Аят жаттау құралы
Бұл құрал сізге аяттарды шын жүректен жаттауға көмектеседі.
Аятты бірнеше рет тыңдаңыз.
Содан соң аудио жазбаны тоқтатып, оның көмегінсіз айта аласыз ба, жоқ па, көріңіз.
Аудио жазбаны қайтадан тыңдап, дұрыс айттыңыз ба, жоқ па, тексеріңіз.
“Қайталау! Қайталау! Қайталау!
Қайталау – бұл аяттарды есіңізге сақтаудың ең жақсы тәсілі.”
(Төменде келтірілген аяттар 2:7 сериясынан алынған)
Кіріспе аяттар:
Құтқарылуға ие болғанға сенімділік.
Жоханның 1 хаты 5:11,12
(11Бұл куәліктің мәнісі мынадай: Құдай бізге мәңгілік өмір сыйлады. Осы өмір Оның рухани Ұлында: 12Құдайдың рухани Ұлымен байланысы бар адам шынайы өмірге ие, ал Онымен байланысы жоқта шынайы өмір де жоқ.)
Жоханның 1 хаты 5:11,12
Сұраған дұғаларға жауап алуға деген сенімділік.
Жохан 16:24
(24Бұған дейін Менің атымнан еш нәрсе де сұраған жоқсыңдар. Енді сұраңдар да алыңдар! Сонда шексіз қуанышқа кенелесіңдер.)
Жохан 16:24
Жеңіске жетуге деген сенімділік.
Қорынттықт. 1 хат 10:13
(13Сендер әлі күнге дейін қатты сыналған жоқсыңдар, еліктірген жағдайлар әдетте адамдардың бастарына түсіп жүргендегідей ғана болып келді. Ал Құдай Өзінің уәдесіне берік: Ол төзімдеріңнен артық сыналуларыңа жол бермейді. Еліктірілген кездеріңде соған шыдауға күш-қуат беріп, құтылып шығудың лайықты жолымен қамтамасыз етеді.)
Қорынттықт. 1 хат 10:13
Кешірім алғанға сенімділік.
Жоханның 1хаты 1:9
(9Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады.)
Жоханның 1хаты 1:9
Құдайдың бізді әркез жетелейтіндігіне сенімділік.
Нақыл сөздер 3:5-6
(5Өз ақыл-санаңа сүйеніп жүрме,
Сенім арт шын жүректен Жаратқан Иеңе.
6Бар жағдайда да мойында Тәңір Иеңді,
Сонда Ол тура жолмен жетелер сені.)
Нақыл сөздер 3:5-6
А тобы жаңа өмірмен өмір сүру.
Мәсіх- Орталық
Қорынттықт. 2 хат 5:17
(17Сонымен, біреу Мәсіхпен тығыз байланыста болса, сол — жаңадан жаратылған адам. Ескі өмірі өтіп кетіп, міне, жаңасы пайда болды!)
Қорынттықт. 2 хат 5:17
Мәсіх – барлығының негізі.
Ғалаттықт. хат 2:20
(20сондықтан өзім бұдан былай өмір сүріп жатқаным жоқ, қайта, бойымда Мәсіх өмір сүруде. Ендігі тәндік өмірім — Құдайдың рухани Ұлына деген сенімімнің арқасындағы өмір. Ол мені сүйгендіктен, Өзін мен үшін құрбан етті!)
Ғалаттықт. хат 2:20
Мәсіхке бағышталу.
Римдіктерге хат 12:1
(1Сонымен, бауырластарым, бізге осындай мол мейірімін төккені үшін өздеріңді Құдай жолына арнауға шақырамын. Өмірлерің Құдайға ұнамды, толықтай бағышталған, тірі құрбандықтай болсын: Оған лайықты рухани қызмет көрсетулерің осы болады.)
Римдіктерге хат 12:1
Мәсіхке мойынсыну.
Жохан 14:21
(21Менің өсиеттерімді жүректеріне сақтап, орындап жүргендер — Мені сүйетіндер. Оларды Әкем де сүйеді. Мен де соларды сүйіп, Өзімді оларға жақынырақ таныстырамын.)
Жохан 14:21
Сөз.
Тімотеге 2 хат 3:16
(16Киелі жазбалардың бәрі Құдай Рухының жетелеуімен жазылған. Олар тәлім беру, әшкерелеу, түзету әрі әділдікке тәрбиелеу үшін тиімді. )
Тімотеге 2 хат 3:16
Сөз.
Ешуа 1:8
(8Осы Таурат заңы кітабында жазылғандардың бәрін сақтап, орындай алуың үшін оларды аузыңнан тастамай, күні-түні оқып, солар туралы ойланатын бол! Сонда ғана өркендеп табысты боласың.)
Ешуа 1:8
Дұға.
Жохан 15:7
(7Ал егер сендер Менімен тығыз байланыста тұрсаңдар, әрі Менің сөздерім өздеріңмен бірге болса, қалағандарыңның бәрін көктегі Әкемнен сұраңдар, сонда аласыңдар.)
Жохан 15:7
Дұға.
Філіпілікт. хат 4:6-7
(6Еш нәрсені уайымдамай, барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға сиынып тілекпен және шүкірлікпен білдіріңдер! 7Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан керемет тыныштығы сендердің жүректерің мен ой-саналарыңды Мәсіх Исада сақтайды.)
Філіпілікт. хат 4:6-7
Қарым қатынас.
Еврейлерге 10:24-25
(24Өзара сүйіспеншілік көрсетіп, игілік істеуге қозғау салудың қамын ойлайық. 25Кейбіреулер сенушілердің жиналыстарына бармай қалуды дағдыға айналдырып алған сияқты. Ал біздер солай істемей, бір-бірімізді одан бетер жігерлендірейік. Иеміздің қайтып келетін күнінің таяп қалғанын білесіңдер ғой.)
Еврейлерге 10:24-25
Қарым қатынас.
Жоханның 1хаты 1:3
(3Сендер бізбен байланыста болсын деп, өзіміз көріп, естігеніміз туралы хабар беріп отырмыз. Осылай бәріміз Әкемен және Оның рухани Ұлы Иса Мәсіхпен байланыстамыз.)
Жоханның 1хаты 1:3
Куәлік ету.
Матай 4:19
(19Иса оларға тіл қатып: «Соңымнан еріңдер! Мен сендерді балық аулағандарың сияқты бұдан былай адамдарды жинап әкелетін етемін»,— деді.)
Матай 4:19
Куәлік ету.
Римдіктерге 1:16
(16Мен Ізгі хабар үшін еш ұялмаймын, ол — Мәсіхке сенетін барлық адамдарды, алдымен яһудилерді, сондай-ақ басқа ұлт адамдарын да құтқаратын Құдайдың құдіреті!)
Римдіктерге 1:16
Б тобы Исаны жариялау.
Бәріде күнәкар.
Римдіктерге 3:23
(23бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды.)
Римдіктерге 3:23
Бәріде күнә жасады.
Ишая 53:6
(Барлығымыз адасқан қойлардай тентіреп, өз бетімізбен жүрдік. Ал Жаратқан Ие бәріміздің күнәларымызды Қызметшісінің мойнына артты.)
Ишая 53:6
Күнә үшін алатын жаза.
Римдіктерге 6:23
(23Күнәнің беретіні — (мәңгілік) өлім, ал Құдайдың беретін сыйы — Иеміз Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы мәңгілік өмір.)
Римдіктерге 6:23
Күнә үшін алатын жаза.
Еврейлерге 9:27
(27Құдай адамның бір рет өліп, содан соң қиямет сотының алдында тұратынын белгілеген.)
Еврейлерге 9:27
Мәсіх бізге тиісті қарғысты Өз мойнына алды.
Римдіктенге 5:8
(8Дегенмен, әлі де күнәкар болып жүрген кезімізде біз үшін Мәсіх өмірін құрбан етті! Осы арқылы Құдай бізге Өзінің зор сүйіспеншілігін дәлелдеді.)
Римдіктенге 5:8
Мәсіх бізге тиісті қарғысты Өз мойнына алды.
Петірдің 1хаты 3:18
(18Мәсіх те әділ бола тұра, әділетсіздер үшін азап шекті. Ол бізді Құдаймен табыстыру үшін күнәларымызға бола біржола құрбан болды. Сонда Мәсіх тәнінде өлтірілді, ал рухани денемен қайта тірілді.)
Петірдің 1хаты 3:18
Құтқарылу іс-әрекет арқылы жүзеге аспайды.
Ефефстіктерге 2:8-9
(8Себебі Құдайдың рақымымен, Мәсіхке деген сенімдерің арқылы құтқарылдыңдар. Бұл — өздеріңнің жетістіктерің емес, Құдайдан келген сый. 9Сондықтан игі істерімнің арқасында құтқарылдым деп ешкім мақтанбасын.)
Ефефстіктерге 2:8-9
Құтқарылуға іс-әрекет арқылы ие болмайды.
Титке 3:5
(5бізді құтқарды. Ол бізді жасаған әділ істерімізге бола емес, Өзінің мейіріміне бола күнәдан жуып тазартып, Киелі Рухы арқылы рухани қайта туғызып жаңартты.)
Титке 3:5
Мәсіхті қабылдау міндетті.
Жохан 1:12
(12Бірақ Оны қабылдап, Оған сенім артқандардың бәрін Ол Құдайдың рухани балалары болуға құқықты етті.)
Жохан 1:12
Мәсіхті қабылдау міндетті.
Римдіктерге 10:9-10
(9Өз аузыңмен Исаны Жаратқан Ием деп мойындасаң, жүрегіңде Құдайдың Оны өлімнен қайта тірілткеніне сенсең, онда құтқарыласың. 10Себебі Мәсіхке жүрегімен сенуі арқылы адам күнәсінен ақталады, Оны аузымен мойындауы арқылы құтқарылады.)
Римдіктерге 10:9-10
Құтқарылғандыққа сенімділік.
Жоханның 1хаты 5:13
(13Сендер Құдайдың рухани Ұлына сенгендіктен мәңгілік өмірге иесіңдер. Оған сенім артқан сендердің соны білулерің үшін бұларды жазып отырмын.)
Жоханның 1хаты 5:13
Құтқарылғандыққа сенімділік.
Жохан 5:24
(24Сендерге тағы бір маңызды шындықты айтайын: кімде-кім айтқан сөздеріме құлақ асып, Мені Жібергенге сенсе, сол мәңгілік өмірге ие. Ол қиямет сотына тартылмайды, керісінше, рухани өлімнен шынайы өмірге өтті.)
Жохан 5:24
С тобы Құдайдың жетелеуіне сүйенеді.
Оның Рухы.
Қорынттықтарға 1хат 3:16
(16Сендер өздеріңнің «Құдайдың киелі үйі» екендіктеріңді және Құдайдың Рухы өздеріңде тұратынын білмейсіңдер ме?)
Қорынттықтарға 1хат 3:16
Оның Рухы.
Қорынттықтарға 1хат 2:12
(12Ал біз осы дүниелік рухты емес, Құдайдан келген Киелі Рухты қабылдадық, Соның көмегімен Құдайдың бізге сыйлаған игіліктерін біле аламыз.)
Қорынттықтарға 1хат 2:12
Оның күші.
Ишая 41:10
(10Қорықпа, Мен саған жар боламын,
Абыржыма, Мен сенің Құдайыңмын!
Саған қуат беріп көмектесемін,
Жеңімпаз қолыммен сүйемелдеймін.)
Ишая 41:10
Оның күші.
Філіпіліктерге 4:13
(13Себебі маған күш-қуат беретін Мәсіхпен бірге болсам, бәріне де төзе аламын.)
Філіпіліктерге 4:13
Құдайдың адалдығы.
Жоқтау 3:22-23
(22Түгелдей құрып кетпегеніміз біздің
Берік рақымынан Жаратқан Иенің,
Өйткені рақымы Оның сарқылмас дәйім,
23
Жаңара береді ол таң атқан сайын.
Уа, Ием, сондай зор Сенің адалдығың!)
Жоқтау 3:22-23
Оның адалдығы.
Руларды санау 23:19
(19Құдай өтірік айтатын пенде емес,
Ойын өзгерте беретін адам да емес.
Ол айтса, сонысын іске асырмай ма,
Әлде сөз беріп, онысын орындамай ма?)
Руларды санау 23:19
Оның Тыныштығы.
Ишая 26:3
(3Әрдайым ойын Саған бағыттаған
Әрі сенімін бір Өзіңе артқан
Жанды сақтайсың Сен тыныш, аман.)
Ишая 26:3
Оның тыныштығы.
Петірдің 1хаты 5:7
(7Барлық уайымдарыңды Құдайға сеніп тапсырыңдар, себебі Ол қамдарыңды ойлайды!)
Петірдің 1хаты 5:7
Оның қамтамасыз етуі.
Римдіктерге 8:32
(32Ол Өзінің жалғыз рухани Ұлын аямай, Оны біз үшін өлімге қиды. Ендеше Онымен бірге бізге қажеттінің бәрін қалайша сыйламайды?)
Римдіктерге 8:32
Оның қамтамасыз етуі.
Філіпіліктерге 4:19
(19Ал Иса Мәсіхпен жүрген сендердің барлық қажеттеріңді де менің Құдайым Өзінің керемет байлығы бойынша қамтамасыз ететін болады.)
Філіпіліктерге 4:19
Азғыру кезіндегі Оның көмегі.
Еврейлерге 2:18
(18Өзі азап шегіп ауыр сынаққа төзген Ол сынақтан өтіп жатқан бізге де көмектесе алады.)
Еврейлерге 2:18
Азғыру кезінде орын алатын Оның көмегі.
Забур 118:9-11
(9Жастар қалай таза жолмен жүре алады?
Сөзіңе бағынып соны істей алады.
10Шын жүректен Саған бет бұрып келемін,
Тайдыра көрме мені өсиеттеріңнен.
11Күнә жасамауым үшін Саған қарсы,
Жүрегіме сақтадым айтқандарыңды.)
Забур 118:9-11
Д тобы Мәсіхтің шәкірті бол.
Мәсіхті бірінші орынға қой.
Матай 6:33
(Ең бастысы, Құдайдың Патшалығының қамын ойлап, Құдайдың әділ еркін орындауға ұмтылыңдар! Сонда көктегі Әкелерің сендерге бұлардың бәрін қосып береді.)
Матай 6:33
Мәсіхті бірінші орынға қой.
Лұқа 9:23
(23Бұдан кейін Иса халықтың бәріне арнап мынаны айтты:
— Маған еріп шәкіртім болғысы келген әркім өз еркі бойынша өмір сүруін қойсын, әрі айқышын арқалаған кісідей азапты өлімге күн сайын дайын болып Менің жолыммен жүрсін!)
Лұқа 9:23
Осы күнәлі дүниеден аулақ болу.
Жоханның 1 хаты 2:15-16
(15Осы күнәлі дүниені және ондағы еш нәрсені сүймеңдер! Осы дүниені сүйгендердің көктегі Әкеге сүйіспеншілігі жоқ.
16Себебі осы дүниеге тән нәрселердің бәрі: күнәкар адамның құмарлықтары, көзінің қомағайлығы әрі тұрмысына мастануы
көктегі Әкеден емес, осы дүниеден бастау алған.)
Жоханның 1 хаты 2:15-16
Күнәкар дүниеден бөліну.
Римдіктерге 12:2
(2Бұл күнәкар дүниенің өмір сүру салтын үлгі етпеңдер, қайта, ой-тілектерің Құдайдың жаңартуымен түбегейлі өзгерсін! Осылай сендер Оның еркін — ненің игілікті, ұнамды және кемелді екенін ажырата білетін боласыңдар.)
Римдіктерге 12:2
Табанды бол.
Қорынттықтарға 1хат 15:58
(58Сонымен, сүйікті бауырластарым, табанды болып, сенімдеріңнен айнымай, Иеміздің ісін әрдайым молынан істей беріңдер! Өйткені Иемізбен жүріп атқарған еңбектеріңнің бекер еместігін біліп алдыңдар.)
Қорынттықтарға 1хат 15:58
Табанды бол.
Еврейлерге 12:3
(3Исаның күнәкарлардың қаншама жауыздықтарына шыдағанын ескеріңдер! Осылай сендер де қажымаңдар, жігерлеріңді жасытпаңдар!)
Еврейлерге 12:3
Басқаларға қызмет етіңдер.
Марқа 10:45
(45Себебі Мен де Құдай тағайындаған Билеуші бола тұра, Өзіме қызмет еткізу үшін емес, Өзім қызмет етіп, көптеген адамдардың азаттық төлемін өтеп жанымды қию үшін осы дүниеге келдім.)
Марқа 10:45
Басқаларға қызмет етіңдер.
Қорынттықтарға 2 хат 4:5
(5Біз өзімізді емес, Мәсіх Исаны уағыздаймыз, Ол — Жаратқан Ие, ал біз Исаға бағышталып, сендерге қызмет етеміз.)
Қорынттықтарға 2 хат 4:5
Қолда барды жомарттықпен беру.
Нақыл сөздер 3:9-10
(9Жаратқанды құрметтеп сыйға бер мал-мүлкіңнен,
Алған бар өніміңнің алғашқы түсімінен.
10Сонда астыққа кенелер қамбаларың,
Ернеулеп толар шырынға ыдыстарың.)
Нақыл сөздер 3:9-10
Қолда барды жомарттықпен беру.
Қорынттықтарға 2 хат 9:6-7
(6Бұл жайында: «Сараң сепкен сараң жинар, жомарт сепкен жомарт жинар» делінген ғой. 7Әрқайсың жүректеріңнің шешіміне сай, еш ренішсіз, зорлықсыз барларыңмен бөлісіңдер! Құдай қуанышпен беретіндерді ұнатады.)
Қорынттықтарға 2 хат 9:6-7
Әлемге ізгі хабарды жеткізу.
Елшілердің істері 1:8
(8Бірақ Киелі Рух өздеріңе қонғанда Оның құдіретін қабылдайсыңдар. Содан сендер Иерусалимде, бүкіл Яһудея мен Самария аймақтарында және жердің шетіне дейін Маған куә боласыңдар.)
Елшілердің істері 1:8
Әлемге ізгі хабарды жеткізу.
Матай 28:19-20
(19Сондықтан барлық халықтарға барыңдар! Оларды Менің шәкірттерім етіп, Құдай Әкенің, рухани Ұлының және Киелі Рухының атымен шомылдыру рәсімінен өткізіңдер, 20әрі сендерге өсиет еткендерімнің бәрін де ұстануға үйретіңдер! Естеріңде болсын: Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын!» (Аумин))
Матай 28:19-20
Е тобы Мәсіхке ұқсап өсу.
Сүйіспеншілік
Жохан 13:34-35
(34Сендерге бір жаңа өсиет айтамын: біріңді-бірің жақсы көріңдер! Мен өздеріңді сүйгендей, сендер де бір-біріңді сүйіңдер! 35Менің шәкірттерім екендіктеріңді елдің бәрі өзара сүйіспеншіліктеріңнен білетін болады.)
Жохан 13:34-35
Сүйіспеншілік.
Жоханның 1хаты 3:18
(18Балаларым менің, сөз жүзінде емес, іс жүзінде шынайы сүйіспеншілік білдірейік!)
Жоханның 1хаты 3:18
Кішіпейілділік.
Філіпіліктерге 2:3-4
(3Жеке басының абырой-атағын ойлайтын менмен емес, кішіпейіл болып, басқаларды өздеріңнен жоғары қойыңдар!
4Әрқайсың өз мүдделеріңді ғана емес, басқалардікін де ойлап жүріңдер!)
Філіпіліктерге 2:3-4
Кішіпейілділік.
Петірдің 1 хаты 5:5-6
(5 Сол сияқты, сендер де, жастар, жетекшілерге мойынсұныңдар! Бәрің де арақатынастарыңда әрдайым кішіпейілділік танытыңдар! Себебі «Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, ал кішіпейілдерге рақымын сыйлайды». 6Сонымен, Құдайдың құдіретті қолының астына бой ұсыныңдар; Өзі белгілеген уақыты жеткенде Ол сендерді жоғарылатпақ.)
Петірдің 1 хаты 5:5-6
Кемелсіздік.
Ефестіктерге 5:3
(3Араларыңда неке адалдығын бұзу, әр қилы азғындық пен ашкөздіктің тіпті аттары да аталмасын. Құдайға бағышталған адамдарға бұлардан аулақ жүру лайық.)
Ефестіктерге 5:3
Кемелсіздік.
Петірдің 1 хат 2:11
(11Сүйікті бауырластарым, (осы күнәкар дүниеде) жат жерлік адамсыңдар, сондықтан сендерге ескертемін: өз жандарыңа ұдайы қарсы шығатын арам құмарлықтардан бас тартыңдар!)
Петірдің 1 хат 2:11
Шыншылдық
Леуіліктер 19:11
(11Ұрлық жасама! Өтірік айтпа! Бір-біріңді алдамаңдар!)
Леуіліктер 19:11
Шыншылдық
Елшілердің істері 24:16
(16Сондықтан әрдайым Құдай алдында да, адам алдында да ар-ұжданымның таза болуы үшін ұмтылып келемін.)
Елшілердің істері 24:16
Сенім
Еврейлерге 11:6
(6Ал сенім артпай Құдайға ұнау мүмкін емес. Құдайға келген әркім Оның бар екеніне сенуге және Өзін іздеп, жақыннан танығысы келгендерді
Құдайдың жарылқайтынына илануға тиіс.)
Еврейлерге 11:6
Сенім
Римдіктерге 4:20-21
(20Қайта, Ыбырайым Құдайдың уәдесіне күмәнданбай, Оған деген сенімінен қуат алды.)
Римдіктерге 4:20-21
Игі істер.
Ғалаттықтарға 6:9-10
(9Жақсылық жасаудан талмайық! Себебі бұдан шаршап, бас тартпасақ, тиісті уақытта оның игілікті өнімін Құдайдан қабылдайтын боламыз.
10Сондықтан мүмкіндік барда барлық адамдарға, әсіресе сенімі бір бауырластарымызға, жақсылық істей берейік!)
Ғалаттықтарға 6:9-10
Игі істер
Матай 5:16
(16Сол сияқты, сендердегі «нұр» адамдарға сәулесін төксін. Осылайша олар игі істеріңді көріп, көктегі Әкелеріңді
мадақтап дәріптесін.)
Матай 5:16
Аят жаттау құрал