Киелі кітаптық ер адам қандай болуы қәжет?
Бұл оқиға әдемі жалдамалы үйде демалып жатқан отбасы туралы баяндайлады. Кешкі ас уақыты еді. Күйеуі мен әйелі мейрамхана балконында астарын күтіп отырды. Үй артында жаңадан салынған бейсбол стадионы тұрды. Сол маңайда, қорғандар қазылып, үйіліп тұрған топырақтар жанында “қорғанға жоламаңыз” деген бірнеше белгілер тұрды. Жаңағы жұптың балалары асханаға әлі кірмей, оларға көшеде жүгіріп ойнау тым көңілді еді. Кенеттен ерлі-зайыптылардың қасында отырған ресторанның бастығы аяғына тік тұрып: “осы шұңқырдан ары кет” деп бейсбол стадионына қарай айқайлап жүгірді. Өкінішіне орай, ерлі-зайыптылардың балаларының бірі осы шұңқыр төбесінің дәл ортасында енді ғана ойнай бастаған еді.
Мирамхана директоры баланың қолынан ұстап, сілкіп: «Шұңқырдан ары кетіңіз» деп айқайлағанымды естімедің бе? Сонда сен жазылып тұрғанды оқи алмайсың ба? Деп айқай салды. Әкесі қызарғаннан өзін ұстай алмай, баланы ары қарай алып кетіп «Саған не болған? Қорғанға жоламаңдар деп айтқанын естімеп пе едің?» деді де ұрып жіберді.
Отбасы үйлеріне оралғанда, бала әкесінен
– Әке, қорған деген не?” деп сұрады.
Бала түсінбейтін нәрсеге бағынбағаны үшін айқай естіп қалды.
Қоғам барлық кішкентай балаларға, үлкен ұлдарға және ересек еркектерге олар түсінбейтін нәрсе үшін үнемі айқайлап отырады. Бұдан асқан қайғылы және жағымсыз нәрсе жоқ шығар.
Ер азамат бол.
Ер адам бол.
Бірақ нағыз ер азамат қандай болу керек?
Қаншама ер адам бұлшықеттері жетілген журналдарының қасынан өтіп бара жатып, соларға еліктеймін деп, олар ешқашан Шварцнеггердей бола алмай алданып қалып жатыр.
Бұл жағажайда бірнеше достарыммен болған кезімді еске түсіреді. Бірде менің бойым мен түр келбетім ұқсайтын досымның қасында күні бойы тұрып қалдым. Бірақ маған қарағанда оның денесіне қосымша 30 фунт бұлшық еті бар еді. Жанымыздан өтіп жара жатқан бір қыз, екеуімізге де қарап:
Ого- жігіттер бұлшықет журналына түсуіңіз керек екен – деді.
Журналға түскен жағдайда, мен бірінші, ал меннен кейін ол тұрып, бізде нағыз ер азамат болдық деген сенімділік пайда болар ма еді.
Нағыз еркек қандай болу керектігі жайлы жігіттердің әңгімелерін естіген кезде, шын мәнінде, олар өздерінің алғашқы жыныстық тәжірибесін меңзейді.
Сонымен, ұлдар қалай еркек бола алады?
Көптеген жарнамалар ер адамның ұзын, жіңішке, күшті, тәуелсіз болу керектігін айтады. Оның артында оның күшін, батылдығын, беріктігін, тәуелсіздігін білдіретін секіріп тұрған жабайы жылқының суреті тұрады.
Бірақ жіңішке, дөрекі, ұзын әрі тәуелсіз болып табылмайтын барлық ер адамдар туралы не айтуға болады?
Көптеген достарымның арасында жақсы жұмыс істеген әкелер болды. Олар отбасын қаржылай қамтамасыз етіп бірақ эмоционалды балалырна суық болған. Отабасы мүшелерімен қарым-қатнастары тығыз болмай, балалармен уақыт өткізіп, көп құшақтап еркелетпеген.
Кім осындай сәтсіз балалық жолмен қайтадан өткісі келеді?
90-жылдары адам үшін, өзіне сенімсіз, сезіммен өмір сүретін, өздігінен шешім қабылдауға болмайтын, өте жұмсақ адам болу сәнге айналып еді.
Осындай еркектіктің анықтамасы қанша уақытқа созылды? Содан кейін не болды?
Осы уақытқа дейін айналамыздағы адамдардың барлығы
Азамат бол.
Азамат бол – деп жар салады.
Қоғамда нағыз азамат болудың белгілі бір қағидалары қалыптасқан. Көптеген адамдар сол қағидаларды орындау арқылы, қоғам мойындайын нағыз ер адам боламын деп үміттенеді.
Егер қоғамда қалыптасқан көзқарас бойынша жүрмесеңіз, оның салдары бір соққыдан әлдеқайда қатал болмақ. Адамдар сізді мойындамай, қоғамнан шеттетуіне дайын болыңыз.
Мұндай жағдайда ер адам не істеуі керек?
Қалайша нағыз еркекке айналуға болады? – деген сұрақ қалады.
Біреу: – Ер адам еркек болып туылмайды. Және ешкім соғысқа қатысу, неке құру, әке болу
немесе отбасын асырау арқылы нағыз ер адамға айналмайды деп жазған екен.
Ал нағыз ер адам деп Құдайдың еркіне сай өмір сүретін адамды айтады. Яғни Құдай сол адамды қалай көргісі келсе, солай өмір сүретін адам – нағыз ер адам бола алады. Бұл пікірталасқа Құдайдың қатысқаны жөн. Сондықтан бұл сұрақтарға жауап табуымыз үшін, Киелі кітапты қарастырамыз.
Жаңадан сенуші болғанымда, бір досым Құдай қалаған адам болғысы келетінін айтты. Бұл нені білдіреді екен деп ойланып қалдым. Мен Киелі кітабып оқып, дұға етіп, қауымды қалдырмай да баратынмын. Сонда мен осы іс-әрекеттерді орындасам да Құдай қалайтын адам болмағаным ба? Қоғамда ер адам бола алмай жүрген басқа адамдар сияқты менде адастым.
Бірақ Құдай адамзатты жаратқанда оның анықтамасы мен ол не істеу керектігін барлығын ойластырып, өз мақсатына сай жаратты.
Бүгін біз соны зерттеп жан-жақты қарастырғымыз келеді.
(Төмендегі кейбір ойлар Роберт Льюистың «ер адам құлдығы» кітабынан алынады).
Ер адамның анықтамасын дұрыс түсінгеніміз әрбірімізге маңызды. Өйткені бұл отбасымыздың негізі болып табылады. Ер адамдның анықтамасы әрбір ересек адам біліп, сол бойынша өмір сүруі қажет. Бұған біз балаларымызды үйретуіміз қажет. Әйелдер өз ерлерін қолдап, мәсіхшілік өмірінде олар үшін сиынуы қажет. Бұл біздің рухани ДНКамыздың бір бөлігі болуы керек.
Құдайдың көз алдында нағыз ер адам болу үшін не қажет?
Ол үшін алдашқы адамның тәжірибесіне жүгініп, содан неге үйренбеске?
Осы жерде Адам атаның алғашқы күнәсі қандай болды сұрақ ойға келеді. Жемісті жегені үшін бе? Сонымен, Жаратылыстың бастауы 3:1-6
1 Құдай Ие жаратқан жабайы хайуанаттардың ішіндегі ең қуы жылан еді. Жылан әйелге сұрақ қойып:
— Құдай сендерге бақтағы ешбір ағаштың жемісін жемеңдер деп шынымен айтты ма? — деді.2 Әйел жыланға:
— Жоқ, бізге бақтағы ағаштардың жемісін жеуге болады.3 Бірақ Құдай бақтың ортасында тұрған ағаштың жемісі жайлы: «Одан жемеңдер, әрі оған тимеңдер, әйтпесе өлесіңдер!» деген, — деп жауап берді.4 Сонда жылан әйелге:
— Жоқ, тіпті де олай емес, өлмейсіңдер!5 Қайта, Құдай сендер осы жемісті жеген кезде көздеріңнің ашылатынын жақсы біледі. Сонда сендер ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра алып, Құдай сияқты боласыңдар! — деді.
6 Әйел ағаштың жемісіне қарап, оның жеуге жақсы әрі көз тартарлық әдемі екенін және өзін ақылды етуге қызықтырып тұрғанын көрді. Содан ол ағаштың жемісінен алып жеді. Әйел қасындағы күйеуіне де берді, ол да жеді.
6 аяттағы «қасындағы» деген сөзді байқадыңыз ба? Сонымен Адам ата сіз оның қасында тұрдыңыз. Оны күнәдан қоқтату үшін не істедіңіз?
Адам ата не деп жауап берді? Мүлде жауап бермей, енжар болып тұрды.
Адам ата сіздің әйеліңіз қорқынышты нәрсе істейін деп тұр. Бәрін түсіндіріп, бұл шешімі бәрін құртатынын айтыңыз.
Құдай саған қалай мирімді болғанын қарашы. Сіздердің тығыз қарым-қатнастарыңыздан асқан қатнас жоқ. Сіздер қазір мінсіз өмір сүріп жатырсыз. Тағамдарыңыз да керемет. Өміріңіздегі миссияларыңыз да тамаша – барлық адамзатың ата аналары болып, басқару.
Әйел осындай керемет бақтан шығып кететіндей Құдай сізге не істеді? Адам сіз ол жерде мүлде ештеңе істемей қарап тұрдыңыз.
Адам әйеліңіз өтірік айтып тұрған зымиан жыланды тыңдап тұр.
Ой ол азғырылуға беріліп жатыр.
Адам бірдеңе істесеңші.
Ол жеміске ұмтылып жатыр.
Бәрін айтып салуға енді тым кеш.
Мінекей адамның бірінші күнәсі.
Әйел азғырылып жатқан кезде, Адам қасында тұрды.
Жер бетіндегі адам жасаған бірінші күнә әрекетсіздік болды.
Ештеңе істемеді.
Дәл осы жерде Адамның әрекетсіздігіне бас салып, оны айыптауға болар еді. Ол кезде қалтасы бар киімі жоқ болсада, ол қолын қалтасына салып, жәй қарап тұрды деп айтар едім.
Біз Адамға қатты ашулануымыз орынды, өйткені оның жасаған осы әрекеті жер бетінде өмір сүріп жатқан барлық адамзатқа әсерін тигізіп келеді. Ол өзінің әйелін шайтанға қолдануға мүмкіндік берді. Сөйтіп, мыңжылдықтар өтісе де, Адамның сол әрекетсіздік шешімінен біздер зардап шегудеміз.
Бірақ Адамды кінәлап жерге салудан бұрын, Адамның рухы қазіргі мәсіхшілер арасында тірі ма екенін есімізге түсірейік.
Бір-біріне қарсылас еркек пен әйелді мәсіхшілік олимпиадада деп қарастырып көрейік.
Қауым қызметінде: ер адам әлде әйел адам қайсы көбірек?
Әйелдер басым.
Қауымның тұрақты мүшелері: қауым мүшесі ретінде еркертер ме әлде әйелдер басым ба?
Әйелдер асады.
Қауым қызметіне тұрақты қатысатындар: еркектер ме әлде әйелдер ме?
Әйелдер басымдылық көрсетеді.
Шәкірттер дайындау тобы, жастар қызметі, хор еріктілері және т.б қызметтерде ерадамдар мен әйелдерді салыстырғанда әрқашан әйелдер үстемдік көрсетеді.
Бұлардың барлығы таза әйелдерге арналған сияқты әйелдер үстемдік құрады.
Бірақ ер адамдар қайда? Олар әрекетсіздік танытып, Адамның артымен жүріп әлек.
Көптеген жылдар бойы мен бағушы болған қауымда жастар қызметін қолға алып, тәртіпсіз балалармен сөйлесуді жақсы үйрендім.
Неліктен? Себебі біз бұны бүлікшіл баллармен жұмыс жасау барысында үйрендік. Осындай тәртіпсіз, айтқанды тыңдаайтые балалардың қалыптасуына әдетте әкелерінің жоқтығынан немесе балаларына немқұрайлы қарайтын әкелер кінәлі болып табылады. Көбіне әкелерді ешқайдан таппай, балалардың өмірінде белсенділік таныспайды. Ондай балалардың көп нәрседен айырылғандығы, сүйіспеншілік жетіспей өскендігі олардың мінез құлықтарынан көрініс табатын.
Осындай жағдайлар жетекшілердің жүректерін елжіретіп, осы бос орынды толтыру үшін қолымыздан келген кішігірім көмегімізді жасағымыз келді. Бір күні түрмеде қамалғандар үшін қызмет жасайтын кісіден аналар күніне орай, барлығы өз аналарына жіберу үшін ашық хат алып келуін өтіндік. Қызметші бір қорап толтырып алып келді. Қамалғандар барлығы хатты кілейлеп, пошта арқылы өз аналарына жіберді. Осы уақиға үлкен жеңіс ретінде қабылданып, қуанып қалдық.
Cөйтіп әкелер күні де келді және оларға арналған ашық хат алдырттық. Бірақ ашық хатты алып, әкелеріне жолдаған ешкім болмады. Қамалғандардың 70%-ы жетімдер үйінде өсуі ықтимал деген болжам жасадық.
Осылайша әкелер әрекетсіздік танытатын болса, болашақта балалары үлкен құн төлейтін болады. Ер адамның әрекетсіздігі отбасына рухани зақым келтіреді деп те есептей беріңіз.
«Ой сен балаларды қауымға алып барасын, олармен бірге дұға етесің. Неліктен қасымда рухани нәрселер жайлы айта бересің? Деп әрқашан әйеліне ұрыса беретін еркектер бар.
Бұндай еркектер алғашқы Адам сияқты әрекет жасап, соның жолымен келе жатыр.
Ерлер – Сіздердің осындай әрекетсіздіктерінің арты немен аяқталмақ?
Әрбір отбасына немқұрайлы қарайтын әке өзінің артынан, яғни балаларының жүректерін жаралап, жағымсыз естеліктер қалдырады.
Адам атаның әрекетсіздігі осы күнге дейін жалғасып, айналамызда өз жемісін беріп жатыр. Сонымен, нағыз ер адам қандай болу керек деген анықтамасын бірінші бөлімде қарастырдық.
Киелі кітапты білетін адам әрекетсіздіктерге жол бермейді.
Бұл біздің екінші анықтама.
Жаратылыстың бастауы 3:8-12 аятты оқуды жалғастырайық.
8 Қоңыр салқын самал соққан кезде адам мен әйелі Құдай Иенің бақ ішінде жүрген дыбысын естіді. Олар Оның көзінен тасаланып, бақтағы ағаштардың арасына жасырынып қалды.9 Ал Құдай Ие адамды дауыстап шақырып:
— Сен қайдасың? — деді.10 Сонда ол:
— Сенің бақта жүргеніңді естіп, қорқып кеттім. Себебі мен жалаңашпын, сондықтан жасырынып қалдым, — деп жауап берді.11 Құдай Ие адамнан:
— Саған жалаңашсың деп кім айтты? Сен Мен жеуге тыйым салған ағаштың жемісінен жедің бе? — деп сұрады.12 Адам:
— Қасыма Өзің берген әйел маған сол ағаштың жемісінен берді, содан мен жедім, — деді.
Сұқ саусағына назар аударыңыз. Жоқ, Адам әділ адам ретінде жауапкершілікті өз мойнына алып тұр.
Орта мектепте оқитын бір баланың кітабы болмай, мұғалім «кітабың қайда» деп сұрағанда, студент: «Кітабым жоғалып кетті» деп жауап берді.
«Кітап жоғалды ма? Кітап серуендеуге шығып өздігінен жоғалып кетті ме?
Кітап кінәлі болғандықтан осында жоқ екенгой ия? деп ашуланды.
Студент дұрыс жауап бермей, жауапкершілікті өзіне алғысы келмеді. Сөйлемдерді дұрыс құрап жауап бермегенше мұғалім оның алдында тұрып алды. Ақырында ол басын төмен түсіріп, «мен кітапты жоғалтып алдым» деп айтты.
Әрбір ісңе әрекетіңе жауапкершілікпен қарау керек. Бұл Адам үйрену керек болған сабақ болатын. Сен берген әйел деп жаратылыстың бастауы 3:12 аятта айтылғандай, Адам «Құдай бұл сенің күнәң» деп мойындағысы келмеді.
Адам: «Бұл әйел – ессіз сөйлеп қалған әйел. Ол мені сол алманы жеуге итермеледі» деп ақталумен болды.
Құдай: «О солай ма? Ол сені ұрып, тамағыңа сол жемісті тықтыма?
Сен сол кезде сөйлейтін құқығын болмады ма?
Адам сенің жауапкершілік сезімің қайда? деп жауапкершілікті өз мойнына алуын қалап еді.
Өкінішке орай, Адамның осындай жауапкершіліктен қашу рухы 21 ғасырда жалғасып келеді.
Алимент төлеу үшін қаншама еркек сотқа шақырылуы керек?
Өз әс-әрекеттері үшін жауапкершілік сезімдері қайда?
Біздің қоғамда зорлау үлкен мәселе болып отыр. Енді бұл дегеніміз үлкен алаңсыздық туғызады. Жауапкершілік сезімдері қайда?
Бір күні волейбол матчы болған кезде, кейбір достарым қауымның қабырғасын ойып алған еді. Мен қауым қызметшісіне болған жағдайды айту үшін қоңырау шалдым. Ол көмекке келе алмайтынын айтпай, оның жауабы мен осы жағдайды қалай реттеп аяқтау керектігімді айтты. Осылайша ол бізге жауапкершілікті өз мойнымызға алуды үйретті. Біз ғимаратты құртып алдық және біз оны ретке келтірдік.
Мен жоғары оқу орнын бітірген соң, әкем меннен үйдің жалдау ақысын алып отырды. Осы үшін ол кісіні сараң болды деп айта алмаймыз. Өйткені мен ересек адам болдым. Жауапкершілігі бар ересек адам ата-анасының қолына қарап отырмайды. Нағыз еркек басқалардың алдында ақталса да, ешқашан өз-өзіне ақтала алмайды. Ол әрекетсіз отырмай, жауапкершілікті өз мойнына алады. Бұл Құдай адамы анықтамасының екінші бөлімі болатын.
№3 бөлім.
Сібірге барған бір сапарымда мен анамның құрбысымен сөйлескен едім. Мен олардың пәтерінде көптеген уақыт қонып жүріп, ол отбасыны жақсы біліп те қалдым. Сондықтан олардың қызметтері қалай жүріп жатқанын сұрадым. Ол күлімсіреп, тамаша сенбілік мектебі және өзінің оқытушы әйелдердің жұмыстары жайлы айтып берді. Күш-қуаты тасыптұрған әйел, ізгі хабар айтуға деген ынтасы мол еді. Бірақ бір минуттай тоқтап, жалынған дауыспен:
– Менің күйеуім үшін сыйынсаңыздар. Мен оны сүйемін. Бірақ отбасымыздың рухани жетекшісі болудан шаршадым деп өз өтінішін білдірді.
Құдайды қастерлейтін адам біріншіден – әрекетсіздікті жоқ қылады.
Екіншіден, жауапкершілікті өз мойнына алады
Үшіншіден, сезімге қарамастан өзін еркекше ұстайды.
Ефестіктерге арналған хат 5:23 аятта еркек әйелдің басы, еркек сүйікті отбасын қамтамасыз етуші деп жазылған.
Шақырылған жетекші болыңыз, әрі отбасыңызды жетелеңіз!
Ефестіктерге арналған хат 5:25-27
25 Күйеулер, Мәсіх қауымды қалай сүйсе, сендер де әйелдеріңді солай сүйіңдер: Мәсіх қауым үшін жанын қиды!26 Оны Құдай сөзімен тазартып, қайта туғызып, қасиетті қылды.27 Сонымен қауым күйеуіне апарылған қалыңдықтай салтанатты да сұлу, ешбір дақсыз, ақаусыз, басқа да кемшіліксіз, қасиетті де пәк таза болсын.
Киелі кітаптағы еркектердің әйелдерге деген жауапкершіліктерін көрсететін ең маңызды аяттардың бірі.
Бұл жерде еркектің әйел үшін сүйіспеншілігі, Исаның қауым үшін сүйіспеншілігімен салыстырылады. Егер нақтырақ айтатын болсақ, Иса қалай таза қауымды қалайтын сияқты, еркек те таза әйелді қалауы тиіс. Иса қауымды таза ұстауға тырысатыны сияқты, күйеуі де әйелінің тазалығын сақтауға тырысуы қажет.
Кім үйдің рухани жетекшісі болуы керек? Ер адам
Кім отбасымен бірге Құдай алдына келіп, сиыну уақытына жетекшілік етуі керек?
Кім отбасылық дұғаны жүргізуі керек? Әрине еркектер!
Көптеген жылдар бойы мәсіхші әйелдермен сөлестім. Олардың дерлік барлығының мәсіхшілік қызметтерден алшақтауына, рухани өсулеріне кедергі болған күйеулері екенін ренжіп айтып беретін.
Осы аяттарды орындамағандары үшін күйеулер Құдайдан тиісті жазаларын алатын болады.
26 аятта айтылғанындай еркек әйелді тазартатын тоқты болып табылады.
Мәсіхші еркек әйелінің өміріндегі Құдайдың ашуына тиетін теріс қылықтарын жоққа шығаратын жағдайда болмауы керек.
Керісінше оның ең ұлы қалаулы әйелі Исамен тығыз байланыста болып, өзін таза ұстауға күеуі түрткі болуы қажет.
Ер адам әйелің Исаға жақын болу үшін оны рухани жетекте.
Ефестіктерге арналған хат 5:28-29
28 Дәл осылай жұбайларын өз тәніндей жақсы көру — күйеулердің міндеті. Әйелін сүйген өзін де сүйеді.29 Ешкім де өз тәнін жек көрмейді, қайта, оған нәр беріп, баптап күтеді, Иеміз де қауымды солай қамқорлайды.
Еркектер әйелдеріне жайлылық пен қауіпсіздік беруі үшін жылулық пен нәзіктікті қамтамасыз етеді. Ер адамдар өз әйелдеріне жетекшілік ету барысында өз сезімдері кедергі келтіреді. Иса да айқыш ағашта ілулі тұрғанда, өзін жақсы сезіген жоқ. Ол өмірінде осындай сұмдық сынақ болатынын алдын ала білді. Соған қарамастан айқышта сезімдерге жол берген жоқ. Адамдарға деген сезімім кетіп қалды, көңілім қалды, енді оларды артқа қайта алмаймын деп жетекшілік жолымызда сезімдерге жол беретін болсақ, сезімге ешқандай қатысы жоқ шүбәсіз сүйіспеншілік дегенді қарастырып көрейік.
Бұл өз еркіміздің міндеті. Сезімдеріне қарамастан Иса сияқты өзін ұстап, бір шешімде тұру дегенді білдіреді.
Әрекетсіздікті жойып, жауапкершілікті өз мойнына алатын, сезімге берілмей өзін еркекше ұстайтын еркектердің жағдайы не болады?
Анықтамамыздың №4 қорытынды бөлігі – ондай еркектер өзінің ұлы сыйын Құдайдан алатын болады.
Адам шайтан ұсынған жемісті жеп, Құдайдың марапатынан да ұлы марапатқа ие боламын деп ойлады. Тарихымыздың барлық бөлігінде шайтан адамдарға: – артымнан ер, сонда мен сендерді шынымен жарылқаймын деп келеді. Сондықтан еркектер романтикалық кештер ұйымдастырып, бір күндік ләззатпен өмір сүріп, алданып келеді.
Бірақ өз әйелдеріне адал еркектер мәңгілікке жалғасатын марапатқа ие болады. Жұмыстан келіп, отбасын назарға алмай, теледидар қосатын болса өзінің рақаты ұшін өмір сүретіндер. Ал жұмыстан үйіне келіп, отбасымен қарым-қатнаста болатын еркектер өмір бойы өз балаларына әсерін тигізетін болады. Сонымен қатар, Құдайға ұмтылу арқылы ұлы сыйға ие болады.
«Әкесін жерлеу үшін терең қазуы қажет» деген қытай мақалы бар. Оның мағынасы біздің әкеміз ойымыздың түпкірінде орналасқан дегенді білдіреді. Бір қытай мәсіхшісі өз әкесін сипаттап, былай деген болатын: «Менің әкем әрқашан бәрінен кеш жатып, бәрінен ерте тұратын. Ол әрқашан ізденісте болып, Құдаймен біртұтас болғысы келетін. Мен оның Киелі кітабын ашып, оның сызып қойған аяттарын оқып, кейбіреулері өзіме ашылыс болды». Осылайша баласына жақсы естеліктер қалдырған әкесіне өз баласы құрмет көрсетуді тоқтатқан емес. Марқұм болған құрметті әкесі қазірге дейін баласына қатты әсер етуде.
Қазір сіздің басыңыздан қиын кезеңдер өтіп жатыр ма?
Барлығына қолыңызды сілтеп тастай салғыңыз келеді ме?
Олай болса, Забур жырлары 26:12,13 аяттарға назар салыңыз.
12 Жаудың еркіне қалдыра көрме мені,
Жалған куәлар өзіме қарсы көтеріледі,
Ашумен маған қоқан-лоқы көрсетеді.
13 Алайда мен мынаған нық сенемін:
Әлі де бұ дүниеде тірі жүремін.
Дәуіт патша осы жерде өз өмірін баяндайды. Оның қазір көріп тұрғаны құрғақ шаң сияқты – қиындық, азап, әрі шөл дала. Мүмкін сізде өз өміріңізде осындай бейне көріп тұрған боларсыз.
Сонымен, Дәуіт Құдайдың артынан ерсем ба екен деп неліктен уайымдайсың? Неге Оны тастап кетпеске?
13 аятта айтылғандай сенім артпағанымда рухани құлайтын едім.
Тірі әлемде Құдайдың рақымын көремін.
Дәуіттің Құдай жолында қалуға не ұстап қалды?
Дәуіт нақты қай жерден екенін білмесе де, әйтеуір бір жерден Құдайдың рақымы түсетініне сенімді еді. Соңында, әйтеуір бір күні оның мойынсұнғаны үшін Құдай оның сыйын беретін болады.
14 Әрдайым Жаратқанға арт сеніміңді,
Батыл болып, нығайта түс жүрегіңді!
Әрқашан Жаратқанға арт сеніміңді!
Басқаша айтанда Дәуіт осы сынақтардан бекер өтіп жатқан жоқ. Ол қиындықтарға қарамастан, ұлы сыйды күтіп, Құдайға ұмтылды. Және соңында ол сыйын алды.
Мұсаның өмірінде де осындай жолдау болған жоқ па?
Еврейлерге арналған хат 11:24-26
Мұсаның сенімі ол кәмілет жасқа толғанда Фараон қызының баласы болудан бас тартқанда көрініс тапты.
24 Сеніміне бола Мұса жасы кәмелетке келгенде перғауынның қызының баласы деп аталудан бас тартты.25 Ол күнәкар өмірдің өткінші рақатынан гөрі Құдай халқымен бірге жәбірленуді таңдады.
Мұса барлық сарайларданда мықты Египет сарайында өсті. Египет сол кезде ең ұлы держава болатын. Солай бола тұра ұлттық тізімде болу мәртебесін ойлап көріңізші. Алдыңғы қатарлы отбасылардың бірі болу мақтанышы жайлы ші? Сол жерде өмір сүрудің атрықшылықтары: жиі болып тұратын мерекелік кештер, қалағаныңды орындайтын билікке деген қолжетімділік. Бірақ осындай отбасының мәңгілік құндылығы жоқ, уақытша, бу сияқты ғайып болатын күнәлі өмір салтын көріп, Мұса одан кетіп қалды. Ол мұндай өмір салтынан тек өткінші ләззаттың күнәларын көрді. Мәңгілікке жалғасатын ұлы сыйға, яғни Құдай беретін ұлы сыйға ұмтылып ол өте дана шешім қабылдады.
Ал сіздің мұндай өмірге деген шешіміңіз қандай? Қандай да бір сыйға ие болу ол дұрыс. Сыйға ие болу үшін барын салып жүгіруде де тұрған ештеңе жоқ. Бірақ қандай сыйға ұстылудасыз? Қазіргі жылтырақ, әрі сәнді уақытша сыйға ма? Әлде мәңгілікке жалғасатын Құдайдың сыйына ма?
Мектеп оқып жүргенде некесіз, таза емес жыныстық қатнастан аулақ, ішпейтін, төбелеспейтін бір жасөспірім бала болатын. Оны бұзық балалр «сен еркек емессің» деп айта беретін. Оған деген жасөспірім: «нағыз еркек әрекетсіздікті жойып, жауапкершілікті мойнына алады, сезімдерге берілмей өзін еркекше ұстап, Құдайдан алатын ұлы сыйға ұмтылады деп жауап берді де бұзық балдардың жанынан кетіп қалды.
Міне, әкесі оны нағыз еркек етіп тәрбиелеген.
Еркектер: сіздер де осындай жолмен жүрсіздер ме?
Әйелдер: ал сіздер өз ерлеріңізді осылай қолдайсыздар ма?
Ата аналар: сіздер осылай балаларыныңызды тәрбиелеуге тырысып жатсыздар ма?
Шекспир көрініс үзіндісінде Марк Антоний қаза уақытында сөз сөйлеп былай деген екен:
«Оның өмірі көптеген қиындықтарға толы, бірақ нәзік болды. Табиғаттың өзі барлық әлемге «ол нағыз ер азамат болды» деп жар салатындай еді».
Біз жоғарыда қарастырған ер азамат анықтамаларын қайта қарастырып, ойыңызды қорытылаңыз. Егер мәсіхшілер арасында осындай еркектер болса, барлық әлем болмаса да Иса және оның шәкірттері «Ол ер азамат» деп айтатын болады.