Түсіндірме
Осыдан бірнеше жыл бұрын ауа райының күрт бұзылатындығы жайлы хабарланды. Сұрапыл жаңбырлы дауыл ықтималдығы – 100%, бұған қоса құйынды жел күтілді. Тұрғындардың барлығына үйде отыруға кеңес берілді. Ал анам болса, бұған қарамай дүкенге бармақшы болды. Сөйтіп, көлігімізге отырып, дүкенге кеттік.
Түстен кейінгі уақыт еді, дегенмен анамыздың ең жақсы көретін дүкеніне бара жатқанда алаңдай бастадық. Аспан кенеттен қарайып кетті. Желдің қатты болғаны соншалық, адамдар жүре алмай қалды. Күннің күркірі құлақ жаратындай. Жан-жақта жуан бұтақтар құлап жатыр. Жолда келе жатып, тіпті, сынып құлаған көп талдарды көрдік. Бірнеше жүз шығар. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа көлеңке беріп, әсемдігімен қала тұрғындарын қуантқан талдар енді жерде жатыр. Кейбіреулері көліктерге құлаған, басқалары үйлерді қиратқан. Кейбір көшелерде, көлікпен жүру мүмкін емес болып қалды. Анамыз екеуміз бір-бірімізбен сөйлеспей, тым-тырыс отырдық. Мұндай сұмдық жағдайды көріп, есеңгіреп қалған едік.
Мен ешқашан соғыс болған жерге бармаған едім, алайда көз алдымдағы мына қирауды көргеннен кейін, сондай жердің қандай болатынын кішкене болса да көз алдыма елестете алатын болдым.
Осы ағаштар алпыс, сексен жыл бойы тұрған еді, алайда сұрапыл құйын оларды тез арада құлатып тастады. Олардың тамырларын қопарып, оңдырмады.
Сіздің де, менің де жағдайым осы ағаштардікіне ұқсас келеді. Біз талай уақыттан бері сенуші болып жүрсек те, достарымыздан әр түрлі қорқынышты жаңалықтар мен әңгімелер естиміз де, үлкен сынақтарға тап боламыз. Шайтан соларды пайдаланып, топтарымызды бытыратып жібереді. Көптеген жағымсыз жағдайларға тап болған кезде біз: “Келесі бәле қандай болады екен?” – деп ойлауға бейім боламыз. Біз жаңағы ағаштар сияқты құлап қаламыз ба? Біз не істесек құламай тұра аламыз? Құлап қалмау үшін қазір не істей аламыз?
Осы ағаштардан не үйрене алатынымыз жайлы ойланайық. Сіздің қандай құрлықта немесе қандай елде тұрып жатқаныңыз маңызды емес, мықты әрі биік талдарды барлығымыз ұнатамыз. Талға шығуды балалар да, ересектер де ұнатады емес пе? Оның үстіне күн ыстық болған кезде біз талдың көлеңкесінде демаламыз. Талдан алыс тұрғанның өзінде біз оның сұлулығына қайран қаламыз. Оның мықты діңгегі көптеген бұтақтарын көтеріп тұрады, ал бұтақтарындағы жапырақтарды санап шығу мүмкін емес. Ал жемістері ше! Кез келген адам қолын созып, ағаштағы шырынды жемістерді алып, күні-түні жей алады! Олар дәмді әрі денсаулыққа пайдалы! Мәсіхші ретінде біз де дәл осындай болуға тиістіміз. Құдай Иемізбен тығыз байланыста болып рухани өссеңіз, сіз де осындай “рухани ағаш” боласыз: Мықты, қуаныш пен ризашылыққа толы, өнімді, ықпалды, жарылқанған, тартымды, рухани мағынада бай, шырынды, Киелі Рухтың жемістерін молымен беретін.
Егер сіз Иса Мәсіхпен тығыз қарым-қатынаста болсаңыз, онда Құдай сіздің ағаш сияқты мықты, өнімді және пайдалы болғаныңызды қалайды. Дегенмен… Дегенмен… Дегенмен…
Біз ағаштың мықты болу сырын үнемі есімізде сақтауымыз керек, бұл сыр – оның терең әрі тұрақты тамырлары. Анам екеуміз көрген әлгі талдардың тамырлары аса терең болмаған. Сондықтан олардың желден құлағаны таңғаларлық нәрсе емес еді. Мәсіхшілердің жағдайы да осыған ұқсас. Олар өздерінің рухани тамырларына назар аудармаса, оңай құлап қалатын болады. Мықты болыңыз! Сіз діңгегі жуан, бұтақтары үлкен, жапырақтары сансыз, жемісі шырынды талдай мықты мәсіхші болғыңыз келе ме? Тамаша! Ондай болса, тамырларыңызды терең жіберіңіз. Шынында да, жеміс беретін ағашқа айналудың жалғыз жолы – оны ұстап тұратын мықты тамырлар жүйесін қалыптастыру. Демек, жоғары ұмтылу үшін төмендегі тамырларды дұрыс қалыпқа келтіру керек.
Өміріміздегі түңілу желдері қатты соғып, бізді құлатпақшы болған кезде тамырларымыз бізге аяғымызды нық басып тұруға көмектеседі. Демек, бізге әрқашан мықты тамырлар жүйесі қажет болады.
Біз Құдай үшін мықты әрі өнімді ағаш болғымыз келсе, онда мынаны түсініп алуымыз керек: біз мәсіхшілік өмірімізді тиісті деңгейде тұрақты ететін рухани негізді (тамырлар құрылымын) қалыптастырмайынша мықты ағашқа ешқашан айналмаймыз.
Ағаштың жоғары жағы жақсы өнім беру үшін оның төмендегі тамырлары мықты болу керек.
Жеміс беруді ғана ойлап, ал тамырларыңыз туралы ұмытып кетсеңіз, сәтсіздікке ұшырайсыз. Әншейін сөйлей берудің пайдасы шамалы. Біз тамырларымызды нығайтпасақ, онда жетілмеген мәсіхші боламыз, ал бұл нені білдіреді? Шайтан сізге қарай бір үрлеген кезде етпетіңізден құламақсыз.
Шайтан бізді құлата ала ма? Осы сұрақты барлығымыз өз-өзімізге қоюға тиістіміз, өйткені сіздің сенуші ретінде қаншалықты мықты екеніңіз осыдан көрінетін болады.
Мен сіздің енді өз рухани тамырларыңызға әлдеқайда көбірек назар аударатыныңызға үміттенемін. Сіздің мәсіхші ретінде қаншалықты табысты болатыныңыз осыған байланысты болмақ. Ал қазір біз өз тамырларымызды қалыптастырып нығайту үшін нақты қадамдар жасамақпыз.
Бұны неден бастайық?
Киелі кітапты күнделікті оқу саласы.
Мен бір сапарға бармастан бұрын күніне 30 минут денемді шынықтыратынмын. Сапарда жүргенде бұны өте аз істедім. Ал үйіме қайтып келгеннен кейін ерініп, бұны әрең қайта бастадым. Шағымданып, күрсіне бердім. Демек, дене шынықтыру әдетімді кетіріп алдым. Байқұс-ай!
Көбіңіз бұрын Киелі кітапты күнделікті оқитынсыз. Кейін, әр түрлі себептерге байлынысты бұны тоқтаттыңыз. Ал енді, рухани тамырларыңызды нығайту үшін Киелі кітапты күнде оқуды қайта бастамақшы болсаңыз, бұл оңай болмауы мүмкін. Шағымданып, күрсінесіз. Байқұс-ай! Жақсы әдеттен айырылу деген осы.
Егер сіз Құдайдың кітабын күнде оқымақшы болсаңыз, шайтан түк істемей, қарап отырады деп ойласыз ба? Жоқ. Шайтан Киелі кітапты жек көреді және бізді одан аулақ ұстау үшін қолынан келгеннің бәрін істейді. Сондықтан біз Тімотеге 2-хат 3:16-аятты есімізде сақтап жүруіміз керек. Қолыңыздағы Киелі кітап сіздің өміріңіздегі нәрселердің барлығынан ерекше, өйткені бұл кітап көктен жіберілген. Бұл кітап ерекше пайдалы, тәлім беру, түзету және әділдікке тәрбиелеу үшін тиімді. Киелі кітап әлемдегі барлық кітаптардан МЫҚТЫ.
Менің өз машинамды жүргізіп жүргеніме сегіз жыл болды, осы уақыттың ішінде бұл машинаны шығарған компанияның үстінен екі рет шағым түсті. Қосалқы бөлшектердің ақаулықтарына бола көптеген машиналар қайтарылды. Ал Киелі кітаптың осы әлемде бар болғанына 3000 жылдан асты және оны ешкім жоққа шығара алмады. Бұның себебі: Киелі кітап ешқандай түзету мен анықтауды қажет етпейді, өйткені онда ешқандай ауқаулық жоқ.
Мен: “Киелі кітапты тым көп оқып қойдым”, – деп шағымданған ешкімді кездестірмедім. Дегенмен өзімнің оны аз оқып, соның зардабын тартып жүргенімді білемін. Біз Құдайдың өз өмірімізде толық билікке ие болғанын қалаймыз ба? Шынымен Онымен бірге бір жолда жүргіміз келе ме? Әлде алдымызға келген жалған нәрселерге ғана риза боламыз ба?
Сіз Тімоте. 2-хат 3:16-аяттың бізді Құдайдың Киелі кітабын өмірімізде белсенді пайдалануға шақырып тұрғанын көріп тұрсыз ба? Біз осылай істесек, Құдайдың сөзіндегі барлық игіліктер мен баталарға ие болмақпыз.
Сіздің жағдайыңыздың қандай екенін білмеймін, бірақ өзім жайлы мынаны айтқым келеді: Мен өмірімде талай нәрсені өз бетіммен істедім, ақыр соңында, ылғи өкіндім. Алайда Құдайдың сөзі бойынша әрекет ете бастағаннан кейін ештеңеге өкінбейтін болдым. Жағдайымның осындай болғанын көбірек ұнатамын.
Егер біз Исаны тыңдамасақ, онда Оны қалай Иеміз деп атай аламыз? Сіз біреуді “Ием” деп атасаңыз, онда оған мұқият әрі толық бағынуға тиістісіз. Егер сіз Киелі кітапты оқуға тырыспасаңыз, онда Иса сіздің Иеңіз емес. Шындықты айтайық. Киелі кітапты күнделікті оқу жағын алғанда сіздің рухани тамырыңыз қаншалықты мықты әрі терең екен? Осы тамырсыз аман қалмайтыныңызды түсіну үшін өміріңіз қандай дәрежеге дейін нашарлап кету керек? Адамдар айтқандай, “(Ашып оқи бергендіктен) ыдырап бара жатқан Киелі кітап ыдырамаған (демек оқығанын іс жүзінде пайдаланатын және жарылқанған) сенушінікі болар”.
Құдайға сиынып, Оны мадақтау саласы
Біз: “Құдайды мадақтау қалайша рухани тамырға жатады?” – деп сұрайтын шығармыз.
Бәріміз Құдайға сиынудың және Оны мадақтаудың Оның алдында тізе бүгуді білдіретінін түсінеміз. Мұндай кезде біз Құдайды дәріптейміз, яғни Оған лайықтысын береміз.
Бұл шынымен солай.
Құдайға сиыну мен Оны мадақтау саласы да рухани тамыр болып табылса, бұның да біз үшін пайдасы бар.
Қалайша?
Біз Құдайды мадақтаған кезде Оның ұлылығын, құдіретін, сүйіспеншілігін және рақымын есімізге түсіреміз. Сонда біздің мәселелеріміз кішкентай болып көріне бастайды.
Біз Құдайды мадақтаған кезде көктегі Әкеміздің кім екенін және Онымен қарым-қатынастағы өзіміздің қаншалықты қорғаулы әрі паналы екенімізді есімізге түсіреміз. Сонымен бірге Оның бізге пайдалануға берген байлықтары туралы және айналамыздағы рухани туысқандарымыз жайлы ойланамыз.
Біз Құдайға сиынып, Оны мадақтаған кезде Оған етене жақын боламыз. Біз Кімді мадақтасақ, Соған ұқсайтын боламыз. Біз Кімге табынсақ, Соған ұқсайтын боламыз. Мәселен, ақшаға табынған ақшақұмар сараң болып кетеді. Спортшыларға табынған солардың жеңістеріне ғана назар аударатын болып кетеді. Киножұлдыздарға табынған солар сияқты әдепсіз болып кетеді. Ал Құдайға табынған Соған ұқсайтын болады.
Сондықтан Құдайға сиыну мен Оны мадақтауды әдетке айналдырып, осы салаңыздағы рухани тамырыңызды нығайтыңыз да, өміріңіздің қалай өзгеретінін және өзіңіздің қалай күшейетініңізді байқаңыз.
Келесі қадам – Киелі жазбаны күнделікті жаттау
Осы айтылған “тамырлардың” барлығын алғанда мен Киелі жазбаны жаттауға әсіресе немқұрайлы қараған болатынмын. Осы тамырды нығайту үшін мен бір шара қолдандым: бұрын үйренген аяттарды қайталауға және жаңа аяттарды үйренуге мен күніне 15 минут арнайтын болдым.
Ал осының нәтижесі өмірімнен қалай көрінуге тиіс? Дұрыс істеп жүргенімді білсем, болғаны. Мен рухани мықтырақ боламын. Сынаққа түсіп азғырылғанда немесе түңілгенде аяғымды мықтырақ басып тұра алатын боламын.
Киелі жазбаны жаттауға немқұрайлы қараған кезде мен Құдайға тиісті түрде жақын болмай, жолымда кедергі тудырғанымды түсінемін. Бұл қатемді енді қайталамаймын.
Бірнеше апта бұрын мен машинаммен ұзақ сапарға шықтым. Машина арыққа түсіп кетпеу үшін жүрген жолымның екі жағында қоршау салынған екен. Сонымен бірге жолдың ортасындағы ақ сызық мені қарама-қарсы бағытта жүретін машиналардан сақтауға тиіс. Жол бойы көптеген ескерту беретін және бағыт көрсететін белгілер тұр. Машинамның ішіндегі тежегіш маған көлігімді бақылауға көмектеседі. Сапардан аман-есен қайтып келуімді Құдайдың рақымы мен сыйы ретінде қабылдадым.
Киелі жазбаны жаттауды осыған ұқсатуға болады. Дегенмен оның маңызы әлдеқайда зор. Құдай сөзі бізді жаңағы қоршаудай қоршап, арыққа түсіп кетуден сақтайды. Ол бізді өміріміздегі басқа нәрселермен қақтығысудан қорғайды. Құдай сөзі Құдайдың жолын анық көрсетеді. Көптеген ескертулер береді. Иемізге мойынсұнбай, азғырылған кезде бізді тежегішімен тоқтатады. Сапарымыздың ақырғы аялдамасына аман-есен жеткізеді.
Киелі жазбадағы аяттарды жаттап жүрген адамға Құдай сөзінде мынандай уәделер берілген: Мәсіх шайтанды жеңгендей, сіз де шайтанды жеңетін боласыз; Сіздің мінажаттарыңыз әлдеқайда тиімді болады; Жүрегіңіз Құдайға ұмтылып, жалындайды; Санаңыз түбегейлі жаңарады; Басқаларға әлдеқайда тиімді жолмен көмектесесіз. Құдай сөзі сізге бағыт көрсетеді, сізді қорғайды, тәрбиелейді, сізге ақыл-кеңес, ынта-жігер береді.
Егер сіз Киелі жазбадағы аяттарды жаттамасаңыз, онда ешқашан Құдайдың қалауы бойынша өмір сүретін адамға айналмайсыз. Тіпті өзіңіз кім болғыңыз келсе, сол адамға да айналмайсыз.
Сөйтіп, Киелі жазбадағы аяттарды жаттауды қолға алуымыз керек.
Осыны істеуге қатты тырысайық, жарай ма?
Енді мінажат ету мен ораза ұстау жағын қарастырайық –
Бір кәсіпкер өзінің өмірлік мақсаттары туралы айтып тұрды… “Тоқтай тұрыңыздар, ойланып алайын – мен компаниямның бас директоры болғым келеді, компаниямның өнеркәсіп саласында жетекші болғанын қалаймын. Шетелдегі беделімізді көтергім келеді. Сонымен бірге, рахаттанып молшылықта өмір сүргім келеді”.
Сонда тыңдаушылардың біреуі оған былай депті: “Сіздің мақсаттарыңыз соншалықты үлкен емес сияқты. Тіпті тым ұсақ деп ойлаймын”.
Сіз инвестор емессіз бе? Осы дүниеден кеткеннен кейін артыңызда не қалады? Сіз соны ойлауыңыз керек. Он жылдан кейін пайда әкелуі мүмкін нәрсеге ақшаңызды салғанша он миллион жылдан кейін міндетті түрде пайда әкелетін нәрсеге неге салмасқа? Ал біз ше? Біз уақытша және ұсақ нәрселер үшін мінажат етіп жүрміз, бұның орнына біз Құдайдан тауларды жылжытуын сұрап сиынуымыз керек емес пе?
Mатай 17:20
Осы аят сіздің өміріңіздің мінажат ету саласына әсер етіп жүр ме? Сіз үлкен нәрселер үшін мінажат етіп жүрсіз бе? Мысалы, мәңгілік маңызы бар нәрселер мыналар: Мәсіхтің даңқын көтеру, қауымды нығайту, адамдардың өмірлерінде игі өзгерістер жасау. Осылар үшін тоқтамай мінажат етіп жүрсіз бе?
Тұратын қаламыздағы адамдар Мәсіхке және рухани жақтарына немқұрайлы қарап жүрген болса, онда Құдайға мінажат ету арқылы олардың жүректеріндегі “тауларды” (демек енжарлықты) жылжытайық. Сондай-ақ, өзімізге жақын адамдардың жүрегіндегі “тауларды” да (демек олардың күнәларын) жою үшін Құдайға мінажат етіп, Одан көмек сұрайық. Осындай адамдардың теріс жолдан қайтып, тәубеге келуі үшін Иемізге үнемі жалбарынатын болайық.
Құдайдан қауымымыздағы жалқаулық, дүниеқұмарлық және азғындық тауларын алып тастауын өтінейік. Сонда барлығымыз Мәсіхке әлдеқайда тиімді қызмет ете алатын боламыз.
Дәл қазір менің үйімдегі қабырғада жаңағыдай 9 “таудың” тізімі ілулі тұр. Мен Құдайдан олардың барлығын жоюын сұрап жүрмін.
Ал сіз Құдайдан не сұрап жүрсіз? Өз тізіміңізді жасап алып, ол жайлы күнделікті мінажат етсеңіз қалай болады?
Біз Құдайдан тауларды жылжытуын өтінуге тиістіміз. Ал біз болсақ, ұсақ тастарды жылжытып, соған қанағаттанып жүрміз. Бүгін таңертең мінажат ету саласындағы “тамырыңыз” қаншалықты терең болды? Ал бір жылдан кейін ол қаншалықты терең болмақ?
Мінажат етумен бірге ораза ұстауға қалай қарайсыз? Бір күрсінген сияқтысыз!
Ал бұл “тамыр” неге керек? Сенушілердің көбісі оразаны ұмытып, әрі қарай кете бергісі келеді. Олардың шолақ ойлап, асықпағаны дұрыс болады.
Матай 9:14-аятты қараңызшы. Иса, сенің ізбасарларыңа не болған? Олар қазір ораза ұстамайды.
Ізбасарларым Менімен бірге жүргеніне қатты қуанып, тіпті ораза ұстай алмай қалды.
Дегенмен, әрі қарай оқиық…
Иса осы әлемнен кеткен кезде Өзінің ізбасарларының ораза ұстайтынына сенімді болған.
Исаның нағыз шәкірттері ораза ұстау керек. Әрине, денсаулығына қарай. Денсаулығыңыз жақсы бола тұра осыны істемесеңіз, онда өзіңізді қалай Оның шәкірті деп атайсыз?
Киелі кітабыңызды қарап шықсаңыз, онда ораза туралы жетпістен астам рет айтылғанын байқайсыз. Қауымның тарихына қарасаңыз, сенушілердің ғасырлар бойы ораза ұстап келе жатқанын көресіз. Ораза ұстауға шындап қараған сенушілерді көрсеңіз, олардың жарылқанғанын байқайсыз.
Ораза ұстауды елемеудің зардабы біздің ойлағанымыздан да жаман болмақшы: санамыз ластанып, қатулана бастауы мүмкін; рухани қырағылығымыз бен ұстамдылығымыз әлсірейді, осылай адасып, абыржыған бізді шайтан өз тұзағына оңайырақ түсіре алады.
Ораза ұстауға шындап қарау бізге Құдайдың сөзін терең түсінуге және Оның Рухына кенелуге көмектеседі. Сөйтіп, енді ораза ұстауға шындап қарайтын боламыз ба?
Мен аптасына бір рет ораза ұстаймын. Денсаулығыңызға мәселе болмаса, маған қосылуыңызды сұраймын.
Келесі сала – Басқа сенушілермен араласу
Өзіңізді соғыстағы жауынгер ретінде көз алдыңызға елестетіңіз. Кенеттен сізге бір ой келеді. Сіз жауынгерлерден, бастығыңыздан және сізге қажетті барлық нәрселерден алыстап, айдалаға кетіп қалмақшысыз.
Сонда сіздің жағдайыңыз қандай болмақшы? Жалғыз қалсаңыз, дұшпанға сізді жарақаттау немесе тіпті өлтіру оңайырақ болады емес пе.
Сіз Исаны Құтқарушыңыз ретінде қабылдап, Оған сенім артсаңыз, онда сіз рухани соғыстағы жауынгерге айналасыз.
Сіз айналаңыздағы мәсіхші достарыңыздан алыстап кетсеңіз, шайтанға сізді құрту оңайға түседі.
Сіз осыны қалайсыз ба? Құдайдың еркіне қарсы шығып, жалғыз жүретін мәсіхші болғыңыз келе ме?
Егер сіз ақ көңіл мәсіхші достың қадірін әлі білмеген болсаңыз, онда сізді бір тамаша жаңалық күтіп тұр.
Егер сіз мәсіхшілік өміріңізді жалғыз бастап, жалғыз аяқтасаңыз, онда бұл өміріңіздің қызықсыз, азғындыққа толы, әлсірегеніңізді білдіреді. Басқа сенушілермен қарым-қатынас құру үшін сіз қандай нақты қадамдар жасауыңыз керек? Сіз басқа сенішілермен қарым-қатынаста болудағы “тамырыңызды” тереңдетіп, нығайтасыз ба?
Келесі сала – Рухани тәлім алып үйрену
Таныс мәсіхшілердің кейбіреулерінен: “Жақында Киелі кітаптан не үйреніп білдің?” – деп сұрасаңыз, олар әр күні немесе бір айдан кейін, тіпті бірнеше жыл бойы бірдей нәрсені айта береді. Менің байқауымша, олар Құдайға өздеріне жаңа бірдеңе үйретуге ешқандай мүмкіндік бермейді.
Басқа жағынан алғанда, Сүлейменнің сөздеріне шындап қараған сенушілермен сөйлесу өте қызық болады:
Нақыл сөз. 2:1-5
Сүлеймен патша бізді рухани “күрегімізді” алып, Киелі кітаптағы ақиқаттарды күнделікті “қазып” шығарып тұруға шақырады. Біз осыны тоқтамай істеуге тиістіміз.
Осындай сенушілермен бірге болған бір ғанибет – олар Киелі кітапта жасырылған қазыналарды тынбай іздеп жүреді. Осындай рухани “кен орындары” бізді де күтуде, біз оларды қазуға тиістіміз.
Иеміздің нағыз шәкірттері (Одан үйренушілер) Оны қатты сүйгендіктен әрқашан Киелі кітапты “қазып”, ондағы ақиқаттарды тауып түсінуге тырысады және бұны Құдай оларды “көктегі үйлеріне” шақырғанға дейін істей береді. Олар көздерін жұмғанша мұнысын тоқтатпайды. Сіз олармен сөйлескен сайын олар қуана отырып, Киелі кітаптан бір жаңалық айтып беруге дайын болады.
Мен бір досымнан көп жылдар бойы жыл сайын үш хат алып тұратынмын. Осы сенуші әйел әр хатында Құдайдың оған Киелі кітаптан не үйреткені жайлы бөлісетін. Құдай оны бір күнәдан арылуға жігерлендіріпті. Сонымен бірге, ол маған бір адамға Мәсіх туралы айтқанын және осы адамды Құдайға әкелуге тырысқаны туралы да жазды. Мен осы әйелден хат алған сайын қуанатынмын, ол осындай жаңалықтардың барлығын үлкен жігермен және ынтамен сипаттап беретін. Ол 103 жасқа толғанша маған хат жаза берді.
БҰЛ ӘЙЕЛ (РУХАНИ МАҒЫНАДА) ҚОЛЫНА КҮРЕК АЛЫП, КИЕЛІ КІТАПТЫ ҚАЗА БЕРДІ ЖӘНЕ ЕШҚАШАН ТОҚТАМАДЫ.
АЛ СІЗ ШЕ?
Егер сіз өміріңізде ештеңе үйренбесеңіз, онда несіне әлі тірі жүрсіз? Шайтан: “Сен сенуші білуге тиісті нәрселердің барлығын баяғыда біліп алғансың”, – деп сізді нандырып қойған ба? Әлде сіз Киелі кітаптың өзіңізді сансыз қазыналарын қазып алып шығуға шақырып тұрғанын сезіп тұрсыз ба?
Ондай болса, күрегіңізді алып, ондағы шаңды сүртіп тастап, Киелі кітаптағы қазыналарды қаза бастайтын уақытыңыз келген шығар? Алдағы айларда сіздің тәлім алудағы тамырыңыз қаншалықты терең барады екен?
Келесі сала – Құдайға мойынсұну
Кейбір адамдар мынандай сұрақтар қояды: Сіздің ойыңызша Құдай Алладин туралы ертегідегі сиқырлы шамнан шыққан періге ұқсайды ма? Құдай сіздің періңіз бе? Ондай болса, Ол сіздің айтқаныңыз бойынша әрекет ететін бір момын әрі қауіпсіз тұлға екен ғой! Мүмкін Ол сіз шақырған сәтте-ақ жетіп келіп, әр түрлі кереметтермен көңіліңізді көтерер?
Ал шынында бұл олай емес. Сіз сиқырлы шамды бір сипап, Құдайға қалағаныңызды істете алмайсыз. Ол сізді жарылқамақшы болса, онда сіз Оның батасын қуана қабылдайсыз. Ал қалағаныңызды орындамаған жағдайда не істейсіз? Оны елемей кетесіз бе?
Егер сіз өзіңізге ұнамды әрі ыңғайлы бір дін іздеп жүрген болсаңыз, онда мәсіхшілік сізге жағымсыз таңдау болып табылады.
Адамдардың көбісі өмірлерінің әйтеуір бір кезеңінде өздерінің бір ерекше адамды және орынды іздеп жүргенін түсінеді. Сол ерекше адам – Иса. Ал ерекше орын – Исаның жолы.
Біз Оған мойынсұнсақ, онда бойымыздағы күнәлы әдеттеріміз бен бұрыс арман-тілектеріміздің барлығы жойылып, олардың орнына жаңа әрі салауатты әдеттер мен арман-тілектер пайда болады. Сөйтіп біз ескі өмір салтымыздан құтылып, Құдайды дәріптейтін өмір салтымызды көбірек ұнататын боламыз.
Құдайға қарсыласуды тоқтататын уақытыңыз келді. Бұдан былай Оған өміріңізді қалай басқару керек екенін айтпаңыз. Барлығын Оның қолына тапсырыңыз да, Ол сізге көрсеткен бағытпен жүре беріңіз. Құдайға толығымен берілу арқылы осы саладағы тамырды тереңдететін уақытыңыз келді ме?
Енді рухани қызмет ету саласына жылжиық –
Жаңалықтарды тыңдасаңыз, семірудің әлемде үлкен мәселеге айналып бара жатқанын білесіз.
Ал сіз мәсіхшілердің рухани “семіздігі” жайлы не ойлайсыз? Олар көптеген жақсы тәлімдерді үйренгенімен оны мүлдем пайдаланбайды? Бұл жағдай мәсіхшілердің өмірлерінде тоқырау туғызады.
Рухани жағынан “семірген” сенушілер мәсіхшілік өмірдің мына басты негізін үйренбеген: қызмет еткендер тез рухани өседі.
Қызмет етуге ұмтылатын мәсіхшілер өздерінің басқа мәсіхшілерге қаншалықты қажет екендерін сезеді. Олар Құдайдың өз істерін жарылқайтынын және рухани “бұлшық еттерінің” өсіп жатқанын көреді. Жалпы олар өздерінің тамаша пішінге келіп жатқанын біледі. Олар қызмет етуге құштар болады.
Сіз әр күні тәулік бойы асханадағы үстелдің басында отыра бемексіз бе?
Әр күні тәулік бойы рухани азықты “жей” беріп, түк істемей жүресіз бе?
Осыдан бірнеше жыл бұрын біздің қауымымыздың хабарлама тақтасына бір парақ ілінді. Ол парақта қауымымызда әр күні істелетін барлық жұмыстардың тізімі жазылған еді. Тілек білдірушілер келіп, жұмыстардың қасына есімдерін жазатын. Олар осы арқылы сол жұмысты істейтінін білдіретін. Мен бір күні бір қызық нәрсе байқадым. Жетекшілер кеңесінің мүшелерінің біреуі тақтаға келіп, парақтағы кейбір есімдерді сызып тастады. Мен бұған қатты таңғалып: “Мұныңыз не?” – деп сұрадым. Жетекші маған: “Бұл адамдар есімдерін жазғанымен ештеңе істемейді. Олардың уәделері түкке тұрмайды”, – жауап берді. Кейін оның айтқаны шын болып шықты. Осы адамдардың ешқайсысы тіпті қауымға да келген жоқ. Олардың жүріс-тұрысы қандай болса, атақтары да дәл сондай болып кетті.
Осындай тілек білдірушілер келмей қалғандықтан қауым олардың орнын дереу толтыруға, яғни олардың қызметін басқа біреуге тапсыруға мәжбүр болады. Мұндай адамдар жиі жағдайда өздерінің келмейтінін тіпті алдын ала телефон шалып та білдірмейді.
Ер адам өзінің әйеліне 70% адал болса, біз оны адал күйеу деп атай алмаймыз. Ал сенуші уәделерінің 70 пайызын ғана орындаса, біз оны адал қызметкер деп атай аламыз ба?
Біреудің айтуы бойынша Исаның жақсы ізбасарын өгізге ұқсатуға болады. Мұндай “өгіз” жер жыртуға да, мехрабқа жатқызылуға да, демек қызмет етуге де, құрбандық болуға да даяр болуға тиісті. Яғни Құдай оны Өзінің қалауынша пайдалана алу керек. Сіз қазір осындай “өгіз” болып жүрсіз бе?
Сіз өз қауымыңызда Құдайға қандай қызмет етіп жүрсіз? Осы саладағы тамырыңыз қаншалықты терең?
Ізгі хабар тарату саласы
Шынын айтайық, біз бұл тамырдан кішкене қорқамыз. Біраз жасқанамыз. Қойылған сұраққа жауап бере алмай, ақымақ болып қаламыз деп шошимыз. Немесе өзіңіз сөйлескен адам сіздің бұрын қандай болғаныңызды білгендіктен одан ұялатын шығарсыз. Мұндай қорқыныштар барлығымызда болады.
Мұндай қорқыныштардан қалай құтыла аламыз? Адамның тозаққа түсіп бара жатқанын көз алдымызға елестетсек қалай болады? Ол шөлдеп қиналып тұр, алайда шөлін қандыратын су жоқ. Қарны ашып тұр, алайда тамақ жоқ. Жалғыз қалып түңіліп тұр, алайда қолдау көрсететін достары жоқ. Құдайсыз адамның жағдайы жаман болмақ. Мәңгі жаман болмақ. Мұндай адамның айналасында ештеңе жоқ. Аса азапты мәңгілік бостық пен мағынасыздық. Осы азаптан еш нәрсе құтқара алмайды. Құтқарушысыз қалған адам. Мәңгілікке шеттетілген маңызсыз бейшара. Түкке тұрмайтын, өкпелі, өкінген байқұс. Жүрексіз. Үмітсіз. Мәңгі солай болмақ. Бұның соңы жоқ.
Осындай қорқынышты болашақ туралы айналамыздағы адамдарға қалай айтпай жүре аламыз? Әлде оларды сондай қатты жек көргендіктен бұны айтқымыз келмей ме?
Сіз адамдарға Ізгі хабарды айтқан кезде қандай икемсіз болып көрінсеңіз де, Құдай сіздің әрекеттеріңізді жарылқайтын болады.
Сонымен, сіздің Ізгі хабарды тарату саласындағы тамырыңыз қазір қаншалықты терең? Егер сіз аузыңызды ашып, 3-суреттегі адамдарға 4-суретке ауысу керек екенін айтсаңыз, осы арқылы қанша адам жарылқанбақшы?
Ең соңғы сала: беру.
Құдай сізді құтқарғаннан кейін сіз оған ақшаңызды да тапсырдыңыз ба?
Иса сіздің және сізде бар барлық нәрсенің Иесі ме? Ондай болса, ақшаңыз да Онікі ме?
Сенушілер Мұсаның заманынан бері Құдайға ондық беріп келе жатыр.
Ыбырайым да Мәліксадыққа қолында барының оннан бір бөлігін берді. Жаратылыс. баст. 14:20/
Жақып та солай істеді. Жаратылыс. баст. 28:22/
Ал Иса берілген ондықты мақұлдап, бекітеді. Maтай 23:23/
Біз қолымызда бардың оннан бір бөлігін Құдайға Ол осыған лайықты болғандықтан береміз. Сонымен бірге ондық бергеніміз өзімізге де пайдалы.
Філимон. хат 4:17-аят бойынша, Құдайға ондық берудің мәңгілік пайдасы бар екен.
Матай 6:20
Қазынасын осы әлемде сақтаған әркім онысынан алыстай береді, ал қазынасын көкте сақтаған әркім онысына жақындай береді.
Мен байлығымды көкке өзіммен бірге алып кете алмаймын, алайда оны алдын ала жібере аламын. Көкке неғұрлым көбірек қазына жіберсем, оны сол жерде соғұрлым көбірек Құдайдың даңқы үшін қолдана алатын боламын.
Қорытындысы: 100 пайызды түгел пайдаланып, ешқандай жарылқау алмай өмір сүргеннен гөрі 90 пайызға өмір сүріп, жарылқанған әлдеқайда жақсырақ болады.
___________________________________________________________
Сонымен сіз мықты тамырлары бар ағаш болсаңыз, сізде мыналар бар болады:
Өміріңізге арналған керемет аян,
Отбасыңызға арналған керемет аян,
Қауымыңызға арналған керемет аян.
Сіздің тағы қосымша тамырларды қосқыңыз келетін шығар. Маған қонақ болыңыз. Алайда сұрақ мынандай – Өз тамырларыңызды дамытып нығайту үшін сіз қандай нақты қадамдар жасағыңыз келеді?
Негізінде, болашақтағы ауа райы жайлы болжам (рухани мағынада) қорқынышты болып тұр. Тозақтан сұрапыл жел соғып келеді. Осы жел сізді құлатып жібереді ме? Әлде сіз тамырларыңызды алдын ала нығайтып алғандықтан құламай тұра бересіз бе? Барлығымыз осы шешімді қабылдауға тиістіміз.