жақсы аяттар тауып алыңыз.
Егер сіздің ғимаратыңыз өртенсе, сізді құтқарып алу үшін, ешқандай өртсөндірушілер қауіпсіздік желісімен келмесе, сіздің жерде бүркіленген түріңіз әдемі болмайды. Егер де сізді рухани құлдыраулар жесе, ал сіз өзіңіздің қауіпсіздік жүйеңізді құрмаған болсаңыз, сіздің жарақаттанған өміріңіз әдемі болмайды. Сізге рухани қауіпсіздік жүйесі қажет. Өкінішті. Сізде соны құруға мүлде уақыт жоқ демеңіз. Сізде соның болмауы үшін уақыт жоқ.
Біреуін жасап көріңіз. Қалай?
Бірінші қадам:
Сіздің өміріңіздегі ең үлкен рухани түбектерді белгілеңіз.
Уайым?
Порнография?
Ашу?
Қызғаныш?
Қорқыныш?
Сіз олардың не екенін білесіз.
Екінші қадам:
Әрбір тесікке бір аят табыңыз
Үшінші қадам:
Сол аяттарды жаттап алыңыз.
Сол аяттар жайлы терең ойланыңыз.
Солармен өмір сүре алу үшін сиыныңыз.
Оларды өзіңіздің рухани ДНКаңызға еңгізіңіз.
Оларды үйіңіздің ішінде қыстырып қойыңыз. Жуынатын бөлмедегі айнаға жабыстырыңыз.
Автокөлігіңіздің рөліне жабыстырыңыз.
Осы аяттарды қымбатты өміріңізде ұстаныңыз.
Төртінші қадам:
Қиын сәттер орнағанда сол аяттарды шығарыңыз!
Оларды айтып сиыныңыз, өзіңізге сол аяттарды қайталаңыз, соны өміріңізде ұстануға Құдайдан көмек сұраңыз.
Қиын жағдайлар кезінде солардың қолдауын бақылаңыз.
Сол кезде бұрын соңды болмаған Киелі Жазбаның есте сақтау күшін көресіз.
Рухани қауіпсіздік жүйесі жұмыс істейді.
Оларсыз үйден шықпаңыз.