Алшақтану керек 5 адам
Сен менің досым / сен ерекшесің,
Мендегі жалғыз дос өзіңсің.
Сен маған ұнайсың.
Күндізгі және түнгі уақытта да,
өзің дұрыс деп тапқан кез келген уақытта –
мен сенің досың болып есептелемін.
Сіз “д о с” деп жеке жаза аласыз ба?
Тәжірибелі ұстаз балаларды өз жасына сәйкес «достық» деген қазынасымен таныстыру екендігін айтады. Біз әрқашан достықтың шынымен де таза, қарапайым, қорғансыз болғанын қалаймызғой. Бірақ, өкінішке орай, біз мінсіз жерде тұрмаймыз. Біз күнә бәрін бұрмалайтын, азғын әлемде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан ересек адамдар үшін шынайы достық бұл өлең жолдары сияқты қарапайым емес. Кейбір достық өзіңіздің денсаулығыңыз үшін қауіпті болуы мүмкін.
Қуанышымызға орай, Нақыл сөздер кітабы, бұрынғы кездері жастарға үлкен көшбасшы болып қалыптасуға септігін тигізетін оқу құрал ретінде қолданылған. Ол жерде достық туралы көп айтатындығы таңқаларлық емес, себебі достық-өмірдің маңызды бөлігі болып табылады. Нақыл сөздер кітабында әр жасқа сәйкес күнәні достық ретінде қарастырып, олардан мұқият, сақ болуға үйрететін сабақтар бар.
Нақыл сөздер 1-тарау 1-6 аяттарында байыпты қабылдайтын болсаңыз, бұл кітап сізге даналық, жетекші, түсіністік және сақтық сияқты өмірді өзгертетін ұлы тәлімдер ұсына алатыны жайлы баяндалады.
Бұл керемет мәзірді ұсынатын негізгі аят қайсы?
:8,9 аяттарда көрсетілгендей ана мен әкеден бастау алады.
Балалардың негізгі рухани тәлімгерлері – қауым бағушысы, жексенбілік сабақтың мұғалімі, жастар жетекшісі не басқа біреу емес, ал ата-аналар болуы керек. Нақыл сөздер кітабы өрлеуімізге көмектесетін пайдалы ескертулерге толы.
Алғашқы ескерту 1:10 аяттан басталады.
Дұрыс жолда жүрмейтін адамдармен араласпаңыз.
Мұндайды жіберіп алмаңыз:
Сізде қол жетімді 1-6 аяттардағы керемет мәзір болып, сізде жер бетіндегі ең жақсы ата-ана болуы мүмкін. Бірақ сіз дұрыс емес адамдармен араласатын болсаңыз, Құдай сізге берген үлкен мүмкіндікке дейін өмір сүрмей, сіз рухани құлайсыз.
Нақыл сөздердегі №1 ескерту – дұрыс емес достық бәрін өміріңіздің бұзылуына әкеп соғады деп ескертеді. Егер сіз балаларыңыздың кіммен араласатынын білмейтін болсаңыз, сіздер өз міндеттеріңізді дұрыс атқармай жүрсіз дегенді білдіреді. Сонымен қатар, бәріміз үшін ескерту болып табылатын нәрсе – егер біз сенуші бауырымыз немесе қарындасымыздың күмәнді адаммен араласып жүргенін көріп, оған ол қауіпті екенін ескертпейтін болсақ, сол бауырымызға жанашырлық танытпай, өз қызметімізді атқармағанымыздың белгісі болады. Нағыз достар жай қарап тұрып, достарының батпаққа батып кетуіне жол бермейді.
Алайда бұл достық жайлы мақал-мәтелдердің барлығы емес. Нақыл сөздер бізге дос бола алмайтын 5 адамның түрімен таныстырады. Олармен танысу барысында қалайша деп бұған біз таңқалуымыз мүмкін. Дегенмен, ұялы телефонымыздағы тізімнен сызып тастайтын, олардан аулақ болу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек 5 адамның түрі төменде көрсетіледі.
Шыны керек, біз қарастыратын аяттардың көпшілігі мені таңқалдырып, бұл мен жасаған ең таңқаларлық зерттеулердің бірі болды. Мен олардың, Киелі кітапта барына сенбедім.
Бірақ олар бар екен және біз оларды өз қорқынышымыздың себебінен елемей жатамыз.
Құдай Сөзінде қызықты уақыт болады. Келіңіз қарастырайық.
Сіздің досыңыз болуға лайықсыз адамдардың 5 түрі.
№ 1 нақыл сөздер 5:8
Әрдайым алыс бол сондай әйелден,
Жақындамай, аулақ жүр есігінен!
Жарайды, мұнда бізге біреуден аулақ болу керектігін айтып жатыр.
– Ол кім?
3 Азғын әйелдің тілінен бал тамады,
Сөздері майдан да жұмсақ болады.
Жыныстық қатнастың азғырушысы. Отбасын құрмайтын, тек жыныстық қатнас үшін пайдаланатын адам. Есіңізде болсын, ондай азғын еркек немесе әйел болуы мүмкін.
Егер біз сондай азғындарға немқұрайлы қарайтын болсақ, біз күні жеңіліп, құлаймыз.
: 9 біз абырой мен беделімізді жоғалтамыз.
: 10 біз байлығымызды жоғалтатын боламыз, яғни еңбектеріміз басқаларға пайдалы болып, жат адамдар байлығымызды иемденетін болады.
: 11Ауру туралы ұмытпаңыз.
Жыныстық азғынға тап болғандардың жанын талқандаушы жайлы әрі қарай 5-тарауында оқи аласыз. Демек, бір түндік ләззат осылардың барлығына алып келеді ме?
Жаратылыстың бастауы кітабындағы 39:12 қожайынының әйелі оған ұсыныс жасаған кезде Жүсіп киімін қолына тастап, қашып кеткендігіне таңқалдыратын әрекет.
1 Кор 6: 18 Азғындықтан аулақ болыңдар!
2 Тим 2: 22 Сонымен жастықтың құмарлықтарынан бас тартыңдар – айтпақшы, Пауыл мұны жазған кезде Тімотей 40 жастан асқан еді.
Көп айтылатын аулақ болу сөзіне назар аударып, бірақ бір минутқа күдеріңіз. Көпшілігіміз ересек адамдармыз. Бұл аяттар бізге жыныстық күнәдан бас тартып, олардан аулақ болуды ескертеді ме? Бұл біз үшін лайықсыз аяттар емес пе? Бұл бізді қорқып тұрған мысық сияқты әлсіз етіп көрсетпейді ме? Жыныстық күнәнің жеңілдігін қараңыз, сосын сіз екінші рет бұлай ойламайтын боласыз.
Бір күні таңғы 6-да ұялы телефоным қоңырау соқты. Досым жылап, дереу үйіне келуін өтінді. Үйіне жеткен соң, ол өз әйелінің басқа адамнан жүкті екендігін қазір білгендігін айтты. Содан кейін, айқай-шу, көз жас, тарсылдаған есіктер, сенімсіздік, үзілген үміттер орын алды. Ол бірнеше күн, апта, ай және жыл ішінде қайта-қайта қайталанатын болады.
Сонымен – осының барлығы бір түндік ләззат себебінен болды ма?
Жыныстық қатнас-бұл Құдайдан берілген сый. Бірақ ол от сияқты дұрыс жерде, яғни тек некеде ғана қолдану керек. Осы әлем бізге соған қарай көбірек жүгіруге мүмкіндік береді.
Біз одан некеден тыс болса қашуды үйренгеніміз жөн. Әсіресе, таза емес жыныстық қатнастардан, порнографиядан, жаман фильмдерден, лас музыкалардан аулақ болыңыз.
Мүмкін Facebook парақшаңызда керек емес адамдардан бас тарту керек шығар. Өзімде мұны соңғы уақытта жасауым керек еді.
Жыныстық азғындар оған мүлдем тиісті емес сіздің жеке өміріңізге араласып, шектен шығып, сіздің намысыңызға тиетін сондай қауіпті адам. Араласуға тұрмайтын адамдардың бірінші түрі.
№ 2 сенуге болмайтын адамдардың екінші түрі: Нақыл сөздер 22:24-25
24 Ызақормен дос болма,
Ашушаңмен байланыспа.
25 Әйтпесе өзің соған еліктейсің,
Тұзаққа түсіп, күйреп кетесің.
Киелі кітаптағы ашу мен ұят деп аталатын бөлмелерде аз уақыт серуендейік.
—Қабыл қатты ашуға беріліп, өз ағасын өлім құшты.
—Дәуіттің көбірек танымал болып жатқандығына Саул қатты ашуланып, оны өлтіруге тырысты.
—Аса патша Құдайға бағынбағанын әшкерелеп, зынданға отырғызғаны үшін пайғамбарға ашуланды.
—Ашуланған Набуходоносор Шадырақ, Мисақ пен Әбдінегоны пешке салды.
—Ирод ашуланып, Бетлехемнің барша сәбилерін өлтірді.
Ашу қандай әрекеттерге әкелуі мүмкін екенін қараңыз. Бұл тізімге тағы мысалдарды қосу үшін көп күш қажет емес. Бұған деген сіздің жауабыңыз олардың ойлау жүйесі өзгеше болған деп айтуыңыз мүмкін – жарайды, бұл балалар ақымақ істер жасады, бірақ сіз ашудың өйтіп күшейіп кетуіне жол бермейсіз бе?
Сондықтан Киелі кітапта ашуға қатысты нақыл сөздер 27: 4 аят бар.
Нақыл сөздер 27:4 “Ашу қатал, қаһар тасқындай басар”
Тасқын-бұл жылдам қозғалатын ағын. Сіз жылдам қозғалатын ағынға кіретін болсаңыз,
ол сізді қаншалықты басқарып, алып кете алатынын елестете алмайсыз. Ағын сізді қайда алып кететінін білмейсіз. Сондықтан ашу-ызаға берілген кезде, оның қаншалықты алысқа баратынын және ол немен аяқталатынын елестету қиын.
Сіз еліктемеңіз дегенді естідіңіз бе? Осы аятта дәл сол жайлы айтылған.
Шамадан тыс ашуға берілмеңіз. Бұл сізді ашуға берілгіш достарыңыздан алшақтауға итермелеуі тиіс.
Кезінде өміріңізде жасаған, бірақ қазір қатты өкінетін және оларды қайтадан өзгертуге тырысатын ақымақтық істеріңіз жайлы бір минут ойланып көріңіз.
Олардың қаншасы ашудан туындады?
Егер ашулану сіздің өміріңізде мәселе болса, сізге қажет соңғы нәрсе – ол сіз араласатын ашушаң достарыңыздан алшақтау қажет.
29:22 ашулы жан дау-жанжал туғызар.
Жаяу жүретін жанартау жақындау үшін таусылып жатса –
Сіз олардың қашан өртенетінін және қандай зиян келтіретінін ешқашан білмейсіз.
Олардан алыс болу қандай бақыт!
Жер бетінде ашу-ыза жеткіліксіз бе?
1 Қор 15: 33 Мұндайды айтқандарға алданып қалмаңдар! (Былай делінген ғой:)
«Араммен араласып жүрген жан
Айырылар адал салтынан».
Біз қандай да бір адамдармен көп араласатын болсақ, соларға көбірек ұқсап кететін боламыз. Егер сіз бұл тізімге мән беріп қарамайтын болсаңыз, алданып қалмайсыз ба?
Ортаңыздан зұлым адамдарды алшақтатып, оның орнына жақсы үлгі болатындай адамдармен дос болыңыз.
№3 қоштасу керек адамдардың үшінші түрі:
Нақыл сөздер 22:10 Қорлаушыны қусаң, жанжалдан арыларсың,
Ұрыс-керіс, балағаттан ада боларсың.
Мұнда өздерін бір дөрекі ұстайтын бір топ бар. Мазақ ететін адамды ортадан алшақтату керек. Мазақшы деген не? Мазақшы-бұл зұлым ақымақтықты білдіретін еврей тіліндегі ең күшті термин. Олардың ақыл-ойларының бұрмаланғаны соншалықты, олар дұрыс нәрселер жасауға тырысып жатқан адамдарға оқ атып, шабуылдауға тәжірибе жасап қуанады. Біз мұны саналы түрде жасайтындар жайлы айтып отырмыз. Оларды ұятқа қалдыра алмайсың да. Оларды бейбіт түрде сендіру үшін бекерге уақыт жұмсамаңыз.
Олар соңында құртуға алып келетіндей әсер ететін қатерлі ісік іспетті, оны кесіп тастау керек. Олар жағымсыз әңгімелер мен жанжалдарға бейім болып келеді. Оларда бар білетіні шешім қабылдауға деген әркеттерге мүлдем қарама-қайшы келетін қорлау, мазақ етуді ғана біледі.
Біз адамдар арасында болатын келіспеушіліктер жайлы айтып отырғанымыз жоқ.
Барлығымызда адамдармен келіспеушіліктер болып тұрады. Бірақ уақыт өте келе олар дұға және байыппен ой елегінен өткізу арқылы жиі реттеліп жатады.
Ал мұнда біз, мазақ етушілер дегенімізде, сізді паршалап тастайтын жиынтық жайлы айтып отырмыз. Мазақ етушілермен қарым-қатынаста үлгі алғыңыз келетін мысалдарды қарайтын болсаңыз олар:
Лұқа 23: 8-9 Ирод Исаны көргеніне қатты қуанды. Себебі ол Иса туралы көп естіген соң, бір керемет көрсетер деп үміттеніп, Оны көптен бері көргісі келіп жүрген еді. 9 аятта Ирод Исаға көптеген сұрақтар қойды, бірақ Ол еш жауап бермеді. Ирод-тозақтан шыққан жаңа отбасының менмен мүшесі. Оның ең үлкен жетістіктерінің бірі деп Вифлиемдегі сәбидің және шомылдырушы Жақыптың өлімін атауға болады. Сонымен, 9 аятта Иса Иродтың сұрақтарына жауап бермегенін байқаймыз.
Не себепті? Өйткені, Иродта шынайылық болмай, жай қызық үшін сұраған болатын.
Әрі қарай 10-11 аяттарды оқыңыз.
10 Ал басты діни қызметкерлер мен дін мұғалімдері сол жерде тұрып, Исаны қатты айыптады.11 Сонда Ирод жасақшыларымен бірге Оны қорлап мазақтап, үстіне әдемі шапан жауып, Пилатқа қайтарып жіберді.
Мазақшылар, Исадан немесе бізден жауап алуға лайық емес.
Мен мәсіхшілердің қанша рет сондай адамдармен араласып, өздерін жаралап алғалдарын естігенімді айта алмаймын. Егер сіз өз араңыздан сондай мазақшыларды жоюға тырыспай, сізді аяқ асты етуіне жол беріп жүрген болсаңыз ол сіздің кінәңіз. Ол үшін Құдайға кінә тақпаңыз.
Сіздің бұл өмірде деген шақырылуыңызды білмедім. Бірақ мен білетін бір нәрсе — біреу сізді аяқ асты етуіне шақырылмағандығыңызды анық білемін. Жетер енді!
Мен өз ақылыма жүгінетін сәттер болады. Егер сіз бүгін менің асханадағы үстеліме көз жүгіртіп қарайтын болсаңыз, ол жерден маған келген хатты көрген болар едіңіз. Тағыда жақсылап қарасаңыз, оның ашылмағанын байқайсыз. Тағы да мұқият қарайтын болсаңыз, ол бірнеше апта бұрын келгенін көресіз. Ашпаған себебім ол хат менің әкеме, анама, сіңілім мен маған қатігездік танытқан туысқанымнан келген болатын.
Неліктен мен оны оқуға асығуым керек? Қашан мен оны оқып көре алатыным белгісіз.
Ол адам менің отбасымды сондай қуанышты күндерден айырған. Құдайдың мирімі арқасында ғана мен оны оқып, жыртып тастамай қойдым. Мазақшылардан аулақ болыңыз.
№4-ші қоршату керек адам түрі:
Нақыл сөздер 13:20б Наданмен жолдас болған пәлеге қалар.
Бірден анықтап алу қажет. Біз “надан” сөзін қолданған кезде, біз ыңғайсыз, жағымсыз немесе ақымақтық нәрсе жасайтын адам жайлы айтамыз.
Киелі кітапта ақымақ туралы айтылған кезде, мағынасы өте кең.
Нақыл сөздер 1: 7 ақымақтар даналық пен тәрбиені қабылдамайды.
Нақыл сөздер 1: 22 ақымақтар білімді жек көреді.
Нақыл сөздер 10: 23 ақымақ зұлымдық жасаудан, ләззат табады.
Нақыл сөздер 13: 19 ақымақ надан ісінен бас тартпайды.
Нақыл сөздер 14: 9 ақымақтар күнәні күлкі етеді.
Нақыл сөздер 15: 5 ақымақтар әкесінің тәрбиесінен безеді
Нақыл сөздер 15: 20 анасын қор қылады
Нақыл сөздер 19: 13 ақымақ бала-әкесінің күйреуіне себепші болады
Нақыл сөздер 26: 11 Ит өзінің құсығына оралғанындай, аңқау жан ақымақтығын қайталайды.
Киелі кітаптағы ақымақ ол негінен ақымақтық емес. Ол ашулы әрі, өзін Құдайға қарсы тұруға арнаған адам. Иса бізге ақымақтарға қалай қарау керектігін үйретеді.
Матай жазған ізгі хабар 7:6
6 Қасиеттілерді иттерге тастамаңдар, інжу-маржандарыңды шошқалар алдына лақтырмаңдар! Әйтпесе олар соларды аяқтарымен таптап, бұрылып келіп, өздеріңді жарып тастамақ.
Шындықты қабылдағысы келмейтіндерге, оны үйрету үшін босқа уақытыңызды ысырап етпеңіз. Міне сондықтан Нақыл сөздер 14:7 айтылғандай ақымақтың қасынан аулақ жүру керек.
Нақыл сөздер 13:20 ға қайта оралатын болсақ, наданмен араласып пәлеге қалып жатырсыз ба? Мен де.
Араласатын достарыңыздың ішінен ақымақтарды аластатыңыз.
————————————————————————————
Соңында
№5 дос бола алмайтын адамның 5-ші түрі:
Нақыл сөздер 24:21
21 Балам, Жаратқанды терең қастерле,
Мойынсұнып патшаңды да құрметте,
Ал бүлікшімен ешқашан бірлеспе!
Басқаша айтқанда, билік орнындағыларды құрметтемейтін адамдармен араласпаңыз.
Нив: бүлікші шенеуніктермен араласпаңыз.
Біз аулақ болуымыз керек адамдардың бесінші түрі-бүлікшілер, революционерлер, көтерілісшілер.
Петірдің бірінші хаты мұны жақсы қолдайды. Өтінемін, оған назар аударыңыз.
Петрдің бірінші хаты 2:11-13
11 Сүйікті бауырластарым, (осы күнәкар дүниеде) жат жерлік адамсыңдар, сондықтан сендерге ескертемін: өз жандарыңа ұдайы қарсы шығатын арам құмарлықтардан бас тартыңдар!12 Құдайға мойынсұнбайтын халықтар арасында адал өмір сүріңдер! Олар сендерді жамандық жасаушылар деп айыптайды. Алайда Құдай бізді құтқаруға келген күні олар өз көздерімен көріп жүрген игі істеріңе бола Оны мадақтайтын болады.
13 Сонымен, сендер Жаратқан Иенің меншігі болғандықтан, Ол тағайындаған әрбір билік иесіне мойынсұныңдар! Елдің басшысы ретінде патшасына бой ұсыныңдар.
Сіздің өміріңіз үшін Құдайдың еркін білгіңіз келе ме? Оның бір бөлігі дәл осы жерде.
Билікке бағыну. Үкіметке қарсы шықпаңыздар. Мәсіхші террорист-бұл Құдай еркіне қарама-қайшылық. Бірақ бұл аяттардан нақты түсінік алу үшін, жалпы көріністі көруіміз қажет.
Біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында Рим императоры болған Нерон туралы естіген шығарсыз. Ол Құрылыс жобаларын жақсы көрген болатын. Бірақ күндердің күнінде құрылыс үшін заттар таусылған күн туды. Алайда көптеген тарихшылар Нерон Римді өзі әдейі өртеп жіберді деп санайды. Қалада тар көшелер, тығыз шоғырланған халық, биік ағаш үйлер болған. Өрт Римге жеткенде, ол қаланы толығымен жұтып қойды. Өрт сөндірушілерге қиындық туғызғаны соншалық, өртті сөндірген жерлерде өрт жаңадан тұтанып жатты. Ал, бұл жалындаған оттың бәрі әртүрлі құдайлардың ғибадатханаларын, храмдарды жалмап тастады. Осылайша, олардың Құдайы бұл жағдайды жеңе алмады деген діни хаос орын алды. Үйсіздік, бұзылған діни жүйелер, көңіл құлазып өкпелеу.
Нерон осындай барлық дұшпандықпен күресуге мәжбүр болды. Сондықтан ол мәсіхшілерді айыптады. Осылайша бүкіл империяда мәсіхшілерді қудалау толқыны басталды.
Петірдің бірінші хаты сенушілерге бұл қудалауды жеңуге көмектесу үшін жазылған еді.
1 Петр 1: 6 / Қазір сендерге біраз уақыт азап шегіп, қуғын-сүргін көруге тура келді
1 Петр 1: 7 Сіздердің сенімдеріңіздің шынайылығы отпен сыналады
1 Петра 4: 12 Өздеріңнің «от кешіп» ауыр азап шегіп, сыналғандарыңды оғаш нәрсе деп ойламаңдар
1 Петр 5: 8 Сендердің қас жауларың, шайтан, ақырған арыстандай қауымды айнала шарлап, кімді жалмасам деп торуылдап жүр.
Петір жазғандай бұл бізге, яғни әрбір сенушілердің басына түсетіні жайлы түсінік береді.
Енді Петірдің бірінші хатын тағы бір рет оқып көрейік 2:11-13
11 Сүйікті бауырластарым, (осы күнәкар дүниеде) жат жерлік адамсыңдар, сондықтан сендерге ескертемін: өз жандарыңа ұдайы қарсы шығатын арам құмарлықтардан бас тартыңдар!12 Құдайға мойынсұнбайтын халықтар арасында адал өмір сүріңдер! Олар сендерді жамандық жасаушылар деп айыптайды. Алайда Құдай бізді құтқаруға келген күні олар өз көздерімен көріп жүрген игі істеріңе бола Оны мадақтайтын болады.
13 Сонымен, сендер Жаратқан Иенің меншігі болғандықтан, Ол тағайындаған әрбір билік иесіне мойынсұныңдар! Елдің басшысы ретінде патшасына бой ұсыныңдар.
Сіз өтіп жатқан отты сынаққа байланысты өз құқықтарыңызды талап етіңіз.
Қарқынды жұмысты тоқтатып, баяулатуды ұйымдастырыңыз.
Отырып жасайтын көтерілістер бар.
Моральдық көпшілікті ұйымдастырыңыз.
Наразылық танытыңыз.
Азаматтық бағынбаушылыққа қатысыңыз. Алайда, білесіз бе, достар!
Сіз өтіп жатқан бұл қиындықтар, сізге жоғарыда айтылғандардың кез-келген нәрсені жасауға құқық бермейді.
Римнің өртенгенге дейін және одан кейінгі адамзаттың шынайы мәселесі –
адам жүрегінің күнәсін көру мен оларға Құтқарушының қажеттілігі керек еді.
Елестетіп қарайтын болсақ ештеңе өзгерген жоқ.
Неліктен?
Өйткені бізде үлкенірек балық тұр.
Біз Құтқарушымыз жайлы айтқан кезде адамдардың қарсылық білдірмей бізді тыңдағанын және олар біздің саяси көзқарастарымызбен алаңдағанын қаламаймыз.
Мәсіхшілер мемлекеттің ең жақсы азаматтары болуы керек. Біз мемлекеттік көшбасшыларымызға дауыс беріп, не бермеуімізге қарамастан олар үшін үздіксіз сыйынуымыз қажет. Айтпақшы – Егер Мәсіхке деген адалдығыңызға қарағанда, сізді саяси партиялардан кімді қолдайтыныңызбен немесе қандай да бір сайлауға қолдау көрсететіндігіңізбен басқаларға танымал болсаңыз, онда сіздің Мәсіхпен қарым-қатнасыңыз дұрыс емес. Біз Исаға дауыс бермейсекте адамдардың күнәлары үшін құрбан болғанын өзіміздің есімізге салып тұруымыз керек пе? Сондықтан өзіңіздің саяси көзқарастарыңызды жар салып, өз саяси партияңызға қызмет етумен шектелмеңіз.
Әрине, қоғам өзгеруі керек. Бірақ шынайы өзгеріс тек тәубе ету мен Иса Мәсіхке бағыну арқылы келеді. Үлгілі азамат болыңыз.
Нақыл сөздер 24:21 оралатын болсақ
Бүлікшілерден алшақ болыңыз.
Бұл қоғамға әсер ететін Құдай таңдаған жолы емес.
Дәл қазір есіңізге Исаның 12 шәкіртінің бірі Шимон зелот болғаны есіңізге түссуі мүмкін. Зелоттар террористер болған. Бірінші ғасырдың тарихын оқып шықсаңыз, сіз зелоттардың Рим билігіне қарсы террорды қалай басқарғанын көресіз. Бірақ Інжілді оқып шығыңыз, Шимон зелоттың қандай да бір жарылыс істерін жасағанын таппайсыз. Ол бұдан былай карточкасы бар фанаттар партиясының мүшесі болмағаны анық. Егер солай болған жағдайда, Иса әрине, оны жақын достар қатарынан алып тастайтын еді.
Сонымен, сізде мәсіхшілер алыс жүру керек адамдардың 5 түрі бар.
- жыныстық азғын
- зұлым, ашушақ адам
- ақымақ
- мазақшыл
- бүлікші
Кейбір қорытынды сұрақтар:
1-сұрақ – біз айыптап, үкім шығарып отырған жоқпыз ба?
Жауап – иә.
Сізде бұл жөнінде мәселе бар ма?
Біз күн сайын үкім шығарамыз.
Біз күн сайын үкім шығаруымыз керек.
Сіз кез-келген таза емес теледидар бағдарламасын көргенде, үкім шығарасыз.
Сіз біреудің айтқан лас әзілін ұнатпай бөлмеден шыққан кезде, үкім шығарасыз.
Сіз қауым кеңесіне біреуді таңдаған кезде, үкім шығарасыз.
Мұнда тұрған ештеңе жоқ.
Біз мұны істеуіміз керек.
Киелі кітап мұны қолдайды.
Нақыл сөздер 12:26
26 Әділ жан серіктерін ақ жолмен бастар.
Сіз мұны мұқият ой елегінен өткізбей жасай алмайсыз.
“Мен сеннен әлдеқайда жақсымын” деген ойларды Киелі кітап айыптайды.
ИЯ, ертең сіз менің қателігімді айтатыныңызды есте сақтай отырып, бүгін мен сіздің қателескеніңізді айта аламын. Киелі кітап бір-бірімізді қажет болған жағдайда айыптауды бұйырған кезде, бұл сонымен қатар бізге үкім шығаруға бұйырылғанын білдіреді – бірақ сүйіспеншілік пен кішіпейілділік тұрғысынан соттауымыз қажет.
№2 сұрақ-Демек, Құдай осы адамдардың барлығын – жыныстық азғын, ақымақ, мазақшыл және т. б. тозаққа түскенін қалайды ма?
Езекиел 33:11-де Құдай біреудің тозаққа түскеніне ешқашан қуанбайтыны жайлы айтылады. Бірақ бұл адамдардың мінез-құлықтарының бұзылғандығы соншалықты, олар Құдай жолынан адасқан. Олардың күнәға батқандығы соншалықты, тіпті олардың тәубе ету ықтималдығы мүлде аз. Құдайдың балаларына жау болуды саналы түрде таңдайтын болсаңыз, Құдайдың рақымын күтпеңіз. Ондай жолмен сіз өзіңізді өте қауіпті жағдайға қойдыңыз дегенді білдіреді. Бірақ есіңізде болсын- егер сіз олардан әдейі алшақтап жүретін болсаңыз, олар күндердің күнінде неге алыстап кеткеніңізді түсініп, тәубе етуіне түрткі болар.
Сұрақ №3. Мәсіхке сенім артқандар, бұл тізімнен аулақ болу керек адамдарды көру керек пе?
Біз кемелді көктегі Әкенің сүйіспеншілігін, қамқорлығын және қорғанысын көруіміз керек.
Балалардың байқамай жолға шығып кеткенін немесе саусақтарын отқа салғысы келіп жатқанын көргенде біз оларға айқайлап, қолынан шапалақпен соғып, олармен қатал боламыз. Өйткені біз олардың зардап шеккенін қаламай, олардың ұзақ өмір сүргенін қалаймыз. Өйткені біз олар үшін ең жақсысын қалаймыз. Себебі біз оларды қатты жақсы көреміз.
Сондықтан да осы аяттар Киелі кітаптан орын алған.
Құдайға деген сүйіспеншілік
Құдайға деген қамқорлық
Құдайдың басшылығы
Құдайдың батасы
Біз қарайтын нәрселердің бәрінде Құдайдың қорғаны бар.
Бізді құртатын, уақыттымызды босқа ысырап ететін қатнастардан сақтау үшін біздің мінсіз Әкеміз жұмыс жасайды.