ырымшылдық
СҰРАҚ: ЫРЫМШЫЛДЫҚ ДЕГЕН НЕ?
«Ырымшылдық деп, – қандай да бір әрекеттің, заттың немесе белгілі бір оқиғалардың бір-бірімен ешқандай байланысы болмаса да, жақсылық немесе жамандық әкелуі мүмкін дегенге сенетін сенімдердің жиынтығы. Себеп пен салдардың табиғи байланысы жоқ, бірақ олар сиқырмен, кездейсоқтықпен немесе табиғаттан тыс күштермен байланысты деп саналады».
СҰРАҚ: КӨП ТАРАЛҒАН ҚАНДАЙ ЫРЫМДАРДЫ БІЛЕМІЗ?
Біреудің жамандыққа тап болғанын естігенде, соның басына түскенді, өз отбасына келмесін деген ниетпен, ырымдап ағашты немесе үстелді бірнеше рет тоқылдатып ұру.
Жамандықтан сақтайды деп қолға қызыл жіп тағып жүру.
Туған күніңізде жаңбыр жауса, мінезіңіз ауыр.
Той күнінде жаңбыр жауса, бұл бақытсыздыққа көрінеді деу.
Мамыр айында үйленсең кедей боласың.
Қаңтар айы той жасау үшін қолайсыз ай.
Қара мысық жолыңызды кесіп өтсе, жолыңыз болмайды.
Ешқашан баспалдақтың астынан өтпе.
Әлеуметтік желіде нәрестеңіздің суреттерін көп адам көрсе көз тиеді.
Бұл тізімге астрологияны (күннің, айдың, планеталар мен жұлдыздардың қозғалысы мен орналасқан орны адамдардың мінезі мен өміріне әсер етеді деп есептейтін ілім) және нумерологияны (сандардың рухани мағынасын зерттеу) қосу керек.
СҰРАҚ: КИЕЛІ КІТАПТА ҚАНДАЙ ДА БІР ЫРЫМДАР ТУРАЛЫ АЙТЫЛАДЫ МА?
1Пат. 4:3 Қалғандары жасақтың қосына оралғанда, Исраилдің рубасылары ақылдасып: «Жаратқан Ие бүгін неліктен філістірлердің бізді талқандап жеңулеріне жол берді? Жаратқан Иенің Келісім сандығын Шилодан осында алдыртайық. Сонда ол ортамызда болып, бізді жау қолынан құтқарып алады», — деп ұйғарды.
Күнәларын мойындаудың орнына, олар өздерімен бірге қандай да бір зат алып тұмар қылса, Құдайдың разылығына ие боламыз деген ырымға сенген.
Еремия. 44:17-19 Біз істеуге ант бергеніміздің бәрін міндетті түрде істей береміз: бұрын өзіміз, ата-бабаларымыз және патшаларымыз бен әміршілеріміз Яһуданың қалалары мен Иерусалимнің көшелерінде істегеніміздей, бұдан былай да «Аспан патшайымына» арнап хош иісті заттар түтетіп, сұйық тартуларын құйып ұсына бермекпіз. Өйткені соны істеп жүрген кезімізде бізде тамақ мол, жағдайымыз жақсы болып, еш жамандық көрмеген едік. Ал «Аспан патшайымына» хош иісті заттар түтетіп, сұйық тартулар ұсынуды қойғаннан бері біз жоқшылық көріп, семсер мен аштықтан қырылудамыз. Әйелдер тағы былай деп қосты: — Біздің «Аспан патшайымына» арнап хош иісті заттар түтетіп, сұйық тартуларды құйып ұсынып, оның бейнесімен күлшелер пісіргенімізді күйеулеріміз біліп, рұқсат берген жоқ дейсіз бе?
Ешқандай аспан патшайымы жоқ, бірақ ырымның әсерінен оған құрбандық шалынды.
1Пат. 5:5 Сол себептен Дагонның діни қызметкерлері мен оның Азоттағы ғибадатханасына келушілер күні бүгінге дейін осы табалдырықты баспайды.
Дагонның басы мен қолдары табалдырықта жатқандықтан, ол жер қарғысқа ұшыраған деген ырым тарап, табалдырықты ешкім басқысы келмеді.
3Пат.18:28 Бағалдың пайғамбарлары өршелене айқайлап, дәстүрлері бойынша денелерінен қан шыққанша өздерін найза-семсермен тілгілей берді.
Құдайдан жауап аламыз деген үмітпен – өз тәнін аяныш сезімін тудыру үшін ғана жаралайды.
Жох. 5:2 Иерусалимнің Қой қақпасының қасында еврейше Бетезда деп аталатын тоған бар. Соның төңірегіне бағаналы бес ғимарат салынған. 3Оларда соқырлар, ақсақтар, сал болып ауырғандар, тағы басқа көптеген науқастар жататын. (Бұлар судың шайқалғанын күтетін. 4 Себебі Тәңір Ие жіберген бір періште анда-санда тоғанға түсіп, суды шайқайтын. Мұнан кейін алғаш шомылған адам қандай ауруы болса да, жазылып кетеді екен.)
Демек, сауығу тоғанға бірінші кірген адамға ғана келеді. Сонда бірінші кіре алмағандар емделіп кете алмайды ма?
Егер Киелі Кітапты зерттейтін болсаңыз, онда ырымдардың көп мысалдарын таба аласыз.
Оларды мұқият оқып шығыңыз және олардың адамдарды құлдық арбауына түсіріп, ал адамдардың өз өмірлерінде туындаған кез-келген мәселелері мен жағдайларын шешуге мүлдем қабілетсіз екендігіне қарап жаныңыз ашысын.
Мына нәрсеге назар аударыңыз, бұл ырымдардың барлығын Мәсіхке сенушілер емес, құдайсыздар ғана жасайды. Шынайы жалғыз Құдайға сенбегендері үшін құдайсыздардың қандай құн төлейтіндерін ойлап көріңізші!
СҰРАҚ: СОНДА МӘСІХШІЛЕР ЫРЫМДАРҒА ҚАЛАЙ ЖАУАП БЕРУЛЕРІ КЕРЕК?
Мәсіхші олардан бас тартуы керек!
«Не себепті» деп ойлайтын шығарсыз? Бұл сұрақтың жауабы тым оңай.
Киелі Кітапта барлығы Құдайдың бақылауында деп айтады. Ал егер бәрі Құдайдың бақылауында болса, онда негізсіз, мағынасыз ырымдардың ешқандай күші жоқ дегенді білдіреді емес пе?!
Ефес. 1:11 Құдай ниет еткендерінің бәрін өз еркіне сай орындайды…
Құдайдың билігі сөзсіз Шексіз.
Нқл. 16:33 Лақтырған жеребең алдыңа түсер, Оның шешімін Жаратқан Ие берер.
Адам қандай жолмен шешім қабылдаса да — сүйек лақтыру, жеребе тарту, т.б. — Құдайдың қалауы жеңіске жетеді. Әрбір шешім Жаратушыдан.
Еремия. 10:23 «Уа, Жаратқан Ие, адамның өмір жолы өз еркінде еместігін білемін. Адамның өзі жүретін жолын өздігінен бағыттауына болмайды.
Адам өз өмірін басқарамын деп ойлайды. Бірақ мүлдем олай емес.
Амос. 3:6 Қалада кернейдің даусы шықса, халық үрейленбей ме? Жаратқан Ие жібермесе, қала апатқа ұшырай ма?
Қалада немесе қалада болып жатқан әрбір оқиға, сайып келгенде, Жаратушы Иемізден.
Жақып. 4:13-15 Біз бүгін-ертең пәлен қалаға барып, сонда бір жыл тұрып, сауда жасап, олжаға батамыз» дейтіндерің құлақ түріңдер: сендер тіпті күні ертең не болатынын білмейсіңдер! Өмірлерің неге ұқсас? Ол әншейін аз уақытқа көрініп, кейін ғайып болатын бу іспетті емес пе? Оның орнына «Иеміз бұйыртса, аман болсақ, біз мынаны істейміз, не ананы істейміз» дегендерің дұрыс.
Сонда мұның мәні неде? Барлық жасайтын іс-әрекетіңізде «бұл нәрсе менің билігімде емес» деген көзқарасты ұстанғаныңыз жөн. Басқаша ойлаудың еш пайдасы жоқ. Орныңызды біліңіз. Сіз шексіз ғаламдағы уақытша тіршілік иесі екеніңізді еш ұмытпаңыз.
Және ең маңыздысы….
Елш.істері. 4:27-28 Рас, осы қалада Ирод пен Понти Пилат Өзіңе бағынбаған ұлттармен және Исраилдің руларымен бірігіп, Өзің Патша етіп тағайындаған қасиетті Қызметшің Исаға қарсы одақтасты. Алайда олардың іске асырғаны — Сенің құдіретті еркің алдын ала белгілеген жоспарың ғана.
Оның еркінен тыс ешнәрсе болмайды. Ештеңе де. Құдай ешқашан зұлымдықтың жаратушысы болмаса да, Ол зұлымдықты Өз мақсаттарына жету үшін жоспарларына қосады – айқыш ағаш ең күшті үлгі болып табылады. Ол Өзінің таңғажайып жоспары бойынша бәрін тудырады немесе болуына рұқсат етеді.
Екінші жағынан, ырымдар қандай да бір зат сізге пайда немесе зиян келтіруі мүмкін деген негізсіз сенімге негізделген. Алайда Киелі Кітап кез келген нәрсе кездейсоқ болады деген түсінікті жояды, өйткені Құдайдың абсолютті егемендік бақылауынан тыс ештеңе жасалмайды.
«Бір шешімді қабылдап, оның жүзеге асатынын, ол шешімнің барлық нәтижелерін біліп алға қарай жылжыйтын болсаңыз, онда сіздің Құдай болғаныңыз, Құдайдың даналығы жүзеге асады – сонда бұл дегеніміз бұл даналық сіз жоспарлаған және жасайтын нәрселердің жалпы схемасына сәйкес келеді».
Қорытынды: Ырымға сену – Құдай Тағаланың дана, сүюші, абсолютті, әділ, мейірімді билігін жоққа шығару.
Болжауға болмайтын, негізсіз, субъективті, кейде зиянды және жиі ақымақтық болып табылатын ырымдардың тұтқыны болудың орнына, адамның өз өмірін бағдарлай алатын сенімге лайық, шынайы, сенімді және дәлелденген бір зат бар. Бұл Киелі Кітап.
Біздің алдымызда тек Киелі Кітап қана абыройға ие. 2Тім. 3:16 Киелі жазбалардың бәрі Құдай Рухының жетелеуімен жазылған. Олар тәлім беру, әшкерелеу, түзету әрі әділдікке тәрбиелеу үшін тиімді.
Киелі Кітап адам үшін ең жоғарғы қайнар көз, өйткені ол Құдайдың аузынан шыққан. Соның негізінде ғана біз өз өмірімізді құруымыз керек.
Бізге бір Киелі Кітаптың өзі жеткілікті. 2Тім. 3:17 Осылай Құдайдың адамы барша игі іске дайындалып, толықтай даяр болмақ.
Киелі Кітапта құтқарылу және мәсіхшілік өмірді дұрыс сүру үшін білуіміз керек нәрсенің барлығы бар. Құдайдың қазіргі заманымызда бізге айтқысы келгеннің бәрі Киелі Кітаптың соңғы беттерінде жазылған. Бұл Құдайдың адамзат үшін дайындаған ашылған шындықтың толық өлшемі.
Тек Киелі Кітап қана Құдайды құрметтуге және еш өкінішсіз өмір сүруге үйретеді. Басқа нәрсені іздеп уақытты жоғалтудың қажеті жоқ. Бізде бәрі бар. Киелі Кітаптың өзі ғана жеткілікті. Сізде екі таңдау бар, не сіз Киелі Кітаптың жеткілікті екеніне сенесіз немесе оны толықтыратын, алмастыратын және қанағат сезімін тудыратын басқа тәжірибелерді, ілімдерді іздеуге шексіз уақыт пен күш жұмсайсыз.
«Киелі Жазбалардан бір сөздерді алып тастауға немесе оған басқа бір сөзді қосуға тыйым салуды байыппен қабылдаңыз (Заңды қайталау 4:2, Аян 22:18-19). Әрбір дерлік сандырақ, секта және жаңа сенім олардың негізін қалаушы тарапынан болжанған ашудан немесе жаңа тәжірибеден туындады, бұл қатаң мәсіхшілік ережеден тыс.
Құдай Тағаланың Киелі Кітабында жазылғандардың барлығын бар ынтамен бағалайық және игерейік.
Бар назарыңызды Киелі Кітапқа бағыттаңыз!
Киелі Кітаптағының барлығын бар ынтамен зерттеңіз!
Киелі кітаптан оқығандар туралы ой жүгіртіңіз!
Киелі Кітапты саналы түрде қолданыңыз!
Егер сіздің сеніміңіз Мәсіхте болса, онда сіздегі Киелі Рух талай талай ғасырлар бұрын адамзатқа берген шындықтарды ашып, оларды «ғажайып түрде» өміріңізде орындайтынына қуаныңыз!
Ырым? ОЛАР ҮШІН УАҚЫТЫҢЫЗДЫ, ҚУАТЫҢЫЗДЫ ЖӘНЕ АҚШАҢЫЗДЫ ҚҰР БОСҚА ЖҰМСАМАҢЫЗ!
Киелі Кітап? ТЕК СОНЫМЕН ҒАНА БІРГЕ БОЛЫҢЫЗ!