Топырақ түрлері
Матай жазған Ізгі хабарда Иса өте үлкен өзгеріске уақыт келгенін айтады. Оның қызметіндегі ең маңызды өзгеріс. Бүкіл Киелі Кітаптағы күрт өзгеру.
Осы өзгеріс 21 ғасыр өткен соң осы әлем тарихына, сізге және маған әсерін тигізіп жатыр.
Осы үлкен өзгерістің басталуына қарай біз өзіміздің Құдайға тәуелді екенімізді мойындайық, себебі біз Құдайдан бізді үйретуін сұраймыз!
Көктегі Әке, Сенің Сөздеріңді оқи алатын бізде мүмкіндік барына Саған алғыс айтамын. Өтінем, біздің Ұстазымыз бол. Көздерімізді аша гөр. Не үйренсек соны іс жүзінде орындауымызға көмектесші. Исаның атымен, Аумин.
Матай 13:1-3
1 Сол күні кейінірек Иса үйден шығып, көл жағасына барып отырды.2 Қасына жиналған халықтың көп болғаны сонша, Иса қайыққа мініп, соған жайғасты. Ал барша халық жағалауда тұрды.3 Иса оларға мынау сияқты астарлы әңгімелермен көп тәлім беріп былай деді: «Бір диқан тұқым себуге шығыпты.
Сізді білмедім, бірақ менде осы астарлы әңгімелердің бүкіл идеясымен өте үлкен қиындықтар болды. Жақсы ұстаз болудың мағынасы, сіз оқушыларыңызға сіздің не айтқыңыз келетінін түсінулері үшін анық және түсінікті етіп үйретесіз.
Бірақ егер сіз астарлы әңгімелерді тыңдармандарыңызға түсіндіріп бермесеңіз, олардың түсінбеулері мүмкін себебі астарлы әңгімелер әдейі түсініксіз және әдейі жобаланған.
Сонымен Иса – әлем тарихының ең ұлы Ұстазы, және енді Ол әдейі дәл сол сәтте Өзінің қызметінде астарлы әңгімелерді қолданады. Осы керемет оқыту?
Не болып жатқанын түсіну үшін жалпы көріністі көруге артқа оралайық.
Бүкіл көне осиеттегі келісімдік жолда Құдай қайта қайта жер бетіне Құтқарушы немесе майланған пайғамбар Құдайдың халқын азат етуге келеді деп уәде береді.
Құтқарушы немесе Мәсіхтің (Құтқарушы еврейше, Мәсіх грекше) туылуы жайлы Матай жазған ізгі хабар кітабының алғашқы тарауларында айтылады.
Оның аты Иса.
Матайдың 5-7 тарауларында Иса таудағы уағызды айтады, Оның өміріндегі ең ұзақ уағыз, бізге Аспан Патшалығы жайлы ережелерді айтады. Ол адамда «нағыз бата, шынайы бақыт, шынайы шаттық, қуаныш және мәңгілік Құдайдың сыйын» болғанын қалайды. Бұл уағыз соларға қалай ие болу керек екенін айтады.
Матайдың 8-10 тарауларында Исаның бізге сенім куәліктері берілгені жайлы жазылған. Ол Өз күшінің барлық ауруларға, жындарға және табиғаттан үстемдігін көрсетеді. Осындай құдіретті күшке Құдайдан басқа кім ие бола алады?
Бірақ Ол Әйгілі мырза емес (әйгілі адамдарды біз ұнатамыз, бірақ Исаны көбісі ұнатпады). Діни ұйымдар Оны ұнатпайды.
Иса Матайдың 11 тарауында Өз ұлтының рухани бірбеткейлігін әшкерелей келе, тараудың соңын тәубеге шақырумен бекітеді.
Сіз Матайдың 12:14ге келгенде шиеленіс оданда әрі қарай дамитынын байқайсыз.
Ал парызшылдар болса сыртқа шығып, Исаның көзін жою туралы кеңес құрды.
Исаның тағдыры бекітіліп қойылған еді. Сағат өтіп бара жатыр. Оның санаулы ғана күндері қалды.
Осыған қараңызшы! Ол- патшалықтағы өмір қандай болу керектігін анық көрсетіп отырған адам бейнесіндегі Құдай. Ол ешкім дауласа алмайтын сенімді куәліктер береді. Жауабы: БАС ТАРТУ! Діни жетекшілер Оны өлтіруді жоспарлады.
Сен білесін бе не үшін? Бұл сол. Исада барлығы жеткілікті болды. Ол еврейлерге өте үлкен сүйіспеншілік танытты. Ол өте сабырлы болды. Ол мінсіз болды. Ол даусыз дәлелдемелер ұсынды. Бірақ жауабына келгенде мойындамаушылық басым болды.
Дәл осы жерде Матай 13 тараудың басында ұлы өзгеріске уақыт келді, Оның қызметінің ұлы өзгерісі. Израил, сен Исаны патша ретінде қабыл алмайсын, сол себептен осы уақытта сен патшалыққа ие бола алмайсын.
Мыңдаған жылдар бойы Құдай бүкіл әлеммен қарым қатынас құру үшін Израил деп аталатын елмен жұмыс істеп келе жатыр- осы Оның жоспары еді. Қазір жоспар біраз уақытқа қайта қаралды. Өзгеруге уақыт келді.
Біздің алдымызда Матай 13 тарауда перде жәйлап көтерілгенде бұрын соңды көрмеген нәрселерді байқаймыз. Перде қауымдар заманына қарай ақырындап өсе бастайды.
Көне Өсиетте қауым мүлде еске алынбайды. Бірақ жер бетіндегі патша біз қазіргі кезде өмір сүріп жатқан қауым кезеңі бақылайтындығы жайлы уақыт кезеңін және айтылып кеткен кейбір ойларды жоққа шығарады.
Матай жазған ізгі хабардың 13 тарауында Иса алдағы 2000 жылды белгілейтін міндеттердің кілтін бере бастайды.
Осы жайында бір сәт ойланып көріңіз. Даниял – б.з.д. 605 жылмен Исаның 2ші рет келуінің ортасында не болатыны жайлы айтатын үлкен көне өсиеттік пайғамбарлық кітап. Бірақ Даниал сияқты рухани алыпта қауымның ғасыры жайлы ескертілмеген.
Соның орнына Матай жазған ізгі хабардың 13 тарауында балықшылар және атақсыздар топтамасы тарихта бұрын соңды естімегенді естуге айырықша құқық және құрмет берілді.
Матайдың 16 тарауында Иса осындай жаңа жаратылысқа «қауым» деген ат берді. Елшілер істері 2 тарауында қауым ресми түрде іске қосылды. Жаңа Өсиетте бізде қандай қауымдар болатыны жайлы және не істейтіні жайлы көрсетілген.
Және қауымдар ғасырына арналған барлық ілімдер дәл осы жерден басталады.
Дәл осы жерде Жаңа Өсиетпен Көне Өсиеттің маңызды айырмашылығы бар. Көне Өсиетте Құдай мемлекет арқылы жұмыс істеді. Израиль елі дүниеге Құдайдың жарығын, сонымен қатар адамзатқа Құдай жолын көрсететін халық болуға тиісті еді.
Израиль, сен енді жұлынып тасталындың, алыстатылдың, біраз уақытқа сені ысырып қойды. Сол уақытта Құдай «қауым» деп аталатын дүниежүзілік ұйым арқылы жұмыс істейді.
Мәсіхтің сенушілер қазіргі таңда еврейлердің ғибадатханасына барудың орнына қауымдарға барады себебі Матайдың 13 тарауында басталған.
Рақым өте құдіретті және керемет, сондықтан біз оны аңсауымыз керек. Бірақ рақым ол мәңгілік қол жетімді болмайды.
Матайдың 13 тарауында Құдайдың шыдамдылығы біткені анық көрсетілген. Құдай Израилге рақымын төге берді, төге берді және төге берді. Израиль Құдайдың рақымынан теріс айналып өтті. Сондықтан рақым қайтадан өтініп алынды.
Сіз осыны түсіндіңіз бе? Ескерту! Бізде Құдайдың бізге арнаған хабарын жоққа шығарып, жиі қабылдамай жүруіміз мүмкін. Және бізде рақымнан құр алақан қалып қоюымыз мүмкін.
Сізде осындай мүмкіндік барда Құдайға «иә» деңіз.
Және дәл қазір Исаның астарлы әңгімеге көшу шешімінің мағынасы бар.
Оның тыңдармандарында оларға ұсынылған жеткілікті шындық болды. Олар одан бас тартты. Сол себептен Құдай оларға оны қайта бермейді. Қорқынышты ой. Бірақ бұл шындық.
Исаның соңынан шынайы ерушілері астарлы әңгіменің түсіндірмесін алады. Сенбеушілерге – ол мүлдем түсініксіз.
Сонымен Исаның бізге Матайдың 13 тарауынан берген негізгі шындығы қандай?
Қазір біз жәй төрт түрлі топырақ жайлы қарастырамыз. Бірақ сіз өзіңіз бүкіл тарауды оқып шығыңыз, сонда сіз оданда негізгі шындықты табасыз.
Келіңіз осы төрт түрлі топырақты бөлшектеп қарастырайық:
#1 топырақ Матай 13:3б,4
«Бір диқан тұқым себуге шығыпты. Ол сеуіп жүргенде дәндердің кейбіреулері жол бойына түсіп қалады. Құстар ұшып келіп, шоқып жеп қояды».
Мен бір тұрақты негіздегі қауым жетекшісі болып жүргенімде қауым мүшелері келіп маған олардың жұбайларына, достарына және көршілеріне ізгі хабар айтуымды сұрады.
Мүмкін болғанда мен былай деп жауап берер едім: «Сен оны өзің жаса. Сен шәкірттер тобында болдың, жақсы қызмет атқардың, аяттар жаттадың, көп рет сенімің туралы бөлістің. Ал енді терең суға секіретін уақыт келді, сенің өзің ізгі хабар таратуың керек».
Мен олармен келісімге отырдым: Мен сиынамын, ал олар өз сенімдері жайлы бөліседі, содан соң бірге отырып сөйлесеміз.
Күтпеген жерден бір сәтке ауытқып кетейік – менің мәсіхшілік өмірімнің басында мен қауымнан кетіп қалдым, кетудің бір себебі, жетекшіміз ізгі хабар айту үшін әрқашан қауымға достарымызды шақыруын сұрайтын, солай ол достарымызды Исаға сенуге жетелеймін дейтін.
Қауымды әлсіреуден сақтайтын қандай тамаша тәсіл – бағушының ізгі хабар айтуын тамашалап отыру. Осы қауымнан кетуім мен үшін мәсіхшілік өмірімнің ең маңызды сәті болды.
Мен бағушының мақсаты бізге қалай ізгі хабар айтуды үйрететін басқа қауымға бара бастадым. Қауым күн сайын емес сағат сайын өсіп отырғанына таң қалмаймын.
Осы ауытқып кеткенім жеткілікті.
Мен бағушы болып қызмет атқаратын қауымдағы адамдар куәлік етуді қалай жүзеге асырады?
Екі болжамды жауап болды.
Екі болжамды жауаптар:
#1 жауап – адам кең жайылған және қобалжулы болды. Иә, олар құтқарылу жоспарымен бөліскен сәтте терледі. Иә, олар ауыздарын кішкене ашты, бірақ олар өздерін қолға алып, жақсы аяқтады. Ал құтқарылмаған адам қызығып бірнеше сұрақтар қойды.
Жетістік! Менің қауымымдағы сенушілер өз сенімдерімен бөлісті! Бұл олардың алғашқы рет бөлісуі еді! Олар ешқашан кесіп өтпеген сызықты кесіп өткендерін біліп еді. Осындай мүмкіндік болғанына олар таң қалып, ізгі хабарға жармасып алды. Олар соны тағы да қайталағылары келді. Және олар соны тағы да қайталайтындарын білді.
Керемет!
Ал #2 жауап ше? Осы топтағы адамдардың еңселері түсіп келді. Олардың жүздерінде күлкі, қуаныш болмады. Мен олардан оны суырып алуым керек болды. Ізгі хабар айту алдында олар дұға етті ме? Иә. Күнәларына өкінді ме? Иә. Құтқарылу жоспарынан өтті ме? Иә. Барлық айтылып кеткендерге өкініш болды ма, олар не деп жауап берді? Жоқ.
Сонымен олар не үшін мұңды? Әрқашан бір ғана себеп бар: құтқарылмаған адамда еш қызығушылық болмады және ол сөйлескісі келмей, өз өзімен жабылды. Мәсіхпен, Киелі Кітаппен және құтқарылумен ешқандай байланысқысы келмеді. Менің қауымымдағы адам өзін сол кезде сәтсіздікке ұшырағанын, бейбақтықты сезінді.
Сондықтан менің қауымымдағы адамдар сәтсіздікке ұшырағандарына сенімді болды. Әрине олар сол құтқарылмаған адамды теріс жолынан қайтару үшін бір әрекеттер жасады, бірақ олар оның не екенін түсіне алмады.
Содан олар тағыда куәлік етерде қайсарлықпен тұрып алды…. қазір ғана біз оқып шыққан Матай 13 тарауын олар түсінбеді деген мағына.
Осы аятқа қайта оралайық.
«Бір диқан тұқым себуге шығыпты. Ол сеуіп жүргенде дәндердің кейбіреулері жол бойына түсіп қалады. Құстар ұшып келіп, шоқып жеп қояды.»
Сонымен бізде тұқым сеуіп жүрген жігіт бар. Дән бар. Жер бар.
Тұқым себуші – Ол Иса 13:37 (және біз, Оған қалай мойынсұнамыз) Дән ол Құдай Сөзі 13:19. Жер болса ол адамның жүрегі. 13:19.
Осы дән тамыр жаймайды, сонымен қатар ол өспей жатыр.
Хмммм.
Сонымен Матайдағы дән себуші нені дұрыс істемеді? Егер сол тұқым себуші топырақтан осындай жаман реакция алса, онда ол әрине бір қателік жіберді, солай емес пе?
Қайтадан оқып шығайық.
Бір диқан тұқым себуге шығыпты. Ол сеуіп жүргенде дәндердің кейбіреулері жол бойына түсіп қалады. Құстар ұшып келіп, шоқып жеп қояды.
О жоқ. Тұқым себуші қателеспеген. Сонымен қатар менің де қауымымдағы адамдар да жағымсыз жауап алғанына қарамастан олар қателеспеген. Жердің қатты болғаны бұл себушінің кінәсі емес. Егер кейбір жүректер қасарысқан болса, бұл мәсіхшінің кінәсі емес. Өте қайғылы, жабырқаңқылық, айықтырарлық және есін шығарарлық жағдай, кейбір жүректер немқұрайлылық және тас жүректік танытады.. Кейбір жүректерде өздерін күнәсіз, күнәсін мойындауға мұқтажсыз, күнәға деген нөлдік сезім болғанда- ол бізді қобалжытады.
Бірақ мұндағы сөз – біздің кінәміз емес. Бұл жердегі сөздің мағынасы бүкіл қауым кезеңінде осындай жүректер сезімі болуы жалғаса береді. Таң қалмаңыз. Осындай жағдай сізбен де болады. Сіз жолы болмаушы емессіз.
Есімде, мен ізгі хабар айту мүмкіндігімнен кейін үйге келген соң жуынатын бөлмеге кіріп алып, бағанағы адамның тозаққа кетіп бара жатқанына жаным ашып, тоқтамастан жылай бердім. Біздің жылауымыз керек.
Біздің не нәрсеге жауапты және не нәрсеге жауапты еместігімізді түсіну өте маңызды.
Иса жайлы ізгі хабармен басқалармен бөлісу біздің жауапкершілігіміз.
Егер біздің тыңдарманымыз есікті тарс жауып кетсе, бұл біздің жауапкершілігіміз емес.
Біз қатайған жүректердің себебі емеспіз.
Біз өз міндетімізді атқардық. Тоқтайтын адам болмаңыз.
Бақытқа орай барлық топырақ қатты емес.
#2 топырақ Матай 13:5-6
Бұл жерде қандай жауап?
«Біраз тұқым топырағы аз тастақ жерге түседі. Топырақ жұқа болғандықтан, тұқым тез көктеп шығады. Алайда күн шыққан соң күйіп, тамыр жая алмағандықтан қурап қалады»
Осы адамдар ізгі хабарды естуге өте қуанышты. Олар өздерін бақытты сезінеді. Бұл ізгі хабарға деген әсершіл реакция. Осындай адамдардың реакциясына қараған кезде сізге бұл отшашу сияқты боп көрінеді. Отшашу зымыран сияқты ұшып, бірнеше сәтке көзді соқыр етіп, 60 секунд ішінде зым зымиян боп жоқ боп кетеді. Із түссіз жоғалады….
Дәл осы #2 топырақ сияқты.
Мұнда ешқандай шынайы тәубе болған жоқ, сыртқы бейнесінен көрінгенмен ішкі дүниесінде ешқандай өзгеріс болмаған. Олар өз үйлерін құмның үстінде соғады. Бұл көпке тұрмайды.
Тым эмоциялық және жаңа қоздырылған «жаңадан бет бұрғандар» ойға келеді. Отшашу сияқты өте үлкен шулы тәубеге келуі мүмкін. Ал бүгінгі күнде олар Исамен ешқандай байланысы жоқ, өйткені Құдай олар күткендей оңай өмір берген жоқ.
Барлығы төбеге қарай өсті, ешқайсы төменге қарай өспеді, құнын санамады. Тамырлары жоқ. Құтқарылулары да жоқ.
Біздің не нәрсеге жауапты және не нәрсеге жауапты еместігімізді түсіну өте маңызды.
Иса жайлы ізгі хабармен бөлісу бұл біздің жауапкершілігіміз. Егер біздің тыңдарманымыз отшашу сияқты болса бұл біздің жауапкершілігіміз емес.
Оның жүрек мәселесіне сіз кінәлі емессіз.
Сіз өз міндетіңізді атқардыңыз.
Тоқтайтын адам болмаңыз.
Бұл жердегі сөз бүкіл қауым кезеңінде осындай жүректер болады деген сөз. Таң қалмаңыз. Бұндайды күтіңіз. Осындай жағдай сіздің де басыңыздан өтеді. Сіз бақытсыз емессіз. Әрі қарай жүре беру керек.
Келесі реакцияға өту сәті келді:
#3 топырақ Матай 13:7
«Тағы басқа дәндер тікен арасына түседі. Тікендер қаулап, оларды тұншықтырып, өсірмей тастайды.»
О, жоқ! Бұл адам құтқарылуды толықтыру емес түбегейлі өзгеру екендігін түсінбей отыр.
Менің сөремнің артқы жағында маған берген сыйлықтар бар. Олар менің өмірімнің бөлігі болып табылады ма? Иә! Кейбір адамдар ойлайтыны сияқты олар бір бұрышта жиналып алып, шаң басып жата береді, олар Исаны қабылдасақ болды және сол бұрышта Иса шаң басып жата береді деп ойлайды. Олар сол өздерінің әбігер өмірлеріне Исаны қосып қойсақ болды деп ойлайды.
Жоқ, құтқарылу бұл өзгеру деген сөз. Шынайы құтқарылудың мағынасы –сіздің өміріңіздің даусыз жаңа басқарушысы пайда болды және ол мансап, үй, отбасы, жұмыс, және т.б. бітелмеген.
1 Жохан 2:15, 16
Осы күнәлі дүниені және ондағы еш нәрсені сүймеңдер! Осы дүниені сүйгендердің көктегі Әкеге сүйіспеншілігі жоқ. Себебі осы дүниеге тән нәрселердің бәрі: күнәкар адамның құмарлықтары, көзінің қомағайлығы әрі тұрмысына мастануы көктегі Әкеден емес, осы дүниеден бастау алған.
Міне мынау #3 топырақ. Мәңгілікке созылмайтын осы әлемдік құндылықтарды буындырып тастауына Исаға жол беру. Сонымен осы себуші сонда жаңылысты ма? ЖОҚ! Дән ақаулы ма? ЖОҚ!
Бұл хабарламада қауым кезеңінде осындай тумадағы жүректер болатыны жайлы айтылған. Таң қалмаңыз. Осындай түрдегі реакция сіздің де басыңыздан өтеді. Cіз сәтсіздікке ұшыраған жоқсыз.
Сіз неге жауаптысыз және неге жауапты емессіз соны түсіну өте маңызды. Иса жайлы ізгі хабармен бөлісу біздің міндетіміз. Егер сіздің тыңдарманыңыз абыржыған өмір сүрсе, Исаны жаншып тастайтын өмір сүрсе ол сіздің міндетіңіз емес. Сіз оның жүрегінің тастай болғанына кінәлі емессіз. Сіз өз міндетіңізді атқардыңыз. Тоқтайтын адам болмаңыз.
Ал жақсы хабарлар ше?
Жақсы ….. біздің көптен бері күткеніміз.
#4 топырақ. Құнарлы топырақ. Матай 13:8
Ал өзге тұқымдар құнарлы топыраққа түседі. Бұлардың біразы жүз, басқалары алпыс, бірқатары отыз еседен өнім береді.
Құтқарылғандықтың дәлелі – жеміс. «Ағаш жақсы болса, жемісі де жақсы». Бұл сансыз көп өнімді топырақ . Өте өнімді. Бұл шындық.
Бұл топырақ жүректері күнәға деген сынуды көрсетеді. Бұл топырақ шынымен де күнәсіне өкінеді. Бұл топырақ Мәсіхке ұқсаушылыққа бағдарланған.
Және бұл хабар бізге арналған – қауым кезеңіндегі бізге арналған – бір жерде жақсы құнарлы топырақ бар. Соларға барыңдар.
Біз барлығымыз бірдей көп жеміс бере алмаймыз. Сондықтан сізде төрт түрлі топырақ жайлы астарлы әңгіме бар. Және осы төрт түрлі топырақтар әрбір сенушінің үлкен нәрселерді еске түсіріп, Құдай алдында біз тоқтап тұрып, шынымен Құдайға алғыс айту керекпіз.
Не сияқты?
- Құдай Өз қауымын құрып жатқаны үшін Оған алғыс айтыңдар.
Бірнеше аяттарда біз Исаның дүниеде бұрын соңды көрмеген бір нәрсені іске кірістіруге енді енді бастап жатқанын байқадық: ол – қауым. 21 ғасырлар өткеннен кейін Ол қауымда және қауым арқылы жұмыс істеп жатыр. Оның осы жерде ашып жатқандарының біз бір бөлігіміз.
Ашығын айтқанда, бұл аяттар бір кездері мен үшін қуанышыма және тұрақтылығыма себепші болатын шексіз кілт еді. Көптеген жағымсыз, қорқынышты жаңалықтарды жиі естиміз, сонда мен өз өзімнен былай деп сұраймын: «Құдай бүгінгі күнде жер бетінде не істейді екен?»
Жауабы: Құдай Матай 13 те бастағанын әлі жалғастыруда. Ол Өз қауымын құрып жатыр. Иса Өз қауымын құрамын деп айтқан. Бұл Оның бүгінгі күнге арналған бағдарламасы.
Осы жылы Ол Өз қауымын қалай соғады екен? Ол бізге айтпайды, бірақ біз Оның қауым ғимаратының міндеттілігіне адал екеніне сенімді бола аламыз. Ол өз билігіндегі барлық жағдайлар ішінен барлық түрдегі соғыстарды, табиғат апаттарын және ұлтаралық сілкіністерді қолданады.
Құдайға шүкір сіздің Оған деген еңбегіңіз бекер емес. Жоғалып кететін нәрселерге адамдар қаншалықты уақыттарын, ақшаларын, тер төгіп құртатыны жайлы ойланып көрініңізші. Ал егер сіз бар күшіңізді Құдай қауымын құруға арнасаңыз, бүгінгі күнге арналған Құдайдың жалғыз ғана бағдарламасын орындайсыз. Сіз өзіңіз күткендей нәтижені көре алмадыңыз, бірақ сіз уақытыңызды бекерге жұмсаған жоқсыз. Сіз Құдайға қызмет етіп жатсыз және сіздің өмірбаяныңыз «Жұмсалған уақыт шежіресі» деп аталмайды.
1 Қорынтық 15:58
Сонымен, сүйікті бауырластарым, табанды болып, сенімдеріңнен айнымай, Иеміздің ісін әрдайым молынан істей беріңдер! Өйткені Иемізбен жүріп атқарған еңбектеріңнің бекер еместігін біліп алдыңдар..
Сіз осы аятты жаттап алдыңыз ба? Жаттап алуыңыз керек!
Бұл дегені Құдайға қызмет ету оңай деген сөз емес. «Еңбек» деген сөздің мағынасы сарқылудан шегіне жұмыс істеу. Мұнда біз қарқынды жұмыс жайлы айтып жатырмыз.
Бірақ сіздің Иса үшін атқаратын еңбегіңіздің ұтыс кепілдігі себебі бар. Құдай жеңімпаздың себепшісі. Сіз айтқан ешбір күәлік, ізгі хабар бекерге кетпейді. Сіздің сенбеушімен отырып Киелі Кітапты зерттеуге арнаған уақытыңыз бекер емес. Сіздің қауымда атқаратын ешбір қызметіңіз бекер ысырап болмайды. Егер Құдай Өз қауымын құрып жатса, 100 пайызға сенімді болыңыз, Ол соның соғылуы үшін барлық көмекті құрметтейді. Сіз өкінбейсіз. Сіз құртылып кететін себептерге уақытыңызды бекер жұмсаған жоқсыз.
Сіз даналықпен таңдау жасадыңыз.
Мүмкін біз уақытымызды қалай жұмсап жатқанымызды зерттеуін тоқтату керекпіз. Қауым тек Құдайдың бүгінге арнаған бағдарламасы. Құдай әлі Матай 13 те бастағаннан бір қадам да жылжыған жоқ. Бір қадам да жылжыған жоқ. Онда неге уақытымыздың көбі Құдайдың қолы жоқ саясатқа және басқа нәрселерге жұмсалады?
Оның орнына Құдайдың қолы бар нәрсеге яғни Оның қауымына неге жұмсамасқа!
- Мәсіхке деген талпынысы жоқ осы дүниелік құндылықтар адамдарды қылқындыратын, кәстрөлдегі атылып шыққан от секілді қыңыршыл реакция болғанына сіз кінәлі еместігіне Құдайға шүкір.
Бала мәсіхші кезімде мені Киелі Кітап зерттегенде мынаған көңіл аударуға үйреткен «Ең бақытты ізгі хабарды адамдарға жеткізу бұл ізгі хабарды Киелі Рухтың күші арқылы айтып және нәтижесін Құдайға қалдыру». Бұл өте дұрыс тәлім.
Мен ізгі хабармен бөліскенімде мен тек өзімнен күтілетінімен ғана бөлісемін. Бұл менің қолымнан келгені. Қалғанын Құдайға тапсырамын.
Әр апта сайын Киелі Кітап зерттеуде сол оқылған аяттар ұмытылып естен шығып кетпес үшін, біз сол жайлы қайталап отыратынбыз, себебі бұл шынымен және керек. Және мен келген қауымдағы барлық адамдар ізгі хабармен бөліскен кезде сенбеушілердің оны қабылдамағанына өздерін кінәлады.
Егер сіздің кесіріңізден бола басқалар Мәсіхке келмегенде жұмақта не болар еді? Ол жерде ешқандай қуаныш болмас еді. Біз ізгі хабарды сүйіспеншілікпен бөліспегеніміз үшін және дұрыс айтпағанымыз үшін басқалар тозақ отында жанып жатыр деген ойлардан ол жерде психологиялық бітпейтін азап болар еді. Бұл біздің кесірімізден. Қандай қорқынышты!
Жоқ! Адамдар біздің ақылдылығымыздан, әдемілігімізден, анықтығымыздан құтқарылмайды.
Ефестіктер 2:8, 9.
«Себебі Құдайдың рақымымен, Мәсіхке деген сенімдерің арқылы құтқарылдыңдар. Бұл — өздеріңнің жетістіктерің емес, Құдайдан келген сый. Сондықтан игі істерімнің арқасында құтқарылдым деп ешкім мақтанбасын»
Сіз осы аятты жаттап алған боларсыз. Қайтадан оқып көріңізші. Сіз сенім арқылы құтқарылдыңыз. Тек сенім арқылы. Бірақ сол сеніміңіз қайдан келді? Тіпті сіздің сеніміңіз Құдайдан келді.
Құтқарылуды Құдай береді. Менің құтқарылуым үшін мен қанша құн төлей аламын? Ешқанша! Бірақ әрбір адам өзінің жауабына Мәсіх алдында жауапты.
Иә, біз басқалардың бұрыс таңдау жасағандарына қайғырамыз, бірақ олардың біз бөліскен ізгі хабарды қабылдамауына өздері жауапты. Бұл біздің жауапкершілігіміз емес.
Сіз неге жауапты екеніңізді түсіну өте маңызды. Сонымен қатар сіз неге жауапты емес екенініңізді де түсіну өте маңызды. Киелі Рух қана күнәні әшкерелейді. Киелі Рух қана адамдарды тәубеге әкеледі және құтқарады.
Сондықтан біз ізгі хабармен бөлісіп болған соң біз сол адамды Құдайдың алдына, тізерлеп дұғаға алып келуіміз керек, ал қалғанын Құдай Өзі жасайды. Миссия осымен аяқталды. Жақсы аяқталды.
Осы жерде бізге айтылатын сөз, әрқашанда осы қауым кезеңінде топырақтың осы 1,2,3 түрлері кездеседі. Күтіңіз. Дайын болыңыз. Ізгі хабар айтыңыз. Олар үшін сиыныңыз.
Мүмкін Құдай соңында олардың жүректерін жібітер.
Сол мезетте олардың шешіміне өзіңіздің еңсеңізді түсіруіне жол бермеңіз.
- Біз Мәсіх жайлы куәлігімізбен бөліскенде кейбіреулер сол #4 топырақ болатынына Құдайға шүкір. Орташа егіндік жеті рет орылатыны жайлы мен естігенмін, бірақ осы астарлы әңгімедегі өнім таң қалдырады. Осы егіндікке қараңызшы!
Сіз Исаға алып келген кейбір адамдар сізге қараған да көбірек жеміс беруі мүмкін. Және сол үдерістің бір бөлігі бола алатынымыз үшін Құдайға алғыс айтайық. Ол соған лайықты.
Иса бізге ҚҰНАРЛЫ ЖАҚСЫ ТОПЫРАҚ бар екені жайлы айтады.
ОНЫҢ СОҢЫНАН ЕР!
Бүкіл қауым кезеңінде бір жерде болмаса басқа бір жерде ізгі хабарды естуді аңсап тұрған жақсы топырақ болатыны сөзсіз. Соларға барыңыз.
Егер біз адамдардың ¼ бөлігіне ізгі хабар таратсақ #4 топырақ болады ма? Ондай қатаң болмаңдаршы. Бірақ сондай жақсы топырақ бүкіл қауым кезеңінде болатыны жайлы айтылған.
Кеттік соны табайық!
Құдайдың бүгінгі күнге арналған бағдарламасы бұл қауым болып саналады. Матай 13 тарауда Иса Өз қауымын бастағандай Ол бізге өз сенімімізбен бөлісу Оның қауымының негізі болып саналатыны жайлы айтады.
Біздің мәсіхшілік өміріміздің ең басты негізі сол екеніне көз жеткізейік.