Исаға кіріспе
Исаның жолымен жүріп, Оның қасынан өтіп кетпеу
Жақында, әйгілі мұражайдың бір бөлмесінің суреті интернетке қойылыпты. Сол бөлменің қабырғаларында керемет, жарқыраған, еліктірер, ғажайып суреттер болды. Бұндай таңқаларлық суреттерді әлемдегі ең қадірлі суретші салған. Шын мәнінде ең жақсы қазына. Адамдар сол мұражайға әлемнің әр жерінен сол суреттерді көруге баратыны даусыз. Сол интернетке қойылған суреттен, сіз сол керемет суреттерді тамашалап, соған қосымша сіз шамамен 30 адамның сол суреттердің алдында отырғанын да көре аласыз.
Әлемнің біраз әрі ең үздік өнеріне сондай жақын болған қандай артықшылық десеңізші! Сонымен, сол суреттердің алдында отырған сол 30 адамдар не істеп отырды? Шын мәнінде ең жақсы қазынаға сондай айрықша жақындығы бар сол 30 адамдар не істеп отырды? Олардың әрбіреуі өз ұялы телефондарына назар аударып, текст жазып отырды. Егерде олардың мемлекетінің президенті сол бөлмеге кіріп келген жағдайда, біреуі соны байқаушы едіме? Менің күмәнім бар.
Сонымен, телефонмен текст жазу ол күнә ма? Жоқ. Мүмкін олардың кейбірі ата-аналарымен, бала күтушімен сөйлесіп немесе біраз маңызды жоспарлар жасап отырған шығар. Бірақ олардың бәріде сол күннің ең күштісін жіберіп алды.
Менің қорқатыным сол интернетке қойылған сурет ол қазіргі мәсіхшіліктің дәл суреті болу мүмкін.
Киелі Кітап бізге Құтқарушымыздың ғажап, шексіз, айрықша әсер ететін, уәждемелі суреттерін береді, осы арқылы бізді табынуға, мадақтауға, қадырлеуге, өкінуге, кешіруге, бойсұнуға, беруге және ізгі хабар айтуға итермелеуі қажет. Бірақ біз сондай жұмысбасты адамбыз, әрқашан бос болмаймыз, өзіміздің жұмыстарымызбен – тіпті қызметтерігі жұмыстарымызбен Исаны елемей жатамыз.
Шыншыл болайық. Кейбір кезде Иса біздің күн тәртіптеріміздің ортасына кіріп кетеді, біздің өмірлік приоритеттеріміздің, біздің жоспарларымыздың жолында тұрады. Аспанмен жерді жаратқан Құдай, Өзінің Ұлын біздің күнәларымыз үшін өлуге жіберген Құдай, біз киелі кітапті оқығанда Құдай біздің өмірімізде күнделікті сөйлегісі келеді. Біз бос емес кестемен жүрген өте маңызды адамдар екенімізді және бізде Оны тыңдағаннан гөрі басқа маңызды жұмыс бар екенін неге Ол түсінбейді? Ол не ойлайды? Осындай көзқарасымызбен, БІЗ не ойлаймыз?
Мен адам аттарын атап көрсетпеймін, бірақ мен біраз қауым жетекшілерін білемін, өздерінің күнделікті киелі кітапты оқуға уақыты жоқ екенін жасырмайды, өйткені олар қызметтерінен қолдары бос емес. Сонымен қатар, олар басқа сенушілер ойлап жүргенін және істеп жүргенін айтып жатады. Сөйтіп, бүгінгі күні мәсіхшілік неге сондай әлсіз деп сіз таңқаласыз ба?
Қазір бір өте маңызды қадам жасайық: Исаны дәріптейік. Исаны дәріпте. Менде басқа адамдар сияқты телефонымды қолданып текст жазғанды ұнатамын, бірақ біз өзіміздің телефондарымызды өшіре аламыз ба, біраз уақытқа өзіміздің жұмыстарымызды жылжытып қоя аламыз ба тексерейік. Сөйтіп, толық назарымызды Құдай бүгінгі күні дайындап қойған тамаша суреттеріне назар аударайық, сол шынында бізге көмектесе алады.
Қазіргі уақытта Құдайда біз көре алатын тамаша суреттер бар. Біздің бірге өткізетін уақыттан барынша мол түсінік алу үшін, жүректерімізді дұғамен дайындайық.
Әке, Сен бүгінгі күні бізді сенің мұражайыңда уақыт өткізуге, сенің Ұлыңның ғажайып суреттерін көруге шақырасың. Өтінемін, біздің көзімізді аша гөр және бізді Құтқарушымызға деген тереңірек түсінікке, қадірлеуге және сүйіспеншілікке жылжыта гөр. Біз сенің алдыңа толығымен бағынышты, толығымен мұқтаж болып келеміз. Біз Исаға ұқсау түсінігі мен өзгеріске мұқтажбыз…Исаның атымен дұға етеміз. Аумин!
Біз Жохан жазған ізгі хабар кітабіндамыз, үлкен Жохан. Бірінші бес аяттарға назар аударсақ, үш күшті суреттер байқаймыз. Жаңа өсиет кітабы Исаның төрт биографиясымен басталады. Неге соншама көп? Оған былай қараңыз. Кітапханаға барсаңыз, сіз әрбір мықты жетекшінің неше түрлі биографияларын табасыз. Біразы оның мінезін көбірек көрсетеді. Біразы оның маңызды шешімдер қабылдағанын көрсетеді. Басқа биографиялық кітаптар онымен жұмыс істеу қалай екенін айтады. Барлық жазылған биографиялар бізге жан-жақты, неше түрлі көзқарас береді.
Жаңа өсиеттегі жазылған төрт биографияларда солай. Матай кітабы Иса көне өсиеттен уәде етілген, көптен күткен Миссия еврейше ойлайтын адамдарға дәлелдеу үшін жазылған. Осы кітап еврейше сіңіп кеткен кітап.
Марқа Исаны Құдай Әкенің қызметшісі, кемелді жұмыскер ретінде бейнелейді. Қызметшілерге шежіре қажет емес, сондықтан Марқа шежіре туралы жазбайды. Қызметшілер сөз сөйлемейді, сондықтан Марқа Исаның айтқан сөздерінен дәйексөз келтірмейді. Қызметшілер істерімен белгілі, сондықтан Марқа кітапбы Исаның қызметіне назар аударады.
Мәсіхтің өмірінің толық тарихи мәліметтеріне қызығасыз ба?
Ендеше, Лұқа жазған ізгі хабар сіз үшін. Егжей-тегжейлер, егжей-тегжейлер, тағы егжей-тегжейлер. Сондай-ақ Жоханның кітабында Иса Құдай Баласы деген бір тақырып бар. Басынан аяғына дейін ол бізге Иса Құдай екенін дәлелдегісі келеді. Сонымен Жохан 1:1-5те Жохан Исаны бізге таныстыру үшін үш сурет береді.
1Әуел баста Сөз болатын, Сөз Құдайда болатын, Сөз Құдай еді. 2Сөз әуелден-ақ Құдайда болатын. 3Құдай бәрін Сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған. 4Сөз өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр еді. 5Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес.
Осы бес керемет аяттарда Исаның үш суреттері :
Сурет #1 – Исаның Құдай Әкеге қарымқатынасы.
Сурет #2 – Исаның әлемге қарымқатынасы.
Сурет #3 – Исаның адамзатқа қарымқатынасы.
Сурет #1-ге жақсылап қараудан бастайық – Исаның Құдай Әкеге қарым-қатынасы. “СӨЗ” деген сөз қайта-қайта қайталанып алға шығады. Сол СӨЗ нені білдіреді? Бірінші ғасырдың адамдары Жохан не туралы айтып жатқанын білген еді. «Л о г о с» – ол грек сөзі. Бірінші ғасырдың ойлауы бойынша әлемді құдіретті күш ұстап тұрды. Сол күш өмірдің пайда болуына себепші болды. Сол күштің-аналық, аталық, орта тегі жоқ. Сол күш “логос”– деп аталатын, бұл жерде “СӨЗ” деп аударылады. Сонымен Жохан адамдарға сол күш әлемді ұстап тұрғаны туралы айтуға келеді және Жохан 1:14-те сол күште жақ жоқ, бірақ ол нәрсе де емес, ол тірі жан екенін айтуға болады.
14 Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді. Сонда біз Әкенің жалғыз рухани Ұлының асқан ұлылығын көрдік: Ол рақымдылық пен шындыққа толы еді.
Сол күштің аты бар; сол күштің емісі Иса. Иса сол шынайы әлемді ұстап тұрған “ СӨЗ”. Жохан 1:1-ге қайтып барайық
1Әуел баста…...
Ненің басында? Осы жерде жаратылыстың басталуы 1:1-ге сілтемені көрмеу қиын. Мәңгіліктің ешқашан басы болмаған сондықтан бұл жерде мәңгіліктің бастауы туралы айтып тұрған жоқ. Жаратылыстың басталуы 1:1 және Жохан 1:1 Құдай жаратылыспен уақытты бастаған бірегей сәт туралы айтып тұр. Жаратылыстың басталуы кітабі және үлкен Жохан үш бірдей сөзбен бастайды және бірден екіге бөледі. Біреуі алға жүреді, басқасы артқа жүреді. Жаратылыстың басталуы кітабі бізге сол тарихтың бірінші жеті күндерінде не болғанын айтады. Жохан бұрыннан бар болған Иса туралы айтып беру үшін өткен уақытқа қайтадан түсіндіріп, басқа жақтан бастап баяндайды. Иса бұрыннан келе жатқан шектелмеген мәңгілікте болды. Өткен уақыттан бері жалғасып келе жатқан әрекет болды. Иса үнемі бар болған.
Исаның әрдайым өмір сүргенін түсіну үшін, біздің кетіру/өшіру батырмасын қатты қолданайық.
-Өзіңізді, отбасыңызды, еліңізді, әлеміңізді кетіру батырмасын басып жойып тастаңыз.
-Адамзат тарихының мыңдаған жылдарын кетіру батырмасын басып жойып тастаңыз.
-Жаратылыстың 7-ші күнін – Құдайдың тынығатын күнін кетіру батырмасын басып жойып тастаңыз.
-6-шы күнді кетіру батырмасын басып жойып тастаңыз – адамзат жоқ.
-5-шы күнді өшіру батырмасын басып жойып тастаңыз. – туй – тірі тіршілік жоқ.
-4-ші күнді өшіріп тастаңыз –күн, ай, жұлдыздар жоғалып кетеді.
-3-ші күнді өшіріп тастаңыз – құрғақ жер, шөп немесе жеміс ағаштары жоқ.
-2-ші күнді өшіріп тастаңыз – аспан болмайды.
-1-ші күнді өшіріп тастаңыз – жаратылыстың бірінші күні мен оның жарығы және уақыт жоқ.
Не қалды? Сізде Құдай Әке, Құдай Ұлы, Құдай Киелі Рух. Жаратылыстың басталуы 1:1нің бастауы – үшбірлік. Жаратылыстың басталуы 1:1нің бастауы – Құдай. Сол уақытта басқа ештеңе болмаған. Егерде киелі кітабіңіздағы жаратылыстың басталуы 1:1 алдындағы бетке қарасаңыз, сіз бос орын, бос бет табасыз. Шынында ол бос, таза орын емес. Құдай сол жерде, тірі және жақсы күйде. Біраз уақыт бұрын, жаратылыстың басталуы 1:1дің алдында тек Құдай болды. Осы аят бізді кішіпейілділікке, мойынсынушылыққа итермелеу керек.
Кейбір кезде біз сондай колымыз босамай кеткендіктен, Оның бар екенін біз ұмытып кетеміз. Қанша рет өмірімізде қиын жағдайға ұшыраған бір адам бізден дұға еткенімізді қалап, сұраған жағдайда: “Ой бу, ұмытып кетіппін дұға етуді. Мен Құдай туралы ұмытып қалыппын” – деп жауап берген кездер болды.
Біз Құдаймен біздің арамызда біреудің, бір нәрсенің болуына, солай сияқты өмірімізден Оны шығарып тастауына рұқсат береміз. Біздің назарымыз соншалықты алаңдатылған немесе біз таңырқап жүргенде, өміріміздің үстінде мәңгілік Құдай бар екенін ұмытып кетеміз. Бірақ Иса Мәсіх кеше, бүгін, мәңгі ешқашан өзгермейді. Біз айнаға қарап, қалай өскенімізді немесе қартайғанымызды байқаймыз, бірақ анаңыздың құрсағына біткеннен бастап Құдай кішкене болса да қартайып жас қосқан емес. Жаратылыстың бірінші күнінен Иса кішкене болса да өзгерген емес. Ол ешқашан өзгермейді де.
Кейде бізге жаңа келбет қажет. Менің әпкем маған біреу қажет деп санаған кезде, Ол менің бөлмеме кіріп, шкафымның тартпаларын ашып, менің кейбір киімімді қоқысқа лақтыра бастады. «Менің ағам осы киімдерді киіп бұлай далада көрінбесін» деп айтты. Ал Құдай болса ешқашан келбетін өзгерткен немесе жаңаруды жасаған емес. Ешқашан қажет болған емес. Ешқашан өзгермейді де. Біз мектептен немесе жаттығу залынан немесе жұмыстан үйге қатты шаршап, қаусаған, тозған болып келсек те, Құдайға қарап, оның энергия деңгейінің мүлдем өзгермегенін көреміз. Өмірімізді ретке келтіру жайлы айтқанда, Біз әрқашан бар болған Құдайды көре алуымыз үшін рухани көзімізді ретке келтіруін дұғамызға қосамыз ба?
Әуел баста Сөз болатын.
:1 жалғасады
Сөз Құдайда болатын.
Мәңгілік Исаның және Құдай Сөзінің қасынан өтті, Құдай Әкемен бірге де болды. Киелі Кітаптағы Құдай ол Үш Бірліктегі Құдай-үш табиғаты бар Құдай – Әке, Баласы, Киелі Рух. Киелі кітаптағы Құдай Адам атаны жаратып, оны жақсы көрді, бірақ бұл Ол көрсеткен сүйіспеншілік бірінші рет емес. Ол Ұлын және Киелі Рухты мәңгіде жақсы көрді. Киелі кітаптағы Құдай Адам атамен қарым-қатынас бастаған кезде, Олар арасындағы қарым-қатынас жаңа нәрсе болған емес. Ол мәңгілікте Ұлымен және Киелі Рухпен қарым-қатынаста болып келе жатыр. Үшбірліктегі ішкі махаббат пен қарым-қатынас Киелі кітаптағы Құдайдың маңызды қасиеттері.
Біздер үшбірлік жайлы түсінбейтін нәрселер көп және оны ешқашан түсінбейміз де. Бірақ алдымызда үшбірлік бізге үйрететін күшті сабақ бар, ол сабақты біз түсінбей қалуымыз да мүмкін. Киелі кітаптағы Құдайға сүйіспеншілік танытуға еш нәрсе жаратудың қажеті жоқ еді немесе қарым-қатынас жасаудың қажеті жоқ еді. Киелі кітаптағы Құдайға жылулық пен тартымдылық беретін негізгі ішкі маңызды элементтер Махаббат пен қарым-қатынас.
Қауымға бармайтын жалғыз, өзін әдейі оқшаулайтын мәсіхші, ол үшбірлікті дұрыс түсінбейтінін көрсетеді. Үшбірлік сүйіспеншілікті мәңгі модель деп келе жатқандықтан, мәсіхшілік өмірдің сүйіспеншіліксіз ешқандай мағынасы жоқ. Үшбірлік қарым-қатынасты көрсеткеннен кейін мәсіхшілік өмірдің қарым-қатынассыз ешқандай мағынасы жоқ. Киелі кітапта Құдайды жылыжүзді, мейірімді, тартымды қылып бейнелейді.
:1 жалғасады Сөз Құдай еді.
Есіңізде ғой «Сөз» ол «логос» деген алғашқы грек сөзінен, Киелі кітап алғашқыда әлемді қуатты күш ұстап тұрды деп түсіндіреді. (Сол күштің-аналық, аталық, орта тегі жоқ). Жохан бізге осы ЛОГОС туралы айтады. СӨЗ Құдайдың қасиеті емес, ол Онымен бірге шығатын күш емес, бірақ Әкенің қасында Мәңгіліктен тірі бар болған.
Иса кереметтер жасағаннан кейін, Құдайға жоғарылатылды деп айтатын кейбір тәңірлерге сенетіндерге қарағанда, Иса жақсы адам болды деп айтатын кейбір адамдарға қарағанда, Иса ешқашан Құдай болмаған деп айтатын унитарларға қарағанда, Киелі кітап бізге осы жерде Исаның өткен Мәңгілікте Құдай болғанын айтады.
Міне, анық нәрсе, Жоханның айтуынша бүкіл әлемді басқаратын күш «ол» (зат есім) емес. Ол адам. Иса. Ал Иса – Құдай… Демек, бізге Қорынттықтарға арналған 2ші хатты 11: 4а қарауға тура келеді.
Себебі, біреулер сендерге келіп, біз уағыздағаннан өзге «Исаны» уағыздағанда …… Сонымен, Исадан басқа біреу бар ма?
Мұндайды естігенде жүрегім аурады, бірақ біреу Исаға сенетінін айтқанда – Олар біз сенетін Исаны меңземеуі мүмкін. Мен білетін жақсы қауымның мүшесі, жақсы Киелі Кітап мектебін оқыған, киелі кітаптыққа сәйкес миссионерлік ұйымда қызмет етіп жүрген елші адамнан – мен Исаның Құдай екеніне сенімді емеспін дегенде, көп жылдардың ішінде естіген ең үлкен шок болды.
Сонымен, егер Иса Құдай болмаса, ол қалайша адамзаты құтқара алады? Иса адамдарға не ұсынуға міндетті? Сол миссионер оның қаржылық жағынан қолдаушыларына бұл теологиясында өзгерістер туралы айтпайды. Миссионерлердің доктриналық құжаттарына жүйелі түрде қол қоюға нақты негіз бар.
Қала жетекшілерімен таңғы ас кезінде дұға еткен ер адам жақсы танымал рухани либералдық дұғаны Исаның атын айтып бітіргеніне таң қалды. Сондықтан ол сол адамға барып, Исаға сенетініне таңқалғанын айтты.
Дұға еткен адам: «Шатастырмаңыз. Сіз сенетін Иса – мен сенетін Иса емес».
Адамдар Исаға сенетіндерін айтқанда, біз олардың Жохан сипаттайтын Исаға сенетінін айқындау керекпіз. Исаның бірінші суретінде Жохан жазған ізгі хабарда, Иса әрқашан Әкемен бірге болған мәңгілік тірі ретінде және Құдайдың өзі деп бейнеленген. Исаның Құдайға деген қарым-қатынасы туралы суретке біршама айтылды.
Исаның әлемге деген қарым-қатынасы туралы сурет ше:
Жаратылыс 1: 1 болған кезде, Иса не істеді? Ол демалып жатқан жоқ еді.
Жохан 1:3 Құдай бәрін Сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған.
Бұл нәрсені мектепте оқымағанмын, бірақ оқу керек болдым. Ешқандай ана табиғат жоқ. Эволюция жоқ. Әр нәрсенің басталуы Исадан басталады.
Қолостықтарға 1:17
Бүкіл әлем жаратылмай тұрғанда-ақ Ол бар болатын, бәрін аман сақтайтын да — Сол.
Сөздің тура мағынасында – осы шақ болып тұр – бәрін аман сақтайтын да — Сол.
Ғалымдар атомды бөлшектей алады, бірақ оны не ұстап тұрғанын анықтай алмайды. Міне, жауап Иса атомдарды бірге ұстайды. Біздер Иса жаратқан және контролде ұстап тұрған платформада өмір сүреміз.
Забур жырлары 18:2
Құдайдың салтанатты ұлылығын
Аспан әлемі ашық паш етеді,
Оның қолының керемет істерін
Әуе кеңістігі де көрсетеді.
Тарихқа қарап материяны зұлымдыққа толы, тек көрінбейтін ғана нәрсе деп айтқан адамдар болған. Бұл аят материяны зұлымдық емес екенін көрсетеді. Әлемді күнә шабуыл жасау арқылы құртты деп жаратылыстың басталуы айтады. Сабырлық сақтаңыз. Себебі, Аян кітабі бойынша Иса жерді қайта құрады. Осы бойынша Исаның екінші суреті қандай мағынаға ие, Оның Әлемге қарым-қатынасы қандай? Жай сөзбен айтқанда: Ол – бүкіл әлемнің күнкөріс көзі.
Соңында, Исаның адамға деген қарым-қатынасы туралы сурет.
:4
Сөз өмірдің бастауы болған.
Ешкім оған өмір берген жоқ. Оның Өзінде әрдайым өмір болды – бұның мағынасы, біз Жохан 3:16дағы «жалғыз рухани Ұлын» дегенді айқындап алу керекпіз. Құдай Әке Исаны менің ата-анам мені туғандай туды ма? Жоқ. “Рухани” – грек тілінде “monogenes” (Моногенс). Моно = бір, Генс = түрі, теңі жоқ жалғыз ғана өзі, бірегей деген сөзді білдіреді. Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің Теңі жоқ жалғыз ғана\ Бірегей Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады.
Жохан 1: 4-ке оралайық. Бұл жерде физикалық және рухани өмір туралы айтады. Әрбір тірі жан өзінің басталуын Исадан алады. Әр адамға Мәсіх оларға өмір бергеннен кейін ғана рухани қайтадан туылады.
Өмір жайлы бір минут ойланайық. Елестетіп көрейік, сіз менің ата-анаммен қарым-қатынасым туралы сұрадыңыз. Мен туу туралы куәлікті шығарып, ата-анамның ұлымын деген жауап беремін. Ата-анам мені қалай тәрбиелегенін сұрайсыз. Мен туу туралы куәлікті көрсету арқылы жауап беремін. Сіз менің ата-анама жақын болғанымды сұрайсыз. Мен тағы да туу туралы куәлігімді көрсету арқылы жауап беремін. Қазір сіз бұл туралы қайғылы нәрсе деп ойлайсыз. Ол өзінің ата-анасымен қарым-қатынасын тек қағаз парағы ретінде ғана көрсетеді ма? Ата-ана мен бала арасындағы тығыз қарым-қатынас, тәрбиелеу, жігерлендіру, жетелеу, қалыптасуы, бірге көп уақыт өткізу, үйрету және т.б. туралы ештеңе айтылмаған. Әке-бала қарым-қатынасы – тек қағаз парағы ма?
Мысалы, сіз меннен Иса Мәсіхпен қарым-қатынасым туралы сұраған жағдайда мен сізге Мәсіхті қабылдаған күн мен сағатты айтамын. Өмірімде Исаның не істегенін сұрасаңыз мен сізге Мәсіхті қабылдаған күн мен сағатты айтамын. Исаның менің өмірімде қандай мағынаға ие екенін және Ол маған не үйреткенін сұрайсыз, ал мен сізге Мәсіхті қабылдаған күн мен сағатты айтсам. Ол маған ӨМІР, қуанышты ӨМІР, кешірімді ӨМІР, бейбіт ӨМІР жемісті ӨМІР, қызықты ӨМІР, күтпеген ӨМІР, жақын ӨМІР ұсынғанда, менің көктегі Әкеммен қарым-қатынасымды басқа ештеңе емес бірақ, бұрын айтып кеткен дұға ретінде көретінім – қайғылы екенін түсінемізбе? Егер біз Құдай бізден дұға еткеннен басқа ештеме қалаймайды деп ойласақ, бізде Иса туралы бұрыс ойлаймыз. Иә, дұға өте маңызды, бірақ сол дұға Құдаймен бірге өмір сүру үшін көпір болуға тиіс.
Қолостықтарға 1:28-де талапты екі есе үлкейтуге уақыт келеді. Осы жерде біз Пауылдың қызметінің мақсатын көреміз.
Мәсіх туралы хабарды біз барлық адамдарға жеткізіп, бәріне де ескертіп, барынша даналықпен тәлім беріп келеміз. Осылай әрбір жанды Мәсіхпен тығыз байланыста, толық кемелденген түрде Құдай алдына әкелуге талаптанудамыз.
Осы аят көптеген мәсіхшілерлің миына жеткенше «Осылай әрбір жанды Мәсіх алдына әкелуге мүмкін» деп өзгертілгендігі қайғылы оқиға. Құтқарылған және жетілген сөздерінің мағынасын әр түрлі. Құтқарылған адам дегеніміз Мәсіхке сенім артқандығын білдіреді. Жетілген адам ол Мәсіхке сенім артып, Мәсіхпен бірге сенімде өсудің де мағынасын білдіреді. Исаның өмірі адамды Ол сияқты болуға өзгеруге жол беріп, өлгенше Онымен жүре беруге көмектеседі.
Әрине, Пауыл адамдардың тәубе етіп, Мәсіхке келуін қалады, бірақ бұл ешқашан оның қолында болмады. Пауыл ақтауды үйретті – біз күнәкардың дұғасын айтқан кезде, Құдай бізді әділ деп жариялайды. Бірақ Исада рухани өскенімізді Пауыл киелену деп де үйретті. Біздің Мәсіх арқылы өзгеріп, кішкентай мәсіхшілік өмірден бастап Оған күшті куәгер болғанға дейінгі аралық біздің жетілген болғанымызды көрсетеді.
Егер біздің мақсатымыз адамдарға ізгі хабармен бөлісіп, тек құтқару жолын көрсететін болсақ, біз шынайы Мәсіхшілікті азайтып, тозақ билеттерінен құтылу үшін жасаған болып есептелеміз. Егер біздің мақсатымыз адамдарды тек құтқару ғана болып табылса, біз Жаңа Өсиетті мүлде ұстанбай, бізден көптеген осал, тиімсіз бала – мәсіхшілер тарауы мүмкін. Олар өз кезегінде иеленген сенімді келесі ұрпаққа жеткізуге қабілеті азайып, соңында болмай қалуы да мүмкін. Мұндай іс-әрекеттерді істеу арқылы Киелі кітапты шайқамайық. Егер біздің мақсатымыз – Пауылдың мақсатындай болса, яғни адамдар сенімін Мәсіхке арттыруына тырысып жұмыс істеуіне көмектесетін болсақ, Иса бізге ұсынып тұрған ӨМІРДІ сүре аламыз.
:5 Исаның адамға деген қарым-қатынас суретін бейнелейді.
Және нұр түнекте жарқырайды.
Киелі Кітаптағы шынайы әдемі аяттардың бірі.
Матай 4:16
Халық қараңғыда ғұмыр кешіп келеді,
Ал енді бір ғаламат Нұрды көреді,
Түнек басқан жерде тұратын елге
Таңның шапағы сәулесін төгуде!
Дәрменсіз, үмітсіз, қорқынышқа толы, күйзеліске ұшыраған, өздерінің күнәларының кесірінен өз-өздерін құртып отырған адамдарға – Мәсіхтің жарығы түсуде.
- Діншіл Симон жарықты көрді де Мәсіхке бұрылды, 12 елшісінің бірі болып, қауым дәстүріне сәйкес Мәсіх үшін тиімді елші болды. Тек бір ескертетін нәрсе: Діншілдер 1-ші ғасырдағы террористер болып саналғандықтан – бұл оның өзгеруінің алғашқы дәлелі болды.
- Закай есімді салық жинаушы жарықты көрді де, Мәсіхке бұрылып, Ол барлық күш-қуат көрсеткен адамдарға төлеуге уәде берді.
- Пауыл жарықты көрді де, Мәсіхке бұрылды. Мәсіхшілерді қудалауын қойып, өмірін қауымды құруға арнады.
Жарық олардың өміріндегі күнәны әшкереледі, осылайша олар одан бұрылды. Жарық оларды Құдайдың еркісіне жетелеп, Құдайдың жылы сүйіспеншілігін білдірді.
Сіз Мәсіхтің жарығын көгендіктен есіміңізді осы тізімге қосуға бола ма, және Сіз Мәсіхке сеніміңізді арттырмайынша оған жақындаған кезде, ол жарығырақ болды ма? Қазіргі өміріңізде күнәдан бұрылып Исаның жолымен жүруге тырысасыз деген дәлел бар ма? Қараңғылықта жүріп, сол жерде қалғыңыз келетініндей ұстап тұрған ғажайып әдемілігі не? ӨМІР – ол босқа кетірудің сұмдық мүмкіндігі. Мәсіхке өз өміріңізді беріңіз сонда өміріңіз босқа кетпейді …. Сонда ол келесіге жылжиды….
: 5б ал түнек Нұрды жеңе алған емес.
Шын мәнінде, «жеңіп шығу» – деген аударма «түсіну» деген аудармаға қарағанда дәлірек.
Тағы да: 5б
Ал түнек Нұрды жеңе алған емес.
Бұл дегеніміз, біз әрдайым бар болған және Құдаймен бірге болған Исаға, Өзі Құдай Исаға қарадық, барлық нәрсені жаратқан, қараңғылықтың барлық түрлерінде жеңіске жететін өмірдің өзіне қарадық. Мүмкін, сіздің басыңызға ең алдымен – егер Құдай шынымен де бұл аяттарда сипатталғандай сондай әсерлі болса, неліктен жер бетінде қараңғылық бар? Егер Құдайдың жасаған нәрсесінің бәрі жақсы болса және Құдай билігін жүргізсе, бұл қараңғылық/жамандық қайдан пайда болды? – деген сұрақтар келуі мүмкін.
Жауап – Заңды қайталау 29:29.
Ашылмаған құпиялар Құдай Иеміздікі.
Құдай біз білгіміз келетіннің бәрін емес, біз білсін деген нәрсенің бәрін Киелі Кітапта айтады. Зұлымдық неліктен бар екендігін Киелі Кітап жақсы түсіндіреді. Біз жұмаққа жеткенде бұл сұрақты қойып және жауап алып, сол кезде түсінетін боламыз. Оған дейін, біз заңды қайталау 29:29-дағы сөзге қанағаттану керекпіз.
Ойға келетін екінші сұрақ, егер Иса біз көргендей керемет болса, неліктен қараңғылық жарықпен (Онымен) күреседі?
Бұл сұрақтың жауабы құпия емес. Жауап мынада – күнә адамды соқыр қылады. Күнә бұрмалайды, жояды, ақымақ, тиімді емес. Күнә жиіркенішті болғандығы соншалықты кейде бізді сескендіреді. Күнә өте күшті болып табылады. Исаның барлық кереметтеріне қарамастан, барлық аурудан емдегендеріне қарамастан, барлық ұлы уағыздарына қарамастан, Исраилдің күнәкар басшылары Исаны өлтіртті. Күнәкар адамдар өте жаман нәрселер жасай алады.
Неліктен фараонның тарихы Киелі кітапта соншама ерте берілген? Киелі кітапта Құдаймен әр кезде күрескен осы адамға соншалықты ерте, соншалықты көп орын берілген? Өйткені адамзат тарихында күнә адамның ақыл-ойына зұлым зиян жасай алатынын ерте түсіндіру үшін.
Бір апаттан кейін ақыл есі дұрыс адамдардың көбісі Құдайға не беруші еді деп ойларсыз. Бірақ жоқ, күнәнің күші соншалықты күшті, ол фараонды мықтап ұстап тұрғандықтан ол Құдаймен қарсы күресіп, соғысты. Сіз қанды Ніл өзен, бақалар, биттер, шыбындар, ауру жануарлар, қайнау, құбылыс және өрт, шегірткелер, қараңғылық және тұңғыш балалар өлуінен кейін Мысырдың қандай болғанын ойладыңыз ба? Фараон соны ешқашан түсінбеді? Ел қирады. Осының барлығын түсінү үшін қаншалықты ақымақ болу керексің? Құтқарылмаған ойдың ішіндегі зұлымдықтың мүмкіншілігі бізді шошыту керек.
Бірақ өзіміздің өмірімізге қарайықшы. Біз құтқарылмаған адамдарды соттамас бұрын, бір уақытта біздің бәрімізді сипаттаған қараңғылықты түсініңіз. Неліктен біз Мәсіхке келмей тұрып ақымақтық жасадық, бізді қатты ұятқа қалдыратын, жиіркенішті істер жасадық? Біз не ойлап жүрдік? Өйткені, өмірімізде күнәнің өмір сүруіне рұқсат бердік. Біз соқыр болдық. Біздің көзқарасымыз, мақсаттарымыз, барлығы бұрмаланған еді. Біздің жүріс-тұрысымыз күнәнің күшіне деген куәлік болды. Егер біз Мәсіхтің сыртында тұрып, құтқарылмаған болсақ, біз жеңілген жақта болатын едік. Бірақ біз Мәсіхке сенімімізді артқанда ғана, біз қараңғылықтан жарық жаққа ауысамыз. Рухани соқырлық жойылады. Біз өткен өміріміздің қорқынышын көре алып, Мәсіхпен бірге болашағымыздың сенімділігін көре аламыз.
Біз жаңалықтарды қосып, күйзеліске түсе аламыз. Күнә шабуыл жасауын тоқтатпайды. Күнә көптеген шайқастарды жеңіп, одан да көп жеңіске жетуі сөзсіз. Бірақ біз шынайы Иса Мәсіхтің ізбасарлары жеңіске жететін жақта деп батылдықпен айта аламыз. Шайтан, сен Исадан ұтылдың, сен Одан ұтыласың. Жындар, сендердің жолдарың болмайтындар қатарынансыңдар. Зұлымдық әлемнің жүйесін бүлдіріп, сен құлап жатасыз. Біарақ жарық әрдайым қараңғылықты жеңеді.
Бұл үшінші суретті, Исаның адамға деген қарым-қатынасын біз қалай қорытындылаймыз? Исадағы өмір барынша мағыналы, қанағаттанарлық, орындалған мол ӨМІР.
Сіз Мәсіхтің шынайы ізбасарысыз ба? Сізге берілген ӨМІРДІ сүріңіз. Сол бағытта қалыңыз. Алға!
Егер сіз Мәсіхті қаламасаңыз, өзіңіздің иеңіз – қараңғылықты қарсы алыңыз. Міне, сіздің болашағыңыз – күнәнің құлы. Рухани қайғылы оқиға. Қазіргі уақытта, осылардың ешқайсысы сізге әсер етпей, егер бұл жаман жақтан жақсы жаққа ауысатын және Мәсіхке сенім артып күнәларыңды кешіруін сұрауға болып, жаңаша ӨМІР сүруге ниет болмаса, онда не айтарымды білмеймін. Өркөкіректігіңізді шетке койғаныңыз абзал, сіз басқалар секілді күнәкар екеніңізді Құдаймен мойындап және Ол ұсынып тұрған құтқарылудың тегін сыйын қабылдау өте маңызды.
Сонымен, бұл Жоханның Иса туралы айтқан кіріспе сөзі – осы бес аяттың дәл өзі.
Ендігі қадам өандай? Исаның соншалықты керемет суреттерін көргенде, олармен не істеуіміз керек?
Менің досымның жауабы бар. Оның қауымында бір жігіт өте ауыр қылмыс жасап, түрмеге отыруға тура келді. Менің досым оны түрмеге жабудың алдында оған барып былай деді: «Сіз таңертең түрмеде ұйқыдан тұрғанда, сенің ойыңдағы үлкен нәрсе сенің түрмеге жабылғаның болмауы керек. Сенің ойыңдағы ең үлкен нәрсе – Иса Мәсіх болу керек. Ия, бұл жігіт қиын тағдырға тап болды. Себебі Иса әрқандай қиындықтардан да үлкен және өмірде басым және үлкен нәрсе болуға лайық.
Бұл біз үшін де қолданылатын нәрсе. Таңертең оянғанда, ойымыздағы үлкен нәрсе біздің резюме, отбасымыз, проблемаларымыз, қауым, қызметіміз немесе басқа нәрсе болмауы керек.
Иса соншалықты ғажайып, керемет, күшті, таңқалдыратыны соншалықты, біз Оны қастерлей отырып біздің ең бірінші таңертеңгі мекендейтін жеріміз қылып құрметтеу керекпіз. Ол біздің ойлануымызға, мадақтауымызға, құрметімізге, қастерлеуімізге лайық және Ол біздің көретін әр проблемадан жоғары. Келіңіздер, осы аптада Иса Мәсіхтің жолымен жүріп, оның қасынан өтіп кетпейік.