Қайта тірілу
Мәсіхшіліктің басты негіздерінің бірі болып табылады.
Біз осы тақырыпқа мұқият ден қойып қарауымыз керек.
Біз оның мәнін және маңыздылығын түсінуіміз керек.
Бұл өмірімізді өзгертеді.
Бастау үшін анық болу керек жайт: қайта тірілу
болды ма? Бұған дәлелдер қайда?
Қайта тірілу орын алғандығының №1 дәлелі:
Бос қабір.
Лұқа жазған Ізгі хабар 24:2,3 Сонда жеткенде олар үңгір аузындағы дәу қақпақ тастың домалатылып, былай қойылғанын көрді. 3Ішке кірген әйелдер Иеміз Исаның сүйегін таба алмады!
Егер Исаның денесі қойылған қабір бос болса, денесі қайда?
Әзәзіл шайтан Қайта тірілудің аса маңызды екенін білгендіктен, дененің жоғалуын түсіндіру үшін көптеген теорияларды ойлап тапты.
Бәлкім, Иса айқыш ағашта тек естен танып қалған ғана, шынында ешқашан өлмеген де шығар?
Жохан жазған Ізгі хабар 19: 32,33 Сонымен жасақшылар келіп, Исамен бірге шегеленген екі кісінің аяқтарын сындырды. 33Алайда Исаның қасына келіп, Оның өліп қалғанын көрген соң, олар Оның аяқтарын сындырған жоқ.
Римдік сақшылар, өз қалауы бойынша, Иса айқышта тұрған кезде Оның аяқтарын сындырмады, өйткені олар сол кездің өзінде-ақ Оның өлі екенін көрді.
Бұл теорияны сызып тастаңыз.
Исаның шәкірттері денені ұрлап кеткен «бос қабір теориясы» туралы не деуге болады? Яғни, сенің пайымдауынша, Исаның шәкірттері, күзетші болған рим әскерлерін асыра алды және тасты, өте үлкен тасты өз күшімен жылжытты? Шәкірттер жақсы жаттыққан рим сарбаздарын жеңді?
Бұл теорияны сызып тастаңыз.
Енді, яһудилердің дінбасылары денені ұрлап алды деп ойлайық.
Бірақ, әрине, олар денені ұрлап кеткен болса, онда олар оны көрсетуге және оны жариялауға талпынар еді.
Мәсіхшілік – алаяқтық.
Матай жазған Ізгі хабар 28: 11-15 Әйелдер жолда бара жатқанда, күзетшілердің кейбіреулері қалаға кіріп, басты діни қызметкерлерге болған оқиғаны түгелдей айтып берді. 12Сонда олар рубасылармен бірге жиналып, кеңес құрды. Жасақшыларға едәуір ақша беріп, 13былай деп бұйырды: «Халыққа: «Түнде біз ұйықтап қалғанда шәкірттері келіп, мәйітін ұрлап әкетіпті» деңдер! 14Ал егер бұл туралы қауесет әміршінің құлағына жетсе, біз оны көндіріп, сендерді пәледен құтқарып аламыз». 15Пара алған күзетшілер солардың тапсырғанындай істеді. Содан осы жалған лақап яһудилер арасында күні бүгінге дейін таралуда.
Яһудилердің жетекшілері, жоқ болып кеткен денені басты мәселе деп көрген және олар жауынгерлерге жалған сөз айтулары үшін пара берді.
Шайтанның Исаның денесінің жоғалып кетуін түсіндіру үшін армандаған кез келген теориясын алайық және біз оның, Киелі кітапты мұқият оқып-үйренген кезде, жоқ болатынын көреміз.
Қайта тірілу орын алғандығының № 2 дәлелі:
Куәгерлердің таңқаларлық саны.
Олардың бәріне қараңыз!
Қорынттықтарға арналған 1-хат 15:5а Ол Кефаға, …көрінді
Кефа – яһудилер арасында кең қолданылған арамей тіліндегі Петірдің аты. Петір 12 шәкірт ішінде нағыз жетекші болғандықтан, оның аты бірінші болып айтылғаны таңқаларлық жайт емес.
:5b содан кейін он екі елшінің бәріне көрінді
Келесіде Иса Өз өмірін арнап берген адам тобы айтылғаны тіптен таңқаларлық емес,
:6 Мұнан соң Оны бес жүзден аса бауырластарымыз да бір мезгілде өз көздерімен көрді: олардың көпшілігі әлі тірі, біразы ғана қайтыс болды.
500!
Пауыл жазған кезде 500-ден астамы әлі тірі болған.
Бірақ бірнеше адам қайтыс болды (немесе жұмсақ тілмен сөйлесек – ұйықтап қалған).
500 куәгердің куәліктерін тыңдауды қажет ететін қазылар алқасында отырғыларың келе ме?
№1 куәгер – қайта тірілген Исаны көрдіңіз бе?
Ия.
№33 куәгер – қайта тірілген Исаны көрдіңіз бе?
Ия.
№ 437 куәгер
Сіз қайта тірілген Исаны көрдіңіз бе?
Ия.
500, тым көп емес пе?
Ия, әдетте солай, бірақ Едем бақшасы заманынан бері жер шарында ең маңызды орын алатын, және де адамға жұмаққа жол беретін жалғыз ғана оқиға туралы айтқан кезде емес.
Көптеген куәгерлердің болуы сіздің ісіңізді күшейтіп, бір ғалымды: «Иса Мәсіхтің тән қайта тірілуі – Шынайы тарих деп жазуға шабыттандырады».
:7a Содан кейін Мәсіх Жақыпқа көрінді.
Жақып – Исаның бауыры.
:7b
сондай-ақ барлық елшілеріне көрінді.
Елшілер алғашқы қауымның негізін салуға жауапты.
:8 Бәрінен кейін, дер кезінде жаңа өмірге дайын болмаған мен де Мәсіхті өз көзіммен көрдім.
Пауыл: дер кезінде жаңа өмірге дайын болмаған.
Осы сөз тура мағынада тек аборт немесе өлі туу туралы айтқанда қолданылады.
Бейнелеп айтқанда, бұл қорқынышты немесе тітіркену шақыратын нәрселер туралы айтқанда қолданылады.
Қорынттағы Қауымның Пауыл жайлы ой-пікірі сондай болса керек, себебі олар оның рухани жетекші құқықты болғанына күмәнмен қарады.
Пауыл бір дәрежеде олармен келіскенін айтады.
Исаны қайта тірілгеніне куә болған кең ауқымды адамдар тобына Пауыл кірді.
Қорынттықт. 1-хат 15:11 Мен бе, әлде өзгелер ме, бәрібір, біз жариялаған, сендер сенген Ізгі хабар — осы.
Пауыл мен басқа да ізгі хабаршылардың бәрінде бірдей хабар болды.
Бұл хабар Исаның өлгені мен қабірге қойылып, сонымен бірге Оның қайта тірілгені туралы болатын.
Исаның қайта тірілген денесі – рух емес, « физикалық тұлғадан ажыраған рух-тұлға » емес.
Бос қабір – Оның қайта тірілуі физикалық болғанын білдіреді.
Оның қайта тірілгеннен кейінгі денесін ұстап көруге және танып білуге болатын дене, ол құлыпталған есіктерден өтіп, ішіп-жей алатын еді.
Пауыл көрген Иса – елес емес, бірақ шынында балған жайт деп санады.
Сондай-ақ қайта тірілген Исаны көрген соншама көп куәгерлер санының болуының мақсаты – барлық өтірікшілерді тыныштандыру.
Исаның қайта тірілгенін дәлелдеу үшін №1 дәлелді, бос қабірді, қарастырдық.
Содан соң біз куәгерлердің ұдайы санына, Исаның қайта тірілгенінің №2 дәлеліне назарымызды аудардық.
Сонымен қорытынды жасап, қайта тірілудің орын алғандығының №3 дәләлі: Мәсіхшілердің Иса Мәсіх сияқты болуларындағы өзгерісі.
Жақып
Жақыпты бірінші рет кездескенімізде, ол Исаға аса құрмет көрсетпеді.
Жохан 7:3-5 Сонда Исаның туған інілері Оған:
— Яһудеяға бара бер, сол жердегі шәкірттерің де Сенің кереметтеріңді көрсін. 4Халықтың көзіне түскісі келген кісі істерін жасырмайды. Сен осындай кереметтер істедің, енді Өзіңді әлемге таныт, — деді. 5Себебі өз інілері Оған сенбейтін.
Бірақ Исаның қайта тірілгенінен кейін, Елшілердің істері 1 тарауда, оны қайта кездестіргенде Жақыптың мәсіхші болғанын білеміз, және де ол Иерусалимдегі Қауымның жетекші болғанын көреміз. Бұл өмірдің Мәсіхшілік өзгерісі!
Пауыл
Қорынттықт. 1-хат 15:9 Елшілердің ішіндегі ең лайықсызымын, елші деп аталуға да тұрмаймын, себебі мен Құдайдың қауымын қуғындадым.
Пауыл Исаны жек көрген болатын. Мұны еш жасырмай айтады. Өткен нәрселерді жасыруға тырыспайды да.
Қорынттықт. 1-хат 15:10a Бірақ та Құдайдың рақымымен қазір қандай болсам, сондай болдым. Оның рақымы бойымда бекер болған да емес.
Құдайдың оның өміріндегі істеген әрекетінің арқасында ғана ол Иса Мәсіхтің елшісі. Бұған дау жоқ.
Рақым – лайықты емес өмірге ағылып келген Құдайдың құдіреті.
Пауыл өмірі, әрине, лайықсыз болған, және де ол осыны түсініп риза болды.
Қорынттықт. 1-хат 15:10б Қайта, басқалардың барлығынан көп еңбек еттім, ал шын мәнісінде мен өзім емес, маған жар болған Құдайдың рақымы еңбектенді.
Паул қөп еңбек етті, өте көп күш салды.
Пауыл, елшілердің ішінде бұрынғы өмірі ең жаманырағы болған шығар, бірақ-та Мәсіхке өмірін бергеннен кейін, одан асатындай ешкім қызмет атқармаған болар.
Оның Мәсіх үшін шеккен қайғы-қасіреті туралы жазылған деректер таңқаларлық. Оның Құдай үшін атқарған барлық жұмысы Исаның оның күнәларынан құтқаруын өтеуге жеткіліксіз. Осының барлық істеген қызметі Құдайға деген ризашылығын көрсетеді.
Сіз рақымның :10 3 есе екенін байқадыңыз ба? Неліктен солай? Өйткені, ол сенуші болғандықтан, оның өмір сүру, саяхаттар жасаулары мен жұмысы толық Құдайға тәуелді болған.
Үлкен жетістіктерге толы өмір – тек Құдайдың ол арқылы жұмыс істегенінің арқасында болған. Бұл Мәсіхке ұқсас (Мәсіхшілік) өмірдің өзгеруі!
Айтпақшы, егер бүгінгі күнде сіз өзіңіздің өткен өміріңіз жаман деп ойласаңыз,
Пауыл сізге қалай оны шешу керектігін айтады:
күнәкар екеніңізді мойындап Құдаймен келісіңіз,
Исаны күнәларыңызды кешіретін Құтқарушы ретінде қабылдаңыз, және ризашылық танытып – күш салып Оған қызмет етіңіз.
Енді Қайта тірілу туралы Хабарды жеткізуінің бір жайтын қарастырайық. Қорынт Қауымы.
Мәсіхке келмей тұрған кездерінде Қорынт Қауымындағы адамдар қандай болды?
Қорынттықт. 1-хат 6:9,10 Әділетсіздердің Құдайдың Патшалығынан орын алмайтынын білмейсіңдер ме? Алданбаңдар: азғындар, жалған тәңірлерге құлшылық етушілер, неке адалдығын бұзушылар, нәпсіқұмарлар, еркекжанды еркектер, 10ұрылар, дүниеқоңыздар, маскүнемдер, өсекшілер және тонаушылар үшін Құдайдың Патшалығында орын жоқ!
Бірақ та олар жасаған күнәларына өкініп, Мәсіхтің соңынан ере бастады, Содан кейін не болды?
Қорынттықт. 1-хат 6:11 Бұрын кейбіреулерің сондай болдыңдар. Алайда сендер күнәдан тазардыңдар; енді Иеміз Иса Мәсіхтің атына сиынып Құдайымыздың Рухы арқылы Оның қасиетті халқы болып, ақталдыңдар.
Олар Исаның Ізгі Хабарын қабылдады.
Олар Ізгі Хабарда тұрды.
Олар Ізгі Хабар арқылы құтқарылды.
Өлген Құтқарушы ешкімге көмектесе алмайды. Олардың өмірлерінің түбегейлі өзгеруі Исаның тірі екенін дәлелдейді.
Бұл туралы ойланып көріңізші. Иса айқыш ағаш не үшін қажет деп айтты? Ол біздің күнәларымыздың құнын өтеп, біз күнәларымыздың кешірілуі мен жаңа өмірге ие болуымыз.
Біздің алдымызда Қорынтта өмір сүрген топ адамы бар: кеше ғана азғындар, неке адалдығын бұзушылар, ұрылар, алаяқтар, маскүнемдер, өсекшілер, бірақ қазір олар, осы хаттың басында, қасиетті деп аталатындар. Олардың өмірінде күрт өзгеріс орын алды.
Олар қазір мүлдем жаңа жолда жүр.
Олар Құдайдың отбасы деп аталатын жаңа отбасының бір бөлігі болды.
Олар Қауым деп аталатын жаңа ұйымның белсенді мүшелері.
Олар ғибадат етудің (табынудың) құндылығы мойынсыну, дұға ету, беріп бөлісу және қызмет ету сияқты жаңа керемет шындықтарды үйренуде.
Айқыш ағаш/Қайта тірілу өз жұмысын атқарады.
Біз оған сенімімізді артқан кезде айқыш ағаш/Қайта тірілу нәтиже береді.
Әр мәсіхші – Айқыш ағаш/Қайта тірілу жұмысын атқаратыны туралы жүретін жарнама.
Қорынттықт. 1-хат 15:1a Ал енді, бауырластар, мен сендерге уағыздаған Ізгі хабарды тағы да естеріңе салғым келеді.
Ол не айтады? Ол оларға осы хатта бөліскісі келген бұрын оларға келген уақытта айтқан сол нәрселер болатын.
Мұнда жаңа еш жаңалықтар жоқ. Оның жеткізгісі келген хабары, оларды бетпе-бет кездестіргеннен кейін, сәл болса да өзгермеген.
Шындық әдемілеуді қажет етпейді. Оны жаңарту да қажет емес.
Оның хабарының бұрын өмірді өзгертетін күші болды. Оның хабарының қазір де өмірді өзгертетін күші бар. Оның хабары өмірді өзгертетін күші болды келешекте де болады. Оны бұрмалауға тырыспаңдар.
Осы дәлелдерге назар аударыңыз. Оларды зерттеп шығыңыз. Оларды сынап көріңіз. Олар негізді. Біздің көңіліміз олардан түспес. Біз жеңіске жеттетін жақта тұрмыз. Бізде достарымызға ұсынатын негізгі нәрсе бар.
Пауыл Иерусалимнен сонау Қорынтқа дейін жолды жүрді,
және де ұшақпен емес, осы Ізгі Хабарды жеткізу үшін. Көрші тұратын адамға Иса туралы хабарды қаншалықты жігермен айтасыз?
Жарайды. Қайта тірілуге көптеген дәлелдер бар.
Бірақ ……
Қайта тірілу неліктен маңызды?
1. Исаның қайта тірілуі – Исаның билігінің негізі болып табылады.
Римдіктерге хат 1: 1-4 Иса Мәсіхтің қызметшісі Пауылдан дұғай сәлем. Мәсіх мені елші болуға шақырып, Құдайдың Ізгі хабарын жариялауға бағыштап тағайындады. 2 Осы хабарды жіберемін деп Құдай ежелде Өзінің пайғамбарлары арқылы Киелі жазбаларда уәде берген болатын.
3 Бұл Ізгі хабарда Құдайдың рухани Ұлы туралы сөз болады. Ол адам ретінде Дәуіт пайғамбардың әулетінен шыққан еді. 4 Ал Оның құдайлық қасиетіне келсек, Құдай Оны қайта тірілтуі арқылы Өзінің рухани Ұлы екенін зор құдіретпен дәлелдеді. Ол — Иеміз Иса Мәсіх.
Егер қайта тірілу ешқашан болған емес болса, онда бұл мүмкін
Жүсіптің ұлы Иса үшін еске алу қызметі болар еді, бірақ сіз және мен ол туралы ешқашан естімеуші едік.
Киелі кітаптың бұл үзіндісінде басқаша айтылады. Оған бар назарыңызбен қараңыз.
Бізге, осы Сөз үзіндісінде, Исаның Қайта тірілуі арқылы Құдайдың рухани Ұлы жасалғаны туралы айтылмаған. Ол әрқашанда Құдайдың Ұлы болатын, сондықтан да Қайта тірілу осыны мүлдем өзгерткен жоқ.
Ол Өзінің рухани Ұлы екенін зор құдіретпен дәлелдеді (жариялады). Қайта тірілу арқылы Иса ерекше орынға ие болды. «Жер мен аспанды анық ажырататын горизонт сызығындай, Қайта тірілу Оны Жер шарында мекендеген басқа адам баласынан, қандай да бір басқа тәлім берушіден немесе дінбасы адамнан ажыратып, бөліп тұрады». Қайта тірілу Оны мүлдем басқа санатқа көтереді.
Оның жерде болған 33 жыл бойы, ол күшін қолданбады. Ол көшелермен жаяу жүріп, Ол жарқырамады. Ол адам көзіне түсетін, олар Оған келіп: «Уа, Сіз Құдайдың рухани Ұлы екенсіз?» деп айтатындай, басының үстінде тәждей жарқырап көрінетін заты болмады.
33 жыл бойы Ол кішіпейілділік көрсететін және өзін төмен ұстайтын Құдайдың рухани Ұлы болды. Күні бойы ағаш ұстазшысы ретінде жұмыс істеді. Күңкілдемей Ол адамдардың Оған төмен қарап, Оны теріс пайдалануларына жол берді. Бірақта байқа Әлем! Қайта тірілу жақындап келе жатыр! Қолданылмаған күш толық ашылмақшы. Иса Қайта тірілген Құдайдың рөлінде, Өзінің бүкіл даңқында көрінеді.
Бұл сіз мынадай кернейлердің даусының қатты естігеніндей:
«Жалған тәңірлердің бәрін алып тастаңдар!»,
«Жалған ілімдер, ауыздарыңды ашпаңдар».
«Жер шарындағы еркектері мен әйелдері, өз бүліктеріңді тоқтатыңдар!»
«Міне, сіздің Құдайыңыз»- деп жарылқап жатқанындай.
Құдайдың рухани Ұлы деп жарияланған, Қайта тірілген Иса Мәсіх, біздің алдымызда тұрғанда, біз Оған аса құрмет көрсетіп, тізе бүгіп, үнсіздікке, таң қалу мен қорқынышқа берілуден ғана басқа істейтін не іс қалмақ. Қайта тірілу – Исаның істерінің ең маңыздысы.
Біздің Оған барлық ғибадат етуіміз осыдан бастау алады.
- Қайта тірілу – Киелі кітап шындығының негіздемесі болып табылады.
Киелі кітаптан Қайта тірілуді алып тастаңыз, оның шындығының құлдырайтынын көресіз, Қорынттықтарға арналған 1 хаттың, 15: 13-19-аяттары дәл осы жағдайды суреттейді.
Қайта тірілу болмаса, Киелі кітапқа алты рет апат соққы жасайды:
Нәтиже № Қорынттықтарға 1хат: 14а Ал егер Мәсіх қайта тірілмеген болса, онда біздің жариялауымыз … бекер болғаны.
Адамдарға Исаны қабылдап, Оған сенім артуға шақыру ақылсыздық болар еді.
Не үшін сену қажетпін?
№2-ші нәтиже, Егер Қайта тірілу болмаса,
Қорынттықтарға 1-хат 15: 14б. Сендердің сенімдерің де бекер болғаны.
Алаяқтыққа сенім артуға уақытыңызды кетірмеңіз.
№3 нәтиже, Қайта тірілу болмаса,
Ізгі Хабаршылар мен уағыздаушылар өтірікшілер болар еді.
Қорынттықт. 1-хат 15:15
Бұған қоса біздер Құдай туралы «Ол Мәсіхті тірілтіп алды» деп жалған куәлік келтіргендер ретінде әшкереленген болар едік! Себебі өлгендер шынымен тірілмейтін болса, Құдайдың Мәсіхті де қайта тірілтпегені:
№4 нәтиже, Егер қайта тірілу болмаса,
1 Қорынттықт. 15:17 Ал егер Мәсіх тірілмеген болса, сенімдеріңнен еш пайда болмай, күнәларың әлі де мойындарыңда қала берер еді.
Күнәдан құтылатын жол жоқ. Сен де, мен де мәңгілікке
күнәға құл болып қалушы едік.
№5 нәтиже, Егер қайта тірілу болмаса,
1 Қорынттықт. 15:18 Сондай-ақ, Мәсіхке сеніп қайтыс болғандар тозаққа түсер еді.
Қайтыс болған Мәсіхке сенушілер жұмаққа баруға үміті болмаушы еді.
№6 нәтиже, Егер қайта тірілу болмаса,
1 Қорынттықт. 15:19 Егер де Мәсіхке тек бұ дүниедегі өмір үшін ғана үміт артсақ, онда біз барлық адамдардың ішіндегі ең байғұс-бейшаралары болар едік.
Мәсіхшілер жердегі ең ақымақ және аянышты адамдары болар едік. Иса тек қана бос уәде беруші орындауға қабілеті жоқ адам болушы еді, осы сенушілерді жердегі ең алданып қалған адамдар қылдырушы еді.
Осы барлық шыққан салдарды жалпы қосқан кезде, Киелі кітаптың негізгі шындықтарын түсініксіз етіп, шынайы ештеңе де қалмайды. Міне осылай Қайта тірілу Киелі Кітаптің сенімділігі мен сөзінің шынайлығына кілт жағдай болып табылады.
Киелі кітап Қайта тірілуді дәйекті түрде мақұлдаған, Қайта тірілу туралы мұқият жазылған және де Қайта тірілуді ұдайы қорғайтын әлемдегі жалғыз кітап. Оқылымда оған бастапқы орын беруіміз қажет.
Қайта тірілудің екінші қолданылуы өте маңызды басқа да бір нақты іс әрекетке алып келуі керек:
Киелі кітапқа көбірек сенім арту, Киелі кітапты көбірек құрметтеу, Киелі кітапқа көбірек уақыт беру, Киелі кітапты көбірек бөлісу.
Құдай құрылыс құрып жатыр. Өмірлерді құрастыру мен қайта құру. Киелі кітап Оның негізгі құралдарының бірі болып табылады. Егер біз өмірімізді Киелі кітап шындықтарына құрастырсақ, ешкім ешқашан бізді төмен тартып түсіре алмайды.
Барлығы Оның осы кітабынан басталады –
Бұл шындық. Онымен құрастырылыңыз.
Аяғында қуанып таңғалыңыз, бірақ та күтпеген нәрсеге таңқалмаңыз.
Осыған дейін бізге ескертілген нәрселер:
- Қайта тірілу Исаның билігіне негіз болып табылады.
- Қайта тірілу – Киелі кітап шынайлығының негізі болып табылады.
Соңымен қорытынды жасасақ,
- Қайта тірілу сіздің өміріңіздегі күшке негіз болып табылады.
Сіз Иса Мәсіхке сеніп, күнәларыңыздан құтқарушы ретінде Оған умітіңізді артқан кезде, Құдайдың сізге беретін сый ақысы керемет.
Міне, Құдайдың бізге берген керемет тегін нәрселердің бірі:
Ефестікт. хат 1:19,20 Сендер Құдайдың шексіз құдіретінің Иемізге сенуші біздерге қаншалықты күшті әсер ететінін ұқсаңдар екен деп те Одан сұраймын. Құдай осы керемет құдіретін 20Мәсіхті өлімнен қайта тірілтіп, көкке көтеріп, Өзінің оң жағындағы орынға отырғызғанда да қолданды.
Бұл аяттардың астын сызып қойыңыз.
Оларды шеңберлеп айналдырып сызыңыз.
Шетіне жұлдызды салып қойыңыз.
Кітап бетінің жоғарғы жағынан бүктеңіз.
Және бұны істеген кезде сіздің аузыңыздың төменгі жағыңыз еденге түсіп кетпеуін байқаңыз.
Бұл, дәлірек айтқанда:
Иса Мәсіхті өлімнен Қайта тірілткен дәл сол күш Мәсіхке сенетіндердің бәріне беріледі.
Бұл жерде сол күштің ұлылығын сипаттау үшін қандай сөздер қолданылғанынын байқадыңыз ба?
Күш-қуат – грек сөзі, динамит.
Жұмыстар
Ұлы күш
Және бұл күш барлық сенушілерге қол 24/7/52 жетімді болып табылады ма?
Бізді осы ой өзімізге сұрақ қоюға итермелейді деп ойланыңыз,
«Біз Исаны Қайта тірілткен күшке қол жеткізе аламыз, және осы уақытқа дейін біз онымен не істедік?»
Маған айына бір рет электр компаниясынан өткен айда қанша электр қуатын қолданғанымды көрсететін түбіртек келеді. Егер Құдай сізге қаншалықты Оның күшін қол қолданғаныңызды жазып жіберсе, сізде қанша шығушы еді?
Біз өз тілдерімізді басқаруға Құдайдың күшін қолдандық па?
Біз осы күшті қиын адамдарды сүйю үшін қолдандық па?
Біз осы күшті жаман ойлардан бас тартуға қолдандық па?
Егер сіздің көршіңіз соңғы бір ай бойы электр қуатын пайдаланбау үшін жарықты немесе теледидар немесе тоңазытқышты қосудан бас тартса (және де оның ақшасы бар) сіз оны біртүрлі адам деп ойлауыңыз мүмкін.
Құдай күшіне қол жеткізе алатын бірақ осыны пайдаланбайтын біз ше? Бұл күштің не істей алатынын еске түсіру керек пе?
Ефестікт. хат 3:20 Ал Тәңір Иеміз бізге әсер ететін Өзінің құдіреті арқылы біз сұрағаннан немесе ойлағаннан әлдеқайда көп нәрселерді істей алады.
Осы аятты сынаққа қоюға қалауымыз болуы қажет. Иса Мәсіхті Қайта тірілуі Оны қайтадан әлемге жаңа пішінінде қайтарды.
Иса Мәсіхтің Қайта тірілуі, біз Оған Құтқарушы мен Патша ретінде сенген кезімізде, бізді әлемге жаңа пішінде қайта жібереді.
Біз күш-қуаттың болуы үшін дұға етудің қажеті жоқ. Бізде бар күшімізді пайдалануымыз керек.
Бұл жағдай бізден қандай әрекетті талап етеді? Қуатыңызды босатыңыз! Күн сайын Оған сенім арту арқылы ішіңіздегі Киелі Рухтың құдіретті күшін сезініңіз.
Құдайдың еркін орындау үшін күш сұрап дұға етпеңіз. Сізде қазірдің өзінде күш-қуат бар.
Зиян әдеттерден арылу үшін күш сұрап дұға етпеңіз. Сізде қазірдің өзінде күш-қуат бар.
Басқа адамдарға Иса туралы айтуға күш сұрап дұға етпеңіз. Сізде қазірдің өзінде күш-қуат бар.
Сіздің өміріңізде қорқынышты жеңу үшін күш сұрап дұға етпеңіз. Сізде қазірдің өзінде күш-қуат бар.
Төмен көңіл-күймен күресу үшін күш сұрап дұға етпеңіз. Сол күш-қуат өзіңде бар – Иса Мәсіхке сенім артсаңыз.
Бір ғана әрекет қадамын жасау керек – бұл күш-қуатыңызды босатыңыз.
Құдайдан сізде бар нәрселерді қолдануға көмектесуін сұраңыз.
Өз ресурстарыңызды, сіздің өміріңізде бар Құдайдың күшін, пайдаланыңыз.
Егер біз әлсіз мәсіхшілер болсақ және де біздің сенуші болғанымызға біраз уақыт болса, біз кімге кінә тағуымыз керек?
Қандай нәрсе бұл күштің сіз арқылы жұмыс істеуіне мүмкіншілікті ашып, талпыныс бере алады?
Ірі қаладағы екі мүсіннің үлкен көмегі болуы мүмкін.
Сол қалада, басқа мәсіхшілерді Иемізге өз өмірлерін арнауға жігерлендіргісі келетін мәсіхші бар. Ол оның қарапайым, көрнекі тәсілін тапты.
Ол оларды іскерлік ауданның қақ ортасында орналасқан бір кеңсе ғимаратқа бірге баруға шақырады. Бұл ғимараттың кіреберісінде Атластың ұлы мүсіні тұр, ол жақсы кезіндегі Арнольд Шварценегерге ұқсаған мифологиялық кейіпкер. Барлық жерінен бұлшық еттері шығып көрінеді.
Бұл бұлшық етті Атласы, бүкіл әлемді артқы жағына алып жүр,
және мұндай ауыр салмақ оның тұруына қиындық тудырады. Сіз оның терлегенін, бар күшін салып жатқанын көре аласыз және сіз ол қашан құлайды екен деп сұрақ қоясыз. Егер ол сөйлей алатын болса, ол шеккен қасіреттен қарсылдап жылаушы еді.
Бұл мүсінді көріп болғаннан кейін сіз көшені өтіп үлкен Қауым ғимаратына жақындап, онда бүкіл әлемді бір қолда ұстап тұрған Исаның мүсіні бар. Мәселе жоқ. Терлеген де жоқ.
Сонымен, мәселен, не болуы мүмкін?
Сіз өзіңіздің барлық мәселелеріңізді өзіңізбен бірге, өз арқаңызда алып жүргіңіз келеді ме және де өз өміріңізді қасіретке айналдырғыңыз келе ме? Көптеген мәсіхшілер осылай істеуді таңдап, олар сол үшін қандай төлем беру керектігін қараңыз.
Немесе сіз өміріңізді Иемізге беріп, Оған өзіңізді көтеріп көмектесуге жол берсеңіз, ешқашан мүмкін емес деп ойлаған керемет нәрселерге қол жеткізесіз.
Мәсіхші бауырым, Иса сіздерге былай дейді: «Сіз Мені өлімнен тірілткен дәл сол күшке қол жеткізе аласыз. Онда сізді оны пайдаланудан не ұстап отыр?».
Қайта тірілусіз, Иса қирайды.
Қайта тірілусіз, Киелі кітап қирайды.
Қайта тірілусіз, сіз де қирайсыз.
Қайта тірілу арқылы Иса барлығының Иесі болып, барлығының Оған табынуға, мойынсұнуға құқықты болды.
Қайта тірілу арқылы Киелі кітапты біздің өмірімізге арналған жоспар деп білуге болады.
Қайта тірілу арқылы сенушілердің оларға қажет барлық күші бар.
Біздің алдымызда тұрған мүмкіндіктер анық.