Киелі Кітап
Киелі Кітап қайдан пайда болған?
2Тимотеге 3:16a
Киелі жазбалардың бәрі Құдай Рухының жетелеуімен жазылған
Киелі Кітаптың қайнар көзі- Құдай. Жоқ, Құдай Оны жеке Өзі жазған жоқ. Бірақ Ол сол авторлардың адами ақыл санасын басқарып отырды, Ол әрбір сөздің Иесі.
“Киелі Жазбаның тамаша құрылымын қарастырып өтейік. Ол 66 кітаптың жиынтығы бола тұра және оны әртүрлі кезеңдегі 40тан астам ерлер 2000 жыл барысында жазғанына қарамастан, барлық нәрсе өз уақытысымен және кезең кезеңімен жазылған нақты бір Кітап болып табылады.
Киелі Кітап бізге қалай көмектеседі?
2Тимотеге 3:16б Олар тәлім беру, әшкерелеу, түзету әрі әділдікке тәрбиелеу үшін тиімді.
Киелі Кітаптың мақсаты:
Тәлім беру = Құдайдың шындығын үйрету.
әшкерелеу = бізді Құдайдың жолынан тайып кеткенімізді еске салады.
түзету = бізді Құдайдың жолына қайта әкелу, оралту.
әділдікке тәрбиелеу = мықты тәртіпті орнату.
2 Тімоте 3:16 «Киелі Жазбалардың бәрі» дегенде нақты не жайлы айтып тұр? Кіелі Кітап қолжазбаның түпнұсқада екендігін білдіреді.
Бізде сол Киелі Жазбаның алғашқы жазылған түпнұсқасы бар ма? Жоқ.
Бірақ біз сол жазбаның түпнұсқасы екендігіне сенімдіміз, себебі:
1) “Еврейлер қолжазбаны басқа ешкім сақтамайтындай сақтады. Олардың кітапшылары әрбір әріп, буын, сөз және абзацты бақылап отырған. Олардың мәдениеттерінде арнайы топтар болды, олардың жалғыз міндеттері сондай құжаттарды практикалық дәлдікпен сақтау және жеткізу болып табылатын. Кім Платонның, Аристотельдің немесе Сенеканың әріптерін немесе буындарын қайта санап көрді?
2) “Платон, Аристотель және Сократтың кез келген классикаларына қарағанда Киелі Кітаптың едәуір көп қолжазбалары бар. Жаңа Өсиет сияқты дүниедегі еш бір көне әдебиеттер осындай жақсы мәтінге бай растаулар бере алмайды”.
“Жаңа Өсиеттің жағдайына келсек, бізде мыңдаған толық қолжазбалар және бірнеше мың фрагменттер бар. Бүкіл Жаңа Өсиеттің 5000 нан астам көшірмелері немесе соның кең аумағы бар. Егерде сол сандар көп емес болып көрінсе, басқада бұрынғы заманғы тарихтардың, қолжазбалардың, куәліктердің және көшірмелердің санына қарағанда Жаңа Өсиеттің салмағы олардан әлдеқайда асып түседі. Мысалы, Гомердің «Илиад» еңбегінің көшірмесі 700 ден аспайды және Аристотельдің еңбектерінің көшірмесі азғана. Сондықтан, қолжазбаларды дәлелдеу мәселесіне келгенде Жаңа Өсиет белгілі сандармен одан да асып түседі.
“Киелі Кітапты басқа әдеби жазбалармен салыстырғанда кез келген он еңбектің классикалық әдебиетіне қарағанда Оның қолжазбасының дәлелі бар”.
“Ал Көне Өсиеттік куәліктердің қолжазбалары ше? Өлі теңіздің шиыршығының бөлігі болып табылатын бірнеше қолжазбалар, мысалы олар қазіргі заманғы Көне Өсиеттің көшірмелері ақылға симайтынын дәлдік болып табылады.
Mатай 5:17-18 Мені Таурат заңы мен Пайғамбарлар жазбаларының күшін жою үшін келді деп ойламаңдар: Мен оларды жою үшін емес, қайта, толық мағынасында жүзеге асыру үшін келдім. Сендерге шындығын айтайын: аспан мен жер жойылып кетпейінше, Таурат заңының бірде-бір әрпі, тіпті бір кішкентай сызығы да күшінен айырылмайды, әуелі бәрі де жүзеге асады.
Иса Көне Өсиеттің жалпы нақтылығын және беделдігін құптайды.
3) “Сонымен қатар бірінші ғасырдың барысында мәсіхшілер қауымындағы бір қатар ғалымдар Жаңа Өсиеттен үзінділер келтіргені қызық. Ең қызығы, олар Жаңа Өсиеттен үзінділер келтіргені соншама тіпті тек Қауым құрылған соң бірнеше жүзжылдардан кейін Жаңа Өсиеттің 27 кітабындағы әрбір жеке аяттарды сол ғалымдар 11 аяттан басқасын дәйексөзбен келтірген. Біз сонымен қатар жаңа Өсиеттің үлкен бөлігі, Исаның өлімі және қайта тірілуі бірнеше он жылдық барысында жазылғанын айта кетейік. Бірінші Қорынтықтарда, мысалы, 50ші жылдардың мерзімі көрсетілген – бұл Исаның өліп және қайта тірілуінен кейінгі 20 – жылдар. Бұл өте маңызды, себебі 1 Қорынтықдықтар 15 тарауында Ізгі хабардың маңызды элементтері бар, Мәсіхтің қайта тірілуінің маңыздылығын көрсететін және Мәсіх қайта тірілгенде Оны 500 адамнан аса өз көздерімен көргенін растайды. 1 Қорынттықтарды жазу кезінде әлі тірі болған адамдар сол кезде хатта жазылғандарды сынау немесе растау талаптарын айтар еді.
Осындай дәлелдемелерге біз сол ағымдағы дәл сол түпнұсқасын көрсету үшін Киелі Кітапқа сенім артамыз. Және бұл өте құнды болып табылады.
Бірақ біз неліктен Киелі Кітапқа сенуіміз қажет?
- Орындалған пайғамбарлық сөздер.
“Көне Өсиеттегі 300 ден аса анық айтылған пайғамбарлық сөздер Жаңа Өсиетте Иса Мәсіхтің өмірінде өлімінде және қайта тірілуінде орындалды. “Көне Өсиеттегі пайғамбарлық сөздердің нақты орындалғаны кез келген адамды табиғаттан тыс әдеби туындымен қатынасы бар екенін ұғынуға жеткілікті…Құдай Өзі Киелі Жазбада Оның Сөзі куәлік ететін ішкі бірізділік қойды.”
Көне Өсиеттегі бірнеше орындалған пайғамбарлық сөздер:
- Иса пәк қыздан туылады (Ишая 7:14).
- Израилдың Құтқарушысының туған жері Бетлехем атты кішкентай ауыл. (Миха 5:2).
- Құтқарушыдан кейін Иерусалим және Киелі Үй қиратылады. (Даниял 9:26).
- Израилдың көп бөлігі Исадан бас тартады. (Ишая 53:1-2).
- Исадан жұрт бетін бұрып әкететіндей жиренішті болды (Ишая 53:3).
- Исаға қиянат жасалынды (Ишая 53:4).
- Иса әділетсіз сотталатын болады (Ишая 53:8).
- Исаның мәйіті бай адамның қабіріне қойылды (Ишая 53:9).
- Иса 30 күміске сатылатын болады. (Зәк. 11:12).
- Оны досы сатады (Забур 40:10).
- Оның аяқ-қолдары түйреп жараланды! (Забур 21:17).
- Сонда олар өздері түйреген Кісіге қарайтын,… (Зәкәрия 12:10).
- Адамдар жау жамылғысын бөлісіп алады, киімі үшін жеребе салады. (Забур 21:19).
- Көргендердің бәрі келекелейді, балағаттайды (Забур 21:8).
- Оған тамағына өт қосып берді, шөлдеп тұрғанында сірке суын ішкізді.(Забур 68:22).
- Оның барлық сүйектері аман сақтайды, тіпті бірде-біреуі сындырылмайды. (Забур 33:21).
- Ол азап шеккен жанының азаптанып Құдайға жалбарынатын болады (Забур 21:2).
Осы аяттардың барлығы Исаның туылуының алдында бірнеше ғасырлар бұрын жазылған. Киелі Кітапты зерттеңіз, сонда сіз бұданда көбірек орындалған пайғамбарлық сөздер табасыз. Бұл жәй ғана кездейсоқтық болуы мүмкін емес.
2. Иса.
Ол Көне Өсиеттегі әр түрлі Жазбалардан 49 дәйексөздер келтірді. Ол Көне Өсиеттің 24 әр түрлі кітаптарынан дәйексөздер келтірген. Не болады екен келтірсе? Киелі Кітаптың 77%-ы Көне Өсиеттен тұрса, ал Иса соларды сенімділікпен растайды.
“Біз осындай статистикалық мәліметтерді Исаның Көне Өсиетті қажет деп санайтынын және құптауларын келтіруін неліктен маңызды деп санаймыз? Өйіткені, егер Жаңа Өсиет өзінің талаптарына сай берік болса, онда Иса – Өзі айтқандай, Ол – тәндегі, өлілердің арасынан тірілген Құдай. Сондықтан, Оның Көне Өсиет жайлы айтылымдары да берік.
3. Ғылым.
“Киелі Кітап ғылыми кітап емес, бірақ ғылыми тиянақты кітап болып табылады. Біз Киелі Кітапқа қарсы ешқандай бір ғылыми дәлелдемелерді білмейміз. Мүлдем керісінше: мыңдаған жылдар барысында адамзат әлемді тыраңдап түсінем дегенше, Киелі Кітап өмір атқаратын функцияларды ауыр ғылымды жасырмайды.
Өмір үшін қанның құндылығы( Леуіліктер 17:11).
Жердің домалақ екені (Ишая 40:22)
Ғаламның дерлік шексіз сидерикалық дәрежесі (Ишая 55:9)
Массамен энергияның сақталу заңы (2Петір 3:7)
Табиғаттағы су айналымы (Уағыздаушы 1:7)
Сансыз көп жұлдыздар (Еремия 33:22)
Энтропиялық өсу заңы(Забур 101:25-27)
Өмірлік процесстерде қанның өте маңыздылығы (Леуіліктер 17:11)
Атмосфералық циркуляция (Уағыздаушы 1:6)
Гравитациялық өріс (Әйүп 26:7)
Дүниенің тиянақты дәл қозғалысы. (Еремия 31:35,36)
Сұйықтықтың динамикалық принциптері (Әйүп 28:25)
Психикалық және тәннің саулығының байланысы (Нақыл сөздер 12:4)
Табиғаттағы судың айналымы (Забур 134:7)
Физика саласындағы Нобелдік сыйлықтың иегері Арно Пензиас былай деп айтқан: «бізде бар ең мықты мәліметтер «әлемнің жаратылуы туралы» – дәл сол мен оны алдын ала айталамын, егер менде Мұсаның бес кітабынан, Забур жырларынан және Киелі Кітап толықтай болмағанында.»
4. Археология.
Көптеген жылдар бойы скептиктер(күмәншіл адамдар) Ниневи және Содом деген сияқты қалаларды қираған үйінділері табылмайынша Киелі кітапты шын емес күмәнді деп санады. Сыншылар Даниял Кітабын шындық емес деп айтуға үйреніп қалған, себебі Балташазардың Бабылдағы патша болғаны жайлы еш дерек табылмаған. Содан соң олар Киелі кітаптың құқығын дәлелдейтін көне құжаттар тапты.
Киелі кітаптық аңыздар болып саналған хеттер, олардың астанасы және жазбалары Богазкой, Туркияда табылған.
Ишая 20:1 де жазылғандай ешқандай Саргон есімді Сириялық патшаның болмағаны жайлы расталған, Себебі бұл есім ешқандай жазбаларда ескертілмеген. Содан соң Саргон сарайы Иракта Хорсабадта табылды.
Сол қаланың қабырғалары шынымен де құлап жатқаны жайлы Ешуа Нұн кітабында жазылғандай Ерихон қазындылары көрсетеді.
Киелі Кітаптағы археологиялық растаулардың дәлелі.
5. Тәжірибе.
“Киелі Кітап шындық, себебі Ол бізге орындалатын тәжірибе береді. «Сонымен, біреу Мәсіхпен тығыз байланыста болса, сол — жаңадан жаратылған адам. Ескі өмірі өтіп кетіп, міне, жаңасы пайда болды!» Тәжірибе қалай Киелі Кітапты растайды немесе дәлелдейді? Өте қарапайым – тексеріп көріңіз, сіз мойынсұна бастаған сәттен бастап сіз Мәсіхке ұқсай бастайсыз.
“Киелі Августиннен бастап Мартин Лютерге дейін, сансыз күнделікті ерлер мен әйелдерге дейін, балаларға дейін, өмірлерді ғасырлар бойы Киелі Кітап сөздерімен қатесіздікке және мәңгілікке өзгерткен. «Киелі Кітап көптеген мәсіхшілердің ғасырлар бойы өмірлерін түпкілікті өзгерткен өмірдің, сүйіспеншіліктің және игі істердің кілтін іздейтін ең тиянақты жер екенін көрсетті.
“Сонымен қатар оның әлемдік әсері: Тарихтағы кез келген басқа кітаптарға қарағанда Киелі Кітап заңдарға, өнерге, музыкаға және әлемдік цивилизация әдебиетіне де әсерін тигізді. Киелі кітапқа жақынырақ бір кітап жайлы ойлай аласыз ба? «Мәсіхшілік» Киелі Кітапта айтылатындай, «білім, медицина, құқық, өнер, адамның құқығымен айналысатын салаларда тіпті ғылымдар саласында цивилизация тарихындағы сансыз көп гуманитарлық жетістіктреге жауапкершілік артады.»
——————————————————-
Қорытынды :Әрқашан күнәмізді мойындай отырып және жүрегімізді Құдай Сөзіне ден қоя отырып, Киелі Кітап оқысақ, біз Әлемді Жаратушыға, біздің Құдайымызға, Құтқарушымызға (егер біз Исаны Құтқарушымыз деп қабылдап сенген болсақ) біздің өмірімізге сөйлеуге жол береміз. Ол менімен сөйлескісі келе ме? Оған сол керек пе? Не үшін мен мұндай мүмкіндіктен бас тартуым керек?