Дәуіттің жүрегі
Бұл жиі бола бермейтін құбылыс. Бірақ ол болған кезде, сіз рухани оянып, сосын тыныштықта есеңгіреп отыратын боласыз. Досыңыз сізбен жүрегіндегі бар нәрсемен бөлісіп, оны не нәрсе ынталандыратыны, жетелейтіндігі, оның өмірге деген құштарлығы қандай екендігін айтып толығымен ашылған кезде, сіз оның қандай тұлға екендігін жаңаша түсіне бастайсыз. Ол сізге ағынан жарылғаны үшін өзіңізді жайсыз сезінуіңіз де мүмкін. Осылайша сіз онымен әлдеқайда жақын дос болғаныңызды байқайсыз.
Бұлай жүректі ашу өмірдің сирек сәттері – алайда бұл өмірдің таңдау сәті. Жақын досыңмен тығыз қарым-қатнаста өмір сүру ұмытылмайтын кездер болып табылады.
Білесіз бе? Біз дәл осындай жағдайға, яғни Киелі кітаптағы ұлы адамның жүрегіне қалайша қол жеткізе алатынымыз жайлы куәлік келтіретін боламыз. Ол әлем тарихындағы ұлы адам. Сол ұлы адам-Дәуіт патша. Забур жырлары 63 тарау Дәуіт патшаның жүрегін көрсететін сирек мүмкіндік. Жалпы жыр-бұл ән. Және ол жер бетінде жүрген ұлы адамның жүрегін ашатын, сүйіспеншілік жайлы ерекше бір ән.
Қауымның алғашқы бағушыларының бірі Джон Кристом бір күнде осы жырды дауыстап, көпшілік алдында айтпайынша қызметті өткізбейтіндігі жайлы бұйрық берген болатын.
Ертедегі қауым бұл әнді күнделікті шырқады. Өйткені бүкіл Забур кітабының рухы мен жаны осы жалғыз жырда деп ойлады. Сіз қауым қызметі басталарда әрқашан бірінші болып айтылатын әуеннің болғанын қаламайсыз ба? Мен солай болғанын қалаймын. Бұл сүйіспеншілік әні менің жүрегімнің айнасы деп айта алмаймын.
Егер Забур жырларында Эверест тауы, яғни жырлардың ең биігі болатын болса, онда ол осы жыр. Бұл аяттарға тиісті құрмет көрсете аламыз деп үміттенемін.
Алдымызда үш тең емес бөліктен тұратын сүйіспешілік әні тұр.
: 1-5 аяттар қазіргі уақытқа назар аударады
: 6-8 аяттар өткенге назар аударылған
: 9-11 аяттар болашаққа назар аударылады
Қазіргі уақыттан бастаймыз.
Дәуіт оны жазған кезде, Иемізбен қарым-қатынасы қандай жағдайда еді?
:1 аятта
Бір мағынадағы сөздің үш рет қайталанып тұрғанын байқадыңыз ба?
Саған, Өзіңе, Сен
Оның не жақсы көретінін байқаған боларсыз?
Ол Құдайға ғашық. Ол Құдайды сүйеді. Аятты тағы бір рет қарасаңыз, Дәуіт зәулім үй, көп ақша, көбірек сыйлықтар, жеңіл өмір немесе одан да көп жайлылық пен тұрақтылық сұрамайды. Шындығында ол ештеңе сұрамайды. Оның орнына ол Құдайды іздейді. Құдайдан көп сыйлық алу оның негізгі мақсаты емес. Оның орнына ол сыйлық берушіге жақын болғысы келеді. Міне, оның өмірде ұмтылатын нәрсесі.
Мұны бір ата-анамдан алған хатпен салыстырып көрейік:
– Мен балаларымды сағынамын. Олар менімен бірге болғысы келмей, меннен бірдеңе алу үшін ғана қоңырау шалады немесе келеді. Бұл мені өте қатты қайғырады.
Енді бізде Әкемізге жақын болудан гөрі, басқа нәрселерге қанағаттанатынымызға қаншалықты қайғыратынын елестетіп көріңіз. Біз Одан өзімізге қажетті заттарды сұрап, оңай алаңдап кетеміз.
Менің дұға ететін күнделігім бар болатын. Онда өтініш дұғаларыма Құдай жауап берген парағынан басқа ештеңе жоқ. Бар болғаны сол. Тек жылдан жылға өтініш дұға және оған жауап. Менде қорқынышты күн болған кезде, сол кітапты шығарып алып, беттерді аударып, осы дұғалардың барлығына жауап берген Құдай мені қазіргі осы тығырықтан да шығаратындығын есіме түсіруші едім. Бұл мені қатты жігерлендіретін. Дәуіт осындай дұға күнделіктерді жоққа шығармайды. Бірақ олардан қанағаттанбайтынын айтады. Мәсіхші өмірінде көптеген дұғаларға алған жауаптардан да құнды нәрсе бар. Сол құнды нәрсе – Құдаймен жақындық. Құдайды танып-білу. Құдаймен тыныш уақыт өткізу. Құдайға жақындау. Назарыңызды жоғарыға аударыңыз, мәсіхші. Назарыңызды көкке бұрыңыз. Сыйлықтарда ғөрі, сыйлқ берушімен танысыңыз.
“Сіз не себепті жаратылдыңыз? Құдайды тану үшін.
Өмірде алдыңызға қандай мақсат қою керексіз? Құдайды тану.
Иса беретін мәңгілік өмір деген не? Құдайды тану.
Жохан 17: 3 Мәңгілік өмір — Сені, жалғыз шынайы Құдайды, әрі Өзің жерге жіберген Мені, Иса Мәсіхті, жақыннан тану.
Біз дұғаларымызға көп жауап алу үшін мәңгілік өмір берілді ме? Әлде оңай өмір сүру үшін бе? Көкте жарылыс болуы мүмкін бе? Әрине жоқ.
Әрекет етіп, оқуды жалғастырыңыз – ақыр соңында біз бәрін түсінетін боламыз.
Жохан 17: 3
Бізге мәңгілік өмір жалғыз шынайы Құдай мен Иса Мәсіхті танып білу үшін берілген. Мәңгілік өмір-бұл Құдаймен тығыз жеке қарым-қатынас. Өмірдегі қандай нәрсе бәрінен гөрі қуаныш, ләззат және қанағат әкеледі? Құдайды тануда.
Еремия 9:23
Жаратқан Ие мынаны да айтады: Дана даналығымен, мықты мықтылығымен, бай байлығымен мақтанбасын! Егер сіз өзіңіздің даналығыңызбен, күшіңізбен немесе байлығыңызбен танымал бола алмасаңыз, онда сіз немен танымал бола аласыз?
Бірақ кімде де кім мақтанғысы келсе, Ол мені түсінетіндігімен және білетіндігімен мақтансын делінген. Біз бүгін көптеген мәсіхшілердің Құдайды білетіндігімен мадақтанатынын естиміз бе? Алайда бұл біздің тікелей мақсатымыз болуы керек.
Қандай да бір белгісіз себеппен Құдай біздің дос болғанымызды қалайды. Біз өзінен өзі солай болуға тиіс қой деп санауымыз мүмкін, бірақ бұл бізді таң қалдыруы керек.
Құдай мен сияқты әлсіз және күнәкар адаммен қарым-қатынасты қалайды ма? Ал сізші?
Бұл қарым-қатынасты шындыққа айналдыру үшін оның не істегенін қараңыз. Мәсіхке деген сенім арқылы мәңгілік өмірге ие болуымыз үшін, біздің орнымызға Исаны құрбандыққа жіберді.
Жақсы өмір бізге не ұсына алады?
Бізге қазір ғана айтылғанындай ол Құдаймен жақындық.
Бірақ бұл Забур жырында тағы бір нәрсе бар –
біз әлі де :1 аятты қарастырудамыз.
Дәуіт Құдайға қалай жауап береді?
Тағы бірнеше кілт сөздерді байқайық:
: 1 іздеу
: 1 шөлдеу
: 1 ұзақ уақыт
Сіздің ойыңызша, бірінші аят қалай шырқалды?
Әншінің күңкілдемегеніне сенімді бола аласыз. Дыбыс деңгейін арттырыңыз.
Жарықты қосыңыз және бұл сөздерді шығарыңыз. Біз қарқынды сөйлейміз.
Бұл ән қашан жазылды? Жоғарыдағы жазба оның шөл далада жазылғанын айтады.
Дәуіт патша шөл далада қашан болды? Ол өзін құртуға тырысқан ұлынан қашып жүрген кезде. Біз ол өз басын құтқару үшін қашқан физикалық шөл туралы айтып отырмыз. Сонымен қатар, біз оның ренжігенін ескере отырып эмоционалды шөл туралы және ол ғибадатханада мінажат ете алмағандықтан рухани шөл туралы да айтатын боламыз. Көтеріліс пен сенімсіздік кезінде ол Құдайға жақындау үшін қашып жүр. Мұның бәрі бір куплет жолда топтастырылған!
Сіздің өміріңіз дүрбелең мен белгісіздік орын алған кезде, сіз қайда қашасыз?
Ал Дәуіт қашып жүргенде ол нені аңсайды?
:2
Енді астанадан оны қуып шығарғанда оған не жетіспейді?
Сарайдың барлық артықшылықтары: оның плазмалық теледидары, үй тағамдары, футбол матчтары? өз төсегі?
Ал бұл жерде болса, ол ғибадатханада Құдайға табынуды сағынғандығын айтады. Және ол ғибадатханада болған кезде, ең алдымен, Құдайды сағынды. Ескі келісімдегі сенушілер үшін Иерусалимдегі жалғыз ғибадатханада Құдайға сиыну үлкен іс, әрі мәртебе болатын. Құдайға сиыну оның өміріндегі Құдайдың ұлылығын нығайтты. Жаңа өсиеттің сенушілері үшін – басқа сенушілермен бірге үнемі Құдайға сиыну үлкен іс болып табылады деп ойлайсыз ба? Және сіз оны артықшылық деп санайсыз ба?
Қашан өміріңізде Құдайға табынудан басқа бір нәрсе маңыздырақ болды?
Дәуіт патшағаның орнына өзімізді қойып көрсек-көтеріліс қауіпі төніп тұрған елдің патшасы бола тұра, ешқандай құрметке ие болмай, өз өміріңізді сақтап қалу үшін қашып жүргенде жұбаныш табу үшін қайда қашар едіңіз?
:3
Әзірге Дәуіт қашып жүргенде, ол өзін біреу сүйетіндігін сезінді ме?
Көп емес. Әрине, ол кісі үлкен сүйіспеншілік тапшылығын сезді. Оның жүрегіндегі осы бос орыннан Құдайдың сүйіспеншілігі жайлы естеліктер еніп, өзінің өміріндегі тіпті осындай үлкен тұрақсыздық кезінде ол Құдайды мадақтамасада, оның сүйіспеншілігі оған қол жетімді еді.
Құдайды тәжірибелік тұрғыда біле аламыз ба немесе қалай біле аламыз??!!
:4 аят ” Құдайға қолдарын көтеріп сыйынып тұратын сенушілер Құдайдың оларға жібергендердің барлығын қабылдауға дайын екендігін білдірді. Басқа айтқанда – бұл сенімнің көрінісі. Бұл ән жолдарын жазған кезде Дәуіттің өмірі тұрақсыздық пен әбден масқараланған, бірақ Құдайға деген сенімі бар кезі еді.
:5
Дәуіт Құдайға деген құлшынысы, ізденісі, талпынысы арқылы не нәрсеге қол жеткізді?
Дәл осы жерде атаулы жырдағы қанағаттандырылған деген ең әсерлі сөзге тоқталамыз. Немесе оның сөзімен айтқанда, Дәуіттің Құдаймен қарым-қатнасы жаны мен тәні – толып тұрған дастархан сияқты қанағаттанарлық еді. Тойда қарын мол тойатыны сияқты, Құдай да дәл солай оның жанын рухани тойдырады. Дәуіт шөл далада жүріп Құдайдан қанағат тапты ма? Бүгін сіз өз өмірінен қанағат табатын қанша сенушіні білесіз? Неліктен өз өмірімізде пайдалы бола алмаймыз деген сұрақ бізді мазалайды, әрі «Салем! Мен сенушімін. Құдайдың маған деген қарым-қатнасына шағымданып жүрмін» деген іс-әрекеттер көрініс табады.
Сіздің де өміріңізді осындай бақытқа бөлейтін Иса Мәсіхке сенім артқыңыз келеді ме?
Дәуіт шөл далада – мен ешқандай қанағаттана алмай жүрмін деп жырлап жүр ме? Дәуіттің өмірі қауіпті болып, ол қашып жүрсе де Дәуіт кек сақтап жүрген жоқ. Ол күнәға да жоламайды. Дәуіт Құдайға қарай жүгіреді. Отбасылық көтеріліс бүкіл елге таралған кезде Дәуіт Құдайдан тыныштық табады. Және Одан Дәуіт ешнәрсе сұрамайды. Құдайды іздеумен, Құдайды аңсаумен жүрегіндегі бос орынды толтырады.
Менің құрбым көптеген жылдар бойы дұрыс емес, жүйесіз өмірден кейін Исаға келген соң, Оның соңынан еру дегенді түсінді. Өйткені оның өмірінде үлкен тыныштық орын алды дәне оның ойына мен үйдемін деген екі сөз келді. Онысымен ол сонша уақыт іздеп жүрген сүйіспеншілікті, қауіпсіздік пен өмірдің мағынасын осымен аяқталғандығымен түсіндіреді. Мен үйдемін. Осы жыр жолдарын жазған кезде, көптеген үлкен мәселелерінің шешілмегеніне қарамастан Дәуіт өзін Құдаймен үйіндегідей сезінеді.
Мәсіхші болғаныма біүгін мен ризамын ба?
Бүгін сіз риза мәсіхшісіз бе?
Егер сізде жоқ деген жауап болса, бұл аяттар біздер жайлы айтылып тұр.
Дұрыс. Біз Құдайды іздіемейміз.
Енді қолға алатын әрекеттерді байқап жатырсыз ба?
Мен солай болады деп үміттенемін. Жалықпай Құдайға қарай бет алатын болсаңыз, Дәуіт алған сияқты қанағат пен тыныштыққа сізде ие боласыз. Құдайды бірінші орынға қою және оның артынан алған бетімізден қайтпай жүретін болсақ, ғажайып жеңіске жететін боламыз.
Егер сіздің мәсіхшілік өміріңіз аптасына 1 рет, 1 сағаттық өзге сенушілермен болатын қызметпен ғана шектелетін болса, апта арасында Киелі кітап оқуға уақыт жоқ деген сенімсіз ақталуларыңызға сенетін болсаңыз, алдымызда Дәуіт сезінген сонау байлықты сіз ешқашан сезіне алмайтын боласыз. Осы 5 аятта көрсетілгендегідей менде Дәуіт сияқты Құдайды жақынырақ тануым үшін өз төсемінде тізерлеп тұрып сиынғанымды сіз түсіне аласыз деп үміттенемін. Қанекей бізде ол сияқты әрекет етейік.
Мә саған! Міне сіздерге Дәуіттің Құдайға деген қәзіргі уақыттағы сүйіспеншілігі.
Ал қазір болса уақытты артқа шегіндіріп, өткенді уақытты қарастырып көрейік.
:6-8 аяттар Дәуіттің қандай адам екендігін көрсететін түйіндеме сияқты сипатталған.
Себебі қасында ешкім болмаған кезде, Дәуіттің не істегені жайлы айтылады.
Қасымызда ешкім болмаған кезде, біздің әрекетіміз қандай адам екендігіміздің көрсеткіші болып табылады. Дәуіттің әрекеті қандай болды?
Мидитировать (ойлану) – біздің мәдениеттің адамдары қате пікір болып табылатын бұл сөзді шығыс діндерімен шатастыруға бейім болып келеді. Ойлану – бұл мәсіхшілік сөз. Ойланып – толғану дегеніміз Киелі кітаптағы аятты немесе ойды терең түсіну және өмірде қолдану үшін дұға етіп, төмендегідей сұрақтарды қою арқылы ойлану.
Мысалы бұл не мағынаны білдіреді?
Бұл аяттар менің өміріме қалай әсер еуі мүмкін?
Бұл аяттың Киелі кітаптағы ең жақсы үлгісі кім болып табылады?
Бұндай өмірден мені не нәрсе ұстап тұр?
Сіздің басыңызға осындай күндер туса, сіздің өміріңіз қандай болар еді?
Өз өміріңізге осыны қалай қолданатын боласыз?
Аяттарға сұрақ қойып отырған кезде, Құдай сізге акөмектесу үшін сиынып отырасыз.
Бірақ Дәуіт қазір түнгі уақыт. Сені қорғайтын, сені қарауылдайтын жаныңда ешкім жоқ.
Интернетті қосып, жаңа порнографияның сайтын ашыңыз. Оны ешкім ещқашан білмейдіғой. Іске кірісіңіз.
Алайжа бұлай жасауға болмайды. Оның күндердің күнінде мәлім болатынын жасыра алмайсың. Жанымызда ешкім болмай, жалғыз қалған кездегі біздің қалай әрекет ететініміз маңызды. Қасымызда ешкім болмай, ұйықтамай жатсақ, төсекте жатқан уақытымыз мағынаға ие.
Ал Дәуіт болса осы уақытты Құдай жайлы терең ойлау үшін қолданады. Ол дегеніміз Құдай ол үшін маңызды екендігі көрініп тұр.
Құдай жайлы терең ойлануға оны не нәрсе итермелейді?
:7 аятта құн төленетін уақыт.
Дәуіт, Құдай сізге қалай көмектескенін көру үшін артқа бір қараңыз.
Осы үшін неліктен Құдайды бар ынтамен іздеп қайтармасқа.
Осы жырларды жазғанда Дәуіт қайда болды?
Ұлы патша Дәуіт өз ұлының шабуылынан қашып жүрді. Дәуіттің өмірін қарап, Құдай оның мұқтаждықтарына жауап берген ұзын тізіміне қараңыз. Дәуіттің өзінде Құдай әрқашан көмектескендігі жайлы жазылған жеке дұға күнделігі бар. Мінәжәт күнделігінде Дәуіт дұғаларына көптеген жауаптар күтпейді. Дәуіттің дұға күнделігіндегі жауаптары қиын қыстау кезеңдерде көмек сұрап жалбарынудан ғана тұрмай, керісінше келесі қадамды қандай болады екен деп сиынады. Дұғаларына жауап ретінде Құдайдың оған деген мол мирімін жариялап, мадақтайды.
:8 аят Өткен өмірінде Құдай оған көмпектескені үшін Құдай мен сенің көлеңкеңе айналамын дейді. Дәуіт Құдайдан қол үзбей, оны аңдушы.
Құдаймен алыс болғандығына көптеген адамдар риза болады ма?
«Мен өмірімді өзгергеріске ұшырамаса да, өзімді бақытты сезіну үшін Құдаймен аз ғана уақыт өткізгім келеді. Менің мақсаттарыма әсер етпей ақ қойсын, бірақ тірі қалуым үшін жеткілікті». Бұларды кім жазғанын білмеймін, бірақ ол Дәуіт еместігі анық. Дәуіт мен №1 патшамын деп жүгіріп жүрген жоқ. Ол қолына не алса да Құдайсыз ешнәрсе істей алмайтындығын түсініп, Оның ойында Құдайдан басқа ешкім жоқ еді.
Сенуші үшін ең жақсы, қауіпсіз жер қай жер болып табылады?
Құдайға қалайша жақын болуға болады?
Бізге жол көрсеткенің үшін Дәуіт сізге рахмет. Сонымен, бұл сүйіспеншілік жыры Құдайға жақын болу үшін осы шаққа, яғни қазіргі уақытқа негізделеді. Құдайдың оған деген миріміне бөлену арқылы ол ойланады.
9-11 аяттардағы болашақ.
Біздің болашағымыз Дәуіттің болашағы сияқты белгісіз емес пе?
Бірақ сонда да Дәуіт :9,10 аятта жауларын жеңетініне сенеді. Басқаша айтқанда Дәуіттің жауларын Құдай өз қолына алады. Ал Дәуіттің жаулары өте көп болатын. Егер Дәуіттің оққағарлары сөзсіз сол уақытта жұмыс істейтін болса тәуекелге бел буатын жұмыстардың бірін жасаған болар еді. Бірақ сіз оққағарсызда бір жерін майыстырған адамды көріп тұрсыз ба? Қаншама ұйқысыз түндерді өткізді? Көп емес. Мұны түсінуге тырысыңыз. Дәуіт өз өмірінде кек сақтап, өшін алатындар қатарынан емес.
Егер ойыңызда тек Құдай болса, басқа нәрсеге қалайша уақытыңыз болады?
Менің өмірімде, сенімнен тайған бірнеше адамдар бар. Және де енді олар маған бірнәрсе істейді деген қорқыныштан ұйқым қашты. Бұл тұрғыда маған ұқсайсыз деген ойдаймын. Бұл дегеніміз осындай уайыммен Дәуіттің жолдауын көз алдымызда жоққа шығарамыз дегенді білдірмейді ме. Оның орнына Құдайды іздеңіз. Және ол өміріңіздегі жаулармен Өзі күрессін. Мұндай нәрсе оның қолынан жақсырақ келеді. Оның жолында тұрмаңыз.
:11а аятында болашаққа назарын салады.
Бұл жерде өзі жайлы үшінші шақта айтып тұр. Және ол өмірінің соңы жақсылықпен аяқталатынын біліп, өз ұлынан қашып жүрсе де, елесте алмайтын мол қуанышпен оны қазір тойлап отыр.
:11б аят. Құдайдың атымен ант беру оның Құдайға деген адалдығын көрсетеді.
Түсіндіңіз бе?
Елінің жарты тұрғындары одан бас тартқан кезде осыны айтып тойлап отыр ма?
Дәуіт Құдай сенің өміріңді жеңіл қылмайды. Құдай сіздің мәселелелеріңізді бірден шешпейді. Құдайды неге тастап кетпеске?
11б аятта Құдайдың атымен ант еткені, Құдайға деген адалдығын көрсетеді.
Қазіргі өмірінің қирап жатқандығына қарамастан, өмірің соңында қуаныштан секіргені сияқты бақытты болатынына ешқандай күмәні болмады.
Ал Құдайға адал болмағандарші?
:11С
Бұл сүйіспеншілік жырынан ән шығарайық па?
Дәуіт осы шақта Құдайды іздейді, өйткені өткен шақта Құдай оған қол ұзын созды және де болашақта ұлы қуаныш болатындығын біледі.
Егер сізге 63 Забур жырының қысқа түрі керек болса, сіз оны Матай жазған ізгі хабар 22:37-38 аяттардан табасыз. Мен сиынғанды ұнатамын. Менде көптеген дұға мұқтаждықтарым бар. Бірақ мен әрқашан бұл дұға мұқтаждықтарымның бас жағында не тұру керек деп ойланып қалатынмын. Егер шынымен бұл ұлы өсиет болса, дұға мұқтаждықтарымның бас жағына осы аятты қойыңыз. Мен солай істедім. Және де мен оны күнделікті орындауым үшін сиынамын. Егер шынымен ол ұлы өсиет болса, мәсіхшілік өмірімде неліктен осы аяттар аз орындалады? Неліктен мен осы тақырыпқа байланысты аз уағыздар естідім? Неліктен осы жайлы мәсіхшілер арасында аз айтылады? Оны жаттап алуым үшін мені ешкім жігерлендірген жоқ.
Дәуіт мұның маңыздылығын көріп, 63 жырда жазылғандай өмір сүрді.
Біз түсіндік пе?
Осы жылы мен көптеген жерлеу рәсімдерінде болдым.
Жерлеу рәсімдерінің барлығында бірдей нәрсе көретінмін. Алайда Мэтьюдің жерлеуі ерекше болды. Мэтью 38 жасында қайтыс болған. Сенуші және қауым қызметінің мүшесі. Көптеген адамдарды Исаға алып келген. Қауымда Құдайға бар жан-тәнімен қызмет еткен. Жерлеу рәсімінде адамдардың лық толы болғандығы таң қаларлық болып, келушілердің көбі Мэтьюға құрмет көрсету есебінде тұрып тұрды. Адамдардың оған деген құрметтің белгісі ретінде үн-түнсіз тұрғаны көзге түсті. Және де келушілердің айтқандары: «Мэтью Исаны сүйетін» деген үш сөзді айтты.
Ия, Мэтьюға мадақтау тобында болған ұнайтын, бірақ ол Исаны қаттырақ сүйді.
Ия, Мэтью өз отбасын сүйіп, жақсы әке болды, бірақ ол Исаны қатты сүйді.
Ия, Мэтью адамдарға көп барып, куәлік келтіруші еді, бірақ ол Исаны қатты сүйді.
Барлығы оны білетін. Бұл мен естіген куәліктердің ең мықтысы болатын.
Ал сіздің жерлеу рәсіміңізде сіз жайлы не айтады екен?
Мэтью Забур жыры 63 бойынша өмір сүрді.
Біз бастаған жермен аяқтаймыз.
Уа, Құдайым.
Сіз сеніміңізді Мәсіхке артқандықтан, осыны бүгін айта аласыз ба?
Мәсіхке сенім артуға не нәрсе кедергі болуы мүмкін?
Ендеше Исамен жеке сүйіспеншілік қарым-қатнасыңызды неліктен бүгіннен бастамасқа?