Қайтпас Ізгі Хабар айту
“Қауыпты миссияларды жандандыратын Құдайдың құдыреті” Дэвид Платт.
(Аян 5:1-14)
Бәрін сыйдыратын Шындық
Құдайдың құдіретіне деген жоғары көзқарас өлімге қарсы шыға отырып әлемдік миссияларға берілгендікті сіңіреді.
Құдайдың барлық нәрсенің үстінен билік ететініне сенетін бағушылар мәсіхшілерді барлық халықтар үшін өлуге жетелейді.
Үш жалпы шекаралар.
Бұл біздің қай жаққа бара жатқанымызды анықтайды, мүмкін, тіпті сіздің санаңызда немесе жүрегіңізде туындайтын қарсылықты қарусыздандырады.
(1) Жергілікті қызмет пен жергілікті миссия толықтай қажет.
Менің мұнда айтып жатқаным – қандай болса да бір кездері бізге жергілікті қауымдардағы жергілікті қызметке немқұрайлы қараймын немесе соларға қарсымын деген мағынада емес.
(2) Ғаламдық миссиялар елемей қалынады.
Йеменнің солтүстік өңірінде 8 миллион адам тұрады.
Сол 8 миллионның қаншасы сенушілер екенін білесіз бе? 20 немесе 30.
Кем дегенде 2 миллиардтай адамдарға қазіргі заманда ізгі хабар жетпеген деп жүйеленеді – бұл дегені «құтқарылмағаннан»да көп, оларға ізгі хабар қол жетімді емес.
(3) Бағушылардың ғаламдық миссияларды басқаруларына айырықша құқықтары бар және жауапты бола алады.
2 миллиардтан көп адамнан тұратын 6000 тайпалар әлі ізгі хабарды мүлдем естімеген. Бұл тек ғана миссиялардың немесе миссия агенттіктерінің мәселесі емес, бұл әрбір бағушының және әрбір жергілікті қауымның мәселесі болып саналады.
Бағушылар, біз жергілікті қауымдардағы адамдарды жақсы көреміз (жергілікті қызмет) және біз жергілікті ұйымдардағы адамдарды жақсы көреміз (жергілікті миссия) соңына дейін, бір күні келіп әлемдегі барлық халықтар Құдайдың ізгі хабарын естіп, Құдайдың даңқына бөленеді (ғаламдық миссия).
Бағушының және жергілікті қауымның жүректеріне нық сенімділікті беретін барлығынан үстем ететін Құдайдың билігі осылардың барлығына қозғау салып жатыр.
«Содан кейін тақ үстінде Отырғанның оң қолынан бір шиыршық кітапты көрдім. Шиыршық кітаптың екі жағына да жазу жазылып, ол жеті мөрмен бекітілген болатын. Сол кезде бір құдіретті періштені де көрдім. Ол қатты дауыспен: «Кім мөрлерді бұзып, кітапты ашуға лайық?» — деп жариялады. Алайда көктен де, жерден де, жер астынан да кітапты ашып, оның ішіне қарау билігі бар ешкім табылмады.
Кітапты ашып, оның ішіне қарауға лайықты ешкімнің табылмағандығына қатты қайғырып жыладым. Сонда ақсақалдардың біреуі маған:
— Жылама, қара: Дәуіт патшаның әулетінен, Яһуда руынан шыққан «Арыстан» жеңіске жетті! Оның сол жеті мөрді сындырып, кітапты ашып, оқуға билігі бар, — деді.
Мен қарасам, тақтың ортасында, айнала тұрған төрт нөкер мен ақсақалдар қоршаған «Тоқтыны» көрдім. Ол құрбандыққа шалынғандай болып көрінді. Оның жеті мүйізі мен жеті көзі бар екен, бұлар бүкіл әлемге жіберілген Құдайдың жеті Рухын білдіреді.
Тоқты барып, тақта Отырғанның оң қолынан кітапты қабылдады. Тоқты соны қолға алған кезде төрт нөкер мен жиырма төрт ақсақал Тоқтының алдына бас ұра жығылды. Әрқайсысының қолында домбыраға ұқсас алтын аспап және түтетілетін хош иісті заттарға толы алтын табалар болды. Осы хош иісті заттар Құдай халқының айтқан мінажаттарын білдіреді.
Нөкерлер мен ақсақалдар жаңа мадақтау жырын айтып былай деді:
— Сен лайықсың кітапты қолыңа алуға
Және мөрлерін бұзып, оны ашуға!
Өйткені құрбан болып, қаныңды төктің,
Сол арқылы әр ру, тіл, ұлт пен халықтан
Шыққандардың төлемін өтеп босаттың,
Һәм Құдайға оларды бағыштадың,
Әрі Құдайымызға арнап соларды
Жасадың діни қызметкерлер патшалығы;
Олар жер бетін билейтін болады.
Мен тағы да қарап, тақты, төрт нөкерді және ақсақалдарды қоршап тұрған мыңдаған, миллиондаған періштелерді көріп, үндерін естідім. Олар қатты дауыспен әндетіп былай деді:
«Құрбандыққа шалынған Тоқты
Билік пен байлықты,
Даналық пен құдіретті,
Құрмет, ұлылық пен дәріпті
Қабылдауға әбден лайықты!»
Көк пен жердегі, жер асты мен теңіздегі, яғни бүкіл әлемдегі, әрбір тіршілік иесінің былай деп ән салған даусын естідім:
«Тақта Отырған және Тоқты
Дәріптелу мен құрметке,
Ұлылық пен құдіретке
Мәңгі бақи лайықты!»
Төрт нөкер: «Аумин», — деп жауап берді. Ал жиырма төрт ақсақал жерге бас ұра жығылып, (мәңгі тірі Жаратқан Ие мен Тоқтыға) тағзым етті.»
Мәтіндегі төрт теологиялық Шындық.
- Біздің керемет Құдайымыз әлемнің тағдырын Өз қолында ұстап тұр.
Аян 5:1, «Содан кейін тақ үстінде Отырғанның оң қолынан бір шиыршық кітапты көрдім….»
Аян 4:11, «Уа, Құдай Иеміз, Сен даңқ пен ұлылыққа, құрмет пен билікке лайықсың! Өйткені бүкіл әлемді жаратқан Өзіңсің; Сенің еркіңмен ол жаратылды және бола да береді».
«Құдіретті Құдай, құдіретті болғандықтан Ол қолдауға мұқтаж емес.»
Адамдардың мейірбандығын жаулап алу үшін адамдарды мәпелейтін қызба және рақымсыз Құдайдың суреті жағымсыз, дегенмен Құдайдың әйгілі тұжырымдамасына қарайық, бұл біздің дәл осыны көріп отырғанымыз.
21 ғасырдың мәсіхшілігі Құдайды қайырымдылық етіп қойды. Біздің өзіміз жайлы ойымыз соншалықты тәккапар, тіпті бізге Құдай қажет екеніне сенетінімізді мойындамаған оңай, Құдайға керектігімізге сену…
Бәлкім, біздің өзімшілдігіміз жайлы ең ауыр ой – бұл біздің көмегімізге Құдай мұқтаж еместігі. Әдетте біз Оны әлемге тыныштық пен құтқарылуын әкелетін Өзінің ізгі жоспарын орындау үшін көмекке асығатын қызу, шыдамсыз, түңілген Әкеге ұқсатамыз….
Өте көп миссионерлік шақырулар Құдіретті Құдайдың түңілген қиялына негізделген. Тиімді шешен өз тыңдармандарына, тек өзге ұлттарға ғана емес сонымен қатар бар күшімен тырысқан және құтқаруға сондай ұзақ күрескен Құдайдың да, бірақ қолдаулары жетіспегендіктен сәтсіздікке ұшыраған Құдайдың да аяу сезімін оңай оята алады.
Мыңдаған жастардың мәсіхшілік қызметке жоғары түрткі мотивтері болғандықтан емес, оданда Құдайдың сүйіспеншілігі алып келген және Оның шектеулі қабілеттері Одан шығара алмайтынынан гөрі Оны келеңсіз жағдайлардың құтылуына көмектесу үшін кіріскендігінен қорқамын.
Соған мақтарлық идеализмнің белгілі дәрежесін қосыңыз және бақытсыздыққа ұшырағандарға едәуір аяныш сезініңіз, сонда сізде бүгінде үлкен мәсіхшілік істе шындық болады.
- Мәсіхтен басқа адамның Құдай алдындағы күйі мүлдем үмітсіз.
Аян 5:2, “Сол кезде бір құдіретті періштені де көрдім. Ол қатты дауыспен: «Кім мөрлерді бұзып, кітапты ашуға лайық?» — деп жариялады. Алайда көктен де, жерден де, жер астынан да кітапты ашып, оның ішіне қарау билігі бар ешкім табылмады. Кітапты ашып, оның ішіне қарауға лайықты ешкімнің табылмағандығына қатты қайғырып жыладым.”
Мөрлерде осы әлемге арнаған Құдайдың ұлы арналулары жазылған. Және көктен де ешкімнің табылмағаны, бұл адамзаттың күнәһарлығын көрсетеді. Ешкім лайықты емес деп Жохан жылады. Мәсіхтен басқа ешқандай үміт жоқ.
«Осылай тозақта болады: олар өлгілері келсе де, өле алмайды. Күнәһарлар әрқашан өледі, бірақ олар өлмейді; пештің оты мәңгілік жанады. О! Кім мәңгі мұндайға шыдай алады?» Осы «мәңгі» сөзі жүректі ауыртады.
Бір ізгі хабаршы көзге жас ала отырып «отта жану азабы жайлы тірі көмір сияқты, бір сәтке де, бір күнге де, бірақ та миллиондаған және миллиондаған ғасырларға, соңында олар соңына әлі жақын емес екенін түсінген кезде енді ғана басталғанын және олар ешқашан сол жерден құтыла алмайтыны жайлы айтады».
Тозақ жайлы біз солай ән айтамыз, бірақ біз не айтып жатқанымызды өзіміз түсінбейміз.
Әлемде ізгі хабар әлі жетпегендердің күйлері: олар Құдай жайлы әлі естімеген – бәрібір олар оны естіген және оны көрген.
Рим. 1:18-23, “ Құдай көктен адамдардың барлық азғындығы мен әділетсіздігіне қарсы өз қаһарын білдіреді. Себебі олар әділетсіз істері арқылы шындықты аяққа басады. Құдай туралы білуге болатын шындық адамдарға белгілі, мұны оларға Оның Өзі білдірген. Өйткені Құдайдың көзге көрінбейтін қасиеттері — Оның мәңгілік құдіреті мен құдайлық болмысы дүние жаратылғаннан бері айқын: бұларды Оның жаратқан нәрселерінен байқап түсінуге болады. Сондықтан адамдар Құдайды біле алмадық деп сылтаурата алмайды. Олар Құдай туралы білсе де, Оны Құдай деп дәріптеп, шүкірлік еткен жоқ. Керісінше, адамдар түкке тұрғысыз ойға берілді. Содан саналарын қара түнек басып, наданға айналды. Өздерін ақылдымыз деп жүріп, шын мәнінде ақымақ болып шықты. Осылай олар мәңгі тірі Құдайдың ұлылығына табынудың орнына ажалды пенденің, құстың, төрт аяқты не бауырымен жорғалаушы жануардың мүсіндеріне құлшылық ететін болды.”
Африкадағы күнәсіз адамның аспан Патшалығына түсуі – жалғыз ғана мәселе – бұл оның жоқтығы. Дүниеде ешқандай күнәсіз адам болмайды. Олар Құдайдың алдында күнәһар сондықтан ізгі хабарға мұқтаж!
Бүгінгі күнде дүние жүзінде 2 миллиардтаған адамдардың Құдай жайлы білімдері тозаққа мәңгіге қарғауға дейін жеткілікті. Бірақ үміт бар!
- Өлтірілген Құдайдың Тоқтысы құдіретті Құдай ретінде әлемді басқаратыны әлемдегі ең ұлы хабар болып саналады.
“Сонда ақсақалдардың біреуі маған:— Жылама, қара: Дәуіт патшаның әулетінен, Яһуда руынан шыққан «Арыстан» жеңіске жетті! Оның сол жеті мөрді сындырып, кітапты ашып, оқуға билігі бар, — деді” (Аян 5:5).
«Қолынан патша таяғын еш тартып алмайды, Билік белгісі Яһуда әулетінде орнайды, Бейбітшілік Әкелуші келеді ақырында, Халықтар Оған мойынсұнып бағынады да!» (Жар.баст. 49:10) ол ғасырлар бұрын уәде етілген еді.
«Кесілген ағаштың түбірі мен тамырларынан жас өркен өсіп шығады. Сол сияқты Есей ұлы Дәуіттің патшалық биліктен айырылған әулетінен шығатын бір ұрпақ күндердің күнінде қайтадан патшалық құрады. Осы патшаға Жаратқан Иенің Рухы қонып, оған даналық пен парасат, ақыл-кеңес пен құдірет, білімділік және Жаратқан Иені терең қастерлеуді дарытады» (Ишая 11:1-2, 11).
«Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Алдағы уақытта Мен Дәуіттің әулетінен бір «Әділ Өскінді» өсіріп шығаратын кез келеді. Ол патшалық құрып, даналықпен әрекет етіп, жерге әділет пен шындық орнатады.» (Еремия 23:5).
«Өлім, қайда сенің жеңісің? О дүние, қайда улы тісің? Өлім тудыратын «улы тіс» — күнә, ал күнә өз күшін заңнан алады» (1 Қорын. 15:55-56).
«Келесі күні Жақия өзіне қарай келе жатқан Исаны көріп:— Қараңдар, Мынау — Құдайдың құрбандыққа жіберген «Тоқтысы»! Ол адамзаттың күнәсін өз мойнына артып, сол үшін жанын қияды» (Жохан 1:29).
Бүкіл тарих бойы, жаратылыстың басында, ерлер келіп кетті, әйелдер келіп кетті, олардың барлығының ішіндегі ең мейірбандары, ең жақсылары, ең күштілері, ең ұлылары – барлығы күнәнің құлдығында болды.
Олардың барлығы – әр еркекпен әйел – шайтанның құлы.
Олардың барлығы – ұрпақтан ұқпаққа, ғасырдан ғасырға – әрбір ерекек пен әйел – өлуге душар болды.
Бірақ содан соң тағы бір адам пайда болды – әрбір еркекпен әйелге бөлек ұқсамайтын.
Сол адам күнәнің құлдығында болмады; Ол күнәға үстемдік етті.
Сол адам Әзәзілдің құлдығында болмады, Ол әділдіктің құлы болды.
Сол адам өлімге душар болмады, Ол өлімді жеңді.
Қалайша? Тоқты сияқты азаптанып.
Ол қайғырды / Оны жек көрді / қабыл алмады / Ол жараланды/ жарақаттанды/ жазаға тартылды/жазаланды / Оған қысым көрсетті/ біздің орнымызға тозаңдады—және кім Оның қанының астында жасырынса солар құтқарылады.
Құдайдың Тоқтысы тек біздің орнымызға өліп қана қойған жоқ, Ол өлімді Өз күшімен жеңді. Ол өлімнің тыртықтарын алып жүр, бірақ Ол өлімнің үстінен де билік етеді.
Аян 5:7, “Тоқты барып, тақта Отырғанның оң қолынан кітапты қабылдады.”
Әсерлі батылдық.
Құрбандық арқылы құтқарылу.
Аспан патшалығының аяқталуы Құдай Ұлының айқышқа керілуі арқылы орындалды.
Иса “Өзін төмен тұтып, Құдайға мойынсұнды, Өлімге, тіпті айқыштағы өлімге бойсұнды. Сондықтан да Құдай Оны көкке көтерді, Оның мәртебесін бәрінен де биіктетті, Оған бар есімнен жоғары Атақты сыйлап берді” (Філіпіліктерге арналған хат. 2:8-9).
(4) Мәсіхтің өтелуі мейірімділікті, әлемдік деңгейде, ерекше даңқты.
“Тоқты соны қолға алған кезде төрт нөкер мен жиырма төрт ақсақал Тоқтының алдына бас ұра жығылды. Әрқайсысының қолында домбыраға ұқсас алтын аспап және түтетілетін хош иісті заттарға толы алтын табалар болды. Осы хош иісті заттар Құдай халқының айтқан мінажаттарын білдіреді. Нөкерлер мен ақсақалдар жаңа мадақтау жырын айтып былай деді:
— Сен лайықсың кітапты қолыңа алуға
Және мөрлерін бұзып, оны ашуға!
Өйткені құрбан болып, қаныңды төктің,
Сол арқылы әр ру, тіл, ұлт пен халықтан
Шыққандардың төлемін өтеп босаттың,
Һәм Құдайға оларды бағыштадың,
Әрі Құдайымызға арнап соларды
Жасадың діни қызметкерлер патшалығы;
Олар жер бетін билейтін болады.’” (Аян. 5:8-10).
Құдай бізді Өзінің алдында қасиетті де мінсіз халқы болып жүрсін деп, әлемді жаратпастан бұрын Мәсіхтің құрбандығына бола сүйіспеншілікпен таңдаған еді. Ол бізді Иса Мәсіхтің арқасында рухани балалары етуге алдын ала белгілеп қойды; Оның ізгі еркі осы болған. Өзінің сүйікті рухани Ұлы арқылы бізге сыйлаған керемет рақымы үшін Құдай мадақтала берсін. Мәсіхтің құрбан болып, қаны төгілуімен төлеміміз өтеліп, біздер жамандықтың құлдығынан азат етіліп, күнәларымыз кешірілді. Осылайша Құдай Өзінің шексіз зор рақымын терең даналығымен және түсінігімен бізге молынан жаудырды. Енді Ол бізге Өзінің құпия жоспарын — Мәсіхке байланысты алға қойған ізгі ниетін ашып берді. Тәңір Ие мұны белгілі уақыты жеткенде іске асырып, бүкіл әлемді: көк пен жердегінің барлығын да біріктіріп, Бастығы ретінде Мәсіхтің билігіне тапсыратын болады. Құдай ниет еткендерінің бәрін өз еркіне сай орындайды. Ол бізді Мәсіхпен байланысты өз халқы болуға алдын ала таңдап алған еді. Бұл Құдайдың әуел бастағы мақсатына сәйкес болды (Eфес. 1:4-11).
Бауырластар, Мәсіх жайлы ізгі хабарды естімеген әлі 6000 жуық адамдар тобы бар болса, онда біз күнәнің құнын төлеу нүктесін көзден таса етіп алдық.
Егер біз жәй ғана Мәсіхтің шәкірттерін жасасақ. Онда біздің Мәсіхтің ұлы аманатына мойынсұнуымыз толық емес. Біздің мақсатымыз барлық халықтардан шәкірт жасау.
Ғаламдық миссияларды ерекше құнын төлеу әрекеттеп жүргізеді. Сонымен, егерде біз Аян 5:9 сенсек (егер біз Исаның әр ру, тіл, ұлт пен халықтың құнын төлеу үшін өліп тірілгеніне сенсек), онда барлық ұлттармен тайпаларға барайық.
Не үшін? Себебі бізде сол барлық ресурстардың бар болғаны үшін біз өзімізді кінәлі сезінеміз. Біз ізгі хабар жетпеген жерлерге баратын адамдарды кінәламаймыз ба? Біз өзімізді жәйсіз сезінгендіктен барамыз ба?
Жоқ.
Ізгі хабар жетпеген елдерге деген ынта – бұл күнә емес, бұл даңқ – Патшаға арналған даңқ.
Бұл адамдар біздің құдіретті Құдайымыздың жер жүзіндегі тек 10 000 адамдар тобы емес, барлық 16000 топтың Оның мадақтағанын қалайтынын білетін адамдар. Мәсіх құнын төлеген барлық адамдардың Оның атын мадақтамайынша біз тоқтамаймыз.
Біз істеуге тиіс болатын төрт нәтиже.
(1) Қауымдарымызды (барлық халықтарға ізгі хабар таратылуы үшін сеніммен сиынуына) жетелейік.
Оларға мынаны айтыңыз Maтай 24:14: «Құдай Патшалығы туралы осы Ізгі хабар күллі әлемге уағыздалмақ. Осылай ол барлық халықтарға мәлім болады. Содан кейін бұл заманның ақыры келеді». Осылай айтыңызда, содан соң оларды сиынуға шақырыңыз, сол кезде заманның ақыры болатынын айтыңыз. Ладд осы аят Құдайдың халқы үшін бүгінгі күнде ең маңыздысы болып табылады деп айтады. «Бұл терминдер жалғыз Құдайға аян. Мен сол елдер қай елдер екенін білмеймін, бірақ мен тек бір нәрсені білемін: Мәсіх әлі қайта оралған жоқ; сондықтан әлі міндетіміз орындалмады. Сол орындалған кезде, заманның ақыры келеді. Біздің міндетіміз сол терминдерді анықтауда емес, біздің міндетіміз сол міндеттерді аяқтау. Мәсіх қайта оралмағанынша біздің жұмысымыз бітпеген. Келіңіздер жұмысымызды атқарайық, миссиямызды аяқтайық».
(2) Қауымдарымызды құрбан етіп беруге үйретейік.
Көптеген жерлердегі қауымдарда құрбандықтың аз пайызы ізгі хабарға жұмсалады.
Барлық халықтар Құдайды мадақтауға шақырылғандығы жайлы айтатын Забур жыры 66 назар аударыңыз. Біздің жомарттықпен беруіміз ізгі хабарға осының орындалуына көмектеседі.
Құдай Өз халқына бүкіл дүниежүзілік табынудың таралуына әлемнің байлықтарын береді. Құдіретті Құдай біздің Оған табынуымыз үшін бай болуымызды қалайды.
(3) Қауымдарымызды әдейілеп барлық халықтарға баруына жетелейік.
Бізге қысқа, орташа жән ұзақ мерзімді елшілік қажет.
Жаңа Өсиеттегі Тімөте және Пауыл сияқты адамдарды көруімізге бізде күмән жоқ.
Құдай Тімөте сияқты адамдарды ізгі хабар жеткен жерлерге қалып қауымдарды жетелеуге шақырады.
Құдай Пауыл сияқты адамдарды ізгі хабар жеткен жерлерді тастап, ізгі хабар жетпеген жерлерге баруына шақырады.
Және сіздің қауымыңызда Пауыл сияқты қызметкер, бағушылар, әйелдер мен еркектерді Құдай шақырады. Мүмкін, барлығын емес, кейбіреулерін. Құдай оларды сөмкелерін жинап ізгі хабар жетпеген халықтарға ізгі хабар таратулары үшін шет елдерге көшуіне шақырады.
Сондай ақ сіз:
- Жігерлендіресіз бе оларды?
- Шақырасыз ба оларды?
- Бірге барасыз ба олармен?
- Жыл барысында уақыт тауып өзіңіздің уағызыңызда нақты солармен сөйлесесіз бе?
- Елшілер істері 13- гі Антиохия сияқты қауымды ораза ұстауға және сиынуға жетелейсіз бе? «Құдай, Сен кімді ұзақ мерзімге ізгі хабар айтуға шет елге шақырып жатырсың?», содан соң тыңдап, ол жауабын бергенше күтіп тұрсың ба.
Сіз естисіз бе? Ол сізді шақыруы мүмкін бе?
Бізге сол жергілікті тұрғындарға ақша жіберіп сол міндетті орындауға болмай ма? Жергілікті мәсіхшілер, жергілікті қауымдар жоқ… міне неліктен сатылуға болмайды. Құдайдың ниеті оларға барлық біздің ақшамызды жіберу, олар өмірлерінен айырылып қалу, біздің орнымызға ізгі хабар таратуында емес.
(4)Біздің қауымдарды өз еркілерімен өлуге жетелейік.
Құдайдың құдіретіне жоғары көзқарас ғаламдық миссиялардың адалдығын өлімге шақыруға итермелейді. Құдай барлық нәрсенің үстінен билік жасайтынына сенетін бағушылар мәсіхшілердің барлық халықтар үшін өлімге дейін баруына жетелейді.
Румындық бағушы Джозеф Цоннан алты адам келіп сұрастырған кезін айтып берді. Олардың біріне ол былай деді:
Қазіргі болып жатқан жағдайда бұл менің сізбен кездесуім емес. Бұл менің Құдайыммен менің кездесуім….Менің Құдайым сіз арқылы маған сабақ үйретіп жатыр. Мен Оның не екенін білмеймін. Мүмкін, Ол маған бірнеше сабақтар үйреткісі келген болар. Менің білерім, мырзалар, сіздер менімен Құдай маған не істегісі келеді соны сіздер жасайсыздар. Және сіздер бір шақырым алға жылжи алмайсыздар, себебі сіздер Құдайдың құралысындар. Күнде мен сол алтауын қоқиған тәсіл ретінде емес, ал менің Әкемнің қуыршақтары ретінде көрдім!
Цон қайтадан:
Таң ертеңгі тергеуде мені өлтірем деп қорқытқан офицерге былай дедім: «Мырза, менің осы сұрақты қалай көретінімді түсіндіруге рұқсат етіңіз». Сіздің жоғары сайманыңыз ол өлтіру. Менің жоғары құралым ол өлу. Міне ол қалай жұмыс істейді. Сіз менің уағыздарымның бүкіл елге таралған таспа арқылы таратылғанын сіз білесіз. Егер сіз мені өлтірсеңіз менің уағыздарым менің қаныммен бүркіледі. Жұрттың бәрі мені уағыздарым үшін өлгенімді білетін болады. Сол таспаны алған әрбір адам алып, былай дейтін болады: «Мен оданда осы адамның уағыздарын қайта тыңдайын, себебі ол шынымен соны меңзеген, ол оны өз өмірімен жапсырды. Сонымен, мырза менің уағыздарым енді бұрынғыдан да он есе көбірек айтылатын болады. Мен сол ұлы жеңіске қуанатын боламын, егер сіз мені өлтірсеңіз». Соны айтқан соң тергеуші мені босатып жіберді. Менің бағушы-досымды тергеп жатқан басқа офицер оған былай деді: «Біз білеміз Цон мырзаның азап шегуші болғысы келгенін білеміз, бірақ біз оның арманын орындайтынындай оншалықта ақымақ емеспіз». Мен сол сөйлемнің мағынасын қарастыруды доғардым. Мен өзімнің көп жылдар бұрын өлімнен қорқатынымды еске түсірдім. Мен өзімді шетте ұстап тұрдым. Себебі мен қатты өмір сүргім келді, мен өз өмірімді әрекетсіздікке жұмсадым. Ал қазір мен өз өмірімді Құдайдың қолына бергенімде және ізгі хабар үшін өлуге дайынмын деп шешкенімде олар мені өлтірмейтін болды! Мен қайда барсамда, қай жерде уағыздасамда сол жаққа бара алар едім. Мен өз өмірімді сақтап қалғым келген кезде мен оны жоғалттым. Ал енді мен өлімге дайын болғанда, мен оны қайта таптым.
Сонымен мәсіхші-бауырластар: келіңіздер аяқтайық және біздің қауымдардағы маңызсыз миссияларды әкелетін оны кішкентай теологиямен аяқтайық. Бүкіл әлемнің тағдырын және біздің өмірілерімізді Өзінің қолының астында ұстап тұрған құдіретті Құдайға терең сенім артайық. Құдайдың алдында Мәсіхтен бөлек адамның еш үмітсіз күйін көрейік және қауымдарымызды ізгі хабар жетпеген аймақтарға Құдай Сөзін таратуға баруына жетелейік.
Біз рақымдылықпен, ғаламдық, нақты құрбандықтай болып құтқарылдық, сондықтан, келіңіздер қауымдарымызды жетелеуге және өз өмірлерімізді берейік – егер қажет болса, Мәсіхтің патшалығының және Мәсіхтің аманатын орындау үшін келіңіздер өз өмірлерімізден айырылайық. Құдайдың Тоқтысы және Билеушіміз – Тәңір өз азаптарының толық сыйын алмайынша тоқтамайық.