Жетекшілік негіздері
ЖЕТЕКШІЛЕР ЖЕТЕЛЕУГЕ ТИІС!
«Сәтсіздікке ұшырауды біз жоспарламадық, біз тек жай ғана жоспар құра алмадық». «Қызметтің өркендеуі мен ыдырауы жетекшілікке байланысты». «Егер Мәсіхтің денесінде өсуі және қозғалуы тиіс болса, онда Сапалы жетекшілікке мұқтаждық жайлы үш терең дәйексөз.
Ашығын айтайық: біздің әлемге жақсы көшбасшылар қажет.
Біздің отбасымызға жақсы жетекші қажет.
Біздің қауымдар жақсы жетекшілерге өте мұқтаж.
Біз өз қызметіне немқұрайлы қарайтын немесе қатыгез жетекшіліктің астында қиналып жүрміз, ал адал және даналы жетекшінің қарамағында біз керемет баталарға ие боламыз.
Сонымен, егер біз жетекшілік дағдыларын жақсартқымыз келсе, оны біз қайдан іздеуіміз керек?
Нехемия! Киелі Кітапта оның жақсы жетекші және көшбасшы ретінде атап өтетінін жиі байқаймыз.
Кейбір бастапқы деректер:
Көне өсиеттік заманда Исраил Құдайдан теріс айналып алыстаған кезде, олардың Құдайға деген сенімсіздігі үшін Жаратқан Ие өз халқын жазалауға кірісті. Ол сол үшін Ассириялықтар мен Бабылдықтарды қолданды. Б.з.д. 722 жылы Ассириялықтар Солтүстік Патшалықты ойрандатты. Ал б.з.д. 586 жылы Бабылдықтар Яһуданы қорлап, оның халқының үлкен бір бөлігін Бабылға 70 жыл бойына тұтқында ұстауға қоныс аудартты. Сол 70 жыл аяғына таяп қалған кезде тұтқындағы яһудалық Нехемия және оның туысын Құдай патшаның бас шарапшысы етіп тағайындады. Нехемия кітабының бірінші тарауы 446 жылмен басталып, көне өсиеттің ең табысты жетекші және көшбасшысы ретінде жарқырай түскенін көре аламыз.
- Жетекшіліктің ережесі: Ынталы бол!
Нехемия 1:1-2 «Бұл — Ахалиях ұлы Нехемияның басынан кешкендерін баяндаған сөздері.(Артақсерікс патшалық құрған) жиырмасыншы жылдың тоғызыншы айында мен бекіністі астана Сузыда тұрып жаттым.2 Сол кезде ағайындарымның бірі — Ханани бірнеше адаммен бірге Яһуда аймағынан сапарлап келіп, маған соқты. Мен олардан (Бабылға) жер аударылудан елге қайтқан яһудилердің күй-жайын және Иерусалим қаласының хал-жағдайын сұрадым».
Осы жерде Нехемия Мұсаға ұқсайды. Екеуіде сол тұрып жатқан сарайларында сондай ерекше дәреже, атақпен жайпарақат өмір сүре алатын еді, бірақ олардың ойы тек өз бастары емес, туыстарының мұқтаждықтарын ескерді. Олардың екеуіде атақтарына қарамастан туыстарын елемей қойған жоқ.
Ынта немесе ықылас жәй қарапайым сұрақ қоюдан басталады. Иса кем дегенде 135 сұрақ қойды. Пауыл солардан өзінің үлесін сұрағаны сөзсіз. Інжілді қайта-қайта парақтасаңыз Исаның сол төрт ізгі хабар кітаптарының пайда болуына ынтаны өз қолына алғандығын көре аламыз. Кішкентай нәресетеге өз ата-анасына «Өтінемін, маған көңіл бөліңдерші!» деп айтудың қажеті жоқ. Қауым мүшесі қауым жетекшісіне келіп «Өтінемін, маған жолығыңызшы» деп айтпауы керек. Нехемия кітабының 13 тарауы Нехемияның ынта, ықыласысыз пайда болмас еді.
Қандай ынта мен ықыласты қолға алу керексіз?
- Жетекшіліктің ережесі: Жанашыр бол!
Нехемия 1:3-4а
«Олар маған: «Жер аударылудан аман қалып, сол аймаққа қайта оралғандардың күй-жайы мүшкіл, көргендері қорлық! Иерусалимді қоршаған қабырғалар қиратылған, қақпалары да өртелген», – деп баяндады. Мұны естігенде мен отыра қалып, бірнеше күн бойы қайғырып жылап…»
Осындай жаңалықтарды ести сала жүрегі қатайған адам «Қандай қатал тағдыр. Алайда ол сіздің мәселеңіз. Сіздің мәселеңіздің маған қандай қатысы бар?» деген болар еді. Егерде Нехемия дәл осындай жауап бергенде, осы кітап дәл осымен аяқталып қалар еді, біз ол жайлы ешқашан білмес едік. Нехемияның сондай жанашыр және өзгелердің қамын терең ойлайтынын біз қайта-қайта көз жеткіземіз.
Иса көзіне жас алды. Жохан 11:35
Пауыл Ефестіктермен қоштасарда көзіне жас алды. Елш.іс. 20:19
Жохан көзіне жас алды. Аян 5:4
Сен өзіңнің жанашырлығыңды қалай бағалар едің?
- Жетекшіліктің ережесі: Сиын! Ораза ұста!
Нехемия 1:4б
«…ораза ұстап, көктегі Құдайға мінажат еттім»
Киелі Кітап тұрғысындағы жетекші дұғаға тәуелді болады. Құдай Патшалығына жақындататын әрбір қадам тікелей сиыну арқылы орнатылады. Нехемия соны білетін. Дәл осы жерден біз оның руани өмірінің көрінісінің кілтін таба аламыз. Ол күйінішпен өз жоспарын құрып және оның орындалуына бүкіл жан тәнімен кірісіп немесе сенбеушілер сияқты басқа әрекеттер жасай алар еді. Бірақ оның орнына ол Құдайға үздіксіз және қарқынды жақындаумен болды. Киелі Кітапта ораза 50 реттен астам айтылады. Құдайдың бізге жауап беруі үшін біз Оған талап қоя алмаймыз.
«Ораза – бұл Құдайға шын мәнінде сенім артып, Оған біздің қаншалықты мұқтаж екенімізді және Оны қаншалықты қалайтынымызды бүкіл тәнімізбен және асқазанымызбен айту тәсілі. Бұл шыныменде біздің сөйлем соңында, “Құдай, мен Сені сүйемін. Сенің жетелеуіңе мұқтажбын” деп бүкіл тәніміздің Құдайға айқайлауымыз. Исраилдегі яһудилердің жағдайы мүшкіл. Нехемия өзін солармен теңдестірді. Ол бүкіл жан тәнімен және ақыл ойымен Құдайдың жетелеуін іздеді. (Егер сіздің денсаулығыңыз бұны көтере алса). Ораза сіздің мұқтажыдығыңыз ретінде күнделікті рухани өміріңіздің бөлігі болып саналады ма?
- Жетекшіліктің ережесі: Құдайды тани біл!
Нехемия 1:5
«Былай деп сиындым: «Уа, Жаратқан Ие, көктегі Құдай! Сен Өзіңді сүйіп, өсиеттеріңді ұстанатындарға Келісіміңнің уәделерін орындап, берік мейіріміңді көрсететін ұлы да айбынды Құдайсың».
Нехемияның Құдай туралы түсінігі жайлы бізге не айтады соған назар аударайық. Нехемия тек Құдайдың отбасының мүшесі ғана болған жоқ. Ол Құдайды жақсы танып алуға уақыт бөлді. Бізде Құдайдың ұлылығын, құдіретін, даңқын, адалдығын және сүйіспеншілігін дұрыс, нақты түсінік болуы өте маңызды. Осы жерде Нехемия бізге Киелі Жазбадағы Құдайды тануына уақыт тапқанын айтады. Оның Құдаймен жақындығы оны алдында бет пе бет кездесетін қарсыластарын жеңіп шығуына көмектеседі.
Нехемия – тірі суретеме … ..
Даниял 11:32б
«… Алайда Құдайға сенімділер нығая түсіп, оған қарсы тұрады.»
Бүкіл Нехемия кітабында біздің кездестіретін оның ерік мінезінің және батыл әрекеттерінің негізінде Нехемияның Құдаймен тығыз қарым-қатынасы жатыр. Нехемия тәнімен іс-әрекет жасаған жоқ. Ол Рухани толы, Рухани тәлімделген және Рухтың жетелеуімен болды. Егер сен сенуші яғни Мәсіхтің соңынан еруші адам болсаң, сен Оны жақынырақ тануға уақыт бөліп жүрсін ба? Оның ерекшеліктерін үйреніп жатсынба? Оның мінезін ше?
- Жетекшіліктің ережесі: Күнәға байсалдылықпен қара!
Нехемия 1:6б-7 «Исраилдің үрім-бұтағы — біздер Саған қарсы жасаған күнәларымызды мойындаймыз. Менің өзім де, шыққан әулетім де күнә жасадық.7 Өзіңе қарсы зұлым істер істедік. Өз қызметшің Мұса арқылы бұйырған өсиеттерің, ережелерің және шешімдеріңді ұстанған жоқпыз».
Нехемия оның туыстарының бұрынғы жағдайда емес екенін анық білді, себебі Бабыл Исраилға қарағанда әлдеқайда мықты және оның мәдениетінің дамуы жақсырақ еді. Исраил күнәсі үшін тұтқында болатын. Кезең. Басқа ешқандай себеп болмады. Заттарды өз атымен еш бұрмаламай атайық, темір күрек болса, темір күрек дейік. Исраил өз еккенін орды, Құдай оларға ескертулер айтты, бірақ олар Құдайдан теріс айналып, Оған мойынсұнбаған еді. Мәселенің шешілуі үшін, күнә мойындалуы тиіс. Нехемия сол Исраилдың күнәсін өз мойнына алып, Құдай алдында тәубе етеді. Егер мәселелер шешілуі керек болса, онда сол мәселенің себептерінің түпкі тамырларын жойып тастау керек болатын. Нехемия солай жасайды.
Сіз сана сезіміңізбен күнәні жек көріп содан қашқақтайсыз ба?
- Жетекшіліктің ережесі: Құдайдың уәделеріне жармасып ал!
Нехемия 1:8-11
«Сен қызметшің Мұсаға тапсырған мына сөзіңді есіңе ала гөр: «Егер Маған опасыздық жасасаңдар, сендерді басқа халықтардың арасына таратып жіберемін.9 Бірақ егер Маған қайта оралып, өсиеттерімді ұстанып орындайтын болсаңдар, онда тіпті жердің қиыр шеттеріне дейін айдалып тасталған болсаңдар да, Мен сендерді сол жақтан жинаймын, әрі өз есімімді орнатуға таңдап алған жерге қайтарып әкелемін!»10 Исраил халқы — Сенің құдіретті қолыңды алға созып ерен күш-қуатыңмен құтқарып алған қызметшілерің әрі халқың ғой.11 О, Жасаған Ие, Саған бойсұнған менің және есіміңді сүйсіне қастерлейтін басқа да қызметшілеріңнің дұғаларымызға құлақ аса гөр! Енді патшаны маған оң көзімен қаратып, ісімді табысты қыла гөр!» Себебі сол кезде мен патшаның сусындарын басқарып, дайындайтын уәзірі болатынмын».
Бұл аяттар не жайлы айтады? Нехемия Киелі Жазбаны оқитындығы, өз Киелі Жазбасына сенетіндігі жайлы және Құдайдың уәделерін ұстанатынын, сонымен қатар, сол уәделерге жармасып алып соған үміт артатынын паш етеді. Сіздің өміріңіз Киелі Кітап уәделеріне жармасқан ба немесе сол уәделердің жетегіндесін бе?
Жетекшіліктің №7 ережесі: Әрекет ет!
Нехемия 2:1-8
«Артақсерікс патшалық құрған жиырмасыншы жылдың сәуір айының бір күні патшаның шарап ішетін кезі келгенде мен шарапты тостағанға құйып, патшаға ұсындым. Бұған дейін мен ешқашан да патшаның алдында көңілсіз болған емес едім.2 Патша маған:— Ауырып тұрғанға ұқсамайсың, неге соншама көңілсізсің? Жан дүниең бір нәрсеге қатты қайғырып тұр ғой! — деген сұрақ қойды. Мен қатты қорқып кеттім.3 Патшаға жауап беріп:— Патша ағзам көп жасасын! Ата-бабаларымның қабірлері орналасқан қала қирап бос жатыр, әрі қақпалары өртеліпті! Солай болғанда бет-жүзімнің қалайша көңілсіз болмауы мүмкін? — дедім.4 Патша маған:— Онда қандай өтінішің бар? — деген сауал қойды. Мен көктегі Құдайға іштей сиынып алып,5 патшаға былай деп жауап қаттым:— Егер патша ағзам мақұл көріп, алдындағы қызметшісіне ризашылықпен қараса, онда мені ата-бабаларымның қабірлері жатқан қаланы қайтадан тұрғызуға Яһуда аймағына жібере көрсе екен. —6 Патша менен:— Сонда баруға саған қанша уақыт керек болады? Қашан қайтып келесің? — деп сұрады. Мен оған қанша уақыт кететінін айтқанымда, патша мені жіберуді жөн көрді. Оның жанында патшайым да отырды.7 Мен патшаға тағы мына тілегімді де білдірдім:— Уа, патшам, егер мақұл көрсеңіз, маған Батыс Евфрат өлкесі арқылы өтіп, Яһудаға жету үшін сол өлкедегі әміршілерге арнап рұқсат хаттарын жаздырып берсеңіз игі болар еді.8 Сондай-ақ, ғибадатхананың қасындағы қорғанның қақпаларын, қаланың қабырғасын және өзіме үй салдыру үшін бөренелер берсін деп патшаның орманын басқарушы Асафқа арналған бір хатты да жаздырып берсеңіз екен. Құдайдың шапағатты мейірімімен патша осы сұрағандарымның бәрін де берді.
Бұл бізге не деген мағынаны білдіреді?
- Нехемия Исраил халқының жағдайын естігенде патшаның алдында құрметпен бойсынды. Нехемия патшаны елемей қойған жоқ, ол сол елден өз еркімен кетіп қалған жоқ. Қайта, патшаның батасын күтіп, сол ісі оның алдағы уақытта жолында кездестіретін қарсылықтарға және оның өзіне мәселе тудырмау үшін рұхсат қағаз жаздырып алды.
- Осы жігіттің куәліктері және жетеленуі дұғаға байланысты болып, дұғалары күшке ие болды.
- Даналықпен жоспарланған әрекет болды.
Мұнда сізге қолға алу керек әрекеттерге ұсыныстар көріп жатсыз ба?
Жетекшіліктің №8 ережесі: Мәселені анық және нақты түсіну.
Нехемия 2:12-16
«өзіме еріп келген біраз адаммен бірге түнде тұрдым. Құдайымның менің жүрегіме Иерусалим үшін не істейтінім туралы салған ойларын ешкімге айтқан жоқ едім. Астымдағы көлік малдан басқа ешқандай көлік алған жоқпыз.13 Сонымен түнде Аңғар қақпасынан шығып, Шибөрі қайнарының маңынан өтіп, Күл қақпасына жеттім. Сөйтіп Иерусалимнің қираған қамал қабырғалары мен өртеніп кеткен қақпаларын тексеріп қарап шықтым.14 Содан соң Қайнар қақпасы мен Патша тоғанына қарай бет алдым. Алайда астымдағы көлік малдың сол жаққа өтуіне орын болмады.15 Сондықтан түн ішінде Қидрон сайы арқылы өрлеп шықтым да, сол жақтағы қабырғаларды тексердім. Сосын кері бұрылып, Аңғар қақпасы арқылы қалаға қайтып келдім.16 Менің қайда барып, не істегенімді қаланың билік басындағылары білген жоқ. Себебі мен әлі де яһуди басшыларымен: діни қызметкерлер, жетекшілер, қызметкерлер және әкімшілікте істейтін басқалармен сөйлескен жоқ едім»
Осы аяттар даналыққа толы. Шамамен жүз шаршы километр жерге дейін жүріп қайтадан Иерусалимге қайтқан соң, Нехемия мәселенің қаншалықты ауқымды екенін білу үшін қамал-қабырғаларды өз көзімен көрді. Ол бұл жоспарын түнде жасады, жергілікті адамдардың оған қысым көрсетпеуі, ықпал тигізбеулері немесе абайсыздан ойының кұл талқанын шығармау үшін ешқайсымен көріспеді. Әдейі немесе аңдаусыздан шындық жайлы жалған түсінік беретін басқа адамдардан мәлімет алудан ол аулақ болды. Алдында тұрған мәселе жайлы толық түсінік болуы үшін ол өз көзімен көріп соны бағалауды негіздей отырып, алға қарай сеніммен жылжыды.
Сіз шешімдеріңізді өз ақыл-ойыңызға негізделе отырып шешесіз бе?
Жетекшіліктің №9 ережесі: Ынталандыру!
Нехемия 2:17-18
«Енді мен оларға тіл қатып былай дедім: «Біздің қандай қиын жағдайда жүргенімізді өздеріңіз көріп отырсыздар. Иерусалим қиратылып, оның қақпалары өртеніп кеткен. Қаланың қамал қабырғасын қайта тұрғызайық та, бұдан былай сондай масқараға қалмайық!»18 Сонымен қатар оларға Құдайдың мені шапағатты мейірімімен жарылқағаны және патшаның қолдаған сөздері туралы да айтып бердім. Сонда олар: «Мақұл, қабырғаны тұрғызайық!» — деп, осы игілікті іске білек сыбана кіріспекші болды.»
70 жыл қорлық пен азап көріп келген соң «кеттік қабырғаны қайта тұрғызайық!» деген сөздерді есту қаншалықты дүрліктірерлік десеңізші. Не үшін оны басқалар тыңдау керек? Нехемияның үстінде Құдайдың қолы болғанын және патшаның оны қолдағанын есту олар үшін көптен күткен жақсы жаңалық, былайша айтқанда үмітсіз мұқтаждық еді. Құдайдың халқына үгіт, насихат керек болды. Нехемия халқын сонымен қамтамасыз етті. Сіз өзіңізді ынталандырушы ретінде қалай бағалар едіңіз?
Жетекшіліктің №10 ережесі: Сырттай қарсыластардың болуын күтіңіз
Нехемия 2:19 «Бірақ хоронайымдық Санбаллат, аммондық қызметкер Тобиях және арабиялық Гешем осы туралы естігенде, бізді келекелеп:— Әй, бұл істеп жатқандарың не? Патшаға қарсы шығайын деп жатырсыңдар ма? — деп мазақтады.20 Мен оларға жауап қайырып:— Бізге табыс сыйлайтын — көктегі Құдай! Сондықтан да біз, Оның қызметшілері, құрылысты бастаймыз. Ал өздеріңіздің Иерусалимнен не үлестеріңіз, не құқықтарыңыз, не талап ететіндей негіздеріңіз жоқ! — дедім».
Сондықтан осыны нақты түсініп алайық. Нехемия сиынды, ораза ұстады, патшаның рұқсатын алды, алыс сапар жасады, жағдайды өз көзімен көрді және адамдарды әрекет етуге шақырды. Бірақ АЯҚ АСТЫНАН не үшін қарсыластары тап болды? Нехемияның кері қайтқанын, қорыққанын, екіншіден, Құдайдың еркі ме екен деп ойлауын қалады ма? Шын мәнінде осындай қиындықтар болғанына ол еш таңданбады және қолға алған ісін жалғастыруды тоқтатудан мүлдем бас тарқан емес.
Осы жерде біздің ойымызға 1 Қорытындықтар 16:9 келетін шығар: «Өйткені осында өнімді еңбек етуіме есік айқара ашық, ал қарсыластарым да аз емес».
Пауылмен Нехемияға қарсыластарын жеңетін өте керемет мүмкіндіктер болды. Олардың екеуінде де қорқыныш болған жоқ. Ал біз ше? Қарсыластарыңызбен күресуге дайынсыз ба?
Жетекшіліктің №11 ережесі: Барлығы қатысып, ат салыссын.
Нехемия 3:1-15
«Осылай бас діни қызметкер Елияшип өз ағайындары — діни қызметкерлермен бірге жұмысқа кірісіп кетті. Олар Қой қақпасын тұрғызып, есіктерін орнатты; содан соң Қой қақпасына әрі қала қабырғасының Жүздік және Хананел мұнараларына дейінгі аралығына Жаратқан Иеге бағышталу рәсімін жасады.2 Бас діни қызметкердің жанында Иерихонның адамдары, ал солардың қасында Имри ұлы Зақур қала қабырғасының келесі бөліктерін салды.3 Сенуаның ұлдары Балық қақпасын тұрғызды. Олар соның бөренелерін қиюластырып, есіктерін, ысырмалары мен кесе-көлденең бөренелерін орнатты.4 Олардың жанында Хақостың немересі Ұрия ұлы Меремот келесі бөлікті жөндеп бекітті. Оның жанында Мешизабелдің немересі Барақиях ұлы Мешулам, ал соның қасында Бағана ұлы Садық қабырға бөліктерін жөндеп нығайтты.5 Бұлардан кейінгі бөлікті текоялықтар бекітіп қалпына келтірді. Бірақ олардың ауқаттылары басқарушыларының тапсырмаларына сай жұмысқа мойынсұнғылары келмеді.6 Пасеах ұлы Жояда мен Бесодиях ұлы Мешулам Көне қақпаны жөндеп нығайтты. Олар қақпаның бөренелерін қиюластырып, есіктерін, ысырмалары мен кесе-көлденең бөренелерін орнатты.7 Олардың қасындағы жөндеу жұмыстарын гибеондық және миспалық адамдар, гибеондық Мелатиах пен мероноттық Ядон әрі Батыс Евфрат өлкесінің әміршісіне қарайтын жерлерден келгендер атқарды.8 Солардың жанында зергерлердің біреуі — Харқаях ұлы Ұзиел, ал оның қасында хош иісті зат дайындаушылардың біреуі — Хананиях қабырғаның бір бөлігін жөндеп нығайтты. Бұлар Иерусалимді Кең қабырғаға дейін бекітіп қалпына келтірді.9 Солардың жанында Иерусалимнің жарты ауданын басқаратын Һұр ұлы Рефаях қабырғаның келесі бөлігін жөндеп бекітті.10 Олардың қасында Харумаф ұлы Едаях қабырғаның өз үйінің қарсысындағы бөлігін, ал оның жанында Хашабнея ұлы Хатуш келесі бөлікті қалпына келтіріп нығайтты.11 Харым ұлы Малқиях пен Пахат-моаб ұлы Хашуб қабырғаның қосалқы бөлігін және Тандыр мұнарасын жөндеп бекітті.12 Содан кейінгі жерді Иерусалимнің жарты ауданының әкімі Халохеш ұлы Шаллум өз қыздарымен бірге қалпына келтіріп нығайтты.13 Анон және Заноах қаласының тұрғындары Аңғар қақпасын нық етіп тұрғызды да, есіктерін, ысырмалары мен кесе-көлденең бөренелерін орнатты. Олар тағы да Күл қақпасына дейінгі қала қабырғасының бір мың шынтақ бөлігін жөндеп бекітті.14 Беткәрем ауданының әкімі Рехап ұлы Малқиях Күл қақпасын жөндеп бекітіп, есіктерін, ысырмалары мен кесе-көлденең бөренелерін қайтадан орнатты.15 Миспа ауданының әкімі Қолхозе ұлы Шаллум Қайнар қақпасын тұрғызып бекітті де, төбесін жауып, есіктерін, ысырмалары мен кесе-көлденең бөренелерін орнатты. Шаллум, сондай-ақ, қабырғаның Патша бағының қасындағы Силоғам тоғанының тұсындағы бөлігін Дәуіттің шаһарынан төмен түсіп жатқан баспалдақтарға дейін жөндеп нығайтты».
Бұл басқару дарынының ең жарқын мысалы болып табылады. Әрбір сенушіге қабырғаның белгілі бір бөлігін жөндеуге нақты және белгілі тапсырма берілді. Барлығы жұмыла жұмыс жасай отырып, жұмыстың сипаттамасы қандай екені анық еді. Сол жердегілердің барлығы керекті адамдар. Мұндай аумақты жобаны ешбірі жалғыз немесе бірнеше адамдар болып іске асыра алмайды. Топпен біріге отырып жұмыс істесе, міне сол кезде үлкен жобалар орындалмақ. Топ құрылымының құндылықтарын көресіз бе? Өз тарапыңыздан қандай әрекеттер жасауыңыз керек?
Жетекшіліктің №12 ережесі: Қарсыластарыңызды жеңіп шығыңыз!!
Нехемия 4:6-9 «Халық жұмысты бар ықыласымен істегендіктен, біз бүкіл қаланы қоршаған қабырғаны бұрынғы биіктігінің жартысына дейін тұрғызып тастадық.7 Бірақ Санбаллат, Тобиях, арабиялықтар, аммондықтар және азоттықтар: «Иерусалимнің қабырғаларын жөндеу жұмыстары алға жылжып, оның құлаған жерлері бітелуде» дегенді естігенде, олар бұған қатты ашуланды.8 Барлығы бірге ақылдасып: «Иерусалимге қарсы тап беріп, онда аласапыран жасаймыз!» деп сөз байласты.9 Сол себепті біз Құдайымызға сиынып, олардан қорғану үшін күні-түні қабырғаға қарауыл қойдық».
Нехемияның жақтаушыларына еш қауіп-қатер төнді. Мұндай жағдайда олар сол қауіп-қатерге төтеп беру үшін даналықпен әрекет жасады:
- Көп сиынды;
- Күзетшілермен қорғанды.
Және Нехемия 4:14
«Сосын бәрін тексеріп қарап шыққаннан кейін биіктеу жерге тұрдым да, жетекшілер мен қызметкерлерге және бүкіл халыққа сөз сөйлеп былай дедім: «Олардан қорықпаңдар! Ұлы да айбынды Жасаған Иені естеріңнен шығармаңдар! Өз ағайындарың, ұл-қыздарың мен әйелдерің әрі үй-жайларың үшін шайқасыңдар!»
Осында олардың ұйымшылдықпен жинақталғанын байқадыңыз ба? Нехемияның тобын төніп тұрған қатерден ұстап тұру мүмкін емес еді.
Өз тобыңды қайтадан ынталандыру немесе жігер беруге тағы бір мүмкіндік. Қауіп-қатерден қашқақтап, өзіңізді жинақтай аласыз ба?
Жетекшіліктің №13 ережесі: Топ арасындағы наразылықтарды шешуге тырыс.
Нехемия 5:1-5
«Сол кездері халықтың көп адамдары әйелдерімен бірге ауқатты яһуди ұлттастарының үстінен шағымданып айқай салды.2 Кейбіреулері:— Ұл-қыздарымыз бар біздер көп адамбыз. Аштан өлмей тірі қалуымыз үшін бізге астық алу қажет! — десе,3 тағы біреулері:— Ашаршылық кезінде біз нанымызды тауып жеу үшін өз егістіктеріміз бен жүзімдіктерімізді және үй-жайларымызды кепілдікке беруге мәжбүр болдық! — деп наразылық білдірді. —4 Патшаның алым-салығын төлеу үшін де егістіктер мен жүзімдіктерімізді несие берушілерге кепілдікке табыстауға мәжбүр болдық.5 Ата-тегіміз солардікі сияқты біз де яһудилерміз, балаларымыз да олардікінен еш кем емес! Әйтсе де біз ұл-қыздарымызды оларға басыбайлы қызметшілікке сатуға мәжбүрміз. Кейбір қыздарымыз қазірдің өзінде солардың уысында! Бірақ істейтін шарамыз жоқ, өйткені егістіктеріміз бен жүзімдіктеріміз басқалардың иелігінде!».
Осындай дағдарыс кезінде ашкөздік пен қызғаныш жікке бөлінулерге әкеп соғатыны адамзат тарихындағы бірінші жағдай емес. Бақытқа орай Нехемия бопсалаушылардың алдында тұрды:
Нехемия 5:6-7 «Ата-тегіміз солардікі сияқты біз де яһудилерміз, балаларымыз да олардікінен еш кем емес! Әйтсе де біз ұл-қыздарымызды оларға басыбайлы қызметшілікке сатуға мәжбүрміз. Кейбір қыздарымыз қазірдің өзінде солардың уысында! Бірақ істейтін шарамыз жоқ, өйткені егістіктеріміз бен жүзімдіктеріміз басқалардың иелігінде!6 Олардың осылай шағымданып айқайлағандарын естігенде қатты ашуландым.7 Мен сол туралы біраз ойланып-толғанғаннан кейін жетекшілер мен қызметкерлерді сөгіп, оларға:— Сендер берген қарыздарыңнан өсім талап етіп, әрқайсыларың тіпті исраилдік бауырластарыңа солай істейді екенсіңдер! — деп наразылық білдірдім. Содан соң мен осы мәселе жайлы жұртты үлкен жиналысқа шақырдым».
Елін қайта тұрғызу үшін ат салысу кезеңінде кейбір еврейлер өз туыстарын пайдалануы өкінішті-ақ. Бірақ күнәнің шегі жоқ. Нехемия әшкерелегенде және халықты жұмылдырып елді қалыпқа келтіруде еш күмәнданбады:
Нехемия 6:11
«Бірақ мен оған:— Мендей адам бас сауғалап қаша ма? Және мендей адам ғибадатхананың ішіне кіріп, тірі қала ала ма? Жоқ, бармаймын! — дедім».
Көптеген көшбасшылар парақорлықты көзден таса жіберіп алды. Нехемияда ондай болмады.
Тобыңызда наразылықтар туындаған кезде сіз батылдықпен шешім қабылдайсыз ба?
Жетекшіліктің ережесі №14: Керексіз ағымдардан қашқақтаңыз!
Нехемия 6:1-3
«Санбаллат, Тобиях, арабиялық Гешем және қалған дұшпандарымыз да менің қабырға құрылысын бітіріп, оның бірде-бір құлаған жерінің қалып қоймағаны туралы хабар алды. Ал қақпалардағы есіктерді мен әлі де орнатып болмаған едім.2 Сондықтан Санбаллат пен Гешем маған кісі жіберіп:— Оно алқабындағы елді мекендердің бірінде кездесейік! — деп шақырды. Олар маған қастандық жасауға ниеттеніп жүрген болатын.3 Мен оларға хабаршыларымды жіберіп:— Мен мұнда зор іспен айналысып жатырмын. Сондықтан сол жерге төмен түсіп бара алмаймын. Не үшін жұмысты тоқтатып, сіздерге ылдилап баруым керек? — деп жауап бердім».
Нехемияны жоғары дәрежедегі бұрынғы дұшпандарымен кездесуге шақырылды. Бұл кімге керек? Нехемия бұның өзіне арналған тұзақ екенін түсініп, қажетсіз енжарлық екеніне көзі жетіп одан қашқақтайды.
Сіз Нехемияның қолға алған ісін аяғына дейін орындауға табандылық танытып, соған нақты не істеу керектігін көз жетіп түсінуге толықтай жинақталғанын байқадыңыз ба? Оның шақырылуы өзіне анық. Ол үшін басқалары маңызды емес еді. Ал сіз ше? Сіз не істеуге шақырылдыңыз? Сіз соны анық түсінесіз бе? Сіз соған иесіз бе? Жинақталыңыз!
Жетекшіліктің ережесі №15: Құдайдың батасын күтіңіз!
Нехемия 6:15
«Осылайша қабырғаны нығайтып қалпына келтіру жұмыстары елул айының жиырма бесінде, елу екі-ақ күннің ішінде аяқталды».
Ұлы жетекшілер соңында өз жемістеріне ие болтыны таңқаларлық емес пе? Құдай ауыр еңбекті баталайды. Құдай топтық күш салып еңбек етулерді марапаттайды. Құдай дұғаға тәуелді жетекшілерге құлақ түреді.
Жетекшілер! Ауыр еңбектеніп жатқаныңыз бекер емес. Сіз жеңімпаздың жағындасыз. Ол сізді неге шақырды соны анық және нақты біліңіз, соған сәйкес әрекеттеніңіз және Құдай сізбен әрқашан бірге екенін естен шығармаңыз.
Жетекші! Осы сөздер сізді жігерлендіреді ме?
Осымен орындап болдық па?
Осы Нехемияның соңы ма? Жоқ.
Кітап әлі көптеген басқа тараулармен жалғаса береді.
Ал мұнда бізде ең мағызды ереже бар:
Жетекшіліктің №16ережесі: Бірінші орында әрдәйым рухани сұрақтар жайлы ойлаудың қамын жеңіз!
Құдайдың жер бетіндегі мақсаты қандайда бір ғимараттарды соғу немесе басқада бір қабырғаларды көтеру емес. Құдайдың мақсаты – Оны сүйетін және Оған табынатын адамдарды құру. Жер бетіндегі Иерусалимнің жағалауында қабырғаларды тұрғызу Құдайдың түпкі мақсаты болған жоқ. Бірақ енді сыртқы дұшпандардан қорғаныс болатын қабырғалар тұрғызылған соң, Құдайға үздіксіз табыну тақырыптары жаңартылмақ. Сондықтан кітаптың басқа бөлімдері елдің рухани өмірінің жаңаруына арналған.
Олай болса:
Нехемия 8: 1-12 Мұсаның заңдары оқылып жатыр. Құдай Сөзінен теріс айналу оларды тұтқында болуларына әкеп соқты. Бірақ олардың жер аударғандарынан кейін Құдай Сөзін тыңдауға уақыт келді және соған болашақтарын құру уақыты еді. Нехемия 9: 1-37 күнәсін мойындап, тәубеге келеді. Ұлттың күнәларына өкініп теріс жолынан қайтуы тиіс.
Нехемия 10: 1-39 Құдай Мұсаға берген заңын қайталау. Нехемияның замандастары тура жолдан тайып кеткен соң терең тұңғиықта болды. Осы қабырғалардың тұрғызылуы қайтадан Құдайға үздіксіз табыну үшін сол елді иемденуші құрал ғана болды. Олардың орны физикалық құрылыс бағдарламасында болды. Бірақ негізгі мақсаты – бұл әрқашан Құдайға жақын, Оған табынатын, Оған қызмет ететін және Оны сүйетін жүрек қалыптастыру еді. Сіз лазерлік жарық сияқты сондай қымбат Құдайды сүйетін, Оның соңынан еретін және Оған табынатын жүректі қа та құруға бағытталғансыз ба?