Тімоте
Тімоте жайлы сөз қозғалғанда не жайында айтамыз?
Біз бір немесе бірнеше жас сенушілерді өз қарамағымызға алып олардан білікті, құдайшыл қызметшілер, оларды дүбірлі және ауқымды оқытуға іріктеу, жігерлендіру, оларды басқа ешқандай сенушілер ала алмайтын қарқынды еңбектенетін тұрақты шәкірт, оны кеңінен оқытып, жаттықтыру және дамыту жайында айтып отырмыз. Сондай жігерлендіретін елші Пауылдың бірінші шәкірті және қызметтес рухани туысы: Тімоте – екі жаңа өсиеттік хаттар оның атына арналған. Пауылдың жұмыс және қызмет жүгі сондай ауыр болды. Сондай кезде жүкті көтерісуге тиянақты үйретілген, сонымен қатар, Пауылдың өліміне байланысты сол біліктіліктің, маманның бос орынын толтыру үшін серіктестерге мұқтаж еді. Тімоте сол мұқтаждықтың орнын толықтырды.
Тімотенің Жаңа Өсиеттегі жетістіктері қандай?
«Тімоте жайлы 2 Қорынтықтардың алғашқы аяттарында, Філіпіліктерге, Қолостықтарға, 1 және 2 Салоникалықтарға және Філимонға арналған хаттарда айтылады. Ол Пауылды миссионерлік саяхаттары барысында ол түрмеде отырған кезде де қасынан табылып, Тімоте Пауылды Қорынтықта және Філіпіде мәміле жасауға сенім білдірді. Біраз уақыт Тімоте де сенімі үшін түрмеде отырып шықты. Ол сансыз көп адамдарды мәсіхшілікке бет бұрғызды. Қауымдық дәстүрлер бойынша Тімоте Пауылдың өлімінен кейін Ефес қауымындағы епископ ретінде қызмет етті деп пайымдалады».
«Тімотеге арналған хаттар» маңызды ма?
Аса маңызды! Бүгінгі күнде үйретіліп жатқан қауым жетекшілерінің санын көбейуіне, жетілген мәсіхші қызметшілеріне қиын кездері сенімнен тайып кетпеуіне көмектеседі және қауым келесі ұрпаққа жеткізіледі деген кепіл береді.
Неліктен кейбір мәсіхші жетекшілер Тімотені үйреткісі келмейді?
Оның себебі менмендік, қорқыныш және өркөкіректік. Сол жетекшілер көзге көрінетінді ғана ұнатып, өз қызығушылығымен әрі қосымша ақпараттармен басқа біреулермен бөліскісі келмейді, олар өздерін өз қауымынан қашықтықта ұстағысы келеді, Тімоте оларда жоқ бірнеше дарындарын көрсетуі мүмкін деген қорқыныш болады. «Бір адамның көрсетілімі» сияқты жетекшілердің мінезінде бір мәселелі кемшіліктері болады және сол адамдар өлген кезде өздерінің артынан шіріген, тіпті ақсайтын құлауға сәл қалатын қауымдар қалдырады.
Егер сен Тімотені үйретбесең не болады?
Өкінішке орай, бұл сұраққа мен сізге жеке бақылауымнан өткен ауыр әрі шынайы болған жағдаймен жауап бере аламын. Бір таныс бағушы өзінің қауымын 11 жыл бойы жетелеп алып келді. Оның қызметінің арқасында адамдар Құдайға келді, бірақ шәкірт дайындау мен жетекшілікке үйрету қызметі болмағандықтан….сенесіз бе – ешқандай қауым мүшелер жиналысы болмаған. Сол бағушы қызметтен кеткенде артынан ерген қауым мүшелері тастанды балаларға ұқсап не істерін білмей қалды. Оның қызметін жалғастырушы бір қызметкерты таңдап, қызмет жүгін көтерісуге ат салысуға үйретілмегені және шәкірт етілмегені қателік болды. Бірақ уақыт келе, қауым шайқала бастады. Қауымның аяққа тұрып, көтірілуіне көмектесу үшін бақытына орай, бағушы бірнеше Тімотелерді дайындап, қауымды аяққа көтерді. Бағушы Тимотеге арналған хатты жақсы түсініп, ізбасарларын дайындағанда, сол сәтсіз жағдайдың алдын алуға болар еді.
Пауыл Тімотені қандай негізде таңдап алды?
Елшілер істері 16:1,2 «Осылай Пауыл Дербе мен Лүстраға да барды. Сол жерде Тімоте есімді Мәсіхтің жолын қуушы шәкірті бар еді. Оның шешесі Мәсіхке сенетін яһуди әйел, ал әкесі грек болатын. Лүстра мен Қониядағы бауырластар Тімоте туралы жақсы пікірде болып куәлік берді».
Үйренуші жағынан көзқарас дұрыс болып, Құдайды аңсайтын жүректі талап етеді. Жәй бір адамды таңдай салмаңыз. Жақсы беделді және Құдайды іздеп, оны терең қастерлейтін адам іздеңіз.
(Мұнда Лұқа 6:12-16 аяттарда айтылып жатқан сияқты, Иса 12 шәкіртін таңдаған кезде, түнімен сиынып болған соң, оларды бақылау үшін олардың қастарында біраз уақыт болды.)
Жаңа Өсиеттен біз Тімоте жайлы не біле аламыз?
Римдіктер 16:21
«Қызметкерім Тімоте…»
Тімоте Пауылдың “протежесі” яғни қамқорлығындағы адам, сенімдегі баласы, бірінші шәкірті және жақын досы болды.
1 Қорынтықтар 4:17 «Сол үшін Тімотені жіберіп отырмын, ол — Иемізге берілген сүйікті де қымбатты рухани ұлым. Менің Мәсіх Исаның жолымен қалай жүріп жатқанымды Тімоте естеріңе түсіретін болады. Қай жердегі қай қауымда болмасын, дәл сол тәлімді беріп келемін».
Тімотені Пауыл сеніммен өзінің орнына кез-келген жерге жібере алатын еді. Ойлап қараңызшы, сондай дәрежеге жету үшін қаншама тәжірибелер керек.
1 Қорынттықтарға16:10
«Тімоте сендерге келіп жатса, оның араларыңда алаңсыз жүруіне көңіл бөліңдер. Тімоте де мен сияқты Иеміздің ісімен айналысуда».
Осыдан артық мақтау алуға бола ма? Пауыл Тімотені өзімен теңестіріп қойды ма? Әсерлендіреді! Бірақ, әрине осындай мақтауға ие бола алатын Тімотейдей шәкірттердің саны шектеулі. Өзіңнің жеке рухани көшірмеңді өсіру үшін өте көп жаттықтыру, сиыну және бірге еңбек етуді талап етеді. Біздің әрқайсымызда күніне шектеулі уақыт бар. Ал Пауылдың шәкірт дайындаудағы негізгі қалауы мен мақсаты санында емес сапасында болды, ал бүгінгі таңда, осы әлем сапасынан гөрі, санна қарай жүгіреді.
2 Қорынттықтарға 1:19
«Сендердің араларыңда Сыйлас, Тімоте үшеуіміз уағыздаған Құдайдың рухани Ұлы Иса Мәсіх те біресе «иә», біресе «жоқ» болған емес. Қайта, Ол арқылы Құдай «иә» дейді».
Тімотенің Пауыл және Сыйласпен бірге айтқан уағызы бәрі бірдей болған емес. Ол киелі кітаптық шындыққа анық негізделген «иә» деген болды.
Філіпіліктер 2:19- 22
«Иеміз Иса қаласа, жақын арада сендерге Тімотені жіберетін ойым бар. Осылайша сендер жігерленіп, оның сендерден алып келетін хабары маған да жігер берер деп сенемін. Ол сияқты менімен ниеттес, шын көңілден қамдарыңды ойлайтын басқа адамым жоқ. Өзгелердің бәрі Иса Мәсіхтің ісін емес, өз қара бастарының қамын ойлайды. Ал Тімотенің сенімді екенін өздерің білесіңдер: ол маған Ізгі хабарды уағыздауда ұлының әкесіне көмектесетініндей қолғабыс етіп келеді».
Егер де Пауылдың жіберетін біраз басқа адамдары болғанда, мүмкін, бізге бұл бір хабар, біз қалағандай осындай көп тімотелер болмай, мүмкін біраз болжалды тімотелер бізді жарға жығар еді.
1 Салоникалықтарға 3:2
«Тімоте бауырымызды сендерге жібердік. Ол — Мәсіхтің Ізгі хабарын тарату жөніндегі Құдайдың қызметшісі. Осы азаптар ешқайсыңды шайқалтпасын деп, Тімоте сендерді жігерлендіріп, сенімдеріңді нығайтпақ».
Осы міндетті атқару үшін Тімотеге қаншалықты тырысып, үйрену керек болғаны жайлы ойланып көріңіз. Тағы бір еске салар жайт, Киелі кітап нұсқаулары мен сабақтарына сай келетін мәсіхші немесе шәкіртеріңіздің кез келгені осы Тімотенің беделіне тура келе бермейді. Адамдарды тез және кездейсоқ белгілеп қойып, “Тімоте” категорясына сәйкес келмей жатқан адамдардың намыстарына тиіп ренжітіп алудан сақ болғаныңыз абзал.
Еврейлерге 13:23
«Бауырласымыз Тімотенің тұтқыннан босатылғанынан хабардар болыңдар. Егер ол мұнда тезірек келсе, онымен бірге өздеріңді көретін ойым бар».
Пауыл уақытын түрмеде өткізді. Тімоте де тұтқында болды. Олардың ешқайсысы өздерінің «тұтқындағы іркіліс уақыттарын» қызметтен шеттету ретінде пайдаланған жоқ. Олардың екеуінде қызметтен тоқтатуға келмейтін.
Пауылдың Тімотені дамытуындағы бірнеше қорытынды ойлар:
Пауыл Тімотеге өзінің мықты жақтарын дамытуына көмектесті:
«Тімотенің жас болғанына қарамастан, бір сенімдегі адамдар оны құрметтеді. Пауылдың тәліміне негізделген Тімоте Ізгі хабарды уағыздауда тәжірибелі болды».
Бірақ Пауыл Тимотенің әлсіз жақтарын білу үшін Тімотемен бірге көп уақыт өткізеді. Пауыл сол әлсіздіктеріне қарсылық көрсетті:
«Тімоте өзінің қызметінде жастығына қарай өте үрейленді, Пауыл оның соған көзін жеткізді».
1 Тімоте 4:12 «Ешкімнің де өзіңді жас деп менсінбей қарауына жол берме. Қайта, сенушілерге сөйлеген сөзің, мінез-құлқың, сүйіспеншілігің, сенімің және пәктігіңмен үлгі бол».
«Ол сонымен қатар қорқынышпен жүрексіздікті жеңуге тырысты. Ал Пауыл оны тағыда жігерлендірді».
2 Тімотеге 1:6-7 «Сол себепті саған ескертемін: мен үстіңе қолымды қойып сиынғанымда Құдай рақым етіп, өзіңе берген дарынды көбірек ынтамен қолдан! Өйткені Құдай бізге қорқыныш емес, күш, сүйіспеншілік және ұстамдылықты дарытатын Киелі Рухын сыйлады».
Бірақ ең маңыздысы, Тімотеге арналған 2ші хатта ешқандай ілім жоқ. Оның орнына 25 тен астам бұйрықтар бар. Тімоте, саған басқа шындық керек емес. Саған өз білгеніңді орындау керек. Әрекет жаса! ҚҰДАЙ ҮШІН КҮН ТАБЫҢЫЗ!
Тімотенің орнына әйел адам бола алады ма?
Дұрыс емес. Азғыруға жол және мүмкіндік бермеңіз. Өсектеуге кез-келген мүмкіндіктен қашыңыз. Ол жерге бармаңыз.
Tитке 2:3-5 «Сол сияқты, егде әйелдердің жүріс-тұрыстары Құдайға бағышталған әйелдерге лайықты болуы қажет: олар ешкімге жала жаппай, арақ-шарапқа салынбай, қайта, басқаларды жақсылыққа үйрететін болсын. Егде әйелдер қыз-келіншектерді күйеулері мен балаларын сүйіп, байсалды, кіршіксіз таза, үй шаруасына ұқыпты әрі мейірімді болып, күйеулеріне мойынсұнуға жігерлендіріп үйретсін. Осылайша олар Құдай сөзінің жамандалуына жол бермесін».
Егде әйелдер жас қыз-келіншектерді киелі кітаптық нұсқаулар бойынша үйретудегі негізгі өңдеушілер мен жетелеушілер болулары тиіс. Ер адамның рухани өсіп, дамуына ер адам қажет болса, әйел адамға әйел қажет.
Төменде «Тімотенің» толық даму жоспары берілген:
- Әлеуетті Тімотені таңдау кезінде қолдануға тиіс сынбелгілер:
- Құдайдың Өзі Сөзі арқылы сөйлеп тұрғанда Оның еркін орындайтын – Құдайға арналған жүрек болу.
- Адамдарды ойлайтын жүрек.
- Кез-келген істі өз бетімен бастайтын – ықыластық, сенімнен шығуды қалайтын – тәуекелшіл кәсіпші адам.
- Көп идеялары бар шығармашы адам.
- Тапсырмалар мен міндеттерді әділ орындайтын – адал.
- Оқуға әрбір мүмкіндікті қолданып, әрқашан үйренуге ұмтылатын, шаттанатын және қызызушылықпен ізденетін оқушы.
- Қол жетімді – дайын нәрселерді күтудің айналасында асылып отыратын жетекшілер. Олар білген нәрсесін қолданып, тиімді болу жолдарын іздейді, сондықтан оқу үшін және өсу үшін қол жетімді.
- Оқуға қабілетті.
- Салауатты, тәуелсіз.
- Нені оқытып, дамыту қажет?
- Құдай жайлы түсінік: Ол кім? Ол қандай?
- Мәңгілік құндылықтарды көру.
- 2:7 бөлімін аяқтау (немесе баламасы) және барлық тәртіпте жалғастыру;
- аят жаттау, кем дегенде Келі кітаптан аптасына 2 аят жаттау және жақсылап қайталау жүйесі;
- Барлық қажеттіліктердің (күнделікті Құдай Сөзін оқу, мадақтау, сиыну, қаржылай көмек беру, қызмет ету, ізгі хабар айту, мойынсұну және т.б.) орындалып жатқанына көз жеткізіп отырыңыз. Өзіңіз дайындып жатқан Тімотеге сол міндеттерге мықты сенімділікпен әзірленуге көмектесіңіз;
- Рухани білім: Өзіңіздің дайындап жатқан Тімотеге Мәсіхте ол кім екенін терең ұғынуына және Құдай оның ішкі жан дүниесін қалай өңдей алатынын түсінуге көмектесіңіз;
- Мінез-құлқы мен білімінің дамуы – (Кейіпкердің мінез құлқы туралы материалды treeroots.info сайтынан қараңыз);
- Топ болып еңбек ету – оған сіздің тобыңыздың бір бөлігі ретінде оған жұмыс істеуге көмектесіңіз;
- Оған өзін қоршаған немесе өзге адамдармен жақсы арласуға, оның әлеуметтік дағдыларының өсуіне және қызметтік икемдерінде басқаларды Мәсіх сияқты болып тәрбиелеуге көмектесіңіз.
- Қалай оқыту және дамыту керек?
- Сиыну. Сиыну. Сиыну. Егер Құдай ат салыспаса, онда ештеңе болмайды.
- Оларды ойландырыңыз – көптеген сұрақтар қойыңыз – олар Киелі кітапқа сай ойланады ма?
- Бірге уақыт өткізіңіз – көптеген маңызды нәрселерді ауызша үйреткеннен гөрі, бірге уақыт өткізгенде іс-әрекеттеріңіз арқылы көріп, ұғынатын болады. Өзіңіздің үлгіңіз бойынша мүмкіндігінше көбірек үйренуіне мүмкіндік беріңіз. Қайтадан сұрақ қойыңыз: Сіз нені бақыладыңыз? Не жақсы болды? Нені жақсырақ жасауға болушы еді? Осыданн біз не үйрене аламыз?
- Құдай Сөзімен және дұғада бірге уақыт өткізіңіз.
- Талаптар, мінез-құлықтар, отбасы, әлеуметтік дағдылар және қызметке деген икемділіктерне – тапсырмалар беріңіз.
- Бірге жоспарлап, бірге сиыныңыздар.
- Бірге бағалаңыздар.
- Олар қалай жұмыс істейді соны бақылаңыз – сұрақтар қойыңыз: Сіз неге бағытталдыңыз? Неліктен олай?
- Оларға тәуелсіз қызмет тапсырмаларын беріңіз.
- Қауымдар екі нәрсені жетілдіруі үшін көп парасаттылар сарабы мен ойлар қажет:
1) сенушілердің Мәсіхке ұқсау үшін әрқашан өзгеруге ұмтылу және
2) сенбеушілерге «Ізгі хабарды» жеткізу және оны түсіндіру мүмкіншілігін барынша арттыру.
- Шағын топтардың жетекшілерін қалай жаттықтыру керектігі жайлы мысал:
- Шағын топтарды жетелеудегі принциптер мен әдістерін үйрету:
- Білу, түсіну және қолдану үшін сұрақтар қоя білу өнері.
- Топқа қатысты мақсаттар – өзара сапалы қарым-қатынас. Жетекшілік міндет – топты жақсы жетелеу.
- Егерде жетекші бұрын топтың мүшесі болған болса:
- сол топтың және бұрынғы жетекшінің әлсіз және мықты жақтарын бағалаңыз.
- Егер де жетекші бұрын 2:7 тобында болмаса: Сіз басқарып отырған немесе 2:7 тобының жақсы қалыптасқан жетекші тобында отырсын. Содан соң оған көптеген сұрақтар қойыңыз.
- 2:7 негізгі мақсаттарын қарастырыңыз:
- Өсуі, өмірінің өзгеруі және Мәсіхке ұқсауы
- Әдеттерінен көрініс табатын –рухани жемістерінің дамуы
- Рухани көбеюі
- Топта жиі болыңыз.
- Бірге бағалаңыз.