Руxани Дарындар
Олар нелер?
Рухани дарындар бұл әрбір сенушіге берілетін табиғаттан тыс қабілеттіліктер, дағдылар немесе мүмкіндіктер.
1 Қор. 12:7
Ол өз Рухының өмірлеріңде бар екенін әрқайсыңа бәрінің игілігі үшін көрсетеді.
Мәсіхшілердің ешқайсы да осы дарындарға лайық емес және олардың барлығын біз өз күшімізбен немесе еңбектену арқылы иемдене алмаймыз.
Сіз оларды қалай аласыз?
1 Қор. 12:7
…….көрсетеді …….
1 Қор. 12:11
«Бұлардың бәрін де дәл сол Киелі Рух істейді. Ол дарындарды Өзінің қалауынша әркімге жекелеп үлестіріп береді».
Сізге сол дарындарды Құдай береді. Ол Өзінің шексіз даналығымен дарындарды бүкіл Қауымға таратты.
Рахани дарындар не үшін қажет?
1 Қор. 12:7
….. бәрінің игілігі үшін
Дарындар қауымның құрылуы үшін берілген. Құдай берген дарындарды қолданудан бас тарту Құдайға деген адалсыздық таныту деген сөз.
“Осы әлемде Рухани дарындарсыз қауым құрылмай қалар еді, адамзат көруге тиіс болған Мәсіхтің даңқын түк көре алмас еді. Олар болашақ әлемнің күштері, Құдай Патшалығының орнауы және сақталуы үшін Мәсіхтің ықпалды әрекетінің күші болып табылады.
Рим. 12:4
«Денеміздің мүшелерінің көп, әрі олардың атқаратын қызметтерінің әр түрлі екеніндей»
Мәсіхке келген әрбір адамда Оның Денесіне қызмет ету үшін қандай да бір сала болатыны күтіледі. «Егер біз өзімізді Мәсіхтің шынайы шәкіртіміз дей тұра, бірақ қызмет етпесек, өзімізден сұрау керекпіз, біз шынымен де Оның шәкіртіміз бе? Өзімізді өзіміз алдамайық; Мәсіхтің шынайы шәкірттері ғана қызмет етеді».
Рим. 12:3
«…Қайта, Құдайдан сенім арқылы әрқайсыңның үлестеріңе қандай рухани дарындар тигенін ойлай отырып, өздеріңді саналы түрде бағалаңдар»
«Әрбір адам үшін өлшем әртүрлі болып келеді. Бұл дегені сенімді сақтап қалу деген сөз емес, себебі сенім барлығына бірдей беріледі. Бұл сіздегі дарындарды басқару үшін қажетті сенім және сіздің рухани дарыныңызды ықпалды ететін рухани қабілеттілік».
Біздің ұранымыз: ҚОЛДАНЫЛМАЙТЫН ДАРЫН ЖОҚ! ҚОЛДАНЫЛМАЙТЫН ДАРЫН ЖОҚ! болсын. Құдай оларды Өз даңқы үшін және Өзінің Қауымының құрылуы үшін берді. ОЛАРДЫ ҚОЛДАНЫҢЫЗ! Олардың қолданылмай қалуына жол бермеңіз. Құдай сізге берген сол дарындарды менсінбей және елемей қоймаңыз!
Ескерту!
2 Қор.12:12 «Құдайдың шынайы елшісі екенімді көрсететін белгілер, яғни ғажап кереметтер мен құдіретті істер, үлкен төзімділікпен көз алдарыңда орындалды».
Елшілерге жаңа Қауымдарды бастауға көмектесу үшін оларға қызметтерін растайтын ерекше белгілер берілді. Сол кезеңде Інжіл Шариф болмағандықтан адамдар елшілердің Құдайдың атынан айтып жатқандарын білулері үшін олардың қызметі басталған кезде елшілерге сол белгілер өте қажет болды. Бірақ елшілік кезең өтіп кеткендіктен олардың белгілері де өздерімен бірге кетті. Сондықтан келіңіздер бір нәрсеге тоқталайық….
1 Петір 4:10,11
«Тәңір Ие рақым етіп сыйлаған алуан түрлі рухани дарындарыңды жақсылап қолданыңдар. Әрқайсыларың қабылдаған дарындарыңмен бір-біріңе адал қызмет етіңдер: уағыз айтатындарың Құдай сөзін уағыздай беріңдер; қызмет көрсететіндерің Тәңір Иенің өздеріңе берген күш-қуатымен қызмет ете беріңдер! Осылайша барлық істе де Құдай Иса Мәсіх арқылы мадақталсын. Ұлылық, даңқ және билік мәңгі Онікі! Аумин».
Мұнда Петір дарындарды жалпы екі санатқа бөледі: іс-әрекет және сөйлеу. Осы айырмшылықты қолымыздан келгенше жақсылап қолданайық.
Рим. 12:6-8
«Құдайдың рақымымен әрқайсымыз ерекше рухани дарындарды қабыл алдық: сенің пайғамбарлық сөз сөйлеу дарының болса, хабардың Құдайдан келгендігіне деген сеніміңе сай оны жеткіз.7 Сыбағаңа қызмет ету тиген болса, соныңды атқар, рухани тәлім беру дарының болса, оны қолдана бер.8 Кімде жігерлендіруші дарын болса, сонысын орындай берсін, мұқтаждарға жәрдем үлестіруші де онысын ақпейілмен атқарсын. Жетекшілік етіп жүргендер шынайы еңбекқорлық көрсетсін және қайырымдылық жасайтындар оны қуанышпен істесін.»
Іс-әрекет дарыны
Қызмет: Бұл сөздің сөзбе сөз мағынасы үстелдің қасында күту дегенді білдіреді, бірақ басқаларға кез-келген көмек көрсетуге айналады. Мартаға өзінің қызмет ету дарыны сөзсіз ұнады.
Әкімшілік, басшылық немесе басқару: Жалпы сенушілер бір мақсатқа жету үшін біріге отырып, топ сияқты бір жұмысқа атсалысуы керек. Осы тәсілді Нехемия Иерусалим қабырғаларын тұрғызу кезінде қолдану керектігін көрген сәтте, әрбір қабырға бөлігіне жұмысшыларды тағайындап, оларды уәждеп, ынталадандыру арқылы жұмыстарын атқарды. Бір адам болып, жалғыз өзі орындай алмайтын жұмысты топпен біріге атқару оңайырақ келеді.
Беру немесе құрбан ету: Сөзбе-сөз мағынада бұл басқаларға заттай (ақшалай болсын, әрине онымен ғана шектелмейді) «көп-беру» болып табылады. Бұл дарынды біз кедейміз, бізде беретін де ешнәрсе жоқ деп елемеуге де болар еді, бірақ Киелі Кітап ауқатты, бай адамдарға да осы қызметті шектемейді.
2 Қор. 8:1,2
Ал енді, қымбатты бауырластар, сендерді Құдайдың Македониядағы қауымдарға рақымын төккені туралы да хабардар еткіміз келеді.2 Бастарынан өтіп жатқан ауыртпалықтар арқылы сенімдері қатты сыналғанмен, (Иемізге деген) қуаныштары шексіз болды. Осылайша олар ағыл-тегіл мол беріп, өздерінің тақыр кедейліктеріне қарамастан жомарттық көрсетті.
Осы мысал кедей адамдардың өте үлкен жомарттылықпен барын құрбандық еткенін көрсетеді.
Қайырымдылық: Жағдайлары өте нашар адамдарға қызмет ету дегеніміз – бақытсыз, қажыған, нашақор, түрмеде мерзімін өтеушілер, өмірден түңілгендерге қызмет етуден тұрады. Әйүіптің достары жеті күн мен түн бойы онымен бірге отырып, ауыздарын ашпастанн оған қайырымдылық көрсетті. Әйүптің қиналған сәтінде олардың жанынан табылғандары оған сол қиындықта ол жалғыз емес екендігін көрсетті. Өкінішке орай, олар біраз уақыттан соң, ауыздарын ашып, оған аяусыздық танытты.
Сөйлеу дарындары
Уағыздау: Бұл сөздің мағынасы көпшілікке «бүгінгі жағдайда Құдай Сөзін қолдана отырып» адамдар алдында сөйлеу дегенді білдіреді. Мұнда «насихаттау, үгіттеу, жұбату», «қауымға Құдайдың Сөзі арқылы Құдай не айтқысы келетініне» ден қойылады. Бұл дарын тек жетекшілермен ғана шектелмейді. Петір Елшілер істері кітабының 2 тарауында маңызды уағыздауы арқылы қауымын бастады.
Үйрету немесе тәлім беру: мұнда Киелі Кітаптық шындыққа құрылымдық және жүйелі түрде даярлығына қарай түсінуге ден қойылады. Тәлім берушілерде талдау, жүйелеу және түсіндіру мүмкіндіктері бар. Егер білсеңіз Пауыл осыны Ефестегі ұзақ қызметі кезінде қолданды.
Жігерлендіру немесе ынталандыру: адамдарды шындыққа бойсұнып жауап беруге нандыру, Құдайдың еркіне сай іс-әрекет жасау болып саналады. Пауылдың айтқанынан кейін, Барнабас нығайту, кеңес беру, жайлылық енгізу дарындарын пайдаланды.
Пікірлер:
- Пікір. Рухани дарындарды бойымыздағы табиғи қабілеттіліктермен шатастыруға болмайды. Кейбір адамдар туыла салысымен керемет әнші, терең ойшылдар немесе т.б. болулары мүмкін. Сондай қабілеттер үшін біз Құдайға алғыс айтуымыз керек, бірақ олар рухани дарындар емес.
- Пікір. Інжіл Шарифтегі барлық рухани дарындар тізімін оқып шығыңыз, тізімдер әртүрлі екенін сонда байқайсыз:
Мұнда біз мүлдем бір өзі билеп төстеуші, қатаң, иілмейтін дарындар саны жайлы айтып жатқан жоқпыз.
- Пікір. Мүмкін сіз бірнеше дарындар түрлерін елестететін шығарсыз.
- Пікір. Рухани дарындар бізге қауымды күшті етуге көмектесу үшін берілген. Құдай бізге дарындарды үйде шкафымызда қолдану үшін берген жоқ. Мынау жайлы ойланып көріңіз: егер сіз қауымға бармай қалсаңыз, қауымдағы біреу сіздің дарыныңыз қолданылмай қалғандықтан баталанбай қалды және қауым біраз әлсірей бастады!
“Қауым – автобус жолаушылары сыяқты басқа біреуге автобусты айдауға рұқсат беретін автобусқа ұқсамау керек, керісінше барлығы еңбек ететін құмырсқаның илеуі сияқты болуы керек.”
- Пікір. 1 Қор. 12 тарауды оқып шығыңыз. Дарындарды талқылап болған соң, Пауыл сол мезетте дене мүшелерінің бір-біріне өзара тәуелділігі жайлы айтады. Не үшін? Себебі, тура сіз сияқты мағанда денемнің әрбір мүшесі қажет, сондықтан қауымға денеде өз қызметін сол дарындарын қолдана отырып атқаратын әрбір сенуші қажет. Сенушілердің ешбірі маңызссыз емес. Әркім өз міндетін атқаруы тиіс.
- Пікір. Егерде сенуші еріншек немесе рухани дарындарын қолдануға немқұрайлы қараса, Құдай біз үшін не істегенін есіне түсіру үшін Римдіктерге арналған хаттың алғашқы он бір тарауын оқып шықсын. Алғыс білдірудің ішіндегі ең жалғыз жауап – бұл Оның ойлап тапқан біздің рухани дарынымызды қолдану арқылы Оған қызмет ету міндетімізді жаңарту болып табылады.
- Пікір. Ешбір адам дарынсыз болмайды. Сондықтан біз бір-бірімізге өте қажетпіз. Абай болыңыз, егерде басқалардың дарындарына қарағанда сіздің дарыныңыз маңыздырақ болса, басқа адамдарды менсінбей жүрмеңіз. Олай болмайды. Себебі әркімнің өз дарындары бар.
Бірақ…….
……. Егер біз белгілі бір салада дарынды болмасақ, онда сол салаға біз ат салыса алмаймыз деген сөз емес, осыны есте сақтауымыз керек. Барлық адамда ақшалай қызмет ету дарыны жоқ, бірақ барлық сенушілер берулері керек. Барлығында тәлім беру немесе үйрету дарыны жоқ, бірақ ата аналар өз балаларына тәлім беріп үйретуге тиіс. Барлығымызда қайырымдылық дарыны болмайды, бірақ жарақаттанған адамдар жолымызда кездессе оларды елемей қоймауымыз керек. Барлығымызда қызмет ету дарыны болмайды, бірақ әрбір сенуші әр күні бірнеше рет қызмет атқарады. Бұл жәй ғана бізге берілген дарындар саласында біз жарқырай түсеміз және оны басқаларға қарағанда жақсырақ жасайтын боламыз.
- Пікір. Әр түрлі дарындар.
1 Қор. 12:4-6
«Алуан түрлі дарындар бар, бірақ оларды сыйлайтын Киелі Рух Біреу-ақ.5 Түрлі қызметтер де бар, ал біздің қызмет ететін Тәңір Иеміз Біреу.6 Әрекеттер де алуан түрлі, бірақ олар арқылы сендердің барлығыңда әрекет ететін Құдай Біреу.»
Құдай алдында тұруымызда үлкен бірлік бар, ал Оған біздің қалай қызмет етуімізде ұлы да алуан түрлілік бар. Кейбір дарындар басқа дарындарға қарағанда көбірек көзге көрінеді. Уағыздаушыны барлығы естиді, ал қызметшіні ешкім байқамайды. Екеуі де маңызды.
- Пікір. Егер адам қауымда еш нәрсе істегісі келмесе, ол ешқашан өз дарынын біле алмайды … және қауым сәтсіздікке ұшырайды.
- Пікір. Сіз өз дарыныңызды қалай анықтай аласыз?
Сол жайлы Құдайға нық сеніммен дұға етіп сұраңыз, Ол сол дұғаңызға жауап береді. Құдай сізге рухани дарын бергеніне сенімді болыңыз, бірақ оны анықтау оңай емес және оларды ажырату өте қиын.
- Рим. 12:1:2 аяттар Рим. 12:3-8 аяттардан алдын келетінін ұғыныңыз. Бұның мағынасы неде? Тек 1,2 аяттарды орындаған соң ғана Құдай маған қалай қызмет ету керектігін көрсетеді, содан соң 3-8 аяттарда Құдай мені қолдана алатын болады.
Егер біз Құдайға өмірімізді арнағымыз келмесе, онда біз дарындарымыздың дамуында және жетілуіне жол бермей қоямыз.
Басқаша айтқанда, Осы аяттардан рухани дарындар жайлы оқып жатқанда сіз «Киелі Рух» жайлы көп қайталанатынын байқаған боларсыз. Сіз шынайы рухани дарындарды Рухтан ажырата алмайсыз. Сондықтан біз өзімізде дарынымызды ажырату және оны қолдану үшін әрқашан Рухпен жығылу керекпіз (Рухқа байланысты бізге белгілі барлық күнәмізді мойындап отыруымыз керек).
Егер біз рухани дарындарымызды қолданбасақ, онда біз мүмкін ешқашан Құдайға өмірімізді арнамаған болармыз.
Кейде біз мынау сияқты шындықты мойындаудан бас тартамыз. Тиімді қызмет – бұл Құдаймен өте тығыз толық қарым-қатынас. Біз басқа сенушілерге залал және қауіп төндіретінімзді өзіміз көрмейміз.
- Забур жыр. 36:4.
Жаратқан Иеңнен тап рақатыңды, Ол сыйлайды ізгі жүрек қалауыңды.
Егер біз Құдай алдында күнәларымызды мойындап, Киелі Кітап оқып, Оған бойсұнып және Оны өмірімізде бірінші орынға қойғанымызға қуанышқа толсақ, онда біздің жүрек қалауларымыз Құдайдан болады. Қызмет еткенді қалайсыз ба? Құрбан еткіңіз келе ме? Тәлім беруді қалайсыз ба? Ол сондай қалауларды жүрегіңізге салса, бұл керемет емес пе?
- Қауымда өз еріктеріңізбен әртүрлі жұмыстарды жасауға ат салысыңыз. Кейбір жұмыстар нашар болуы мүмкін. Кейбіреулері өте көлемді болуы мүмкін. Басқа біреулері қандай-да бір қызметте сіз бе әлде басқа адам шақырылғанына көз жеткізу үшін қайта талпынуды талап етуі мүмкін.
5) Өзгелерден сіз қандай сын-пікірлер аласыз? Егер әрбір адам кеп сізге балаларды оқыту бұл сіздің дарыныңыз емес десе, олар дұрыс айтуы ықтимал және олар сізге өз пікірлері және ойлары арқылы сізге қызмет көрсетіп жатыр.
6) Қауымда сізді не істегеніңізді сұрайды? Басқалардан жиі қандай ұсыныстар аласыз?
Сіздің дарыныңызды ажыратудан ешқандай қиындық және құпияшылық жоқ. Құдай сізге сол дарынды берген соң, Ол біздің Қауымды қуаттандыру үшін сол дарындарды пайдаланғанымызды қалайды және оны іздеуде, дамытуда бар күш жігеріңізді салсаңыз, Оның одан жоғары екенін байқайсыз.
Пікір 11. Сізде белгілі бір дарын болса, оны ешқандай күш салусыз қолданамын деген сөз емес. Ұстазға дұрыс дайындалу керек. Басқарушы жақсылап жоспарлау керек. Жігерлендірушіге оның қызметі тиімді болуы үшін Киелі Кітаптан белгілі тақырыпқа байланысты аяттарды жаттап алу керек. Ал қызметші қалай тиімді етіп қызмет етсем болады және немен қызмет ету керектігін білу үшін жақсы жоспар құруы керек. Ал құрбан етуші нені және қалай беру керектігін ойластыруы керек. Ешкім өз дарынын ешқандай ерекше бір күш сала артық қолданбайды. Себебі әркім өз дарындарымен қызмет етеді.
Пікір 12. Ұзақ уақыт сіз өз дарыныңызды қолдансаңыз, сіз оны жақсырақ жүзеге асыратын боласыз. Себебі сіз Киелі Кітап оқу барысында, сиынасыз, сіз сияқты дарыны бар сенушілермен қарым-қатынаста боласыз, өзіңіздің қызметіңізді қорынтылай отырып, сол қызметті тағы да тиімдірек қалай жасауға болатынын байқайтын боласыз.
Пікір 13. Сенуші жастар өз дарындарын Мәсіх денесінде енді қолдана бастағанда сіздің оларға беретін шынайы мақтауларыңыз – оларды жігерлендірудің ең күшті тәсілі болып саналады. «Бүгінгі берген сабағыңыз үшін сізге рахмет, ол шынымен нақты және түсінікті болды!», «Сіздің біздің отбасымызға айтқан жігеріңіз біздің көңіл-күйімізді көтерді» және т.с.с. Осындай мақтаулар оларға өздерінің дарындарын өз ойларында әрі қарай дамытуға итермелейді.
Пікір 14. (Шындықты сүйіспеншілікпен жеткізе отырып), басқалар өздері білетін дарындарын қалай жетілдіруге болатыны жайлы ұсыныс айтыңыз. Мысалы, достарым мені асықпай сөйлеуге жігерлендірді, арнайы бір кітаптар оқу, менің дарындарымды жетілдіру курстарына қатысу – бұлардың бәрі керек және барлығы пайдалы. Маған рухани жетілген сенушілердің сындарлы пікірлері көмектесті.
Пікір 15. Римдіктерге арналған хатқа қайта оралайық.
Рим. 12:6-8
Құдайдың рақымымен әрқайсымыз ерекше рухани дарындарды қабыл алдық: сенің пайғамбарлық сөз сөйлеу дарының болса, хабардың Құдайдан келгендігіне деген сеніміңе сай оны жеткіз.7 Сыбағаңа қызмет ету тиген болса, соныңды атқар, рухани тәлім беру дарының болса, оны қолдана бер.8 Кімде жігерлендіруші дарын болса, сонысын орындай берсін, мұқтаждарға жәрдем үлестіруші де онысын ақпейілмен атқарсын. Жетекшілік етіп жүргендер шынайы еңбекқорлық көрсетсін және қайырымдылық жасайтындар оны қуанышпен істесін.
Мұны бірнеше сөзбен баяндауға болады: өз дарыныңызды жоғары дәрежеде қолданыңыз. Дарыныңызды абайсыздықпен қолдансаңыз, қауымның құртылуына әкеліп соғады.
Бар күшіңізді салыңыз! Соған бас сала кірісіңіз!