Қарым-қатынасты нығайту
Менің әйеліммен қарым-қатынасым нашарлап кетті дейік. Бірақ оның әдемі, тартымды, мейірімді әрі қонақжай екенін, оның ұзын шашы мен жарқыраған көзін ұнататынымды айтып қояйын. Біздің некелесу рәсіміміз өте жақсы өтті. Тамақ та дәмді болды. Осы жиынға жақын достарымыздың барлығы келді. Бұл менің өмірімдегі ең жақсы күндердің бірі болды.
Алайда әйелім екеуміздің арамызда біраз мәселе пайда болды. Сіздің бізге көмегіңіз тиер деп үміттенемін. Негізінде, соңғы кездері бір таңқаларлық жағдай болып жүр – әйелім менімен жөнсіз ерегесе беретін сияқты, сондықтан сізден көмек сұрағым келеді. Онікі дұрыс емес екенін айтсаңыз… Ол: “Сен мені тыңдамайсың, маған көңіл бөлмейсің”, – деп күңкілдей береді. Әйелім осылай сөйлей бастағанда, мен қолыма неке куәлігімізді алып, оған некелесу рәсіміміздің қандай жақсы өткенін, тамақтың қандай дәмді болғанын, тойымызға жақын достарымыздың барлығының келгенін ескертемін. Ал оны тыңдап қайтемін? Біз үйлендік емес пе? Неке куәлігіміз, міне. Осы құжатымыз маңызды ғой? Әйелім: “Маған уақыт бөлмейсің”, – деп те шағымданады. Осылай жөнсіз ерегесетін әйелдердің бар екеніне сенесіз бе? Мен оған оның күйеуі екенімді ескертемін. Біз үйлендік. Тойдағы тамақ тамаша болды. Оған жақын достарымыздың барлығы қатысты. Неке куәлігіміз, міне. Біз үйлендік қой. Енді неге онымен бірге уақыт өткізуім керек? Ол неге маған осындай жөнсіз талаптар қоя береді? Оныкі дұрыс емес деп айтыңызшы. Мұндай сұлу әйелдің осылай қателесетіні қалай? Оның менімен келісуі үшін не айтуым керек? Ештеңе айтудың қажеті жоқ. Қателесіп жүрген өзіммін.
Мұндағы маңызды сұрақ: “Неке деген не?” Әншейін әдемі өткізілген рәсім ғана ма? Әлде өмір бойы жалғасатын қарым-қатынас па? Қарым-қатынас өмір бойы жалғасатын болса, жұбайлар бір-бірімен дұрыс сөйлесуді және бір-бірін тыңдауды үйренуге тиіс емес пе? Осы әлемде: “Неке – некелесу рәсімімен ғана шектеледі”, – деп ойлайтын адам бар ма? Жоқ. Ал: “Неке – өмір бойы жалғасатын қарым-қатынас”, – деп ойлайтындар ше? Барлық адамдар солай ойлайды. Енді мынаған назар аударыңызшы: Исаның ізбасарларының жағдайы да осыған ұқсайды. Егер сіз Исаны Құтқарушыңыз ретінде қабылдағаннан кейін ештеңе істемесеңіз, сізді Оның ізбасары деп атауға бола ма? Сіз бір рет мінажат ету арқылы Исаны өміріңізге шақырып, әрі қарай Оны елемей кетсеңіз, не болмақ? Әлде Исаның ізбасары болу – мінажат ету арқылы Оны Құтқарушы ретінде қабылдау және Онымен өмір бойы қарым-қатынаста болу дегенді білдіре ме?. Иса айқышта не үшін өлді? Оны бір рет Құтқарушы ретінде қабылдап, кейін аспанға барғанша елемей жүруіміз үшін бе? Ондай болса, мұның бәрі мәнсіз емес пе?
Ғалат. хат 2:20 Адам мәсіхші ретінде өмір сүрсе, онда Мәсіх оның бойында мекендеп, осындай мәсіхші арқылы Өз еркін іске асыратын болады.
Жохан 15:5 Соңғы сөйлемге назар аударыңыз. Біз Құдайға тәуелді болмасақ, өміріміз бекер өтеді. Кім мұндайды қалайды?
Қорынт. 2-хат 5:1 Көкке барғанда Құдай біздің өмірімізді сараптайтын болады. Мұны біздің көкте қалатынымызды, не қалмайтынымызды шешу үшін істемейді. Біз көкте қаламыз, бұл жағынан ешқандай “саудаласу” болмайды. Құдай біздің өмірімізді сараптап, неге лайық болсақ, соны бермек. Егер біз Құдайға немқұрайлы қарап, өз бетімізбен жүрген болсақ, онда үлкен сый күтпегеніміз дұрыс болар. Біз үшін Өз өмірін қиған Біреудің алдында тұрған кезде Оған ештеңе көрсете алмасақ, ұят болатын шығар! Кім осындай адам болғысы келеді?
Мәсіхшілік – Құдаймен үнемі қарым-қатынаста болу деген сөз, мұндай қарым- қатынас барлығын түбегейлі өзгертеді. Сіз әйеліңіз бен балаларыңызға уақыт бөліп, олармен сүйіспеншілікке толы қарым-қарым қатынаста болатыныңыздай, барлығымыз көктегі Әкемізге уақыт бөліп, Онымен сүйіспеншілікке толы қарым-қатынаста болуға тиіспіз.
Бір сәтке басқа жайтқа көшейік: егер мәсіхшілік өмір – жай ғана ережелер тізімі, ал сіздің Киелі кітап оқу уақытыңыз көбірек ережелер табуға арналған уақыт болса, сіз Киелі кітап оқуды жек көріп кетер едіңіз. Иса Мәсіхпен сүйіспеншілікке толы қарым-қатынаста болудың және мәсіхшілік өмірді ережелер тізіміне айналдырудың арасында үлкен айырмашылық бар. Иә, мәсіхшілік өмірде ережелердің бары рас. Дегенмен, мұндай ережелер ешқашан Иса Мәсіхпен араңыздағы сүйіспеншілікке толы қарым-қатынасқа бөгет жасамауы керек.
Егер Исаның ізбасары болу қатаң ережелерді орындаумен ғана шектелсе, Киелі кітапты оқығыңыз келмей кетер еді. Ал егер Исаның ізбасары болу сүйіспеншілікке толы қарым-қатынасқа негізделсе, Киелі кітапты тоқтамай оқитын боласыз. Мәсіхшілік өмір деген Құдайды күнде тыңдау, Онымен күнде сөйлесу және Оған күнде мойынсұну болып табылады, сондықтан Киелі кітапты тұрақты түрде оқып, мінажат ету ерекше маңызды.
Киелі кітапты күнде оқу. Киелі кітапты күнде оқу мәселесін қолыңызға алу үшін не істей аласыз?
- Киелі кітапты ашқан сайын Құдайдың өзіңізге бірдеңе айтқысы келетінін ескеріңіз. Құдай. Құдай! ҚҰДАЙ! Бүкіл әлемді және сізді жаратқан Тұлға сізбен күнде сөйлесіп тұрғысы келеді. Осы қасиетіне бола Киелі кітап басқа кітаптардан өзгеше. Ол шынымен өзгеше!
- Міндетті түрде күнәларыңызды айтып ғибадат етіп жүріңіз. Мойындалмаған күнәлар Құдай мен араңызда қабырға тұрғызады. Бұлай болғанын қаламайтын шығарсыз?
- Кейбір аяттар сізді Киелі кітапқа тартады: Еремия 33: 3< Құдай бізге керемет ақиқаттарды үйреткісі келеді! Оған бұны істеуге мүмкіндік беріңіз.
Жоханның 1-хаты 3:1. Киелі кітапты тыңдау – Әкемізді тыңдаумен тең! Қандай тамаша!
Нақыл сөз 30:5. Киелі кітапта жазылғанның барлығы шындық. Барлығы да! Бір сөйлемді оқып шығып: “Бұл шын ба?” – деп сұраудың қажеті жоқ! Шын болғанда қандай!
Ишая 28:29. Осы аятты оқып көрдіңіз бе? Өзіңіздің қалай өмір сүргеніңізге өкініп қалғыңыз келмей ме? Онда Құдайға өзіңізді жетелеуге мүмкіндік беріңіз. Оның көрсеткен жолымен жүріңіз.
Енді неге мына арнайы қадамдарды жасамасқа?
- Киелі кітапты ашқан кезде компьютерді, қол телефонды, радионы, теледидарды өшіріп тастаңыз. Сонда Құдайға бүкіл назарыңызды бұра аласыз.
- Киелі кітапты толық оқып шығуды жоспарлаңыз. Иә, барлығымыздың сүйікті кітаптарымыз бар, дегенмен Киелі кітаптағы жазбалардың БАРЛЫҒЫ Құдайдан келген, сондықтан неге осы жазбалардың БАРЛЫҒЫНА сізге сөйлеуге мүмкіндік бермеске?
- Киелі кітапты ең сергек болған кезіңізде оқыңыз. Құдайға неге ең жақсы уақытыңызды бермеске?
- Киелі кітапты “Құдай маған бірдеңе айтпақшы” деген ниетпен оқыңыз. Кейбір күндері Құдай сізді қатты қуандырса, басқа күндері жай ғана ескерту жасауы мүмкін. Әр кезде әр түрлі болмақ.
- Өзіңізге Құдайды тыңдамаған жағдайда шатасып кететініңізді ескертіңіз. Жохан 15:5. Одан бөлініп, сіз ешбір игілік істей алмайсыз.
- Киелі кітапты қанша уақыт оқуыңыз керек? Сағатқа қарай бермеңіз. Киелі кітапты күнде ашып оқуды әдетке айналдырыңыз.
- Өзіңізді басқалармен салыстырмаңыз. Басқа адамдар Киелі кітапты тезірек түсініп: “Мәссаған, мынаған қара!” – деп, жылдамырақ бөлісуі мүмкін. Мұндайлар үшін Құдайға алғыс айтыңыз! Дегенмен сіз ондай емессіз. Құдайда сізге арналған басқа кесте мен жоспар бар. Назарыңыз Құдайда болсын! Киелі кітапты оқу туралы сөйлестік.
Енді мінажат ету жағын қарастырайық. Біздің мінажат етуімізге не кедергі болады? Есімізге келетін төрт кедергі мыналар:
1) Көңіліміздің қайтуы> Бәлкім, сіз ұзақ уақыт бойы мінажат етсеңіз де, сұрағаныңызды ала алмаған шығарсыз. Құдайдың жолы сіздікінен өзгеше. Кейбір кезде біз өз жоспарларымыздан, армандарымыздан және мақсаттарымыздан бас тартуымыз керек.
2) Жалқаулық> Мінажат ету де еңбек. Біз оған назарымызды аударып, уақытымызды және күшімізді жұмсауымыз керек. Біз күш салмаған болсақ, онда Құдай да жауап бермеуі мүмкін. Бұл таңқаларлық нәрсе емес.
3). Өзімшілдік> Бәлкім, біз Құдайды өз жеке мақсаттарымызға жету үшін немесе жеке басымыздың рақаты мен пайдасы үшін ғана қолдануға тырысып жүрген шығармыз. Құдай ешкімді басындырмайды, сондықтан бекер тырыспай-ақ қойыңыз.
4) Өзіңізді басқалармен салыстыру> Мәссаған, қара! Анабіреу мінажат етіп еді, қандай керемет жауап алды! Ал мен қанша мінажат етсем де… түк жауап жоқ. Өзіңізді біреумен салыстырсаңыз, уақытты босқа кетіресіз. Әрқайсымыз ерекше тұлғамыз, сондықтан Құдай әрқайсымызға өзгеше тәсілдер қолданады.
Ондай болса, Киелі кітапта тиімді мінажат ету жайында қандай алғышарттар бар екен?
Забур жыры 65:18 – Бұл аят бойынша, біз күнәларымызды мойындаудан бас тартсақ, Құдай мінажатымызды тыңдамайды екен. Біз әр күні Құдайдан өзімізге мойындалмаған күнәмызды көрсетуін сұрасақ, күніміз жақсы басталатын болады. Оның осындай күнәға міндетті түрде жауап беретініне күмәнданбаңыз.
Жохан 16:24 – Бұл аятта Исаның атынан мінажат етуге тиісті екеніміз айтылған. Сіз жақында айтқан мінажатыңызды Иса мақұлдады ма (оған “қолын қойып, бекітті ме”)? Ондай болмаса, бұдан кейін олай мінажат етпеңіз.
Жохан 15:7 – Бұл аят бойынша, біз Исамен тығыз байланыста тұрсақ және Құдай сөзін мықтап ұстансақ, Ол мінажаттарымызға жауап береді екен. Неліктен? Ойланып көрейік. Егер біз Киелі кітаптағы ақиқаттарды өмірімізде қолдансақ және оларға өз ой-тілектерімізді басқаруға жол берсек, онда сұрайтын нәрселеріміз Құдайдың еркіне сай болмақ. Демек, Құдай біздің өмірімізде нені қаласа, соны сұрайтын боламыз.
Жохан. 1-хаты 5:14 – Бұл аятты мұқият қарап шығыңыз. Егер сіз Құдайдың еркіне сай мінажат етсеңіз, Ол сол мінажатқа жауап беруге тиісті… сондықтан Құдайдың еркіне сай мінажат ету кейде атылуға дайын зеңбірекке қарап тұруға ұқсатылады. Қара да тұрыңыз! Мінажаттың жауабы келе жатыр! Құдай сөзіндегі қандай аяттар өміріңіздің мінажат ету саласын серпілте алады?
Жоханның 1-хаты – Егер сіз Исаға Құтқарушыңыз ретінде сеніп мінажат етсеңіз, онда сіз өзіңізді қатты жақсы көретін, өзіңізге шексіз жомарттық танытатын және өзіңіздің Оның жоспарында қандай рөл атқаратыныңызды көрсететін мінсіз Әкеңізге мінажат етесіз.
Жақыптың хаты 5:16 – Біз өз күнәларымыз үшін кешірім алмақшы болсақ оларды достарымызға айтып ғибадат етеміз бе? Жоқ. Күнәларды жалғыз Құдай ғана кешіре алады. Ал біз жақын достарымызға күнәларымызды не үшін айтып ғибадат етеміз (дегенмен олар сіздің құпияларыңыз жайлы ешкімге тіс жармауға тиіс)? Өйткені олар сіздің сол күнәларыңыздан арылуыңыз үшін мінажат ете алады. Менің осындай сенушілермен дос болып жүргеніме 30 жылдан асты. Оларды шынымен “бауырларым” деп атаймын, өйткені бір-біріміздің мәселелеріміз үшін мінажат еткеніміз арқылы өте жақын болып кеттік. Сіз өз жүгіңізді жалғыз арқалап жүруге міндетті емес екенсіз. Бұл жақсы жаңалық қой! Өміріңізде сізге қол ұшын беретін рухани бауырларыңыз бар.
Ишая 62:6,7 – Бұл аяттарда біз күзетшілердің Иерусалим қаласы үшін Құдайға үздіксіз жалбарынып, мінажат еткенін көреміз. Сіз көкке барғанда Иса сіз жайлы: “Осы сенуші мен үшін үздіксіз жалбарынып мінажат етті!” – деп айтса, қандай тамаша болмақ! Бұл жайт бізді өз еліміз, отбасымыз, Ізгі хабар тарату қызметіміз және Құдаймен тығыз қарым-қатынаста болып рухани өсуіміз үшін мінажат етуге жігерлендіруге тиісті.
Mатай 17:20 – Сіз қандай тауларды көшіру (демек үлкен мәселелердің шешілуі) жайлы мінажат етуіңіз керек? Maтай 17:20-аятқа негізделіп, неге осындай
мәселелердің тізімін жасап, олар жайлы мінажат ете бастамасқа?
Жақып 4:2 – Хм-м. Сіз Құдайдан сұрамағандықтан өзіңізде қандай нәрселер жоқ болып тұр? Сіз мінажаттарыңызда Киелі кітаптағы аяттарды қолданасыз ба? Менің айтайын дегенім: сіз Киелі кітаптан өз өміріңізге қатысты аяттарды тауып, Құдайдан осы аяттар бойынша өмір сүруге көмектесуін сұрап жүрсіз бе? Мысалдар керек пе?
Ишая 26:3 – Құдайдан неге күнделікті өміріңіз бен жаныңызға тыныштық беруін сұрамасқа?
Матай 22:37 – Бұл шынымен ұлы тапсырма болса, онда Құдайдан оны күнделікті орындауға көмектесуін өтіну керек шығар?
Mатай 10:16 – Бұл әлем күнәға батқан, сондықтан біз онда күнде абайлап өмір сүруміз керек. Құдайдан неге даналық сұрамасқа?
Еремия 10:23 – Біз өз уақытымызды қалай ең дұрыс пайдалану керек екенін білмейміз. Оны Құдай біледі. Уақытымызды әр күні ақылмен пайдалану үшін Жаратқан Иемізден неге сезімталдық сұрамасқа? Ақыр соңында, егер сіз басқа сенушілердің рухани өсуіне көмектесуге тырысып жүрген болсаңыз, онда Пауыл елшінің өзі тәрбиелеп жүрген сенушілерге қаншалықты тұрақтылықпен және ынтамен көмектескеніне назар аударыңыз. Бұл елші жасаған игіліктердің тізімі ұзақ. Ал жолдамалары өте әсерлі болған.
Рим. хат 1:9/ Ефес. хат 1:15, 16/ 3:14, 15/ Філіпі. хат 1:3,4/ Қолос. хат 1:9/ Салониқа. 1-хат 1:2,3/ Салониқа. 1-хат 3:9 Салониқа. 2-хат 1:3/ Тімоте. 2-хат 1:3/ Салониқа. 1-хат 5:17.
Шәкірт дайындаушылар шәкірттерге рухани тәлім бергісі келген сенушілер үшін жалбарынып мінажат етуге тиісті.
Сізге өміріңіздегі мінажат ету салаңызды жақсарту жайлы тәжірибелі ұсыныстар керек пе?
- Мінажаттарыңызды жеке-жеке бөліңіз: жеке басыңыз, отбасыңыз, достарыңыз және қызметіңіз. Әр санатқа қатысты тізімді жеке ұстаңыз. Бұл сізге өміріңіздегі мінажат ету салаңызды ретке келтіруге көмектесуі мүмкін.
- Өзіңіз үшін жеке мінажат ету журналын жүргізіңіз. Онда мінажаттарыңызға алынған жауаптарды жазыңыз. Оны компьютеріңізге сақтасаңыз, басқаларға оны табу қиынырақ болатын шығар.
- Егер біреу сізге мінажат өтінішін айтса, оны дереу жазып алыңыз, өйткені кейін ұмытып кетіп, сол адамға берген уәдеңізді орындай алмай қаласыз.