Табыну
О, Патшаға мадақ болсын, жоғарыдағы барлық даңқтар да
О, Оның керемет сүйіспеншілігіне риза болып алғыста
Ежелгі күндерден бері қалқан және қорғаушы болып келеді,
Кереметтермен безендірілген және мақтауға байланған
О, оның құдіреті туралы айт, о, оның рақымы туралы ән шырқа
Оның шапаны-жарық нұр және шатыры кеңістік
Оның қаһарлы күймелері, терең найзағай бұлттары
Және оның қараңғы жолы дауылдың қанаттарында
О, шексіз күш, өзгермейтін сүйіспеншілік,
Періштелер жоғарыдан қуанышпен табынады!
Сенің ақталған жаратылысың, даңқпен жалындайды,
Шынайы табынуда Саған ән шырқайтын болады!
Сиыну. Мәсіхшілер қолданатын сөз. Бірақ біз оған жиі дұрыс қарамаймыз.
Сиыну дегеніміз не өзі?
Бала кезімде менің отбасым ешқашан қауымдағы қызметті жібермеген.
Бағушы уағыз айтып бастаған кезде, анам қағаз бен қаламды ақырын алып жазып алатын еді.
Ол уағызды жазып отырды деп ойайсыздар ма? Жоқ. Ол бір аптаға сатып алу керек азық-түліктер тізімін жасайтын.
Сонымен, бұл Құдайға сиыну болып есептеледі ме?
Шын мәнінде, сол қауымдағы уағыздар құтқарылу тек Мәсіхке сену арқылы келетінін бізге ешқашан үйретпеген. Сонымен, артқа қарайтын болсақ, азық түліктер тізімін қауымда отырып жасау өз уақытын тиімді пайдаланудың бір жолы болатын. Көптеген жылдар өтті – отбасым бұл қауымнан кетіп, адамдарды өз күнәларына тәубе етіп, сенім мен үмітін Мәсіхке арту керектігін үйрететін қауымға қосылды. Осылацша Мәсіхке шынайы сенім артуды үйрендік. Біз сол қауымның Киелі кітапты уағыздағанын тыңдауды ұнататын едік. Бірақ қызметтің басында олар неліктен көп ән айтатынын әкем екеуміз түсіне алмайтынбыз. Сондықтан біз қауымға, мүмкіндігінше барлық мадақтау біткен соң, саналы түрде 25 минутқа кешігіп келетін едік. Тек біз үшін маңызды нәрсе, яғни уағыздар үшін ғана баратын едік. Алайда қызмет басындағы бұл барлық музыкалар жай ән емес екенін, олар Иемізге деген тағзым, құрмет және мадақтау екенін түсіну үшін бізге біраз уақыт қажет болды. Түсінген сәттен бастап мадақтауға қатысатын болдық.
Сиыну немесе мадақтау мәсіхші өмірі үшін өте маңызды, сондықтан біз оған назар аударғымыз келеді.
Сиыну-бұл Киелі кітаптағы маңызды тақырыптардың бірі – Киелі кітапта бұл туралы не айтылғанын зерттейтін болсақ, біз жай ғана бетіне сызат түсіретін боламыз.
Бірақ біз қанша жерді қамтый алатынымызды көрейік.
Біз Жохан жазған ізгі хабар 4 тарау 19-24 аяттардан бастаймыз.
Қауым қызметіне деген Жаңа өсиеттегі негізгі мәтін. Иса Самария қаласында, құдықтың жанында тұрып, Самарялық әйелімен сөйлеседі.
19 Сонда әйел:
— Мырза, Сіздің пайғамбар екеніңізге көзім жетіп тұр!20 Ал енді, біздің ата-бабаларымыз Тәңір Иеге мына таудың басында сиынып мінажат еткен, ал сіздер сиынатын орын Иерусалимде болуға тиіс дейсіздер, қайсысы дұрыс? — деп сұрады.21 Иса оған былай деді:
— Айтқаныма илан: көктегі Әкеге не осы таудың басында, не Иерусалимде сиынбайтын замандарың келе жатыр.22 Сендер өздерің білмейтін Біреуге табынып келесіңдер, ал біз Кімге ғибадат етіп жүргенімізді білеміз, өйткені Құдай яһудилер арқылы адамзатты құтқармақ.23 Нағыз сиынушылардың Құдайдың Рухына кенеліп, Әкеге шындап мойынсұнып сиынатын уақыты болады, ол тіпті жетіп те қалды: Әке Өзіне осылай мойынсұнып сиынушыларды қалайды.24 Құдайдың Өзі — Рух. Сондықтан Оған сиынатындар Оның Рухына кенеліп, шындықпен сиынуға тиіс.
Бұл аяттарда көп мағына бар.
№1 сабақ –
Сиыну міндетті болып табылады. 23 аятың соңына қараңыз – Әке Өзіне осылай мойынсұнып сиынушыларды қалайды.
Жай сөзбен айтқанда – Оған сиыну үшін Құдай адамдарды аңдиды. Яғни, Мәсіхтің шәкірттері сиынушылар болуы керек. Жохан Құдай күнә жасауды тоқтататын адамдарды іздейді деп айта алар еді. Және де бұл шындық. Құдай адамдардың күнәдан бас тартқандарын қалайды. Бірақ Құдай бізден күнәдан да артық нәрсені қалайды. Жохан Құдай соңынан еруші шәкірттерді іздейді деп айтар еді. Ол солай да. Алайда бұл аят одан да маңызды нәрсені айтады. Жохан Құдай оның кітабын оқитын адамдарды іздейді деп айтар еді. Ол солай да. Бірақ бұл аят одан да маңыздысын айтады. Жохан Құдай дұға ететін және Ол жайлы басқаларға айтатын адамдарды іздейді деп айтар еді. Олардың екеуі де маңызды болып табылады. Алайда Жохан іс жүзінде Құдай сиынушыларды іздейді деп жазды. Себебі сиынушы жоғарыда айтқандардың бәрін орындайды. Біз жалғыз шынайы Құдайға сиынуымыз үшін Иса бізді күнәларымыздан құтқару үшін келді.
Құдай сиынатын адамдарды іздейді.
Құдайдың басымдық тізімінде сиыну қаншалықты жоғары деңгейде тұр? Құдай сиынуды қаншалықты бағалайды?
Бұл оның біз үшін жұмыс сипаттамасының жоғарғы сатысында тұр.
Ғибадат ету сіз үшін шынымен басымдық деп Иса айтар ма еді? Жүрегіңмен сиыну басымдыққа ие деп Иса айтқан болар ма еді?
№2 сабақ
Жохан 4:22 сіз білмейтін нәрсеге табынасыз.
Бұл сөздерді қараңызшы.
Самариялықтар Иерусалимдегі ғибадатханаларда сиынуды тоқтатып, ескі келісімнің көп бөлігін қабылдамады. Олар өз діндерін құрып, сиынуларын өз діндеріне бағыттады.
Осылайша олар Құдай құрметтемейді нәрсеге табынды. Бұл үшін самариялық әйелге Иса – Ханым, сиыну-өмірдің ажырамас бөлігі, бірақ сіздің сиынуыңыздың мәні неде?
Сіз неге сиынасыз?
Егер Сіз Самариялықтар сияқты сиынатын болсаңыз-бұл жалған табынушылық.
Бос әурешілік, мағынасыз рәсім, мүлдем жойқын, дөрекі, қажетсіз сөздер болып есептеледі. Барлық діндер Құдай үшін бірдей қолайлы еместігі сияқты, барлық сиынулар Құдай үшін қолайлы емес дегенді білдіреді. Бұл нәрсе біздің кейбіреулерімізге қатысты болуы мүмкін. Менің отбасым 12 жыл қауымға барғаны, сол қауымға 12 жыл бойы қаржылық көмек көрсеткені, сол қауымда 12 жыл бойы қызметіміз босқа кеткені маған қатты әсер етті.
Сол қауымдағы 12 жылдық өміріміздің ішінде біз Мәсіхке сеніп, үмітімізді арту керектігін ешқашан естімедік. Ешқашан. Қазір мен сол қауым ғимаратының жанынан өтіп бара жатқанда, отбасымнан сорып алған жоғалған жылдар үшін менің асқазаным түйінге айналады. Бұл Жохан жазған ізгі хабардың 4 тараудағы Самариялық әйел және оның адамдары бір қайықта болып, мағынасыз өмір сүруде. Бұл ханымға және оның адамдарына, барлық адамзатқа Иса: «өз дініңізді ойлап тауыпқан осындай сиынуды Құдай қабылдайды» деді. Өтініш назар аударыңыз! Бұл Исаны саяси тұрғыдан дұрыс емес етіп көрсетеді. Алайда Иса жалған дінге жол бермейді. Барлық діндер бірдей емес.
Өйткені әрқандай дұрыс емес сиынудың мәні жоқ.
22 сендер өздерің білмейтін Біреуге табынып келесіңдер.
Құдай қандай сиынуды қабылдайды? деген сұрақ туындайды.
22 ал біз Кімге ғибадат етіп жүргенімізді білеміз, өйткені Құдай яһудилер арқылы адамзатты құтқармақ. Ханым, сіздің ғибадатыңыз жалған негізге ие. Екінші жағынан, ескі Өсиеттің діні болып табылатын еврейлердің діні күнәдан босататын жалғыз дін.
Киелі кітаптың 77% Ескі Келісімнен тұратынын ешқашан ұмытпаңыз. Сол арқылы біз жаңа сенімге ие болдық. Бұл шындық.
24 Құдайдың Өзі — Рух. Сондықтан Оған сиынатындар Оның Рухына кенеліп, шындықпен сиынуға тиіс.
Шындықпен табыну дегеніміз нені білдіреді?
Егер біз шындықпен табынсақ, Киелі Кітап біздің ғибадатымызды басқарады дегенді білдіреді. Сонымен қатар, біздің ғибадатымыз қабылдануы үшін Киелі кітапта сипатталған Құдайға сиынамыз. Кім Самарлықтардың ізімен жүріп, бос ғибадат етіп, уақытын ысырап еткісі келеді? Киелі кітаптағы Құдайымен танысыңыз.
Мұны өзіңіз үшін ең маңызды нәрсеге айналдырыңыз. Нәтиже беретін ғибадат,
Құдай сізді жарылқайды.
№3 сабақ
Біз рухта ғибадат етеміз. Жохан 4:24
Қандай рух? Біздің өз рухымыз. Нағыз ғибадат біздің ішімізде орын алады. Ал ішімізбен ғибадат ету өте оңай. Құдай біздің жүрегімізбен сиынғанымызды қалайтын кезде, сиынуды мағынасыз және басқа механикалық рәсімдерге айналдыру өте оңай болып келеді. Мысалы мен қауымда қанша хор немесе әнұран шырқадым, бірақ ешқашан не айтқандарыма назар аудармағанмын. Мен уағызды тыңдап, қанша рет басымды изеп отырдым, бірақ менің ойларым басқа жерде болды. Алайда Құдай менің барлық назарым тек Өзінде болғанын қалайды. Құдайға ұнамды шынайы қызмет менің жүрегімде орын алуы тиіс.
Сіз оған шынымен табынасыз ба?
Бірақ қазір ең басты сұрақ –
Әрі № 4 сабақ жалпы сиыну дегеніміз не?
Мен пультті қолыма алып, арналарды үнемі ауыстырып теледидар алдында отырамын.
Маған ұнаған нәрсені көру үшін кез-келген бағдарламаға шамамен 10 секунд уақыт беремін. Егер ол ұнамаса, келесі бағдарламаға ауыстырамын. Мұндай іс-әрекет «Менің қалауларымды қанағаттандырыңыз! Мені бақытты ет! Бәрі мен қалағанымдай болғанын қалаймын!» деген тұтынушылық менталитетті білдіреді. Сондықтан көптеген адамдар қауымға келіп, «Жарайды, қауым мен үшін не істей алады? Менің көңілімнен шығатындай маған не бере алады? Көпнәрсе күтеді. Алайда бұл шынайы түрде Құдайға сиынуға толықтай қарама-қайшы болып табылады. Ал сиыну дегеніміз-тізе бүгіп тұрып, Құдайды қастерлеу, мадақтау және құрметтеу. Құдайды сүйю. Құдайдың ұлылығы алдында таңырқаудан өзіңді жоғалту.
“Біз ешкімге тағзым етпейміз.”
“Бізде патша жоқ” – деп айтатын кейбір елдерді зерттеп қараңыз. Сол елдердің сенушілеріне сиыну дегенді түсіну қиынға соғады.
Бір фильмде сарбаздар арасында жүрген елбасшысы бетпердесін шешкен кезде, оның кім екенін түсінген сарбаздар тізелеріне құлағанын көрген едім. Бұл жерде қастерлеу, ұлылық, кішіпейілділік, мойынсұнушылық сезімі көрініс тауып тұр. Бұл теледидарынан таба алатын сиынудың ең тамаша көрінісі. Бұл қауым қызметшілерінің жұмысы оңый еместігін білдіреді. Біз тұтынушылар ретінде келіп, көңіл көтергіміз келеді деп қауым қызметіне келу оңай. Ал қауым қызметшілері болса бұл ойды басынан аяғына дейін төңкеруге тырысып, сіз қалаған нәрсені бермейді.
Алудың орнына мадақтаушылар тобы даңқты Құдайға беруге тырысады.
Қызметтің бәрі бізге емес, мұның бәрі Оған қатысты. Құдайдың ұлылығын көру үшін жоғарыға қараңыз. Мақтау және құрметпен жауап беріңіз. Бұл мадақтаушылар тобының қызметінің сипаттамасы. Оңай тапсырма емес. Қазіргі көптеген қауымдарда келушілердің көңілдерін көту керек деп мадақтау жетекшілеріне қысымшылық көрсетіледі. Бұл сиыну үшін мүлде қажет нәрсе емес. Біздің талантымызға еш қатысы жоқ. Назарымыздың бәрі Құдайда болып, Оның ісіне таңырқап қарауымыз қажет. Себебі Ол сіздің ғибадатыңызға, құрметіңізге, мадақтауыңызға лайық. Оған бәрін берейік.
Маған Уоррен Вирсб қалай Құдайға шынайы тағзым етуді түсінуге көмектесті.
Оның “Шынайы ғибадат ету” кітабында: “Сиыну қауым сенетін, қолданатын және қол жеткізуге ұмтылатын барлық нәрсенің негізі болып табылады. “Мен өсіп келе жатқан Құдайдың ұлылығы туралы көріністі бастан өткердім. Менің Киелі кітабым жаңа нұрмен жарқырады. Теке Құдайды ғана шынайы деп танымай, ал Киелі кітап-қызықтырақ бола бастады. Бірақ Құдай мен жасағанымды қалайтын нәрселердің барлығы қуанышты, табиғи бола бастады. Әрине, мен әлі де сәтсіздікке ұшырап, рухани құлап, күнәмен жиі күресуге мәжбүрмін бірақ сиынуға деген жаңа көзқарас мәсіхшілік өмірімдегі мәселелерді жеңілдете бастады. Мен тіпті қолға алған ісімнен тоқтап, Құдайға сиынумен жүрегімді жаңартып жатқанымды білемін.” Кәне, бізде оған қосылайық.
Енді сиынудың біз үшін маңызды басқа сабақтарына көшейік.
№ 5 Сабақ болашақ
Көптеген жылдар бұрын бір адам түнгі уақытта көшеде тұрып, ғаламның үлкен суретін түсіну үшін, алыс болса да аспандағы барлық жұлдыздарға қарауды жақсы көретін. Осындай үлкен ғаламның бір бөлігі екенін есіне салып отыратын. Және өзгелердің оны қорлағанына, төмендеткеніне қарамастан, осындай үлкен ғаламның кішкене ғана бөлігі екеніне қуанатын. Мұндай Құдайдың ғажап істерін көру сиыну кезінде пайда болады. Өмірімізге деген дұрыс көзқарас береді. Әуел баста Құдай Аспан мен жерді жаратты. Бірақ бұл жаратылыстың алдында не бар еді?
Құдай бәрін өз уақытында жаратпағанда не болар еді? Бар болу дегеніміз нені білдіреді?
Жаратылыстың бастауы 1:1 дейін уақыт болған жоқ. Құдай уақытты жаратты. Біз сағатымыздың тұтқынында жүргенде, бүгінде Құдай уақыттан тыс өмір сүреді.
Онсыз өмір сүру дегеніміз қалай екендігін мен түсіне алмаймын.
Бірақ уақыттан тыс өмір сүретін бұл қандай Құдай?
1 Шежірелер кітабы 29:11
11 Уа, Жаратқан Ие, Саған тән — ұлылық,
Құдірет, салтанат, жеңіс пен нұрлылық!
Меншігің — көк пен жердегілер барлық!
Һәм Сенікі, уа, Иеміз, патшалық
Әрі баршаға деген басшылық!
12 Дәулет пен құрметтің көзі Сенсің,
Бүкіл әлемге билік жүргізушісің!
Бәрін жоғарылатып, күшейтетін
Құдірет пен билік қолыңда Сенің.
13 Сонымен енді, я, Құдайымыз,
Саған шүкіршілік айтудамыз,
Ұлы атыңды мадақтаудамыз!
Ғажап – сыйыну кезінде мұндай күйге еніп, Оның ұлылығында жоғала бастаймыз. Бізге қандайда бір ақпарат қажет кезде үнемі интернет жүйесіне мұқтаж боламыз. Ал Құдайға ешқашан Google-дің қажеті жоқ, өйткені ол әрбір нәрсепнің жауабын біледі. Біз жадымызда ешнәрсе сақтай алмай ұмытып кетіп жатамыз. Ал Құдай ешқашан ештеңені ұмытпайды. Біз жасымыз келіп, қартайамыз. Ал біз дүниеге келген күннен бастап Құдай қартайған емес. Әлем жаратылған сәттен бастап Құдай еш қартайған емес. Біз әлсізденіп, ауырамыз. Құдай ешқашан ауырмайды. Біз күнә жасап алмайық деп әрекет жасаймыз. Ал Құдай ешқашан күнә жасаған да емес. Біз уақытты босқа өткіземіз. Құдай ешқашан уақытты ысырап етпейді. Біз өте нәзік әлсізбіз. Құдай мүлде әлсіз, нәзік емес.
Бұл бізді Забур жырлары 8:3-4 аяттарды оқуға итермелейді.
4 Сенің қолыңнан шыққан аспаныңа,
Өзің орнатқан ай мен жұлдыздарға
Назар аударған әрбір уақытымда
Мынадай сұрақтар туады ойымда:
4 аятта адам дегеніміз не, ол туралы не есіңізде?
Құдай, Сен жаратқан шексіз ғаламға қараған кезде адам дегеніміз не?
Құдаймен салыстырғанда ғалам түкке тұрғысыз, ал адам ғаламмен салыстырғанда елеусіз болып келеді.
Құдайдың адамға деген қамқорлық жасауға әлі уақыты бар ма?
Шынайы сиыну Құдайдың ұлы істеріне таңдану, таңырқау, ақылымыз жетпеу, қалтырау, қастерлеуден тұрады.
– Нағыз таңдану-бұл тез болатын эмоция немесе үстірт қозу емес. Бір қызығы, оның жүрек түпкірінен орын алатын тереңдігі бар.
– Шынайы ғажайып сіздің жүрегіңізге тікелей еніп, ақыл-ойыңыз сізді қозғайды.
Кереметтер – арзан ойын-сауықтардан тұрмайды. Бұл сіздің жүрегіңізде үрей тудыратын, шындықта Құдаймен кездесу. “Оған түсініктеме іздемей, жай ғана Құдай туралы ойланасыз.” Біз қауым қызметінде қарама-қайшылық табамыз ба? Біз көзге көрінбейтін рухани әлемді көруге, танымайтын нәрсені білуге, мәңгілікке ұмтылуымыз қажет. Көп адамдар шынайы сиынуды білмейді. Егер өзіміз және балалармыз дұрыс әрі шынайы сиыну жолын ерте жастан бастағанда не болатыны жайлы ойланып көріңізші. Бұның қандай ғажап әрі Құдайға ұнамды екенін көргеніңізде ғой.
Дж Муди былай деп жазды: Көптеген сенуші мәсіхшілер әр түрлі сиынғандықтан көптеген түсініспеушіліктерге ұшырап, соның салдарынан қауымдардың бөлінуіне әкеп соғады. Сенушілер арасында жексенбі күні Құдайға сиынып, қалған күндері Құдайға аз уақыт бөлетіндер бар. Бірақ бұған ешқашан жол бермейік!
Пах, шіркін! Сиыну туралы көптеген күшті тәлімдер бар екен.
Бірақ біз келесі №6 сабақты ойланбағанша аяқтай алмаймыз.
№6 сабақ
Өткір сұрақтың уақыты.
Сонымен, сізде жағымсыз апта болған болса, Құдайға қалайша сиынуға болады?
Егер сіздің отбасыңыз шайқалған жағдайда,
сіз өз жұмысыңызды жек көргенде,
сіздің қаржыңыз шектеулі болғанда,
сіз жақын адамыңыздың денсаулығы ауырлап қайғырудасыз.
Сіз қалайша осындай қиын-қыстау кезеңде Құдайға сиына аласыз?
Сіз мұқият тыңдап отырсыз деп үміттенемін, себебі біз қазір қарастыратын аят ғибадат тақырыбындағы ең маңызды аят болуы мүмкін.
2 Патшалықтар кітабы 12:15-16
15 Осыны айтып, Натан пайғамбар үйіне қайтып кетті.
Жаратқан Ие Ұрияның әйелі Дәуітке туып берген балаға ауру жіберіп, нәресте қатты науқастанып қалды.16 Дәуіт нәресте үшін Құдайға жалбарынумен болды; ораза тұтып, өз бөлмесіне кіріп, жерге жатып түнеп жүрді.
Дәуіт-ұлы патша. Ол басқа біреудің әйелінен баланы тауып қатты күнә жасады. Сондықтан бала ауырып қалды. Дәуіт ораза ұстап, Құдайдың баланы аяуын өтінді. Алайда ісі алға баспады.
:19-20
19 Бірақ Дәуіт олардың өзара сыбырласып тұрғанын байқап, ұлының өлгенін түсінді. Содан ол:
— Бала шетінеді ме? — деп сұрады. Қызметкерлері:
— Ол көз жұмды, тақсыр, — деп жауап берді.
20 Сонда Дәуіт жерден тұрып, жуынып, әдеттегідей маймен сыланып, киімін ауыстырды. Жаратқан Иенің киелі үйіне барып, иіліп ғибадат етті. Мұнан кейін үйіне қайта оралып, тамақ сұрап, алдына қойылғанды жеп алды.
Соңғы сөздерге таң қалдым. Оны астын сызыңыз, дөңгелектеп қойсаңыз болады. Шеттеріне жұлдызша қойыңыз. Сол жерді оңай табу үшін беттің жоғарғы жағын қайырып қойыңыз. Қиындық болған кезде, алдымен осы аятқа жүгінейік.
Дәуіт, Құдай сізге қалаған нәрсеңізді бермеді. Балаңыз қаза тапты. Енді неліктен Оған сиынуды жалғастыру керек? Неліктен Одан теріс айналмасқа? Мұндай жағдайда Дәуіт қалай ғибадат ете алады?
Қалайша ғибадат етпеске? Өйткені төбесі құлаған кезде, Құдайға барлық жағдайды басқаратыны үшін алғыс айтатын үлкен жұбаныш бар. Дәуіт күнә жасада да, Ол Дәуітті әлі де жақсы көреді. Барлық даналық Құдайда болып табылады. Оның өмірімізге деген біз түсіне бермейтін жоспары бар. Ол Дәуітті тастап кетпеді. Ауыр жағдайлардан кейін де, өмір бар екенін және Дәуіт Құдайдың шебер қолында әрі қарай жылжи алатынын көрсетті.
Жүрегіміз сынған кезде, Құдай әрқашан біздің сиынуымызға лайық. Апат кезінде Құдайға мойын бұрып сиыну, біз не нәрседен ұстай алатынымызды есімізге салады. Себебі біздің іргетасымыз өте берік. Бұл бізді жабығудан, күйзеліске ұшыратудан сақтайды. Бұл біздің қауіпсіздігіміз. Сіз Оған ән шырқайсыз.
Осылайша барлық мәселелер жойылды дегенді білдіре ме?
Дәуітті әлі жерлеу рәсімдері және оның басқа да күнәларының салдары күтуде. Бірақ Дәуіт болса Құдайдың қолын ұстап алға басады. Қауіпсіздік дегеніміз осы.
Ғибадат ету қиын кезеңдерде бізге көмек болып табылатын қол жетімді ресурс. Сиыну кезінде мәсіхшілерге олардың Әкесі кім екенін естеріне салады.
“Біз қиын кезеңдерді жеңіп өту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап көрдік, неліктен енді бізге сиынып көрмеске?” Дәуіт осылай жасады. Неліктен біз де оған қосылмасқа?
Басқа ешкім жасай алмайтын, тек мәсіхшілер ғана жасай алатын жалғыз нәрсе – ол Құдайға сиыну болып табылады. Қауымнан бөлініп кеткен жеке мәсіхшілер, тамыры жоқ болып, сәйкесінше жақсы жемістер әкеле алмайды.
Сіздің ғибадатыңыз қандай?