Сіздің адвокатыңыз
Қорғаушы операциядан кейін оянып: – Терезелердегі барлық перделер неге жабық тұр?” деп сұрады:
Медбике жауап бердіп: – Көшенің сол жағында өрт орын алып, біз сізді өлді деп ойлағаныңызды қаламадық.”
Қорғаушылар.
Олар шамадан тыс қолақы алып, бізді тығырыққа тірейді.
Олар жайлы айтылатын көптеген әзілдерде бар.
Бірде мен бір қарапайым сұрақпен қорғаушыға жүгінуіме тура келді.
Онысына мен бір қарапайым жауап
және 60 долларлық шот алдым.
Біздің отбасымызға енді қорғаушының қажеті жоқ деп үміттенеміз және дұға етеміз.
Бірақ содан кейін біз Жоханның 1- хатын оқып:
Егер Біз Мәсіхтің жолымен жүрсек – біз үшін жұмыс істейтін қорғаушы бар,
ол бізге ешқашан есеп шот бермейді деген сөздерді таптық.
Осы кішкентай Жохан 1-хаты кітабының басынан бастап
Жохан бізге ең жақсылық тілейтіні анық көрінеді.
Жоханның 1-хаты 1:2 Исаның кім екендігін сипаттаумен басталады.
Біз Исаны сезініп, онымен байланыста болуымыз қажет :3
Исаны білмейтіндерге Ол жайлы айтып, ізгі хабармен бөлісуіміз қажет: 3
Себебі бұл үлкен ортақ қуанышқа әкеледі: 4.
Бірақ бос әңгіме кімге қажет.
Мәсіхшілік терминдерді жаттап, үйрену оңай.
Бірақ одан шынайы құтқару алатындай
күнәдан бас тартып, Мәсіхтің соңынан еруге шынайы шешім қабылдай аламыз ба?
Осы жерде бірінші тарауды аяқтайтын 4 тест көрсетіледі.
1 Тест: 6 Екі түрлі өмірде жасай алмаймыз. Біздің өмір салтымыз сөзімізге сәйкес келуі керек.
2 Тест: 7 рухани даму> Құдайдың жолында қозғалыс бар ма?
3 Тест: 8-10 өтірік> күнә мән беретін мәселе емес деп ойламаңыз.
4 Тест: 9 азат болу > біз күнәларымызға тәубе ете отырып, Құдай ұсынатын рухани күштерге ие боламыз ба?
Осындай сынақтар өз жүрегіңізді тексеруге түрткі болады деп үміттенеміз.
Шынайы мәсіхшілер бұл сынақтардан өтеді.
Жалған мәсіхшілер бұған көнбейді.
Сонымен, Жохан бүгін не айтпақшы?
2:1 Балаларым менің.
Мұны жазған кезде елші Жохан біршама жасқа жеткен еді.
Сондықтан көптеген сенушілер оның жасымен салыстырғанда балалар болып табылады.
Бірақ оның басқа сенушілерге деген сүйіспеншілігін қараңыз.
Соңғы кеште Иса шәкірттеріне
мәсіхшілерді олардың бір-біріне деген сүйіспеншілігінен танитын болады деп айтқан болатын.
Жохан мұны байыпты қабылдап,
өз жазбасында көрсетеді.
Олай болса сіздің жүрегіңізде басқа мәсіхшілерге деген сүйіспеншілік пайда болып жатыр ма?
Бұл әрине оның бізге не айтқысы келгенін білуге деген қызығушылық оятады.
Ол шын мәнісінде не айтқысы келді?
:1 Балаларым менің, сендер күнә жасамасын деп осыны жазып отырмын. Алайда егер біреуің күнә жасап қойсаң, Әкенің алдында әділ Қорғаушымыз бар. Сол Қорғаушымыз — Иса Мәсіх.
– Не айту керек?
Күнә жасамаңыз дей тұра
-егер сіз өзіңіз күнә жасайтын болсаңыз…….
Бұл жұмбақ сияқты көрінуі мүмкін.
Бұл шын мәнінде маңызды ескерту.
Күнә жасаудың екі шегі бар.
Сол шекаралардан шығып кеткен жағдайда, біз күнәмен ойнаған боламыз.
Яғни күнәға жеңіл қарау арқылы, күнәмен өмір сүру немесе біз күнәға Құдай бізден талап еткеннен де артық дәрежеде қатал болуымыз арқылы шектен шыға аламыз.
Жохан біздің осы екі шектен де шығып кетуден аулақ болғанымызды қалайды.
1 Жохан 1: 9 аятты оқыған кезде,
Біз күнәға жеңіл қарап:
-О, қандай керемет.
Егер біз күнә жасасақ, Құдай бізді кешіреді ғой.
Сондықтан менің қазір не істейтінім маңызды емес.
Мен бүгін күнәларымды мойындаймын да, ал ертең рухани құлап, жараланғанға дейін күнә жасайтын боламын деп жеңіл қарауымыз мүмкін.
Мұндай іс-әрекет Мәсіхті қабылда да, ойыңа келгенді істей бер дегенді білдіреді.
Жоханның мұндай ойға жауабы келесідей: –
Күнәмен ойнамаңыз.
Мүмкіндігінше одан аулақ болу үшін қолыңыздан келгеннің барлығын жасауды мақсатыңызға айналдырыңыз.
Бейберекет өмірді қолдап, біз кездестіретін көп нәрселерді Құдайдың кешіруге дайын екенін баса айта бермеңіз.
Бұл өте жеңіл ой.
Солай жасай беретін болсақ, бұл Исаның айқышта біз үшін жасаған құрбандығын аяқ асты еткен боламыз.
Күнә жасамаңыз. Одан барынша аулақ болуға тырысыңыз.
Екінші жағынан, біз күнәға Құдай бізге бұйырғаннан да қаталырақ болуымыз мүмкін.
Бүгін сіз ашуға берілдіңіз бе?
Қалайша?
Сіз мәсіхші бола алмайсыз. Мәсіхшілер бұлай жасамайды ғой.
Бұл күнәға Құдай ойлағаннан гөрі қатал болу дегенді білдіреді.
Сондай-ақ, тым қатал болу дегінімізге – Құдай кешіре алмайтын ауыр күнә жасап қойып немесе қандайда бір жаман әдеттен арылай алмай жүренде, Құдай енді кешірмейді, ол кешіріп шаршаған болар, мұндайда тіпті күнәмді мойындауға тырыспайақ қояйын, Ол менімен байланысты үзді деген пікірлер жатады.
Күнәға жеңіл қарап, немқұрайлы қарау немесе оған тым қатал болу, екеуі де тым шектен шығу болып есептеледі.
Осындай екі шектен шығудан аулақ болыңыз.
Шексіз күнәға батып, тәубеге келмейтін адамға құтқарылдың деп айту –
бұл ақымақтық.
Бірақ байқаусызда жасаған жеке күнәларға тәубе етіп немесе жаман әдеттермен күресу арқылы біз күнәні жеңіп үйренуіміз керек.
Біз жоғарыда мәсіхшілік өмірдің сипаттамасын көрдік.
1: 7 нұрда жүру.
Бұл мәсіхші үшін таңдау емес, ал мәсіхшінің өмір сүру салты болуы шарт.
Нұр, яғни Құдай сөзі біздің күнәмізді ашқан кезде, оны бірден мойындаңыз.
Біз күнәға немқұрайлы қарамауымыз қажет.
Біз өзімізді айыптау шегінен аулақ болып, – Құдай бізді ешқашан кешірмейді деп ойламауымыз керек.
Егер біздің күнәларымыз басқа адамға зиянын тигізсе де,
біз одан кешірім сұрауымыз қажет.
1 Жохан 2: 1 Егер біреу күнә жасаса –
Мұны Жохан Құдай отбасының құрамына кіретін адамдарға жазғаны анық.
Өйткені олар Исаны өздерінің құтқарушысы және иесі ретінде қабылдаған.
Егер ол сенбеушілерге жазылған болғанда, күнәларыңызға кешірім алу үшін Мәсіхке сеніп, тек оған ғана үмітіңізді арттырыңыз деп жазылар еді.
Иса бізге құтқарылуды тегін сый ретінде ұсынды. Сондықтан, құтқарылмаған адам құтқарылуға ие болу керек.
Күнә жасай беретін сенушілерге, Әкенің алдында қорғайтын қорғаушы қажет.
Жохан Исаның көп айтыла бермейтін қасиетіне сипаттама береді.
Бүгін, Иса не істеп жатқанын білесіз бе?
Ол Құдай Әкенің алдында сіздің қорғаушыңыз болып тұр.
Иса бүгін сенушілердің соттаушысы емес.
Ол біздің адвокат / қорғаушы / жеке қорғаушымыз.
Жаңа өсиеттегі соңғы Аян кітабы 12:10 аятта шайтан не істейтінін білгіңіз келеді ме?
10 Содан кейін мен көктен шыққан қатты дауысты естідім. Ол былай деді:
«Енді Құдай (Өзінің халқын) құтқарды! Ол құдіретін көрсетіп, патшалық етіп, билік жүргізеді. Оның тағайындаған Патшасы Мәсіх өктемдік етеді! Ал Құдай алдында күні-түні бауырластарымызға жала жауып келген шайтан көктен лақтырылып тасталды.
«Көктен лақтырылды» дегені күндердің күнінде шайтан аспан патшалығынан қуылады деген болжам болатын.
Бірақ әлі қуылмай жатып ол қандай іс тындырады?
Ол Әйүп кітабы 1 тарауда Әйүпті кінәлағандай, бізді де
күндіз-түні Құдай алдында айыптайды.
Егер сіз Исаны құтқарушы ретінде қабылдасаңыз, онда сіз міндетті түрде шайтанның құрту керек адамдар тізімінде тұрасыз.
Ол Құдай Әкенің алдында тұрып күні-түні күнәларыңыз үшін былай деп айыптауға тырысады:
– Сіз бұл адамның қандай күнә жасап тұрғанын көрдіңіз бе?
А-а-а, ол өзін сенушімін дей тұра осындай жасайды ма?
Ол кінәлі.
Менің қолыма тапсырғаныңыз оның жазасы болсын.
Бұл адамды маған беріңіз.
Неліктен шайтанның көкте болуына Құдай Әке рұқсат берген?
Неге Құдай Әке шайтанға Исаны өзінің Құтқарушысы ретінде сенген адамдарды күні-түні оның алдында тұрып кінәлауына мүмкіндік береді?
Оған менің ақылым жетпейді.
Киелі Құдай шайтанға оның алдында ғасырдан ғасырға, таңертеңнен түнге дейін Құдайдың балаларына шабуыл жасауға мүмкіндік беретіні таңқаларлық жайт.
Мен Құдайдың неге бұған жол беретінін түсіне алмаймын.
Сонымен қатар, мен адамдардың неге жын, шайтан сияқты киінетінін түсінбеймін.
Неліктен олай?
Жын шайтандар біз қалап, еліктейтіндер қатарынан емес.
Ол күндіз түні Құдай алдында тұрып, бізге қарсы нәрселер айтады.
Бізді өз алақанына түсіру үшін әрбірімізді айыптайды.
Өзіңізді Құдайдың сот залында
қасыңызда төреші болып тұрған Құдай әкені
және сізге қолын сермеп: “Олардың не істегенін қараңызшы.
Олар менің шәкірттерім сияқты әрекет етеді.
Оларды маған тапсырыңыз” деп тұрған шайтанды елестетіп көріңіз.
«Ия, мен кеше бұл күнәні жасадым, ия, бүгін де мен басқа күнә жасадым» деп шайтанмен келісуімізге тура келген кезде, біз осы сот залында кірерге тесік таппай, ұялған болар едік.
Осындай кезде, ешқандай үміт жоқ па?
Сізді қажет кезде қорғайтын, жақсы қорғаушы қайда екен?
Біздің көмекшіміз-Иса Мәсіх.
Шайтан бізді үнемі айыптаған кезде, орнынан тұрып, Құдайға Әкеге жүгініп:
“Ия, Әке, айыпталушы бұл күнәларды жасады.
Бірақ олар маған құтқарушы ретінде сенім артты,
сондықтан оларды енді шайтанға тапсырмаңыз.
Құдай Әке,
Мен олардың күнәлары үшін құн төледім.
Олардың күнәлары үшін сіздің қаһарыңыз маған жүктелді.
Сондықтан, өтінемін үміт пен сенімдерін маған артқан адамдарды айыптамаңыз.
Олар менің қорғанысыма түссін” деп айтатын болады.
Құдай Әке бірден Исаның өтінішін орындайды.
Біз ешқандай қорғаушымызға пара берместен Құдайдың қаһарынан аулақ боламыз.
Исаның өзі Құдайдың қаһарын қанағаттандыратын-құрбандық.
Біз «Мәссаған, бұл қорқынышты болды» деп айтуымыз мүмкін.
Бірақ бізді құтқару үшін сенім артқан адамымыз,
шынында да біз үшін құрбан болды.
Өзіңізді Исаға арнау арқылы сіз үлкен жеңіске ие боласыз.
Сөйтіп сот залынан, аспан патшалығына жол тартатын боламыз
Бірақ неліктен Құдай Әке Исаға бірден құлақ асты?
Иса біз үшін шайтанды қалай тез жеңді?
Исаны біздің қорғаушымыз болуға не итермелейді?
Исада біздің қорғаушымыз болатындай қандай қасиеттері бар? деген сұрақтар туындауы мүмкін.
1 Жохан 2:2
2 Ол өз жанын құрбан етіп, күнәларымыздың құнын өтеді. Өзіміздің ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзаттың да күнәларының құнын өтеді.
Киелі кітапта біз әдетте күнделікті өмірімізде қолдана бермейтін,
бірақ мәсіхші өмірінің байлығын түсінудің маңызды бір бөлігі болып табылатын бірнеше сөздер бар.
Олардың бірі:
Күнәларды өтеу құрбандығы.
Құнын өтеу сөзін түсіну үшін, Ескі келісімдегі ғибадатхананы еске түсіріп көрейік.
Ғибадатханада он өсиет салынған ыдыс және сол ыдыстың қақпағында Құдайды бейнелейтін періштелер тұратын.
Құдайдың киелілігін бейнелейтін бұл періштелер төмен қараған кезде, олар не көретін?
Олар 10 өсиет пен адамның күнәсін көретін еді.
Мұны тағы бір рет қайталауға рұқсат етіңіз.
Жылына бір рет бұл ыдысқа құрбандық қаны қойылатын.
Сондықтан Құдайдың қасиеттілігін бейнелейтін періштелер төмен қараған кезде, 10 өсиетте көрсетілген біздің күнәкарлығымызды көрудің орнына,
құрбандыққа шалынған қан, күнәларды жауып тастап, барлық сенушілер
мен олардың күнәлары кешірілетін.
Сол қанды көрген кезде, Құдайдың қаһары басылып, бұл күнәларды өтеу құрбандығы болып табылатын.
Неліктен қазіргі кезде біздің қауымда 10 өсиетті бар ыдыс тұрмайды?
Себебі Исаның қаны біздің күнәларымызды мәңгілікке жапты.
Исаның қаны-ол күнәларды өтейтін жалғыз құрбандық.
Құдай үшін қан төгілмей күнәлар кешірілмейді.
Ескі өсиетте жануарларды құрбандыққа шалу үнемі жүргізіліп отырды.
Бірақ Исаның мінсіз құрбандығы ешқашан қайталанбауы керек.
Біреу маған бірінші рет Иса Менің күнәларым үшін айқышта құрбан болғанын айтқан кезде, менің жауабым:
-жарайды, сонымен?
2000 жыл бұрынғы оқиға бүгін маған қандай қатысы бар? деп менсінбеген болатынмын.
Алайда оның бізге тікелей қатысы бар екен.
2 ші аяттың соңына қарасаңыз – бүкіл әлем үшін – деп жазылған.
Яғни бұл шынымен бізді, әрбірімізді меңзеп тұр.
Иса-мінсіз құрбандық.
Адамзаттың күнәлары үшін Құдайдың қаһары Исаға құйылды.
Осылайша, Құдай Исаның қанын көрген кезде, Оның күнәға деген қаһары басылғаны шынымен де рақым мен мейрім болып тұр.
Исаның айқыштағы құрбандығы барша адамдардың күнәлары автоматты түрде кешіріледі дегенді білдіреді ме?
Жоқ, сол айқыш ағаштағы Исаның құрбандығы біз үшін мағынаға ие болу керек.
Иса біздің жеке Құтқарушымыз болатынына сенуіміз қажет.
Ал сізде сондай сенім бар ма?
Егер сізде жоқ деген жауап болып, сіз өзіңіздің сеніміңіз бен үмітіңізді Мәсіхке әлі артпаған болсаңыз, өтініш қауым жетекшілерімен жолығып, сөйлесіңіз.
Олар сізбен қуана сөйлеседі.
Сот залына оралайық.
Кейде менің ойыма Иса көкке көтеріліп кеткен сәттен бастап, 2-ші рет жерге қайта оралғанға дейін Ол демалыста жүреді ме деген ой келеді.
Жоғарыда айтылғандарды ескеретін болсақ, бұл демалысқа мүлде ұқсамайды.
Біз сот залынан шыққан кезде, Иса бізге бұрылып:
– «Мен сіз үшін Әкенің алдында күн сайын қорғаушы ретінде кезекшілікте тұрамын».
Күнә жасамаңыз. Бірақ егер сіз күнә жасасаңыз да, Мен сіз үшін жауап беремін” деп айтар еді.
Сот залынан тездетіп кетуге асықпайық.
«Сүйіспеншілікке лайық. Сүйіспеншілікке лайық»
деген әннің сөздері ойыңызға келер:
Ол біз үшін айқышта құрбан болғанынан бөлек, біз көз жұмамыз дегенге дейін 7 күн, 24 сағат бойы қорғаушымыз болғаны үшін Оны қалай жақсы көре алмаймыз?
Исаның бізге деген сүйіспеншілігі соншалық, бізді аяусыз жоюға тырысатын шайтанмен бетпе-бет кездесіп, біз үшін қорғаушы қызметін атқарады.
Біз әдетте Исаның сүйіспеншілігін сот залымен байланыстырмаймыз. Бірақ бұл сот залы, шынымен бізде қандай керемет Құдай бар екендігін көрсетеді.
Сонымен, соңғы уақыт бойы Иса сіз үшін не істеді?
Оо, Ол сізді қорғап, Құдайдың сот залында күндіз-түні еңбектенеді. Және ол сізге сағатына осыншама болды деп түбіртек бермейді.
Бірақ енді нақтылайтын болсақ.
Заң шығарушы Иса кімді білдіреді?
Құдай Әкенің алдында кім Исаны жеке қорғаушым деп айта алады?
Исаға тиісті болу үшін не қажет?
:3 Егер Құдайдың өсиеттерін орындасақ, Құдайды жақыннан танитынымызды білеміз.
Жохан жаңа ғана Исаның – заң шығарушы, қорғаушы ретінде шабыттандыратын, терең әсер ететін бейнесін суреттеді.
Бірақ Жохан біздің Исаны шынымен Құтқарушымыз ретінде білетінімізге қатты алаңдайды.
Жохан бізден: «Сіз Оны шынымен білетіндігіңізге сенімдісіз бе?» – деп тікелей сұрайды.
Сіз мәсіхші екендігіңіздің дәлелі қандай? деген сұраққа
«Мм…мен 10 жыл бұрын тәубе ету дұғасын оқыдым» деген жауап беруіңіз мүмкін.
Ал, Жохан бұл жауапты алып, оны қоқысқа тастаған болар еді.
Сіздің мәсіхші екеніңізді дәлелдеу үшін Жохан кешегі жаңалықтарыңызды тыңдамайды.
Жохан алдымызда тұрып:
Бүгін сенуші екеніңіздің дәлелі қайда? деп сұрайды.
Нақтырақ -3б егер Құдайдың өсиеттерін орындайтын болсақ.
Орындайтын болсақ дегеніміз-қазіргі уақыт.
Бүгін сіз оның өсиеттерін орындап жүрсіз бе немесе оны орындауға тырысып жүрсіз бе?
Егер санайтын болсаңыз, Жохан “орындау” сөзін бұл кітапта шамамен 10 рет қолданатынын көреміз.
Бүгін біз сеніммен өмір сүруге тырысып жүрміз бе?
Бірнеше жыл бұрын, мұғалімім меннен бір қалада қылмыскердің жерлеу рәсімін өткізуімді өтінді. Марқұмның жеке жергілікті жезөкшелік үйі және оның бірнеше көңілдесі болған. Бірақ ресми түрде үйленген әйелі болмаған. Қаруларды тонағаны үшін жазасын өтеген. Кейнен ол банкті тонау барысында полициямен атыста қайтыс болған екен.
Ұстазым жерлеу үйіне кіргенде, марқұмның анасы оған:
“Менің ұлым көкте екенін білемін, өйткені ол 9 жасында тәубе ету дұғасын оқыған болатын” деп айтты.
Әрине бұл әрбір адамзат қалайтын ой. Бірақ бұл Киелі кітаптық ойлау емес.
ДӘЛ ОСЫ ЖЕРДЕ БІЗ ТОҚТАУЫМЫЗ КЕРЕК.
Жохан Мәсіхшінің өз құтқарылуын жоғалтып алатынына сенеді ме?
ЖОҚ.
Ол-барлық киелі кітаптың авторлары сияқты-бір рет құтқарылған адам, мәңгілікке құтқарылады деп сенеді. Біз оны мәңгілік қауіпсіздік деп атаймыз. Біз Мәсіхпен қарым-қатынасымыз арқылы қауіпсіздікке ие боламыз. Егер біз бір нәрсе бүлдірген жағдайда, ол бізді өз отбасынан қуып шығармайды.
Мысалы, мен ата-анамды бақытты еткен кездер болды. Мен оларды ашуландырған кездер де болды. Дегенмен олар мені ешқашан отбасынан қуып шығарған емес қой.
Дәл сол сияқты, егер сіз бүгін күнә жасап қойған жағдайда, Құдай сізге «шығыңыз, енді сіз менің отбасымнан аластатылдың» деп жауап берсе, Құдай қандай әке болар еді.
Сондықтан, кімде кім күнә жасаған жағдайда тәубе етіп, Құдайдың өсиеттерін орындауды жалғастыратындар кешірім алып, мәңгілік өмірге ие болып қала береді.
МӘСІХКЕ ДЕГЕН ШЫНАЙЫ СЕНУШІ ӨЗІНІҢ ОСЫНДАЙ МӘҢГІЛІК ҚАУІПСІЗДІКТЕ ЕКЕНІН БАСҚАЛАРҒА АЙТЫП, БӨЛІСУІ ҚАЖЕТ.
НЕМЕСЕ ОСЫНДАЙ ТАЛАПТАРДЫ ОРЫНДАҒЫСЫ КЕЛМЕЙТІНДЕРГЕ, ЯҒНИ ҚҰТҚАРЫЛУҒА ЛАЙЫҚСЫЗ АДАМДАРҒА ҚҰРҚАРЫЛҒАНДЫҒЫН АЙТЫП, БҰЛ ІЛІМДІ ТЕРІС ПАЙДАЛАНБАУЫМЫЗ ҚАЖЕТ.
Қай кезде мәңгілік құтқарылу теріс пайдаланылады? Кімде-кім Исаны шынайы түсініп оны құтқарушы Ием деп қабылдамай, шынайы тәубе етпеген адамдарға құтқарылу жайлы айтқан кезде теріс пайдаланылады.
Жаңағы қылмыскердің анасы сияқты, Құдайдың өсиеттерін күнделікті орындамай, тек тәубе ету дұғасын оқып қою жеткіліксіз болып табылады.
Қорынттықтарға арналған 1-ші хат 6:9-10
9 Әділетсіздердің Құдайдың Патшалығынан орын алмайтынын білмейсіңдер ме? Алданбаңдар: азғындар, жалған тәңірлерге құлшылық етушілер, неке адалдығын бұзушылар, нәпсіқұмарлар, еркекжанды еркектер,10 ұрылар, дүниеқоңыздар, маскүнемдер, өсекшілер және тонаушылар үшін Құдайдың Патшалығында орын жоқ!
Осы аят біраз түсініктемені қажет етеді. Егер сіз мұның бәрін бұрын жасаған болсаңыз, онда сіз сенуші емессіз дегенді білдірмейді.
Егер сіздің қазіргі өмір салтыңыз Құдайдың өсиеттерін орындамай, күнәларыңызға тәубе етпей жүрген болсаңыз, аспан патшалығында боламын деп өзіңізді алдамайақ қойыңыз. Сізде мұндай сенімділік жоқ және де осындай өмір салтын ұстанатын адамдарды аспан патшалығына ие болады деп үміттендірмеңіз.
Құтқарылуға деген сенім күнәда өмір сүріп жүрген адамдарға берілмейді.
Сонымен, біз құтқарылуға деген сенімділігі бар деп кімді айта аламыз?
Олар аспан патшалығында болады деп кімдерді сенімді түрде айта аламыз?
Қорынттықтарға арналған 1-ші хат 6:11
11 Бұрын кейбіреулерің сондай болдыңдар. Алайда сендер күнәдан тазардыңдар; енді Иеміз Иса Мәсіхтің атына сиынып Құдайымыздың Рухы арқылы Оның қасиетті халқы болып, ақталдыңдар.
Қандай керемет аят.
Сіздің тәубе етуіңіз сіздің аспан патшалығына барар жолда екеніңізді дәлелдейді.
1 Жохан 2:3-ке оралсақ, біз үшін көп маңызға ие Құдайды біліп, оған мойынсұнуымызға мәжбүр ететін тығыз қарым-қатнасымыз бар екенін біз білеміз. Сондықтан, Жохан біздің мәңгілік құтқарылуға ие болып, аспан патшалығында болғанымызды қалайды. Және ол біздің өмірімізден құтқарылғандығымыздың дәлелдер ретінде – біздің бұрын оқыған тәубе ету дұғасы емес, ал қәзіргі уақыттағы Құдаймен қарым-қатынастамыздағы мойынсұнушылыққа үйреткісі келеді.
1 Жохан 2: 4
“Құдайды танимын дей тұра, Оның өсиеттерін орындамайтын кісі — өтірікші, соның жан дүниесінен шындық орын алған жоқ.
Бұл күнәдан таза, мінсіз болу дегенді білдірмейді – бұл біздің өміріміздің жалпы бағытын көрсетеді. Адамның сөздері оның істерімен тексерілуі керек. Егер біздің мінез-құлқымыз сөздерімізге қайшы келсе, біз өтірікші болғанымыз. Құдайға деген шынайы сүйіспеншілік нәзік сөздер мен тылсым тәжірибеден емес, мойынсұнудан көрініс табады. Құдайға деген сүйіспеншіліктің дәлелі- Оны қастерлейтін мінез-құлық. Егер біз шынайы мәсіхші ретінде өмір сүрмесек, аспан паталығына барамыз деп үміттенудің қажеті жоқ.
5 Құдайға деген сүйіспеншілік Оның сөзін орындаған кісіде шын мәнінде толық болып, мақсатына жетті. Құдаймен тығыз байланыста екенімізді осыған қарап білеміз.
Құдай сөзін тыңдайтын және орындайтын адамды Құдаймен байланыста деп айта аламыз.
Ал білмейтін нәрсемізді орындау мүмкін емес.
Сондықтан да Киелі кітап-бұл Құдайдың өсиеттерін танып-білуге көмектесетін жетекшіміз. Киелі кітаптағы өсиеттерге қорқыныштан емес, ал оның жарылқауына ие боламын деген мақсатпен мойынсұныңыз.
Киелі кітапқа мойынсұнғанымыз үшін 5 ші аятта қандай сыйақы көрсетілген?
- сүйіспеншілікке толамыз.
- құтқарылуымызға сенімді боламыз.
:6.
6 Онымен қатынаста тұрмын дейтін кісі Иса Мәсіх қалай өмір сүрген болса, солай өмір сүруге тиіс.
– Иса жүрген жолмен жүру.”
Егер адамдарға ұнауға тырысатын болсаңыз, әрқашан жағымсыз жағдайларға тап боласыз.
Ал сіз “нұрда жүру” арқылы Құдайға ұнамды өмір сүруді таңдасаңыз – мақсаттарымыздың жеңілдеп, өміріміздің бірігетінін, әрі бізге тыныштық пен жайлылық сезімін сыйлайтынын түсінетін боласыз.
Егер біз осылай өмір сүрсек, басқа адамдар үшін қандай хош иіс болатынымызды ойлап көріңізші.
Бір миссионер айтады:
Кейбір келушілер Азия аймағындағы бір тайпа көсемінің үйіне кірген кезде, олар қабырғалардың жалаңаштығына таң қалыпты. Себебі, қабырғада жалғыз нәрсе, батысеуропалық адамның кішкентай суреті ғана ілініп тұрған болатын.
Қалайша бұлай болды? деп сұраған кезде, тайпа басшысы түсіндіріп:
Осы еуропалық адам келіп азия аймағына келіп, осы тайпа арасында өмір сүрген. Сонымен қатар, ол тайпа көсемінің әкесімен жақсы дос болып қалған. Себебі бұл батыс еуропалық адам қайырымдылыққа толы еді. Ол адамға бұл тайпаның тілі мен мәдениетін үйренуге біраз уақыт қажет болса да, оның өмір сүру салты мен ізгі хабары сол тайпа адамдарына Исаны таныстырды. Сөйтіп, баласы ізгі хабарды қабылдағанындай әкесі де Исаға сенім артып, сол отбасы құтқарылған. Уақыты жетіп, сол үйдің әкесі де, батыс адамы да қайтыс болды. Алайда, үйде еуропалық адамның суреті қойылып, Исаны бейнелеп тұратын деп баяндап берді.
Тайпа басшысы Иса жайлы ойлаған кезде, оның ойына Мәсіхке ұқсас осы мирімді кісінің бейнесі келетін.
Мәсіх үшін хош иісті болу жайлы сізде ойланыңыз!
Ол күн сайын өзінің мәсіхші екенін дәлелдеп, Иса жүрген жолдармен жүріп отырғаны және Жохан жоғарыда ескерткен сынақтардан өткендігі анық.
Сондықтан, өміріміздің соңына дейін қандай қиын жағдайға тап болсақ та, біздің қорғаушымыз Иса көмекке келетіндігіне сеніп өмір сүруіміз қажет. Бұл аяттар әрбір сенушіні осындай керемет мүмкіндік үшін Құдайды мадақтап, алғыстауға итермелейтініне сенімдімін. Өйткені Исаға сенім мен үмітіңізді артқаныңыз үшін, Оның қорғауында болып есептелесіз.
Олай болатын болса, Мәсіхті әлі қабылдамаған болмасаңыз, өміріңізде не жетіспейтіндігін байқадыңыз ба?
Сенім мен үмітіңізді Исаға артатын уақыт келді.