Рақымдылық
Бұл сөзді бірде-бір рет естімей, мәсіхші болу мүмкін емес, солай емес пе?
Сенушілер бұл сөзді өз әңгімелерінде жомарттықпен қолданады.
Сондай-ақ, ер адамдардың кейбіреулерінің есімдері «Рақым» деп аталады.
Тіпті кейбір қауымдар мен кейбір мектеп атауларында «Рақымдылық» сөзі жиі қолданылады.
Бұл сөз әдетте мейірімді немесе терең ойлы мінез-құлықты сипаттайды.
Осылайша рақымдылық мәсіхші өмірінің ажырамас бөлігі екені анықталады.
Сонда ол не?
Рақым – бұл Құдаймен болу үшін бізге қажет Құдайдың берген көмегі.
Құдайдың отбасына жетелеп әкелетін басты құралдардың бірі.
Рақымдылық бізге Құдай отбасының мүшелері ретінде өмір сүруге мүмкіндік береді.
Бұл айтылғандардың ешқайсысын өз қолымызбен жасай алмаймыз. Сол себепті, керісінше, оны дамытуға күш салайық.
Дәрісімізді бұл дүниеге құтқарылмаған күйде туылған кезімізден бастауымыз керек.
Киелі Кітап құтқарылмаған адамды қалай сипаттайды?
Ефес. 2:1 Бұрын сендер Құдайдың бұйрығын бұзып, күнә жасай беріп, рухани өлі болдыңдар.
Құтқарылмаған адам рухани өлі. Оның физикалық күш қуаты көп және өмірі қанық болуы мүмкін. Бірақ рухани жағынан ол Құдай алдында құр мәйіт болып қала береді.
Лұқ. 19:10/ Өйткені Мен тура жолдан адасып кеткендерді іздеп, құтқаруға келдім…
Құтқарылмаған адам рухани жоғалған деп сипатталады.
Рухани жағынан ол адам өзінің қайда екенін білмейді және қайда бару керектігін көрсететін қолында жол картасы да жоқ.
2Қор. 4:4 Бұлар оған сенбейді, себебі осы күнәкар дүниенің «тәңірі» (әзәзіл шайтан) олардың ой-саналарын соқыр қылып қойған. Содан олар Мәсіхтің салтанатты ұлылығы туралы Ізгі хабардың нұрын көре алмайды. Ал Мәсіх Құдайдың қандай екенін айқын көрсетеді.
Құтқарылмаған адам соқыр, рухани қараңғы әлемде өмір сүретін жан ретінде сипатталады.
Неткен қорқынышты сөздер.
Бұл Киелі Кітапта Құдаймен ешқандай байланысы жоқ адамды қалай сипаттайтынының ішінара тізімі ғана.
Бұл сипаттамалардың барлығы мұхиттың ортасында «не істеу керектігін білемін», «құтқарылудың дұрыс жолын білемін», «бәрі қолымнан келеді» деп ойлайтын, бірақ шын мәнінде суға батып бара жатқан адамды еске түсірмей ме?
Құтқаруға тек Құдайдың Құдіреті ғана жетеді.
Ефес. 2:8,9 Себебі Құдайдың рақымымен, Мәсіхке деген сенімдерің арқылы құтқарылдыңдар…
Мен суға батып бара жатқанымда досым мені судан тартып шығарғаны сияқты, егер Иеміз Исаға сеніп, Оған адал болсақ Ол да бізді батып бара жатқан судан құтқарып алады.
Бір қызығы, досымның мені батып кетуден құтқарып, судан тартып алған кезінде, дұрыс емес бағытта тартып жатыр деп ойлағанымнан қатты соққылар жасағанымды білемін, дәл осы мысал сияқты рухани теріс бағытта жүріп бара жатырмыз деп айтып жатқан адамдармен біз де талай күрескен шығармыз.
Ата-анам Исаға Құтқарушым ретінде сенуім керек екенін алғаш айтқан кезде, олардан бірден экстремистік сектаға қосылып кеткен жоқ па деп сұрағаным әлі есімде.
Ал жатақханада тұрған кезімде бір жігіт мені Киелі Кітапты оқуға шақырған кезде мен одан жаман ауру жұқтырып алатындай көрген кезде аулақ қашып, оның артынан ол туралы жағымсыз сөздер таратқан болатынмын.
Бірақ, ақырында, Иса бізді күнәмізден құтқарып, рухани тұрғыдан көптен күткен таза ауаны жұтқанда өзімізді өте жеңіл сезінетін боламыз.
Ақыр аяғында қатты, орнынан қозғалмайтын берік тірекке сүйенетінімізді сеземіз.
Осы уақытқа дейін біздің барлық күш-жігеріміз желдің артынан қуып ұмтылу сияқты болды. Іс жүзінде жұмсаған бар қуатымыз да, құмарлығымыз да еш жетістікке жеткізбеді.
Өз күнәмізді мойындағаннан кейін бар назарымыз Исаға бағытталады және Оны алғаш рет мүлдем жаңа кейіпте көре аламыз. Ол қарғыстан жоғары. Оның мақсаты біздің өмірімізді бақытсыз ету емес, керісінше, күнәға батып кетуден құтқарып алу. Ал біз өз кезегімізде Оның бізге деген сүйіспеншілігіне бөленеміз.
Бірақ неге Ол бізді күнәдан құтқару үшін көп күш жұмсайды? Егер біз Құдайдан соншалықты алыс болсақ, сонда бізді құтқаруға Оны талпындыратын бойымызда тартымды нәрсе бар болғаны ма? Жоқ.
Құдай бізді жақсы адамдар болғандықтан құтқара ма? Жоқ. Біз құтқарылғанға дейін жақсы адамдар емес едік.
Ол бізді құтқару үшін бізге қандай да бір жолмен қарыздар ма? Жоқ. Ол бізге ештеңе қарыз емес, сондықтан Ефестіктерге хаттың 2:8-де жазылғандай барлығы да Оның «рақымымен» жүзеге асырылады.
Рақымдылық – Құдай бізді құтқарды, өйткені Ол солай болуды шешті және мұның басқа ешқандай себебі жоқ.
Рақымдылық — Құдайдың біз үшін өзіміз жасай алмайтын нәрсені жасауы, Оның отбасына қосылу үшін бізге қажет сыртқы көмекті беру.
Суға батып бара жатқанда мен өзімді құтқара алмадым, қуанышыма орай досым көмекке келді. Дәл сол сияқты біз өзімізді күнәдан құтқара алмаймыз. Тек Иса ғана бізге көмекке келе алады.
Соңғы 2000 жылдағы ең көп сатылған мәсіхшілік (діни) кітаптарының бірі болып табылатын, бір адамның күнәдан бастап Құдайдың жолына түсудегі саяхаты туралы аллегория болып табылатын «Пилигриммнің саяхаты» немесе «Рухани саяхат» туралы естіген шығарсыз. Бұл кітап бізге мәсіхшілік өмірдің және шынайы руханият туралы білімнің негізгі түсінігін береді.
Бас кейіпкердің рухани саяхаты кезінде шайтанмен, тілазарлықпен, үмітсіздікпен, күнәмен және тағы басқа біз тап болатын нәрселермен күреседі.
Сұрақ: Иеміздің жолымен жүргенге дейінгі ол адамның есімі қандай еді? Егер ол Исаның ізбасары болмаса, онда оны қалай атау керек? Рақымсыз. Тым қорқынышты атау.
Рақымсыз болу – Құдайға деген сүйіспеншіліктен, Құдайдың құдіретінен, Құдайдың мейірімінен, Киелі Рухтан, Киелі Кітапты түсінуден, шынайы қарым-қатынастан, мәңгілік өмірден, үміттен және Көктегі өмірден ажырау дегенді білдіреді.
Рақымсыз болу күнәға батып, ол туралы білмеу.
Бұл бір өзіңе қысым жасатқызатын қорқынышты сезім.
Өздігінен бұл санаттағы адам Құдаймен тіл табысудан бас тартып, тозаққа ілінеді.
Барлық адамдар үмітсіз жағдайдан құтылу үшін сырттан көмекке мұқтаж.
Құдай Исаны біздің күнәларымыз үшін өлімге жіберуге және бізді қалпына келтіру үшін өмірімізге Киелі Рухты жіберуге сыртқы қажетті көмекті ұсынады.
Рақым: Біз лайық емес және өз күшімізбен жете алмайтын нәрсені Құдай Өзі еңкейіп бізге беруде.
Құдай ешқашан менің киімімді жуып, азық-түлік дүкеніне апарған емес. Мен бұл нәрселерді өзім жасай аламын. Рақымдылық – бұл мен өзім үшін істей алмайтын нәрсені жасалынуы.
Егер сіз Исаға ешқашан жауап бермеген болсаңыз, Оның ұсынатын тегін құтқару сыйын ешқашан алмаған болсаңыз, онда Құдай сізді бүгін осылай мейірімсіз адам ретінде көреді .
Өтінемін, дәл қазір осы жерде тоқтаңыз және….
- Күнәкар болмысыңызды мойындаңыз,
- Исаның айқыштағы орны сіздің орыныңыз екенін қабылдаңыз, өйткені Ол сіздің күнәларыңызды көтерді және
- Оны өміріңізге Құтқарушы және Иеміз ретінде қабылдаңыз.
Бұл дұғаны кейінге қалдыруға болмайды. Ешқайсымыз да қанша өмір сүретінімізді білмейміз. Дәл қазір шын жүректен осы сөздерді айтып дұға етіңіз.
Ал егер сіз Исаның сізді күнәға батып кетуден құтқаратынына сенсеңіз, одан әрі не болады деп ойлайсыз?
Иса мені күнәнің қауіпті суларынан алып шыққаннан кейін, мені қауіпсіз жерге жеткізде, сонда мен әрі қарай жалғыз өзім өмір сүре бере аламын ба?
«Рақымдылық – Құдайдың бізді әділ деп жариялағанынан да (ақтап алғанынан да) әлдеқайда күшті.
«Рақымдылық – бұл күнәларымызды мойындағаннан кейін Құдайдың біз арқылы әрекет етуі».
Мәсіхшілік өмірдің әр күнінде Рақымдылық танытылып, мәсіхші толыққанды өмір сүруі керек.
Сонымен, рақымдылық мәсіхші үшін соншалықты маңызды болса, онда ол адамға ол туралы не білуі керек? Киелі Кітапта рақымдылық туралы назар аударуға тұрарлық көптеген сабақтар берілген.
№1 сабақ: Рақымдылық міндетті түрде барлық мәселелерді шешпейді.
2Қор. 12:7-8/… кеуде көтермеуім үшін, тәніме «шаншылып түйрелу азабы» бұйырылды: шайтанның хабаршысы мені соғып қинайды. Бұл мені өркөкіректеніп кетуден сақтамақ. 8 Мен бұл азапты өзімнен аластатуын өтініп, үш рет Иемізге сиындым.
Біз жеңіл жолмен құтқарылуымыз керек деп Иса ешқашан құтқарылу шеңберін тастап көмек бермейді. Шын мәнінде, біз Мәсіхке келгенде, керісінше, өзімізде бұрын-соңды болмаған қиындықтарға тап болуымыз мүмкін. Бұл аяттарда Пауыл Мәсіхтің жолына түскеннен кейін өмірінде пайда болған қиындықтар мен түрлі маңызды мәселе туралы айтқаны.
2Тім. 3:12 Мәсіх Исамен жүріп, Құдайға ұнамды өмір сүргісі келетіндердің бәрі де қуғындалатын болады.
Бұл аятта егер біз ешқашан қудаланбаған болсақ, онда біз Құдайға ұнамды өмір сүрмегенбіз (қудалау әртүрлі дәрежеде және ұзақтықта болады дегенді білдіреді) делінген.
Жох. 15:18 Күнәкар дүние сендерді жек көрсе, оның сендерден бұрын Мені жек көргенін біліңдер (Иса айтады…..жер әлемі Оны жек көретіні сөзсіз)
Исаның өмірі сынақтарға толы болса, неге біз Құдай үшін өмір сынақсыз болады деп ойлаймыз?
Құдайдың біздің барлық қиындықтарымызды жоюға құдіреті бар, бірақ Ол олай болмайтынын көрсетеді.
Құдайға қиналуымызға уақытымыз жоқ деп айтуға азғырылуымыз мүмкін. Бірақ Құдайдың жауабы: «Оны тек мен ғана шешемін», – дейді.
Бұл жерде Пауыл біздің дәуірімізге үлгі болатын мәсіхші болуы керек еді. Оның сынақтары тым көп болған, бізде де дәл солай болатынына сенімді болыңыз.
Біз Құдайдан: «Неге мен? Неліктен мен осыдан өтуім керек? Менің өмірім неге сонша күйзеліске толы?», – деп ашынып сұрауымыз да мүмкін.
Бірақ Пауыл бізге рақымдылыққа толы адам оңай жолды күтпеу керек екенін ескертіп айтады. Егер мен: «Неге мен» десем (және мен бұл сөздерді айттым да), онда Иемізге маған деген бір қарызы бар екенін айтқандай болғаным. Бірақ мүлдем олай емес.
Бір сенуші былай деп жазады: «Мен рақымдылықты еш ауыртпалықсыз білген ешкімді білмеймін. Ауырсыну Құдай мектебіндегі оқу бағдарламасының бір бөлігі болып табылады». Бәлкім, мен көптен бері кездестірген ең ауыр екі сөйлем осы жазылғандар шығар. Мен де, сіз де рақымдылықтың не екенін, қиындықтардан өтпей еш біле алмаймыз.
Бірақ – қымбатты оқырманым – бәрі әлі алда, мойымай, кеудеңізді тік көтеріңіз…
№2 сабақ: Барлық мәселелеріңізді шешу үшін рақымды болудың өзі ғана жеткілікті.
2Қор. 12:9-10. Бірақ Ол маған былай деді: «Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады». Сондықтан Мәсіхтің құдіретінің бойымда орнығуы үшін, күшсіздігіме қуана мақтанамын. Сонымен, басымнан әлсіздік, қорлық, мұқтаждық, қуғын-сүргін, қысымшылық өткізгенде Мәсіхке бола ризамын. Себебі өзім күшсіз болғанымда Ол арқылы күштімін.
Сонда Пауыл өмірі мен қызметіндегі дауылдарға қалай төтеп берді? Бұл жерде ол бізге тек : Құдайдың рақымы жеткілікті, – деп қана айтады.
Негізгі түйін: Мәсіхке шынайы сенімге келгеннен кейін рақымдылық бізді ешқашан тастамайды. Пауыл Мәсіхтің ізбасары болғандықтан көптеген қиындықтарға тап болды.
Шын мәнінде, алдыңғы тарауда Пауыл өзінің бастан кешкен азаптарымен бөліседі:
2Қор. 11:23б-27/ …мен Мәсіхке солардан бетер қызмет етудемін. Оларға қарағанда әлдеқайда көбірек еңбектеніп, түрмеге қамалып, аяусыз соғылдым, талай рет өліммен бетпе-бет келдім. 24 Яһудилер мені бес рет отыз тоғыздан қамшымен соқты. 25Мені үш рет таяқпен дүре соқты, бір рет өлтірмек болып таспен атқылады. Үш рет кеме апатына ұшырадым, бір тәулік бойы ашық теңізде малтып, әрең аман қалдым. 26Көп рет саяхатқа шығып, сансыз қауіп-қатерге ұшырап келемін: тасыған өзендерден, қарақшылардан, өз ұлттастарым мен басқа ұлттық адамдардан да зардап шектім. Қала мен шөл далада, теңізде және жалған бауырластар арасында қатерге тап болдым. 27Ешқандай аянбастан еңбектеніп келемін, ұйықтамаған түндерімнің есебі жоқ. Аштықтың, шөлдің не екенін білемін, киімге мұқтаж болып талай рет тоңдым.
Жоқ, қымбатты мәсіхші, туындаған мәселелер міндетті түрде тез арада немесе мәңгілікке шешіліп кетпейді. Бірақ Құдайдың рақымы жағдайды шешуге көмектесу үшін жеткілікті екенін білгеніңіз жөн.
Еске сақтаңыз: Құдай бізді күнәларымыздан құтқару үшін рақымын төгеді. Ал мәсіхшілер өз кезегінде бұл рақымның арқасында өмірлеріндегі қиындықтарды шешуге мүмкіндік алады.
«Бұл рақым Пауылды жалғыз қалдырмады. Ол тікеннен де күшті, шайтанның кез келген елшісінен де күшті. Ол оны барлық сынақтарда қолдап, сыналған сайын таза, рақыммен нұрланды».
Бұл рақымдылық мәсіхшінің шынайы болмысын оятады.
Біз денсаулығы нашар, тым ауыр жағдайдағы адамды көріп, оның осындай қорқынышты сынақтарда қалай өзін тұрақты ұстайды деген сұрақ туындайды? Қалайша ол адам үнемі шуақты да қуанышты көңіл-күйде бол алады екен?
Оның жауабы… Менің рақымдылығым бәріне де жеткілікті.
Құдай бізге жолымыздан адасып кетпеуіміз үшін қажет барлық рақымын төгіп береді.
Менің рақымдылығым бәріне де жеткілікті.
Өмір бойына жеткілікті
Біздің барлық қызметімізге де
Біздің барлық азаптарымызға да
Тіпті Пауылдың денесіндегі де, біздің де тәніміздегі тіккенектерімізге жеткілікті.
«Жақын адамын жоғалтқаннан кейінгі ең үлкен қиындық – қазір жоғалып кеткендей болып көрінген сүйіспеншілік, қуаныш және рақым әлі де бастапқы көзден, яғни Иеміздің өзінен тікелей қолжетімді екенін түсіну.
«Бізде барлығы болған кезде – жұбайымыз, отбасымыз, достарымыз, денсаулық, үй, қауіпсіздік – біз қарым-қатынас пен дұғада бар нәрселердің тереңдігін тереңдете алмаймыз. Бірақ рақым туралы шексіз түрлі куәліктер бар. Өмір бойы өмір сүруге және терең әрі ақылды, тіпті қуанышты адам болуға жеткілікті».
Құдайдың рақымы барлығына жеткілікті.
Хью Фрейзер есімді адам 20 жасында Қытайға елшілік қызметке барған. Ол ондаған жылдар бойы жалғыз жұмыс істеп, табысты өмір сүрді. Сонда ол жалғыздықпен қалай күресті?
Құдайдың рақымы барлығына жеткілікті.
Сіз жаңалықтарды тыңдаған кезде және болашақтың артында жасырынып жатқан қауіп төндіретін бұлттарды еске түсіргенде, бұл оның рақымы әрқайсымызға қуанышымызды сақтауға және Оған қызмет етуде алға жылжуымызға көмектесу үшін жеткілікті екенін еске салады.
Құдайдың рақымы бізге өмірдегі қиындықтарды жеңуге көмектесу үшін жеткілікті екеніне еш күмәнданбаңыз.
Айтпақшы: егер өміріңізде қандай да бір бақытсыздық орын алса, сізге көмектесу үшін Иеміз Өзінің рақымын төгеді. «Құдай әдетте рақымын алдын ала төкпейді. Иеміздің жасау керек дұғамыз: өмірлік рентаны емес, «Бізге күнделікті нанымызды бере гөр». Күнделікті өмірді сүре білуіміз үшін, күнделікті сынақтың орнына күнделікті рақым төге гөр.
№3 сабақ: Рақымдылық кішіпейілділікті қажет етеді.
Жақ. 4:6 Ал Тәңір Ие бізге (арам құмарлықтарға қарсы тұруға) рақымын молынан сыйлайды. Сол себептен де Киелі жазбаларда мынадай сөздер бар: Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, «ал езілген кішіпейілдерге рақымын сыйлайды».
1Петр. 5:5 «Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, ал кішіпейілдерге рақымын сыйлайды».
Мен, шынымен де, Құдайдың маған қарсы болғанын қалаймын ба? Мен саналы түрде Оның көмегінен өзімді ажыратқым келеді ме? Бұл жолға түскіңіз келмесе, дереу маған қосылыңыз!
Сөзсіз, мақтаныш кепілдендірілген рақымды өлтіруші.
Мақтаншақ мәсіхші рақымға мұқтаж емес, рақымды тежеп, рақымға қол жеткізе алмайды. Олар өздеріне толыққандар және Құдайға жарамсыз. Олар Құдайдың жұмыс істеуіне орын қалдырмайды. Бірақ кішіпейіл мәсіхшілер Құдай толтыруы керек бос ыдыстар.
Мәсіхшілер, толық көрініске назар аударыңыздар. Егер сіздің бүгінгі жағдайыңыз бұлыңғыр, үмітсіз, мағынасыз болып көрінсе, бәрін қайтадан ойлап қарастырғаныңыз жөн. Өз ұлын құрбандыққа шалуды сұраған Ыбырайымды, абақтыда қамалған Жүсіпті, бәрін дерлік жоғалтқан Әйүпті, судың үстінде жүре алмайтын Петірді, жарықтан соқыр болған Пауылды еске түсіріңіз.
Қалған оқиғаларды ұмытпағаныңызға көз жеткізіңіз. Бұл қатал, өзін-өзі жойып жіберетін жағдайларды шын мәнінде Құдай жоспарлаған және Құдай болашақта Өзіне қызмет етудің маңызды әрекеттеріне дайындық ретіндегі жобасы деп айтуға болады.
«Құдай өзі жек көретін нәрселерін жақсы көретін нәрселерін жасату үшін орындалуына рұқсат етеді».
К.С.Льюис бұл туралы жақсы айтты: «Құдай жарылқауын қабылдауға жеткілікті бос ыдысты тапқанда ғана береді. Қолы бос емес адам еш сыйлық ала алмайды».
Егер сіз бүгінде қиналып жатқан болсаңыз, «Егер Құдай біздің өмірімізді жердегі байлықтарымыздан айырып жатқандай көрінсе, бәлкім, Ол рақымның шын мәнінде қаншалықты күшті екенін білуге мүмкіндік беріп отырған болар. Біз Мәсіхтің ізбасарлары болғаннан бері өміріміздегі өте қарапайым тәжірибелер – өткенге қарап шолу жасаудан, ұлы нәрсенің бастамасы екенін жақсы білеміз».
Әрине: өмірлік бағытыңды өзгерту, өзің үшін құрбан болу, Исаға сіздің өміріңіздің тетігін басқаруға мүмкіндік беру (өзіңізді кішіпейіл деп есептесеңіз) даналықтың көрінісі деп айтуға болады.
№4 сабақ: Рақым – өзін-өзі бағалаудың күшті негізі.
1Қор. 15:4-10/ 4Осы жазбалардың тағы алдын ала айтып кеткеніндей, Мәсіх қабірге қойылып, үшінші күні қайта тірілді. 5Ол Кефаға (яғни Петірге), содан кейін он екі елшінің бәріне көрінді. 6Мұнан соң Оны бес жүзден аса бауырластарымыз да бір мезгілде өз көздерімен көрді: олардың көпшілігі әлі тірі, біразы ғана қайтыс болды. 7Содан кейін Мәсіх Жақыпқа, сондай-ақ барлық елшілеріне көрінді. 8Бәрінен кейін, дер кезінде жаңа өмірге дайын болмаған мен де Мәсіхті өз көзіммен көрдім.
9Елшілердің ішіндегі ең лайықсызымын, елші деп аталуға да тұрмаймын, себебі мен Құдайдың қауымын қуғындадым. 10Бірақ та Құдайдың рақымымен қазір қандай болсам, сондай болдым. Оның рақымы бойымда бекер болған да емес. Қайта, басқалардың барлығынан көп еңбек еттім, ал шын мәнісінде мен өзім емес, маған жар болған Құдайдың рақымы еңбектенді.
Өзіміздің Иемізбен жүруімізді, өз қызметімізді басқа сенушілермен салыстыру қаншалықты оңай десеңізші!
Бұл жігіт Иемізге қанша адам әкелді? Ол қаншама тәлім берді? Ол қанша Киелі Кітап зерттеу сабағын өткізді? Ол қанша уағыз айтты? Оның қауымында қанша адам бар? Салыстырудың азғыруы шекараны білмейді.
Біз өзімізді басқалармен салыстыру үшін қанша уақытты босқа жібердік пе? Өзімізді басқалармен салыстыру арқылы өзімізді қаншалықты қуаныштан айырдық?
Енді Пауылға қараңыз: ол Құдайдың рақымы арқылы әрекет ете алатынын жақсы білді. «Рақымдылық оған Құдай қалаған адам болу үшін батылдық берді. Рақымдылық оны Құдай қалаған нәрсені істеуге талпындырды. Өзіне берілген артықшылықтарға лайық емес екенін және соны түсіну арқылы Пауыл өзінің кім болса да, Құдайдың еркін орындауға еркін болды. Құдайдың рақымшылығы оның үнсіз серіктесі, жолаушысы, көрінбейтін қорғанышы болды, өйткені ол (өзінде) Құдайдың ашылып жатқан драмасында ойнаған рөлге ешбір жағдайда лайық емес еді.
«Айта кету керек, Пауыл өзін құрдастарымен салыстырудан және олармен бәсекелесуден бас тартты. Құдайдық рақымы бізді одан құтқарады».
Мен Құдайдың әдейі жасаған жобасы бойынша ерекшемін.
Сіз Құдайдың әдейі жасаған жобасы бойынша бірегейсіз.
Құдайдың рақымы бізге әртүрлі ата-аналар мен көп балалы отбасы, сыртқы келбет, мүмкіндіктер, қабілеттер, орта, тәжірибе берді, сол арқылы әрқайсымыз дамып, өсіп, қызмет етіп, Құдайды мадақтаймыз.
Бүкіл әлем тарихында менде ешкімнің қолынан келмейтін нәрсені істеу – шынайы өзім болу мүмкіндігіне ие боламын. Бұл айтылғандар сізге де тікелей қатысты. Осы мүмкіндікті барынша пайдаланайық!
Шынайы өзіңіз бола алу мүмкіндігі үшін алғыс айтыңыз.
Құдай Өзінің қалағанын істетеді.
Ал біз қуанышқа ие боламыз.
№5 сабақ: Рақымдылық бізді тұрақтылыққа жетелейді.
Бір сәтке кемелер туралы ойлап көріңізші. Оларға әр түрлі дәрежедегі дауылдар, соққан желдер, өмірге қауіп төндіретін жағдайлар, шабуыллар жасалынады.
Алайда ең қатты таңқалдыратын жағдай бұл кемелердің суда еш аударылмайтыны.
Неліктен деп ойлайсыздар?
Бұл сұрақтың жауабы – балласт.
Балласт – бұл «қиыршық тас, құм, темір немесе қорғасын тәрізді ауыр материал, кеменің тұрақтылығын жақсарту үшін кеменің төменгі жағына орналастырылады».
Ал, мәсіхшілердің кемеге не қатысы бар?
Тікелей қатысы бар, өйткені шайтан бізді кеме сияқты жарып тастауды қалайды.
1Пет. 5:8… Салауатты да сергек болыңдар! Сендердің қас жауларың, шайтан, ақырған арыстандай қауымды айнала шарлап, кімді жалмасам деп торуылдап жүр.
(өйткені, мәсіхшілер, сендер оның тәбетін оятудасыңдар!)
2Пет. 2:1 Алайда сол заманда Құдай халқының арасында жалған пайғамбарлар да пайда болды. Дәл солай сендердің араларыңда да жалған тәлім берушілер болмақ. Олар жік салғыш зиянды ілімдерді жасырын енгізеді; тіпті өздерінің күнәларының құнын өтеп жанын құрбан еткен Әміршісі Мәсіхті де мойындамайды! Сондықтан олар бастарына кенеттен түсетін жойылуды өздері шақырып алады.
2Тім. 2:3 Иса Мәсіхтің «адал сарбазы» ретінде азаптарды бірге көр!
Керісінше, өз қалауын қанағаттандыру үшін айналасына көптеген ұстаздарды жинап, құлақтарына жағатын нәрсені айтқысы келеді.
2Қор. 11:26 жалған бауырластар арасында қатерге тап болдым.
Ефес. 4:14… Онда біз бұдан былай әрбір ой толқынына тәлкек болған жас баладай кез келген ағымдағы ілімге ілесуден, әрі қу, айлакер адамдардың алдап-арбауына еріп азғындық жолға түсуден аулақ боламыз.
Бізге ескерту жасалды! Шайтанның сізді жарып тастауға деген шабуылын күтіңіз! Оның шабуылдарының жабайылығына таң қалмаңыз.
Бірақ сенушілерді аударылудан сақтайтын балластың не болғаны?
Евр. 13:9 Түрлі бөтен ілімдерге ілесіп кетпеңдер! Жан дүниеміздің Құдайдың рақымымен нығаюы игі. Бұған ішіп-жеуге болатын тағамдар туралы діни ережелердің қатысы жоқ. Мұндайларды ұстанғандар олардан еш пайда таппайды.
«Шайтанның мәсіхшіге қатысты қолданатын ең күрделі тәсілдерінің бірі – оны дұрыс ілімнен алшақтату, оны кез келген уақытта негізсіз қандай да бір ілімге тарту. Мәсіх өзгерген жоқ. Сіздің ата-бабаларыңыз өзгерген жоқ. Сіз де өзгермеңіз. Бүкіл әлемдегі ең қайғылы нәрселердің бірі – біреу Мәсіх деп мойындап, Мәсіхке сенеді – мүмкін шынымен құтқарылды – және кенеттен қандай да бір жалған ілімге сіңіп, нәтижесіз болып қалады, қуанышын жоғалтады, нығметтен айырылады, тиімділігін жоғалтады.
Ғалаттықтармен болған оқиға қайғылы, бірақ алдын алуға болатын еді. Олар рақыммен бастады, бірақ олар заңның күшіне енуіне мүмкіндік берді. Олар Киелі Рухпен бастады, бірақ тәнмен өмір сүруге тырысу апатты жағдай әкелді және бұл кез келгеніміздің басымызда болуы мүмкін жағдайлар. Мұны Пауыл былай деп түсіндірді: «Сендерге не болды, рақымдылықпен бастап, тілазарлыққа неге бой алдырдыңдар?».
Елш.істер. 20:29 Мен кеткен соң, жауыз қасқырлар келіп, қойларды аямайтынын білемін.
Пауыл Ефестен кетуге дайындалуда, онда ол қауымды шындыққа толтыру үшін үш жыл бойы қызмет етті.
Енді ол кетіп бара жатқанда, оның бір үлкен қорқынышы болды:
Елш.істер. 20:30 Тіпті өз араларыңнан да жалған ілімдерді уағыздап, Иеміздің шәкірттерін теріс жолға азғырушылар шықпақ.
Бұл айтылғандар міндетті түрде орындалады. Бұған ешқандай күмән жоқ. Сонда қауым бұған қалай төтеп бере алады?
Елш.істер 20:31/ Сондықтан сақ болыңдар! Күн-түн демей, үш жыл бойы үзбестен әрқайсыңа нұсқау беріп, көз жасымды төккенім естеріңде болсын.
Сонда қауым қандай нақты қадам жасауы керек?
Елш.істер 20:32/ «Ал енді сендерді Құдайға және Оның рақымын білдіретін сөзіне аманаттаймын. Өздеріңді нығайтып, Өзіне бағышталған барлық адамдарымен бірге сендерге де уәде еткен жарылқауларын қиямет күні беруге Оның құдіреті жетеді».
«Менің қолымнан келіп, сізге берер кеңесім – бұл Киелі Сөзді оқып, оның мәнін түсінуіңіз, өйткені ол сіздің жалғыз қорғанышыңыз болмақ». Ол сіздің беделіңіз болсын. Сіздің байлығыңыз болсын!
Біз келесі рухани апат болмауымыз керек. Оны болдырмауға болады. Киелі Кітаптың бай нәрінен ләззат алыңыз және сіз алдағы дауылдарда тамыры терең бойлаған мықты қамалдай бола аласыз. Бұл жерде қатерлі ісік туралы ілімді еске алуға болады.
Қауым ақсақалының талаптарын сипаттай отырып, Пауылдың былай деп жазғаны таңқаларлық емес:
Тит. 1:9 Сондай-ақ, ол басқаларды дұрыс ілімге үйретіп, соған еруге жігерлендіріп, Ізгі хабардың қарсыластарын теріске шығара алуы үшін ілімімізге сәйкес шынайы хабарды берік ұстануға тиіс.
Жетекшілер, әрекет етіңдер! Дұрыс ілімді білу керемет. Сергек болыңдар. Ескертіңдер! Қарсы тұра біліңдер! Әр нәтиже үшін алғыс айтыңыздар!
№6 сабақ: Рақымдылық біздің сөзімізді көркейтеді.
Қол. 4:6 Сөйлескенде ұдайы ниеттерің игі, сөздерің дәмді болсын, әрқайсысына қалай жауап беру керек екенін біліңдер.
«Тұз консервант болып табылады және құрамындағы қоспалар оның бұзылуын бәсеңдетуге көмектеседі. Мәсіхшілердің мейірімге толы сөздері қоршаған дүниедегі моральдық және рухани бұзылуды бәсеңдетуге көмектеседі. Олар сондай-ақ мұқтаж жандарға күш пен жұбаныш береді».
Сөз – жақсылықты да, жамандықты да әкелетін күшке ие. Біздің әр айтқан сөзіміз маңызды. Сіздің денеңіз қандай да бір жарақат алған болса тез сауығып кетуі мүмкін. Бірақ біздің жанымыз бізге айтылған ауыр сөздерден баяу емделеді.
Сонымен қатар Киелі Кітапта тілімізді Иемізге бағыштаған кезде алатын баталарымыз туралы бірнеше рет айтылады.
Ефес.4:29 Ауыздарыңнан жаман сөз емес, жақсы сөз ғана шығып, тыңдап тұрғандардың сенімдерін жетілдіріп, игілік сепсін.
Нқл. 12:18б Дана өз тілімен жанның жарасын сауықтырар.
Нқл. 15:4а Мейірімді тіл өмір сыйлайтын ағашқа ұқсар.
Нқл. 10:31а Әділ жан даналықты шыңдай түсер.
Нқл. 16:24 Ұнамды сөз балдай тәтті жаныңа жағымды, тәніңе шипалы.
Тілімізді адамдарға зиян тигізу үшін емес, керісінше олардың өмірінде Құдайдың рақымын жеткізуші болу үшін, өз сенімізбен бөлісу үшін, оларды жігерлендіру үшін және адамдарды діни тәрбиелеуге тырысу үшін қолдануымыз керек! Қандай ауыр сынақ десеңізші!
Тіліңізден рақымдылық төгілсе, сіздің өміріңізге қандай әсер ететінін ойлап көріңіз!
№7 сабақ: Рақымдылық әрқашан жомарттыққа жетелейді.
Елш.істер 4:32-34 32Сенушілердің қауымы ой-ниеттері бірдей шын жүректен ынтымақтас болды. Ешкім қолындағы мал-мүлкін өз меншігім демей, олар барлығымен бөлісті. 33Елшілер Иеміз Исаның қайта тірілгендігі туралы зор жігермен куәлік берді. Осылайша олардың бәріне Құдайдың мол рақымы жауды. 34Араларында жоқшылық көрген ешкім болған жоқ.
Сонда бұл жерде не айтылып тұр? Бұл сұрақтың жауабы тым қарапайым: Құдай алғашқы қауымға рақымдылығын төкті, олар Өз кезегінде мұқтаждарға жомарттық таныту арқылы осы рақыммен бөліседі. Құдайдан алған жарылқаулармен басқалармен бөлісу керек. Мұндай жомарттыққа ешқандай жарлық та, бастық та шақырмайды. Қарап тұрғаныңыздай, жомарттық таныту үшін сізге бұйрықтың да, көшбасшының да қажеті жоқ.
Ал Құдайға сенген адамға жомарттық танытудан артық басқа байлықтың еш қажеті жоқ. Нақты айтқанда:
2Қор. 8:1-4 Ал енді, қымбатты бауырластар, сендерді Құдайдың Македониядағы қауымдарға рақымын төккені туралы да хабардар еткіміз келеді. 2Бастарынан өтіп жатқан ауыртпалықтар арқылы сенімдері қатты сыналғанмен, (Иемізге деген) қуаныштары шексіз болды. Осылайша олар ағыл-тегіл мол беріп, өздерінің тақыр кедейліктеріне қарамастан жомарттық көрсетті. 3Олардың қолдарынан келгенше, тіпті мүмкіндіктерінен де артық кеңпейілділік танытқандарына мен куәмін: өз жүрек қалауларымен. 4Бізден өтініп, өздері де Құдайдың халқына көмек жіберіп, қызмет етуге қатыса алуларын қоймастан жалынып сұрады.
Бұл жерде не айтылып тұр? Мұнда негізгі екі жағдай сипатталған:
1) Македониядағы қауым үлкен сынақтардан өтіп, қаржылық жағынан кедей болды.
2) Македониядағы қауым Құдайдың рақымына қатты әсер етті, Иерусалимдегі қаржылық мұқтаждық туралы естіді және Иеміздегі Иерусалимдегі бауырластарына көмектесу үшін ақша берді.
Неліктен бұл македониялық қауым осылай әрекет етті?
Жомарт болу үшін көп ақшаның болуы немесе бай болу шарт емес.
Шын өмірде Құдайдың рақымына толы сенушілер Иеміздің нығметтерін еш жасырмайды. Бұл баталар оларға бөлісуге құмарлықты оятады.
«Жомарттық – адам жанының жаңарғанының нақты дәлелі».
Ізгі хабарларда Исаның керемет, тынымсыз жомарттығын байқамай оқу мүмкін емес. Содан кейін 2000 жылдық қауым тарихына қараңыз — ауруханалар, балалар үйлері, қайырымдылық ұйымдары, мектептер және т.б. мәсіхшілер жомарттықпен салынған, рақыммен қозғалған және т.б. «Мәсіхшілер аянбай бөліседі, өйткені Мәсіх олардың жан-дүниесінде. Дәл сол сияқты. Біздің бергеніміз Құдайдың ізгілігін көрсетеді».
Рақымдылық арқылы мәсіхшілікке айналдырылған өмірдің толқындық әсері бүкіл әлемде ауқымды болды және рақымның күші туралы куәлік етті.
Сенушілер үшін әрекет қадамы:
Сіз істеуге кедергі болатын нәрсе бар ма?
Құдайдың рақымы сізді алып өтуге жеткілікті болатынын ұмыттыңыз ба?
Бір нәрсе істей алмаймын дегенде, шын мәнінде ол нәрсені істемеймін дегенді білдіргеніңіз бе?
Мәсіх үшін өз әлеміңізді өзгерткіңіз келе ме? Ол әлем сіз арқылы жұмыс істейтін кедергісіз Иеміздің рақымын көрсін.
Құдайдың Рақымдылығы… шынымен де өміріңізді өзгертеді.
Тәнімізде ешқашан жасай алмайтын нәрселерді жасауға көмектесу табиғаттан тыс нәрсе.
Бұл мәсіхшілік өмірді қолдайтын нұр.
Шынымен де таңқаларлық жайт емес пе, қалай ойлайсыз?