Сұрақтар – маңызды.
Құдайдың біздің отбасымызға Өзінің қашан араласқаны жайлы сұрақ түсетін болса, онда сенуші көрші адамның анама бір сұрақпен келген күннен бастау алғанын айтуға болады.
Ол кісі кетісімен, анам ас ішетін бөлмедегі үстелге отырып, басын қасыды да, былай деп дауыстап сұрады: «Неліктен ол мұны сұрады? Ол мұнымен не айтқысы келді? Таңғаларлық нәрсені сұрады!».
Бұл сұрақ анама, алдын ойланбаған сұрақтарды өзіне қоюына мәжбүрледі.
- Біздің отбасымыздың рухани жағдайы әлсіреген болуы мүмкін бе? Осы қарапайым сұрақ, менің отбасымның жалғыз Мәсіхке деген сеніммен өмір сүріп, құтқарылу жолының басталуына алып келді.
Әлем тарихындағы ең ұлы ұстаз – Мәсіх жайлы айта кететін болсақ, Ол адамдарға көптеген осындай сұрақтарды қойды. Өте көп сұрақтар. Мен олардың 135 іздеп таптым. Мүмкін сіз оданда көбірек таба аларсыз.
Мынаны түсініңіз: егер әлем тарихындағы Ұлы ұстаз сұрақтар қойған болса, осыдан бізге алар сабақ бар екеніне сенімді болыңыз: Ұлы ұстаздар әрқашанда өздері ғана сөйлей бермейді. Ұлы ұстаздар шын мәнінде әрқашан басқалар не ойлайтынына назар аударады. Ұлы ұстаздар тыңдау дағдысының құндылығын меңгеріп алған. Олар адамдарды бір сілкіп алу үшін, олардың жүректерінде не бар екенін көрсету үшін, ойландыру және тереңірек зерттеп, күнәларын әшкерелеу үшін, адамдарды сенімге әкелуге үміттеніп, Құдайға ұнамды өмірге және тиімді қызмет етуге үйрету үшін ең мықты құралы ретінде сұрақтарды қолданады.
Қәзір Ишая пайғамбардың мысалын алып қараймыз. Сізді ирелеңдеуге мәжбүр ететін оның сізге арнаған 3 мықты және ауыр сұрақтары бар. Сіз сол сұрақтарға жауап беруіңіз қәжет болады.
Ишая пайғамбардың жазбасына назарыңызды толық аударыңыз, сонда ол сіздің рухани өміріңізде маңызды ота жасай алады.
Осы жайтты толық түсіну үшін, Ишаяның көз қарасымен қарау қәжет болады.
Яһудилер Мысырдан Исрайл еліне б.з.д. 1400 жылы келді.
Ешуа Нұн кітабы – жеңістер уақыты. Сол уақыттағы олардың қадам сайын соғыстан соң соғысты жеңіп, ақырындап жердің үлкен бөлігін иемденген кездегі жеңістері.
Ал Билер кітабын оқығанда Исрайл халқының жеңілісін көреміз. Олар Құдайдан бас тартып, өз білгендерін істеп, соның нәтижесінен өздері опық жеп жеңіліске ұшырады.
Бірақ содан соң Сауыл, Дәуіт және Сүлеймен патшалар кезінде монархия пайда болды. Еврейлер сол Көне Өсиеттегі Дәуітпен Сүйлейменнің патшалығына қарап тамсанады. Исрайл – әлемдік мықты патшалық болатын. Барлық жерде өркендеу мен ұлттық бірлік болып, жігерлендіруші жетекшілер мен әлемдік сыйластық күшті еді.
Забур жырлары, Нақыл сөздер, Уағыздаушы, Сүлейменнің таңдаулы әндері сол уақыттарда жазылып, кейінгі ұрпақтарды жарылқап баталады.
Дегенмен, мұндай даңқ көпке созылмады. Сол жылдардағы атақ-даңқ ұзақ және ақырындап ыдырауымен жалғасын тапты. Елдің ұлттық бірегейлігі жоғалып, ел екіге бөлінді. Сол екі патшалық әскери, мәдени және экономикалық қарым-қатынаста құлап барды. Осының барлығы олардың рухани құлауынан басталды.
Сол атақ-даңқты жылдардағы барлық жарылқауды ел дұрыс пайдалана алмады деген әсер қалыптасады. Құдайдың жаудырған жарылқауларына алғыс білдіру орнына, Израиль Құдайдан теріс айналды; өздерінің әлсіздіктеріне көңіл бөлмегентіктен, менмендік және күнә оларды баурап алды.
Құдайдың халқы күнәні қалағандықтан, Құдай оларды соған батуға жол берді. Нәтижесінде рухани шіру екі елде де тарап кетті. Бірақ Құдай оларға пайғамбарлар жіберіп, оларды жақындап келе жатқан сот жайлы қайта-қайта ескертіп отырды. Солардың бірі Ишая пайғамбар еді.
Ишая 1:2-4
Көк пен жер, ден қойып тыңдаңдар, Жаратқан Ие сөйлеп тұр. Ол былай дейді: «Мен балалар асырап алып, өсірдім. Алайда олар Маған қарсы шығып, бас көтерді. 3Әр өгіз өз қожайынын таниды, есек те иесінің жем салатын астауын біледі. Бірақ Исраил Мені танымайды: меншікті халқым Менің кім екенімді ұқпайды!».
4О, күнәкар ұлт, мойнында ауыр кінәсі бар халық, зұлымдардың тұқымы, азғындыққа салынған ұрпақ! Мен Жаратқан Ие, Исраилдің Киелі Құдайы болсам да, олар Мені менсінбей, бас тартып, сырт айналып кетті!
Назар аударыңыз, Құдай халқы: сіздер дұрыс емес нәрселерге сенесіз! Құдай оларға ұлы сүйіспеншілікті, ұлы жарылқауды көрсетті. Бірақ олардың жүректері Құдайдан алыс болып, шет елдік патшалардан пана іздеді. Олар өзге тәңірлерге сенім артып, пұтқа табынушылыққа әкеп соқты. Олар өз күштері мен жоспарларына сенді. Сонымен қатар, өздерінің бұрыс жетекшілеріне сенім артты.
Сонымен, Ишая аудиториясымен біздің бәрімізді не ортақтастырады? Барлығы! Сол кездегі Израиль халқы қазіргі 21 ғасырды бейнелейді. Біздің әлем де құлдырау үстінде. Өркендеу және атақ даңқ жылдары артта қалды. Біздің Құдайға деген үмітіміз, толығымен басқа нәрсемен ауысқан секілді. Бізде әр түрлі пұтқа табынушылықтар жасап жатамыз. Бізде өзімізге сенеміз. Әсіресе адам ойлап тапқан нәрселерге. Бізде сенімге лайықсыз жетекшілерге үміт артып кетеміз.
Қазіргі құлау кезінде, көптеген сенушілер қалай өмір сүру керектігін түсіну үшін Ишая және Ескі Келісім кітаптарына жүгінетіндігі таңқаларлық емес.
Сонымен өзінің және біздің аудиторияға Ишая кітабынан 3 сұрақ туындайды. Өтініш қауіпсіздік белдігін тағып, қорғаныш дулығаңызды киіп алғаныңызға көз жеткізіңіз. Себебі Ишая сұрақтарын жүрегіңізге дәл қадайын деп тұр. 3 сұрақ. Өзіңізді қолға алыңыз.
Сұрақ 1. Ишая 40:25
«Сендер Мені кімге ұқсатасыңдар, Кіммен Мені салыстырасыңдар?» – деп сауал қояды Киелі Құдай.
Сіз, Құдайдың ұлылығын түсінесіз бе? Оны өзге нәрселермен салыстырып, Оны қорламаңыздар! Айтып жеткізе алмайтын! Бірегей! Қайталанбас! Бізден үстем тұратын, және әрқандай түсінігімізден де жоғары!
Мені балалармен «Сұрақ және жауап» уақытын өткізуге шақырған кезде, әрқашан «Құдайды кім жаратты?» – деп әлдекім сұраушы еді. Сол кезде мен, Құдай мәңгі, деп түсіндіруге тырысатын едім. Жауап беріп болған соң, көптеген қадалған көздер қарап тұрушы еді. Келесі «сұрақ және жауап» уақыты болған кезде маған тағы да осы сұрақ берілетінін түсінемін. Себебі мәңгі болуды түсіну оңай емес. Бірақ, Құдайды өз санамызбен шектеп қоймас үшін бізге өте сақ болу керек.
Біздің Құдай жайлы ойымыз жай ғана пенделік ой екенін айтқан Мартин Лютер еді. Пенденің ойлары жеткілікті дәрежеде ұлы емес. Кім кішкентай ғана Құдайды қалайды? Кішкене құдайша не нәрсеге қажет?
Сіз қол іздеріңізді терезе әйнектерден, компьютер және смартфон экрандарынан жиі сүртуден шаршаған боларсыз. Олар бізге кедергі жасайды. Ал Құдай Өзінің қол іздерін, біздің барлық нәрседе көргенімізді қалайды. Керемет таңсәріде Құдай қолын іздеңіз. Таңғажайып ағаш және өсімдік – Оның қолынан шыққан жаратылыс. Айнадан көріп тұрған бейнеде де Оның қолының іздері бар.
Бір кездері Құдайдың жөргегін ауыстырған ананың бар болғаны жайлы ой бізді таң қалдырмайды ма? Ғибадатханада көптеген елдің ұлы ұстаздарымен ой алысып отырған бала денедегі Құдай екендігі таң қалдырмайды ма? Мен Құдаймен бірге кешкі ас іштім деп айта алатын адамдар бар болғаны жайлы ойлап көріп пе едіңіз? Адам денесіндегі Құдай? Толықтай адам? Толықтай Құдай? Ол көкте билік жүргізе тұра, адам денесінде келіп Өзін шектеді ме? Осындай ойлар арасында адасып кетуге болады. Исаға сенім артқандықтан енді сіз Құдайдың жеке меншігіне айналғаныңыз ең таңғалдырарлық дерек болып табылады. Құдай мені иемденгісі келеді ме? Мені? Менен бір нәрсе қалаудың Оған не керегі бар?
Мені жаман ойларға берілуден сақтайтын нәрсе, менің Құдайға тиесілі екенімді үнемі еске алу. Менің не ойлап, не айтып, не істеп жатқандығым қожайыныма бақыт сыйлайды ма? Жақында осы сұрақтар мені көптеген мойындаушылық арқылы қуанышқа бөледі.
Менің Иеме болу, егер Мәсіхке сенім артқан болсаңыз, сіздің де Иеңіз болу үшін Ол қандай құн төледі? Біздің бағамыз қандай болды?
Біздің орнымыздағы Исаның айқыштағы өлімі. Құдай мен үшін сондай қымбат құн төлеген болса, менің Құдайға тиісті екеніме немқұрайлы қарамауым керек шығар.
Әкем екеуміз бір уақытта Мәсіхті қабылдадық. Бізге Киелі кітаптан уағыздар тыңдаған өте ұнайтын, бірақ мадақтау әндері ұнамағандықтан уағыз басталар кезде баратынбыз. Өмір қысқа. Қажет емес нәрселерді тыңдап уақытымызды не үшін жоғалтуымыз керек?
Біз мадақтау әндеріне менсінбей қарадық. Ол адамзат ақылына сыймайтын, Ұлы, Даңқты Құдайға табыну екендігін түсіну үшін көп уақыт кетті. Біз оны түсінген сәттен бастап, қауымға мадақтау басталмас бұрын келіп отыратын болдық.
Иеміздің ұлылығын ұғыну үшін Шежірелер туралы бірінші жазба 29:11-13 аяттарға назар аударғандарыңызды қалаймын.
11 Уа, Жаратқан Ие, Саған тән – ұлылық,
Құдірет, салтанат, жеңіс пен нұрлылық!
Меншігің – көк пен жердегілер барлық!
Һәм Сенікі, уа, Иеміз, патшалық
Әрі баршаға деген басшылық!
12 Дәулет пен құдіреттің көзі Сенсің,
Бүкіл әлемге билік жүргізушісің!
Бәрін жоғарылатып, күшейтетін
Құдірет пен билік қолыңда Сенің.
13 Сонымен енді, я, Құдайымыз,
Саған шүкіршілік айтудамыз,
Ұлы атыңды мадақтаудамыз!
Сіздің Киелі кітабыңызда бұл аяттардың астын сызып қойдыңыз деп үміттенемін. Мен өз жүрегім мен ойымда Құдайды даңқтағым келгендіктен бұл аяттарды жаттап алдым. Сізде осылай жасағыңыз келетін шығар. Не деген Құдайдың даңқты бейнесі! Сіз осындай Құдайға табынасыз ба?
Киелі кітаптан керемет аят қалайсыз ба?
Забур жыралары 113:16
Өлі пұтты жасаған пенде соған ұқсайды,
Мүсінге сенген әркім де содан аумайды.
Бұл аятта өз құдайларын жасап алатын адамдар жайлы жазылған.
Бұл аят не жайлы айтады? «Сіз табынып жүрген нәрсеге ұқсайтын боласыз». Егер сіз атлеттерге табынатын болсаңыз, спорт және жеңістер сіз үшін маңызға ие болады. Сіз рок жұлдыздарға табынатын болсаңыз, олардың құндылықтарын қабылдай бастайсыз. Егер сіз ақшаға табынсаңыз, қызғаншақтығыңыздың қаншалықты көбейгендігін бақылайсыз. Егер сіз жалғыз шынайы Құдайға табынсаңыз, Оған ұқсайтын боласыз.
«Біздің кім екеніміз және немен айналысатынымыз, кімге табынатынымызға байланысты.»
Бұл дегеніміз сіздің табынуыңыз – Мәсіхке деген ұқсастығыңыздың маңызды өлшемі болып табылады. Бұл дегеніміз қауым ішіндегі жұмыстарға қарағанда, қауымдағы табыну уақыты маңыздырақ деген сөз. Біз не нәрсеге табынып жатқанымызға сақтықпен қарауымыз керек.
Құдайға назар салыңыз. Ойымызға тек бір нәрсе ғана келеді – «ТАҢЫРҚАУ». Оның Ұлылығына таңырқанамын. Оның бізбен қарым–қатынаста болғысы келетініне таң қаламын.
ҚҰДАЙ ҰЛЫЛЫҒЫН КӨРІҢІЗДЕР! Оның ұлылығына көз салыңыздар! Таңырқап қараңыз!
Қауымдық отбасындағы табыну уақытының маңыздылығы, сіздің апта бойы табынуыңызды жалғастыруы қәжет. Егер Құдай сондай керемет болса, қажетсіз дұғалардан аулақ болайық. Батыл, албырт, өрескел дұғалармен мінәжат етейік. Құдайдан тауды қозғалтуды сұраңыз. Сіз сенім артып отырған Құдіретті Құдайға бүкіл өміріңізді сілкіп алуды сұраңыз. Міне енді сіз Онымен шынайы түрде сөйлесіп тұрсыз.
Ишаяның тыңдармандары сияқты, сіз бен бізде де таңдау еркіндігі бар.
Біз жан күйзелісті, опатты және зұлмат жаңалықтарға өз-өзімізді құртуға жол береміз. Немесе… Біз алдағы сынақтардың бүкіл кезеңінен теңдесі жоқ Құдайдың қолдауымен жүріп, Оның біз арқылы іс-әрекетін көруімізге болады. Бұл бірінші сұрақ: Ишая 40:25
Сұрақ 2. Ишая 40:27
Жақыптың әулеті, неге шағым айтасың,
Исраил халқы, неге былай деп налисың:
«Жүрген жолым Жаратқаннан жасырынған,
Мүддем Құдайымның назарынан тыс қалған!».
Бұл мәселе бізге жақсы таныс. Осы мәселе Ишая аудиториясына да тиісті болғанына сенімді болыңыз.
«Құдай, әлем бұрыс бағытқа қарай кетіп барады. Сен сол даңқты жылдар ішінде көп нәрсе жасадың, бірақ енді ештеңе жасамай жатырсың. Сен не ұйықтап қалдың ба? Қызығушылық жоғалды ма? Бізге деген көзқарас түбегейлі өзгерді ме? Ол жақта немен бәнт болып жатырсың?»
Өміріңізде дұғаларыңыз Құдайды оятып жатқандай секілді болдыма? «АЛЛО, Құдай! Мені ұмытып кеттің бе? Менің дұғаларым Саған жетіп бармай жатыр ма? Мені тастап кеттің бе?»
Забур жырлары 85:6 аят тәубе етілмеген күнәлар жауапсыз дұғаларға алып келуі мүмкін деп көрсетеді. Бірақ бұл жалғыз себеп емес. Тағы бір аятты қарау үшін Елшілердің істері кітабы 24 тарауға назар аударсақ. Сол мені әрқашан осы жайлы ойланғанда таңқалдырады.
Елшілердің істері 24:24
Бірнеше күннен кейін Феликс Друзилла есімді яһуди әйелімен қайтып келді де, Пауылды шақыртып алып, Мәсіх Исаға сену туралы айтқандарын тыңдады.
Пауыл – түрмеде. Сол кезде Феликс есімді кісі басқарушы. Феликс әлденеше рет Пауылды өзіне шақыртып отырды және Пауылдың не жайлы айтқанын өзіңіз түсініп тұрған боларсыз.
25Бірақ Пауыл әділдік, ұстамдылық және болашақ қиямет соты туралы айта бастағанда, Феликс үрейленіп: «Енді бара бер, реті келгенде, сені тағы шақырып аламын», – деді.
Пауыл шындық және Құдай алдындағы жауапкершілігі жайлы айта бергенде Феликс өзін жақсы сезінбеді. Өкінішке орай, Феликстің тәубе еткендігі жайлы ақпарат жоқ. Мынаны ойлап қараңыз: Феликсті әлемдегі мәсіхшіліктің екінші ұлы ұстазы жеке оқытып жатыр. Өкініштісі, Феликс Исаны қабылдамады, бірақ Пауылдың сабағы оны үрейлендірді.
26Ол өзін босату үшін пара берер ме деп үміттеніп, Пауылды жиі-жиі алдыртып, сөйлесіп отырды.
Феликс Пауылды босату үшін пара алуды қалағаны шындық, бірақ олай болмады. Ал енді қорытынды аятқа келеміз.
27Екі жылдан кейін әмірші Феликсті Порси Фест ауыстырды. Яһудилерге жағынғысы келген Феликс Пауылды түрмеден шығармай кетті.
Пауыл 2 жыл түрмеде? Пауылдың 2 жыл ішінде қамақханадан шығып Феликске ізгі хабар айтып, соңынан және қамақханаға қайта оралғаны ғана бізге белгілі. 2 жыл? Құдай осы жайлы не ойлайсың? Сен Пауылға – бүкіл мәсіхшілік тарихындағы ұлы ойшылы, ұлы Киелі кітап жазушысы, ұлы ізгі хабар таратушысы, ұлы қауым бастаушысына 2 жыл түрмеде шіруіне жол бердің бе?
Егер шындықпен қарайтын болсақ, Пауылдың күнтізбесіне сіз жауап беретін болғанда, сіз оның үлкен танымалы елдерді аралап шаршап құлап қалғанша, күн демей түн демей ізгі хабар таратқанын мақұл көретін едіңіз. Бірақ Құдай оны 2 жыл аралығында көбінше бос уақытымен түрмеде ұстады.
Адамдар қабылдағысы келмейтін Құдайдың ақиқатына қош келдіңіз. Бұл ақиқат – «Құдайды күту бөлмесі» деп аталды.
Сіздің ойыңызша 2 жыл аралығында Пауыл Құдайды ұйықтап қалды деп ойлады ма? Жаратылыс кітабындағы түрмеде болған Жүсіп ше, шөл далада 40 жыл жүрген Мұса немесе Киелі кітаптағы бізге белгілі кез келген танымал тұлғалар ше? Әрине ЖОҚ! Құдай ешқашан біз жайлы ұмытып, тастап кетпейді. Бірақ! Сіздің рухани өміріңізде, өзіңізге ұнамаса да, осы «Құдайды күту бөлмесі» уақыты болады.
Менің мәсіхшілік өмірімдегі ең жаман және бұрыс іс әрекеттер Құдайды күту бөлмесінен Оның шығуға руқсат бермесінен бұрын шыққан кездерімде болды. Құдай мені ұмытқанына сенімді болып, тағдырымды өз қолыма алып, қаншама қателіктер жасадым.
Ишая тыңдармандарының кейбіреулері, Құдай бізді ұмытты деп ойлап, Құдайдан алшақтап, құлай бастағанына сенімдімін.
ҚҰДАЙ ЖАЙЛЫ ДҰРЫС ЕМЕС ОЙЛАП, КҮНӘҒА БАТПАҢДАР! Оның біздің өмірімізге арналған күнтізбесі – сіз бен біздің жоспарлаған күнтізбеміз емес. Бірақ бір нәрседе сенімді болыңыз – егер Исаға өзіңіздің құтқарушыңыз ретінде сенім артсаңыз, Құдай – біздің мүлтіксіз Әкеміз, Өзінің уәдесіне берік.
«Құдайды күту бөлмесіндегі» уақытты, Құдайдың сізді ұмытқаны деп ойламаңыз. Ол сізді тастап кетпейді. Тек қана Құдайды күту қәжет.
Бұл екінші сұрақ болатын. Ишая 40:27
Жақыптың әулеті, неге шағым айтасың,
Исраил халқы, неге былай деп налисың:
«Жүрген жолым Жаратқаннан жасырынған,
Мүддем Құдайымның назарынан тыс қалған!».
Сіздің жолыңыз ешқашан Құдайдан жасырын болмайды. Құдай Өз балаларына жауапкершілікпен қарайды. Уақыты келгенде Оның шынымен барлығынан хабардар болғанына көз жеткізетін боласыз.
Сұрақ 3. Ишая 40:28
Сен мынаны естіп, білмеуші ме едің:
Мәңгілік Құдай – сенің Жаратқан Иең,
Шексіз зор даналығы Өзінің,
Ол жаратты жердің түпкір-түпкірін!
Ешқашан Құдай шаршап-шалдықпайды.
Құдай шаршайды ма? Немесе ол ақыл-есін жоғалтады ма? Мүмкін Оның тиімділігі тозды ма? Мүмкін Оны тот басқан шығар? Немесе есін жоғалтумен қатар Оған ақыл-ес жетпей қиналатын шығар?
Осылар жайлы ойлап қараңыз. Сіздің киіміңіз тозады. Дәрілердің төзімділік мерзімі бар. Қабырғадағы бояу ескіреді. Мәшинеңіздегі шақырым көрсеткіші үлкендігі сонша, сізге оны жаңасына айырбастайтын уақыты жетеді. Бізге белгілі нәрселердің барлығы тозады, бұзылады, тиімділігі төмендейді, шіриді, тот басады және т.б.
Кез-келген жетекші өміріне қараңыз, өзіне берілген қызметін қабылдаған кездегі, және оны тапсырған кездегі жағдайларын байқаңыз. Ол қалай қартайғанын қараңыз.
Ал Құдай ше?
Еврейлерге арналған хат 13:8
Иса Мәсіх өткенде, қазір және болашақта мәңгілік Өзі болып қала береді.
деп жазылған.
Қабылдауға қиын соғатын тағы бір ой. Айнаға қараңыз. Сіздің жасыңыз қаншада екеніне қарамастан, сіз қартайғансыз. Жаратылыстан бері Құдай мүлде қартайған емес.
Қуатыңыздың өлшемі жайлы ойланып көріңіз. Кейде өзіңізді мықты немесе әлсіз сезінесіз. Ал Оның қуаты ешқашан сарқылмайды.
Сізде жағымды және жағымсыз күндер болады. Оның барлық күндері – керемет.
Ишаяның тыңдармандарын есіңізге түсіріңіз. Оларға Құдай даңқты кезде өте мықты болды, ал ел құлаған кезде Ол әлсіреп қалды деген азғыру ойлары келді ме? Израил тарихында Құдай ешқашан өзгерген емес. Сол сәттен бастап бір тамшыдай да өзгерген емес.
ҚҰДАЙ ЖАЙЛЫ ДҰРЫС ЕМЕС ОЙЛАП, КҮНӘҒА БАТПАҢДАР!
Ұлылыққа ие Құдайды қабылдаңыз.
Үш сұрақ:
- Құдай біреумен немесе бір нәрсемен салыстыруға келеді ме?
- Құдай ұмытшақ болып әлде ұйықтап қалады ма?
- Құдай қартайып немесе тозады ма?
Бұл сұрақтар құлдырауға ұшырап жатқан елдерге арналған еді. Бұл сұрақтар бүгінгі күнде бізге де қатысты. Сонымен қалай болады? Осы сұрақтар мен не істеу керек? Бір сәт күте тұрыңыз. Енді түсінікті бола бастады – жағдай жақсарып келеді. Сіз бұл сұрақтарға дұрыс жауап бере бастадыңыз.
Енді Ишая 40:31 аяттың мағынасы тереңірек ашылады.
Ал сенім артқандар Жаратқан Иеге
Жаңа күш-қуатты иемденеді де,
Қырандай қанаттарын жайып кеңістікке
Самғай жөнеледі, алайда талмайды,
Жүре береді, бірақ еш болдырмайды.
Ишая пайғамбардың кітабынан қандай да бір аят жаттап алған болсаңыз, сол аят осы болар. Себебі бұл уәде. Осы Ұлы уәде қазіргі әлем сияқты құлдырауға ұшырып жатқан елге арналған.
Тағы да қараңыз: «Құдайға сенім артыңдар». Қандай Құдайға?
1-ші сұрақта айтылатын – Ұлы, теңдесі жоқ, сіздің барлық табынуыңыз бен құрметіңізге, бағышталуыңыз бен мойынсұнуыңызға, бүкіл өміріңізді арнауға лайықты Құдайға сенім арту.
2-ші сұрақта айтылатын, сізді жоғалтып алмайтын және нашар күндері жоқ Құдайға сенім арту. Өзінің мақсаты үшін, сізді көп жылдар бойы болса да «Құдайды күту бөлмесі»не салатын Құдайға сенім арту.
Сонымен қатар, 3-ші сұрақта айтылғандай еш өзгермейтін, Оған әрқашан сенім артуға болатын, сенімді де, адал Құдайға сенім арту.
Сонымен, осы құлдыраған әлемде жалғыз Оған үміт артатын Құдай. Егер біз сол Құдайға сенім артсақ не болады?
(Құдайға сенім артатындар) жаңа күш-қуатты иемденеді де, Қырандай қанаттарын жайып кеңістікке, Самғай жөнеледі, алайда талмайды, Жүре береді, бірақ еш болдырмайды.
Әлсіз құдай бұлай жасай алмайды. Сізді жоғалтып алатын құдай олай істей алмайды. Өз күшін жоғалтатын құдай олай істей алмайды.
Тек Киелі кітаптағы шынайы Құдай ғана осыны жасай алады.
Ишая пайғамбардың кітабының 40 тарауынан үйренетін сабағымыз осы.
Осы тарауда айтылғандардың мағынасы;
Тыңдаңыздар! Бұл ұлы! Құлдырап жатқан әлемде сенушілер күшін жаңарта алады. Егер әлем астан-кестен болып жатса да, қыран құстай қанат жаятын боламыз. Адамдар жан күйзелісінде жүрсе де, біз тұңғиыққа батпаймыз. ҰЛЫ ҚҰДАЙҒА сенім артқандықтан, мұқтаж адамдарға тиімді көмек көрсете алу үшін, өзіміздің жабырқаңқы жағдайымыздан қайта бой көтеріп, қалпымызға келе аламыз.
Болмашы құдай бұндай нәрселер істей алмайды. Немқұрайлы қарайтын құдай осылай істей алмайды. Көнерген құдай бізге көмек көрсете алмайды. Бірақ Ұлы Құдай осылай істей алады.
Егер сіз Ишая кітабындағы сұрақтарға дұрыс жауап берсеңіз, сіздің сыйыңыз 31 аятта берілген уәде болады. Киелі кітаптағы шынайы Құдайға үміт артып, сізге мұқтаж осы әлемдегі адамдарға қызмет етіп жүрсеңіз, алдағы жыл сіз үшін тиімді әрі жарылқанған, өміріңіздің керемет жылдары болуы мүмкін.
Құдайға тағзым етіп, Оны қастерлейтін, Оған лайықты құрметті көрсететін уақыт келген сияқты?
Құдай жайлы пенденің бұрмаланған түсінігін ысырып қойып, Киелі кітаптағы шынайы Құдайдың ұлылығын көретін уақыт келді!