Қажетті ескерту
Жоқан 15:1-11ден бастап қарайық.
Жүзім бұтасы мен сабақтары туралы астарлы әңгіме.
— Мен «шынайы жүзім бұтасымын», ал көктегі Әкем «жүзім өсіруші».
2Маған ілінген, бірақ рухани жеміс бермейтін әр «сабақты» Әкем кесіп тастайды, ал өнім беретіндерін молырақ берсін деп тазартады.
3Сол сияқты сендер де Менің өздеріңе айтқан сөздеріме сеніп, рухани таза болдыңдар. 4Менімен тығыз байланыста тұрыңдар, сонда Мен өздеріңмен тығыз байланыста тұрамын. Сабақ өздігінен емес, тек бұтасымен байланыста тұрса ғана жеміс бере алады. Сол секілді сендер де Менімен тығыз байланыста тұрмасаңдар, рухани өнім бере алмайсыңдар. 5Мен «бұтамын», ал сендер «сабақтарымсыңдар». Менімен тығыз байланыстағылармен Өзім де тығыз байланыста тұрамын, сонда олар мол өнім бермек. Ал Менен бөлініп сендер ешбір игілік істей алмайсыңдар. 6Кім Менімен байланыста тұрмаса, сол кесіліп тасталған сабақтар іспетті «сыртқа лақтырылып, кеуіп қалады». Кепкен сабақтар кейін жиналып, отқа жағылып, жанып кетеді. 7Ал егер сендер Менімен тығыз байланыста тұрсаңдар, әрі Менің сөздерім өздеріңмен бірге болса, қалағандарыңның бәрін көктегі Әкемнен сұраңдар, сонда аласыңдар.
8Егер мол жеміс берсеңдер, Менің шәкірттерім боласыңдар. Сол арқылы Әкемнің ұлылығы анық көрінеді. 9Әкем Мені қалай сүйсе, Мен де сендерді солай сүйемін. Сүйіспеншілігімді қабылдай беріңдер!
10Менің Әкемнің өсиеттерін орындап, сүйіспеншілігін қабылдап жүргенімдей, сендер де Менің өсиеттерімді орындасаңдар, сүйіспеншілігімді қабылдап жүресіңдер.
11Бұларды Менің көретін қуанышым сендердікі де болсын, әрі қуаныштарың мейлінше толық болсын деп өздеріңе айттым.
Менің досым архитектор болуға оқып жүрген еді. Бір сабағы үшін Ол өзі дизайн жасаған бір үйдің кішкентай моделін көрсетті. Күмән жоқ ол туралы! Оның моделі әдемі, еліктірер әдемі болды. «Керемет жұмыс!”, “түрі тамаша”, “Сен таланттысың”- деп достары дауыстап моделді ұнатқанын көрсетті.
Ол моделді мұғаліміне берді, бір аптадан кейін «қандай баға алдың сол модел үшін?» деген сұрақ алды. Оның мұғалімі тапсырмады деген баға қойыпты.
Біраз апталар өткен соң ол басқа модел жасады. Ол да таң қалдыратын. Оның достары тағыда айнала жиналып оны керемет жұмысымен жігерлендіретін дизайны үшін мақтады.
Ол моделді қайтадан мұғалімге берді. Тағыда бір апта өтті, Оның дизайны тапсырылмады деген баға алды.
Қандай мәселе болуы мүмкін? Оның мұғалімінде моделдердің стилі тамаша екеніне күмәні жоқ. Бірақ мұғалім сол моделдерге стресс тестін жасағанда, дизайндары жерсілкініс уақытында, торнадо немесе қатты жел болса құлаушы екені анық болды.
Кімге сондай ғимарат керек?
Сонымен, менің рухани өмірім туралы ше?
Мен қандай мәсіхшілік өмір салып жатырмын? Мен шайтанның шабуылына қарсы тұра алатын Мәсіхшілік өмір салып жатырмын ба? Немесе Менің Мәсіхшілік өмірім бірінші желдің екпінінен қиратыла ма?
Мен әдемі көрінетін мәсіхшілік өмірді салып жатырмын, бірақ шынында ол өнімсіз, бос, әлсіз ба?
Диаграмма бір.
«А»деген Мен қызметке бөлетін уақытты бейнелесін.
Қызмет мен үшін, мен жарыста жүрген сияқты боламын. Маған қатты ұнайды. Мен еститін позитивті пікірлер мені оданда көп энергиямды қызметке кетіруге жігерлендіреді. “Маған ауруханада жолыққаныңыз үшін рахмет”, “сізбен болған киелі кітап сабағы жігерлі болды”, «сіздің жігерлі сөздеріңіз көмек болды» т.б. осындай сөздерді есту жүректі жылытады.
Бірақ менің қызметім неде дем алады? «В» дегеніміз мен мінезімді нығайтуға бөлетін уақытты бейнелесін, «С» менің тамырларымды(рухани сабақтар) нығайтуға жаратқан уақытты бейнелесін. Рухани стресс тест болғанда осындай мәсіхшілік өмір аман қала алама?
Осы туралы ойланыңыз. Мен мінезімді нығайтуға немесе рухани тамырларымды нығайтуға уақыт бөлгенде маған позитивті баға кім береді? Ол нәрселер жеке жасалады, сонымен, ешкім білмейді мен уақыт бөлемін бе жоқ па? Факт, мен ешқашан сол туралы(мінезімді немесе рухани тамырларымды нығайтуға уақыт бөлсем) пікір\баға естімеймін.
«Менің қолым бос емес, бос емес, қатты бос емес, мен расында да саған уақытым жоқ»- осындай сөздермен өлең бар. Бізде тіпті осы өлеңді Құдайға айтамыз деген ой жоқ, бірақ осындай рухани өмірі(диаграмма 1) бар адам өзінің қылықтарымен сол өлеңнің сөздерін қатты және анық айтып жатыр. Мен мәсіхшілік өмірде сол (диаграмма 1ді) қолдандым.
Өмірде қиыншылық келгенде, ол талқандатылады.
Және Азияда бағушылардың қызметпен сондай қолдары бос емес екенін, киелі кітап оқуға қолдары тимейді деп айтқанын естігенде, Мен білемін Олар дұрыс емес жолда.
Менің өміріме жаңа үлгі керек. Жохан 15 мені дұрыс бағытқа итереді.
Жохан 15:5 парасатты ескертумен аяқталады. “Ал Менен бөлініп сендер ешбір игілік істей алмайсыңдар.” Oоо, Мен қатты қолым босамай таң ертеден кешке дейін жүре аламын, бірақ мен Исада мекендемесем, Құдайдың көзімен мен ноль аламын. Сенің өміріңнің аяғында, барлық тырысқан нәрселер үшін көрсетуге ештеңе болмағанды кім қалайды? Қорқынышты ой!
Жохан 15:1-11 қайта қараңыз. Мен мұғалімдерімнің алдында сондайға өзгерсем, олар мені айыптаушы еді.
Иса бірдей сөзді он бір аятта он бір рет қолданады. «Мынау бірқалыпты ғой- деп менің мұғалімдерім айтушы еді. Сен неге бізді сол бір сөзбен басымыздан қайта қайта соға бересің? Қайта жаз оны!”
Бірақ Иса мына жерде автор болғаннан кейін, сынаудың орнына, Ол айтуға тырысып жатқан істің мәніне қырағы адам болу керекпіз.
Иса маған бір нәрсені бір-ақ рет айтса, менің тыңдағаным дұрыс. Ол маған бірдей нәрсені он бір рет айтса, сол аса маңызды екенін түсінуге міндеттімін. Аса маңызды!
Иса әлем тарихындағы ең сәтті шәкірт жасау мектебінің түлектеріне сойлеп тұр. Исада мекенде деп оларға он бір рет айтудың қажеті болды. Оларға сол айту қажет болса, сенімді болыңыз сондай-ақ бізгеде керек.
«Мекендеу» немесе «(бір жерде) қалу\тұру\болу» осы сіздің тіліңізде сондай мағына береді.
Сұрақ: осы сөздің мағынасы не?
Жохан 1:38ге қараңыз. 38Иса бұрылып, олардың Өзіне ергенін көріп: — Сендер не іздеп жүрсіңдер? — деді. Олар Исадан: — Раббы! — арамей тіліндегі мағынасы «Ұстаз!» — Сіз қайда тұрып жатырсыз? — деп сұрады.
Кейбір адамдар Исаны бірінші рет көріп тұр, және олар логикалық сұрақ сұрап тұр: сен қайда тұрасың? Сенің физикалық адресің қандай? Және олардың қолданған сөздері осы «Мекендеу» немесе «(бір жерде) қалу\тұру\болу» сөздері, жохан 15те он бір рет қайталанған. Осы тұрақтылық сөзі.
Сұрақ: Исаға еруші қалай мекендейді\тұрады\болады?
Жохан 8:31 «Сонда Иса Өзіне сенген яһудилерге былай деді: — Егер сендер айтқандарымды естеріңе сақтап, жүзеге асырсаңдар, шынымен Менің шәкірттерім боласыңдар.»
Біз Оның Сөзінде өмір сүре, киелі кітапты біздің рухани адресіміз қыла- берік тұрамыз.
Өміріміздің барлық басты мәселелеріне сол жерде кеңес іздейміз.
Сонымен- Киелі кітап шынында біздің рухани мекен жайымыз ба?
Бір күні мен адамдардың ашық тұрған Киелі Кітаптан өсіп жатқан суретін көрдім. Олардың өмірлері Құдайдың кітабінда мықты тамыр жайған. Қандай әдемі сурет десеңізші. Осыны Жохан 8:31 суреттеп жатыр.
Диаграмма екі.

Осы ағаштағы шырынды рухани жемістерге назар аударыңыз– Исаға ұқсайтын мінез және Исаны қабылдаған жандар.
Бірақ– мынау кілт – жемісті мәсіхшілік өмірдің жолы ол күнделікті киелі кітап оқу тамырында тоқтаусыз жұмыс істеу, табыну, аят жаттау, дұға ету\ораза ұстау және басқа маңызды рухани тәртіптер арқылы Исада тұрақты мекендеу\тұру.
Диаграмма Екі ол Жохан 15 мені істеуге итермелейді. Шайтанның желінен құлап қалмайтын мықты Мәсіхші болу үшін негізгі рухани тамыр құрылымы міндетті түрде болу керек.
Әр тамырды нығайтып жақсы рухани жаттығу жасап әр біреуіміз Құдайдың спорт залында күнделікті уақыт өткізуіміз керек.
Кейбір кезде мен сенушілердің өмірінде жеміс аз екенін естимін. ”Жеміс қайда?” -деп сұрайды. «Жеміс қайда?» Жохан 15ке қайта қараңыз. Осы жерде жеміс жаса деген команда жоқ. Мекенде\Құдайда тұр деген команда. Біз Құдайда мекендесек, жеміс пайда болады.
Сұрақ: Иса неге “мекенде” немесе “тұр” дегенді соншама жиі қолданады Жохан 15те?
Менің жауабым- қызметтің өзінде өзін өзі құртатын тұқым болуы мүмкін.
Диаграмма бір ол әрбіреуіміз оңай құлап қалуымыз мүмкін қақпан.
«А» (біздің қызмет) назар, мақтау, позитивті пікір алады. Сонымен біз барлық күшімізді қызметке салуға, және біздің қызметпен сәттілігімізге негізгі «В» мен (біздің мінезімізбен) «С»-ның (біздің тамырларымыздың) елемей қалуына еліктірілеміз.
Диаграмма бір тұрақты емес. Ақыр аяғында біздің қызметтің тірегі болмағандықтан ол құлайды.
Егерде мен күштің сарқылуы мен әлсіздікті сезсем- мен осы жолға қателесіп түсіп кеттім ба жоқ па көру үшін, мен қарайтын бірінші жерім(диаграмма бір). Менің рухани тамырларымды елемеу ол апаттың келуін күту.
Адамдар шәкірт жасау ол бір мәсіхшілік бағдарламалардың бірі дегенін естігенде, мен алаңдаймын. ЖОҚ! Бұл Құдай бізді үйімізге алып кетпейінше өмірімізде қолданылатын өмір салтымыз.
Сіздің өткен өміріңізде сіздің үйіңіздегі кітап шкафта сіз сәттілікпен аяқтаған бірақ ешқашан қайта ашпаған неше түрлі мәсіхшілік курстар болуы мүмкін. Шәкірт жасауға да солай қарамайық.
Иса біздің қызмет ететін жетекші болғанымызды қалайды, бірақ диктатор жетекші болғанымызды қаламайды. Жохан 13те болған аяқ жуу жағдайы бізге анық көрсетеді. Тек ең керегі, біздің өміріміздегі рухани тамыр құрылымы бізді Құдай қалайтын жетекші жасайды.
Мен Құдайдың спорт залында күнделікті киелі кітап оқу, дұға ету, аят жаттау, т.б. жаттығуларды жасау керекпін. Егерде мен Құдай үшін табанды болғым келсе, егерде мен қызмет ететін жетекші болғым келсе және басқалардың төбесінен бастық болғым келмесе.
Менің үстелімнің көрінетін жерінде аяттар жазылған көп кішкентай карталар жатыр. Неге? Өйткені аят жаттау ол менің ең әлсіз тамырым, және көрінетін жерде жатқан сол карталар мен әдейі сол тамырды мықты қылуға міндетті екенімді еске салады.
Мен өзімнің тамырларыма байсалдықпен қарағанда және осылайша Исада мекендегенде, менің өмірім керемет емес. Бірақ менің бойымда күш қуат бар, сол адам жасаған күш емес. Айырмашылық анық. Мен Құдай үшін табанды болғым келсе, мықты тамырлардың болуы міндетті.
Жылдар бойы мен Азиядағы достарымнан жалынды хаттардан алып отырдым, күнделікті киелі кітап оқу олардың өміріне тұрақтылық пен орнықтылық әкелгені туралы айтты. Олар тұрақты тамырлар жұмысының күшін үйреніп жатыр. Сен ше?
Диаграмма екі ол менің өміріме деген аян.
Ол менің қауымыма деген аян.
Мен басқалардың өміріне құра алатын ең құнды нәрсе.