Таңдаулы тізім
Керемет, өз жұмысын білетін, еш қорқынышы жоқ батыл, өзіне сенімді және тұрақты, шешім қабылдай алатын, албырт және табанды.
Мен кім жайлы айтып отырмын? Ол шайтан.
Оның ұятсыз, өзгертілген, бұрмаланған, зұлым және тағы көптеген кейіпте бола алады.
Сонымен, оның жоспарлары қандай? Оның Құдай адамдарымен ойынайтын жоспары қандай болып келеді? Ол өз энергиясын не үшін жұмсайды?
Негізінде оның басты мақсаттары мүлдем жасырын емес, Құдай бағалайтын нәрсенің барлығын ол жоюға тырысады. Егер бір нәрсе Құдай үшін маңызды болса, ол нәрсе шайтан үшін де маңызды болып табылады. Яғни Құдай жақсы нәрсе жасауға тырысса, ал ол оны жоюға тырысатынына сіз сенімді бола аласыз.
Мұны толығырақ анықтауға біраз уақыт бөлейік.
Матай жазған ізгі хабар 4:1 аятты қарайтын болсақ, шайтанның Исаны 3 рет азғырғанын көреміз. Ал Иса 3 рет Киелі жазбаның көмегімен шайтанның азғыруынан бас тартты. Бұл аяттар шайттанның торынан, яғни азғырылу кезінде орынды қолданылады. Себебі жазбаларды жатқа білгеніміз, азғырулар мен күнә кезінде шайтанға қарсы күресудегі негізгі құрал болып табылады. Бірақ – біз айтарлықтай маңызды бір нәрседен өтіп барамыз.
Матай жазған ізгі хабар 4:1 Бұдан кейін Киелі Рух Исаны шайтанның сынағынан өтуі үшін айдалаға бастап алып барды.
Шайтан Исаны азғырды ма? Киелі кітаптағы кез-келген басқа аяттарға қарайтын болсақ, осы аят бізге шайтанның мінезі туралы көбірек мәлімет береді.
Шайтан Исаның Құдай екенін біле ме? Иә. Олар бұрын кездескен. Шайтан Құдайдың тақ залында болып, ол жерде Исаны көргені сөзсіз. Бұл туралы Әйүп кітабы 1 тарауда айтылады.
Шайтан өзі Құдайдың жаратылысы екенін біле ме? Әрине.
Ал Матай жазған ізгі хабар 4-ші тарауда шайтан Исаның өзіне қызмет еткенін қалап, Исамен орын ауыстыруға тырысқаны таңғаларлық нәрсе. Шайтан аспанның даңқты екенін, Құдайдың ұлылығын көрді. Ол Құдайдың құдіретін, күшін, даналығы және тағы басқа қасиеттерін біледі. Барлық осы ақпараттарды біле тұра, үшбірліктің бір бөлігі болып табылатын Исаны жоюға шешім қабылдайды.
Шынымен шайтан ақымақ па? Жоқ.
Онда неге ол өзі орындай алмайтын миссияны жүзеге асырғысы келеді? Иса жеңіліп құламайды ғой. Неліктен шайтан мұндай қулық жасайды? Бұндай әрекеті оның менмендігінен туындады. Ол мақтанышпен байланысты болып, өзін сүйіп кеткендігі сонша, көзі соқырланып, Исаға тікелей баруға батылы жетіп тұр. Ол ұтымды ойлау қабілетін жоғалтты. Мұнда оның мақсаты қаншалықты үмітсіз екендігі туралы ойлап қараңыз. Бірақ ол бәрібір сол қадамға барып тұр.
Шайтанның мұндай іс әрекеті немен аяқталды?
11 Мұнан соң әзәзіл шайтан Оның қасынан кетіп қалды. Сол сәтте періштелер келіп, Исаға қызмет көрсетті.
Құдайға қарсы көтеріліске шыққан шайтанның соңынан ермей, Исаға қызмет еткен қандай жақсы періштелер! Олар Оны аяқтан шалуға тырыспайды.
Құдай сөзін әртүрлі дәрежеде бұрмалап, өзгерткен шайтанның таңдаулы 7 түрлі өтіріктерін қарастыратын боламыз. Мұнда біз оның таңдаулы өтіріктерінде сәтсіздікке ұшыраған жалғыз нәрсе бар. Шайтанның түсі бұлыңғыр, тәкаппар, мүлдем қорқынышсыз. Ең үлкен балыққа барудан қорықпай, әрқашан шабуыл жасауға дайын тұрады. Бірақ бұл әрекеті ешқайда апармады. Алайда, шайтан сол іс-әрекетінен біршама жетістік көрді ме? Оның таңдаулы өтірігінде қандай негізгі тармақтар бар?
Жаратылыс 1:1 Әуел баста Құдай аспан мен жерді жаратты.
Көпшілігіміз табиғатта демалғанды және уақыт өткізгенді, күннің батуысы мен құстардың даусы, сарқыраманың тыныштандыратын дыбысын ұнатамыз. Ол бізге осындай жаратылысқа ие болу даңқын бергені үшін кейде Құдайға сиынуды доғарып, алғыс айтуды ұмытамыз. Үйіміздегі терезенің алдында тұрған сайын, біз оның керемет ісін көреміз. Белгілі бір мақсатты орындау үшін мұқият құрылған Құдайдың ғажап ісін көреміз. Әрқайсымызды Құдайдың өзі жаратқандықтан, әрбіріміздің қадіріміз бар. Біз кездейсоқ жаратылыс емеспіз. Табиғат сұлулығы және біз терезеден көретін жаратылыстың барлығында Құдайдың саусақ іздері бар. Ал, мұндай ой шайтанға ұнамайды. Сондықтан ол Жаратылыстың бастау кітабының 1:1 аятын жұлып алып, эволюцияны ойлап тауып, адамзаттың маймылдар мен гориллалардың ұрпағы деген түсінікті қалыптастырды. Ал бұл адамның таза кездейсоқ жаратылыс екендігін көрсетеді. Бұл жерде Құдайдың жалпы жер шарымен, не сізбен ешқандай қатысы жоқ болып тұр. Эволюцияға сенетін болсақ, ол адамды ғаламдағы жоғары орнынан айырып, жуынатын бөлменің айнасынан көретін бейне кездейсоқ жаратылыстың нәтижесі дегенді білдіреді.
Сонымен қатар, эволюция Киелі кітаптың шындығын жоққа шығарады. Егер жаратылыс кітабындағы №1 аят өтірік болса, онда қалайша басқа аяттарға сенуге болады? Эволюцияға сенетін болсаңыз, ол Киелі кітапқа деген сенімнен айырады. Осылайша Жаратылыс кітабының 1 аяты шайтанның таңдаулы өтірігі ретінде таралды.
Шайтанның № 3 таңдаулы өтірігі Жаратылыстың бастауы 1:27 аятта айтылады.
27 Осылайша Құдай адамды (рухани жағынан) Өзіне ұқсас әрі бейнелес етіп, бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты.
Осыдан кейін шайтан Құдайдың жаратылысын жоғарғы санатқа қояды. Құдай тек 2 жынысты жаратқанын бірден байқауға болады. Егер ұрықта XX хромосома болса әйел, XY хромосомалары болса, онда ер адам туылады. Мұны өзгерту мүмкін емес. Бұндай жынысты өзгерту – бұл тікелей Құдайға шабуыл екенін сіз түсінбейсіз бе? Ол сізді жаратқан кезде не істейтінін білмеді, сіз шынымен қарама-қарсы жыныс болып жаратылуыңыз керек еді. Кез-келген жыныстық қатынаста болыңыз деген шайтанның дұрыс емес ойлары адамдар арасында кездеседі.
Сондықтан көптеген адамдар өзінің жынысын ұнатпай, олар қарама-қарсы жынысты таңдап операция жасатып, солар сияқты әрекет етіп, киінеді. Дегенмен, әлемдегі барлық операциялар сіздің XX немесе XY хромосомаларымен туылғандығыңызды жасыра алмайды. Құдай сізді белгілі бір жыныспен жаратқандықтан, оны өзгерту керек емес. Құдай ешқашан қателік жасамайды. Құдайдың өміріңізге деген еркінің бір бөлігі-бұл сіз үшін таңдаған жыныс. Бұл анық нәрсе.
Дегенмен, бұл шайтанның шабуылдарының бастамасы ғана. Еркек отбасының сүйікті көшбасшысы болу үшін жаралған. Бірақ олар қатал және әлсіз болуға азғырылды. Көптеген ер адамдар бұл бұрмалауларға бой алдырғандықтан – әлсіз еркек деп аталатын жаңа термин пайда болды. Олар нағыз еркек кейіптерін жоғалтып, көріксіз болып кетті. Осылайша, шайтанның адамдарға деген шабуылдары тоқтаусыз жалғасуда. Ал кейбір әйелдер еркек шошқалар, олар кімге керек? деп мансапты отбасынан жоғары қойып, әскери феминизмге өтіп жатыр. Құдай орнатқан әйел адамның міндетіне деген шайтанның шабуылдары жалғасып жатыр.
Шайтанның №4 таңдаулы өтірік тізімінде неке орын алады. Құдайдың ер мен әйелді біріктіріп, неке деп аталатын динамикалық дуэт құру ниеті болды. Сонымен, Құдай еркек пен әйелді бір-біріне қосылып, біртұтас болу үшін жаратты. Ал шайтан келіп, бір жыныстағы 2 адам қосылу үшін некеге қайта анықтама береді. Фейзбук желісіндегі достарымның бірі Матай жазған ізгі хабардағы 19:5 аятты ұмытып, гомосексуализм жайлы Иса ештеңе айтпайды деп рухани адасқан болатын.
5 Сол кезде Ол былай деген: «Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады». Менің ойымша, бәрі анық айтылып тұр. Дәл осы жерде біз Еврейлерге арналған хат 13:4 аятты енгізуіміз керек.
4 Некеге барлығың да құрметпен қарап, жар төсегін былғамаңдар! Азғындар және неке адалдығын бұзғандар Құдайдың сотына түспек.
Киелі кітаптағы дәл осы аят жыныстық қарым-қатнасты ашып көрсетеді. Бұл неке үшін сақталып, тек некеде ғана мағынаға ие болады. Ал шайтан болса оны бұрмалап, оны арзан ететінін білесіз. Бұл неке одағының басты батасы болып табылатын дұрыс жыныстық қатнасты бұзады.
Келесіге көшеміз.
Шайтанның № 5 таңдаулы өтірігі:
Жаратылыстың бастауы 4:1
1 Адам әйелі Хауамен жақындасқан соң, әйелі жүкті болып, Қабылды туды. Сонда Хауа: «Жаратқан Иенің жарылқауымен бір ұл балаға ие болдым», — деді.
Нәрестелер. Біз мұндағы шайтанның шабуылының атын білеміз. Түсік жасау. Адамның негізгі құқығы, өмір сүру құқығын жоққа шығару. Әлемде күніне 126 000 түсік жасалады. Құдайдың қандай істеріне шайтанның көңілі толмайды? Жаратылыс кітабының алғашқы тарауларында ашылғанындай жер бетіндегі барлық негізгі факторларға қарсы шығады.
Сонымен, шайтан қатты шабуыл жасаған нәрселер:
Жаратылысқа,
Киелі Кітаптың шынайылығына,
Ер мен Әйел рольдеріне,
Некеге,
Нәрестелерге.
Бірақ шайтанның таңдаулы өтірігінде тағы 2 негізгі тармақ бар.
Жаратылыстың бастауы 12:1
1 Жаратқан Ие Ыбырамға сөзін арнап былай деп бұйырған еді:
«Сен еліңді, туған-туысқандарыңды және әкеңнің үйін тастап, Мен өзіңе көрсететін елге көш!
2 Мен сенен үлкен халықты өрбітіп таратамын,
Сені жарылқаймын әрі атыңды шығарамын.
Сен арқылы ақ батам басқаларға да жететін болады.
3 Саған ақ батасын бергендерді Мен жарылқаймын,
Ал кім сені жамандап қарғаса, соны Мен қарғаймын.
Сен арқылы жер бетіндегі бар ұлттар жарылқанады».
Не болып жатыр? Жаратылыстың бастауы 12 тарауға дейін жер шарында еврейлер деген ұлт жоқ еді. Құдай жаратылыстың бастауы 12 тарауынан Ыбырайымды тауып алып, былай дейді: Уа, жігіт – сен жаңа халықтың негізін қалаушы әке боласын. Егер яһудилердің қайдан шыққанын білгіңіз келген болса, міне, сізге жауап. Олардың тарихы дәл осы жерден басталады. Құдайдың басқа халықтарға Яһудилер арқылы өзін танытты. Еврейлер арқылы Құдай өз Киелі кітабын берді. Оның пайғамбары арқылы, Оның құтқарушысы, Оның үміті осылардың барлығы еврейлер алқылы жүзеге асты. Тарихта неліктен көбіне еврейлер қудалауға ұшырай беретін еді? Өйткені олар Құдайдың ерекше халқы болғандықтан шайтанның жаппай қарсылығын тудырды. Нәтижесінде еврейлер тарихтағы ең қудаланған халықтардың біріне айналды.
Мен еврейлердің қудалануы жайлы интернеттен іздегенімде, біздің заманымыздың 250 жылдан бастап
отқа жағу,
ғибадатханаларын жағу,
қудалау,
мәжбүрлі түрде басқа ұлттармен араластыру,
мүлікті өртеу,
кітаптарын құрту,
тірілей өртеу,
заңсыз қырып жою
және шабуыл құрбандары,
құлдықта тәркілеу сияқты сипаттамалармен 200-ден астам эпизоттар шықты.
Таяу Шығыстағы қақтығыстар не себепті тоқтамайды? Бұл Құдайдың еврейлерді жақсы көретіндігінің тағы бір дәлелі, ал шайтан болса оларға тоқтаусыз шабуылдар жасайды.
Осымен, шайтанның таңдаулы өтіріктер тізімінің соңғы негізгі нүктесіне жетеміз.
№ 7 өтірігі Матай жазған ізгі хабар 16:18
Мен Өзіме сенушілердің қауымын саламын.
Ескі өсиетте Құдай Израиль деп аталатын халықты өзгелерді құтқару үшін қолданған болатын. Яһудилер Исаны бірден қабылдамағандықтан, олар біраз уақытқа оқшауланды.
Матай жазған ізгі хабар 16:18 аятта көргеніміздей Құдай енді қауым деп аталатын дүниежүзілік ұйым арқылы адамдарға жетуге тырысады. Ескі келісім мен Жаңа келісім арасындағы негізгі айырмашылық осы болып табылады. Ескі өсиетте Құдай халық арқылы әрекет етсе, Жаңа өсиетте Құдай қауым арқылы әрекет етеді. Ескі өсиетте шайтан Израиль еліне шабуыл жасағаны сияқты, шайтан енді қауымға да шабуыл жасау үшін көз қырын салады. Шайтан қауымға қалай шабуыл жасады? Қорынт шіркеуі деп аталатын пойыздың апатына қараңыз. Тараудан тарауға апат жайлы айтылады. Ал Галаттар – кім сендердің бастарыңды айналдырды? Аян кітабында 7 қауымның 5 не тәубе етіп, Құдай жолына оралу керектігі жайлы айтылады. 2000 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін қауым тарихында көптеген жағымсыз сәттер бар. Мына нәрсеге сенімді болыңыз: сіз неғұрлым ұзақ уақыт сенімге ие болған сайын, жөғарыда көптеген мысалдарды көргеніміздей шайтан өміріміздің көптеген салаларына шабуыл жасай береді. Қандайда бір саланы таңдау үшін шайтанда көптеген жолдар бар. Шайтан сіздің қауымға шабуыл жасамайды және сол қауымыңыздағы мүшелердің мекен-жайын білмейді деп деп бір секундқа да ойламаңыз.
Сонымен, міне, шайтанның басты өтіріктер тізімі. Ол Исаны жоюға тырысты, алайда ол сәтсіздікке ұшырады. Бірақ оның шабуыл жасағандағы жетістігі: Жаратылыс, Киелі кітап, Ер Мен Әйел, Неке, Сәбилер, Израиль, қауымдардан үлкен көрініс тапты.
Сіз шайтынның құртуға шебер екенін көрдіңіз бе?
Егер сіз ғимаратты жарып жібергіңіз келсе, сізге көп жарғыш динамит қажет емес, тек ғимараттың бірнеше негізгі тіректерін жарсаңыз, бүкіл ғимарат өзі қирайтын болады. Енді шайтанның қолынан келген істерге қараңыз. Жоқ, шайтан Исаны жеңе алмады. Алайда, ол Құдай жаратқан басты жүйелеріне шабуыл жасайды. Құдай жердегі өмірде тәртіпті, тұрақтылық пен сұлулық болу үшін: Жаратылыс, Киелі кітап, ер мен әйел, неке, сәбилер, Израиль, қауымды құрған болатын. Мұның бәрін Құдай жарылқау мен жүйе болу үшін жаратқан еді. Солардың бәріне шайтан болса қасірет пен бақытсыздық әкеліп, шабуыл жасады. Осы негізгі жүйелерге шайтанның шабуылдары соңғы бірнеше онжылдықта тез өсті.
Сонымен, мәсіхші шайтанның осындай шабуылына қалай жауап беруі тиіс?
Негізінде, бізде 2 нұсқа бар.
№ 1 таңдау.
Әйүп 2: 9 аятта көретініміздей, өзі жақсы көретін күйеуін жоғалту кезінде, оған Құдайды қарға да өліп кет деген Әйүптің әйелінің кеңесіне құлақ асамыз. Басқаша айтқанда, егер Құдайдың соңынан еру оңай болмаса, оған мүлдем еруге тырыспаңыз. Уақытыңызды босқа өткізбеңіз. Кейінгі жылдары көптеген адамдар Құдай жолына түсіп жатқанына сенімдімін. Алайда мәсіхші ретінде өмірлерінде қиындықтар пайда болғанда, Құдайдан бас тартып жатқандар қаншама. Бұл № 1 таңдау болатын.
Мен №2 таңдауды таңдаймын.
Естер 4:16
Естердің өзі айтады:
16 — Онда Сузыдағы барлық яһудилерді жинап, мен үшін ораза ұстаңыздар. Үш күн, үш түн бойы ішіп-жемеңіздер. Мен де қызметші қыздарыммен бірге сіздер сияқты ораза ұстаймын. Содан соң мұным заңсыз болса да, патшаның алдына барамын. Егер өлуге тиіс болсам, өлейін!
Ол мұнда не деп жатыр?
Құдай оны қиын уақытта өмір сүруге шақырғанын анық көріп айтып жатыр. Құдай үшін тәуекелге бару, оның артынан батыл жүру, өз өмірімен тәуекелге бел буу – бұл оның өмірі үшін Құдайдың еркі болатын. Ол өміріндегі қауіп-қатерге қарамастан, Құдай еркін орындауды жалғастыруда.
Ал біздер ші?
Қауым Киелі кітаптан алыстаған сайын, өмірлері жеңілдетілген мәсіхші болады. Ал Құдайдан алыстаған қауым әлемде тұрақсыз болып, сенушілер жақсы өмір сүрмейтін болады. Алайда, қауым өзін шәкірттер дайындайтын оқу лагері, өзін батыл сенімі дамитын спортзал, тек қарапайым заттарды ғана емес, ал Құдайдың бүкіл ақиқатын уағыздайтын болса, егер қауымдарда сенімді сенушілер өсетін болса, онда біз қандай да жағдайға қарамастан Құдай үшін өмір сүру деген шақырылуымызды қабылдайтын боламыз. Сонда ғана бұрын болмаған өзгеше рақымның күшін сезініп, бұрын-соңды болмаған дұғаларымызға жауап алатын боламыз. Біз басқалардың күнәдан бас тартып, Мәсіхке бет бұрып, Оған шынайы шәкірт болуға көмектесеміз. Сонда Құдай біз арқылы даңқталатын болады. Бүгін біздің қандай адамдар екенімізді анықтау үшін, Құдай шайтанға бостандық беріп отыр.
Сонымен бізде осындай екі нұсқа бар.
Құдайды қарғыстап өліп кету
Немесе
Құдайға соңына дейін адал болып, құрбан болу.
Сіз қай нұсқаны таңдайсыз?