Менің мәсіхшілік міндетім
Мен берік бауырластықтың бір бөлігімін. Менде Киелі Рухтың күші бар. Осыған орай жағдайым түбегейлі өзгеретін болады, себебі шешім қабылданды және ол ешқашан өзгертілмейді. Шектен аса шықтым. Шешім қабылданды. Мен Оның шәкіртімін. Мен артқа қарамаймын, әлсіремеймін, тоқтамаймын, артқа шегінбеймін, не үнсіз де болып қалмаймын.
Менің өткен өміріме құн төленді, қазіргі өмірімнің мәні бар және болашағым қауіпсіз. Мен оны аяқтадым және оны төменгі дәрежедегі өмірмен, жаяу жүріп серуендеумен, кішкентай жоспармен, тегіс тізелермен, бояусыз армандармен, мойынсұнғыш көрегендікпен, үйреншікті әңгімемен, арзан тұрмыспен және асып түсетін мақсаттармен аяқтадым.
Маған басқа ешқандай артықшылықтар, өркендеулер, лауазымдар, қызмет жоғарылаулар не танымалдылық керек емес. Мен үшін бұл кісі ешқашан қателеспейді деген статус, бірінші болу, жоғарылау, танылу, құрметке ие болу, бағалайтын және марапаттаулар маған мүлдем қажет емес. Қазір мен сеніммен өмір сүремін, Оның жетелеуіне сүйенемін, төзімділікпен жүремін, дұға етемін және Оның күшінің көмегімен еңбектенемін.
Мен берік сенімдемін, менің аяқ алысым жылдам, менің көздеген мақсатым – аспан Патшалығы, менің жолым – тар, менің сапарым – қарқынды, менің серіктерім өте аз, менің Жол Сілтеушім–сенімді, менің мақсатым – анық. Мен сатыла алмаймын, ешкім беделімді түсіре алмайды, жасырып қоя алмайды, алдап әкете алмайды, артқа қайтара алмайды, адастыра не тоқтата алмайды. Құрбандық болудан мен сескенбеймін, жаудың алдында ұялмаймын, бір дастарқан басында дұшпандарыммен келіссөздер жасамаймын, танымалдылық жайында ойластырмаймын.
Мәсіхтің еркіне бола мен бас тартпаймын, үндемей де қалмаймын және Оны сақтап қалмайынша, сиынбағанымша, жауапкершілікті мойныма алмайынша, Мәсіхтің ісін уағыздамайынша жылжымаймын. Мен Исаның шәкіртімін. Ол келмейінше мен бара беремін, құлап қалмайынша бере беремін, барлық адамдар Ол жайлы естімегенінше мен уағыздай беремін, Ол мені тоқтатпайынша мен жұмыс істей беремін. Ол Өзінің уақыты келіп, таңдағандарын алып кетуге келгенде, Оған мені тануға қиынға соқпайды, өйткені өмір бойы мен Онымен бірге жүрдім!
Жас африкалық Бағушы.